Өнімнің сапа индексін анықтау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Мая 2013 в 21:28, реферат

Краткое описание

Индекс көмегімен әртүрлі өнімдердің сапасын бағалау әдісі келесі жағдайларда қолданылуы мүмкін.
1. Өнімдердің сапасын жоғарылату жоспарын құру және осы жоспардың орындалуын тексеруде;
2. Өнімдер сапасының динамикасын өзгеруін анықтауда;
3. Әртүрлі шаруашылық өнім сапасының тұрақтылығы мен сәйкестігін бағалауда;
4. Өнім сапасына әсер етуші негізгі шарттар мен факторларды анықтау;
5. Сапаны жоғарылату үшін материалдық көмек қорын анықтау.

Прикрепленные файлы: 1 файл

индекс.doc

— 67.50 Кб (Скачать документ)

  Өнімнің сапа индексін анықтау

 

Индекс көмегімен әртүрлі  өнімдердің сапасын бағалау әдісі  келесі жағдайларда қолданылуы мүмкін.

    1. Өнімдердің сапасын жоғарылату жоспарын құру және осы жоспардың орындалуын тексеруде;
    2. Өнімдер сапасының динамикасын өзгеруін анықтауда;
    3. Әртүрлі шаруашылық өнім сапасының тұрақтылығы мен сәйкестігін бағалауда;
    4. Өнім сапасына әсер етуші негізгі шарттар мен факторларды анықтау;
    5. Сапаны жоғарылату үшін материалдық көмек қорын анықтау.

Әр түрлі өнім сапасының  индекс қарқынында жалпы пайдаланатын кешенді көрсеткіштер: сапа индексі мен ақау индексі (ГОСТ 16431-80).

Әр түрлі өнім сапасын  индекстің көмегімен белгілеуде сапасы мен бағасы есептеледі. Әр түрлі  өнім сапасының деңгейі өзгергенімен, олардың индексінің құрылымы өзгермейді (базистік есеп кезеңіндегі нақты сапа деңгейі), ал екі кезеңде де баға бірдей болады.

Сапа индексі –  белгілі кезеңдегі әр түрлі өнімнің  кешенді көрсеткіштерімен анықталады және ол әртүрлі өнімнің орташа көрсеткіштерінің қатынасы арқылы анықталады.


 

 

Мұнда

S – өнімнің көлемі, саны.

ni – өнімдердің і түрінің саны.

qi – i-өнімнің басты сапа көрсеткіші.

li – теңгеге шаққандағы і-өнімнің көтерме бағасы.

 

і түріндегі шығарылған өнімнің соммасы (сі) мына төменгі формуламен анықталады.

cі=ni li

 

Барлық өндірілген өнім көлемінің жалпы соммасы (с) мына формуламен анықталады.

 

 

Онда сапа индексі  мына формуламен есептеледі:

 

 

Цехтардың, зауыттардың  және жеке бригадалардың қызметін бағалау  үшін сапаны қамтамасыздандыру ақау бар өнімдердің үлесінің жалпы өнімдер санына қатынасымен анықталатын әр түрлі өнімдердің ақау индексі есептелінеді.

 

 

Мұндағы:

сj – шығарылған j түріндегі өнімнің жалпы соммасы (қарастырылған кезеңдегі);

D – j түріндегі өнім ақауының өткен жылғы жұмыс қорытындысының базалық көрсеткіші;

Dj – j түріндегі өнімнің ақаулық коэффициенті мына формуламен анықталады:

 

 

Мұндағы:

п – тексеруге алынған өнімдер саны (выборки);

d – берілген өнімде кездесетін барлық ақаулар саны;

ri – i түріндегі ақаулар мөлшері;

mi – i түріндегі ақаудың салмақтық коэффициенті.

 

Өнімнің әр түріндегі  ақаулар алдын ала арнайы кестелерде тіркеледі және онда әр ақаудың салмақтық  коэффициенті көрсетіледі.

Егер Ид<1 - өндірістің қабылданған көрсеткіштері базалық көрсеткішінен төмен емес.

Егер Ид>1 – өндіріс сапасы төмен қателіктерді  міндетті түрде табу және жою қажет.

Мысал 1. Зауыт 3 түрлі өнім шығарады А, Б, және В.

А – Көлемі 20 мың дана – Көтерме  бағасы 200 теңге– Орташа ресурс 120 мың  сағ.

