«Тін» ұғымының анықтамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Сентября 2013 в 17:40, реферат

Краткое описание

"Тін" ұғымының анықтамасы
Тіндік элементтер
Тіндердің жіктелуі
Тіндердің эволюция барысында дамуы
Тіндердің дің және дифференцияланған жасушалары туралы ұғым
Тіндердің даму көзі
Камбиальды және камбиалды емес (тұрақты) тіндер және олардың гистогенезінің механизмдері туралы ұғым
Регенерация

Прикрепленные файлы: 1 файл

3.doc

— 416.00 Кб (Скачать документ)

Ф КГМУ 4/3-04/02

 ИП №  6 УМС при КазГМА 

от 14 июня 2007г.

 

 

 

 

Қараѓанды мемлекеттік медицина университеті

 

 

 

 

Гистология  кафедрасы

 

 

 

 

ДӘРІС

 

 

 

 

Таќырыбы «ТІНДЕР ТУРАЛЫ ҰҒЫМНЫҢ НЕГІЗІ»

 

 

 

 

Пән: гистология

Мамандығы: 5В110200 - "Қоғамдық-денсаулық сақтау" (бакалавриат)

 Курс: 1 

Уақыты (ұзақтығы): 1 сағат

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарағанды 2012 ж.  

Гистология кафедрасының отырысында бекітілді

 

11.01.2012ж. Хаттама № 7

 

Кафедра меңгерушісі      Дюсембаева Н.К.

Таќырыбы «Тіндер туралы ұғымның негізі»

 

Мақсаты:  Студенттерді келесі ұғымдардың маңызымен таныстыру: тін, тіндік элементтер, тіндік дифферондар, дің жасушаларының маңызы, тіндердің жіктелуі, тіндердің эволюциялық даму теориясымен, гистогенез және регенерация механизмдерімен.

 

Дәріс жоспары:

  1. "Тін" ұғымының анықтамасы
  2. Тіндік элементтер
  3. Тіндердің жіктелуі
  4. Тіндердің эволюция барысында дамуы
  5. Тіндердің дің және дифференцияланған жасушалары туралы ұғым
  6. Тіндердің даму көзі
  7. Камбиальды және камбиалды емес (тұрақты) тіндер және олардың гистогенезінің механизмдері туралы ұғым
  8. Регенерация

 

1. «Тін» ұғымының анықтамасы

Тіндердің дамуын, құрылысын, қызметін зерттейтін гистологияның  бөлімі жалпы гистология деп аталады.

«Тін» ұғымының анықтамасы. Микроскоптың қолданылуына дейінгі мезгілдің өзінде анатомдар адамның және жануарлардың организмдерінде біркелкі құрылымдарды анықтаған, олар әртүрлі мүшелердің құрамына кіріп олардың құрылысын қалыптастыруға қатысатыны анықталған. Басында оларды сыртқы сыйпатына қарап ажыратқан: жұмсақ, сұйық, талшықты, жасушалық деп бөлген. «Тін» ұғымын бірінші рет 1671 жылы ағылшын ғалымы Н.Грю. «Начала анатомии растений» кітәбінде қолданды. Өсімдіктерді зерттеу барысында ол олардың құрылысы тоқыма матаға ұқсайтынына көңіл аударды. Кейде бұл құрылыс жануарларды препарациялау кезінде де байқалды. Гистологияның қалыптасу кезеңінде бұл ұғым организмнің қарапайым жүйесі ретінде қолданылды. Осы мезгілден бастап гистологияда микроскопиялық зерттеудің тіндік кезеңі басталды.

Тіндерді зерттеу жүргізіліп жатқан 200 жылдан астам уақытта «Тін»  немесе «ұлпа» ұғымдарының бірнеше анықтамасы берілді. Алғашқы ғылыми анықтаманы 1852 жылы А.Келликер берген болатын: «Тін —морфологиялық және физиологиялық біртұтас құрылымға біріктірілген элементарлық құрамдық бөліктер кешені». «Бөліктер»  ұғымына ол жасушаларды, синцитияларды, симпластыларды жатқызған.

Өз уақытына оңтайлы  анықтаманы орыс кеңес гистологы  А. А. Заварзин (1938) берді: «Тін дегеніміз  қызметі, құрылымы және даму көздерінің бәріне жалпы болуына байланысты біріккен гистологиялық элементтердің  филогенетикалық негізде қалыптасқан жүйесі».

Кейінгі уақытта тіндердің  құралуы дифферондық принципі белсенді зерттелуде. Осыған байланысты дифферондар  туралы түсінікке негізделген жаңа тін ұғымының анықтамалары бар.

