Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2014 в 19:23, курсовая работа
Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік есептеу, үздіксіздік, түсініктік, мәнділік, маңыздылық, дүрыстылық, ақиқаттық, алдын-ала көз қарасы жоқ оймен, нейтарлдық, қарампаздық, аяқталғандық, салыстырымдылық, тізбектілік қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
Субъектінң басшылығы бухгелтерлік есепті ұйымдастыру мен есептік жүйенің құрылуын қамтамасыз етеді, бухгалтерлік құжаттарға қол қою құқығы бар тұлғалардың қатарын анықтайды.
Басқа да шығындарға босалқыларды қазіргі орналасқан жеріне дейін жеткізуге және жай-күйіне байланысты деңгейдегі олардың өзіндік құны ғана жатады. Мысалы, босалқылардың өзіндік құнына өндірістік емес үстеме шығыстарды немесе нақты клиенттерге арналған өнімді әзірлеу жөніндегі шығындарды жатқызу орынды болуы мүмкін.Төменде босалқылардың өзіндік құнынан алынып тасталатын және олардың пайда болуы кезеңінде шығыстар ретінде танылатын шығындардың мысалдары келтірілген: (а) шикізаттың, жұмсалған еңбектің нормативтен тыс ысырабы немесе басқа да өндірістік шығындар;егер олар тек өндірістік процестің келесі кезеңіне көшу үшін осы өндірістік процесте қажет болмағанда ғана сақтауға жұмсалатын шығындар;босалқыларды қазіргі орналасқан жеріне және жай-күйіне дейін жеткізуге байланысты емес әкімшілік үстеме шығыстар;сатуға жұмсалатын шығындар 23-«Қарыздар бойынша шығындар» IAS Халықаралық стандарты босалқылардың өзіндік құнына заем бойынша шығындар кіретін сирек жағдайларды анықтайды. Ұйым босалқыларды төлем мерзімін кейінге қалдыру шартымен сатып ала алады. Осындай келісімде іс жүзінде қаржыландыру элементі болғанда, бұл элемент, мысалы, әдеттегі сауда кредиті шартымен сатып алу бағасы және төленген сома арасындағы айырмашылық қаржыландыру кезеңіндегі пайыздар бойынша шығыс ретінде танылады. Қызмет көрсету саласындағы ұйымдардың босалқыларының өзіндік құны. Қызмет көрсету саласының ұйымдарындағы босалқылардың болу дәрежесінде оларды өндіруге жұмсалған шығындар бойынша бағалайды. Бұл шығындарға, ең алдымен, жалақы төлеу және қызметтер көрсетуге, оның ішінде бақылауға тікелей қатысатын қызметкерлерге жұмсалатын басқа да шығындар, сондай-ақ тиісті үстеме шығыстары жатады. Жалақы және сауда және жалпы әкімшілік қызметкерлерге жұмсалатын басқа да шығындар босалқының өзіндік құнына кіргізілмейді, бірақ олар туындаған кезеңдегі шығыстар ретінде ескеріледі. Қызмет көрсету саласы ұйымдарының босалқылардың өзіндік құнына көп жағдайда ұйымдар көрсететін қызметтердің бағасына кіретін пайда немесе үстеме шығыстарға жатпайтын нормалар кірмейді. Активтерден алынған жиналған ауыл шаруашылығы өнімінің өзіндік құны ХҚЕС-ке сәйкес ұйым биологиялық активтерден жинаған ауыл шаруашылығы өнімдерінен тұратын босалқылар бастапқы тану кезінде жинау орнында сатуға жұмсалған шығындары шегерілген әділ құны бойынша бағаланады. Бұл осы Стандартты қолдану мақсатында босалқылардың сол күнгі өзіндік құны болып табылады.
