Лабораторная работа по "Ветеринарии"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Декабря 2012 в 22:14, лабораторная работа

Краткое описание

Зертханалық жұмыс №1 Ауа температурасын анықтау.
Зертханалық жұмыс №2 Ауаның қозғалыс жылдамдығын анықтау.
Зертханалық жұмыс №3 Ауаның ылғалдылығын анықтау
Зертханалық жұмыс №4 Ауаның микробпен ластануын анықтау
Зертханалық жұмыс №5. Топырақтың химиялық құрамын анықтау

Прикрепленные файлы: 1 файл

вет зерт.ж.docx

— 95.24 Кб (Скачать документ)

2

Ф.7.11-19.

 

 

 

 

 

 

 

 

Дошанов Д. А.

 

 

 

«Ветеринариялық гигиена» пәнінен 

Зертханалық практикум

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шымкент 2012 ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының Білім  және ғылым министрлігі

М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан  мемлекеттік университеті

 

 

  «Мал шаруашылығы өнімдерінің  технологиясы» кафедрасы

 

 

 

 

 

«Ветеринариялық гигиена» пәнінен 

Зертханалық практикум

 

 

 

 

5В120100 «Ветеринариялық медицина»  студенттері үшін

 

Күндізгі  оқу бөліміне

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шымкент 2012 ж.


 

ОӘЖ 636.671.15

 

 

    Құрастырған:  Дошанов Д. «Ветеринариялық гигиена»  пәні бойынша  зертханалық  практикум. – Шымкент: М.Әуезов  ат.Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік  Университеті, 2012. –

 

 

     Зертханалық практикум «Ветеринариялық  гигиена» пәнінен оқу жоспары  мен бағдарламасы талаптарына  сәйкес құрастырылған және зертханалық  сабақтарының тақырыптарын орындауға  қажетті барлық мәліметтерін  қамтиды.

 

 

Зертханалық практикум  5В120100 «Ветеринариялық  медицина» студенттеріне арналған.

 

 

 

Мал шаруашылығы  өнімдерінің технологиясы кафедрасы 

(хаттама  №    « »       09. 2012 ж.)  және Агроөнеркәсіптік  факультетінің әдістемелік комиссиясының   отырысында қаралған және басуға  ұсынылған (хаттама №    « »  2012 ж)

 

 

Баспаға М.Әуезов атындағы ОҚМУ Әдістемелік  кеңесі ұсынған, хаттама  №      « »   2012 ж.

 

©М.Әуезов атындағы  Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік  университеті,2012 ж.

 

Зертханалық жұмыс №1    Ауа температурасын анықтау.

 

Сабақтың мақсаты: Ауыл шаруашылық малдарына арналған қора жайлардың ауа температурасын анықтау әдістерін игеру.

Сабақтың  мазмұны: Ауа температурасын көбіне сынапты немесе спиртті термометрдің көмегімен өлшейді.

Сынапты термометрлер үлкен дәлділігімен және -350 + 0370  арылығында кең көлемде пайдалану мүмкіндігі мен ерекшеленеді.

Спиртті термометрді аса дәлме –дәл дей  алмаймыз, өйткені спирт көлемі 0-тан  жоғары қыздырғанда біркелкі ұлғаймайды, бұдан басқа оның қайнау нүктесі  төменде /73.30/ жатыр бірақ спиртті термометрмен өте төменгі, яғни -90-нан 1300 дейінгі температураны өлшеуге болады. Ал бұған сынапты термометр /сынап -39.40 С қатып қалады / жарамайды.

Термометрлер  Цельсия градусы мен бөліктенеді. Бұл термометрлерде тұрақты шкала  нүктелерінің қашықтығы – мұздың еру нүктесі мен судың қайнау нүктесі / 0 және 1000 / аралығындағы бөліктерге бөлінеді.

Шет елдерде  Реомюра /Я/ (00-+800) және Фарангейт /Ғ/ (+320 пен +2120 ) градустармен бөліктелген термометрлер қолданылады.

