Курс лекций по "Безопасности жизнедеятельности"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2012 в 11:50, курс лекций

Краткое описание

Работа содержит курс лекций по дисциплине "Безопасность жизнедеятельности"

Прикрепленные файлы: 1 файл

тіршілік қауіпсіздігі лекции.docx

— 710.70 Кб (Скачать документ)

Дератизация-кеміргіштермен (егеуќұйрыќ, тышќан, май тышќан, сарышұнаќ, суыр) күрес: Ол механикалыќ және химиялыќ әдіспен жүргізіледі.

Адамдардың  жұќпалы ауруларға төзімділігін көтеруге байланысты саќтандыру шаралары сау адамның организіміне вакцина  мен анатоксинді егу жолымен  жасалады.

Обсервация-инфекцияның  таралуын ескертуге бағытталған  оќшауландыру, шектеу, емдеу, саќтандыру және арнайы эпидемияға ќарсы шаралардың жүйесі. Обсервация кезінде мыналар  ќарастырылады: күшейтілген медициналыќ  баќылау, ќолайсыз аймаќтың халќы мен  байланысты шектеу немесе толыќ тоќтату, арнайы емдеу, саќтандыру және санитарлыќ-гигиеналыќ шараларды жүргізу.

Карантин-ошаќты толыќ оќшауландыруға және ондағы жұќпалы  ауруды жоюға бағытталған әкімшілік, шаруашылыќ және медициналыќ шаралар. Карантин кезінде ол ќамтылған аймаќќа  ќарулы күзет ќойылады.

Карантин  кезінде оның аумағына кіріп шығуға тиым салынады, күшейтілген медициналыќ  баќылау, арнайы емдеу-сауыќтыру және эпидемияға ќарсы шаралар ќарастырылады.

Әрбір адам, егер оның ауданында арнайы шара белгіленсе (карантин, обсервация) мына ережелерді орындау керектігін естерінде ұстаған  жөн:

  • жалпы пайдаланылатын жерді, жићазды, киімді, аяќ киімді, тұраќты дезинфекциядан өткізуді, жәндіктер мен кеміргіштерді жоюды, санитарлыќ тазалыќтан өтуді;
  • дезинфекциялаушы заттарды пайдалана отырып, ғимаратты күн сайын ылғалды әдіспен жинауды;
  • тыныс органдарын жеке ќорғау ќұралдарын (маска) киюді;
  • балаларға үйден рұќсат етпеуді;
  • өздері бейтаныс адамдармен ќарым-ќатынас жасамауды;
  • жеке гигиена ережесін ќатаң саќтауды: әсіресе тамаќ ішердің алдында ќолды дезинфекциялаушы ерітіндімен және сабындап ыстыќ сумен жууды;
  • тамаќќа ќойылатын санитарлыќ-гигиеналыќ талаптарды саќтауды: суды тек тексерілген көзден ғана алуды, су мен сүтті ќайнатуды;
  • барлыќ азыќ-түлікті ќуырып, ќайнатќаннан кейін ғана пайдалануды, нанды отта немесе пеште ќыздыруды, жеміс пен көкөністі ыстыќ сумен жууды;
  • егілу мен дәрі ќабылдауды вакцинаны, сарысуды, антибитиктер мен басќа да дәрі-дәрмекті дәрігердің рұќсаты бойынша өз уаќытында ќабылдауды-ќұрбандыќтар санын ќысќартып ќана ќоймай, жұќпалы ауруларды тез жоюға көмектесетіндігін есте ұстаған жөн.

 

7.27. Эпизоотия  мен эпифитотия  

 

Қазақстан Республикасында хайуанаттардың эпизоотиялық аурулардың мынадай түрлері таралған: бруцеллез, туберкулез, шешек, құтырғандық, қанды бездек, аусыл және лептоскулез.

Соңғы жылдары  республикаға сырттан ет өнімдерінің  әкелу көлемі ұлғайып, шекаралас  елдердегі эпизоотиялық ахуал нашарлығы  ол республиканың ветеренарлық ахуалына кері ықпалын тигізуде.

Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Ақтобе облыстарында шешек етек ала  бастады. Өсімдік аурулары арасында тозу және сентериоз инфекциясы қауіпті  болып отыр, ол Солтүстік Қазақстанда  байқалып, осы аурулардың таралуына  түрткі болып отыр.

 

7.28. Табиғи өрт

 

Табиғи  өрттерге орманның астық алқабының, жер асты жанар байлықтарының  өрттері жатады. Бұл құбылыстардың  ішіндегі кең тарағаны орман өрті. Орман өрті – бұл өсімдіктің стихиялық  түрде жануы. Орман өрті жыл сайын  болып тұратын құбылыс. Ірі орман  өртінің орташа жану ұзақтығы 10-15 тәулік.

 

Кесте   . Отпен қамтылған ауданы бойынша  орман өрттерінің топталуы.

 

Орман өртінің классы

Отпен қамтылған ауданы,Га

Тұтанып жайлап жана бастауы 

Кіші  өрт 

Үлкен емес өрт

Орташа  өрт

Ірі өрт

Катастрофалық өрт

0,1-0,2

0,2-2,0

2,1-2,0

21-200

201-2000

2000 жоғары


 

 

7.29. Халықтың өрт кезіндегі іс-әрекеті

 

Өрт –бұл адамдардың, хайуанаттардың қаза болуына  және материалдық құндылықтардың жойылуына  алып келетін, бақылаусыз жану процесі.

Өрттің  шығуына отты бейғам пайдалану, өрт  қауіпсіздігі ережесін бұзу себеп болып  табылады.

От сөндірілмей  тасталған сіріңкеден немесе темекі қалдығынан, сөндірілмеген алаудан, атылғаннан кейін құрғақ шөпке түскен ыстық  патроннан, орманда ақаулы техниканы пайдаланудан және басқа  себептерден тұтанады.

Даладағы (егістіктегі, ормандардағы) өрттер құрғақ  шөбі бар және астық  өсетін ашық  алқапта пайда болады. Ол маусымдық  сипатымен ерекшеленеді. Шөптің (астықтың) өсуіне орай жазда жиі, көктемде сирек  болады, ал қыста мүлдем болмайды. Олардың  таралу жылдамдығы 20-30 км/с жетуі  мүмкін.

Өртті  жайылтпаудың негізгі әдістері:

Ормандағы және даладағы өртпен  күресті жеке авиабазасы, өртхимия станциясы, бақылау-күзет  нүктесі бар Мемлекеттік қызмет жүргізеді. Өрттің түрі мен орнына қарамастан оны сөндіру 2 кезеңнен тұрады: өртті  тоқтату (жайылтпау) -өрттің таралуын шектеу жөніндегі іс-әрекет және өрт ошағын тікелей жою.

Даладағы  жойқын өртті ені 20м дейінгі кедергі  қондырғысымен бөгейді. Өрт аумағының  шеті айнала жыртылып орта жағы күйдіріледі.

Ормандағы төменде болған өртті топырақпен көмеді, оттың шоғын бұтамен өрт  ошағына қарай сыпырады, маңайын  күйдіреді.

Орманның  жоғарғы жағындағы өртті сөндіру  қиын, оның кедергі жасау, күйдіру  және суды пайдалану арқылы сөндіреді. Бұл жағдайда кедергінің ені ағаш биіктігінен кем болмауға тиіс, ал жоғарыдағы өрт аумағының алдындағы  күйдірілетін кедергінің (жердің) ені  кемінде 150-200м өрт қанаттарының алдында  кемінде 50м болуға тиіс.

 

7.30. Өрт кезіндегі зардап шеккендерді  іздеу және көшіру

 

Өрт адамдарға  психологиялық  тұрғыдан үлкен әсер етеді. Тіпті кіші-кірім өрттің өзінде адамдардың үрейленуі айтарлықтай  құрбандықтарға алып келеді. Өзін-өзі  ұстап үйренген адам қиын сәтте аз өмірін құтқарып қана қоймай басқа  адамдарды, материалдық құндықтарды  да құтқара алады.

