Лабораторная работа по "Ветеринарии"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Декабря 2012 в 22:14, лабораторная работа

Краткое описание

Зертханалық жұмыс №1 Ауа температурасын анықтау.
Зертханалық жұмыс №2 Ауаның қозғалыс жылдамдығын анықтау.
Зертханалық жұмыс №3 Ауаның ылғалдылығын анықтау
Зертханалық жұмыс №4 Ауаның микробпен ластануын анықтау
Зертханалық жұмыс №5. Топырақтың химиялық құрамын анықтау

Прикрепленные файлы: 1 файл

вет зерт.ж.docx

— 95.24 Кб (Скачать документ)

 

 

Хлоридті анықтау

Суда  – хлоридтер көбіне хлорлы натрий, хлорлы калий, хлорлы кальций, хлорлы магний тұздары кездеседі. Су – зәрмен, садырамен, қимен ластанған жағдайда  немесе су сазды батпақты  жермен ағып өткенде хлорид мөдшері көбейе түседі. Сол себептен де хлоридтің  шығу тегіне  байланысты (органикалық  және минералдық) олардың санитариялық маңызы да әр түрлі  болады. Хлоридтің  суда болуының мүмкіндігі сапалық реакциямен анықталады.

Анықтау жолы: хлордың хлорлы қоспамен және азотты қышқылды күміспен арадағы реакцияға негізделген. Осының нәтижесінде күміс пайда болады - ақшыл лайлы немесе тұнба түріндегі, тіпті мүлдем ерімейтін қоспа.

Хлоридті  анықтау  тамшысын және үш тамшы  азотты қышқылды күмісті қосады. Ақ  бұлыңғыр судың пайда болуы суда хлоридтің барын білдіреді.

Керекті құралдар мен жабдықтар: азот қышқылы, азотты қышқыл күмістің 10 % ерітіндісі.

Сульфатты анықтау

Суда  сульфаттар немесе күкірт қышқылының тұздары ыдыраған белокты заттардың  тотығуының салдарынан пайда болады. Алайда сульфат былғанбаған суда гипс түрінде көптеп кездесуі де мүмкін.

Құрамында сульфаты көп су малдың ас қорыту жолдарының бұзылуына әсерін тигізеді. Бұл әсіресе  жас малдарда байқалады. Тегі органикалық  сульфаттың болу мүмкіндігі 80 мг/л. ал тегі минералды болғанда 500 мг/л дейін. Сульфатты анықтау Озеровтың  әдісімен жүргізіледі.

Анықтау жолы: түссіз шыныдам жасалған, негізі тегіс стаканға (диаметрі 28 мм) 10 зерттелетін суды құяды, тұз қышқылының 25% ертіндісінің 2 тамшысын және хлорлы барийдың 10% ертіндісінін 5 тамшысын қосады. Стаканға қоспаны шыны таяқшалармен 30 сек бойына араластырып, Озеровты шрифінің ең ұсақ әріптеріне қояды. Сұйықтық арқылы көрінетін әріптерге қарай оның қаншалықты мөлшерде екенін анықтайды.

Мысалы: егер суда сынама арқылы №1 шрифтің  әріптерін ажырата алатын болсақ, онда суда 50 мг/л дейін сульфат  бар болып есептеледі.

Анықтау   жолы   мынаған   негізделген   суды   өңдегеннен   кейін   ондағы   сульфат қоспалары  хлорлы бариймен ерімейтін ұсақ түйіршікті тұнбалар құрайды. Керекті құралдар мен жабдықтар: тұз қышқылының 25% ерітіңдісі, хлорлы барийдің 10 % ерітіндісі, Озеров кестесі, түссіз шыныдан жасалған, негізі тегіс стакан (диаметрі 28 мм).

 

Судағы  сульфаттың сандық мөлшерін анықтаудың қысқартылған тәсілі (А.В.Озеров бойынша)

Шрифтің

 Ш р и ф т

Осы шрифтке сай мг/л мөлшері

5

Сульфаттар

150

4

Сульфаттар

125

3

Сульфаттар

100

2

Сульфаттар

75

1

Сульфаттар

50-ге дейін


 

Судағы темірді анықтау

Темір - суда жүзетін жануарлар мен өсімдіктер тіршілігіне қажетті маңызды  биогенді элементтердің бірі болып  саналады.

