Кұтырық ауруы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Мая 2013 в 16:30, реферат

Краткое описание

« Акимбеков» шаруа қожалығы Алматы облысы Райымбек ауданы Кеген ауылдық округіне қарасты елді мекенде орналасқан. Онда 300 бас ірі қара, 100 бас жылқы, 600 бас қой, 4 ит бар. Жалпы шаруашылықта 3 база бар. 1 базда қысыр сиырлар, 2 базда сауын сиырлар, 3 базда бұзау мен құнажындар, еркек тайыншалар тұрады. Шаруашылық іші тегіс, әр баздың қасында күн шуақтап тұратын алаңды жер бар. Сиырларды күніне 2 рет сауады, 3 рет азықтандырады.
Шаруашылық айналасы қоршалған, ағаштар отырғызылған. Әр күні ірі қараларды, жылқыларды 5 км жерге дейін мационға шығарады. Азықтандыруға келсек жем,арпа шөп азықтары мен силос азықтары беріледі.Шөптер турағыш машинамен туралады, жем жарғыш машинамен жарып беріледі.

Содержание

Кіріспе:
Шаруашылықтың жалпы сипаттамасы.
Шаруашылықтағы ветеринариялық қызметінің құрылымы.
Шаруашылықтың іс қағаздары мен есеп беру құжаттары.
Құтырық ауруымен күресу, емдеу және таралуына жол бермеу шаралары.
Құтырық ауруымен күресу бойынша орындалып жүрген ветеринариялық-санитариялық шаралардың экономикалық шығыны мен тиімділігі.
Келесі жылдың ветеринариялық-санитариялық шаралардың жоспары. Келесі жылға шаруашылық бойынша індетке қарсы шаралардың жоспарын құру.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар

Прикрепленные файлы: 4 файла

ветеринария иси.docx

— 178.17 Кб (Скачать документ)

 

    1. Шаруашылықтың  жалпы сипаттамасы.

  « Акимбеков» шаруа қожалығы Алматы облысы Райымбек ауданы Кеген ауылдық округіне қарасты елді мекенде орналасқан. Онда 300 бас ірі қара, 100 бас жылқы, 600 бас қой, 4 ит бар. Жалпы шаруашылықта 3 база бар. 1 базда  қысыр сиырлар, 2 базда сауын сиырлар, 3 базда бұзау мен құнажындар, еркек тайыншалар тұрады. Шаруашылық іші тегіс, әр баздың қасында күн шуақтап тұратын алаңды жер бар. Сиырларды күніне 2 рет сауады, 3 рет азықтандырады.

   Шаруашылық айналасы қоршалған, ағаштар отырғызылған. Әр күні ірі қараларды, жылқыларды 5 км жерге дейін мационға шығарады. Азықтандыруға келсек жем,арпа шөп азықтары мен силос азықтары беріледі.Шөптер турағыш машинамен туралады, жем жарғыш машинамен жарып беріледі.          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   2.Шаруашылықтағы  ветеринариялық  қызметінің құрылымы.

Мал басы түгел бірдей сырғаланып,паспортталып және компьютерге толықтай енгізілген.

  1. Ветеринариялық инспекторы:  Албанов А.
  2. Жеке кәсіпкер мал дәрігері: Қасымханов Б.
  3. Көмекші мал дәрігері:  Қабыл

1. Мал иелерінің ауыл  шаруашылық кооперативтерінің қожалық  фермерлік щаруашылықтармен малдарды, мал тегінен шыққан азық-түліктер  мен шикі заттарды дайындайтын,өңдейтін,тасымалдайтын және сататын ұйымдармен ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметпен айналысатын және жеке тұлғалармен Қазақстан Республикасы ветеринария саласындағы заңдылықтарының талаптарының сақтануына бақылау жасауды жүзеге асырады.

2.Ауылдың округінің аумағындағы малдардың жұқпалы ауруларының профилактикасы, диагностикасы және жою жөніндегі індетке қарсы ветеринариялық  іс-шараларының жоспарын жасап шығарады.

3.Бекітілген жоспарларға сәйкес індетке қарсы іс-шаралардың заңды және жеке тұлғалармен жоспарының орындалуын ұйымдастырады.

4.Жайылып жатқан індетке қарсы шаралардың жоспарын жасай отырып, ветеринариялық препараттарға сұраныс жасайды, оларды аудандық бас мемлекеттік ветеринариялық  инспекторға қарауға ұсынады.

5.Ветеринария бойынша бюджеттік бағдарламалардың шегінде  індетке қарсы іс-шараларды орындайтын  заңды және жеке тұлғалармен ветеринариялық препараттарды бақылау.

