Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2014 в 18:03, курс лекций
Кіріспе. Қоршаған ортамыздағы барлық микроорганизмдерді зерттеу ғылымы олардың биологиялық қасиеттері мен ерекшеліктеріне байланысты әртүрлі бағыттарға бөлініп кетеді. Адам денсаулығына тікелей қатысты патогенді және шартты патогенді бактерияларды медициналық микробиология зерттейді, ал жалпы микробиология осы ғылыми бағыттардың барлығына ортақ микробиологиялық зерттеу әдістерін қамтиды. Микроорганизмдерді микробиологиялық, биохимиялық және молекулярлы-биологиялық зерттеу арнайы зертханаларда жүргізіледі, және де олардың құрылымы мен жабдықталуы зерттелетін объектіге (бактерияға, вирусқа, саңырауқұлаққа, қарапайымдыға), зерттеу жұмыстарының мақсатты бағыттамасына (ғылыми зерттеулерге, аурулардың диагностикасына) байланысты болады. Иммунды жауаптарды зерттеу мен инфекциялық ауруларының серодиагностикасы иммунологиялық және серологиялық (serum – қан сарысуы) зертханаларда жүргізіледі.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК СЕКЦИЯСЫ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ АКАДЕМИЯСЫ
АЛИБЕКОВ АБДУСАТТАР
Жалпы медициналық микробиология пәнінің зертханалық сабақтарына арналған оқу-әдістемелік құралы
Шымкент-2011
АБ |
– |
антитоксикалық бірлік |
АҚИ |
– |
аса қауіпті инфекция |
АР |
– |
агглютинация реакциясы |
АИВ |
– |
адамның иммунотапшылық вирусы |
АИДС |
– |
адамның иммунотапшылық синдромы |
БТГС |
– |
баяу типті гиперсезімталдылық |
ГАР |
– |
гемагглютинация реакциясы |
ГАТР |
– |
гемагглютинацияны тежеу реакциясы |
ГСХ |
– |
газды сұйықты хромотография |
ЕПА |
– |
ет пептонды агар |
ЖҚ |
– |
жасушалық қабырға |
ЖРА |
– |
жедел респираторлы ауру |
ЖРВИ |
– |
жедел респираторлы вирустық инфекция |
ЖС |
– |
жұлын сұйықтығы |
ИФ |
– |
иммунофлюоресценция |
ИФА |
– |
иммуноферментті талдама |
ИЭМ |
– |
иммуноэлектронды талдама |
ИЭФ |
– |
иммуноэлектрофорез |
КБР |
– |
комплемент байланыстыру реакциясы |
КТБ |
– |
колония түзуші бірліктер |
МБК |
– |
минимальді басушы концентрация |
МКАД |
– |
моноклоналды антиденелер |
НҚ |
– |
нуклеин қышқылы |
НР |
– |
нейтрализация реакциясы |
ПМ |
– |
плазматикалық мембрана |
ПТР |
– |
полимеразды тізбектік реакция |
СТА |
– |
сары-уызды тұзды агар |
ЛПС |
– |
Липополисахарид |
MАC |
– |
Mycobacterium avium кешені |
MТC |
– |
Mycobacterium tuberculosis кешені |
ТД |
– |
таза дақыл |
ТЕГАР |
– |
тікелей емес гемагглютинация реакциясы |
ХБ |
– |
халықаралық бірлік |
ЦПӘ |
– |
цитопатиялық әсер |
ІТТБ |
– |
ішек таяқшасы тобының бактериялары |
CTL |
– |
цитотоксикалық лимфоциттер |
spp |
– |
түрлер (species) |
Тарау І МИКРОБИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТХАНАЛАР ЖӘНЕ
ОЛАРДЫҢ ЖАБДЫҚТАРЫ
Кіріспе. Қоршаған ортамыздағы барлық микроорганизмдерді зерттеу ғылымы олардың биологиялық қасиеттері мен ерекшеліктеріне байланысты әртүрлі бағыттарға бөлініп кетеді. Адам денсаулығына тікелей қатысты патогенді және шартты патогенді бактерияларды медициналық микробиология зерттейді, ал жалпы микробиология осы ғылыми бағыттардың барлығына ортақ микробиологиялық зерттеу әдістерін қамтиды. Микроорганизмдерді микробиологиялық, биохимиялық және молекулярлы-биологиялық зерттеу арнайы зертханаларда жүргізіледі, және де олардың құрылымы мен жабдықталуы зерттелетін объектіге (бактерияға, вирусқа, саңырауқұлаққа, қарапайымдыға), зерттеу жұмыстарының мақсатты бағыттамасына (ғылыми зерттеулерге, аурулардың диагностикасына) байланысты болады. Иммунды жауаптарды зерттеу мен инфекциялық ауруларының серодиагностикасы иммунологиялық және серологиялық (serum – қан сарысуы) зертханаларда жүргізіледі.