Темірдің  белгілі мөлшері су қоймаларының биологиялық өнімділігінің төмендеуіне  ықпал етеді. Темірдің шала тотығы шамадан  көп болса судағы еріген оттегінің  азаюына ықпал

Судағы  темір 1,5 мг/л асып түссе балықтардың  тынысы тарылып, біртіндер өліп қалады, ал суда /Ғе 1,0 мг/л мөлшерінде бола қалса  таза суда өсетін балықтар /форель және т.б./ өліп қалады.

Суда Ғе айтарлықтай көбейе, онда оның құрамында темірі бар ағын сулармен былғаңдығын көрсетеді. Балық өсірілетін суда Ғе 1,0 мг/л аспауы тиіс.

I мг/л суда I мг Ғе-нің болуынан су бүлінеді, лайланып, қара күрең тұнба пайда болады, темір тектес бактериялар дамиды. сүт заводында мұндай суды пайдаланғанда сары майдың құрамы ыдырап оның сақталу мерзімі төмендейді. Ішуге жарамды суда Ғе 0,3 мг/л-ден аспауы тиіс. Анықтау жолы қызылдау түсті беретін шала тотық тұзын радонды аммонидің Ғе тотығына айналдыруға негізделген.

Анықтау жолы: пробиркаға 10 мл зерттелетін су құйып, оған 2 тамшы концентратты тұз қышқылын немесе азот қышқылын 2 тамшы 3 % сутегі асқын тотығын немесе  аммоний   персульфатын   пышақтың  ұшымен   және  4   тамшы     50 %     радонды аммонидің немесе калийдің ертіндісін қосады.

Керекті   құралдар   мен   жабдықтар:   1.1   мл  темірлі – аммиакты ашудастың стандартты ерітіндісі 0.1 мл;

2.   радонды аммонийдің 50 % ерітіндісі.

3.    Бертолет  тұзы  немесе    кристал аммоний.

4.Үлес    салмағы  1,19 концентратты тұз    қышқылы.

Судағы темірді анықтау

Пробирканың жанынан қарағандағы  боялуы

Пробирканың жоғарыдан

төмен қарағандағы боялуы

 

Темірдің зерттелетін  суда болуы мг/л

Боялмаған

Боялмаған

0,05-тен аз

Әрең білінетін сарылау-қызғылт

Өтс әлсіз сарылау -қызғалт

0,1

Өте әлсіз сарылау қызғылт

әлсіз сарылау кызғылт

0,3

әлсіз сарылау қызғылт

Ашық сарылау қызғылт

0,5

Ашық сарылау қызғылт

сарылау қызғылт

1

Күшті сарылау қызғылт

сарылау қызыл"

2

Ашық сарылау қызыл

Ашық қызыл

5


 

Темір мөлшерін мг/л колориметр кестесін қолдана  отырып оның бояуына қарай анықтайды.

Бақылау сұрақтары:

 1.Судың химиялық құрамының көрсеткіштері.

  2. Судың  рН-ы және оны анықтау.

  3. Судың    аммиакпен,       нитритпен,       нитратпен       ластану     көздері     және  санитариялық-гигиеналық маңызы.

  4. Аммиакты,         нитритті,         нитратты         анықтау         тәсілдері    және     олардың қоспасының  сапалы суда болу мөлшерінің  мүмкіндігі.

  5. Хлоридтің         сульфат         пен         темір         тұзының         судағы      гигиеналық  маңызы қандай?

  6  Судағы         хлоридті,         сульфатты         және        темірді        анықтау      тәсілдері.

  7. Судары  хлоридтің, сульфаттың және темірдің  болуына   себепші  не?

  8. Ішетін  су құрамындағы хлоридты, сульфаттың  және темірдің болу нормасы.

 

 

 

Зертханалық жұмыс №8 Суды бактериологиялық зерттеу

Сабақтың мақсаты:

 1.Судың жалпы ластануының деңгейін зерттеп оны жетік меңгеру.

2.Судың  ішек таяқшасымен ластануын анықтайтын  тәсілдерді меңгеру. 

 

Керекті құрал жабдықтар:

Себінді жасайтын  бокс,термостат,су моншасы, қоректік орта, Е.Соli –дің мұражайлық штамдары.

