Кұтырық ауруы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Мая 2013 в 16:30, реферат

Краткое описание

« Акимбеков» шаруа қожалығы Алматы облысы Райымбек ауданы Кеген ауылдық округіне қарасты елді мекенде орналасқан. Онда 300 бас ірі қара, 100 бас жылқы, 600 бас қой, 4 ит бар. Жалпы шаруашылықта 3 база бар. 1 базда қысыр сиырлар, 2 базда сауын сиырлар, 3 базда бұзау мен құнажындар, еркек тайыншалар тұрады. Шаруашылық іші тегіс, әр баздың қасында күн шуақтап тұратын алаңды жер бар. Сиырларды күніне 2 рет сауады, 3 рет азықтандырады.
Шаруашылық айналасы қоршалған, ағаштар отырғызылған. Әр күні ірі қараларды, жылқыларды 5 км жерге дейін мационға шығарады. Азықтандыруға келсек жем,арпа шөп азықтары мен силос азықтары беріледі.Шөптер турағыш машинамен туралады, жем жарғыш машинамен жарып беріледі.

Содержание

Кіріспе:
Шаруашылықтың жалпы сипаттамасы.
Шаруашылықтағы ветеринариялық қызметінің құрылымы.
Шаруашылықтың іс қағаздары мен есеп беру құжаттары.
Құтырық ауруымен күресу, емдеу және таралуына жол бермеу шаралары.
Құтырық ауруымен күресу бойынша орындалып жүрген ветеринариялық-санитариялық шаралардың экономикалық шығыны мен тиімділігі.
Келесі жылдың ветеринариялық-санитариялық шаралардың жоспары. Келесі жылға шаруашылық бойынша індетке қарсы шаралардың жоспарын құру.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар

Прикрепленные файлы: 4 файла

ветеринария иси.docx

— 178.17 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

ТуберкулезУикипедия.docx

— 27.45 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

карасан.docx

— 16.79 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасының     
Ауыл шаруашылығы министрінің   
"Жануарлардың ауруларының     
алдын алу және жою бойынша    
ветеринариялық іс-шараларды    
жүзеге асыру жөніндегі      
ережелерін бекіту туралы"    
2004 жылғы 15 қыркүйектегі    
N 493 бұйрығымен бекітілген  

Қарасан ауруының алдын алу және жою бойынша  
ветеринариялық іс-шараларды жүзеге асыру туралы  
Ереже     

 Осы,  қарасан ауруының алдын алу  және жою жөніндегі ветеринариялық  іс-шараларының ережесі (бұдан  әрі - Ереже) жеке және заңды  тұлғаларға ветеринариялық шараларының  ұйымдастыру және жүргізудің  Қазақстан Республикасының "Ветеринария  туралы" Заңының  26 бабына сәйкес міндетті түрде орындауға тиісті тәртібін анықтайды.  

1. Жалпы ережелер       

1. Қарасан  негізінен ірі қараның жіті  өтетін, бұлшық еттерінің ісініп, оны басып көргенде сықырлайтын  қабынуы арқылы ерекшеленетін  жұғымтал емес ауру. Ауруға негізінен  3 айдан 4 жас аралығындағы сиыр  малы, сондай-ақ сирегірек қой,  ешкі, бұлан мен бұғы бейім  келеді.  
      Аурудың қоздырушысы - CIostridium chauvoei - нағыз анаэроб, аздап иілген полиморфты таяқша, қозғалмалы, өлекседе және қоректік ортада спора түзеді. Споралар топырақта 35 жылға дейін сақталады және ауруды тарататын негізгі фактор болып табылады.      

2. Қарасанға  диагноз індеттанулық деректер, клиникалық белгілер (сықырлайтын  ісіну, дене қызуы, ақсау), патологоанатомиялық  өзгерістер және зертханалық  зерттеулер нәтижелерінің негізінде  қойылады.  

