Ет- сүт өнімдерін сақтау, тасымалдау және сатылатын жерлердегі ВСБ

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Июня 2014 в 10:48, курсовая работа

Краткое описание

Қалалар ,аудан орталығы мен жұмысшылар кентінде базарға түскен тағам өнімдерінің қандай да түрлері болмасын, халыққа сатар алдында олардың санитариялық жағдайын, залалсыздығын және тауарлық сапасын анықтау үшін міндетті түрде ветеринариялық- санитариялық сараптаудан өткізеді. Яғни ет-сүт өнімдерін ветеринариялық- санитариялық сараптаудан өткізу үшін ветеринариялық- санитариялық сараптау зертханасы базарда орналастырылады.
Ветеринарлық-санитарлық сараптау лабораторияларының негізгі жұмысы - ет және ет өнімдерін, сүт және сүттен жасалатын тағамдарды, басқа да базарлар арқылы таралатын азық-түліктерді тексеру, азық-түлік малдар арқылы тарайтын жұқпалы аурулардың адамдарға жұқпауын қамтамасыз ету.

Содержание

І. Кіріспе...............................................................................................................3
ІІ. Әдебиетке шолу
2.1. Ет- сүт өнімдерінің сақтау жерлерінің сипаттамасы................................4
2.2. Ет- сүт өнімдерін тасымалдау ережелері...................................................5
2.3. Ет- сүт өнімдерін сату орындарындағы ветеринарлық- санитариялық талаптар........................................................................................................7
ІІІ. Өзіндік зерттеу
3.1. «Евразия» базарының сипаттамасы............................................................9
3.2. Мекемедегі сақтау және сату орындарында ет- сүт өнімдерін қадағалау жұмыстары..................................................................................................10
3.3. Ет- сүт өнімдеріне жүргізілетін ветеринарлық- санитариялық
сараптау........................................................................................................12
ІV. Қорытынды...................................................................................................33
V. Әдебиеттер тізімі...........................................................................................34

Прикрепленные файлы: 1 файл

ет сут онимдерин всс.doc

— 9.21 Мб (Скачать документ)

Бұл ауруды анықтау үшін әр түрлі тәсілдер қолданылады. Мал сойылғаннан кейін ауруды анықтау үшін зертханалық тексеруге сүйек( жілік майы), бауыр, бүйрек, көк бауыр, желін, без, жатыр кесінділері жіберіледі. Осы алынған сынамалардан екі жұғынды дайындалады. Төсеніш шыныдағы жұғынды спирт шамының жалынымен апталғаннан кейін Грамм әдісімен және Стамп (Циль-Нильсон әдісінің өзгерген түрі), Козловский және Шуляк-Шин әдістерінің бірімен боялады. Микроскоппен тексергенде ауру қоздырушысы қызыл түске боялады.

Жұғындыны Стамп әдісімен бояу. Жалында апталған жұғынды 10 минут бойына Цилдің карболды фуксинінің 1:10 есебіндегі судағы ерітіндісімен боялып, сумен жуылады. Сонан соң жұғындыға 30 секундқа сірке қышқылының 0,5% ертіндісі тамызылады. Жұғындыны сумен тазалап жуып, қосымша метилен көгінің 1%  ерітіндісімен 20-30 секунд бояйды. Бояуды төгіп, тағы да сумен жуылған соң жұғынды бруцелдер – қызыл, ал басқа микробтар және фон көк түске боялады.

Жұғындыны Козловский әдәсімен бояу. Спирт шамының жалынында апталған жұғындыға сафариннің 2% ерітіндісі құйылып, онда көпіршіктер пайда болғанша қыздырылады да, сумен жуылады. Сонан соң қосымша малахит жасылының 0,75% ертіндісімен 0,5-1 минут шамасында боялады. Бояуды төгіп, сумен жуғаннан соң сүзгі қағазының көмегімен құрғатылады. Бруцелдер алқызыл, ал басқа микробтар жасыл түске боялады. Малахит жасылының орнына 1% метилен көгін немесе бриллиант жасылын пайдалануға болады.