6.Малдарды ауылдық округінің аумағына алынып келуіне және алып келуіне, қозғалысына, округінің аумағындағы мал өліктерін жерлеген жерлерінің ветеринариялық санитариялық жағдайын иүнемі есеп жүргізеді және оны қадағалауды жүзеге асырады.

7.Жануардың аса қауіпті ауруц лшақтарын пайда болғанда жоюды және созылманы аурулардан сауықтыруды ұйымдастырады.

8.Ветеринария саласы  бойынша уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген және тәртіп бойынша ветеинариялық есеп жүргізеді.

9.Елді мекендер арасында ветеринария саласындағы білімді насихаттауды және ветеринариялық ағарту жұмыстарын ұйымдастырады. 

     3.Шаруашылықтың іс қағаздары  мен есеп беру құжаттары.

МАЛДЫҢ ДИСПАНСЕРЛЕУ КАРТАСЫ

 

Лақап аты (инвентарлық нөмірі) __________________ Туылған жылы _________________

жынысы __________________ тұқымы __________________

 

Күні 

Қоңдылығы

Клиникалық тексеру нәтижелері

 

 

 

 

 

 

 

(Екінші беті)

 

 

Тексеру күні

Қан

Несеп

Сүт

 

 

гемоглобин

лейкоциттер

кальций

фосфор

каротин

ақзат

резервті

сілітілік

қант

кетондық денелер

ақзат

кетондық денелер

желінсауға сынама

қышқылдылық

Қорытынды (диагноз)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

_______________ шаруашылығы _______________ асыл тұқымды мал фермасы _______________ тұқымды_______________ мүйізді ірі қара малының

 

ТІЗІМІ

 

 

 

 

 

 

20__ ж. тексеру кезеңдері

Рет

Лақап аты

(инв. нөмір)

Жасы 

13 наурыз

14 қазан

қоңды-лығы

саулығы,

ауытқулар, диагноз

қоңды-лығы

саулығы,

ауытқулар, диагноз


 

 

 

 

 

 

 

 

                                  Карантинді орнату

 

АЛМАТЫ  ОБЛЫСЫ

РАЙЫМБЕК АУДАНЫ ӘКІМАТЫНЫҢ 
____________________ елді мекеніне құтырық ауруы бойынша карантин орнату туралы

шешімі

№88                                 2013 ж. 25 мамыр

 

Аудандық ауыл шаруашылық өндірістік басқармасы бас мал дәрігерінің 2013 ж. 23 мамырда __________________ елді мекенінде құтырықтың тіркелгендігі туралы хабарламасын естіп __________________ ауданының әкіматы төмендегідей шешім қабылдайды.

1. __________________ селосында  және __________________ шошқа фермасында  құтырық бойынша карантин орнатылсын және __________________, __________________ және __________________ елді мекендерін оыс ауру бойынша қауіпті деп жариялансын.

  1. Қосымшада келтірілгендерге сәйкес __________________ елді мекенінде құтырқты жою бойынша жүргізілетін шаралардың жоспары бекітілсін.
  2. __________________ ауылдық округінің әкімі Т.Б. Күздеубаев мырзаға келесілерді орындау міндеттелінсін:

- шошқаның обасы бойынша  карантин жарияланғаны туралы __________________ селосына енетін жолға пикеттерді орнату;

- карантин орнатылған __________________ селосынан малдарды шығаруға және басқа елді мекеннен малды аталған селоға алып келуге тыйым салу;

- __________________ аудан орталығындағы базарда ірі қараның, өнімдерін сатуға тыйм салу;

- ветеринария  қызметкерлеріне __________________ селосындағы жеке меншік аулаларында құтырыққа қарсы шараларды жүргізуге көмек көрсету;

- __________________, __________________ және __________________ елді мкеендерде малдарды сыртқа шығармай жек аулаларында ұсталуын қамтамсыз ету.

4. «__________________» шаруа қожалығының директоры Ж.Н.Ақмырзаев мырзаға келесі шараларды жүзеге асыру міндеттелінсі:

- шаруашылықтың территориясына бөгде адамның кіруін және мал тұратын кейбір қоралар мен фермалардың арасындағы шаруашылықтық қатынасты тоқтату;

- ет комбинатының  басшысымен келісілген мерзімде  санитариялық сойыс бекетінде  сою үшін обамен ауырған ірі қараны арнайы көлікпен жеткізу;

- карантин ережелерінің  сақталуын және індет ошағын  жою шаралары жоспарының орындалуын  қатаң сақтау.

