Азаматтық құқықтарды
кедергісіз жүзеге асыру принципі.
Азаматтық кодекстің бұл принципі конституциялық
ережеде де жазылған: “Әркімнің кәсіпкерлік
қызмет еркіндігіне өз мүлкін кез келген
заңды кәсіпкерлік қызметүшін еркін пайдалануға
құқығы бар” (Конституцияның 26-бабының
4-тармағы). Азаматтық құқықты жүзеге асырудың
өзі осы принципке байланысты. Азаматтық
кодекстің 8-бабына сәйкес, азаматтар мен
заңды тұлғалар өздеріне берілген азаматтық
құқықтарды, оның ішінде өздерін қорғау
құқығын өз қалауынша пайдаланады. Бір
айта кететін жайт, олардың өздеріне берілген
құқықтарды жүзеге асырудың бас тартқан
жалпы ережеге орай бұл құқықтардың тоқталуына
әкеп соқтырмайды. Азаматтар мен заңды
тұлғалар өздеріне берілген құқықтарды
жүзеге асырған кезде адал, парасатты
және әділ әрекет жасап, зандардағы талаптарды,
қоғамның адамгершілік қағидаттарын,
ал кәсіпкерлік бұған қоса кәсіпкерлік,
әдептілік ережелерін сақтауға тиіс.
Бұл міндетті шарт арқылы алып
тастауға немесе шектеуге болайды. Азаматтық
құқық қатынастарына қатысушылардың адал,
парасатты және әділ әрекет жасауы
көзделеді (АК-тің 8-бабының 4-тармағы).
Азаматтық құқық конституциялық құрылысты
қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары
мен бостандықтарын, халық деңсаулығы
мен имандылығын сақтау мақсатына қажетті
шамада ғана және заңмен шектеулі мүмкін
(Конституцияның 39-бабының 1-тармағы).
Азаматтық
құқықтарды жүзеге асыру басқа
құқық субъектілерінің құқықтарнына
және заңдармен қорғалатын мүдделерін
бұзбауға айналадағы ортаға зиян
келтірмеуге тиіс.
Азаматтар
мен заңды тұлғалардың басқа
тарапқа зиян келтіруге, құқықты
басқа түрлерде қиянат жасап
пайдалануға сондай-ақ құқықты
оның мақсатына келетіндей етіп
жүзеге асыруға бағытталған әрекеттеріне
жол берілмейді (АК-тің 8-бабының 3,5-тармақтары).
Осы талаптарды орындамаған жағдайда
сот ол адамның құқығын қорғаудан
бас тарта алады[22].
Сонымен
қатар, тауарлар мен қызметтердің
еркін қозғалысы жөніндегі ереже
де маңызды. Тауарлар, қызметтер
және ақша Қазақстан Республикасының
барлық аумағында еркін қозғалыста
болады. Қазақстан Республикасындағы
не заң щығарушының, не атқару
билігінің тауарлар мен қызметтердің
қозғалысын шектеуге хақылары
жоқ. Еркін қозғалысқа тек заңмен
ғана тыйым салуға болады.
Нұқсан келтірілген
құқықтардың қалпына келтірілуін қамтамасыз
ету принципі. Азаматтық құқықтар
мен міндеттердің көбісі мүліктік қатынастармен
байланысты. Демек олар белгілі бір дәрежеде
материалдық мазмұнға ие. Азаматтық заңға
бұл принципті енгізу азаматтық құқықтың
өзекті мәселелрінің бірі құқық бұзылғанға
дейін болған жағдайы қалпына келтіруіді,
ал ол мүмкін болмаған жағдайда келтірілген
зиянды өтеуді қамтамасыз ету мәселесін
шешуді жүзеге асырады.
Азаматтық құқықтарды сот арқылы
қорғау принципі. Соттық қорғауын
қамтамасыз ету принципі. Бұл конституциялық принцип:әркімнің
өз құқықтары мен бостандықтарының сотарқылы
қорғалуын құқығы бар (Конституцияның
13-бабының 2-тармағы). Бұдан аз ғана уақыт
бұрын сот арқылы қорғану рөлі төмен болып
келеді, яғни тек заңда көрсетілген жағдайда
ғана сотқа шағыну мүмкін еді (мысалы,
бұрынғы “Еңбек туралы” заң кодексіне
тіркелегн атышулы тізімнің 1 және 2 кестесі).
Азаматтық кодекстің 9-бабына
сәйкес азаматтық құқықты қорғау сот (төрелік
сот немес аралық сот) арқылы жүзеге асады.