Жасушалық дифферон —  дің (бағаналық) жасушадан бастап терминальдық дифференцияланған жасушаға дейінгі жасушалардың әртүрлі қатарының жиынтығы.

Жасуша дифферонының бастапқы жасушасы дің жасушасы. Гистологиялық  қатардың келесі жасушасын тек бір  бағытта ғана дифференциялана алатын жартылый дің немесе коммитияланған жасушалар құрайды. Дифферонның ең үлкен үшінші тобын дифференцияланған белсенді қызмет атқарушы жасушалар құрайды. Ақырғы төртінші топты қартайған, қызметтік белсенділігі өте төмен немесе жоқ болатын және жасушадан кейінгі құрылымдар құрайды. Мысал ретінде эпидермистің эпителиоциттерінің — кератиноциттердің дифферонын қарастыруға болады. Оның құрамына эпидермистің әртүрлі қабаттарында орналасқан дәйекті даму барысындағы келесі жасушалар кіреді:

базальды кератиноцит (дің және жартылай дің жасушалар) —> тікенекті кератиноцит —> түйіршікті кератиноцит —> жарқырауық кератиноцит —> мүйізденген қабыршақ (корнеоцит – жасушадан кейінгі құрылым болып табылады).

Қазіргі заманда беріліп  жүрген тін анықтамалары ұлпалардың дифферондық құралу принципін еске ала берілген. Осындай анықтамалардың бірін А.А. Клишов (1981) берді: «Тін дегеніміз дамуы, бағыты және дифференцировкасы әртүрлі бір-бірімен арақатынастары бар жасушалар дифферондарының мозаикалы морфофункциональды жүйесі».

Тіндердің монодифферонды (бір ғана диффероннан тұратын) және полидифферонды түрлерін ажыратады. Біріншісіне, мысалы, жүректің бұлшық еті жатады (тек кардиомиоциттердің диффероны болады), жазық бұлшық ет тіні (тек жазық миоциттің диффероны бар), ал екінші түрлі ұлпаға борпылдақ талшықты пішінделмеген дәнекер тін жатады (БТПДҰ), оның құрамында фибробласттылардың, макрофагтардың, тіндік базофилдердің, плазмоциттердің, май жасушаларының т.б. дифферондары болады.

Полидифферонды тіндерде негізгі дифферонды (БТПДҰ фибробласт диффероны) және қосымша (екінші орындағы) дифферондарды ажыратады.

Тіндер жасушалар мен  жасушалық емес құрылымдардың қарапайым  жиынтығы емес, құрамдық элементтері  бір-бірімен тығыз байланысты күрделі  ұлпалық жүйе.

 

2. Тіндік  элементтер

Әрбір ұлпа тіндік элементтер деп аталатын құрамдық бөліктерден тұрады. Қазіргі замандағы көзқарасқа байланысты тіндік элементтердің негізгі үш түрін ажыратады: жасушалар, жасушааралық (аралық) зат және симпластылар. Кейбір авторлар тіндік элементтердің құрамына синцитияны (Афанасьев Ю.И. және соавторлар,] 1989; Быков В Л., 1998) және жасушадан кейінгі құрылымдарды да жатқызады (Быков В Л , 1998).

Жасуша – басты, негізгі  тіндік элемент, оның есебінен қалған тіндік элементтер құралады.

Жасушааралық зат —  ерекше өнім өндіруші жасушалардың бөлетін  тіндік элемент, ол ұлпаның құрамында жасушалардың арасында орналасып, жасушалар орналасатын микроортасын түзейді. Жасуша аралық зат негізгі (аморфты) заттан және талшықтардан тұрады. Негізгі зат гомеостатикалық, трофикалық, реттеушілік, зат алмасуды қамтамасыз ету қызметтерін атқаратын тіннің матриксі. Ол судан, ақуыздан, көмірсудан, липидтерден, минералды заттардан тұрады. Золь (сұйықтау) және гель (ұйыма) түрінде болуы мүмкін, ал сүйек тінінде — минералданған, қатты жағдайда болады. Талшықтар тіректік, пішіндеушілік қызмет атқараты, созылғыштық қасиет береді, жасушалардың қызметтерін реттеуге қатысады. Олар коллагенді, эластикалық, ретикулярлық болып бөлінеді. Жасушааралық зат дәнекер тіннің құрамдық компоненті болып табылады, сондықтан оның құрылысы басқа тарауда тереңірек талданатын болады.