5. __________________ ауданының бас мал дәрігері М.Н.Биімбетов мырзаға және __________________ шаруа қожалығының бас мал дәрігері Б.М. Бекжанов мырзаға мыналарды жүзеге асыру міндеттелінсін:

- __________________ және __________________ елді мекендеріндегі қоғамдық  және жеке меншік пайдалуға арналған барлық ірі қараны басына үш күндік мерзімде құтырыққа қарсы вакциналау жұмысын жүргізу;

- құтырықты жоюға жұмылдырылған жұмыскерлерге аурудан таза емес фермадан басқа аймақтарға инфекцияның таралуының алдын алу туралы жүйелі түрде нұсқама жүргізу;

- қалған барлық іс-шараларды  нұсқаулықтарға сәйкес жүргізу.

6. __________________ ет комбинатының директоры М.Қ.Хайруллаев мырзаға ауру ірі қараны сою және қайта өңдеудің ветеринариялық-санитариялық ережелерін қатаң сақтау арқылы __________________ шаруа қожалығынан келген барлық ірі қара малдарды санитариялық сойыс бекетінде уақытылы союды қамтамыз ету міндеттелінсін.

7. Осы шешімнің орындалуын қадағалау __________________ ауданы әкімімінің орынбасары О.Б.Дауренов мырзаға және __________________ ауданының бас мемлекеттік ветеринария инспекторы О.Е.Қоқымбаев мырзаға жүктелсін.  

 

__________________ ауданының  әкімі                                    __________________

                                                                                                                   (қолы)

__________________ ауданы әкімінің хатшысы             __________________

                                                                                                                   (қолы)

                                       

 

 

 

4.Құтырық ауруымен  күресу, емдеу және таралуына жол бермеу шаралары.

     Құтырық (Rabies, бешенство) – орталық жүйке жүйесінің зақымдануынан аггресивтілікпен, құтыру, тістеу, судан қорқу немесе жартылай салдану,сілекей шұбыру тағы басқа белгілермен ерекшеленіп , жіті өршитін вирустық ауру.

Құтырық өте ерте заманнан, адамзаттың мәдени тарихы қалыптаса  бастаған кезден белгілі. Ол туралы мәліметтер Вавлонның б.д.д 2300 жылы жсалған заңдар жинағында кездеседі. Демокрит (б.д.д 5ғ) иттің құтырғын жан –жақты баяндаса, Аристотель ( б.д.д 4-ғ) әртүрлі жануарларға  құтырықтың ит қапқанда жұғатындығын жазады .І.Есенберлиннің « Алтын  Орда» романында әмір Темірдің (14ғ) Алтын Орданың болашақ ханы Тоқтамыстың  құтырған ит талаған әйелі мен  баласын өртетіп жібергені суреттелген.

Құтырған ит сілекейінің  жұғымталдығын алғаш рет тәжірибе жүзінде 1804 жылы Францияда Цинке  дәлелдеді. Оның отандасы Лион ветеринария  мектебінің профессоры В.Гальте (1879-1881) үй қояндарына құтырық жұқтырып, қойды  ауырған жануардың сілекейімен  иммундеуге тырысты. Бұл деректерді пайдаланған Л.Пастер (1881-1889)үй қоянының миынан бірнеше рет өткізу арқылы аурудың қоздырушысын әлсіретіп, өзінің дүние жүзіне әйгілі вакцинасын алды. Құтырық қоздырушысының вирус екендігін  бұдан көп кейін 1903 жылы Ремленже мен Риффат-бей дәлеледеді. Румын  ғалымы В.Бабеш (1887) және итальяндық А.Негри (1903) кейіннен Бабеш-Негри денешігі деп аталып кеткен құтырыққа шалдыққан  жануардың ми нейрондарының протоплазмасында болатын ерекше құрылымды ашты. Сонымен қатар құтырық соңғы жылдаыр Ақмола облысында кең тарлған.Ақмола облысы территориясында құтырықты мониторингілеу нәтижесі. Құтырық үй малдарының арасында Ақмола облысының территориясында айтарлықтай мерзім аралығында тіркелетін аса қауіпті індет. Кеңес дәуірі кезінде құтырықтың энзоотиялық ошақтары ретінде Қорғалжын, Аршалы, Целиноград, Балқашын, Жақсы және бір қатар аудандарда жиі түрде ит, түлкі, ірі қара мал арасында жиі тіркелген. Аурудың тіркелуі табиғи-ошақтық фактордың ықпалынан кездеседі. Негізгі себептің бірі Ақмола облысы территориясының 17 аудан ауқымындағы жабайы аңдардың арасында құтырық қоздырушысының үнемі сақталуы мен оларды вакциндеу жұмыстарының жүргізілмеуінен болуда.  
     Соңғы 2003-2009 жылдар аралығында 3 ауру оқиғалары екі ауданда (Ақкөл, Щучье) тіркелді. Соның ішінде 2007 жылы Ақкөл ауданында жылқы мен ірі қараның арасында наурыз-сәуір айларында байқалса, осы жылдың маусым айында Щучье ауданының аумағында тіркелген. Жалпы алғанда 2001-2008 жылдар арасында 24 ауру оқиғалары тіркелген. Соның ішінде 8 жағдайда ірі қара, 11 оқиғасында иттер, 4 жағдайында мысықтар және 1 оқиғасы жылқы арасында байқалған. Ақмола облысында құтырықтың маусымдылығы көктем-жаз айларында байқалатындығы мәлім болды. Өлім коэффициенті (Өк) құтырықта 100 % жетті. Осыған орай, 2010 жылы 3200 бас ірі қараны, 800 қой, 500 жылқы, 30 мың ит пен 6000 мысық көктемнің наурызында және қазан айында егу жоспарланса, жабайы аңдардың 32 790 басы қамтылу көзделген. Соның ішінде ірі қара малдан – Аршалы, Астархан, Зеренді, Жарқайың, Целиноград, Щучье, Шортанды аудандарында, ұсақ мүйізділер – Ақкөл, Целиноград, Щучье, Шортанды, Жарқайың, жылқы бойынша - Жарқайың Ақкөл, Целиноград, Щучье, Шортанды, Атбасар, ал ит-мысықтар мен жабайы аңдар барлық аудандарда вакцинделуге жатқызылған. 
     Үлкен қиындықтар тудыратын мәселелердің бірі – жабайы етқоректі жыртқыштарды құтырыққа қарсы вакциндеу жұмысы елімізде, соның ішінде облыс көлемінде жолға қойылмаған. Оның негізгі себептері ретінде: жабайы аңдар санының есептелмеуін, жабайы аңдардың этологиясының толыққанды зерттелмеуін, оралді жолмен қолданылған вакцинаның аңдар организміндегі тудыратын иммунитетінің пайда болуы мен сақталу ұзақтығын зерделенбеуін келтіруге болады. Жалпы ауруды алдын алу мақсатында 2010 жылы не бары 88 патологиялық материалды вирусологиялық зерттеу жұмыстары жоспарланған. Сондықтан, құтырықты мониторингілеу алдымыздағы 2010 жылға арналған болжамның негізі болып табылады.

