Азаматтық құқық пәні мен әдісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Мая 2015 в 11:44, дипломная работа

Краткое описание

Азаматтық құқық – Қазақстан Республикасының құқық салаларының бірі болғандықтан күнделікті тыныс-тіршілікпен, сондай-ақ азаматтардың, заңды тұлғалар мен мемлекеттің өзімен, оның әкімшілік – аумақтық бөліністерімен тығыз байланысты.
Азаматтық құқықты зерттемес бұрын азаматтық құқық пәнін анықтап, басқаша айтқанда, мұның пәні не екенін белгілеп алуға тиістіміз. Ал азаматтық құқықтың пәнін анықтаудың өзі оңай шаруа емес. Өйткені, азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар ауқымы өте кең де сан қырлы.
Құқық жүйесі іштей құқық салаларына бөлінетіндігі белгілі. Әдетте құқықтың қандай салаға жататындығын анықтау үшін оның пәні мен құқықтық реттеу әдістемесі қолданылады. Дәл осы пән мен әдістеме арқылы азаматтық құқықты Қазақстан Республикасының басқа құқық салаларынан аражігін айыра отырып, сонымен бірге оның салалық ерекшеліктерін де айқындауға болады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Азамматық дайын.docx

— 113.97 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

3  АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ  ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ШАРТЫ МЕН НЕГІЗДЕРІ

 

   Азаматтық құқық бұзушылық  құрамын азаматтық-құқықтық жауапкершілік  қолдануға қажетті жағдайлардың  жиынтығы құрайды. Жалпы ережеге  сәйкес азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің  қажетті жағдайлары ретінде борышқордың  кінәсі және құқыққа қарсы  мінез танылады. Шығынды өтеу  жауапкершілігіне тарту үшін  шығынның бар болуы сонымен  қатар борышқордың құқыққа қарсы  мінезімен және келген шығынның  арасында себепті байланыс болуы  қажет. Шығынды өтеу негізінде  азаматтық –құқық бұзушылықтың  құрамы басқа элементтерін толығымен  қамтиды. Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің  жалпы негіздеріне жататындар:

  1. тұлғаның құқыққа қайшы қылығы ( іс-әрекет не әрекетсіздік)
  2. жәбірленген тұлғаның шеккен зияны немесе залалдың бар болуы;
  3. құқық бұзушының құқыққа қайшы іс-әрекеті мен оның келтірген зиянының салдары арасындағы болатын себепті байланыс;
  4. құқық бұзушының кінәсі.

  Нақты тұлғаға азаматтық  –құқықтық жауапкершіліктің жүктеу  үшін жалпы ереже бойынша қажетті  келтірілген негіздер жиынтығы  –азаматтық –құқық бұзушылықтың  құрамы болып табылады. Көрсетілген  негіздердің біреуі болмай қалса, жауапкершілікке тарту мәселесі  туындамайды. Бірақта-кейбір жағдайларда  азаматтық құқықтағы құқық бұзушылық  құрамының бар болуы мүліктік  жауапкершілікке тарту үшін жалпы  талаппен сенеспайды; мысалы: жоғары  қаутілік көзін иеленуші заңды  тұлға жәбірленушінің алдында  кінәсіз жауап береді. (АК –тің 931 бабы). Енді азаматтық құқық  бұзушылықтың құрамының әлгінде  айтылған элементтерінің әрқайсысына  тоқтала кетейік.

      Құқыққа қарсы  мінез.

      Құқыққа қарсылық  құқық бұзушының өзінің іс-әрекетінің  құқыққа қарсы екендігін білген  немесе білмегеніне  қарамастан  құқық нормасын бұзуы танылады. Басқа сөзбен айтсақ азаматтық  айналымға сәйкес келмейтін мінез  жатады.

