Кұтырық ауруы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Мая 2013 в 16:30, реферат

Краткое описание

« Акимбеков» шаруа қожалығы Алматы облысы Райымбек ауданы Кеген ауылдық округіне қарасты елді мекенде орналасқан. Онда 300 бас ірі қара, 100 бас жылқы, 600 бас қой, 4 ит бар. Жалпы шаруашылықта 3 база бар. 1 базда қысыр сиырлар, 2 базда сауын сиырлар, 3 базда бұзау мен құнажындар, еркек тайыншалар тұрады. Шаруашылық іші тегіс, әр баздың қасында күн шуақтап тұратын алаңды жер бар. Сиырларды күніне 2 рет сауады, 3 рет азықтандырады.
Шаруашылық айналасы қоршалған, ағаштар отырғызылған. Әр күні ірі қараларды, жылқыларды 5 км жерге дейін мационға шығарады. Азықтандыруға келсек жем,арпа шөп азықтары мен силос азықтары беріледі.Шөптер турағыш машинамен туралады, жем жарғыш машинамен жарып беріледі.

Содержание

Кіріспе:
Шаруашылықтың жалпы сипаттамасы.
Шаруашылықтағы ветеринариялық қызметінің құрылымы.
Шаруашылықтың іс қағаздары мен есеп беру құжаттары.
Құтырық ауруымен күресу, емдеу және таралуына жол бермеу шаралары.
Құтырық ауруымен күресу бойынша орындалып жүрген ветеринариялық-санитариялық шаралардың экономикалық шығыны мен тиімділігі.
Келесі жылдың ветеринариялық-санитариялық шаралардың жоспары. Келесі жылға шаруашылық бойынша індетке қарсы шаралардың жоспарын құру.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар

Прикрепленные файлы: 4 файла

ветеринария иси.docx

— 178.17 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6. Келесі  жылдың ветеринариялық-санитариялық  шаралардың жоспары. Келесі жылға  шаруашылық бойынша  індетке  қарсы шаралардың жоспарын құру.

    Жүргізілетін негізгі шаралар малдәрігерлік заң кітаптарында көрсетілген нұсқауға , вакцинаны қолдануға арналған түсініктемеге және індеттанулық талдауға негізделіп жоспарланады. Жоспар құрғанда қамтылатын негізгі мәселелер:

  1. Аймақтағы дала аңдарының әсіресе түлкі тектестердің саның қалыпты мөлшерден аспауын қадағалап, реттеу. Халықаралық індеттанулық бюроның шешімі бойынша құтырықтан ада емес аймақтарда әрбір 10км2 жерде 1-2 түлкіден аспауы тиіс.
  2. Аймақтағы ит пен мысықтардың саны есепке алынып, негіздеріне қарсы арнайы шаралар қолдану.
  3. Қазіргі кезде құтырықтың шығу қаупі бар елді мекендерді иммунды аймаққа айналдыру мақсатымен ондағы барлық жануарлар арнайы вакциналармен егіледі. Әсіресе аймақтағы барлық иттер міндетті түрде иммунделуі шарт.

Бұрыңғы Кеңес Одағын құраған, қазіргі тәуелсіз республикаларда  ит пен мысықты иммундеуге қойдың миынан алынып инактивацияланған фенол  вакцина қолданылады.  

Практикада жануарлардың басқа түрлері құтырықты дауалау  және одан арылу мақсатымен адьювантпен  деполанған тірі вирус вакцинамен егіледі. Вакцина дайындап шығару әдістемесін  бұрынға Алматы зоотехникалық мал  дәрігерлігі институтының мамандары  ұсынған. Егілген жануарлардың денесінде  құтырыққа қарсы иммунитет бір  жылға дейін сақталадыү Вакцинаның кемшілігі біріншіден тірі, екіншіден  құрамында қажетсіз белоктардың  көптігінен иммундылығы төмен .Соңғы  жылдары этанолмен инактивтелген  құрғақ ВГНКИ вакцинасы және культуралы инактивтелінген пропилактон вакцинасы  практикада кең түрде сыналды. Москваның  вирустық препараттары зерттеу ғылымы институтында қойдың миынан дайындалып , пропилактонмен инактивтелінген вакцина шығарады. Препарат ми ағзасының жарамсыз белоктарынан 80-90% тазартылған және де нейроаллергендігі жоқ.

Қазіргі кезде Қазақстанда  құтырық ауруына қарсы етқоректілер моновалентті “Nobivak “ вакцинасымен егіліп жүр.

Табиғаттағы аңдарды құтырыққа  қарсы иммундеу қажеттілігі туындалған жағдайда, вакциналарды еттің немесе ішкі ағзалардың кесінділеріне енгізіп, аңдардың ініне ,жолдарына тастау арқылы дауалау шаралары іске асырылады.