Нормативтік шығындар бойынша есепке алу әдісі және бөлшек баға әдісі сияқты босалқылардың өзіндік құнын айқындаудың әр алуан әдістері, егер олардың нәтижелері өзіндік құнға жуықтап сәйкес келетін болса, қолайлылық үшін пайдаланылуы мүмкін. Нормативтік шығындар шикізаттар мен материалдарды, еңбекті пайдаланудың, тиімділік пен қуаттың қалыпты деңгейін ескереді. Оларды ұдайы тексереді және қажет болған жағдайда, ағымдағы жағдайларға қарай қайта қаралады. Бөлшек саудада тез арада өзгеретін көптеген бұйымдардан тұратын, олар үшін өзіндік құнды бағалаудың басқа әдістерін пайдалану орынды болып табылмайтын босалқыларды бағалау үшін көбінесе бөлшек баға әдісі пайдаланылады. Босалқылардың өзіндік құны сатылған босалқылардың жалпы құнын жалпы маржаның тиісті пайызына азайту арқылы анықталады. Пайдаланған пайыздың шамасында бағасы бастапқы сату бағасынан төмен бағаға азайтылған босалқыны ескереді. Бөлшек сауданың әрбір бөлімшесі үшін пайыздың орташа мәні жиі пайдаланылады. Бірін-бірі алмастырмайтын босалқылардың жекелеген баптарының, сондай-ақ арнаулы жобалар үшін өндірілген және оларға арналған тауарлардың немесе қызмет көрсетулердің өзіндік құны оларға жұмсалатын жеке шығындарды ерекше сәйкестендіру арқылы анықталуға тиіс. Іс жүзіндегі шығыстардың нақты анықтамасы белгілі бір шығындар босалқылардың белгілі бір баптарына жататынын білдіреді. Есепке алудың бұл тәртібі, олардың сатып алынғанына немесе өндірілгеніне қарамастан, арнаулы жобаларға арналған бұйымдар үшін сәйкес келеді. Алайда, іс жүзіндегі шығындардың нақты анықтамасы босалқылардың бір-бірін алмастыра алатын бірліктері аса көп болған жағдайда бұған лайықты болмайды.
Кәсіпорындар мен ұйымдарда материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету жұмысымен арнайы бөлім және мамандар шұғылданады. Олар ұйым бойынша келер жылы өндірілетін өнім көлеміне қарай белгіленген өлшем бойынша өндіріске керек болатын материалдардың көлемін алдын ала анықтап, жабдықтаушы мекемелермен қажет болатын материалдар көлемі туралы шарт жасайды. Шартта материалдардың аты, көлемі, бағасы, жеткізіліп берілетін уақыты көрсетіледі. Кәсіпорындар мен ұйымдардың жабдықтау бөлімі шартта көрсетілген келісімдердің орындалуын қадағалап отырады. Ол үшін материалдарды алып келген тасымаладу көлігінің жолдама құжаты, теміржол жүкқұжаты (накладнойы), көліктік жүк құжаты, жабдықтаушыдан келген басқа да құжаттар алдымен жабдықтау бөліміне табыс етіледі. Бұл жерде, яғни жабдықтау бөлімінде келген құжаттар М-1 түрлі «келген жүкті есептеу» журналына тіркеледі. Одан кейін бұл құжаттарды материалды алып келетін экспедиторға береді. Сонымен қатар экспедиторға материалдарды алу үшін сенімхат беріледі. Экспедитор алған жүкқұжаттары мен сенімхатты алғаны үшін М-1 түрлі журналға қол қояды.
Материалдарды қозғалысы бойынша шоттар коррсепонденциясын қарастырайық:
Материалдық қоймаларға келіп түсті және кірістірілді:
Егер салықтық шот-фактуралар болмаған жағдайда келіп түскен құндылықтар бойынша (1420 шот дебетіне жатпайды) есепке алынбайды, сонымен бірге жабдықтаушыларға төленген ҚҚС сомасы, Қазақстан Республикасында ҚҚС бойынша есепте тұрмағандарға.
