Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2012 в 11:50, курс лекций
Работа содержит курс лекций по дисциплине "Безопасность жизнедеятельности"
Жарылу,
өрт пен жарылыс, және өрт қауіпі
бойынша өрт және жарылыс қауіпі
бар обьектілер 5 категорияға бөлінеді
(А,Б,В,Г,Д). Бұлардың ішіндегі өте қауіптілері
А,Б,В кетегориялары. А категориясына
- мұнай өңдеу зауыттары, химиялық
өндірістер, мұнай өнімдері қоймалары
мен құбырлар кіреді. Б категориясына
- көмір шаңын, ағаш ұнтағын, қант пурдасын
дайындайтын және тасымалдайтын, сонымен
қатар диірменнің ұнтақтан бөлімдері
кіреді. В категориясына-ағаш кесу,
ағаш өңдеу және столярлық өндірістері
кіреді. Г- категориясына ыстық күйіндегі
жанбайтын заттарды өңдеу және тасымалдау
өндірістері мен қоймалары
Барлық құрылыс материалдары мен конструкциялары жану жағынан 3 топқа бөлінеді: жанбайтын, қиын жанатын және жанғыш.
Жанбайтын деп жоғары температура мен оттың әсерімен тұтанбайтын және жанбайтын материалдарды айтады. Қиын жанатын деп жоғары температура мен оттың әсерімен қиын тұтанатын және от ошағы болған жағдайда ғана жанатын материалдарды айтады. Жанғыш деп жоғары температурада немесе оттың әсерімен тұтанып кететін және от ошағынан алып тастағанда да жана беретін материалдарды айтады.
Үлкен өндіріс
орнындағы және елді мекендердегі өрттер
жеке және жалпы болып келеді. Жеке
бұл бір ғимарат пен құрылымда
болатын өрт. Жалпы бұл елді мекендегі
өндіріс орындарындағы
7.9. Өртті сөндіру құралдары мен жолдары
Өртті сөндіруде әр түрлі өртті
басу сұйықтары пайдаланады. Олардың
ішінде кең тарағаны химиялық және
ауалы механикалы көбіктер. Химиялық
көбіктер қышқыл мен карбанат немесе
бикарбанаттың араласуынан
7.10. Көлiк апаттары
Қазiргi
таңда кез келген көлiк қауiп
көзi. Темiр жол апаттарының негзгi
себептерiне жолдың қозғалмалы құрамының
ақауы, диспечерлердiң қателiгi, машинисттердiң
жауапкершiлiксiздiгi. Көп жағдайдағы
апаттар темiр жол
7.11.
Табиғи сипаттағы төтенше
Тибиғи сипаттағы төтенше жағдай адам тіршілігі басталғаннан бері қауіпін төндіруде. Табиғи катастрофалардың әсерінен жер шары бойынша әр 100000 адам өлуде. Табиғи катастрофалардың қысқа мерзімде үлкен аумақтағы елді мекенді құртып жіберуге дейін мүмкіншілігі бар. Ол өзінің күтпеген жерден болатындығымен қауіпті. Табиғи катастрофаның тағы да бір қауіптілігі – оның болғаннан кейінгі салдары. Табиғи катастрофа болғаннан кейін ол жерде эпидемиялық аурулар, аштық т.б. жағдайлар орын алуы мүмкін.
Табиғи төтенше жағдайдың орын алуына антропогендік әсердің де ықпалын айта кеткен жөн.
Барлық табиғи катастрофалардың бір бірімен байланысы бар. Атап айтқанда, жердің сілкінуі мен цунамидің, тропикалық циклондар мен су тасқындарының. Жердің сілкінуінен өрттер, газдардың атылуы платинаның жарылуы орын алып, ол оқиғалар да өздерінің күшті әсерлерін тигізіп жатады. Вулканның атқылау жайлауды ластап, жан-жануарлардың өлуіне, аштыққа соқтырып жатса, екінші жағынан атмосфералық ауаныда ластайды. Ал көшкіндер (паводок) жер асты суларын ластап, құдықтарды уландырып, инфекциялық ауруларды ұшқындырады. Осыған орай табиғи стихиялық құбылыстардың бір-бірімен байланысын қарастырып көрейік.
Табиғи
катастрофадан қорғану
Табиғи төтенше жағдайдан қорғаудың негізі болып апаттың себебі мен механизмін ғылыми түрде зерттеп, білуге болады. Табиғи апаттың орын алу процессін біле отырып оның қандай мөлшерде, қандай болатын екенін болжауғада болады. Ал уақытылы және дәл болжап, апаттан қорғаудың тиімді жолдарын қарастыруға, шығынды барынша азайтуға мүмкіншілік жасайды.