     Азаматтық заңдылық  нормаларымен азаматтық айналымға  қатысушыларға әртүрлі талаптар  белгіленген. Азаматтық заңдылық  негіздерде сәйкес тараптық құқыққақарсы  мінез ретінде жеке тұлғаға  немесе азаматтық мүлкіне  немесе  заңды тұлғаға келтіректін залал  саналады. Сонымен қатар борышқордың  міндеттемені орындауға байланысты  талаптарға жауап бермеу құқыққа  қарсы мінез болып табылады. Азаматтық  заңдылыққа сәйкес міндеттемені  орындауға байланысты тараптарға  жауап бермеу құқққа қарсы  мінез болып табылады.

      Азаматтық заңдылыққа  сәйкес міндеттемені орындауға  байланысты талаптар тек қана  заңмен шектелмейді, сонымен бірге  іскерлік айналымдағы бақа нормативтік  актілерден немесе міндеттеменің  пайда болуымен туындайтын негіздерде  құрылады. Сондықтан борышқордың  құқыққа қарсы мінезінің белгісі ретінде міндеттеменің құрылуындағы кейбір негіздер болуы мүмкін. Әкімшілік актідегі туындаған міндеттемедегі құқыққа қарсы мінез болып, осы әкімшілік актімен борышқордың іс-әрекетінің сәйкес келмеуі жатады. Егер міндеттеме шарттан туындас, онда борышқордың шарт талабын бұзуы құқыққа қарсы мінез болып табылады. Егер бір жақты мәмілеге байланысты міндеттеме болса, борышқордың құқыққа қарсы мінезі ретінде бір жақты мәміленің талабын бұзуы танылады.

       Құқыққа қарсы  мінез құқыққа қарсы іс-әрекет  немесе құқыққа қарсы әрекетсіздік  түрінде де болуы мүмікн. Егер  заңмен немесе нормативті құқықты  актімен тиым салынған немесе  заңға немесе басқа құқықтық  нормативтік акиіге  шартқа бір  жақты мәмле немесе міндеттеме  талабының негізінде қайшы келетін  борышқордың іс-әркекті құқыққа  қарсы сипатқа ие болады. Сонымен  азаматтық кодекстің 273 бабы осының  дәлелі . заңдарда немесе шартта  көзделгеннен басқа реттерде  міндеттемені орындаудан біржақты  бас тартуға және оның шарттарын  біржақты өзгертуге жол берілмейді.

       Азаматтық заңдылық  негізіне сәйекс бір тараптың  басқа бір тараптың есебінен  мүлкін негізсіз сақтауға тікелей  тиым салынады. Алайда осы ережеде  негізсіз сақтау құқыққа қарсы  болып табылады. Шартпен белгіленген  сапаға сай келмейтін тауарды  сатып алушыға берудегі сатушының  әрекеті құқыққа қарсы саналады.

        Егер тиісті  жағдайларда тарапқа юридистикалық  міндеттеме жүктеліп, бірақ ол  орындалмаса, онда әрекетсіз құқыққа  қарсы деп танылады.шартпен белгіленген  тауарды мерзімінде жеткізбеген  тасымалдаушының әрекетсіздігі  құқыққа қарсы болып табылады. Міндеттеме тараптың қызметтік  міндетінен де туындауы мүмкін. Мысалы, құтқару станциясының қызметкерлері  суға батып бара жатқан адамды  құтқару үшін барлық қажетті  және мүмкін болатын шаралардың  барлығымен қолдануы тиіс. Осы  міндетті орындамау оның құқыққа  қарсы мінезін көрсетеді. Жағады  демалып жатқан азаматтардың  әрекетсіздігі құқыққа қарсы  сипат алмайды, оларға тек суға  батушыны құтқару рухани міндеттеме  жүктеледі. Белгілі бір міндеттемені  орындаудағы іс әрекет заң  шеңберімен шығуы мүмкін. Азаматтық  кодекстің 188 бабымен үшінші бөлігінде  былай делінген: “Меншік иесі  өзіне тиесілі мүлікке қатысты  өз қалауы бойынша кез-келген  әрекеттер жасауға соның ішінде  бұл мүлікті басқа адамдардың  меншігіне біріп, иелігінен шығарып, өзі меншік иесі болып қала  отырыап, оларға мүлікті иелену, пайдалану және оған билік  ету жөніндегі өз өкілеттігін  тапсыруға, мүлікті кепілге  беруге  және оған билік етуге құқылы”. Жоғалған мүлікті тауып алған  тарап егесіне қайтару немесе  жоғалтушы азаматқа қайтаруы  тиіс.

