Азаматтық
құқық табиғи ресурстарды пайдалану
және айналадағы ортаны қорғау
жөніндегі қатынастардан былайша
ерекшеленеді: а) табиғи объектілерді
пайдалану мен қорғауда мүліктік
сипаттың болмауымен, бірақ материалдық
құндылық болып санала тұрса да толық
түрде мүлік дәрежесіне жерден басқасы
ие бола алмайды. Сонымен, табиғи объектілер
арнайы есеп жүйесі (көлемі, мөлшері және
т.б.) кадастармен есепке алынады; ә)әзірге
табиғат пайдалану жүйесінде (жерден басқасы)
толық дәріжедегі тауарлық қатынастарға
түгел қосылған жоқ. Солай бола тұрса да
заңда табиғатты пайдалану ақылы деп көрсетілген,
бірақ заңға сәйкес табиғат пайданушыларға
табиғи ресурстарды (жеке меншікке берілетін
жерден басқасына) сатуына және сатып
алуына рұқсат етілмейді[18.976].
Экологиялық әдиебеттерде кездесетін
осындай пікірлерге қарамастан
азаматтық құқық (бірінші кезекте
Азаматтық кодекс) жерді меншіктену
және жер учаскілерін пайдалану
қатынастарын мейілінше кең түрде
реттейтінін айта кеткен жөн.
Бұл орайда тұлғалардың құқықтарын
да ( мысалы, ипотеканы, жер учаскесіне
сервитутты, мұрагерлік берілуді
және т.б.) қорғайды. Осыдан-ақ табиғи
ресурстарды пайдалану және айналадағы
ортаны қорғау заңімен реттеуге
келмейтін қатынастарға азаматтық
заңды пайдалану қажеттігі дау
туғызбайтындығын көреміз.
Азаматтық
кодекстің 1-бабының 4-тармағына сәйкес,
заң құжаттарныда көзделген реттерді
қоспағанда, бір тараптың екіншісіне
әкімшілік немесе өзге де билік
жағынан бағынуына негізделегн
мүліктік қатынастарға, оның ішінде
салық жөніндегі және басқа
бюджеттік қатынастаға азаматтық
заңдар қолданылмайды.
Жоғарыда
аталған қатынастардың жағы азаматтық
құқықпен арадағы жігін ашу
онша қиындық туғызбайды, жекелеген
жағдайда олар бір-бірімен пәні
бойынша, ал өзгедей ретте құқықтық
реттеу әдістемесі бойынша бөлектенеді,
ал кейбіржағдайларда олардың
жиынтығын талап етеді. Сөйтіп, бір
екіншісіне қандай да бір бағынышты
болғанда мүліктік қатынас азаматтық
заңмен реттелмейді. Осыған орай
әкімшілік (оның ішінде салыққа
қатысты) не басқа қатынастар
азаматтық заңдар қарауынан шығып
қалады.
2.3 Азаматтық құқықтың
қағидаттары (принциптері) мен жүйесі
“Принцип”
(қағидат) термині латының сөзі-бастау,
негіз дегенді білдіреді. Азаматтық
принциптері (қағидаттары)-ол нормативтік
сипаты бар, қоғамдық қатынастарды
азаматтық-құқықтық реттеу бастамасын
басшылыққа алатын негіз. Ол Қазақстан
Республикасы азаматтық заңының
мейлінше маңызды тұстарын көрсетеді.
Демек азаматтық заңды түсіну
мен оны қолдану азаматтық
құқықтың тек жалпы принциптері
«қағидаттары) арқылы мүмкін болады.
Қағидаттар
азаматтық құқық жүйесінде әрқашанда
бастапқы норма болып саналады.Сондықтан
да басқа нормалар онымен жанама
түрде көрініп, жалпы сипат алады,
демек принциптер өзгелерден
басым түседі. Принциптер азаматтық-құқық
нормаларының барлық жүйесін
қамтып, басшылыққа алынады. Азаматтық
кодекстің 2-бабындағы азаматтық
заңдардың жалпы негіздері мен
мәнісі беки түсуіне байланысты,
енді принциптер нормативтік
мәнге ие болды және оны
қолдану міндеттілікке айналды.
Бұрын-соңды азаматтық принциптер
заң нормаларында арнайы термин
немесе тиянақты тұжырымдама
ретінде бекітілмеген еді, тек
“азаматтық заңдардың жалпы негіздері
мен мәнісіне байланысты” деген
жалпылама тұжырымдамен шектелетін.