Белгілі бір жағдайларда бұрмаланған
азаматтық құқық басқа да тәсілдермен
қорғала алады. Заңда көзделген ретте
мұндай қорғау әкімшілік тарапынан жүзеге
асуы мүмкін (АК-тің 9-бабының 2-тарма,ы .
Азаматтық
кодекске дәстүрлі қорғау шараларынан
басқа қорғаудың жаңа да арнайы
тәсілдері енгізілген. Арнайы заң
құжаттарныда көзделеген жағдайда
нақты және заңды әрреккетермен
тікелей құқығы бұзылған адамның
құқығын қорғауға (өзін-өзі қорғау)
заң жол береді. Өзін-өзі қорғау
азаматтың құқығына жасалған
қиянатты өз күшімен женуі
деуге де болады, бұл өзін-өзі
қорғау, не мүлікті, немесе қаржыға
қатысты төлемді ұстап қалу, сондай-ақ
өз бетімен кепілдік құқығын
жүзеге асыру түрінде көрінеді.
Өзін-өзі қорғау ұғымы қылмыстық
құқықтың аясына жатады, бірақ
өзін-өзі қорғау жазалауға жатпаса,
оның заңды әрекет болып табылады.
Ұстап
қалу құқығы деп меншік иесінің
бөтеннің затын иесіне өзіннің
алындағы міндеттемесін орындағанша
бермей, ұстай тұруын айтады. Мысалы,
Азаматтық кодекстің 712-бабы бойынша
экспедиторға тек экспендициялық
қызметі үшін берілетін ақы
төленбейінше, жүкті ұстай тұру
құқығы беріледі.
Азаматтық кодекстің 318-бабының 2-тармағына
сәйкес кепіл ұстаушы кепіл
туралы шартта, сондай-ақ Азаматтық
кодексте және өзге де заң
құжаттарында көзделген реттерде
кепілге салынған мүлікті соттан
тыс күштеу тәртібімен сауда
өткізу (аукцион) арқылы өз бетімен
сатуға құқылы. Ақшалай қарызды
қамтамасыз ететін кепілге салынған
нәрсені сату жөнінде кепіл
ұстаушы банктің де осындай
құқығы болады.
Келесі
жаңалық қорғаудың тағы бір
түріне байланысты, ол моральдық
зиянның өтемін төлету болып
табылады. Моральдық зиян Азаматтық
кодекстің 951-бабына сәйкес адамның
және заңды тұлғалардың өзіндік
мүліктік емес игіліктері мен
құқықтарының бұзылуы, кемсітілуі
немесе олардан айрылуы, соның
ішінде жәбірленушінің өзіне
қарсы құқық бұзушылықтың жасалуы
салдарынан басынан кешіргені (төзімін
тауысқан, уайымға салған) жан азабы
немесе тән азабы (қорлау, ызаландыру,
қысым жасау, ашуландыру, ұялту, түңілту,
тән қинауы, залал шегу, қолайсыз
жағдайда қалу және т.б) деп
есептеледі. Моральдық зиян оны
келтірушінің кінәсін орайластырып
өтеледі. Сонымен өатар, моральдық
зиян оны келтірушінің кінәсін
емепке алмай-ақ егер ол төмендегідей
жағдайларға байланысты орын
алса:
- зиян азаматтың өмірі деңсаулығына
жоғары қауіптілік көзі
арқылы келтірілсе;
- зиян азаматқа оның заңсыз сотталуының,
заңсыз қылмыстық
жауапқа тартылуының, бұлтартпау
шарасы ретінде заңсыз қамауға алуды,
үйде қамауда ұстауды немесе ешқайда кетпеу
туралы қолхат алуды кодцанудан, қамауда
ұстау, психиатириялық емдеу мекемесіне
немесе басқа емдеу мекемесіне орналастыру
түрінде әкімшілік жазаны заңсыз қолданудың
салдарынан келтірілсе:
3) зиян ар-ожданына қадір-қасиеті
мен іскерлік беделіне нұқсан
келтіретін мәліметтер тартату
арқылы келтірілсе;
4) заң құжаттарында көзделген
өзге де жағдайларда өтеледі.
Заңда көзделген реттен басқа
жағдайда азаматтың мүліктік
құқығын бұзатын әрекеттер арқылы
жасаған зиян өндіртіп алуға
жатпайды.
