Кұтырық ауруы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Мая 2013 в 16:30, реферат

Краткое описание

« Акимбеков» шаруа қожалығы Алматы облысы Райымбек ауданы Кеген ауылдық округіне қарасты елді мекенде орналасқан. Онда 300 бас ірі қара, 100 бас жылқы, 600 бас қой, 4 ит бар. Жалпы шаруашылықта 3 база бар. 1 базда қысыр сиырлар, 2 базда сауын сиырлар, 3 базда бұзау мен құнажындар, еркек тайыншалар тұрады. Шаруашылық іші тегіс, әр баздың қасында күн шуақтап тұратын алаңды жер бар. Сиырларды күніне 2 рет сауады, 3 рет азықтандырады.
Шаруашылық айналасы қоршалған, ағаштар отырғызылған. Әр күні ірі қараларды, жылқыларды 5 км жерге дейін мационға шығарады. Азықтандыруға келсек жем,арпа шөп азықтары мен силос азықтары беріледі.Шөптер турағыш машинамен туралады, жем жарғыш машинамен жарып беріледі.

Содержание

Кіріспе:
Шаруашылықтың жалпы сипаттамасы.
Шаруашылықтағы ветеринариялық қызметінің құрылымы.
Шаруашылықтың іс қағаздары мен есеп беру құжаттары.
Құтырық ауруымен күресу, емдеу және таралуына жол бермеу шаралары.
Құтырық ауруымен күресу бойынша орындалып жүрген ветеринариялық-санитариялық шаралардың экономикалық шығыны мен тиімділігі.
Келесі жылдың ветеринариялық-санитариялық шаралардың жоспары. Келесі жылға шаруашылық бойынша індетке қарсы шаралардың жоспарын құру.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар

Прикрепленные файлы: 4 файла

ветеринария иси.docx

— 178.17 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

ТуберкулезУикипедия.docx

— 27.45 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 3 қарашадағы N 626 бұйрығы. Қазақстан Республикасының  ­ділет министрлігінде 2004 жылғы 26 қарашада тіркелді. Тіркеу N 3225

     Қазақстан  Республикасының "Ветеринария  туралы" Заңының 26 бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН :

     1. Қосымша беріліп  отырған Малдармен құстардың  туберкулезінің алдын-алу және  жою шараларын жүзеге асырудың  ветеринариялық ережелері бекітілсін.

     2. Ветеринария  департаменті Қазақстан Республикасы  Ауыл шаруашылығы министрлігінің  облыстардың және Астана, Алматы  қалаларының аумақтық басқармаларымен  бірге, заңнамада белгіленген  тәртіпке сәйкес, осы бұйрықтан  туындайтын қажетті шараларды  қабылдасын.

     3. Осы бұйрықтың  орындалуына бақылау сәйкес әкімшілік-аумақтық  бірліктердің бас мемлекеттік  ветеринариялық инспекторларына  жүктелсін. 

     4. Осы бұйрық  Қазақстан Республикасы ­ділет  министрлігінде мемлекеттік тіркелген  күннен бастап күшіне енеді. 

 

 Қазақстан Республикасы     

Ауыл шаруашылығы Министрінің  

2004 жылғы 3 қарашадағы N 626

бұйрығымен бекітілді     

 

Малдар мен құстардың  туберкулезінің

алдын-алу және жою шараларын  жүзеге асырудың

ветеринариялық ережесі 

 

     Осы Малдар  мен құстардың туберкулезінің  алдын-алу және жою шараларын  жүзеге асырудың ветеринариялық  ережесі (кейін - Ветеринариялық  ереже) Қазақстан Республикасының  "Ветеринария туралы" Заңының  26 бабына сәйкес жеке және заңды  тұлғалар үшін орындауға міндетті  ветеринариялық шараларды ұйымдастыру  мен оларды жүргізудің тәртібін  анықтайды. 