Жұғындыны Шуляк-Шин әдісімен бояу. От жалынында қыздырылған жұғынды Циклдің карболды фуксинінің 1:5 есебінде судағы ертіндісімен 2 минут боялады. Сонан соң сумен жуылып, қосымша 2% метилен көгімен 5 минут шамасында боялады. Бояуды төгіп, сумен жуғаннан соң сүзгі қағазбен құрғатылады. Микроскоппен қараған кезде бруцелдер ашық қызыл түске, ал басқа микробтар көкшіл түске боялады.

Ауру қоздырушысын өсіру үшін ет-пептон бауыр –глюкоза-глицирин агарын, картоп агарын, эритрит агарын, т.б. қоректік орталарды пайдаланады.

Бауырдан, көк бауырдан қоздырушыларын бөлу үшін одан 2*1,5-2,5 см шамасындағы бөлшегін кесіп алып, спиртке малып, жалынмен аптайды. Содан кейін оны зарарсыздандырылған құмы бар фарфор келішеге жақсылап мыжғылайды. Мылжаның үстіне сонша зарарсыздандырылған физиологиялық ертінді құйылып, тағы да араластырылады. Алынған қоспаның 0,1-0,2 мл Пастер түтікшесінің көмегімен, алдын ала аздап кептірілген қатты қоректік ортаға себіледі. Әр ағзадан 1 пробиркадағы сорпаға және 2 пробиркадағы қатты қоректік ортаға себуге болады. Ол үшін ағзаның беті қыздырылған қалақшаның көмегімен күйдіріледі де, сол жердің ортаңғы қабатынан Пастер түтікшесінің көмегімен ұлпа алынып қоректік ортаға себіледі. Сонымен қатар сойылған малды ауру қоздырушысына тексергенде жүректен немесе тамырдан алынған қаннан серологиялық реакция жүргізіп тексеруге болады.

Ветеринариялық-санитариялық бағасы мен сақтық пен күресу шаралары. Бруцеллездің клиникалық белгілері мен паталогоанатомиялық өзгерістері бар жануарларының ұшаларын қайнатып залалсыздандырады. Бруцеллезді процеске тән клиникалық белгілер мен паталогоанатомиялық белгілері жоқ, бірақ бруцеллезге оң реакция берген ет пен сойыс өнімдерінің санитарлық бағасын ауруға қарсы нұсқауға сәйкес жүргізеді. Бруцеллездің клиникалық және патологиялық белгілер бар жануарлардың сүйегін азықтық майларды шыжғыруға немесе құрғақ жануарлар азығын өндіруге жібереді. Бруцеллезге оң реакция берген жануарлардың ішектерін, өңешті және қуықты 0,5% тұз қышқылы бар 1% тұзды ерітіндіде 48 сағат 15-20 С және 1:2 коэффициент сұйықтықта ұстайды. Бруцеллездің клиникалық белгілері бар сойыс жануарларының бұл өнімдерін утильдейді. Клиникалық ауру және зерттеу кезінде оң реакция берген жануарлардың қанын азықтық ұн немесе техникалық өнім дайындауға қолдануға рұқсат беріледі. Бруцеллезбен клиникалық ауру және бруцеллезге бейім сойыс жануарлардың терісін, мүйізі мен тұяқтарын дезинфекциядан кейін жібереді.

Туберкулез  -  сүтқоректі жануарлардың 55 түрінде және құстардың 25 түрінде тіркелген, үй және жабайы жануарлардың, оның ішінде құстардың созылмалы жұқпалы ауруы. Туберкулезбен адамда ауырады. Ауру әртүрлі мүшелер мен тканьдерде спецификалық түйіншіктердің (туберкулдер) құралуымен сипатталады.

Қоздырушысы микобактерийлардың тұқымдасына жататын микроорганизм болып табылады. Адам мен жануарлар патологиясында микобактерийлардың негізгі үш түрі кең таралған: Mycobacterium tuberculosis, M. bovis, M. ovium. Морфологиялық және қоректік қасиеттері бойынша бір-біріне жақын.