Термометрлер  өзінің қолдану мақсатына қарай  лабораториялық, тұрмыстық  медициналық , мал дәрігерлік сауға арналған, қабырғаға ілінетін , химиялық топыраққа  арналған, тағы сол сияқты болып  бөлінеді.

Бұл атты алған термометрлермен ауа  температурасына  қарай қай мезгілде болса да өлшеуге  болады.

Уақыттың  белгілі бір  бөлігінде /тәуліктік, апталық, т.с.с / максимальды (ең жоғарғы)  немесе минимальді (ең төменгі) температураны  анықтау үшін арнаулы термометрлер бар.

Сынапты – максимальді термометрлер. Бұл  термометрлер байқау барысында    белгілі бір уақыт аралығындағы ауаның ең жоғарғы температурасын көрсетеді. Бұдан кейін ауа  температурасы  төмендесе де сол көрсеткіші өзгермейді. Мұндай термометрлерді қолданардың  алдында сынапты орнына келтіру  үшін оны бірнеше  рет сілку  керек.

Спиртті  минимальді термометрлер. Термометрлердің  түтікшесінде ұштары жалпақтау жуандатылған жылжымалы шыны штифт бар. Бақылау  алдында термометрлердің резервуар  жағын жоғары көтеріп штифті спирт  деңгейіне дейін түсіреді. Бұдан  соң термометрлерді  ауа температурасын өлшейтін жерге көлденең  |ГОРИЗОНТАЛЬДІ / орналастырады. Температура көтерілген кезде спирт ұлғайып, штифті қозғамастан  капиллярдың бойымен еркін көтереді. Температура төмендегенде спирт  штифті резервуарарға жетелеп төмендей береді. Минимальді температура штифтің  жоғарғы ұшымен  анықталады.

Ауа температурасын  анықтағанда максимальді және минимальді  термометрлер көлденең орналастырылады. Кез келген сырт қабаттары мен  және мал терісінің температурасын тез арада өлшеу үшін әртүрлі  термоэлектірлік құралдар қолданылады  –термопаралар ЭТП –М ТЭМП -60 және тағы басқалар.

Ұзақ  мерзімнде  /тәуліктік, апта бойы  / температураны жүйелі қадағалап  отыру үшін өздігінен жазатын  құралдары  - термографтарды  ( тәуліктік  немесе апталық ) пайдаланады. Оның қабылдаушы бөлшегі дәнекерленген  металдардан  тұратын, ұлғаюдың әртүрлі температуралық  коэффиценті бар биметалл пластинка  болып табылады. Ауаның температурасы  өзгерген мезгілде пластинкалардың  қабынуы да өзгереді.  Пластинканың қабыну өзгерісі рычагтар арқылы  стрелкаға  беріліп таспаға жазылады. Таспалар көлденеңнен аптаға, күндерге және сағаттарға берілген, ал тікесінен  градустарға бөлінген.

     Ауа температурасын өлшеу ережелері.  Ауаның  температурасы анықтау  үшін термометрді  қораның  ішінде тікелей күн сәулесі  түспейтін  және қабырғадан  терезеден,пештен желдеткіш құбырдан  алшақтау орнатады.

   Қораның температурасы тәлігіне  үш рет өлшенеді ( ертеңгелік, түсте  және кешке ). Өлшеу жұмысы қораның  ішінен көлденеңнен үш жерде  жүргізіледі (қораның ортасы мен  екі бұрышы, қабырғалардан (0.8-1.5м  қашықтықта өлшенеді) : ал тікелей  өлшеу үшін әр жерде үш биіктікте  жүргізіледі. 