(Қазақ КСР АК-нің 4 бабы). Қазіргі
кезде азаматтық құқық принциптері
нормативтік роль атқарады.
Профессор Ю.Г. Барш азаматтық
құқық принциптерінің рөлі мен
маңызы туралы былай деп тұжырымдайды:
“Біріншіден, олар тікелей әрекет
ететін нормалар түрінде кездеседі.
Екіншіден, ол жаңа заңды жасау
немесе бұрынғы заң құжаттарны
өзгерту кезінде ескіріледі. Үшіншіден,
құқық ұқсастығын қолдану қажет
болған жағдайда заң принциптері
басшылыққа алынады. Төртіншіден, мұндай
прициптер құқықтық нормалардың
бастапқы мазмұнын немесе шарт
талаптарның тиісті жағдайдаларының
мазмұнының түсіндірлуі жүзеге
асырлығанда назарға алынуы тиіс
(мысалы, Азаматтық кодекстің 6,392 баптарын
қараңыз). Бесіншіден, заң принциптеріне
сүйене отырып, заң норм алары
арасындағы қарама-қайшылықты жоюдың
жолдарын табуға болады, әрине, мұның
өзі аталған жағдай кездескенде
ғана қолданылады”[19.3]. Осы мәселерге
орай оған екі жағдайды қосып
айтуға болар еді: біріншіден, принциптер
тек заң актілері жүйесінен
сипатын көрсетіп қоймайды, сонымен
қатар ол заңгерлердің азаматтық
құқықтағы құқықтарын да белгілейді.
Екіншіден, азаматтық құқық принциптері
өзінің реттеу жүйесі арқылы
бірқатар мемлекеттік құқықтық
институттар мен нормаларды, яғни
бірінші кезекте азаматтардың
Конституциялық құқығын азаматтық
құқықтар арқылы өзіне тән
тәсілдермен қорғауды нақтылай
түседі.
Азаматтық
құқықтың мынадай принциптері
бар:
- азаматтық-құқықтық қатынастарға
теңдігі;
- меншікке және басқа заттық
құқыққа қол сұқпаушылық ;
- шарт еркіндігі;
- жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол беруге болмайтындығы;
- азаматтық құқықтарды кедергісіз
жүзеге асыру;
- нұқсан келтірілгенен құқықтардың
қалпына келтірілуін қамтамасыз ету;
- азаматтық құқықты сот арқылы
қорғау.
Міне осы принциптердің бәрі
де Азаматтық кодекстің “Азаматтық
заңдардың негізгі бастаулары”
деп аталатын 2-бабында бекітілген.
Яғни сол арқылы мемлекет пен
қоғамның азаматтық заңдарының
алдына қоған мақсаты мен міндетін
орындауындағы азаматтық заңның
демократиялық және ізгілікті
қасиеттері көрініс береді. Енді
осы көрсетілген принциптерді
талдасақ дейміз.
Азаматтық құқықтық қатынастарға
қатысушылардың тендігі-
Азаматтық құқықтың басты қағидаттарының
бірі олардың қатысушыларының тендігіне
байланысты келеді. Азаматтық қатынастарға
қатысушылардың тендік принципі қоғамдық
қатынастарды азаматтық-құқықтық реттеу
әдістемесінің өзімен айқындалады. Яғни
бқдан азаматтық-құқықтық қатынастарда
жақтардың жағдайы тәуелсіз, тең дәрежеде
болатындығын көреміз. Демек, азаматтық
қатынасқа қатысушының бірі екіншісіне
тіптен бағынышты емес, ал тәуілділігі
оның мінез-құлқына, екіншісінің ерік-жігеріне
қатысты болмау керек. Азаматтық заңмен
реттелетін мүліктік және мүліктілік
емес қатынастар жүйесінде субъектілер
теңдігі төмендігідей жәйттерді білдіреді:
- мемлекет немесе әкімшілік-аумақтық
бөлінісі азаматтық-құқықтық
жалпы негізде, өзге
қатысушылармен тең құқықта қатысады.