        Себепті байланыс.

         Азаматтық  кодекс талаптарында көзделгендей  өтелуге тек қана борышқордың  құқыққа қарсы мінезімен келтірілген  шығындар жатады. Бұл борышқардың  құқыққа қарсы мінезі және  несие берушіге келтірілген шығынның  арасындағы себепті байланысты  көрсетеді. Көп жағдайларда міндеттеме бұзылған кездегі себепті байланыстың бар болуы немесе жоқ болуы қиындық туғызбайды. Ал кейбір жағдайларда себепті байланысты анықтау қиындықтар туғызуы мүмкін. Мысалы, шофер өз машинасын он үш жасар жасөспірімге дұрыс айдай білмегендігі себепті тиым салынған белгіге қарамастан өтіп кетіпті. Колхоздың төрағалық етуші қызмет бабын пайдаланып оқушыларды жүк машинасында өзінің ауласындағы жұмысқа жіберді. Жүргізуші жол ережесін бұзуы салдарынан бірнеше оқушы жарақат алды. Дәрігердің сілтеуімен медбике нәрестенің көзіне дәрі тамызғандықтан  ол толығымен көру қабілетінен айырылды. Анықталғандай дәрігердің айтуымен медбике қателесіп кетіп басқа дәріні тамызған. Көрсетілген мысалдардан кімнің іс -әрекеті құқыққа қарсы нәтиже себеп болғандығын нақты анықтау қиын.

       Осындай жағдайларда  себепті байланыстың дамыған  ғылыми теорияларын басшылыққа  алуымыз керек. Теорияда және  практикада себепті байланыс  тікелей және жанама теориясын  ұсынады. Бұл теория жалпы философиялық  себепті оқытудағы екі негізгі  жағдайда сүйенеді. Біріншіден , себептілік  құбылыс арқылы обьективті байланысты  көрсетеді және ол біздің санымыздан  тыс өмір сүреді. Сонымен қатар  құқық бұзушының зиянды нәтижені  көре білуі себепті байланыс  туралы сұрақты шешуге көмектеспейді. Шығынның болатынын алдын ала  сезе білу субьективті сипатқа  ие және себепті байланысты  анықтамайды, ал тек қана құқық  бұзушының кінәсі туралы сұрақты  анықтауға көмектеседі. Екіншіден, себеп және салдар тек қана  белгілі оқиғаларға қолдануда  маңызы артады. Себеп және салдар  ұқсас болғандықтан әрдайым орын  ауыстырып отырады және біз  оны материалдық өмірдің қарым  қатынас тізбегімен байланыстырамыз. Жоғарыда көрсетілген мысалдар  дәрігердің сілтемесінен    іселген медбике әрекеті  салдар  туғызады  және сонымен  қатар  нәресетенің  көрі қабілетін  жоғалтуға себеп  болады.  Егер  қаралып  жатқан  іске  тереңірек  үңілсек,  онда дәрігердің себепті  әрекеті  бөлім басқарушысының  бұйрығынан туындайды.  Сондықтан  жауапкершілік туралы шешу кезінде  болған оқиға жағдайларынан алысқа  кету дұрыс емес. Тікелей себептің  пайда болуымен шектелу қажет, яғни зиянның туындауына жақын  қатынастар есепке алынады.

        Тараптың құқыққа  қарсы  мінезі  зиянның  себебі  болып  тек  қана  ол  осы  зиянмен  тікелей  байланысқан  болса  ғана  пайда болады.  Тараптың  құқыққа  қарсы  мінезі  мен зиянының арасындағы  жанама  себепті  байланыс  болып,  ол  нақты оқиғаның  шегінен  ауытқып  және  юридистикалық  себеп  байланыстың  маңызына  ие  бола  алмайды.  Сонымен  қатар іс-әрекеттің  жасалуына  басқа  факторлардың  әсері  тиюі  мүмкін.