     Құтырық ауру бойынша 2010 жылға болжам сәтсіз деп саналады. Бұған негізгі себеп құтырық бойынша табиғатта аурудың ошақтарының сақталуы. Соңғы жылдардағы бақылау мен зерттеу жұмыстарының негізінде құтырық ауруының үй малдарының арасындағы оқиғаларын Ақмола облысының Ақкөл, Щучье, Ерейментау және Аршалы аудандарында тіркелуі ықтимал. Сонымен бірге, 2010 жылдың күзі аталмыш ауру бойынша орташа қарқында өтеді.

     Құтырықтың қоздырушысы-Rabies lyssavirus –рабдовирустар  тұқымдастығының лиссавирустар туыстығына жатады.Барлық рабдовирустар секілді оқ пішінді. Вириондарының ұзындығы 180 нм, көлденеңі 75-80 нм. Өсіп келе жатқан  тауық және үйрек эмбриондарында , кейбір торшалардың өсінінде өсіруге болады. Індет кезінде кездесетін және лабороториялық құтырық вирустарының көпшілігі бірінші сероварға жатады. Басқа сероварлары әзірше тек Африкада бөлініп алынған.Құтырық вирусы 60 С градус кезінде 10 мин өткенде 100 С градуста бірден белсенділігін жояды. Төменгі температураға төзімді болады да, тоңазытылып қатырылған мида ұзақ сақталады. Шіри бастаған материалда 2-3 апта бойы тіршілігін жоймайды.Қолданылып жүрген дезенфектанттардың концентрациясы:1-2% лизол ертіндісі, 2-3% сілтілер, формалин және хлорамин вирусты тез арада белсенділігінен айырады

 

    Аурудың көзі-сілекейімен құтырманың вирусын шығаратын және оны тістегендегі жара арқылы беретін жануар. Сілекей ауру белгілері пайда болмай тұрып,ауру жұққан соң 8-10 тәуліктерде жұқпалы бола бастайды.Теріге немесе кілегейлі қабыққа сілекей жұққанда құтырма вирусы жұғады. Құтырма вирусын жұқтырған кезден бастап аурудың алғашқы белгілері пайда болғанға дейін бірнеше тәуліктен бірнеше айға (бір жылға дейін ) созылуы мүмкін.