Б - Көлемі 10 мың дана – Көтерме бағасы 1500 теңге– Орташа ресурс 150 мың сағ.

В - Көлемі 40 мың дана – Көтерме  бағасы 80 теңге– Орташа ресурс 10 мың  сағ.

Ресурстың базалық көрсеткіші (өткен  жылдың жетістігі) 110, 140 және 80 мың сағ.

Жылдық сапаның өсуі ресурс көлемінің артуынан болады, ал қалған өнім сапасы өзгермейді. Сапа деңгейіне бағалау жүргізу.

 

 

Ик =1,09 немесе 109 %.

Шешуі: өндіріліп жатқан (ағымдағы) тауар сапасының деңгейі өткен жылдағыға қарағанда жоғары.

Мысал 2. Завод А, Б және В түріндегі жылу қозғалтқыштарын шығарады және шығарылған өнімдердің ақаулар саны есепке алынады. Шығарылған бұйым үшін үш түрлі ақау қабылданған (1,11,111) және осыған сәйкес келетін үш салмақтың коэффициент шамасы берілген: 0,5; 0,3; 0,2. барлық қозғалтқыштар үшін бірдей базалық көрсеткіш қабылданған. Дб=0,27.

А түріндегі қозғалтқыштар 150 млн теңгеге шығарылған.

Б түріндегі 120 млн теңгеге,

В түріндегі 80 млн теңге  мөлшерін құрайды.

Тексеруде әрбір түрінен 10 қозғалтқыш алынған, сонда А түрінен 8 ақау табылған (1-2; 11-3; 111-3). Б түріндегі қозғалтқыштардан жалпы саны 6 ақау (1-0; 11-3; 111-3) және В түріндегіден 9 ақау (1-2; 11-4; 111-3) табылған.

Өнім сапасын анықтау  үшін олардың ақау коэффициенті мен  ақау индексін анықтау керек.

Шешуі: формула бойынша Д – ақауының коэффициентін анықтаймыз.

А қозғалтқыштар түрі ДА=1/10 (0,5*2+0,3*3+0,2*3)=0,25

Б қозғалтқыштар түрі ДБ=1/10 (0,5*0+0,3*3+0,2*3)=0,18

В қозғалтқыштар түрі ДВ=1/10 (0,5*2+0,3*4+0,2*3)=0,28

 

 

Бұл формула бойынша  өнімнің ақау индексін табамыз.

 

 

өнімнің сапа деңгейі  базалық өнімнің сапасынан төмен  емес деген шешім қабылдауға болады, себебі Ид<1.

 

 

Өнімдерді аттестациядан  өткізу қорытындысын анықтайтын сапа көрсеткіштері

 

Тауардың сапа деңгейі  бұл жағдайда салыстырмалы көрсеткіш  Ис-менен есептеледі және ол мына формуламен анықталады.

 

 

m-бағаланатын өнімнің орташа баллы;

mб – базалық салыстырудағы өнімнің орташа баллы.

 

 

Сі – і-категория сапасындағы өндірілген тауардың соммасы;

ті – і-категория сапасындағы өнімдерге сәйкес алынатын балл.

 

Қорыта келгенде өнімнің  мемлекеттік және аймақтық аттестациядан  өткізуде тауар сапасы белгілі категорияға  бөлінеді (кесте).

 

Категориялар

Өндіру соммасы

Балл

Жоғары (мемлекеттік сапа белгісімен)

Сж

1

Бірінші

С1

0,5

Екінші

С2

0


 

Сапаның жоғарғы көрсеткішіне сәйкес келетін база үшін 1 баллды қолданамыз.

 

 

С-көрсетілген кезеңде  шығарылған өнімнің жалпы соммасы

 

С=Сж12

 

Сапа көрсеткішінің максималды мәні 1-ге тең.

Иmax=1 - өндірілген өнімнің сапа белгісі, ал минималдық нөлге тең И min=0.

Сапа индексін министрлікте, фирма, завод, цехтарда есептеуге болады.

Егер п объектісінде (цехта, заводта, т.б.) индекс сапасы белгілі болса Ик1, Ик2, ..., Икп және сәйкес болатын С12,..., Сп өндірілген өнім болса, онда жалпы сапа индексі мына формуламен есептеледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                       Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. http://www.support17.com/component/content/75.html?task=view
  2. ‘’Квалиметрия. Управление качеством’’   Фомин В.Н.

Информация о работе Өнімнің сапа индексін анықтау