    А) сиыр қоралардан – еденнен 0.5 пен төбеден 1.2 м төбеден 0.6 м

    Б) шошқа қораларда – еденнен 0.3 пен0.7м төбеден 0/6 м

    В) құстарды еденде ұстағанда 0.2 мен 1.5 м төбеден 0.6м

Құстарды  клеткада ұстағанда температураны өлшеу жұмысы әр ярус маңында және батереялар аралығында жүргізіледі.

    Температураны анықтау барысында  құралдарының көрсеткіштері тұрақты  бір шамаға келгенне соң алынады. (19-15 минут шамасында)

    Құралдармен қондырғылар; спиртті  және сынапты термометрлер, термографтар, ЭТП- М ТЭМП- 60 типті электротермографтар. 

      Студенттердің өзіндік жұмыстары 

     1. Студенттер мал қора ауасының  температурасын әр мезгілде 2-3  нүктеде ( малдың жатқан кезінде,  тұрып тұрған кезінде және  малды күтетін адамның  бойында  ) өлшейді. 

     2 Студенттер жасаған жұмыстарын қорытындылайды.  

Бақылау сұрақтары:

    1 Мал қоралардағы ауа температурасын  анықтағанда маңызы 

    2 Мал қора ауасының температурасын анықтауда қолданылатын   

        құралдардың жұмыс істеу ережесі  қандай?

    3 Мал қорадағы ауа температурасын өлшеу ережелері.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Зертханалық жұмыс №2   Ауаның қозғалыс жылдамдығын анықтау.

 

Сабақтың  мақсаты: ауаның суыту қабілеті мен жылдамдығын анықтау әдістерін игеру.

Сабақтың  мазмұны: Ауа қазғалысының жылдамдығын мен қоралардағы желдеткішті зерттеу кезінде, сондай ақ ашық атмосферада өлшеніп, ол секундына    I метр есебімен белгіленеді.

Ауа қозғалысының жылдамдығын анықтау үшін анемометр  мен кататермометррлер қолданылады.

Анемометрлер  ауаның үлкен жылдамдығын  өлшеуге  арналса, ал кататермометрлер 0.5 м секундтан төменгі жылдамдықты анықтауға арналған. Анемометрлер статистикалық және  динамикалық болып екіге бөлінеді. Динамикалық анемомтердің екі түрі бар: қанатты және табақшалы. Анемомердің бұл екі түрінің де қызмет ету қабілеті бірдей. Ауа қозғалған кезде құралдағы жеңіл қозғалатын қанаттарды немесе  табақшаларды қысады да оларды айналмалы қозғалысқа түсіреді. Бұл қозғалыс тісті дөңгелектер   арқылы  бөліктері бар циферблатпен  жылжып отыратын стрелкаға беріледі. Арнаулы тетік арқылы  айналу есептегіштері іске қосылады.  Алғашқы стрелканың бастапқы көрсеткішін жазып, бұдан соң құралды 100 секундқа қосып, стрелканың жаңа көрсеткіштерін  жазады. Құрал көрсеткішінің айырмашылығын айқындап (стрелканың екінші көрсеткішінен бірші көрсеткішін алып тастайды.) алынған айырманы 100 ге бөліп, арнаулы графиктіктің көмегімен секундына метр есебімен жылдамдықты есептеп шығарады.

Кататермометрлер   ауаның суытқыштық қабілетін анықтайтын құралдар. Ал ауаның суытқыштық қабілеті оның температурасына, ылғалдығына  және жылдамдығына байланысты.

Кататермометрлердің резервуарлары спиртпен толтырып, пішіндері  цикллиндірлі немесе шар тәрізді  болып келеді.

Шар пішінді  кататермометрдің  резервуарының  диаметрі 25-27 мм.  Резервуардан капиллярлы түтікше тартылып, жоғарғы жағы шамалы ұлғаюымен аяқталады.  Кататермометрлер шкаласы градустарға бөлініп, шар тектесі 330-400 С дейін , цилииндрлі тектесі -350-380   С дей3н 2рб3р Кататермометрлердің екінші бетіне құралдардың өзіндік және факторы белгіленген.

