Азаматтық құқық пәні мен әдісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Мая 2015 в 11:44, дипломная работа

Краткое описание

Азаматтық құқық – Қазақстан Республикасының құқық салаларының бірі болғандықтан күнделікті тыныс-тіршілікпен, сондай-ақ азаматтардың, заңды тұлғалар мен мемлекеттің өзімен, оның әкімшілік – аумақтық бөліністерімен тығыз байланысты.
Азаматтық құқықты зерттемес бұрын азаматтық құқық пәнін анықтап, басқаша айтқанда, мұның пәні не екенін белгілеп алуға тиістіміз. Ал азаматтық құқықтың пәнін анықтаудың өзі оңай шаруа емес. Өйткені, азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар ауқымы өте кең де сан қырлы.
Құқық жүйесі іштей құқық салаларына бөлінетіндігі белгілі. Әдетте құқықтың қандай салаға жататындығын анықтау үшін оның пәні мен құқықтық реттеу әдістемесі қолданылады. Дәл осы пән мен әдістеме арқылы азаматтық құқықты Қазақстан Республикасының басқа құқық салаларынан аражігін айыра отырып, сонымен бірге оның салалық ерекшеліктерін де айқындауға болады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Азамматық дайын.docx

— 113.97 Кб (Скачать документ)

Мысалы, жарық көрген кітаптың екі авторының біреуі кітапты осы атауымен басқа баспадан шығарады және тең автор ретінде өзге адам көрсетіледі. Бұрынғы тең автор өзін қайта басып шығарылған кітаптың тең авторы ретінде тану туралы және жаңадан пада болған тең авторды авторлық құқығынан айыру туралы талап қояды.

Бірнеше сараптаманы қатыстыра отырып, іс сотта әлденше рет қаралады. Талап қанағаттандырылады. Мынаны атап көрсету керек: талап арызда да, сарапшылардың қорытындыларында да, сот шешіндерінің бірде-біреуінде де талапкердің мүліктік құқықтарның бұзылғаны туралы сөз болмады. Даудың нысаны біреу ғана-кітаптың авторы (тең авторы) кім? Бұл авторлық құқық дәлелденді және қорғалды. Алайда бір нәрсеге күмән жоқ: өзінің авторлық құқықтарының сотта дәлелденуіне қол жеткізген талапкер дәл осындай негізінде баспадан кітаптың 2-басылымы үшін қаламақы үлесін талап ете алады, ал баспа жалған тең автордан оған төленген ақшаны қайтаруды талап етуге құқылы, өйткені автор деп танылу және авторлық қаламақы алу құқығы ажырамастай тығыз байланысты.

АК-нің 1-бабы азаматтық құқықтың нысанасы болып табылатын қатынастардың ішінен мүліктік қатынастарға байланысы жоқ өзіндік қатынастарды да атайды. Мысалы, азаматтың есіміне, оның ар-намысына тұрғылықты жерді таңдау мүмкіндігіне жеке жазбаларын (күнделіктерін, хаттарын)жарияламауға, бейнесіне қол сұғылмайтынына, денесіне тиіспеушілігіне байланысты қатынастар.

Азаматтық құқық кейбір шарттар сақталғанда мұндай қатынастарды өзі реттеп отырады, айталық: егер оларды құқықтың басқа салалары (мысалы, қылмыстық құқық) реттемейтін болса, егер олар мүліктік емес өзіндік қатынастардың мәніне (мысалы, ішкі сырлас жақындық саласында) қайшы келмейтін болса.

 Көптеген мүліктік  емес жеке қатынастарды азаматтық-құқықтық  реттеу нысанасын жатқызуды кейбір  қосымша ойлармен түсіндіруге  болады. Біріншіден, оларға азаматтық  құқықты қолданбасақ, мұндай қатынастардың  айтарлықтай бөлігі мүлде құқықтық  реттеусіз қалған болар еді.

Екіншіден, мүліктік қатынастармен байланысы бар немесе байланысы жоқ өзіңдік қатынастардың арасындағы шекара тым шартты алынған (мысалы, адамның өз есіміне құқығы да, өз бейнесіне құқығы да, кейде басқаларға белгілі бір ақы үшін, әдетте жарнамалық мақсаттарда беріледі.)     Үшіншіден, ең ақырында, тіпті мүліктік қатынастармен байланысы жоқ өзіндік құқықтар олар бұзылатын  жағдай да әдетте, жәбірленушіге келтірілген азап пен қасірет үшін, құқық бұзушылықты тоқтату не олардың зардаптарын жою үшін ақшалай өтемақы төлеуді талап ету мүмкіндігін беру жолымен азаматтық-құқықтық құралдар арқылы ұорғалады.