 

        1. Жалпы ережелер

     1. Мал иелері, шаруашылық субъектілері меншік түрлеріне қарамастан жануарлар туберкулезінің алдын алу мақсатында келесі шараларды жүзеге асырады:

     1) қолындағы  бар немесе жаңадан сатып алынған  жануарлар туралы сәйкес әкімшілік-аумақтық  бірліктің ветеринариялық инспекторына  хабарлайды;

     2) малдарды  сатуды, союға өткізуді, жайлауға  шығару мен орналастыруды және  тағы басқа орын ауыстыру мен  топтастыруды, мал шаруашылығы өнімдерін  сатуды сәйкес әкімшілік-аумақтық  бірліктің бас мемлекеттік ветеринариялық  инспекторының рұқсатымен жүргізеді; 

     3) мал азығын  дайындау барысында ауру жұқтырмау  мақсатында қауіпсіздік шараларын  сақтайды;

     4) жаңадан келген  жануарларға диагностикалық зерттеулер  мен ветеринариялық өңдеулер  жүргізу үшін 30 (отыз) күн бойы  оқшаулап ұстайды; 

     5) туберкулезге  күмәнді жануарлардың ауруының  барлық жағдайлары туралы ветеринариялық  қызметке дер кезінде хабарлайды (қоңдылығының төмендеуі, өкпенің  қабыну белгілері, беткі лимфа  түйіндерінің ұлғаюы);

     6) ветеринариялық  мамандардың талабы бойынша иелікке  алынған жануарлар туралы барлық  қажетті мәліметтерді береді, және  оларға тексеру, зерттеу мен  өңдеулер жүргізу үшін жағдай  жасайды; 

     7) жануарларды  тасымалдағанда, оларды күтіп бағу  және азықтандыру кезінде, мал  шаруашылығы нысандарын салу  кезінде санитариялық-эпидемияға  қарсы және ветеринариялық-санитариялық  талаптарды сақтайды;

     8) ауданның (қаланың)  бас мемлекеттік ветеринариялық  инспекторының нұсқауы бойынша  ауру малдарды уақытында өткізуге  немесе аурудан таза емес барлық  мал басын толығымен жояды; 

     9) осы Ветеринариялық  ережеде қарастырылған жануарлардың  туберкулезбен ауруының алдын-алу,  сондай-ақ ауру шыққан жағдайда  індет ошағын жою жөніндегі  шектеу, ұйымдастырушылық-шаруашылық  жұмыстарын, арнайы және ветеринариялық-санитариялық  шаралардың жүргізілуін қамтамасыз  етеді. 

 

     2. Туберкулезден таза емес шаруашылық субъектілерінде қызмет көрсететін тұлғалар жеке гигиена ережелерімен таныстырылуы тиіс. Жыл сайын олар міндетті түрде флюорографиялық зерттеумен медициналық тексеруден өту керек, ал малшы мен сауыншы - тұлғалардан зәр-жынысы туберкулезін ерте анықтау мақсатында зәрді бактериологиялық зерттейді (туберкулездің микобактерияларына зәр себіндісін өсіру).

 

     3. Меншік түріне қарамастан шаруашылық субъектілерінің басшылары төмендегіні жүзеге асырады:

     1) мал шаруашылығы  қызметкерлерін киіммен және  аяқ киіммен, оларды сақтау  бөлмелерімен қамтамасыз етеді,  сондай-ақ мал қораларын қол  жуғышпен, сабынмен, сүлгімен және  алғашқы көмек аптечкасымен қамтамасыз  етеді; 

     2) мал шаруашылығы  және жем-шөп дайындау жұмыстарына  туберкулезге тексеруден өтпеген,  сондай-ақ туберкулезбен ауыратын  және диспансерлік есепте белсенді  топта тұратын адамдар жіберілмейді;

     3) қызмет көрсететін  адамдар арасында туберкулезбен  ауру екені анықталған жағдайда, ауру адамдар тез арада мал  күтуден босатылады;

     4) сүт және  сүт өнімдерін өңдеу кәсіпорындарында  туберкулезден таза емес пункттерден  алынған сүтті міндетті түрде  пастеризациялаудың және басқа  да шикі сүт өнімдеріне термикалық  өңдеудің жүргізілуін қамтамасыз  етеді. 

 

     4. Аумақтық денсаулық сақтау органдары:

     1) жануарларды  күтіп-бағатын жұмысшыларға күнделікті  медициналық бақылау жүргізеді; 

     2) халық арасында  және мал шаруашылығы жұмысшылары  арасында тұрақты негізде туберкулездің  зияны мен зардаптары, онымен  күресу және оның алдын алу  шаралары туралы түсініктеме  жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады. 

 

     5. Меншік түріне қарамастан шаруашылық субъектілерінде, жеке аулаларда қызмет көрсететін ветеринариялық мамандар жануарлардың туберкулезінің алдын алу және онымен күресу шараларын жүргізуге міндетті.