Бактериологиялық, вирусологиялық, микологиялық және серологиялық (иммунологиялық) зертханалар мемлекеттік санитарлы-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің (МСЭҚД), диагностикалық орталықтардың және ірі ауруханалардың құрамына кіреді. МСЭҚД зертханаларында науқастардан және олармен қарым-қатынаста болған адамдардан алынған материалдардың бактериологиялық, вирусологиялық және серологиялық талдамалары орындалады, бактерия тасымалдаушыларды тексереді және судың, ауаның, топырақтың, тағамдық азықтардың және т.б. санитарлы микробиологиялық зерттеулері жүргізіледі.
Ауруханалар мен диагностикалық орталықтардың бактериологиялық және серологиялық зертханаларында ішектік, іріңдік-қабыну, респираторлы және басқа да инфекциялық аурулардың диагностикасы мақсатында зерттеулер жүргізіледі, стерилизация мен дезинфекцияға микробиологиялық бақылау жасалады.
Аса қауіпті инфекциялардың (оба, туляремия, сібір күйдіргісі, тырысқақ т.б.) диагностикасын арнайы режимді зертханаларда жүргізеді, олардың жұмыс реті қатаң регламентенген.
Вирусологиялық зертханаларда вирустардан (грипп, гепатит, полиомиелит және т.б.) және қайсыбір бактериялар – хламидиялар мен риккетсиялардан тарайтын (орнитоз, бөртпе сүзегі, Ку қызбасы т.б.) ауруларды диагностикалайды. Вирусологиялық зертханаларды ұйымдастыру және жабдықтау кезінде вирустармен, жасуша дақылдарымен, тауық эмбриондарымен жұмыс істеудің қатаң асептиканы талап ететін спецификасы ескеріледі.
Микологиялық зертханаларда патогенді саңырауқұлақтар туғызатын микоз ауруларының диагностикасы жүргізіледі.
Әрбір зертхана өзінің спецификалығына байланысты мемлекетіміздің денсаулықсақту министрлігі бекіткен СанЕменН-ге (санитарлық ережелер мен норматривтер), әдістемелік нұсқауларға және бұйрықтарға сүйене отырып жұмыс істеіді.
Зертханалар, әдетте, жұмыс ауқымы мен мақсатты тағайындалуы ескеріліп, бірнеше бөлмелерге орналастырылады.
Әрбір зертханаларда қарастырылуы тиіс:
а) қоздырғыштардың жекеленген топтарымен жұмыс істеуге арналған
бокстар;
б) серологиялық зерттеулерге арналған бөлмелер;
в) ыдыстары жуу-стерильдеу бөлмелері;
г) қоректік орталар дайындау бөлмелері;
д) тәжірибелік жануарларға арналған бокстары бар виварийлер;
е) талдамаларды қабылдау, тіркеу және жіберу бөлмесі.
Сонымен қатар, вирусологиялық зертханалардың зерттелетін материалды арнайы өңдеуге және жасуша дақылдарымен жұмыс істеуге арналған бокстары болады.
