Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2014 в 18:03, курс лекций
Кіріспе. Қоршаған ортамыздағы барлық микроорганизмдерді зерттеу ғылымы олардың биологиялық қасиеттері мен ерекшеліктеріне байланысты әртүрлі бағыттарға бөлініп кетеді. Адам денсаулығына тікелей қатысты патогенді және шартты патогенді бактерияларды медициналық микробиология зерттейді, ал жалпы микробиология осы ғылыми бағыттардың барлығына ортақ микробиологиялық зерттеу әдістерін қамтиды. Микроорганизмдерді микробиологиялық, биохимиялық және молекулярлы-биологиялық зерттеу арнайы зертханаларда жүргізіледі, және де олардың құрылымы мен жабдықталуы зерттелетін объектіге (бактерияға, вирусқа, саңырауқұлаққа, қарапайымдыға), зерттеу жұмыстарының мақсатты бағыттамасына (ғылыми зерттеулерге, аурулардың диагностикасына) байланысты болады. Иммунды жауаптарды зерттеу мен инфекциялық ауруларының серодиагностикасы иммунологиялық және серологиялық (serum – қан сарысуы) зертханаларда жүргізіледі.
УЛЬТРАҚҰРЫЛЫМЫ.
Кіріспе. Актиномицеттер (Actinomyces) Actinomycetales реттілігіне жатады. Бұл реттілікке Actinomycеtaceae, Streptomycеtaceae және Nocardiaceae әулиеттері кіреді. Актиномицеттер жіпше тәрізді пішінге ие. Олар тарамдала отырып, біржасушалы саңырауқұлақтардың мицелийлері тәріздес құрылымдар түзуге қабілетті (сурет 2.3.1). Сонымен қатар, таяқша- және кокктәрізді пішінділері де кездеседі. Жіпшелерінің ұзындығы 100-600 мкм, қалыңдығы 0,2-1,2 мкм болады. Актиномицеттер қозғалмайды, айқын капсуласы, талшықтары мен кірпікшелері болмайды. Басқа бактериялар сияқты актиномицеттер қарапайым немесе Грам әдістерімен боялады. Актиномицеттер фирмикутты бактерияларға жатады және грамоң боялады. Басқа бактериялардан ерекшелігі олар көленең бөліну арқылы ғана емес, спораларыменде көбейе алады.
Спирохеталар Spirochaetales
реттілігіне жатады. Олар иректелген
қозғалмалы бактериялар
Спирохета жасушасы
спиральша иректелген жіпше
Патогенді спирохеталардың ұзындығы 3-20 мкм, қалыңдығы 0,1-0,5мкм болады. Кейбір туыстарының өкілдері өлшемдері, иректерінің саны мен сипаты бойынша ажыратылады (сурет 2.3.2, кесте 2.3.1). Спирохеталар Грам әдісімен нашар боялады. Боррелилер трепонема мен лептоспираға қарағанда анилин бояғыштарымен (фуксин) боялады. Трепонема мен лептоспираның морфлогиясын нативті препараттарда ("жаншылған" немесе "ілінген" тамшы) күнгірт-жазықты немесе фазалы-контрастылы микроскопия көмегімен анықтайды. Және де Романовский-Гимзе немесе басқа да арнайы әдістермен боялған жағындыларда зерттеуге болады.
Сурет 2.3.1. Актиномицеттер Сурет 2.3.2. Спирохеталар
Кесте 2.3.1. Спирохеталардың морфологиялық белгілері
Туыс |
Иректерінің саны мен сипаты |
Қозғалыс сипаты |
Романовский-Гимзе бойынша боялуы |
Borrelia |
3-10, ірі, біркелкі емес |
Серпілмелі, иіліп-керілмелі |
Көкшіл-күлгін |
Treponema |
8-12, ұсақ, біркелкі |
Бірсыдырғы, иіліп-керілмелі |
Бозғылт-қызғыш |
Leptospira |
Көптеген біріншілік иректер және S әріпіне ұқсас екіншілік иректер |
Өте белсенді, айналып- керілмелі |
Қызғыш-сирень түстес |
▲ Әдістемелік нұсқаулар
Спирохеталардың морфологиясын нативті препараттарда және Романовский-Гимзе әдісімен боялған жағындыларда пайымдайды. Препараттарды спирохеталардың белсенді, әрі өзіне тән қозғалыстарына және пішіндерінің ерекшеліктеріне зейін қоя отырып, күнгірт-жазықты немесе фазалы-контрастылы микроскопия көмегімен зерттейді.