  6. Адам туберкулезінің алдын алу және оларды емдеу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы және басқа да арнайы шараларды, сондай-ақ, осы шаралардың орындалуына бақылауды мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының, туберкулезге қарсы диспансерлердің (бөлмелердің) және басқа да медициналық мекемелердің қызметкерлері жүзеге асырады.

   7. Ветеринариялық және медициналық ұйымдар жануарларды күтіп-бағумен байланысты немесе қайта өңдеу кәсіпорындарында жұмыс істейтін адамдардың және жануарлардың ауыру жағдайлары туралы мәліметтерді өзара ұсынады. Елді мекендерде адамдардың туберкулезбен ауыру жағдайлары анықталған болса, адамдардың залалдану көзі мен таралу жолдарын анықтау мақсатында тез арада эпидемиологиялық-эпизоотологиялық зерттеулер жүргізіледі, қажет жағдайда малдар туберкулезге зерттеледі және ауру анықталған жағдайда эпизоотиялық ошақты жою бойынша шаралар ұйымдастырылады.

 

Әр түрлі жануарлардың туберкулезін

эпизоотологиялық бақылау  және диагноз қою 

 

     8. Барлық мал басына мерзімді клиника-эпизоотологиялық, аллергиялық зерттеулер жүргізген кезде, патологиялық материалдарды және мал ұшаларын патологоанатомиялық және бактериологиялық зерттеулермен тексерген кезде туберкулезбен ауырған малдар анықталмаған жағдайда меншік түріне қарамастан барлық шаруашылық субъектілері, елді мекендер туберкулезден таза деп саналады.

 

     9. Эпизоотологиялық тексеруді келесі негіздерге сүйене отырып, ветеринариялық инспекторлар жүзеге асырады:

     1) ет өңдейтін  кәсіпорындарда малды сойғаннан  кейінгі көрсеткіштерге, базарларда  ветеринариялық-саниатариялық сараптау  көрсеткіштеріне; 

     2) малдарды  сою барысында мал өлекселерін  тексеру кезінде сараптама көрсеткіштеріне; 

     3) туберкулезге  жоспарлы аллергиялық тексерудің  нәтижелеріне;

     4) туберкулинге  оң нәтиже берген малдарды  бақылаулық союдың нәтижелеріне;

     5) туберкулинге  оң нәтиже берген малдардан  алынған патологиялық материалдарды  зертханалық зерттеудің нәтижелеріне;

     6) қызмет көрсететін  жұмысшыларды медициналық тексерудің  қорытындысына. 

  10. Егер диагноз патологоанатомиялық сойып-зерттеу мәліметтерімен айқындалса, ал туберкулезге тән өзгерістер байқалмаған жағдайда бактериологиялық зерттеулердің оң нәтижелерімен жануарлардың туберкулезі анықталды деп саналады.

11. Ет өңдейтін кәсіпорындардың ветеринариялық мамандары әр мал иесінің жануарларын жеке партиямен союды, мал ұшалары мен мүшелерін туберкулезге ветеринариялық-санитариялық сараптауды, Ауыл шаруашылығы министрінің 2002 жылғы 31 қарашадағы N 351 бұйрығымен бекітілген және 2002 жылғы 27 желтоқсандағы N 2105 Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде тіркелген, Союға арналған жануарларды сою алдында ветеринариялық тексеру және сойылғаннан кейін ұшалар мен мүшелерді ветеринариялық-санитариялық сараптау және оларды санитариялық бағалау ережелеріне сәйкес жүзеге асыруын қамтамасыз етеді және туберкулезге күмәндері мен анықталған жағдайлары туралы мәліметтерді сәйкес аумақтың ветеринариялық инспекторларына ұсынады.

12. Аурудан таза шаруашылықтардан етке сойылған жануарлардың мүшелері мен ұлпаларынан туберкулезге тән патологиялық өзгерістер байқалса, ұшаларды қосымша маркілейді және арнайы мұздатқыш камерада, жануарлар келген ауданның (қаланың) мемлекеттік ветеринариялық инспекторының өкілінің қатысуымен комиссиялық тексеру үшін сақтайды. Осымен бірге сәйкес әкімшілік-ветеринариялық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық инспекторлары екі апталық мерзім ішінде союға жіберілген мал шыққан шаруашылық субъектілеріндегі барлық мал басын туберкулезге тексеруді ұйымдастырады және туберкулезді анықтау немесе оны жою бойынша шаралар қабылдайды.