 

Сабақ мазмұны және оны орындау  реті:1.Микробтың жалпы санын анықтау- сұйылтылмаған 1 мл зерттелетін суды Петри аяқшасына құйып , оның үстіне  8-10 мл ерітілген ет-пептонды  агарды құяды. Петри аяқшасына құйылмас бұрын агар ең алдымен пробиркада ерітіп , кейін (45С) су моншасында суытылады.Зерттелетін суды және қоректік  ортаны Петри аяқшасына  ары-бері қозғау арқылы араластырып,24 сағатқа (37С) термостатқа қойып ,кейін одан өсіп шыққан микроорганизмдер колониясын  санайды.Егер өсіп шыққан колониялар  саны 100-ге дейін болса  оны жай көзбен  санайтын болса,ал колониялар  саны одан көп болса ,оларды санау үшін камералар (Вольфюгель камерасы) немесе үлкейткіш шыны (лупа) қолданылады.

2.Ішек  таяқшасын анықтау –(E.Coli) судың  құрамында  ішек таяқшасының   болуы,тек судың нәжіспен ластанғанын  ғана емес,сонымен қатар адам  мен мал ішегінде тіршілік  ететін басқада қоздырғыштардың   бар екенін көрсетеді.Судың ішек  таяқшасымен ластануын 2 түрлі  көрсеткішпен сипаттауға (көрсетуге)  болады.

А)Коли-титр -1ішек таяқшасына тиесілі,зерттелетін  судың ең аз мөлшері. Су құбырларындағы су үшін коли –титр 333 мл болуы тиіс болса ,ал құдықтағы су үшін 100 мл-ге дейін жарай береді.Зерттелетін  судың коли титрі аз болған сайын ,соғұрлым бұл судың ішек таяқшасымен  ластануының жоғары екенін көрсетеді.

Б)Коли-индекс-1лсудағы  ішек таяқшалар саны.Құдықтағы су үшін оның саны 10-ға дейін бола беред.Судағы ішек таяқшасын анықтаудың көптеген  түрлері бар, оның ішінде ең тиімдісі болып-Бумир әдісі болып келеді.Ол үшін зерттелетін суды пробиркаға 1мл-дей  етіп алып себенді жасайды.Кейін  себіндісі бар пробирканы термостатқа (40-45◦С) 24 сағатқа қояды, бұл температурада  сапрофитті микрофлораның өсуі тежеледі.

 

Студенттердің өз бетімен жасайтын жұмысы:

1.Суды  санитарлық-бактериологиялық бағалауды  білу.

2.Судың  ластану дәрежесі көрсеткіштерін  меңгеру.

3.Қорытынды  сұрақтарға  жауаптар жасау.

 

Бақылау сұрақтар:

1.Суды санитарлық-бактериологиялық  бағалауды қалай жүргізеді.

2.Коли-титр дегеніміз не?

3.Коли-индекске сипаттама беріңіз.

4.Микробтардың жалпы санын қалай анықтайды.

5.Судағы ішек таяқшасын табу тәсілі неге негізделеді.

 

 

 

   №9    Тақырып: Суды тазалау және жақсарту тәсілдері

Сабақтың мақсаты: Суды тазалаудың негізгі әдістеріне оның физикалық құрамын жақсартатын (мөлдірлігі, түсі, исі, дәмі), химиялық құрамын өзгертетін (темірдің кальцийдің магнийдің құрамын азайтатын) әдістер жатады.

   Тазалау әдістерінің, әсіресе  сүзудің суды механикалық қоспалардан  арылатын қана қоймай, оны малды  суаруға пайдалану кезінде технологиялық  және техникалық тұтыну барысында  эпизоотологиялық және эпидемиялық  қауіптің азаюына ықпалын тигізетіндігін  естен шығармаған жөн. 

     Тұндыруды шағындау ыдыста да  және осы мақсатқа салынған  арнайы құрылыста да жүргізуге  болады. Оның үстіне тұндыру жылдамдығы  оның  бөлшектерінің мөлшеріне  байланысты. Мәселен, сөл және  басқа да тереңдікке ірі құм  диаметрі мм 10 см дейін 10 сек, ұсақ құм 0,3 мм 2 минутта, ол одан да ұсақ құм тек 2 сағатта тұнады. Өлшенген бөлшектің тұну жылдамдығына судың температурасы да ықпал етеді- оның көбеюімен судың үстеме масса мен өлшенген бөлшек арасындағы айырмашылық арта түседі.