    Иттерде құтырма ауруы бірнеше түрде өтеді. Елірме түріндегі құтырма кезінде иттің көңіл күйі жабырқау, тіл алмайды немесе өте еркелегіш болып көрінуі мүмкін.Содан соң біртіндеп мазасызданып, ашушаңдық ұлғаяды, әдетте жеуге жарамайтын заттарды жей бастайды, одан соң жұтынуы қиындап, сілекейі шұбырады, ит кез келген жануарға, адамға шабуыл жасайды, судан қорқады. Аурудың әрі қарай дамуы тамақтың, төменгі жақтың, аяқ-қолдың, бүкіл дененің салдануына (паралич) әкеледі, әдетте 8-10 шы тәулікте иттің өлімімен аяқталады (немесе 3-4 тәулікте).

Құтырманың тыныш түрінде  нерв жүйесінің ширығу белгілері (ашушаңдық,мазасыздық ,агрессивтігі) аз білінеді немесе тіптен білінбейді, жұтынуы қиындайды,төменгі жағы салбырайды, сілекейі шұбырады, салдану (паралич) тез пайда болып, 2-4 тәулікте өледі.

   Құтырманың атиптік (ауруға тән емес) түрінде жануар арықтайды, асқазан-ішек ауруларының белгілері білінеді, ашушаңдық, еліру,  шабуылдау белгілері білінбейді.

   Мысықтарда құтырма көбіне еліру түрінде өтеді.Аурудың белгілері ит құтырмасы секілді.  Мысықтар көбіне ит және адамдарға шабуылдайды.

   Құтырған жабайы аңдар адамдардан қорқуын қойып, ауыл арасын кезіп жүреді, малға,адамға шабады.

   Мүйізді ірі қараның құтыруы көбіне тыныш түрінде өтеді.Қарлығып мөңірейді, сілекейі ағады, қалтылдап штқаяқтап жүреді, аяқ параличі тез пайда болады. Құтырманың белгісіз түрінде өтуі де сирек емес. Бұл жемнен бас тарту, асқазан әлсіздігі, құмалақ тастау бейнесіне жиі тұрады,сіресу ұстамасы,соңы салданумен аяқталады.Ірі қарада құтырманың еліру түрінде ноқтадан босануға әрекет етеді, қатты мөңірейді, жер тарпиды, басқа сиырларға, иттерге, адамдарға шабуылдайды.Қой мен ешкіде құтырма мүйізді ірі қарадағыдай өтеді.Жылқы мен шошқада құтырма көбіне елірме түрінде өтеді. Құтырма қандай түрінде өтсе де, қандай жануар ауырса да соңы өлім-жітімге әкеліп соғады.

 

       Жануарлар құтырмасының алдын алу

            Жеке заңды тұлғалар - жануарлардың иелері:

1) ветеринария саласындағы  уәкілетті орган айқындаған ауыл  шаруашылығы жануарларын, иттерді,  мысықтарды, терісі қымбат аңдар  мен жыртқыш аңдарды ұстау  ережесін сақтайды;

2) клиникалық тексеру  мен антирабиялық вакцинамен  алдын ала сақтану егулерін  жүргізу үшін ауданның (қаланың)  бас мемлекеттік ветеринарлық  инспекторының ұсынымы бойынша  жергілікті атқарушы орган белгілеген  мерзімдерде өздерінің иелігіндегі  иттері мен мысықтарын ветеринарлық емдеу-алдын алу ұйымдарына жеткізеді;

3) жеке аулаларына, фермаларға, үйірлерге, отарлар мен табындарға  құтырмаға қарсы егілмеген иттерді  жібермейді;

4) жабайы аңдардың үйірлерге,  отарларға, табындарға, мал шаруашылығы  үй-жайларына жіберілмеуіне қатысты  шаралар қабылдайды, осы мақсатпен  құтырмаға қарсы егілген иттерді  пайдалана отырып, оларды тұрақты  күзетілетін жайлауларға шығарсын  және фермаларда, жемдейтін алаңдарда  ұстайды; 

5) шаруашылыққа (елді мекен)  қызмет көрсететін ветеринарлық  маман жануарлардың құтырмамен  ауыруына күдікті және ауыл  шаруашылығы және үй жануарларын  жабайы жыртқыш аңдарды, иттердің  немесе мысықтардың тістеуі жағдайлары  туралы дереу хабарлайды, тістелген  жануарлар туралы немесе ауруға  күдіктілерді сенімді оқшаулау  бойынша тиісті шаралар қабылдауы  керек. 

5. Адамдарды немесе жануарларды  тістеген иттерді, мысықтар мен  басқа да жануарларды (құтырмамен  ауыратындардан басқа) иелерімен  немесе иесіз иттер мен мысықтарды  аулау жөніндегі арнайы бригадалармен  оқшаулау және ветеринарлық мамандар  қадағалау үшін 10 күн ішінде жақындағы  ветеринариялық емдеу ұйымына  жеткізілуге жатады.

