Азаматтық құқық пәні мен әдісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Мая 2015 в 11:44, дипломная работа

Краткое описание

Азаматтық құқық – Қазақстан Республикасының құқық салаларының бірі болғандықтан күнделікті тыныс-тіршілікпен, сондай-ақ азаматтардың, заңды тұлғалар мен мемлекеттің өзімен, оның әкімшілік – аумақтық бөліністерімен тығыз байланысты.
Азаматтық құқықты зерттемес бұрын азаматтық құқық пәнін анықтап, басқаша айтқанда, мұның пәні не екенін белгілеп алуға тиістіміз. Ал азаматтық құқықтың пәнін анықтаудың өзі оңай шаруа емес. Өйткені, азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар ауқымы өте кең де сан қырлы.
Құқық жүйесі іштей құқық салаларына бөлінетіндігі белгілі. Әдетте құқықтың қандай салаға жататындығын анықтау үшін оның пәні мен құқықтық реттеу әдістемесі қолданылады. Дәл осы пән мен әдістеме арқылы азаматтық құқықты Қазақстан Республикасының басқа құқық салаларынан аражігін айыра отырып, сонымен бірге оның салалық ерекшеліктерін де айқындауға болады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Азамматық дайын.docx

— 113.97 Кб (Скачать документ)

     Зиян.  Зиян-заңмен  қорғалатын игілік  атаулының  кемуі. Егер зиян мүліктік сипат  алатын болса  оны  залал  деп  атайды.  Заладың  ақшалай  баламасы  шығын  делінеді.

     Азаматтық  кодекстің 9-бабында құқығы бұзылған адам, егер заң мен шартта аз мөлшердегі  шығын қаралмаса,  өзіне  келген  залалдың толық қалпына  келтіруді  талап  ете алатындығы бекітілген. Залалдың  орнын толтыру жөніндегі  норма императивті  тұрғыда келеді,  ол барлық азаматтық құқықтық  қатынастарға  жүреді  және  жақтардың  шартында  шығынды келтіру  қаралды  ма,  жоқ па,  оған  қарамай  әрекет  ете береді.

      Мемлекеттік  өкімет  билігі  органының,  өзге де  мемлекеттік  органының заңдарға  сай келмейтін құжат шығаруы, сондай-ақ осы органдардың  лауазымда  адамдарының әрекеті (әрекетсіздігі)  салдарынан азаматқа   немесе  заңды  тұлғаға келтірілген  залады  Қазақстан  Республикасы немесе  тиісінше  әкімшілік аумақтық  бөлініс өтеуге тиіс.

            Залалдар  мынандай екі  түрге  бөлінеді:

  1. құқығы  бұзылған тұлға жасаған немесе жасауға тиісті  шығындар,  оның мүлкінің жоғалуы немесе зақымдануы (нақты нұқсан);
  2. сол тұлғаның құқығы бұзалмаған болса,  дағдылы айналым жағдайнда  болатын, бірақ алынбай  қалған табыстары (айырлып қалған пайда)

   Мысалы,  тасымалдау  шарты  бойынша мүлік  бүлінсе немесе  зақымданса,  онда тасымалдаушы  тек қана нақты  нысан мөлшерінде  шығынын төлейді.  Ал  айырылып  қалған пайдаға,  мәселен,  азаматқа  жарақат немесе  денсаулығына  өзгеде  зақым келтірілген кезде  жәбірленуші  жоғалтқан немесе  анық  иелене алатын табыс,  сондай ақ  денсаулыққа зақым  келтруден  туындайтын  шығындар (емделуге, қосымша  тамақтануға т.б) жатады.

           Егер  құқықты  бұзған  тұлға  кейін  кіріс  түсіретін  болса, онда  құқығы бұзылған тұлға  өзге  де  айрылып  қалған  пайдасымен  қоса түсуге тиісті  кірістен  кем  емес  мөлшерде  орын алған  залалды қалпына  келтіруді  талап  ете  алады.

       Мүліктік  емес  зиянға  тұлғаның  дене  кемтарлығы  мен  психикалық  ауруына байланысты  моральдық адамгершілік зардап, іскерлік  беделге келетін залал,  біреудің  атын пайдаланып  оған  залал  және т.б  жатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

            

 

 

 

 

 

                                       

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

        Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, мынадай тұжырым жасауға болады: азаматтық құқық-құқықтың бір саласы, ол тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты немесе (байланысты жоқ) мүліктік емес жеке қатынастарын реттейтін нормалардың жиынтығы болып табылады.

         Бұдан бұрын айтылған құқықтық  реттеудің пәні мен әдістемесі  азаматтық құқықты онымен шектес  басқа салалардан бөліп қарауға  мүмкіндік береді.

         Қазақстан Республикасының саяси  құқықтық ағымның азаматтық құқықты  нарықты экономикаға бейімдеуге  бағытталғаны белгілі. Бұл орайда  азаматтық құқықтың қандай болуы  керектігіне жауап беру қандай  талаптар дәрежесінен көрінуі  керектігі күн тәртібінде түр. Атап айтқанда, құқықтың қандай  иделынан түпнұсқа ретінде алу  керектігі шешімін күтер мәселе. Мысалы, оған лайық экономика  мүдесі ме, табиғи құқық па, “жөні  түзу” құқық, әлде ұлттық идеал  немесе индивидуализм бе? Бұл  сұрақтарға жауап әзір табыла  қоған жоқ, қазір бұл орайдағы  ізденіс жалғасуда.