Моральдық зиян ақшалай түрде
өндіріледі. Моральдық зиянның көлемін
анықтау кезінде жәбірленушінің
шеккен рухан зардабын субъективті
баға ретінде ескереді. Сондай-ақ
жәбірленушінің рухани және деңсаулығына
байланысты зардап шегуінің дәрежесін
анықтайтын объективті мәлімметтер
де ескіріледі: өмірлік маңызы
бар жағдайларға қастандық жасау
объектісі (өмірі, деңсалығы, абыройы,
ар-намысы, еркіндігі, үйіне ешкімнің
тиіспейтіндігі және т.б,); құқық
бұзушылықтың ауыр зардаптары (жақын
туысқанын өлтіру, денеге жарақат
салу, сол арқылы мүгедек ету,
еркінен айыру, жұмыссыз қалдыру
немесе баспанасыздыққа душар
ету және т.б.); адамды мазақ
қылатынжалған мәліметтер тарату
сипаты мен жүйесі; жәбірленушінің
өмірлік хал-ахуалы (тұрмыстық, отбасылы
қызметтік, материалдық, деңсаулық
жағдайлары, жасы және басқалары);
басқа да назар аударуға тұратын
жайттар.
Мүліктік
зиянның өндіріліп алынғанына
қарамастан, моральдық зиян орнына
келтіріледі (АК-тің 952-бабы).
Азаматтық құқық
жүйесі. Құқық жүйесі дегеніміз
сол мемлекеттегі құқықтық нормалардың
жиынтығын қамтитын ғылыми әрі нақты құбылыс
болып табылады. Құқықтың әр саласына
белгілі бір жүйе тән. Азаматтық құқық
Қазақстан Республикасындағы құқықтық-нормативтік
құжаттары жағынан ең ауқымды да күрделі
заң саласы болып есептеледі. Нормалардың
әр алуандығына қарамастан азаматтық
құқықтың жүйесі логикалық талаптарға
сай келеді, яғни ол іштей салаларға, құрылымдар
мен оның бөліктеріне бөлінеді. Ішкі салаларға
тән оның құрылымдарына тұтастай енетін
жекелеген және жалды ережелерді[23.141]
бөліп қарау мүмкіндегі деуге болады.
Мұндай құрылымдарының мазмұны біркелкі
келеді, оны құқықтық реттеудің бір арнаға
жинақталуынан және заңдық ерекшелігінен
деп түсінген жөн.
Ішкі
салардың “жалпы бөлімі” мен
“жалпы ережелерін'' бір-бірінен
бөліп қарау проблемасы әзірге
айтарлықтай зерттеле қойған
жоқ. Аталған саланың “жалпы бөлімі’’
жалпы сипаттағы жекелеген институттардың
жиынтығын білдіреді. Ал осы орайда
ішкі салалардың “жалпы ережелерінде’’
мұндай ғана біріктірумен шектеледі[24..33].
“Жалпы ереженің” нормалары
азаматтық құқық бөлімдерінен
тәуелсіз негізінде барлық мүліктік
және жеке мүліктік емес қатынастарға
қолданылады. “Жалпы бөлімге” жататын
“Меншік және өзге де заттық
құқықтар” мен “Міндеттемелік
құқық”тәрізді ішкі саланың екі
түрінің нормалары да жалпы
сипатқа ие екендігі дәлелденеді[25.40].
Мысалы, меншіктің түрлері мен сипатына
орай меншік құқығы туралы, меншік қатынастарын
қорғау мен оның пайда болуы тәсілдері
норма басқа инститтутарға, атап айтқанда,
сатып алу-сату, авторлық және мұрагерлік
құқықтарға кеңінен қолданылады. “Жалпы
бөлім” құзыретті органдардың, азаматтар
мен ұйымдардың құқық қолдану қызметі
үшін қолайлы жағдай туғызады, сондай-ақ,
ол қайталаумен олқы тұстарды жлюға мүмкіндік
береді.
Азаматтық құқық жүйесі төмендігідей
ішкі салаларға бөлінеді:
“Міндеттемелік құқық” , “Меншік
құқығы мен өзге де заттық құқықтар”,
“Интектуалдық меншік құқығы’’. “Мұрагерлік
құқығы”, “Халықаралық жеке құқық”. Осындай
ішкі саланың өз нормаларына сай келетін
“Жалпы ережесі” болады. Оның әрқайсысы
өз кезегінде іштей құрылымдар мен бөлімдерге
жіктеледі. Айталық шарт институты және
шарттан тыс міндеттемелік институты
деп бөлінеді.
Қазақстан
Республикасы азаматтық-құқық жүйесі
Жалпы және Ерекше бөлімдерден
тұрады.
Жалпы бөлім.
І-бөлім. “Жалпы ережелер”(тауарлары:
азаматтық-құқық қатынастарды реттеу;
азаматтық құқықтардың субъектілер;
азаматтық құқық объектілері; мәмілелер,
өкілдік және сенімхат; мерзімдерді
есептеу; талап қою мерзімі).
