Кұтырық ауруы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Мая 2013 в 16:30, реферат

Краткое описание

« Акимбеков» шаруа қожалығы Алматы облысы Райымбек ауданы Кеген ауылдық округіне қарасты елді мекенде орналасқан. Онда 300 бас ірі қара, 100 бас жылқы, 600 бас қой, 4 ит бар. Жалпы шаруашылықта 3 база бар. 1 базда қысыр сиырлар, 2 базда сауын сиырлар, 3 базда бұзау мен құнажындар, еркек тайыншалар тұрады. Шаруашылық іші тегіс, әр баздың қасында күн шуақтап тұратын алаңды жер бар. Сиырларды күніне 2 рет сауады, 3 рет азықтандырады.
Шаруашылық айналасы қоршалған, ағаштар отырғызылған. Әр күні ірі қараларды, жылқыларды 5 км жерге дейін мационға шығарады. Азықтандыруға келсек жем,арпа шөп азықтары мен силос азықтары беріледі.Шөптер турағыш машинамен туралады, жем жарғыш машинамен жарып беріледі.

Содержание

Кіріспе:
Шаруашылықтың жалпы сипаттамасы.
Шаруашылықтағы ветеринариялық қызметінің құрылымы.
Шаруашылықтың іс қағаздары мен есеп беру құжаттары.
Құтырық ауруымен күресу, емдеу және таралуына жол бермеу шаралары.
Құтырық ауруымен күресу бойынша орындалып жүрген ветеринариялық-санитариялық шаралардың экономикалық шығыны мен тиімділігі.
Келесі жылдың ветеринариялық-санитариялық шаралардың жоспары. Келесі жылға шаруашылық бойынша індетке қарсы шаралардың жоспарын құру.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар

Прикрепленные файлы: 4 файла

ветеринария иси.docx

— 178.17 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

ТуберкулезУикипедия.docx

— 27.45 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

кампилобактериоз.docx

— 23.92 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасының    
Ауыл шаруашылығы министрінің   
"Жануарлардың ауруларының     
алдын алу және жою бойынша   
ветеринариялық іс-шараларды   
жүзеге асыру жөніндегі     
ережелерін бекіту туралы"    
2004 жылғы 15 қыркүйектегі    
N 493 бұйрығымен бекітілген   

 Кампилобактериоздың  алдын алу және жою бойынша  
ветеринариялық іс-шараларды жүзеге асыру туралы  
Ереже      

 Осы,  кампилобактериоздың алдын алу және жою жөніндегі ветеринариялық іс-шараларының ережесі (бұдан әрі - Ереже) жеке және заңды тұлғаларға ветеринариялық шараларының ұйымдастыру және жүргізудің Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының  26 бабына сәйкес міндетті түрде орындауға тиісті тәртібін анықтайды.  

1. Жалпы ережелер      

1. Кампилобактериоз ірі қара малдың және қойлардың іш тастауымен, қайталап күйлеуімен және бедеулікпен ерекшеленетін инфекциялық ауру.  
      Қоздырушысы Campylobacter тұқымдастығына жататын грамтеріс, үтір, орақ, ұшқан шағала, қысқа немесе ұзын спираль тәріздес бактериялар, спора және капсула түзбейді, қозғалмайды.  
      Қоздырушысы негізінен екі түрге бөлінеді: біріншісі ірі қара малға зардапты, ал екіншісі қойларға.  
      Жануарларға кампилобактериоз жанасу, алиментарлық және жыныс жолдары арқылы жұғады.  

2. Кампилобактериоздың  диагностикасы      

2. Жануарлардың  кампилобактериозын балау мақсатында клиникалық, эпизоотологиялық, серологиялық және бактериологиялық әдістер қолданылады.  
      Диагноз қоюда тек қоздырушыны бөліп алу негіз бола алады, сондықтан бактериологиялық әдіс негізгі болып саналады.  
      Кампилобактериозға тексеру үшін қынап сұйығымен серологиялық реакциялар, агглютинация реакциясы қойылады және люминисценсиялық микроскопия әдісі қолданылады. Сонымен қатар қан сарысуымен агглютинация реакциясын қою әдісі, кеңінен қолданылады. Кампилобактериозға ірі қара малды тек қынап сұйығымен агглютинация реакциясымен, ал ірі қара малды және қойды люминисценсиялық микроскопия әдісімен тексереді.  