Кататермометр факторы  дегеніміз спирт деңгейінің 360 С тен 350 дей3н суы5ында   1 шаршы сантиметр резервуардың ауданынан бөлініп шығатын милликалория жылу мөлшері   (мкалл).

Кататермометр факторын суытудың орташа уақытына (секундтар  есебімен) бөліп, Кататермометрлердің  суыту мөлшерін немесе катаиндексін (Н) табамыз.

Катаиндекс (Н) дегеніміз ол спиртті резерррвуардың 1см ауданын бөлінетін 1 секундтағы жылу мөлшері миллиикалория есебімен.

Есептеу тәртібі:

1 Кататермометр индексі милликалория есебімен, оның суығу мөлшнрін анықтаймыз. Ол үшін мына формуланы пайдаланамыз.

                                 Н= E\t

2 Q –  көлін анықтаймыз (бұл кататермометрлердің  орташа тепературасының және  алығыуа температурасының айырмашы)

                    Q=36.5-t

  1. Бөлуден дербестікті H\Q анықтаймыз
  2. Мына формула бойынша  ауаның қозғалу жылдамдығын анықтайды.

Егер  H\Q – 0.6 дан аз болса, онда ауаның қозғалу  жылдамдығы I м\сек тан аз, мұндай жағдайда \I\ формула қолданылады; егер 0.6 дан  көп немесе тең болса  ауаның  қозғалу жылдамдығы тең  немесе I м\сек көп болады,     онды, онда \2\ формула қолданылады.

  1. V=H-0.22\Q\0.4
  2. V= H-0.132\Q\0.47

Мал арналған қоралардағы ауа қозғалысының жылдамдық  мөлшері уақытта 0.2-0.5 м\сек, жазда – I м\сек  дейін.

 Анықтау  жолы: Ауаның суытқыштық қабілетін   анықтау үшін   Кататермометр  70-750 С суы бар ыдысқа  батырылып қыздырылады. Қыздыру капиллярдың жоғарғы кеңейтілген тетігінің 1\3-і спиртпен  толғанша жүргізіледі. Сол кезде спирттің құрамында  ауа түйіршіктерінің болмауы тиіс, ол үшін кататермометрді жантайтпай тік ұстайды.  Бұдан кейін кататермометрді судан шығарып,  сыртын құрғағанша мұқият сүртеді де зерттеу орнына тік күйінде іліп  қояды.

  Кататермометрді  орналастырғаннан кейін ондағы  спирт деңгейі 38-350 С да төмендеп суыған кездегі уақыт есептелініп сол орынның ауасының температурасын анықтайды. Бұндай зерттеулерді 3-4 рет қайталап уақыт мөлшері орта есеппен алынады.

  Керекті  құрал жабдықтар мен жабдықтар:  динамикалық анемометрлер (қанатшылы  типті АСО-3 және табақшалы типті  МС- 13 ) Кататермометр  (цилиндрлік  және шар тәрізді).

Студентердің  өзіндік жұмысы;

1 студенттер  ауаның жылдамдығын анықтамас  бұрын құралдың алғашқы көрсеткішін  жазып алады да, содан кейін  анемометрді 1-2 минутқа алдын  ала қосады.

2 Бұдан  кейін құралдың рычагын жұмысқа  қосып уақытты (секунд есебінде) есепке алады 100 с кейін анемомтерді  өшіріп, стрелкалардың көрсеткіштерін  жазып алады.

3  екінші  және бірінші стрелкалардың көрсеткіштерінің  айырмашылығын секундсаны (100) болыпауаның  қозғалыс жылдамдығын анықтайды  (м\с)

 

   Бақылау сұрақтары 

1. Ауылшаруашылы малдарының организімне ауа қозғалысының әсері.

2. Ауа қозғалыстарын жылдамдығын анықтайтын құралдар және оларды пайдалану ережесі   

Информация о работе Лабораторная работа по "Ветеринарии"