Мұнсыз, мүліктік қатынастармен байланысы жоқ өзіндік құқықтар, бұрын жиі байқалғанындай, мүлде құқықтық қорғаудан тыс қалған болар еді.

Сонымен, қатынастардың осы нысанасын құрайтын мүліктік және (немесе) мүліктік емес сипаты азаматтық құқыө нысанасының бірінші айқындайтын белгісі болвп табылады.

Алайда бұларға ұқсас қатынастар құқықты басқа салалрының реттеу нысанасы болуы мүмкін.

Мысалы, салық қатынастарының мүліктік сипаты болатыны даусыз, алайда АК-ның 1-бабының 4-тармағы салықжөніндегі қатынастарға азаматтық заңдар қолданылмайды деп айқын көрсетеді.

Сондықтан азаматтық құқығың нысанасын барынша дәл анықтау мақсатныда екінші айқындаушы белгіні-қатынастардың бір субъектісінің келесі субъектісіне әмірмен бағынушылық дәрежесін білу қажет.

 Егер олар біріне-бірі  бағынбайтын болса жәғң құқықтық  өзара қатынастарныда мемлекеттен  алған биліктің күшіне қарай  басқа қатысушы үшін міндетті  болатын бұйрықтар мен нұсқаулар  бере алмайтын болса, құқықтық  қатынастар азаматтық-құқықтық модель  бойынша құрылады.

Егер бұған керісінше, мемлекет қатынастардың бір қатысушына басқа қатысушы (басқа қатысушылар) үшін міндетті болып табылатын бұйрықтар мен нұсқаулар шығару билігін берсе, онда құқықтық қатынастар құқықтың өзге салаларының моделі бойынша, ең алдымен, әкімшілік, қаржылық құқықтардың моделімен құрылады, бірақ азаматтық құқық моделі бойынша құрылмайды.

Мұның мүліктік қатынасқа ғана емес, сондай-ақ мүліктік емес кейбір өзіндік қатынастарға да қатысы бар  (мысалы, азаматтың есімін өзгерту жағдайлары, техникалық міндеттердің шешілуін өнертабыс деп тану, кейбір қызмет түрлерімен шұғылдануға рұқсат алу).

Заң әдебиеттерінде құқық қатынастарына қатысушылардың бір-біріне өзара бағынбаушы жайы белгісін көп ретте олардың тең құқылығы деп атайды. Бұл соншама дәл анықтама емес, өйткені өзара құқықтар тең (бірдей) болмайды, себебі олардың мазмұны түрлеуші болатындықтан, олар тең бола алмайды (сатып алушыда-сатып алу-сату шарты бойынша сатып алған мүлікті талап ету құқығы, ал сатушыда    сатылған заттың төлемін талап ету құқығы).

Мұның орнына, тең құқылық емес, азаматтық құқық қатынастары қатысушыларының өзара тәуелсіздігі, бағынбаушылығы жөнінде айту неғұрлым дәлірек болады. Солай бола тұрса да, бұл терминнің екеуі де бір мағынада түсіндірілетінін ескеру керек.

Қазақстан Республикасының саяси құқықтық ағымның азаматтық құқықты нарықты экономиканы бейімдеуге бағытталғаны бежілі. Бқл орайда азаматтық құқықтың қандай болуы керектігіне жауап беру және қандай талаптар дәрежесінен көрінуі керектігі күн тәртібінде тұр. Атап айтқанда, құқықтың қандай идеалын түпнұсқа ретінде алу керектігі шешімін күтер мәселе. Мысалы, оған лайық экономика мүддесі ме, табиғи құқық па, “жөні түзу”құқық, әлде ұлттық идеал немесе индивидуализм бе? Бұл сұрақтарға жауап әзір табыла қойған жоқ, қазір бұл орайдағы ізденңс жалғасуда.

           Еліміздің қазіргі азаматтық  құқығы әлеуметтік әділеттілік, азаматтық құқықты әлемдік деңгейге  көтеру жіне нарықтық қатынастарды  дұрыс реттеу тәрізді ағымдармен  сипаталады деп ойлаймыз.