Табиғи қауіп қатерден қорғау активті және пассивті болып бөлінеді. Активті қорғауға инженерлік техникалық құрылымдар салу, құбылыс механизмін инвентаризациялау, табиғи объектілердегі құрылымдар мен құрылыстарды реконструкция жасау. Пассивті қорғауға панаханаларды пайдалану. Көп жағдайда табиғи апаттан қорғану кезінде активті және пассивті әдістерді бірге пайдаланады.
Геологиялық сипаттағы төтенше жағдай
Геологиялық
сипаттағы құбылыстың әсерінен болған
стихиялық апаттарға жер
Геологиялық - жер сілкінісі, вулкан атқылауы, опырмалар, сел. |
Метеорологиялық – боран, бұрқасын, смог, дауыл . |
Гидрогиологиялық – су тасқыны, цунами, тайфун . |
Табиғи өрттер – ормандық және далалық |
Биологиялық – эпидемия, эпизоотия, эпифитотия. |
Ғарыштық – астероиттар, каметалар, сәулелену. |
Сурет-21 Табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың топталуы
7.12. Жер сілкінісі
Жер сілкінісі
кенеттен, ойламаған жерден пайда
болатын және ең қауіпті табиғи аппаттардың
бірі. 21-сурет Жер сілкінісі
Сонымен қатар, жер сілкінісінен қорғауға үкімет үлкен мән беріп отыр. Осыған орай жер сілкінісінен қорғау мақсатындағы шаралар қабылданған. Ол шаралар төмендегілерді қамтиды.
Кесте . Жер сілкінісінің магнитудалық М – шамасын сипаттайтын Рихтер шкаласы
Баллдар |
Жер сілкінісі зардабы |
0 |
Өте жай жер сілкінісі. Бұл жағдайды тек құралдар көмегімен ғана анықтауға болады. |
1 |
Адамдарға еш білінбейді. |
2 |
Ғимараттар мен тұрғын үйлердің жоғарғы қабаттарында ғана байқайға болады. |
2,5-3,0 |
Ғимараттың барлық қабаттарында байқауға болады. Ілініп қойылған теңселіп тұрады. |
3,5 |
Есіктер мен терезелер ашалып жабылып тұрады |
4-4,5 |
Ғимараттардан тыс жерде де байқалады. Су қоймасымен су жинаған жерлердегі судың бетінде толқындар пайда болады. Эпицентрге жақын жерлердегі ғимараттарде кішігірім сызат(трещина) пайда болуы мүмкін. |
5 |
Бір атом бомбасының энергиясына сәйкес. Жүріп келе жатқан адамдар тепе-теңдігін жоғалтады, әйнектер сынып, қабырғаның штукатуркасы жарылады. |
6 |
Кейбір жерлерге әжептеуір нұқсан келуі мүмкін. Жыл сайын мұндай жер сілкінісі 100-дің шамасында. Адамның өз аяғында тұруы қиындайды және сейсмикалық тұрақты емес ғимараттар құлап, бұзыла бастайды. |
6,5 |
Жерге сызат түсе бастайды. Ескерткіштер және т.с.с құлай бастайды. |
7,0 |
Қатты жер сілкінісі. Жалпы дүрбелең болады (паника). Тұрғызылған құрылыстар құлап бұзылады. Жер асты құбырлар жарылып, үзіліп кетеді және жердегі сызат үлкен болып білініп тұрады. |
7,5 |
Құрылымдардың көптеген бөлігі бұзылады және опырмалар орын алуы мүмкін. |
8 |
Жер астындағы құбырлар түгелдей және темір жол, трамвай жолы істен шығады |
8,5 |
Энергиясы бір атом бомбасының әнергиясын 1 000 000 есе көп болады. |
9 |
Ғимараттар толығынан құлап заттар ауада ұшып жүреді. |
Жалпы алғанда жер сілкінісі – бұл жер қыртысының немесе мантияның үстінгі бөлігінің кенеттен болған жылжуының және үзілуінің нәтижесінде пайда болатын, сонымен қатар үлкен қашықтыққа толқын ретінде берілетін жер асты қозғалысы мен жер бетінің толқыны. Жер сілкінісі кезінде апаттың ауқымды бөлігі оның ошағында болады.
Жер сілкінісінің ошағы – бұл жер қабатының бір бөлігі көлеміндегі энергиясының бөлінісі. Ошақтың ортасы эпицентр деп атайды.