Микробиологиялық зертханалардың жабдықталуы. Зертханалар бірқатар құралдармен және қондырғылармен жабдықталуы тиіс.
1. Микроскопияға арналған
(жарықтандырғыш, фазалы-қонтрасты қондырғы, күнгірт-жазықтық
конденсор т.б.) биологиялық иммерсиялық микроскоп, люминесцентті
микроскоп.
2. Термостаттар мен мұздатқыштар.
3. Қоректік орталарды, ерітінділерді және т.б. дайындауға арналған жабдықтар:
дистильденген су алуға арналған аппарат (дистилятор), техникалық және
аналитикалық таразылар, рН-метрлер, сүзуге арналған аппаратура, су
моншалары, центрифугалар.
3. Микробтармен іс-шара жасауға арналған құралдар жиынтығы:
бактериологиялық құрықтар, шпательдер, инелер, пинцеттер және т.б.
4. Зертханалықыдыстар: шыны түтікшелер, колбалар, Петри табақшалары,
матрацтар, флакондар, ампулалар, пастерлік және деңгейленген тамызғыштар
т.б., мақталы-дәкелік тығындар жасауға арналған аппарат.
5. Зертхана құрал-жыбдықтарын
стерильдеуге арналған
аппараттар.
Ірі диагностикалық
кешендерде автоматтанған
Зертханаларда микроскопиялық
препараттарды бояуға арналған
орындар бөлінген, онда арнайы
бояғыш ерітінділер, спирттер, қышқылдар,
сүзгіш қағаздар және т.б. болады.
Әрбір жұмыс орны газды
Ірі зертханаларда микроорганизмдерді көп мөлшерде өсіруге, серологиялық реакциялар жасауға арналған термостаттық бөлмелер болады.
Дақылдарды өсіру
мен сақтауда, зертханалық ыдыстарды
стерильдеуде және басқа да
мақсаттарда мынадай
Термостат. Ішкі температурасы қажетті өлшемде бірқалыпты сақталып тұратын аппарат. Микробиологиялық зертханаларда микроорганизмдерді өсіріп-өндіру үшін қолданады. Мысалы, көптеген патогенді бактериялардың көбеюі үшін аса қолайлы температура 37°С. Термостаттар сулық және ауалық болып бөлінеді.
Микроанаэростат. Анаэробты микроорганизмдерді оттегісіз жағдайда өсіруге арналған аппарат.
СО2–инкубатор. Бірқалыпты температура мен белгілі бір газды құрамы бар атмосфераны жасауға аралған аппарат.
Тоңазытқыштар. Микробиологиялық зертханаларда микроорганизм дақылдарын, қоректік орталарды, қанды, вакциналарды, сарысулар мен басқа да биологиялық белсенді препараттарды +4°С шамасында сақтау үшін қолданады. 0°С-тан төмен температурада сақталатын препараттар үшінм –20°С немесе –75°С-ты ұстап тұратын төменгі температуралы тоңазытқыштар қолданады.
Центрифугалар. Белгілі-бір сұйықтықтардағы микроорганизмдерді, эритроциттерді және басқа жасушаларды тұндыруға және біртекті емес сұйықтықтарды бөлектеуге (эмульсиялар, суспензиялар) арналған аппарат. Зертханаларда жұмыс істеу режимі әртүрлі центрифугалар қолданылады.
Құрғату-стерильдеу шкафы (Пастер пеші). Зертханалық шыны ыдыстарды және басқа да жоғары ыстыққа төзімді материалдар мен аспаптарды құрғақ ауамен стерильдеуге арналған қондырғы.
Булы стерилизатор (Автоклав). Қайнаған су буы мен қысымның көмегімен стерильдеу. Автоклавты ағымды бумен стерильдеу мақсатында да пайдалануға болады. Ол үшін автоклавтың қақпағын ашық күйде қалдырып, іске қосады, сонда ол Кох аппаратының қызметін атқарады. Микробиологиялық зертханаларда автоклавтардың әртүрлі модельдері қолданылады (тік, көлденең, стационарлы, тасымалды).