       Алайда  бұл  факторлардың қайсысы болсын  юридистикалық  жауапкершілік  мағынасына  ие  бола  алмайды  және  сондықтан  тараптың  құқыққа қарсы  мінезінің  және зиянының  арасындағы  байланыс  жанама  болып  табылмайды.  Ал  басқалары  -юридистикалық  жауапкершілікке  әсер  етеді  сондықтан  тараптың  құқыққа қарсы  мінезімен  және  болған  нәтиженің  арасындағы  байланысты  көрсетеді.  Жасөспірімдердің  келтірген зияны үшін  оларды  ата –аналары  жауап  береді,  себебі  заң  оларға  юридистикалық  маңыз  бермейді  және  әрекет  қабілеттсіз  деп  таниды.    Ал  ата-аналар құқыққа  сыйымсыз мінезі  үшін  жауап  береді. (тиісті  қадағалау жасамағаны  немесе  тәрбиелемегені) және  болған  зиянның  арасында  юридистикалық жауапкершілікке тартуға  жеткілікті  тікелей  себепті  байланыс  пайда  болады. Керісінше  балық аулаумен  шұғылданатын  колхоз  мүшесінің броконьерлерге  ауды  сатуды  және  броконьерлер  заңсыз балық  аулау  арқылы  балық  ресурстарына зиян  келтірсе, броконьерлердің  құқыққа  қарсы  іс-әрекетін  көрсетеді және бұл  жерде тек  қана  жанама  себепті  байланыс  бар.

       Сондықтан  тараптың  құқыққа  қарсы  мінезімен  және  зиян  арасында  азаматтық-құқықтық  жауапкершілік маңызы бар  жағдайлар  болмаса  тікелей  себепті байланыс  орын  алады.  Егер  құқыққа  қарсы  мінез  және  зиян  арасында  жауапкершілік  туралы  сұрақты  шешуде  азаматтық  заңды  маңызы  жағдайлар  болса,  онда  жанама  себепті  байланысты  көрсетеді.  Жоғарыдағы  мысоаға  сәйкес  жасөспірімнің  әрекет қабілеттігінің  жоқ  болуымен  байланысты  13  жасар  жасөспірімді  азаматтық  құқықтық  жауапкершілікке  тартудың  маңызы  жоқ.  Сондықтан  бұл  мысалдар  шофердің  құқыққа  қарсы мінезі  мен  жол  ережесінің  бұзылуы  тікелей  себепті  байланысты  көрсетеді.  Күнделікті  өмірде  бірнеше  тараптық  іс-әрекеті (әректсіздігі) зиянның  пайда  болуы  жиі  кездеседі.  Бұндай  жағдайларда  тікелей  нәтижемен  байланысқан  барлық құқыққа  қарсы  әрекеттері  егер  оларға  құқыққа қарсы  әрекеттері  құқыққа  қарсы  нәтижеден  көрініс  тапқан  болса  оларджы  жеке  ерекшеліктеріне  байланысты  себеп  ретінде  қарастыру  керек.  Тікелей  және  себепті  байланысты  шектеу  қажеттігі  тек  қана  теориялық  шарттардан  шығып  қана  қоймай,  сонымен  бірге  тәжірбиенің  өзімен  тұжырымдалады.  Бұл  теория  тәжірбиеде  оңай  қолданылады.  Ол  сот  тәжірбиесімен  кездейсоқ  туындаған  жоқ.

         Әдебиеттерде  сонымен  қатар себепті  байланысты  басқа  да теориялары  кеңінен  таралады.   Қажетті  шартта  теориясына  қатысты  құқыққа  қарсы  нәтиженің  себебі  ретінде  нәтиже  болмауы  мүмкін  кез-келген  жағдайлар  болуы  мүмкін.  Бұл  теорияның  өкілдері  субьективті   белгілердің  көмегімен  себеп  салдар  байланысының тізбегін  шектеуге  тырысады.  Қарастырып  жатқан  теорияның  себебінің  байланысындағы юридистикалық маңызы  кінәға құқыққа  қарсылыққа  тәуелді. Егер  қылмыстық  құқықта  қылмыстық  жауапкершілікке тарту өзінің  тәжірбиесінде бұл  теория  көпшілігінде  теоретикалық  маңызға  ие.