1935 жылы
Калифорниялық технологиялық
Жер сілкінісінің шығынын азайту үшін төмендегі іс-әрекеттер жасалынады:
7.13. Халықтың жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеті
Жер сілікінісі кезінде ғимарат ішіндегі кез келген адам тірі қалу мүмкіндігін арттыру, жарақаттан сақтану үшін дүмпуді алдын ала күте тұруға болатын, салыстырмалы қауіпсіз орынды білуге тиіс, ал дүмпу аяқталғаннан кейін ғимараттан тез шығып кету керек.
Тұтас ішкі қабырғалардың ойықтары, қабырғалардың бұрыштары, есік жақтауының ортасы, мықты үстел, белағаш өтетін жер ең қауіпсіз орындар болып табылады.
Спитактағы жер сілкінісі кезінде (07.12.88ж.) ванна ішіндегі 6 адам тірі қалған.
Жер сілкінісі кезінде қауіпті орындардың қатарына ішкі және сыртқы қабырғалардың шыныланған ойықтары, соңғы қабаттардағы шеткі бөлмелер, лифтілер, саты алаңы мен балкондар жатады.
Зілзала кезінде ғимараттан ешбір кедергісіз жылдам шығу үшін дәліздерді, өтетін жерлерді, баспалдақ торларын, ішкі және сыртқы есік ойықтарын аса қажетсіз дүние - мүлікпен ыбырсытпау керек.
Егер сіз ғимараттың 1-2 қабатында болып, одан шыққыңыз келсе, онда алғашқы дүмпу кезінде дабырасыз жылдам қимылдаңыз. Бірінші қабаттан тез шығу үшін терезені немесе балконды пайдалануға болады.
Ғимараттың жоғарғы қабатындағы адамдар бастарын қолға түскен затпен (түк табылмаса қолмен) жауып, дүмпуді салыстырмалы қауіпсіз орнында тоса тұрулары қажет. Ғимараттан арқаны қабырғаға тірей отырып шығу керек, ал қабырға жалаң болса оны айналып өткен жөн.
Жеке үйдің иелері қажетті жағдайда оны сейсмолық тұрғыдан күшейтуі кажет. Ұйымның бүкіл қызметкерлері ғимараттың сейсмо төзімділік дәрежесін білуге тиіс.
Бүкіл құрылымдық бөлімдерге негізгі шыға беріс жолын, қозғалыс бағытын, ғимарат пен аумақтағы қауіпсіз алаңдарды бекітіп берген жөн.
Жұмыс істейтін барлық қызметкерлер жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттер баяндалған жаднама-буклеттерді оқуға тиіс.
Қазақстан аумағының сейсмо
қауіпті аймағында жер сілкініс
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің «Төтенше жағдайларды ескерту және іс-өрекеттер бойынша халық пен мамандарды оқыту жүйесін құру жөніндегі шаралар туралы» 1993 жылғы 30 қыркүйектегі №969 Қауылысында сейсмо қауіпті аймақта орналасқан барлық объектілерде, ұйымдар мен кәсіпорындарда тоқсан сайын сейсможаттығу өткізу белгіленген.
7.14. Вулкан атқылауы
Дүние жүзіне
200 миллионға жуық халық вулкан болуы
ықтимал аумақта тұрады. Вулкан атқылауы
жердің астындағы тұрақты түрде
активті процестер жүріп
Жер қыртысы және оның бетінде магманың қозғалысына байланысты құбылыс вулканизм деп аталады.
Магма (грек тілінде – қою мазь) – жердің терең ортасында пайда болатын силикаттық құрамы басым еріген масса магма лава түрінде атқылайды. Лаваның магмадан айырмашылығы газдың болмауы. Ол газ атқылау кезінде ұшып кетеді.
Вулкан – бұл лақтырудан пайда болған заттан жиналған жеке тау. Магма ошағы жер қыртысының терең 50-70 км жерінде орналасқан.
Вулкандар – атқылау болып жатқан, ұйықтаған және сөнген болып бөлінеді.
Ұйықтаған вулкандарға өз формасын сақтаған және оның астында жер сілкіністері аздаған күшпен болып жатқан, сонымен қатар оның атқылаған-дығы туралы ешқандай мәлімет жоқ вулкандар жатады.
Сөнген вулкан – бұл ешқандай вулкандық активтілігі жоқ вулкандар.
Вулканның атқылауы қысқа және ұзақ мерзімді болып бөлінеді. Атқылау продуктілері (газ, сұйық, қатты күйдегі) 1-5 км биіктікке дейін лақтырылады.
Информация о работе Курс лекций по "Безопасности жизнедеятельности"