Симпласт — көптеген ядролары бар плазмолеммамен шектелген протоплазманың бөлігі. Цитотомиясыз жүретін бірнеше бөлінуден кейін түзелетін көпядролы жасушалардан симпласттардың айырмашылығы олар жасушалардың бірігуінің нәтижесінде пайда болады. Мысалы, миосимпласт (көлденең-жолақты бұлшық ет талшығы) эмбриогенезде бірнеше миобласттардың бірігуінен құралады. Симпластың екінші мысалы хорионның симпластотрофобластысы. Шетел әдебиетінде «симпласт» термині қолданылмайды деуге болады, оның орнына «көпядролы жасуша»  немесе «синцитий» термині алынады.

Синцитий. Біздегі гистологиялық  әдебиетте синцитий термині бір-бірімен  цитоплазмалық өсінділер арқылы байланысқан өсінділі жасушалар  жиынтығы мағынасын түсінеді. Синцитиялардың «нағыз» және «жалған» түрлерін ажыратады. «Жалған» синцитиялардабайланысушы жасушалардың арасында екі жасушалық цитолеммадан және  қалыпты жасушааралық байланыс түрлерінен тұратын үзілістер анықталады. Бұндай синцитиялардың мысалы ретінде ретикулярлық тіндерді, тимустың эпителиін, дамып келе жатқан тістің эмальдық мүшесінің пульпоциттерін атауға болады. «Нағыз» синцитийдің мысалы дамып келе жатқан аталық жыныс жасушалары болып табылады. Синцитиялар мен симпласттарды кейде жасушадан тыс (жоғары) құрылымдар деп те атайды.

Жасушадан кейінгі құрылымдар. Олар терминальды дифференцировка  барысында көптеген маңызды жасушалық  қасиеттерді жоғалтқан ( көбею, кейбір зат және энергия алмасу т.б.) жасушалардың туындылары. Бұл жағдай жасуша ядросын  жоғалтуына және цитоплазмалық органеллалардың редукциясына байланысты. Сонымен қатар жасушадан кейінгі құрылымдар шектеулі мерзімде кейбір қызметтерді атқару мүмкіндігіне ие болады. Жасушадан кейінгі құрылымдарға эритроциттер, тромбоциттер, эпидермистің мүйізденген қабыршақтары, шаш, тырнақ жатады.

 

3. Тіндердің  жіктелуі

Микроскопиялық деңгейде құрылысын және даму көздерін анықтауға  негізделген тіндердің жіктеуі XIX ғасырдың ортасында ұсынылды (А. Гассаль, А. Келликер, Ф. Лейдиг). Бұл жіктеуге орай тіндердің 4 түрін ажыратты: эпителийлер; дәнекер тіндер мен қан; жүйке тіні; бұлшық ет тіндері.

Совет гистологы А.А. Заварзин жіктеудің негізіне көпжасушалы  организмдердің пайда болуы барысында  құрылған фундаментальды қызметтеріне негізделген эволюциондық принципті  қолданды. (жоғарыдан қара). Ол тіндерді келесі түрлерге бөлді:

1. Жалпы тіндер:

1.1.  Шекаралық тіндер.

1.2. Ішкі орта тіндері.

2. Маманданған тіндер:

2.1. Бұлшық ет жүйесінің тіндері.

2.2. Жүйке жүйесінің тіндері.

Екінші совет ғалымы Н.Г. Хлопин тіндердің генетикалық  жіктеуін ұсынды, бұл жіктеудің негізінде тіндердің даму көзі алынған. Н.Г. Хлопиннің жіктеуі қызметі және құрылысы жағынан бір-бірінен көп ажырайтын ұлпалардың гистогенетикалық байланыстарын айқындайды. Гистогенетикалық жіктеу көбінесе эпителий және бұлшық ет ұлпаларында көрініс табады.

 

4. Эволюция барысында  тіндердің дамуы

Эволюция барысында  әр түрлі ұлпалардың пайда болуы, дамуы, құрылысының күрделенуі жүрді. Эволюцияның сатыларын келесі теориялар  толығырақ түсіндіреді.

Параллельді қатарлар теориясы. А.А. Заварзин параллелизм теориясы немесе ұлпа эволюциясының параллельді қатарлары деп аталған теориясын қалыптастырды. Бұл теорияның мағынасы эволюция барысында филогенетикалық тармақтардың әртүрлі бұтақтарында бір-бірінен тәуелсіз түрде ұқсас қызмет атқаратын, құрылысы бірдей болып қалыптасқан тіндердің түзелуі болып табылады. Мысалы, ланцетниктің және сүтқоректілердің дәнекер тіні бірдей қызметтерді атқарады, сондықтан құрылымы да бірдей. Параллельді қатарлар теориясы тіндердің эволюциясының себебін, олардың бейімделу қабілеттерін жақсы айқындайды.