 

     13. Мал басының тазалығын бақылау мақсатында мал иелері, шаруашылық субъектілері меншік түріне қарамастан ветеринариялық мамандарға жыл сайын малдар мен құстарды клиникалық тексерудің және жоспарлық аллергиялық зерттеулердің жүргізілуін міндетті түрде қамтамасыз етулері қажет:

     1) сиырларды  және бұқаларды жылына 2 рет, көктемде  жайлауға шығару алдында және  күзде қыстауға қою алдында,  ал ірі қараның төлдерін 2-айлық  жастан бастап және бордақылауда  тұрған малдарды жылына 1 рет; 

     2) жылқы, қашыр,  есек, қой және ешкілерді эпизоотологиялық  жағдайға байланысты 2-айлық жастан  бастап;

     3) түйелерді  эпизоотологиялық жағдайға байланысты 12-айлық жастан бастап;

     4) марал, бұғы, терісі бағалы аңдарды эпизоотологиялық  жағдайға байланысты 6-айлық жастан  бастап;

     5) барлық ересек  шошқаларды және торайларды 2-айлық  жастан бастап эпизоотологиялық  жағдайға байланысты жылына 1 рет; 

     6) асыл тұқымды  зауыттар мен селекциялық-асыл  тұқымды құс станцияларындағы  алғашқы линиядағы және аналық  табындағы ересек құстарды (жасы 2 жылдан асқан) - жылына бір рет  6 айлық жастан бастап зерттейді. 

 

     14. Аурудан таза, жеке меншік түріне қарамастан, шаруашылық субъектілерінде, елді мекеннің жеке аулаларында жоспарлық аллергиялық зерттеулер жүргізу кезінде туберкулинге оң нәтиже берген малдар анықталған жағдайда келесі шараларды жүзеге асырады:

     1) оң нәтиже  берген малдарды оқшаулайды және  қосымша тамыр ішіне туберкулиндік  сынамамен, 5-6 жастан асқан сиырларды  екі рет көзіне туберкулиндік  сынамамен, сондай-ақ иммуноферменттік  анализ (ИФА) әдісімен зерттейді.  Бұл жағдайда тері ішілік сынамасына  оң реакциясы есепке алынған  күні туберкулин егіледі. Тамыр  ішіне, екі рет көзге егу  сынамаларына немесе ИФА оң  нәтиже берген малдар комиссиялық  түрде диагностикалық сойылады  және сойылған малдардың біреуінде  туберкулезге тән патологиялық  өзгерістер байқалса, диагноз анықталды  деп есептеледі;

     2) сойылған  малдарда туберкулезге тән мүшелер  мен ұлпаларда өзгерістер байқалмаса, биосынама қоюмен бактериологиялық  зерттеуге материал алынады. Сойылған  малдардан алынған материалдан  ірі қара малдың немесе адам  туберкулезінің микобактериясы  бөлінсе немесе оң биосынама  қойылған жағдайда диагноз анықталды  деп есептеледі;

     3) туберкулезге  тән өзгерістер байқалмаса және  сойылған малдардан алынған биоматериалдарды  бактериологиялық (биологиялық) зерттеулердің  нәтижелері теріс болса, онда  сол табын туберкулезден таза  деп есептеледі;

     4) туберкулинге  нәтиже бермеген қалған жануарларды, 30-45 күннен кейін симультандық  аллергиялық әдіспен сүтқоректілер  мен құстардың туберкулинін қолданумен  бірге тексеріледі. Егер құстарға  арналған туберкулинге оң нәтиже  берген құстарда тері қатпарларының  қалыңдауы көп дәрежеде байқалса, онда табын туберкулезден таза  деп есептеледі, ал сүт қоректілерге  арналған туберкулиндік реакцияда  тері қатпарларының қалыңдауы  құстың туберкулиндік реакциясына  қарағанда аса айқын байқалса, олар іріктеледі және диагностикалық  сою жүргізіледі. Одан басқа  құсқа арналған туберкулиннің  көмегімен ірі қараның паратуберкулездік  энтериті бойынша эпизоотологиялық  жағдай анықталады;

     5) осындай шаруашылық  субъектілерінің эпизоотологиялық  жағдайына кейінгі бақылау ет  өңдейтін кәсіпорындарында малдарды  сою кезінде ветеринариялық-санитариялық  сараптаудың қорытындысы және  жоспарлық аллергиялық зерттеулердің  нәтижелері ескеріліп жүзеге  асырылады. 

кампилобактериоз.docx

— 23.92 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Информация о работе Кұтырық ауруы