Негізгі құралдарды жоюдан келіп түскен материалдар кірістірілді:
- Д-т 1315 К-т 6160
Өндірістегі брак, өндіріс қалдықтары, қоймаларға өндірістен материалардардың қайтарылуы:
Транспорттау, жүктеу және тиеу бойынша шығындар төленді, берілген кәсіпорынға жатпайтын:
Қоймалардан материалдардың шығындары:
1.3 «Кадам» ЖШС қорларды бағалау әдістері
Тауарлы-материалдық қорлардың шығып қалуының аса маңызды міндеттерінің бірі бұл оның кәсіпорын балансынан қандай сома бойынша есептен шығаралатынын анықтау болып табылады.
ҚЕҰС №2 сәйкес қорлар – бұл активтер:
- Қызмет барысында сатуға арналған;
- Осындай сатылым үшін өндіріс үрдісінде;
- Шикізаттар немесе материалдар.
Осылайша, қорлар үш бөлікке бөлінеді:
- Шикізат және материалдар;
- Аяқталмаған өндіріс;
- Дайын өнім және тауарлар.
Қорларды тану үшін, яғни оларды баланста көрсету үшін келесілер міндетті:
Егер ондай активтер қорлар қатарында болса, осындай талаптардың біреуіне де жауап бермесе оларды есептен шығару керек:
- Дт – 7410 «Активтердің шығуы бойынша шығыстар»;
- Кт – 1310- 1350 «Қорлар».
Кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі барысында өздерінің өндірген дайын бұйымдары, сату үшін сатып алған тауарлары, сатып алған бірақ әзір ұйымға келіп түспеген тауарлары (жолдағы тауарлар), аяқталмаған өндіріс, басқаларға көрсеткен қызметтері, сондай-ақ жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету барысында пайдалануға арналған қосалқы бөлшектері, отындары, ыдыс және ыдыстық материалдары, жартылай фабрикаттар және басқа да материалдары сол ұйымның тауарлы-материалдық қоры түріндегі ағымдағы активі болып табылады.
Олардың өндіріс құралдарынан өзгешелігі, өндіріс құралдары шаруашылық үдерісіне ұзақ уақыт қатысып, өздерінің табиғи пішінін сақтай отырып өндірілетін өнімге өз құнының бір бөлігін қосып отыратын болса, еңбек заттары өндірісте пайдаланылған кезде өздерінің бастапқы құнын түгелдей өндірілетін өнімге ауыстырады. Шығарылатын өнімнің, атқарылатын жұмыстың өзіндік құнның көп бөлігі еңбек заттарының құнынан тұрады. Сонымен қатар еңбек заттары өндірістік қор болып табылады. «Негізгі құралдар есебі» бухгалтерлік есеп ережесі бойынша есептен шығарылатын материалдардың құнын бағалау үшін сатып алу уақыта бойынша өзіндік құны әдісі ұсынылады (ФИФО).
Материалдық қорлар бухгалтерлік есепте мына әдістер негізінде бағаланады:
- Орташа өзіндік құнын есептеу әдісі;
- ФИФО әдісі;
Орташа өзіндік құнын есептеу әдісі
Орташа өзіндік құнын есептеу әдісі бойынша кәсіпорынға кіріске алынған әрбір материалдық қорлардың бағасы оның кіріске алынғандағы шоты бойынша бағасын анықтау мүмкін болмаған жағдайда жүргізіледі. Материалдық қорлар түрінің орташа өзіндік құны ұйымдағы материалдардың есепті айдың басындағы қалған қалдығының құнымен ай бойы кіріске алынған материалдар құнының жиынығын материалдардың ай басындағы сандарының қалдығымен ай бойы кіріске алынған тиісті материалдарының сандарының қосындысына бөлу арқылы анықталады.