Тіндердің дивергентті  даму теориясы. Н.Г. Хлопин тіндердің дамуы туралы өзінің ұлпалардың дивергентті даму теориясын ұсынды. Бұл теория бойынша тіндер эволюция және онтогенез барысында дивергентті дамиды, яғни бұрыннан бар тіндерден белгілі қасиеттерінің өзгеріп бастапқы ұлпадан ажырауы арқылы қалыптасады, ал бұл ұлпалардың көптеген жаңа түрлерінің түзелуіне жол ашады. Бұл теория дивергенция барысында барған сайын бір-біріне ұқсамайтын, құрылысы мен қызметі әртүрлі тіндердің бір эмбриональдық бастамадан қалай пайда болатынын көрсетеді. Мысалы, терілік эктодермадан дамитын эпидермис және көпқабатты жазық эпителий арасында айырмашылықтан көрі ұқсастық көп, ал олармен даму негізі бір аденогипофиздің эпителиі, тістің эмалі құрылысы жағынан мүлдем басқа.

Тіндердің эволюциондық дамуының бірыңғай концепциясы. А.А. Заварзин мен Н.Г. Хлопиннің теориялары бір-бірін толықтырып тұрады. Сондықтан совет гистологтары А.А. Браун, В.П. Михайловтар оларды  бірегей ұлпа эволюциясы теориясына біріктірді. Бұл теория бір-біріне ұқсас тіндік құрылымдар филогенетикалық бұтақтардың әртүрлі аймақтарында дивергентті даму барысында бір-бірінен тәуелсіз түрде пайда болды деген тұжырым жасайды.

Ұлпалар туралы ілімнің  қалыптасуына үлкен үлес қосқан ғалым-гистологтар қатарында Максимов А.А. (қанның, қанжасаудың, дәнекер тіннің, қанжасаудың унитарлық теориясының, қанның дің жасушасын зерттеулері), совет гистологтары Б.И. Лаврентьев және А.С. Догель (жүйке тінін, оның реактивтік қасиетін зерттеу) болды. Кейінгілер нейрондық теорияның негізін қалаушылар болды. Г.К. Хрущев өзінің зерттеулерінде қанның реактивтік қасиеттерін зерттеді, ал В.Г. Елисеев және оның оқушылары (Ю.И. Афанасьев, Н.А. Юрина, А.Ф. Суханов, А.И. Радостина, Е.Ф. Котовский т.б.) — дәнекер тін мен қанның гистофизиологиясын және реактивтік қасиеттерін зерттеді. Қаңқалық бұлшық етті зерттеудің нәтижелері А.Н. Студицкий мен А.А. Клишовтың еңбектерінде, жүректің бұлшық етінің қасиеттерін П.П. Румянцевтің еңбектерінде көруге болады. Испан гистологы Нобель жүлдесінің лауреаты С.Рамон-и-Кахал жүйке ұлпасын, оның реактивтік қасиеттерін зерттеуге көп көңіл бөлді. Ол нейрондық теорияның негізін қалаушылардың бірі. Жүйке тінін зерттеуге көп үлес қосқандардың бірі Нобель жүлдесінің лауреаты итальян гистологы К.Гольджи еді.

 

5. Тіндердің  дің және дифференцияланған жасушалары  туралы түсінік

Тіндердің құрамында  дің (бағаналық) және дифференцияланған жасушалар болады.

Дің немесе камбиальдық  жасушалар қоршаған ортаның әсеріне  орай әртүрлі бағытта дифференциялану  қабілеті бар жасушалар ұрпағын  бере алатын сирек бөлінетін жасушалардың популяциясы болып табылады. Дің  жасушаларға келесі қасиеттер тән:

1. Өзінің популяциясының  санын екі үрдістің көмегімен  тұрақтандырады: сирек жүретін митоздар  және жетілген жасушаға дифференциялану  арқылы (дің жасушасы бөлінгеннен  кейін біреуі дің жасушасы  болып қалады, ал екіншісі —  дифференцияланады). Дің жасушаларының митозбен бөлінуі өте сирек жүретіне көңіл аудару керек, көбінесе олар тиыштық жағдайын сақтайды (G0 немесе ұзартылған G1,-кезеңде (олардың хроматині бұл кезде конденсияланады) және (қажет жағдайда)) жиі бөлінетін жартылай дің жасушалар бере отырып қайтадан митоздық циклге ене алады.

2. Бұл көлемі кіші  жасушалардың ядро мен цитоплазмасының  арақатынасы жоғары деңгейде  болады, цитоплазмасында аздаған  жалпы органеллалары бар, жасушаның  геномы дерепрессияланған түрде  сақталады.

Информация о работе «Тін» ұғымының анықтамасы