Бір айта кететін жәйт , азаматтық-құқықтық
қатынастардағы мемлекеттің жауапкершілік
ерекшелігі (дербес иммунитеті) заңда
көрсетілмеген (АК-тің 111-114 баптары);[20]
- заңды тұлғалардың құқылық
мәртебеі жеке тұлғалардың
мәртебесіне бір табан жақын
келеді. Мысалы, қазіргі кезде азаматтар
ғана емес, заңды тұлғалар да шарттан өздерінің
құқықтары мен міндеттерін белгілей алады,
сондай-ақ заңға қайшы келмейтіндей шарт
талаптарының кезкелгенін таңдауға ерікті;
заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік жүзеге
асыратын азаматтар еңбек шартын, оның
ішінде келісім шартты жасаусуға хақы
бар;
- егер заң құжаттарныда өзгеше
көзделмесе, шетелдік жеке және
заңды тұлғалар, сондай-ақ азаматтығы
жоқ адамдар азаматтық заңдарда ҚР-ның
азаматтары мен заңды тұлғылары үшін құқықтар
мен міндеттер көзделсе, нақ сондай құқықтарға
ие болуға хақылы, және сондай міндеттерді
орындауға міндетті (АК-тің 3 бабының 7-тармағы)
Қазақстан
Республикасы Конституциясының 6-бабында
меншік иелерінің құқын қорғауға
байланысты тендік принципі тұжырымдалған.
Мұның өзі оларға қатысты құқықтардың
бұзылуына қарсы қорғану құралын
субъектілер бірдей қолданады
дегенді білдіреді.
Меншікке және басқа
заттық құққықа қол сұқпаушылық принципі.
Меншікті құрметтеп, оған ешкім
қол сұқпайтын елде ғана азаматтар жайбарақат
өмір сүре алады. Сондықтан да әрбір қоғамда
меншік ерекше мәртебеге ие болып, оны
қасиетті әрі қол сұғылмайтын нәрсе деп
бағалайды. Адамның белгілі бір затты
иеленуі оны тұтынып, белгілі бір мақсатына,
яғни керегіне жаратуы үшін керек, ал оның
өз қалауын қанағатандыру адамға тән,
сондықтан бұл орайда ол қызмет ету құралын
бәрінен де жоғарғы қояды.
Мемлекет
пен құқық, оның ішінде азаматтық
құқық азаматқа мұндай жағдайды
қамтамасыз етеді.
Қашан да
меншік құқығы азаматтық құқықтың
орталық институты болып есептелген
және меншік иесінің құқығын
қорғауды барынша талап еткен.
Міне, сондықтан да азаматтық
құқық меншіктің қол сұқпаушылық
қағидасына негізделеді.
Меншікке
қол сұқпаушылық Азаматтық кодекстің
басқа нормаларында да өзіндік
көрініс тапқан, ал оны нақтылайтын
тұжырымдама Конституцияның 26-бабының
3-тармағында бекіткен. Яғни онда
былай: “Соттың шешімінсіз ешкімді
өз мүлкінен айыруға болмайды.
Заңмен көзделген ерекше жағдайларда
мемлекет мұқтажы үшін мүліктен
күштеп айыру оның құны тең
бағамен өтелген кезде жүргізілуі
мүмкін”. Конституциясның бұл қағидалары
Азаматтық кодексте реквизициялау,
күтімсіз ұсталған мәдени және
тарихи қазыналарды сатып алу
және т.б. қатынастарда қолданылады
(АК-тің 253,254,256-баптары).
Қазіргі кезде заңда меншік
құқығымен қатар меншік иесі
болып табылмайтын адамдардың
заттық құқықтары да қаралған,
оларға да қол сұқпаушылық
принципі қолданылады, айталық:
а) жерді пайдалану құқығы;
ә) шаруашылық жүргізу құқығы;
б) оралымды басқару құқығы;
в) өзге де заттық құқықтар
(АК-тің 194,195-баптары).
Кей жағдайда меншік құқығы
шектелуі болуы да мүмкін. Мысалы,
“Жер туралы” Занның 48-бабында
жер қатынастары субъектілерінің
өздеріне тиесілі құқықтарды
жүзеге асыруы табиғи объект
ретінде жерге, айналадағы табиғи
ортаға, сондай-ақ басқа адамдардың
құқықтары мен заңды мүдделеріне
зиян келтірлмеуі жөнінде айтылған.