Туберкулез қоздырушысының қабығының өзгешелінебайланысты оны Грамм әдісінің өзгертілген (Грамм-Муха) түрімен жүргізіледі. Ол үшін жұғындыға карболды метилвиолет бояуы құйылып, буланғанша қыздырылады. Сонан соң бояуды төгіп, үстіне 1-2 минутқа Люголь ерітіндісі құйылады. Жұғындыны түссіздендіу үшін 1мин 5% азот қышқылы еітіндісіне 10сек 3% тұз қышқылы ертіндісі және ацетон мен спирттің тең қосындысы пайдаланылады. Ақырында жұғынды сафранин немесе фуксин ерітіндісімен боялады. Микроскоппен тексергенде қызғылт фонда көкке боялған туберкулез қоздырушысын көруге болады.

Сонымен қатар зертханаға түскен үлгілерден жұғынды дайындалып, оны циль-Нильсон әдісімен бояу жүргізіледі. Флотация әдәсә бойынша туберкулез қоздырушысының көмірсутектеріне тұтылып, оның бетіне қалқып шығуына негізделген. Бұл әдісті сүтті, кейде жалқаяқты ағзалар мен ұлпалардан дайындалған былашықтардан тексергенде қолданылады. 10-15мл тексерілетін материал Эрленмейор колбасына немесе сыйымдылығы 250мл болатын шыны ыдысқа салынады да, үстіне сол мөлшерде 0,5% күйдіргіш натр ерітіндісі құйылады. Егер тексерілетін зат қою болса (іріңді қақырық, құмалақ), сілтіні екі есе көп құюға болады. Колбадағы затты араластыру үшін оны бірнеше рет сілкіген соң 50мл дистилденген су құяды. Сонан соң 10-15мин сілкіп, колбаны толтыра су құйып, 1-2сағ бөлме температурасында ұстайды. Туберкулез қоздырушысы көмірсутектеріне жабысып, онымен бірге су бетіне жиналады. Оны түтікшемен алып, жұғынды дайындалады.

Әрине туберкулезге дәл балау қою үшін тек қана ұлпадан жасалған жұғындыны тексеру жеткіліксіз, сондықтан микробты бөліп алу үшін бактериологиялық әдістің маңызы зор. Туберкулез қоздырушысы қарапайым қоректік ортада өсе береді. Оны бөлу үшін глицеринді агар, қан сарысуы, сәбіз бен картоп сорпасында өсіруге болады. Бірақ бір есте сақтайтын жайт, туберкулез қоздырушысы басқа індет қоздырушыларымен салыстырғанда тым жәй өседі. Сондықтан тексерілетін заттан қоздырушыны бөлу үшін жұмыртқа қосылған қоректік орталар пайдаланылады.

Ветеринарлық-санитарлық бағасы және сақтық пен күресу шаралары. Толықтай ұша мен басқа да сойыс өнімдері екі жағдайда утилизацияға жіберіледі: бірінші – ұшалар өте арық болғанда, мүшелер мен лимфа түйіндерінің туберкулезбен зақымдануының кез-келген формасында, екіншісі – генералданған туберкулезді процесс (кеуделік және құрсақтық мүшелер мен аймақтық лимфа түйіндері қатар зақымданғанда) кезінде қоңдылығына байланысты.

Зақымдану лимфа түйіндерінде, ішкі мүшелердің біреуінде немесе басқа ұлпаларда болғанда орташа қоңдылықты ұшаларды (шошқа ұшасы мен зақымданбаған мүшелерден басқасы) шартты жарамыд деп танып қайнату әдісімен  залалсыздандырылады немесе жоғары температуралы режиммен өңдеп консерві (қалбыр) дайындайды. Іш майларды шыжғырады. Туберкулезбен зақымданбаған ішекті кәсіпорында тек пісірілген шұжық дайындағанда қабық ретінде пайдаланады, ал ондай мүмкіндік болмағанда құрғақ азық өндіруге жібереді. Туберкулезбен зақымданған мүшелер мен ұлпаларды зақымдану дәрежесіне қарамастан утилизацияға жолдайды.

Егер шошқа ұшаларында әктенген ошақтар түріндегі туберкулезді зақымдану тек шықшыт асты лимфа түйіндерінде табылса, онда соңғыларын жойып, ал басын тілімен бірге қайнатып залалсыздандырады. Ұшаны, ішкі мүшелері мен ішекті өндірістік өңдеуге жолдайды. Тек шажырқай лифа түйіндерінің аналогтық зақымдануында ішекті утилизацияға, ал ұша мен басқа ішкі мүшелерін өндірістік өңдеуге жолдайды.