2. Қарасанның алдын  алу шаралары      

3. Қарасанның  алдын алу мақсатында мынандай  шаралар жүргізіледі:  
      1) мал қорымдарының санитарлық жағдайын жақсарту және оны қоршау жұмыстарын жүргізу. Қарасаннан өлген мал көмілген жерлердің топырағын залалсыздандыру;  
      2) балшықтанған жайылымдарды және шөп шабатын жерлерді құрғату;  
      3) суаттарды қалпына келтіру, мал су ішетін зақымданған, немесе күдікті суаттарды жабу;  
      4) мал союға, еріксізден сойылған мал етін және өнімдерін ветеринариялық маманның рұқсатынсыз сатуға тиым салу;  
      5) өлген мал жатқан, ауру мал тұрған жерді, бөлмелерді, ауланы тазалау және дезинфекциялау;  
      6) 3 айдан 4 жас аралығындағы ірі қара малды қарасанға қарсы вакцинамен егу. Қарасан тіркелген шаруашылықта 6 айдан жоғары жастағы қойларды вакцинамен қарасанға қарсы егу;  
      7) қарасаннан таза емес пункттерде ірі қара малды арасына 15 күн салып екі рет вакцинамен егу.      

4. Алдын  ала егу үшін Қазақстан Республикасында  Мемлекеттік тіркеу реестрінде  тіркелген вакциналар қолданылады.       

5. Өлтірілген  вакцинамен алдын ала егу малдарды  жайылымға жіберерден 14 күн бұрын  аяқталуы тиіс. Мал жайылымында  6 ай ұсталатын аудандарда ауруға  бейім малдарды, арасына 6 ай салып  2 рет вакцинамен егілу керек.  Қарасанға қарсы тірі вакцинамен  малдарды жылына 1 рет жайылымға  жіберерден 7 күн бұрын егеді.       

6. Жаңа  туылған төлдерді 3 айдан бастап  егеді; өлтірілген вакцинамен 6 айдан  кейін қайтадан екінші рет  егеді.      

7. Қауіп  төнген аумақта орналасқан шаруашылық  субъектісіне жаңадан келген  малдар міндетті түрде вакцинамен  егілу қажет. Оларды егілгеннен 14 күннен кейін табынға қосуға  болады.      

8. Малдардың  қарасанға қарсы егілгені туралы  олардың санын, вакцинаны шығарған  мекеменің атын, дайындалған күнін,  жұмсалған мөлшерін, сондай-ақ еккен  кісінің аты жөнін, малдың күйін  көрсетіп акті толтырылады.  

3. Қарасанды жою  жөніндегі шаралар      

9. Шаруашылық  субъектісінің басшысы, немесе  жеке тұлға қарамағындағы жануарлардың  ауырғаны немесе өлгені туралы, ауру, немесе өлу себептерін анықтау  үшін міндетті түрде аумақтың  мемлекеттік ветеринариялық инспекторына  хабарлауы тиіс.      

10. Жануарлар  өсіретін шаруашылық субъектісінің  басшысы, немесе жеке тұлға,  мемлекеттік ветеринариялық инспектордың  келуіне қарамастан ауру малды  сау малдардан оқшаулауға, сондай-ақ  өлген малдардың өлекселерін  нормативтік құқықтық актілер  мемлекеттік тіркеу реестріне  N 2088 тіркелген Қазақстан Республикасы  ауыл шаруашылығы министрінің  2002 жылғы 14 қарашадағы "Жеке және  заңды тұлғалардың міндетті орындауы  үшін ветеринариялық іс-шараларды  ұйымдастыру және жүзеге асыру  ережесі" N 367 бұйрығымен бекітілген  қажетті  ережелерін сақтай отыра тез арада мал қорымына немесе өртейтін жерге апаруға тиісті.      

11. Мемлекеттік  ветеринариялық инспектор келісімен  ауырған және өлген малдарға, диагноз қою үшін зерттеу жүргізеді.  Патологиялық материалдар алып, оларды тексеру үшін ветеринариялық  зертханаға жібереді.      

12. Өлексені  сою тек арнайы, немесе мал  өртейтін жерде жүргізіледі. Өлекселер  өртеледі.      

13. Жайлымдарда  және жер асты сулары жақын  орналасқан жерлерде қарасаннан  өлген малдардың өлекселерін  көмуге тиым салынады.      