3. Ауыл шаруашылық жануарларының кампилобактериозының профилактикасы      

3. Жануарлардың  кампилобактериозының алдын алу мақсатындағы шаруашылық субъектілерінің, мал иелерінің және ветеринариялық мамандардың міндеттері:  
      1) шаруашылық субъектісі ішінде ветеринария мамандарының рұқсатынсыз жануарлардың орнын ауыстыруға жол бермеу;  
      2) жануарларды күтудің, азықтандырудың ветеринариялық санитариялық ережелерін қатаң сақтау;  
      3) аурудан таза табынды, отарды жануарлармен толықтыруға, тек ірі қара мал және қой кампилобактериозынан таз шаруашылықтардан рұқсат ету;  
      4) мал тұқымын асылдандыру немесе өндірістік мақсатта пайдалануға жаңадан алынған жануарлар 1 ай карантинде болады және кампилобактериозға арасына 10 күн салып 3 рет тексеріледі.      

4. Жануарлардың  кампилобактериозын арнайы дауалау үшін әртүрлі вакциналар қолданылады.      

5. Жануарларды иммундеу вакцинаны қолдану нұсқамасында қаралған тәртіп бойынша және уақытында жүргізіледі.  

4. Ірі қара малдарды асылдандыру және қолдан ұрықтандыру мекемелерін кампилобактериоздан сауықтыру шаралары      

6. Қазақстан  Республикасының "Ветеринария  туралы" Заңының  27 бабының 1 тармағына сәйкес кампилобактериозға диагноз қойылғаннан кейін ауданның, қаланың әкімшілігі бас ветеринариялық инспекторының ұсынуымен ірі қара малдарды асылдандыру және қолдан ұрықтандыру мекемесін кампилобактериоздан таза емес деп ұйғарып шектеу қоюға шешім қабылдайды және сауықтыру шараларының жоспарын бекітеді.      

7. Кампилобактериоздан таза емес ірі қара малдарды асылдандыру және қолдан ұрықтандыру мекемесіндегі барлық бұқаларды және жас малдарды нұсқамаға сәйкес вакцинамен егеді.      

8. Барлық  бұқалардан ұрық алу тоқтатылады.      

9. Жануарларды вакцинамен егумен қатар, бұқаларды дәрімен емдейді. Емдеу ұсынылған дәрілер нұсқамасындағы талаптарға сәйкес қолданады.      

10. Вакциналау және емдеуден бір айдан кейін барлық бұқалардың ұрықтары арасына 10 күн салып бактериологиялық жолмен 3 рет тексеріледі. Қатарынан 3 рет теріс нәтиже алынған жағдайда бұқалар сауықты деп есептеледі.      

11. Төменгі  температурада мұздатылған ауру бұқалардың ұрықтарының қоры жойылуға жатады. Қалған сау бұқалардың ұрықтары кампилобактериозға бактериологиялық әдістермен зерттелгеннен кейін жануарларды қолдан ұрықтандыруға қолданылады.      

12. Жануарлардың  тұқымын асылдандыру және қолдан ұрықтандыру мекемелерін, кампилобактериоздан сауықтыру кезеңінде санитариялық жағдайды жақсарту және ауруды таратпау шаралары жүргізіледі:  
      1) жануарлардың тұқымын асылдандыру және қолдан ұрықтандыру мекемесін кампилобактериоздан сауықтыру кезеңінде мекемені жас малдармен толықтыруға тиым салынады;  
      2) жануарлардың тұқымын асылдандыру және қолдан ұрықтандыру мекемесіне келген жас малдарды оқшауханада ұстап, оларды вакцинамен еккеннен кейін ғана табынға жібереді;  
      3) Жануарлардың емдеуі біткеннен кейін барлық мал қоралары мен аумақтары, қажетті құралдары дезинфекцияланады. Содан кейін 10 күнде бір рет дезинфекцияланады.      

13. Жануарлардың  тұқымын асылдандыру және қолдан ұрықтандыру мекемесін ірі қара малдың кампилобактериозынан сауықтырылды деп жануарлар тобының ұрықтарының және қынап сұйығын бактериологиялық әдіспен тексергенде (арасына 10 күн салып) 3 рет теріс нәтиже алынғаннан кейін барып есептейді.

5. Шаруашылықты ірі қара мал кампилобактериозынан  

 сауықтыру шаралары      

14. Ірі қара мал кампилобактериозынан таза емес шаруашылығын сауықтыру, оның алдын алу және емдеу-сауықтыру шаралары кешенді түрде кешені ауданның әкімшілік органында бекітілген жоспар негізінде жүргізіледі.      