Егер шықшық асты, шажырқай лимфа түйіндерінде казеозды әктенбеген ошақтар немесе туберкулезді зақымданулар түрінде бір уақытта анықталса соңғыларын жояды, ішектерді утилизацияға жібереді, ал ұшалар мен қалған ішкі мүшелерді ет ұнын, консерві немесе қайнатуға жібереді. Туберкулезбен сүйектер зақымданғанда барлық сүйектерді техникалық утильдеуге жібереді, ал етті қайнатып залалсыздандырады немесе жоғары температуралы режиммен өңдеп қалбыр дайындайды.

Туберкулинге оң реакция беретін жән лимфа түйіндерінде, ұлпалар мен мүшелерде туберкулезді сипаттағы паталогоанатомиялық өзгерістері жоқ жануарларды сойғанда ұшаларды шектеусіз, ал терілерді – дезинфекциясыз жібереді.

5.Етті маңқа мен аусылға тексеру

Маңқа дара тұяқтылардың (жылқы, есек, қашыр), сонымен қатар жұп тұяқтылардың (түйе, бұғы) ауруы. Көбіне созылмалы өтеді, өкпе мен басқа паренхиматозды мүшелердің кілегей қабықтарында ойық жаралар мен түйіншіктер құралумен сипатталады.

Қоздырушысы – Pseudomonas mallei маңқа таяқшасы. Теріс грамды, қозғалатын, шеттері дөңгелектенген. Ет-пептонды агарда өспейді, 5% глицирин қосылған картопта 37 С балдың тамшысына ұқсас сары қызғылт ұсақ колониялар түзейді. 80 С-та қыздырғанда бактериялар 5 мин кейін, 100 С-та тез арада өледі. Қоздырушы дезинфекциялық заттарға төзімсіз.

Сойысқа әкелінген жылқылар клиникалық және бір рет офтальмомаллеинизация әдісімен, ет комбинатына жіберуге дейін шаруашылықта жүргізгендігіне байланыссыз, маңқаға тексереді. Маллеинге оң немесе күмәнді реакция берген жануарды белгіленген тәртіппен жояды. Процестің білінуі мен жинақталған жеріне байланысты өкпелік, мұрындық және терілік маңқа формаларын ажыратады. Аурудың бастапқы кезеңінде патологоанатомиялық өзгерістерді өкпеде кейін мұрын мен  терінің кілегей қабықтарында байқауға болады.

Ветеринарлық-санитариялық бағасы мен сақтық шаралары. Маңқа анықталғанда барлық ұшалар ішкі мүшелерімен және терісімен жойылады. Ішкі мүшелерін утильдейді. Егер дара тұяқты жануарлардың сойыс өнімдерінің ветеринарлық куәлігінде теріс нәтижемен екі рет маллеинизация жасалғандығы (біріншісі шаруашылықта союға жәіберуге дейін 3 күн бұрын, ал екіншісі – ет өңдеу кәсіпорындарда) көрсетілмесе ондай сойыс өнімдерін утильдейді. Сойыс алаңдары мен барлық жабдықтарды 3% хлоры бар әктің тұндырылған ерітіндісімен, күйдіргіш натрдың 4% ерітіндісімен дезинфекция жасайды. Көң, төсеніш пен жемшөп қалдықтарын өртейді. Медициналық қызметтің нұсқауы бойынша қызметкерлер санитарлық өңдеуден өтеді.

Аусыл -  қызумен, ауыз қуысының кілегейлі қабықтарында, желіннің  терісінде және тұяқтарындағы қуыста афтоздық зақымданудың дамуымен сипатталатын айыр тұяқты малдардың жіті өтетін аса контагиозды жұқпалы ауруы.

Аусылға адам да бейімді, әсіресе балалар. Ауру малдардың залалсыздандырылмаған сүтін ішкенде және ауру малдармен контактіде болғанда жұқтырады.