ІІ-бөлім. “Меншік
құқығы және өзге де заттық
құқықтар” (тараулары: меншік құқығы
(жалпы ережелер): шаруашылық жүргізу
құқығы: оралымды басқару құқығы;
ортақ меншік, бірлескен қызмет
туралы шарт (жай серіктестік); меншік
құқығына және өзге де заттық
құқықтарға ие болу; меншік құқығы
және өзге де заттық құқықтардың
тоқтатылуы; меншік құқығы мен
өзге де заттық құқықтарды
қорғау).
ІІІ-бөлім.
“Міндеттемелік құқық” (І-бөлімше:
“Міндеттеме туралы жалпы ережелер”,
оған мына тараулар енді: міндеттемелер
ұғымы және олардың пайда негіздері;
міндеттемені орындау; міндеттеменің
орындалуын қамтамасыз ету; міндетемедегі
адамадрдың ауыстырылуы; міндеметтенің
бұзылғандығы үшін жауаптылық; міндеттемені
тоқтату. ІІ-бөлімше: “Шарт туралы
жалпы ережелер”, оған мына тараулар
енеді шарт ұғымы және оның
ережелері; шарт жасасу; шартты өзгерту
және бұзу).
Қазақстан
Республикасы Азаматтық құқығының
Ерекше бөлімі мыналарды қамтиды:
ІҮ-бөлім.
Міндеттемелердің жекелеген түрлері:
сатып алу-сату; айырбас; сыйға тарту;рента
және өмірі бойы асыруда ұстау;
мүлік жалдау (аренда); тұрғын үйді
жалдау;мүлікті тегін пайдалану;
мердігерлік; өтемелі қызмет көрсету;
тасылмадау; көлік экспедициясы; заем;
ақшалай талапты беріп қаржыландыру
шарты (факторинг); банкгік қызмет; сақтау;
сақтандыру;тапсырма; басқаның мүдесіне
тапсырмасыз іс-әрекет жасау; комиссия;
мүлікті сенімгерлікпен басқару;
кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг);
конкурыстық міндеттемелер; зиян
келтірудің салдарынан туындайтын
міндеттемелер; негізгі баюдың салдарынан
туындайтын міндеттемелер.
Ү-бөлім. “Интектуалдық меншік құқығы”
(тараулары: жалпы ережелер; авторлық
құқық; сабақтас құқықтар; өнертабысқа,
пайдалы модельге, өнеркәсіптік
үлгіге құқық; селекциялық жетістіктерге
құқық; интегралды микротәсілімдер
типологиясына құқықтар; ашылмаған
ақпаратты заңсыз пайдаланудан
қорғау құқығы; азаматтық айналымға
тауарларға және қызмет көрсету
қатысушылардың дараландыру құралдары).
ҮІ-бөлім. “Мұрагерлік” құқық (тараулары,
мұрагерлік туралы жалпы ережелер;
өсиет бойынша мұрагерлік; заңды
мұрагерлік; мұра алу).
ҮІІ-бөлім. “Халықаралық жеке құқық”
(тараулары:жалпы ережелер; коллизиялық
нормалар).
Азаматтық
құқық нормалары теория да, заңда
да белгілі бір жүйе бойынша
реттеледі. Әлемдік азаматтық-құқықтық
жүйе ғылымында қалыптасқан институциондық
және пандектілік тәрізді екі
жүйе бар. Оның бірінші бүкіл
құқықтық нормаларды: а) тұлға; ә) меншік
және оның түрлерінің өзгеруі;
б) меншікке ие болу тәсілдері
деп бөлінеді. Франция Азаматтық
кодексі мен оның тұжырымдарын
қолдаушылар осы жолды таңдады.
Екінші, пандектілік жүйе жалпы
бөлімнің бөлінуімен ерекшеленеді,
соның нәтижесінде кодестің арнайы
бөлімдері қайталанудан, басы артық
сілтемелерден және т.б. арылады.
Жалпы бөлімнен соң заттық, міндеттемелік,
отбасылық және мұрагерлік құқықтар
тәртіптеледі. Мұндай жүйені Германияның
азаматтық заңдары қолданады
және де осындай тәсіл бразиялықтардың,
гректердің және басқа азаматтық
заңдарында бар.
Кешегі
кеңестік азаматтық құқықта институционалдық
және пандектілік жүйеден артта
қалушылық байқалғанымен, гермаг-роман
жүйесіне ұқсастығы болатын.