Құттырыққа қарсы жүргізілген  жалпы және арнайы шаралар ауданның осы аурудан індеттік ахуалына байланысты жоспарланады. Аймақта індеттің ақырға рет орын алған мерзімі 2 жылдан аспаса, онда бұл өңір құтырықтан таза деп  саналады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                            Қорытынды

        Қортындылай  келе, құтырық-бұл орталық нерв жүйесінің ауыр зақымдалуымен өтетін және өлім-жітіммен аяқталатын ауру. Құтырмамен ит, мысық, сиыр, жылқы, түйе, қой-ешкі, кеміргіштер, жабайы жыртқыш аңдар-қасқыр,түлкі т.б. және адам ауырады.           

 Аурудың көзі-сілекейімен құтырманың вирусын шығаратын және оны тістегендегі жара арқылы беретін жануар. Сілекей ауру белгілері пайда болмай тұрып,ауру жұққан соң

8-10 тәуліктерде жұқпалы  бола бастайды.Теріге немесе кілегейлі  қабыққа сілекей жұққанда құтырма  вирусы жұғады. Құтырма вирусын  жұқтырған кезден бастап аурудың  алғашқы белгілері пайда болғанға  дейін бірнеше тәуліктен бірнеше  айға (бір жылға дейін ) созылуы  мүмкін.

Соған байланысты, шаруашылықта, елді мекенге талдау жасағанда анықталатын  деректер:

  1. Аймақта құтырық ауруының ақырға рет орын алған уақыты
  2. Аймақтағы тіршілік жасайтын етқоректілердің түрлері, олардың аз көптігі.
  3. Жануарлардың бір-біріне немесе адамдарға қарсы бөгде әрекет жасаған кездерінің болған, болмағаны.
  4. Аймақтағы ит пен мысықтардың саны, олардың қандай жағдайда ұсталатыны және құтырыққа қарсы вакцинамен егілгендіктері
  5. Аймақта қоқыс төгетін, өлексені утельдейтін жерлердің бар жоқтығы.

Құтырық алдын алу үшін адамдарды немесе жануарларды тістеген ит,мысық және басқа жануарлар оқшауланып , ветеринариялық қадағалау үшін жақын маңдағы ветеринариялық емдеу клиникасына жеткізілуі тиіс. Жоспарлы түрде жабайы иесіз ит ,мысықтарды аулау құтырманың алдын алудың бірден бір жолы болып табылады.           

   Ветеринариялық-санитариялық талаптарға сай құтырықпен ауырған жануар міндетті түрде жойылуға жатады.           

 Қазіргі кезде  құтырықтың шығу қаупі бар елді мекендердегі барлық жануарларға

вакцина егіледі. Әсіресе  аймақтағы барлық ит пен мысық  құтырыққа қарсы вакцинамен иммундалуға тиіс.Вакцинамен иммундалған жануардың денесінде иммунитет бір жылға дейін сақталады және де құтырық ауруының экономикалық шығынның жалпы сомасы

 Шш = 35100 000 000+1210 000+18 000 000+1000 000 = 38 210 000 000 тең болды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. «Індеттану және инфекциялық аурулармен күрес шаралары» Қасымов Е.И.
  2. «Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары» Т.Сайдулдин
  3. «Ветеринарная эпизоотология»  Сергеева Э. И.
  4. www.google.kz
  5. «Ветеринариялық патологиялық анатомия» Ө.Ығылманұлы
  6. «Ветеринариялық вирусология» Ш.Б.Мырзабеков
  7. http://www.turksib.almaty.kz
  8. «Современная проблема бешенства животных» Барышников П. И., Грязин В.Н., Зайковская А.В.
  9. http://www.dissercat.com
  10. http://ru.wikipedia.org
  11. «Ветеринария заңы» 2 том

 

 

 

 

 

 

 

                                             Қосымшалар

            Құтырық қоздырушысы

 

 

 

 


 

                 

 

         Құтырық ауруымен ауырған жануарлар

 

      

             

                     

                     Қазақ ұлттық аграрлық университеті

 

                     “ Биологиялық қауіпсіздік ”  кафедрасы

 

 

 

 

Тақырыбы: Құтырық ауруына  ветеринариялық-санитариялық  шараларын  ұйымдастыру  және олардың экономикалық тиімділігі

 

                                                                    

 

                                                                   Орындаған: Бүркетбаева Ж.

                                                                                          Вм-402 топ студенті

                                                       Тексерген: Батанова Ж.М

                                                                            в.ғ.к., аға оқытушы

                                                                                     

 

                                         Алматы 2013ж

 

                                      

 

                                             Жоспар

Кіріспе:

  1. Шаруашылықтың жалпы сипаттамасы.
  2. Шаруашылықтағы  ветеринариялық  қызметінің құрылымы.
  3. Шаруашылықтың іс қағаздары  мен есеп беру құжаттары.
  4. Құтырық ауруымен  күресу, емдеу және таралуына жол бермеу шаралары.
  5. Құтырық ауруымен күресу бойынша орындалып жүрген ветеринариялық-санитариялық шаралардың экономикалық шығыны мен тиімділігі.
  6. Келесі жылдың ветеринариялық-санитариялық шаралардың жоспары. Келесі жылға шаруашылық бойынша  індетке қарсы шаралардың жоспарын құру.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Қосымшалар


ТуберкулезУикипедия.docx

— 27.45 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

кампилобактериоз.docx

— 23.92 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Информация о работе Кұтырық ауруы