Қоздырушысы – риновирус тобына жататын вирус. Заттардың бетінде вирус 150, құрғақ көңде – 168, қоймалжың көңде – 40, ағын суларда – 103 тәулікке дейін сақталады. Қышқыл орта вирус үшін өте қауіпті. Ет піскенде сол себептен (рН 5,9-6,2) вирус 43 сағатта өледі. Бірақ бұндай лимфа түйіндерінде, жұлында, реакция ортасы төмендеп, вирус 8 ай сақталады, сондықтан піскен ұшада аусыл қоздырушысы жоқ деп саналмайды.

Ветеринарлық-санитарлық бағасы. Сақтық пен күресу шаралары. Ауру мен аусылға күмәнді және олармен бір партияда болған сойыс жануарларынан алынған ұшалар мен басқа да өнімдерді санитарлық қасапханада сойыстан кейін піскен немесе пісіріліп ысталған шұжық, пісірілген кулинарлық тағамдарға немесе қалбырлар дайындауға өңдеу үшін жібереді. Егер етті көрсетілген өнімдерге өңдеуге мүмкіндік болмаса, онда оларды алдын ала қайнату әдісімен шартты жарамды ретінде зарарсыздандырады. Ет пен басқа да өнімдерді шикі түрінде жіберуге тиым салынады.

Көптеген бұлшық еттерде, сонымен қатар аяқтардың, желін мен басқа өнімдердің гангренозды немесе іріңді қабынуымен сипатталатын аусылдың ауыр формасында ұшалар мен мүшелерді утильдеуге жібереді.

Егер бұлшық еттегі некрозды ошақтар шектеулі болса, онда бұлшық еттің зақымданған бөліктерін утильдеп, ал мүшелер мен қалған етті пайдалану реті туралы сұрақ микробиологиялық зерттеу нәтижелерінен кейін шешіледі.

Шошқалардың асқазаны мен ірі қара ұлтабарының кілегейлі қабықтарын сол кәсіпорында пепсин алу үшін қолдануға рұқсат етіледі.

Егер ет комбинатында 65 С төмен емес температурада альбумин шығуын қамтамасыз ететін кептіргіш шкафпен жабдықталған болса қанды құрғақ альбумин өндіруге қолданады. Егер ондай жабдықтар болмаса, қанды қайнату әдісімен зарарсыздандырады.

Аусылмен ауыратын және ауырып айыққан, сонымен қатар вакцинамен егілген жануарларды 21 күн өткенше эндокринді шикізатын (гипофиз, бүйрек үсті, қарынасты, қалқанша безі), жұлынды және жануарлардың өтін жинауға ттыйым салынады. Бұл кәсіпорында аусылмен зарарланғанына күдікті жануарлардың эндокринді шикізатымен емдік эндокринді препараттар (инсулин, камполон, холестерин, адреналин, адренокортикотропты гормон) дайындауға қолданады.

Жануар азығына арналған барлық сойыс қалдықтарын (сонымен қатар қан, фибрин т.б.) температураны 80 С жеткізіп 2 сағат ішінде қайнатып зарарсыздандырғаннан кейін жібереді.

Ауру, ауруға күдікті және зарарлануға күдікті жануарлардың сойысынан алынған терілерді дезинфекциялайды. Аусыл анықталғанға дейін алынған терілерді, сонымен қатар сау малдардың терілерін еткомбинатынан арнайы вагондарда немесе автокөліктерде дезинфекцияланбаса тасымалдау базарларынан өтіп былғары заводтарына түсіруге тыйым салынады.

6.Етті инвазиялық ауруларға тексеру

Трихинеллез ет қоректі хайуандар мен адамның ішегінде не еттерінде тіршілк ететін жұмыр құрт. T. Spiralis тудыратын жіті немесе созылмалы түрінде кездесетін ауру. Бұл аурумен үй малдарынан шошқа ауырғанмен, табиғи жағдайда ауру аю, қабан, борсық, түлкі, қасқыр, күзен, құндыз, егеуқұйрық, тышқан т.б. жабайы хайуандарда кездеседі.

Информация о работе Ет- сүт өнімдерін сақтау, тасымалдау және сатылатын жерлердегі ВСБ