          Әлеуметтік әділеттілік орта  буындағы тапты қорғауды талап  етеді. Алдыңғы қатарлы азаматтық  заңдар (мәселен, неміс немесе швейцария  заңдары) экономикалық жағынан әлсіздерді  қорғауға бағытталған. Әлсіздерді  қорғау ауқаттылар мен кедейлер  арасындағы күресті жұмсартуды  мақсат етеді. Демек, экономикалық-әлеуметтік  деңгейі орташа адам экономикалық  жағдайы күштінің, сол орташа  адам мен экономикалық жағынан  әлсіз адамның арасындағы мүдделердің  тоғысу нормаларын жасап шығарады. Әлеуметтік әдептілік азаматтық  құқықтың социалистік жүйесінде  де өзіндік орын алады. Біздің  қазіргі азаматтық құқығымыз  күннен күнге тұлғаның дербестігінің  өсуін қамтамасыз етуде, ал осы  өудің нәтижесінде жеке тұлғаның  жалпы мүддеден шектеулі қатар  жүріп келеді. Айталық, қазіргі құқықтың  негізі-еркін бәсекелестік, соның  арқасында жеке адамды заң  тұрғысымен қорғау шаралары күшейді: мәселен, моральдық залалды қалпына  келтіру, шетелдіктердің құқықтарын  қорғау, есімді қорғау құқығы  және т.б. Ал екінші жағынан  алып қарағанда, іскерлік парасатылық  принциптері пайда болуда, яғни  өзінің мүддесімен санасудың  үлкен қажеттілігі туындауда. Сонымен  қатар экология үшін жауапкершілік, сатып алушының құқығын қорғау  мүдделігі және т.б. күшеюде.

         Қазіргі азаматтық құқық адам  құқығын қорғауға ерекше мән  береді, мұның өзін көптеген мемлекетермен  өзара және тұрақты байланыс  орнатудың жемісі десе де болады. Азаматтық құқықтың шетелдік  тәжірбиеге бой ұруынан келіп, өзінің ұлттық сипатынан бірте-бірте  айырыла бастағаны да байқалады (мысалы, вексельдік немесе міндеттемелік  құқық). Бірақ ондай ағымға үрке  қарауға да болмайды, өйткені, әрбір  ел азаматтық құқығының өзіне  тән ерекшеліктерін сақтап қалуға  тиіс.

       Өз ерекшілігі  бар нарықтық қатынас құқыққа  әсерін тигізбей қоймайды. Сондықтан  да қазіргі азаматтық құқық  міндеттеменің икемділігімен, қозғалмайтын  мүлікке ие болуымен ерекшеленеді (мәселен, жерге меншік қатынасын  енгізу). Демек қозғалмайтын мүліктің  де қозғалатын мүлік тәрізді  азаматтық айналымға соның тәртібімен  түсуге ұмтылатыны байқалады, сөйтіп, азаматтық құқық нарық сипатын  біртіндеп еншілей береді.

       Біздің  ойымызша, Қазақстанның қазіргі  азаматтық құқығына қатысты ағымдардың  сипаты, міне, осындай.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

               

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  2.2  Азаматтық  құқықтың басқа құқық салаларымен шекарасы

 

       Бұдан  бұрын айтылған құқықтық реттеудің  пәні мен әдістемесі азаматтық  құқықты онымен шектес басқа  салалардың бөліп қарауға мүмкіндік  береді. Бірақ та азаматтық құқықты  шектес салалардан оқшаулағанда  төмендігідей жағдайларға көңіл  аудару қажет: жаңа Азаматтық  кодекс (1994 ж.) қабылданға дейін азаматтық  құқық өзіне тән қатынастарды  реттеді. Айталық, Қазақ  КСР Азаматтық  кодексі (1963 жылы қабылданған) бойынша  отбасы, еңбек, жер қатынастары, сондай-ақ  колхоздардағы өздерінің Жарғысынан  бастау алатын қатынастар, суды  пайдалану жөніндегі қатынастар  тиісінше-отбасы, жер, колхоз және  су жөніндегі заңдарымен реттеліп  келді. Ендігі жерде Азаматтық  кодекстің 1-бабының 3-тармағына сәйкес  азаматтық құқық осы баптың 1-тармағында  аталған белгілерге сай келетін  отбасылық, еңбек қатынастары мен  табиғи ресурстарды пайдалану  және айналадағы ортаны қорғау  жөніндегі қатынастарға (мәселен, мүліктік  қатынастар және жақтардың заңдық  теңдігіне негізделген болса), егер  де тиісінше отбасылық, еңбек  завдарымен, табиғи ресурстарды  пайдалану және айналадғы ортаны  қорғау туралы заңдармен реттелмеген  жағдайларда, сондай-ақ оларды реттеуде  ағаттықтар кеткен кезде, қолданылды.