ФИФО әдісі
ФИФО (first-in, first-out) есптен шығарылған материалдық қорларды олардың алғашқы кезекте кіріске алынғандарының өзіндік құны бойынша бағалау әдісі болып табылады. Бұл әдіс қағидасы бойынша материалдық қорлардың бірінші кезекте кіріске алынғаны, алғашқы болып, яғни бірінші шығыс етіледі деп жорамалданады. Басқаша айтатын болсақ, барлық келіп кіріске алынған материалдар бірінен соң бірі кіріске алынғандағы тізімі бойынша шығыс етіледі деп есептелінеді. Бұл жағдайда ай соңында кәсіпорынның қоймасында қалған материалдардың бағасымен бағаланады.
Кәсіпорынға ең соңғы кезекте кіріске алынған материалдар тобы бірінші болып шығыс етіледі немесе жұмсалады деген қағидаға негізделген, яғни алғашқы жұмсалатын немесе шығыс етілетін материалдар кәсіпорынға ең соңғы кіріске алынған материалдардың тиісті өзіндік құны бойынша бағаланады. Ал ай срңында кәсіпорында қалған материалдар алғашқы кіріске алынған материалдардың өзіндік құны бойынша бағаланады.
«Кадам» ЖШС орташа өзіндік құнын есептеу әдісі қалдықтардың инвентаризациясымен жиі пайдаланылады.
Материалдық қорларды ФИФО әдістерімен бағалау барысында материалдардың талдамалық (аналитикалық) есебін олардың түрлері бойынша ғана жүргізіп қоймай, егер олар әр түрлі бағамен сатылып алынған болса, онда келіп түскен материалдарды олардың топтамасы бойынша есептеу керек.
Материалдар баланста нақты өзіндік құны бойынша көрсетіледі. Сонымен қатар материалдар өздерінің топтамалық (синтетикалық) есебінде нақты өзіндік құнымен көрсетіледі де, ал талдамалық есебінде жоспарлы есептуе бағасымен немесе келісілген бағасы бойынша көрсетіледі. Егер кәсіпорын материалдардың талдамалық есебін келісілген бағасы бойынша есептейтін болса, онда олардың нақты құны материалдық қордың сатып алынған құны мен дайындау-тасымалдауы шығындарының қосындысынан тұрады.
Қалған қорлар үшін алғашқы келіп түсу – алғашқы босату әдісі – ФИФО немесе өлшенген орташа құн әдісі пайдалануы мүмкін. Қорларды есептен шығару сомасының баланс көрсеткіштеріне тікелей ықпалы бар, ол өткізілген өнімнің өзіндік құнының көлемі арқылы есептік кезеңдегі қаржылық нәтижелерге ықпалын тигізеді, сондықтан кәсіпорын осылардың бірін таңдап алуға және өз кәсіпорнының есеп саясатында белгілеуге құқылы.
ФИФО әдісінің артықшылығы : қорлардың өзіндік құны есептік кезеңнің аяғында ағымдағы бағаларға жуықтайды. Ал, кемшіліктері: бағалар көтерілген кезде- пайда өседі, төмендеген кезде - пайда кемиді.
Орташа өлшенген құн әдісінің артықшылықтары - бағалардың өзгеру ықпалын есептік кезеңнің ішінде қорлардың өзіндік құнына жұмсартуға мүмкіндік береді.
Есептік кезеңнің басына ұйымның кіру сальдосы болған жоқ. «Кадам» ЖШС жыл ішінде сатып алған қорлары келесі 1.1 кестеде келтірілген.
1.1-кесте – Есептік кезеңнің басына жағдайы бойынша қорлар
Мерзімі |
Қорлар бірлігінің саны (мың дана) |
Қорлар бірлігінің бағасы (мың теңге) |
Қорлардың жалпы құны (мың дана) |
26.01.12 |
200 |
20 |
4 000 |
02.03.12 |
180 |
25 |
4 500 |
19.07.11 |
300 |
30 |
9 000 |
25.11.11 |
260 |
32 |
8 320 |
Барлығы |
940 |
- |
25 820 |
Информация о работе Қорлар қозғалысының есебін ұйымдастырудың теориялық аспектілері