Қаннан жағынды жасау. Майсызданған таза бұйым шынысының бір шетіне таяу қан тамшысын орнықтырамыз. Сыдырмалы жиегі бар шынымен сырғыта қозғай отырып, тамшы бетін бұйым шынысының екінші жағына қарай сыдырып өтеміз. Сонда қан жұқа қабатпен шыны бетіне жағылып өтеді. Препаратты ауада кептіріп, сұйық фиксаторда (метил спирті немесе этил спирті мен эфирдің қоспасы) бекіндіреміз.
Препаратты Романовский-Гимзе әдісі бойынша бояу (метилен көгінің, эозиннің және азурдың арласпасы). Жағындыда бояғыштың жұмыстық ерітіндісін (1 мл дистильденген суға 2 тамшы бояғыш) 10-20 минут ұстаймыз. Содан соң, сумен шайып, ауада кептіреміз. Боррелиялар – қайтымды сүзек қоздырғыштары (B. Recurentis) күлгін түске, қан эритроциттері қызғылт-қоңырқай, лейкоцит ядролары күлгін түске боялады. Трепонемалар бозғылт-қызғыш, лептоспиралар қызғыш сирень түстес түске боялады.
Тақырып 2.4. РИККЕТСИЯЛАРДЫҢ, ХЛАМИДИЯЛАРДЫҢ ЖӘНЕ
МИКОПЛАЗМАЛАРДЫҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН
Кіріспе. Риккетсиялар Rickettsiales реттілігіне, хламидиялар Chlamydiales реттілігіне жатады. Микоплазмалар Mollicutes класының өкілі болып келеді де Mycoplasmatales реттілігінің Mycoplasmataceae әулиетінен тарайды.
Rickettsiales және Chlamydiales
реттілігінің өкілдері
К е с т е 2.4.1. Риккетсиялардың, хламидиялардың және микоплазмалардың морфологиялық ерекшеліктері
Белгілер |
Риккетсиялар |
Хламидиялар |
Микоплазмалар |
Өлшемде-рі, пішіні |
0,5-4 мкм, полиморфты: кокктәрізді, таяқша-тәрізді,
сирек жіпше-тәрізді |
0,25-1,0 мкм, шартәрізді, сопақша немесе таяқшатәрізді жасушалар* |
0,2-0,3 мкм, дөңгелек, сопақша жіпшетәрізді жасушалар |
Боя-луы |
Здродовский әдісі бойынша |
Романовский-Гимзе (жасушаішілік микроколониялар) |
- |
Құрылымдық ерекшеліктері |
ЖҚ грациликуттер типі бойынша. Макрокпсуласы мен талшықтары болмайды. Қозғалмайды. Спора түзбейді. |
ЖҚ грациликуттер типі бойынша. Пептидогли-каны болмайды. Макрокапсуласы, талшығы болмайды. Қозғалмайды. Спора түзбейді. |
ЖҚ болмайды. Айқын S-қабаты болады. Макрокпсуласы мен талшықтары болмайды. Спора түзбейді. Микроқаңқасының арқасында қозғалмалы. |
Айқындау әдістері |
Жарықтық, фазалы-контрастылы, люминесцентті, электронды микроскопия |
Жарықтық, фазалы-контрастылы, люминис-центті (жасушаішілік микроколонияларды анықтау үшін), элек-тронды микроскопия |
Электронды микроскопия. |
* Хламидиялардың морфологиясы
олардың даму циклінің
▲ Әдістемелік нұсқаулар
Здродовский әдісі бойынша риккетсияларды бояу
1. Цильдің сұйытылған фуксинімен (10-15 тамшы 10 мл дистилденген суға) 5 минут бойы бояу.
2. Сумен шаю.
3. Жағындыны 0,5 %-ті лимон қышқылы
ерітіндісімен немесе 00,1 %-ті хлорсутегі
қышқылының ерітіндісімен
4. Сумен шаю.
5. Метилен көгімен 1 минут бойы бояу.
6. Сумен шаю, кептіп, микроскоппен көру.
Әдіс дұрыс орындалған жағдайда риккетсиялар қызыл түске, олар паразиттеп отырған жасуша цитоплазмасы көгілдір түске, ядросы көк түске боялады.
Тарау 3 БАКТЕРИЯЛАРДЫҢ ФИЗИОЛОГИЯСЫ
Кіріспе. Бактериялар эволюция барысында әртүрлі экологиялық өткелдерді басынан өткеріп, соларға сәйкес бейорганикалық және органикалық заттардың көзіне, оттегілі ортаға, температураға және қоршаған ортаның басқа да факторларына бейімделді. Микробтарды өсіруге (дақылдауға) лайықты жағдайлар туғызу үшін олардың қасиеттері мен туғызатын ауруларының диагностикасын пайымдау керек. Бактерияларды дақылдау микробиологиялық зерттеулердің бактериологиялық әдісінің негізінен орын алады.