Тақырып 1.1. БАКТЕРИОЛОГИЯЛЫҚ, ВИРУСОЛОГИЯЛЫҚ,
МИКОЛОГИЯЛЫҚ, ИММУНОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТХАНАЛАР
ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖАБДЫҚТАРЫ. ЗАМАНАУИ
МИКРОСКОПТАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ. МИКРОСКОПИЯ
ӘДІСТЕРІ. МИКРООРГАНИЗМДЕРДІҢ МОРФОЛОГИЯСЫН
ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ.
▲ Әдістемелік нұсқаулар
Микробиологиялық зертханаларда жұмыс істеу ерекшелігі. Медициналық мекемелердегі микробиологиялық зертханаларда жұмысты инфекциялық аурулар қоздырғыштарымен – патогенді микроорганизмдермен жүргізеді. Сондықтан, персоналдардың залалдануын алдын алу үшін мынадай ішкі тәртіп ережелері қатаң сақталу қажет;
1. Барлық қызметкерлер
2. Аса қауіпті микробтармен жұмыс арнайы инструкцияға сүйеніп, қатаң режімді зертханаларда жүргізіледі.
3. Зертханаларда темекі шегуге
және тамақтануға тыйым
4. Жұмыс орны үлгілі тәртіпте болуы керек. Қызметшілердің жеке заттары арнайы бөлінген орындарда сақталуы керек.
5. Инфекцияланған материал үстел
бетіне, еденге және басқа
6. Микроб дақылдарын сақтау, қадағалау жүргізу және оларды жою арнайы инструкцияға сай жүргізілу керек. Патогенді микробтардың дақылдары арнайы жорналда тіркеледі.
7. Жұмыс соңында қолдарды жақсылап жуып, қажет болса, дезинфекциялаушы ерітінділермен өңдеу керек.
▲ Микроскоптар мен микроскоппен көру әдістері
Микробиологиялық зерттеулер үшін микроскоптардың бірнеше түрлерін (биологиялық, люминесцентті, электронды) және микроскоппен көрудың арнайы әдістерін (фазалы-контрастылы, күнгірт-жазықты) қолданады.
Микробиологиялық тәжірибеде көбінесе МБР-1, МБИ-2, МБИ-3, «Биолам» Р-1 т.б. микроскоптар қолданылады. Олар үлкендіктері 0,2-0,3 мкм ден жоғары сан алуан микробтардың пішіндерін, құрылымдарын, өлшемдері мен басқа да белгілерін зерттеуге мүмкіндік береді.
Иммерсиялық микроскопия. Жарықтық микроскопия әдісінің айқындау мүмкіндігін жоғарылату мақсатында қолданады. Сурет 1.1 Жарықтық оптикалы микроскопия жүйесінің айқындау қабілеті көріністегі жарықтың толқын ұзындығымен және жүйенің сандық апертурасымен анықталады. Сандық апертура объективке түсуші жарықтың максимальді конусының бұрыштық өлшемін көрсетеді және объект пен объектив линзасы арасындағы ортаның оптикалық қасиетіне (сындыру қабілетіне) тәуелді болады. Объективтің жоғары сыну коэффицентіне ие ортаға (минеральді май, су) малынуы мынадай түсінікке жақынырақ; шын жарықтың объектіден шашырап кетуіне кедергі жасайды. Осылайша сандық апертураның жоғарылауына және соның арқасында айқындаушы қабілеттің өсуіне қол жеткізіледі. Иммерсиялық микроскопия үшін таңбаланған (ИМ – иммерсиялық май, СИ – сулы иммерсия) арнайы иммерсиялық объективтер қолданады. Иммерсиялық микроскоптың айқындау қабілетінің шегі 0,2 мкм-ден аспайды. Сәулелер жолы 1.2 суретте көрсетілген
Микроскоптың
жалпы үлкейткіштігі окулярдың
үлкейтілуінен объективтің