          Азаматтық және еңбек құқықтарының  ара жігін аші белгілі бір  жағдайда өзіндік қиындықтар  да туғызады. Бұл орайда Азаматтық  кодекстің кейбір нормаларының  тікелей еңбек қатынастарының  реттей алатындығына мән берген  жөн. Атап айтар болсақ, Азаматтық  кодекстің 19-бабының 3-тармағы жеке  кәсіпкер мен азаматтардың арасындағы  еңбек шартын оның ішінде келісім-шартты  жасасу мүмкіндігі жөнінде болып  келген дауларға нүкте қояды. Жоғарыда айтып өткеніміздей, еңбек  қатынасына азаматтық құқықты  қолдану мүмкіндігі Азаматтық  кодекстің 1-бабының 3-тармағында ап-анық  көрсетілген. Осы тұжырымдаманы  түсіндіру жөнінде Қазақстан  Республикасының Жоғарғы Соты 1995 жылы 22 желтоқсандағы Племуында  өзінің 10 қаулысын (нормативтік сипаты  бар) қабылдады. Бұл қаулы: “Моральдық  зиянды өндіртіп алу туралы  заңды соттардың қолдауы туралы”  деп аталады. Оның 5-тармағында былай  делінген: “Еңбек туралы заңдарда  рухани немесе дене зардабын  шекендерге өтем төлету жөнінде  тікелей айтылмауына қарап, жәбірленуші  зиянның орнын толтыруға құқығы  жоқ деуге болмайды. Сот КСРО мен республикаларының азаматтық заң негіздерінің 131-бабына сүйене отырып, жұмыскерді заңсыз жұмыстан шығарғаны не басқа жұмысқа ауыстырғаны үшін, оған еңбекақы төлемей, жұмыста мүгедікке, кәсіби аураға ұшыратқаны үшін,сөйтіп, рухани және дене зардабына жол бергеніне байланысты жұмыс берушіден өтем төлеуді міндеттеуге құқылы”.

         Осы орайда еңбек құқығы пәнінің  азаматтық құқықтан айырмашылығы-оның  еңбек үрдісіндегі қатынасты  реттеуінен көрінеді. Себебі ондаеңбек  нәтижесін алып беру жоқ. Жұмыс  күші тауар болып табылмайды. Сол себепті де жекелеген жағдайда  жалақы жұмыс күшінің бағалаудың  нысаны бола алмайды, жұмыскердің  еңбегіне ақы төлеу-оның істеген  ісінің саны мен сапасына қатысты  келеді. Құқықтық реттеу әдістемесі  тұрғысынан қарағанда, жұмыскер  жұмыс берушімен шарт жасасып, сол арқылы тең құқықты әріптеске  айналатынын байқау қиын емес, дейтұрғанмен жұмыскер ақыр аяғында  еңбек тәртібіне бағынып, әкімшіліктің  талабын, сондай-ақ оның еңбек  ету міндетіне жататын басқа  да міндеттерді орындайды.

         Отбасы құқығы некеге және  отбасына қатысты қатынастарды  реттейді. Отбасы құқығы некеге  тұру, некені бұзу және оны  жарамсыз деп танудың жағдайы  мен тәртібін реттейді, ата-аналарының  қамқорлығынсыз қалған балалардың  отбасында қалу тәртібі мен  түрін, азаматтық хал актілерінің  тіркелу тәртібін, сондай-ақ отбасы  мүшелері арасындағы мүліктілік  емес жеке қатынастарды айқындайды. Қажет кезінде туыстар мен  басқа адамдар арасындағы жағдайлар  заңда көзделген ретте қаралады.

          Отбасы құқығына реттеудің ерекше  әдістемесі тән, ол ерікті түрде  болады, ал жарлық ету үрдісіндегі-императивті, яғни бұйрықты сипатқа ие. Осы  екі бастаудың өзі оның ерекшелігін  білдіреді.

         Отбасы құқығының дербестігіне  қарамастан ол туралы заңмен  реттеуге келмейтін отбасылық  қатынастарға азаматтық заң қолданылады. Ал мұның өзі отбасы қатынастарына  қайшы келе қолмайды. Мысалы, Азаматтық  кодекстің 223-бабына сәйкес: ерлі-зайыптылардың  некеде тұрған кезде жинаған  мүлкі, егер бұл мүлік ерлі-зайыптылардың  үлесті меншігі болатыны, не олардың  әрқайсысына тиесілі немесе меншік  құқығының тиісті бөліктерінде  ерлі-зайыптылардың әрқайсына тиесілі  екені олардың арасындағы шартта  көзделмесе, олардың бірлескен меншігі  болып табылады. Азаматтық кодекстің 223-бабының 2-тармағына сәйкес, егер  некеде тұрған кезде ерлі-зайыптылардың  ортақ мүлкінің есебінен сол  мүліктің құнын едәуір арттырған  қаражат жұмсалғаны (лүрделі жөңдеу, қайта жаңғарту, қайта жабдықтау  және т.б.) анықталса, ерлі-зайыпталардың  әрқайсысының мүлкі олардың бірлескен  меншігі деп танылуы мүмкін. Осы  мысалдың өзі-ақ азаматтық заңды  отбасы қатынастырына қолданудың  айқын бір көрінісі болып табылады.

Информация о работе Азаматтық құқық пәні мен әдісі