Бірақ та заң арқылы белгілі
бір дәрежеде шектеу қойыла
тұрғанымен азаматтық заңдағы
меншік құқығының алар орны
ерекше, ал меншік иесі
нарықтың басты тұлғасы болып
табылады. Бұл бұрын-соңды болмаған меншік
құқығын қорғаудың жаңа тәсілдерінің
өмірге кеуімен байланысты болып отыр.
Мысалы, оған қозғалмайтын мүлікті мемлекеттік
арнайы тіркеуге енгізу жатады (Ак-тің
118-бабы), сондай-ақ қозғалатын мүліктің
мәселен, бағалы қағаздардың меншік құқығын
сенімді де жедел ұштастырудың жаңа тәсілдері
жасалды (АК-тің 129-140 баптары).
Шарт еркіндігі принципі. Заң шығарушы меншікті емін-еркін
пайдалану үшін заңды негіз жасайды, сол
арқылы азаматтық субъектілердің өздеріне
контрагентігі тандауына, шарт талаптарын
мүлдем дербес айқындауға әрі оны тағайындауға
мүмкіндік береді[21]. Бұл принцип нарықтың
дамуына және бәсекеге қажетті алғышарртарды
жасайды, міне, сондықтан да ол кәсіпкерлік
қызмет үшін ерекше маңызға ие. Сонымен
АК-тің 10-бабының 6-тармағында көрсетілгендей
әрбір тұтынушың тауарлар сатып алу, жұмыс
пен қызметті пайдалану үшін еркін шарт
жасасуға мүмкіндігі бар.
Шарт дегеніміз-шаруашылық
қызметтің негізгі құралы. Азаматтар мен
заңды тұлғалар шарт негізінде өздерінің
құқықытары мен міндеттерін өз еріктермен,
өз мүдделеріне сүйене отырып тағайындайды,
сонымен бірге заң құжаттарына қайшы келмейтінін
жағдайда олардың кез келген шарт жасасуына
мүмкіндігі бар.
Азаматтық кодекс шарт жасасуға
мәжбүр етуге тыйым салады, дейтұғанмен
бұл орайда оған кейбір жағдайда
жол берілетіндігін жоққа шығаруға
болмайды. Мысалы, заң құжаттарында
немесе өз еркімен қабылдаған
міндеттемеде шарт жасасу міндеті
көзделген жағдайларды қоспағанда,
шарт жасауға мәжбүр етуге
жол берілмейді (Ак-тің 380-бабы).
Бұл принцип
қолдануда мемлекеттің тағайындауымен
белгілі бір дәрежеде шектеу
қойылуы мүмкін, мысалы, оған валюталық
шектеуді жатқызуға болады. Айталық,
Қазақстан Республикасының Ұлттық
банкісінің валютаға деген резиденттердің
экспорттық операциялары төлемдерін
және экспорттық валюта түсімін
міндетті сату ретін шектеуді
тағайындауға құқығы бар.
Шарт еркіндігін шектеуді тек
мелекет қана емес, сонымен бірге азаматтық
айналым да жүзеге асырады. Мысалы,Азаматтық
кодекстің 11-бабына сәйкес заңды бәсекелестікті
шектеуге немесе жоюға, негізсіз артықшылықтар
алуға, тұтынушылардың құқықтары мен заңды
мүдделеріне қысым жасауға бағытталған
монополистік және қандай да болса да
басқа қызметке жол берілмейді.
Жеке істерге кімнің болса да
озбырлықпен араласуына жол беруге болмайтындығын
қарастырады. Азаматтық құқықтың бұл нормасы
Конституцияның 18-бабында бекіткен: «әркімнің
жеке өміріне қол сұғылмауына, өзінің
және отбасының құпиясы болуына, ар-намысы
мен абыройлы атының қорғалуына құқығы
бар» деген талапты алға тартады.
Жеке істерге кімнің болса озбырлықпен
аралсауына жол бермеу билік және басқару
органдарының, ата-аналардың, қызме орны
жетекшілерінің және басқа адамдардың
әрекет қабілеті бар азаматтар мен заңды
тұлғалардың мүлкіне қожалық етуіне
, пайдасын бөлісіп, кірісін пайдалануына
тыйым салады. Егер заңда көзделмесе әлдебіреудің
рұқсаты, келісім беруі, ақпарат ұсынуы
талап етілмейді. Жеке, отбасылық, коммерциялық
құпиялары бар мәліметтерді талап етуге
тыйым салынады.