Егер  сіз орман өртін сөндіру жөніндегі  топқа кірсеңіз панахана орны мен  оған апаратын жолдарды жақсы білуіңіз керек. Қорғайтын киім пайдаланылуға  тиіс (адамдағы мүмкіндігінше арнайы киім, газқағар, касқа, түтіннен қорғайтын  маска), әр топта елді-мекенді жақсы  білетін жол серік болуға тиіс. Егер түтіндену аймағындағы көру шегі 10 метрден аспаса, оған кіруге болмайды.

Өрт қаулаған ғимаратта өзіңізді және басқа адамдарды  құтқару кезінде ауаның жоғары температурасы, түтіндену, жанатын әртүрлі өнімдердің қауіпті концентрациясының болуы, құрылыс құрылғыларының ықтимал  құлауы өте қауіпті болғандықтан жылдам қимылдау қажет.

Жанған  ғимарат арқылы басқа ылғал мата (киім) жауып, түтіннен жорғалай немесе тізерлей қозғалу керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

VIII.-тарау.   ҚР  «Табиғи  және техногендік сипаттағы төтенше  жағдайлар туралы» Заңы

 

Төтенше жағдай дегеніміз – табиғат немесе өндіріс апаттарының зардаптарын  күнделікті қызметпен, қаражатпен жоюға  мүмкіндік бермейтін, ол үшін әдейі  материалдық, техникалық, ақша қаражатын  және адам күшін талап ететін жағдай. 

   Төтенше жағдай- адамдардың қаза  табуына әкеліп соққан немесе  әкеліп соғуы мүмкін, олардың   денсаулығына, қоршаған ортаға және  шаруашылық жүргізуші нысандарға  ңұқсан келтірген немесе келтіруі  мүмкін, халықты едәуір дәрежеде  материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе  бұзуы мүмкін авария, зілзала  немесе апат салдарынан белгілі  бір аумақта туындаған жағдай;

   Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар-дүлей  зілзала (жер сілкінісі, сел,  көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрттер, індеттер мен малдың  жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық  өсімдіктерінің және ормандардың  кеселдері мен зиянкестерінің  зақымдануы туғызатын төтенше  жағдайлар;

   Техногендік сипаттағы төтенше  жағдайлар-өнеркәсіп, көлік авариялары  және басқа да авариялар, өрт  (жарылыс), қатты әсер ететін улы,  радиоактивті және биологиялық  жағынан қауіпті заттарды тарататын  (тарату қаупі бар) авария, үйлер  мен ғимараттардың қирауы, бөгендердің  бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз  ететін электр-энергетика және  коммуникация жүйелеріндегі, тазарту  құрылыстарындағы авария туғызған  төтенше жағдайлар;

   Төтенше жағдай аймағы-төтенше  жағдай жарияланған белгілі бір  аймақ.

   Авария –технологиялық үрдістердің  бұзылуы, механизмдердің, жабдықтар  мен ғимараттардың зақымдануы;

  Зілзала  –бұл кенеттен пайда болатын,  халықтың қалыпты тірлігін күрт  бұзатын, материалдық құндылықтарды  үлкен шығынға ұшырататын, сондай-ақ  адамдар мен хайуанаттардың өлім-жетімі  болатын табиғат құбылысы. Әрбір  зілзаланың өзіне тән физикалық   қасиеті, пайда болу себебі, қозғаушы  күші, сипаты мен даму сатысы, қоршаған ортаға өзіндік ықпал  ету ерекшелігі  бар. Дүние  жүзінде су тасқынына бүкіл  зілзаланың 40 пайызы келеді, 20%-тропикалық  циклондары, 15% -жер сілкінісі, ал  қалған 25%-зілзаланың басқа түрлері. 

   Зілзала-төтенше жағдайдың пайда  болуына әкеліп соққан жойқын  құбылыс;

   Апат-аймақтық  және ірі ауқымды  төтенше жағдайдың пайда болуына  әкеліп соққан жойқын құбылыс.

 

    1. Төтенше жағдайлар таралу ауқымына және келтірген шығынының көлеміне қарай топтастырылуы.  (нысандық, жергілікті, аумақтық, барынша ауқымды)

 

   Заңға сәйкес бейбіт және соғыс  уақытында халықты қорғауға байланысты  барлық іс-шаралардың басты мақсатты-ең  алдымен қауіпсіздікті қамтамасыз  ету болып табылады.