       Еліміздің  қазіргі азаматтық құқығы әлеуметтік  әділеттілік, азаматтық құқықты  әлемдік деңгейге көтеру және  нарықты қатынастарды дұрысреттеу  тәрізді ағымдармен сипатталады  деп ойлаймыз.

      Әлеуметтік  әділеттілік орта буындағы тапты  қорғауды талап етеді. Алдыңғы  қатарлы азаматтық заңдар (мәселен, неміс немесе швецария заңдары) экономикалық жағынан әлсіздерді  қорғауға бағытталған. Әлсіздерді  қорғау арқылы ауқаттылар мен  кедейлер арасындағы күресті  жұмсартуды мақсат етеді. Демек, экономикалық-әлеуметтік деңгейі  орташа адам мен экономикалық  жағдайы күштінің, сол орташа  адам мен экономикалық жағынан  әлсіз адамның арасындағы мүдделердің  тоғысу нормаларын жасап шығарады. Әлеуметтік әділеттелік азаматтық  құқықтың социалістік жүйесінде  де өзіндік орын алды. Біздің  қазіргі азаматтық құқығымыз  күннен күнге тұлғаның дербестігіннің  өсуін қамтамасыз етуде, ал осы  өсудің нәтижесінде жеке тұлғаның  жалпы мүддеден шектелуі қатар  жүріп келеді. Айталы, қазіргі азаматтық  құқықтың негізі-еркін бәсекестілік, соның арқасында жеке адамды  заң тұрғысынан қорғау шаралары  күшейді: мәселен, моральдық залалды  қалпына келтіру, шетелдіктердің  құқықтарын қорғау, есімді қорғау  құқығы және т.б. Ал екінші жағынан  алып қарағанда, “ іскерлік

парасатлық принциптері пайда болуда, яғни өзгенің мүддесімен санасудың үлкен қажеттілігі туындауда. Сонымен қатар экология үшін жауапкершілік, сатып алушының құқығын қорғау мүдделілігі және т.б күшеюде.

        Қазіргі  азаматтық құқық адам құқығын  қорғауға ерекше мән береді, мұның  өзін көптеген мемлекеттермен  өзара және тұрақты байланыс  орнатудың жемісі десе де болады. Азаматты құқықтың шетелдік тәжірбиеге  бой ұруынан келіп, өзінің ұлттық  сипатынан бірте-бірте айырыла  бастағаны да байқалады (мысалы, вексельдік немесе міндеттемелік құқық). Бірақ ондай ағымға үрке қарауға да болмайды, өйткені, әрбір ел азаматтық құқығының өзіне тән ерекшеліктерін сақтап қалуға тиіс.

       Өз ерекшелігі  бар нарықты қатынас азаматтық  құқыққа әсерін тигізбей қоймайды. Сондықтан да қазіргі азаматтық  құқық міндеттеменің икемділігімен, қозғалмайтын мүлікке ие болуымен  ерекшеленеді (мәселен, жерег жеке  меншік қатынастан енгізу). Демек, қозғалмайтын мүліктің де қозғалатын  мүлік тәрізді азаматтық айналымға  соның тәртібімен түсуге ұмытылатыны  байқалады, сөйтіп, азаматтық құқық  нарық сипатын біртіндеп еншілей  береді.

        Азаматтық  құқық және азаматтық заңдар  ұғымына, жүйесіне және олардың  қолдануылына қатысты барлық  мәселелер көлемін зерттейтін  құқықтық ғылым сласын азаматтық  құқық ғылымы деп атайды.

       Азаматтық  құқық ғылымының міндеті-азаматтық-құқықтық  нормалар жүйесінің және оның  жекелеген буындардың пайда болуы  мен мазмұнның ерекшеліктерінен  анықтайтын жағдайларды зерттеу, Егер азаматтық-құқықтың пәні  қоғамдық қатынастардың белгілі  бір саласы болса, азаматтық құқық  ғылымының пәні құқықтық нормалардың  жиынтығы-нақ азаматтық-құқықтың  өзі болып табылады (азаматтық-құқықтың  анықтамасы ІІ бөлімде берілген). Әлбетте, бұл пән азаматтық-құқықтық  нормалар реттейтін қоғамдық  қатынастарды да, бұл нормалардың  заңдарда бейнеленуін де, олардың  әр түрлі мемлекеттердегі ерекшеліктерін  де, оларға сын тарапынан берілген  бағаны да және жетілдіру мүмкіндіктерін  де қамтиды[29.33].

       Азаматтық  құқық ғылымы бұрын қолданылып  келген құқықтық жүйелерді, олардың  жетістіктері мен кемшіліктерін, даму бағыты мен оған ықпал  ететін факторлардың бағалай  келе, азаматтық-құқықтың даму тарихына  айтарлықтай көңіл бөледі. Азаматтық-құқықтың  даму тарихын зерттеуде ғылымның  өзінің, оның жасаушылары мен  зерттеушілердің тарихы, ғылыми  тұжырымдамалар мен көзқарастардың  тарихы едәуір орын алады. Біздің  замандасамыз, қазір АҚШ-та тұратын, Ленинград мемлекеттік университетінде  көп жыл жұмыс істеген, Қазақстанның  азаматтық-құқықтық ғылымның дамуына  тікелей белсене қатысқан профессор  О.С.Иоффе азаматтық-құқықтық ғылымның  осы саласына зор үлес қосты[30.131].

        Біздің  ойымызша Қазақстанның қазіргі  азаматтық құқығына қатысты ағымдардың  сипаты міне, осындай.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Азаматтық құқық пәні мен әдісі