6. Жекелеген жағдайда  ғана адамдарды немесе жануарларды  тістеген жануарларды ветеринариялық  емдеу ұйымының рұқсаты бойынша  10 күн бойы бұл жануарды оқшауланған  үй-жайда ұстаймын және ауылдық  округтің ветеринариялық инспекторы  белгілеген мерзімдерде ветеринарлық  дәрігерге қарау үшін әкелемін  деген жазбаша міндеттеме алған  иесінде қалдыруға болады.

7. Оқшауланған жануарларды  қадағалаудың нәтижесін осы аумаққа  қызмет көрсететін ветеринарлық  инспектор немесе ветеринарлық  дәрігер-лицензиат арнаулы журналда  тіркейді және жазбаша түрде  зардап шеккен адамды егетін  ұйым мен зардап шегуші адамның  тұрғылықты жерінде орналасқан  аумақтық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық  қадағалау органына хабарлайды.

8. Оқшаулау мерзімінің  аяғында клиникалық белгілер  бойынша дені сау жануарлар  алдын ала вакциналанғаннан кейін  оларды 30 күн бойы оқшаулау шартымен иелеріне қайтарылуы ықтимал. Құтырмамен ауырған жануарлар ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өлтіріледі.

9. Коммуналдық шаруашылық  органдары, тұрғын үйді пайдалану  ұйымдары, базарлардың әкімдіктері,  ет-сүт өндіретін кәсіпорындар, дүкендер, асханалар, мейрамханалар, жатақханалар  коменданттары, үй иелері ұйымдардың, базарлардың, үйінділердің, қоқыстар  мен басқа да қалдықтар алаңдарын  тиесілі санитарлық жағдайда  ұстауға міндетті, мұндай жерлерде  иесіз иттер мен мысықтардың  жиналуына жол бермеуі керек,  иттер мен мысықтардың жертөлелерге, шатыр астына және басқа да  тұрғын үй емес үй-жайларға  кіру мүмкіндігін болдырмау шараларын  қабылдайды.

10. Белгіленген нысандағы  олардың құтырмаға қарсы вакциналанғаны  туралы белгісі бар ветеринарлық  куәлігі болған кезде иттер  мен мысықтарды сату, сатып алу,  ауданнан, облыстан (қаладан), республикадан  тыс жерге әкету, республикаға  әкелуге рұқсат етіледі. Оларды  мемлекеттік шекара арқылы ветеринарлық  өткізу пункттерінде мемлекеттік  ветеринарлық инспектор тексереді. 

11. Жабайы аңдар құтырмасын  уақытылы анықтау және оның  таралуының алдын алу мақсатында  орман шаруашылығы, табиғатты  қорғау органдары, аңшылық қожалықтар, қорықтар қызметкерлері мен тапсырысшылары:

1) дереу ветеринарлық мамандарға науқастану жағдайы немесе жабайы аңдардың әдеттен тыс мінез-құлқы (адамнан қорықпау, адамдарға немесе жануарларға кенеттен ұмтылу) туралы дереу хабарлайды;

2) аңшылық алқаптарда, қорықтар аумақтарында, ірі елді мекендердің жасыл аймақтарында табылған жыртқыш аңдарды (түлкілерді, жанат тәрізді иттерді, ақ түлкілерді, қасқырларды, қарсақтарды, ши бөрілерді) құтырмаға зерттеу үшін ветеринариялық зертханаға жібереді;

3) табиғатты қорғау аңшылық инспекциясы мен аңшылық қызметі аңшылардың жолдамалары мен аңшылық билеттерін тексеру кезінде иттердің құтырмаға қарсы егілгені туралы куәландыратын тіркелген куәліктерін тексереді; вакциналанбаған иттер аң аулауға жіберілмейді.

12. Республиканың табиғи  ошақтары мен қолайсыз елді  мекендері бар барлық елді мекендеріндегі иттер мен мысықтар олардың меншік иелігіне қарамастан, Қазақстан Республикасының Ветеринариялық препараттардың мемлекеттік тізімдемесінде тіркелген антирабиялық вакциналарды, оларды қолдану жөніндегі нұсқауға сәйкес пайдалана отырып, құтырмаға қарсы міндетті алдын ала иммундауға жатады. Алдын ала иммундауды жүргізу туралы актіге олардың иелері туралы деректерді (аты-жөні, мекен-жайы) көрсете отырып, вакциналанған иттер мен мысықтардың тізімдемесі қоса беріледі. Жануар паспортына тиісті белгі қойылады.

13. Жабайы аңдардың құтырмасы  бойынша эпизоотиялық қолайсыз  аймақтарда жұқтыру қаупі төнген  барлық ауыл шаруашылығы жануарларын  (ірі мүйізді қара мал, ұсақ  мүйізді қара мал, аттар, түйелер), иттер мен мысықтарды құтырмаға  қарсы жоспарлы алдын ала иммундау  жүргізіледі.