    Бұл талаптар әр түрлі ТЖ  кезінде халық пен шаруашылық  нысандары қорғаудың негізгі  ұстанымдарда (1т. 3б.) айтылған және  оған мыналар қосылады:

  • болжанатын және пайда болған ТЖ туралы халыққа хабарлау және бірауызды ұйымдастыру, алдын алу және жою бойынша шаралар;
  • азаматтар мен ұйымдар қызметтерінің зияндығы мен қауіп-қатерінің дәрежесін алдын ала анықтау, халықты қорғау және ТЖ алдын алу бойынша шараларды жүзеге асыру әдістеріне оқыту;
  • міндетті түрде ТЖ жою бойынша құтқару, авариялық-қалпына келтіру және басқа да  шұғыл жұмыстарды орындау, зардап шеккендерге шұғыл медициналық  көмек пен әлеуметтік қорғау көрсету.

 

   Заңда аса маңызды орындардың  бірі ТЖ-ның алдын алуға бағытталған  кешенді шаралардың жүзеге асырылуына  беріледі.

    Заңда ТЖ немесе басқа да  жағдайлардың пайда болуына төтеп  беретін қорғаныс шараларын жүргізуге  назар аударылады.

    Ерекше  маңыздылықты, зардап шеккендерге  өз уақытында көмек көрсетіп, ТЖ зардабын жою бойынша барлық  операциялардың жоспарлығы және  мақсатты бағытталуы алады.

    Заңның 20-22 баптарында баяндалған  талаптармен, ТЖ болдырмау немесе  жою бойынша бірінші кезектегі  шараларды міндетті түрде орындау  қарастырылған.

    Сонымен қатар, құтқару жұмыстарын  ұйымдастыру, авариялық-құтқару  қызметінің құралдары мен күштерін  тарту, жоспармен қарастырылған  шараларды ұйымдастыру жауапкершілігі  бірінші ұйымдардың басшылары  мен жергілікті атқарушы органдарға  жүктеледі.

    Жою үрдісінде өте қажет болған  жағдайда апат медицина орталығының  шұғыл медицина көмек қызметі  қосылады, ал аса қажет болғанда-орталық  және жергілікті атқарушы органдарының  медициналық  күштері мен құралдары  қосылады.

ТЖ жойылғаннан  кейін атқарушы органдар, ұйымдар  міндетті түрде халық  пен шаруашылық  нысандардың тіршілігін жедел қалпына  келтіру шараларын жүргізуі тиіс.

Бұл мәселе туралы Заңда басшылардың, лауазымды  тұлғалардың, орталық  және жергілікті, өкілетті органдардың, ұйымдардың, сонымен  қатар ҚР азаматтарының қызметтері анықталады.

Заңның 10-13 баптарында  ТЖ саласындағы ҚР үкіметінің, орталық  атқарушы органдарының, оның ішінде ТЖМ-ның, сонымен қатар  жергілікті өкілетті органдарының өкілеттілігі жазылған.

Заң негізгі  орындаушылардың-ҚР азаматтарының  нақты қызметтерін белгілейді. Олар заңның 7 және 8 баптарында көрсетілген.

 

    1. Техногендік сипаттағы төтенше жағдай

 

Техногендік  сипаттағы төтенше жағдайға жататындар:

  • өндірістік авариялар;
  • көліктік авариялар (темір жол поездарының, теңіздік және өзен кемелерінің, авиациялық, көліктік, магистралды құбырлардың апаты);
  • өрттер (жарылыстар);
  • төгілуі бар авариялар (шығу қауіпі бар) ҚӘУЗ;
  • төгілуі бар авариялар (шығу қауіпі бар) РЗ;
  • төгілуі бар авариялар (шығу қауіпі бар) БҚЗ (биологиялық қауіпті заттар);
  • кенеттен ғимараттың құлауы;
  • электр –энергия жүйесіндегі авария;
  • тіршілікті қамтамасыз ететін коммуналдық  тораптардағы авариялар;
  • тазалау құрылғыларындағы авариялар;
  • гидродинамикалық  авариялар (судың бөгеттерді бұзып шығуы).

Информация о работе Курс лекций по "Безопасности жизнедеятельности"