       Басқа  теорияларда  кінәсі  және  себепті  байланыс  жабық  сипатта  болады.  Мүмкіндік  және  шындық  теориясына  қатысты, бір  фактілер  құқыққа қарсы  нәтижеге  мүмкіндік  туғызса,  ал  екіншілері  -осы  мүмкіндіктерді  шындыққа  айналдырады.  Мүмкіндікті  шындыққа  айналдырушы  фактілер,  әрқашан  да  құқыққа  қарсы  нәтижемен  себепті  байланыста  болады. Құқыққа  қарсы  нәтижеге  мүмкіндік  туғызушы  фактілер көрсетілген  нәтижеге  қарағанда  юридистикалық  маңызы  болуы  немесе  болмауы  мүмкін.  Егер  тараптың  іс-әрекетінен  нақты  мүмкіндіктің себепті  байланысы  болса,  онда  жауапкершілікке  тартуға  жеткілікті.  Ал  егер тараптың  іс-әрекетінде  құқыққа  қарсы  нәтиженің  абстрактілі  маңызы  болса,  онда  себепті  байланыстың  юридистикалық  маңызының  аз  болуына  байланысты  жауапкершілікке тартуға  болмайды.

      Нақты  мұмкіндік  ретінде  жағдайлардың  обьективті  қайталануын  шындыққа  айналдырушы  мүмкіндік  танылады.  Абстрактілі  мүмкіндікте берілген  жағдайлар  обьективті  қайталанбайды.  Егер  обьективті  қайталанатын  жағдайларда  сәйкес  мүмкіндік  шындыққа  айналса,  онда  осындай  мүмкіндік  туғызушы  құқыққа  қарсы  нәтижені  көре  білуі  тиіс.  және  керісінше  егер  мүмкіндік  обьективті  жағдайларынан  қайталанбауынан  шындыққа  айналса,  онда  осындай  жағдайлардың  обьективті  қайталанбайтындығ  себепті  мүмкіндік  туғызушы  құқыққа  қарсы  нәтижені  көре  алмайды.  Бұл  сондықтан  теорияның  себепті  байланысының  юридистикалық  маңызды  кінә  секілді  жауапкершіліктің  субьективті  жағдайларына  тәуелді.

      Осындай  кемшілік  себепті  байланыстың   қажетті  және  кездейсоқтық  теорияларында  бар. Бұл  теорияның  авторларының  пікірінше  жауапкершілік  болуы  үшін  құқыққа  қарсы  мінез  және  нәтиже  арасында   қажетті  себепті  байланыс  болуы тиіс.  кездейсоқ  себепті  байланыс  нәтиженің  туындауымен  байланысты  жауапкершілікке  тартуға  негіз  бола  алмайды.  Осы  теориядан  себепті  байланыстың юридистикалық  маңызы  құқыққа  қарсы нәтижемен  кінәсі үшін  жауапкершілік  шектелгендігін  байқауға болады.  Егер  тараптың  әрекеті  және пайда  болған  нәтиже  арасында қажетті  себепті  байланыс  болса , онда осы  нәтижені  алдан  ала  көруге  болады  және  білуі  тиіс.  егер  тараптың  әрекеті  және құқыққа  сыйымсыз  нәтиже  арасында  кездейсоқтық  сипат алса  онда осындай нәтижені  көре  білуі  мүмкін  емес.  Сондықтан  көре  білуге  қол  жетпейтін  құқыққа қарсы  нәтижемен  қарастырып  отырған  теориядағы себепті  юайланыстың  юридистикалық  маңызы  бар.

Информация о работе Азаматтық құқық пәні мен әдісі