15. Аурудың  таралуының алдын алу мақсатында аурудан таза емес табында малдарды қолдан ұрықтандырады. Шаруашылықтағы сиырларды және қашарларды ерікті ұрықтандыруға бұқаларды қосуға болмайды. Бұқаларды оқшаулап кампилобактериозға тексереді және емдейді.      

16. Сауықтыру  шараларын жүргізу кезінде келесі шараларға тиым салынады:  
      1) басқа шаруашылықтан мал әкелуге және шаруашылық ішінде мал араластыруға;  
      2) кампилобактериоздан таза емес шаруашылықтан асылдандыру үшін және қолдануға жануарлар сатып алуға.      

17. Барлық  ірі қара малды сиырлар және қашарлар кампилобактериозға қарсы вакцинамен қолдану нұсқамасына сәйкес егеді. Кампилобактериоздан таза емес ферма аумағында орналасқан бұқалар және малдар вакциналанады.      

18. Фермадағы  сиырлар мен қашарлар мал төлдеу бөлімдерінде қабылдануы тиіс. Шаруашылық субъектісінде кезекте сауықтыру мал төлдеу бөлімдері болуы қажет. Әрбір іш тастаған сиырды оқшаулайды, мал іш тастаған орынды тазалайды және дезинфекциялайды. Іш тасталған төлдер ветеринариялық зертханаға бактериологиялық зерттеуге жіберіледі. Жас туған төлдерді сақа малдардан бөлек ұстайды.      

19. Кампилобактериоздан таза емес фермаларда сауылатын мал басын міндетті түрде гинекологиялық тексеруден өткізіп ауру малдарды оқшаулап клиникалық белгілері (іштастау, өлі туу, метрит), айқын малдарды емдейді.  
      Кампилобактериозбен ауырған малдарды емдеу үшін антибиотиктер және басқа дәрілер қолдану нұсқамасына сәйкес қолданылады.      

20. Жаз айларында аурудан таза емес фермалардағы жануарларды жазғы лагерьге шығарып, мал қораларында санитарлық ремонт, тазалау және дезинфекциялау жүргізіледі.      

21. Кампилобактериоздан таза емес фермаларда сауықтыру шаралары жүргізілген кезде мал қораларына және аумағына дезинфекция жүргізіледі.      

22. Шаруашылық  субъектісін алдын алу және емдеу-сауықтыру шараларын толығымен орындағаннан кейін, 12 ай аралығында зардапты кампилобактериялар табылмаса және аурудың клиникалық белгілері байқалмаса аурудан таза деп есептейді.  
      Шаруашылық субъектісінде сиырлар мен қашарларды қолдан ұрықтандыру үшін қолданылатын бұқалар, шектеуді алардан бұрын қынап сұйығын немесе жыныс бездерінің секреттерін 3 рет бактериологиялық зерттеулер кезінде теріс нәтиже алынғаннан кейін пайдалануға болады.  

6. Кампилобактериоздан таза емес қой шаруашылықтарын сауықтыру шаралары      

23. Барлық  іш тастаған, сондай-ақ мезгілінен ерте туған қойларды отардан тез арада бөліп және сақман біткенге дейін оқшаулап ұстайды.      

24. Түсікте,  шарана қабықтарын, шуды және ластанған төсенішті, көңді жинайды сонан кейін дезинфекциялық заттармен залалсыздандырып барып жерге көмеді. Қой қораларын және аумағын дезинфекциялайды.      

25. Кампилобактериоздан таза емес отарлардан асылдандыру және қолдану үшін қой алуға, отарларды шаруашылықтың ветеринариялық қызметінің рұқсатынсыз қайта жасақтауға тиым салынады.      

26. Аурудан таза емес отарларда қой қырқу және тоғыту график бойынша, ал соңында қой қоралары, жабдықтар инструменттер және қораның аумағы дезинфекцияланады.      

27. Жайылымдағы  қойларды басқа жайылымға ауыстырады, ал аурудан таза емес отарлар бағылған жайылымдарды 2 ай карантиндейді.      

28. Іш тастаған саулықтарды антибиотиктермен нұсқамасына сәйкес емдейді.      

29. Барлық  туатын саулықтарды кампилобактериозға қарсы вакцинамен егеді.      

30. Егер шаруашылықта кампилобактериоздан бірнеше отар қой таза емес болса, олардан алынған төлдерден жеке отар дайындап оларды шартты түрде таза деп есептейді.      

31. Қойларда  соңғы 2 жыл аралығында кампилобактериозға байланысты іш тастау байқалмаса шаруашылық субъектісін кампилобактериоздан таза деп шаруашылықты сауықты деп есептейді.


Информация о работе Кұтырық ауруы