14. Аурудан  таза емес пункттерде қарасанға  бейім жануарлардың дене қызуын  өлшеп клиникалық байқаудан өткізеді. Клиникалық белгілері (ақсау,  ісіну, дене қызуы) байқалған  жануарлар оқшауланады. Малдың  өлуі болған жағдайда өлекселерін  мал қорымына апаруды немесе  оларды өртеуді ұйымдастырады.       

15. Ауру  малдар ластаған көңге, төсенішке  және жемшөп қалдықтарына далаға  шығар алдында 10% күйдіргіш натрий  ерітіндісі себіліп, сонан кейін  өрттен сақтану ережелерін сақтай  отыра өртеледі. Осы ерітіндімен  немесе 18% феносмолиннің эмульсиясымен, 4% формальдегидтің ерітіндісімен  5-10 л/м 2 мөлшерінде топырақ дезинфекцияланады.      

16. Қарасанның  клиникалық белгілері байқалмаған  малдардың барлығы тез арада  вакцинамен егіледі.      

17. Қарасаннан  жазылған малдарды клиникалық  белгілері (ақсау, ісіну, сықырлау) байқалмаған күннен бастап 30 күннен  кейін союға рұқсат етіледі.       

18. Вакцина  егілген сиырлардың сүті шектеусіз  қолданылады, тек егілген малдардың  дене қызуының көтерілуі, ісінуі  байқалмаса болғаны. Ондай жағдайда  сүтті пісіргеннен кейін пайдалануға  болады.      

19. Қарасанға  диагноз қойылғаннан кейін аумақтың  мемлекеттік ветеринариялық инспекторы  шаруашылық субъектісінің басшысымен  бірге карантин қойылатын індет  ошағының шекарасын және аумағын  анықтайды.      

20. Қазақстан  Республикасының "Ветеринария  туралы" Заңының  27 бабының 1 тармағына сәйкес жергілікті атқарушы орган мемлекеттік ветеринариялық инспектордың ұсынуымен шаруашылық субъектісін, жайылымды, елді мекенді қолайсыз деп танып, карантин қояды, ауруды жоюдың негізгі шараларын, орындау мерзімін және жауапты адамдарды белгілейді.      

21. Қазақстан  Республикасының "Ветеринария  туралы" Заңының  27 бабының 3 тармағына сәйкес шаруашылық субъектісін соңғы мал жазылғаннан немесе соңғы мал өлгеннен, 14 күннен кейін қорытынды дезинфекция жүргізілгеннен соң, қарасаннан таза деп есептеп, карантин алынады.      

22. Карантиннің  шарттары бойынша келесі шараларға  тыйым салынады:  
      1) ірі қара малды және қойды карантин аумағынан шығаруға;  
      2) карантин салынған аумаққа ірі қара мал, қой әкелуге және ол аумақ арқылы мал айдауға;  
      3) шаруашылық ішінде мал араластыруға, айырбастауға және сатуға;  
      4) карантин салынған аумақта дайындалған жемшөпті және басқа мал азығын сыртқа шығаруға.  
      Мұндай жемшөп карантин салынған пункт ішінде жылқыларға және егілген ірі қара малға 14 күннен кейін беріледі;  
      5) ауырған малдың сүтін пайдалануға;  
      6) ауру малды етке союға;  
      7) өлген малды союға және терісін алуға;  
      8) бөтен адамдарға қолайсыз пункттің аумағына кіруге;  
      9) малды ортақ суаттан суаруға;  
      10) вакцинделген малдың сүтін пайдалануға.      

23. Карантинделген  шаруашылық субъектісінің басшысы  мал қораларын, қажетті құралдарды, өлген мал жатқан жерді тазалауды  және дезинфекциялауды, сондай-ақ  ауырған малдарды күтушілерді  арнайы киіммен қамтамасыз етеді.       

24. Карантин  алынардан бұрын аумақтың мемлекеттік  ветеринариялық инспекторы жергілікті  атқарушы органның уәкілімен  бірге жүргізілген ветеринариялық  санитариялық шаралардың толығымен  орындалуын тексеріп өз ұсыныстарын  дайындайды.

 


кампилобактериоз.docx

— 23.92 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Информация о работе Кұтырық ауруы