          Жануарлардың құтырмамен ауыруы кезіндегі іс-шаралар

14. "Құтырма" диагнозы  зертханалық зерттеулердің эпизоотологиялық  клиникалық, патологоанатомиялық деректері  мен нәтижелерінің кешені негізінде  қойылады.

15. Құтырмаға зерттеу үшін  зертханаға ұсақ малдың - жас өлігі  немесе басы, ал ірі жануардың  - жаңа сойылған басы жіберіледі.

16. Құтырмаға зертханалық  зерттеу дереу жүргізіледі. Зерттеудің  нәтижесі туралы патологиялық  материалды зертханаға жіберген  ветеринарлық маманға және ауданның (қаланың), облыстың бас мемлекеттік  ветеринарлық инспекторына хабарлайды.

17. Ауданның (қаланың), облыстың  бас мемлекеттік ветеринарлық  инспекторы жануарларда құтырма  жағдайы анықталғаны туралы ақпаратты  алған кезде: 

1) аумақтық мемлекеттік  санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау  органына, көршілес аудандардың  бас мемлекеттік ветеринариялық  инспекторларына және жоғарыда  тұрған ветеринарлық органға  дереу хабарлайды;

2) аумақтық мемлекеттік  санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау  өкілдерімен бірлесіп ауру анықталған  жерге барады, эпизоотиялық ошақ  пен қолайсыз елді мекенді  эпизоотологиялық-эпидемиологиялық  тексеруді жүргізеді, қауіп төніп тұрған аймақтың шекарасын белгілейді және эпизоотиялық ошақтардың орналасуы мен оларды жою бойынша іс-шаралардың жоспарын әзірлейді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарлары мен адамдар арасында аурудың қайталану жағдайларын болдырмау бойынша алдын алу және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізеді;

3) жергілікті атқарушы  органға бекіту үшін шектеу  іс-шараларын белгілеу бойынша  материалдарды ресімдейді.

18. Шектеу шарттары бойынша  құтырма бойынша қолайсыз елді  мекендерде иттер мен мысықтар  көрмелерін, иттерді шығару мен  тасымалдауды жүргізуге рұқсат  етілмейді. Үй жануарларын сату  тоқтатылады, иттер мен мысықтарды  қолайсыз жерден тыс шығаруға  және шектеу белгіленген аумақ  пен қауіп төніп тұрған аймақта  жабайы аңдарды аулауға (хайуанаттар  паркіне әкету үшін, басқа аудандарға  әкету мақсатында) тыйым салынады.

19. Ветеринарлық және санитарлық  қызметтердің мамандары құтырма  бойынша қолайсыз елді мекендерде  мынадай іс-шараларды ұйымдастырады: 

1) халық арасында құтырма  ауруының қаупі және оның алдын  алу шаралары туралы түсіндіру  жұмыстарын жүргізу; 

2) құтырмаға қарсы егуді  қажет ететін адамдарды анықтау  үшін қолайсыз елді мекендердің  аулаларын (пәтерлерді) тексеру,  иттерді, мысықтар мен басқа  да жануарларды ұстау жағдайын  тексеру, ауру бойынша күдікті  науқастар мен жұқтырды деген  күдік туғызатын жануарларды  анықтау; 

3) оқшауландырылатын және  қадағалауда қалдырылатын тістелген  адамдар мен жануарлардан басқа,  құтырмамен ауыратыны анықталған  иттерді, мысықтар мен басқа  да жануарларды кейіннен жаға  отырып, өлтіру;

4) жабайы аңдардың құтырма  жағдайы анықталған кезде ауылдық  округтер, аудандық (қалалық), облыстар  әкімдерінің жабайы аңдарды, иттер  мен мысықтарды аулау және  ату жөніндегі шешімдерін әзірлеу. 

20. Құтырманың эпизоотиялық  ошақтарында олардың арасынан  құтырма ауруы бойынша аурулар немесе күдіктілер шыққан жануарлар топтарын (ферма, үйір, топ мал, отар, табын) тұрақты қадағалау белгіленеді. Бұл жануарларды күніне кем дегенде үш рет қарайды және оларды қолдану жөніндегі нұсқауға сәйкес антирабиялық вакцинамен алдын ала етеді. Еккеннен кейін жануарды 60 күн оқшаулау керек.

21. Жабайы жыртқыш аңдар  тістеген клиникалық белгісі  бойынша дені сау жануарларды  құтырмаға қарсы егілуіне және  тұқымына қарамастан, кейіннен жаға  отырып, өлтіреді.

22. Оларды өлтіру, сол жерде,  ауыл шаруашылығы жануарларының  арасындағы құтырма ауруы жағдайы  тіркелген шаруашылықта жүргізіледі. 