    Биіктігі I м мөлдір ыдыстан бөлшектік  массасы жағынан әртүрлі зерттелетін  судағы тұну жылдамдығын байқауға  болады.

Коагуляция. Іс жүзінде коагуляция үшін көбіне күкірт қышқылды алюминий сияқты (Al(SO4)3+H2O) күкірт қышқылы темірді/Fe SO4/. хлорлы темір/FeCl2/ глинозем қоспасы/AlO3/ және т.б. қолданылады. Сульфатты алюминийдің коагуляция сы процесінде, мәселен, уақытша /жоюға болатын/ қаттылықты құрайтын суда тұздан арылып, калий мен магнийдің биокарбонатымен реакцияға түседі. Оны мына төмендегідей реакциядан көруге болады.

 

Al2(SO4)3+3Ca(HCO3)2=2Al(OH)3+3CaSO4+6CO2

Al(SO4)3+Mg(HCO3)2=2Al(OH)3+MgO4+6CO2

Al(SO4)3+H2O=2Al(OH)3+H2SO4

 

 Коагуляцияны  өткізу кезінде коагулянт дозасы  дұрыс анықталғанда оның белсенді  жүретінін еске сақтаған жөн.  Әсіресе ол биокарбонатты жоғары  болғанда ерекше сезіледі. Коагулянт  дозасын анықтау үшін мынадай  мәліметтерді қолдануға болады: судың карбонатты /уақытша/ кермектілігі 10 мг СаО сәйкес келіп, 20 мг  сусыз Al2(SO4)3  реакциядан өтуіне себепші болады немесе мәселен: 40 мгAl2(SO4)3.18H2O Al2(SO4)3 массасы) 342,15тең, ал молекулярлы массасы - Al2(SO4)3 .18H2O-66.42

Фильтрация /сүзу/. Тұндыру мен коагуляция толық  мөлдір ете алмауы мүмкін. Оның үстіне, суда шөкпеген тұнбалар қалуы мүмкін. Мұндай жағдайда сүзгіні пайдаланады. Бұл мақсатқа көбіне көп қабатты  құмды /ағылшындық/ сүзгіш резервуарларды пайдаланады. Ол дәннің әр түрлі размеріне  қарай құм қабаттары мен толтырылады. Әрбір қаббаттың қалыңдығы 0,3 мг-ден 1,3 метрге дейін.

Ішетін суды залалсыздандыру 

Суды  тазалау үшін әртүрлі тәсілдер қолданылады: қайнату, ультракүлгін сәуле түсіру, химиялық заттар және басқалар. Ең кеңінен  тарағаны хлорлау, сол үшін де бос  газ тектес хлорды немесе хлорлы әктің  І % ерітіндісін пайдаланады. Активті  хлордың дозасы судың былғану  деңгейіне қарай айқындалады  және ол 0,5 –тен 25 мг/І л суға /, кейде  бұдан да жоғары болады.

  Активті   хлордың суға әсер ету уақыты  да әртүрлі 16-20 минуттан  1-2 сағатқа  дейін. Активті хлордың, дозасы  және байланысу уақыты да бірқатар  себептерге байланысты.

а/ суды хлорлау үшін қажетті хлордың  мөлшеріне;

б/ суда инфекцияның болуы;

в/ суды жедел залалсыздандыру қажеттілігіне  және басқалары.

       Хлорлы әкті залалсыздандыруға пайдаланатын судың активті бөлігі – кальций гипохлориті – хлор мен оттегіне ыдыраушы, бөліну кезінде стерилдеуші тиімділік беретін өте ықпал етуші ионды іске қосады.

    Хлорлы әктегі көрсетілген құрамдас бөліктердің арақатынасы тұрақты емес. Көмір қышқылды ылғалды ауаның, жарықтық және жоғары температураның ықпалымен хлорлы әк құрамдас бөліктерге жеңіл ыдырап, активті хлорды жоғалтады. Сондықтан да қолданар алдында ондағы активті хлордың қанша пайыз барын міндетті түрде тексеру керек.

 Жақсы  әкте ең кемі 32-34 % хлор болуы  тиіс. Хлор 26% төмен блса хлорлы  әк суды залалсыздандыруға жарамайды.

Информация о работе Лабораторная работа по "Ветеринарии"