Қоректік орталар. Микроорганизмдерді зертханалық немесе өндірістік жағдайларда өсіру (дақылдау) үшін қолданылады. Кез-келген қоректік орта мынадай талаптарға сай болуы тиіс:
- бактериялардың өсуі мен көбеюіне қажетті барлық заттар жеңіл сіңімді формада болуы тиіс;
- физика-химиялық қасиеттері бактерия үшін аса қолайлы болуы тиіс: рН, ылғалдылық, осмолярлық және т.б.
Қоректік орталардың құрамалары. Органикалық компоненттерді құрау үшін микробты жасушаға азот, көміртегі, сутегі және оттегі қажет. Сутегімен және оттегімен қамтамасыз етілуі судың есебімен жүреді. Көміртегі көзі ретінде гетеротрофты микроорганизмдер органикалық қосылыстарды, ең алдымен қанттарды, көпатомды спирттерді және органикалық қышқылдарды пайдаланады. Азот көзі ретінде бейорганикалық қосылыстар (аммонии тұдары), және де әртүрлі көздерден шыққан (жануар еті, балық, козеин, асбұршақ, лобия, ашытқылар, және т.б.) ақуызтардың гидролиз өнімдері – олигопептидтер мен амин қышқылдары пайдаланылады.
Микроб жасушасына
тек органикалық қосылыстар
Сурет 3.1
Микробтардың қалыпты
өсуі үшін микроэлементтер, әсіресе,
әртүрлі ферменттер
Құрамына көптеген патогенді бактериялар кіретін ауксотрофты микроорганизмдердің өмір сүруі үшін өсу факторлары ретінде қоретік орталардың негізгі құрамаларынан бөлек, микробтың жасушасы құрылымына кіретін, бірақ өзбетінше синтезделіп шықпайтын органикалық қосылыстар қажет етіледі. Өсу факторлары ретінде белгілі-бір амин қышқылдары, азотты негіздер, витаминдер т.б. қызмет атқаруы мүмкін. Көптеген бактериялар өсу факторы ретінде В тобының витаминдері мен никотин қышқылын қажет етеді. Кейбір патогенді бактериялардың өсуі үшін қоректік ортаға нативті ақуызтар (қан, қансарысуы) қосу керек.
Микробты жасушаның
өмір сүруі үшін, міндетті түрде,
негізгі еріткіш ретінде және
барлық биохимиялық
Бактериологиялық тәжірибеде әртүрлі шығу тегілі қоретік орталар қолданылады. Синтетикалық қоректік ортар дәл бекітілген дозалаудағы химиялық таза қосындылардың ерітінділерінен тұрады. Олардың артықышлығы – құрамының қатаң тұрақтылығы мен өнімділігінде. Жартылай синтетикалы орталардың құрамында химиялық таза қосылыстармен қатар ет гидролизаттары, ащытқы экстракті және т.б. болады. Шынайы қоректік орталар өзгермеген нативті (табиғи) компоненттерден (қансарысуы, жұмыртқа ақуызы және т.б.) тұрады.
Микробтардың жекеленген
түрлердің алуан түрде қоректен
Консистенциясы бойынша
қоректік орталар сұйық, жартылай
сұйық, тығыз болуы мүмкін. Сұйық
ортаны тығыз ортаға айналдыру
үшін оған теңіз балдырларының
ерекше түрінің өңделген өнімін
Тығыз орталардың
артықшылығы
Мақсатты тағайындалуы
бойынша қоректік орталар
Негіздік орталарға көптеген бактериялардың түрлерін өсіруге мүмкіндігі бар орталар жатады. Бұлар ет, балық өнімдерінің гидролизаттары, жануарлардың қаны немесе казеиндері. Олардан сұйық орта – қоректік сорпа мен тығыз орта – қоретік агарды дайындайды. Мұндай орталар патогенді бактериялардың тағамдық қажеттілігін қамтамасыз ете алатын күрделі қоретік орталарды (қантты орта, қанды орта т.б.) дайындауға да негіз бола алады.
Элективті қоректік орталар құрамында әртірлі бөгде микрофлорасы бар материалдан микроорганизмдердің белгілі бір түрін (немесе белгілі бір тобын) таңдамалы түрде бөліп алуға және жинақтауға арналған. Элективті қоректік орта дайындағанда сол микробты көптеген басқа микробтардан ажырататын биологиялық ерекшелігіне сүйену керек. Мысалы, стафилококтардың таңдамалы түрде өсуі натрий хлоридінің жоғары концентрациясында, тырысқақ вибрионы – сілтілі ортада байқалады және т.б.