23. Құтырма бойынша қолайсыз  ферманың (топ малдың, үйірдің, отардың,  табынның) клиникалық белгі бойынша  дені сау малының сүтін, құтырмаға  қарсы жүргізілген егуге қарамастан, 80-85о С-да 30 минуттай пастерлегеннен  немесе 5 минуттай қайнатылғаннан  кейін адамдардың тамағына немесе  жануарлардың жеміне пайдалануға  болады.

24. Құтырма бойынша қолайсыз  топтың клиникалық белгі бойынша  дені сау малынан алынған жүнді  шаруашылықтан ветеринария саласындағы  нормативтік құқықтық актілерге  сәйкес ол дезинфекциялануға  жататыны туралы ветеринариялық  куәлікте көрсете отырып, тығыз  материалдан жасалған ыдыста  қайта өңдейтін кәсіпорынға ғана  әкетеді. 

25. Құтырма ауруы бойынша  ауру және күдікті жануарлар  болған жерлер, түкірікпен және  басқа да шығарылымдармен ластанған  оларды күту заттары, киім мен  басқа да заттар ветеринария  саласындағы нормативтік құқықтық  актілерге сәйкес дезинфекцияланады. 

26. Шектеуді жергілікті  атқарушы органдардың шешімімен  (ауданның (қаланың), облыстың бас  мемлекеттік ветеринарлық инспекторы  мен ауданның (қаланың), облыстың  бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің  бірлескен ұсынымы негізінде)  жоспарланған алдын алу және  эпидемияға қарсы іс-шараларды  орындау шартымен жануарлар ауруының  соңғы жағдайы күнінен бастап  екі ай өткеннен кейін алынып  тасталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5.Құтырық ауруымен күресу бойынша орындалып жүрген ветеринариялық-санитариялық шаралардың экономикалық шығыны мен тиімділігі.

 

   Малды ауруға шалдығып, өлім-жітімге ұшыраудан сақтандырушы емдік, алдын алушы, сауықтырушы шараларды экономикалық тұрғыдан бағалау үшін арнайы көрсеткіштер жүйесі әзірленген. Оған кіретінлетін-нақты және келуіне жол берілмеген экономикалық зиян; ветеринарлық шараларды жүргізуге жұмсалған шығындар; ветеринарлық шараларлар экономикалық тиімділігі; шаралардың 1 теңге шығынға шаққандағы экономикалық тиімділігі; жұмсалған күрделі қаржының өз құнын ақтауы;   ветеринарлық   жұмыстар   тиімділігінің   жалпы индексі- ветеринария мамандарының еңбек өнімділігі.

   Құтырықпен ауырғанда өлім-жітімге ұшырайды,көптеген жағдайда емдеу үшін қажетті керек-жарақтың болмауынан, кейде аурудың одан әрі таралуын тоқтату мақсатымен, оларды лажсыздан союға немесе жоюға тура келеді.

Мал өлім-жітімнен, оларды лажсыздан союдан немесе жоюдан болатын экономикалық шығынды (Ші) — толык қоңды малдың орташа сатылу бағасымен алынгған түсімінің айырмасы ретінде келесі өрнек бойынша есептейді;

 

 Ш1 = М* С* Б*Сф;

 

Ш1= 12 бас*450кг*130000тг*50000тг=35100 000 000

 

Жасы 6 айға дейінгі бұзаулардың  лажсыз сойылуынан немесе жойылуынан болатын экономикалық шығынды- төлдің туған күнгі құнын туғаннан шығысқа шыққан күнге дейінгі қосқан тірі салмағы ретінде :

 

Ш2=M*( Сп*Вп*Т*Б)-Сф;

 

Ш2= 12 бас*( 250 кг*3,5кг*120 күн)-50000= 1210 000

 

Төлді толық ала алмаудан болатын  экономикалық шығын- алынбаған төлдің  туған күнгі құнына көбейту арқылы келесі өрнек бойынша есептейді.

 

        Ш3=(Кр*Рв*Рф)*Сп;

 

Ш3= (30*40 бас*60бас)*250 кг =18 000 000

 

Малдың  асыл тұқымдық қасиетін жоғаотуына болатын  экономикалық шығын;

 

       Ш4= Му*(Бп-Бу);

 

       Ш4=2 бас*(500 000)=1000 000

 

Құтырық ауруының экономикалық шығынның жалпы сомасын:

 

     Шш = Ші+Ш2 + Шз + Ш4;

 

    Шш = 35100 000 000+1210 000+18 000 000+1000 000 = 38 210 000 000

 

 

           

 

ТуберкулезУикипедия.docx

— 27.45 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

кампилобактериоз.docx

— 23.92 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Информация о работе Кұтырық ауруы