«Тін» ұғымының анықтамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Сентября 2013 в 17:40, реферат

Краткое описание

"Тін" ұғымының анықтамасы
Тіндік элементтер
Тіндердің жіктелуі
Тіндердің эволюция барысында дамуы
Тіндердің дің және дифференцияланған жасушалары туралы ұғым
Тіндердің даму көзі
Камбиальды және камбиалды емес (тұрақты) тіндер және олардың гистогенезінің механизмдері туралы ұғым
Регенерация

Прикрепленные файлы: 1 файл

3.doc

— 416.00 Кб (Скачать документ)

3. Дің жасушаларына зат алмасудың аутосинтетикалық түрі тән: олар өздерінің өмірін сақтау үшін ғана зат өндіреді.

4. Дің жасушалары әдетте  зақымдаушы әсерлерге төзімді.  Бұл қасиет митоздық тиыштық  кезінде хроматиннің тығыз жинақталуымен  қамтамасыз етіледі (гетерохроматин көбірек болады). Сонымен қатар көп тіндерде дің жасушалардің орналасқан аймақтары да қосымша қорғаныш болып табылады (мысалы, қанның дің жасушалары сүйектердің қуысында, эпидермистің дің жасушалары эпидермальдық айдаршалардың түбінде, ішек эпителиінің діңгекті жасушасы – криптілерде, асқазанның –  шырышты қабықшаның дәнекер тіндік қабатындағы  асқазан безінде орналасады). Сонымен қатар эпидермистің дің жасушаларында меланин түйіршігі мол болады, ал бұл оны ультракүлгін сәуледен қорғайды.

5. Әртүрлі бағытта дифференциялана алады.

Дифференцировка барысында  сатылардың келесі дәйектілігі байқалады: дің жасушасы® жартылай дің(гекті) жасуша ® унипотентті бастапқы жасуша ® бластты жасуша (белсенді көбеюдегі) ® дифференцияланушы жасуша ® дифференцияланған жасуша.

Дифференцияланған (маманданған) жасушалар — арнайы қызмет атқаруға қажетті құрылысы қалыптасқан жасушалар. Олардың келесі қасиеттері болады:

1. Бөліне алмайды.

2. Олардың геномдарының  тек арнайы қызметті қамтамасыз  ететін бөлігі ғана белсенді (экспрессияланған).

3. Ядро-цитоплазмалық  ара қатынасы өте төмен болады (цитоплазмасы өте жақсы дамыған,  онда жасушаның түріне байланысты  арнайы органеллалар көбірек  анықталады).

4. Оларға гетеросинтетикалық  зат алмасу түрі тән (организмге қажетті заттарды өндіріп бөледі).

5. Дифференцияланған  жасушалардың арнайы қызметтерін  атқаруға қажетті құрылысы және  тинкториальдық қасиеттері болады: цитоплазма базофилиясы, полярлық  айырмашылықтары, қажетті органеллалардың  жақсы жетілуі, ерекше жасуша  беткейі, белгілі деңгейдегі ядроның гетеро- және эухроматинінің арасындағы арақатынас т.б.

 

 

6. Тіндердің  даму негізі (көзі)

Тіндердің даму көзі эмбриональдық  бастамалар болып табылады.  Эмбриональдық  бастамалар, өз кезегінде, ұрық жапырақшаларынан олардың дифференцировкасы кезінде пайда болады. Осының нәтижесінде бастамалардың осьтік кешені қалыптасады. Эмбриогенез барысында тіндік бастамалардан ұлпалардың түзелуі эмбриональдық гистогенез деп аталады. Гистогенездің механизімі күрделі және оның құрамына келесі компоненттер кіреді:

1. Жасушалардың бөлінуі.

2. Жасушалардың өсуі.

3. Жасушалардың бағдарланған  өлімі (апоптоз).

4. Жасушалардың адгезиясы  және жасушааралық байланыстар.

5. Детерминация.

6. Дифференцировка.

7. Эмбриональдық индукция.

8. Жасушалардың орын ауыстыруы (көшуі, миграциясы).

9. Жасушалардың сегрегациясы.

 

7. Камбиальдық және камбиальдық емес (тұрақты,  стационарлық) тіндер туралы түсінік, олардың гистогенезінің механизімі

Жоғарыда айтылған гистогенез механизімінің нәтижесінде камбиальдық  және камбиальдық емес тіндер түзеледі.

Постнатальдық онтогенез  кезінде құрамында дің (немесе камбиальдық) жасушалар сақталатын тіндер камбиальдық  деп аталады. Бұл тіндердің гистогенезін қарапайым түрде келесі жолмен жүреді деуге болады: бөлінуден кейін  жасушалардың бір бөлігі детерминацияға, дифференцировкаға ұшырайды, маманданады, содан кейін арнайы қызметтерін атқарады. Екінші топ дифференцияланбаған қалпында қалады да дің жасушаларының қызметін атқарады. Бірінші топтың жасушалары қартайғанда, өлгенде екінші топтың жасушалары бөліне бастайды, бір жасуша дифференцияланады, маманданады да өлген жасушаның орнына қызмет атқара бастайды, ал екіншісі дің жасуша қалпында қалады.

Камбиальдық ұлпаларға  дәнекер, эпителиальдық, бұлшық ет (жүректің бұлшық етінен басқа) тіндері жатады. Камбиальдық тіндер, өз кезегінде; екі топқа бөлінеді: жаңарып отыратын камбиальдық және өсіп келе жатқан камбиальдық. Жаңарып отыратын камбиальдық ұлпаларда дің жасушаларының тобы өмір бойы сақталады (БТПДҰ, қан, кейбір эпителий тіндері). Кейбір тіндерде дің жасушаларының саны бірте-бірте төмендейді, кейде дефинитивті құрылысы қалыптасқан кезде мүлдем жойылып кетеді (көлденең-жолақты бұлшық ет тіні, бауырдың эпителиі). Бұл тіндердің көлемі бірте-бірте жасушаішілік қалпына келу арқылы артады. Бұл камбиальдық өсуші тіндер.

Камбиальдық емес тіндер — құрамында камбиальдық жасушалары жоқ ұлпалар. Эмбриональдық гистогенез барысында бұл тіндердің жасушалары бөлінуін белгілі деңгейде тоқтатады, содан кейін детермининацияға, дифференциялануға  ұшырайды, маманданады да арнайы қызметтерін атқара бастайды. Тіннің құрамында бұл кезде дің жасушасы сақталмайды, тіннің қалпына келуі тек жасушаішілік деңгейде іске асырылады.

Ұлпаларды қалпына келу қабілетіне орай жіктеу Леблонның жасушалық  популяцияларды жіктеуімен ұштасып  жатыр (статикалық, өсуші және жаңарушы жасушалық популяциялар).

 

8. Регенерация.

Тіндердің, жасушалардың, мүшелердің өлген немесе жойылған бөліктерін қалпына келтіре алу қабілеті регенерация деп аталады. Регенерация  тіннің құрылымдық-қызметтік құралуын белгілі бір деңгейде сақтауға бағытталған.

Регенерацияның физиологиялық және репаративтік түрлерін ажыратады.

Физиологиялық регенерация қалыпты жағдайда өтеді. Организмде үнемі жасушалардың қартаюы және өлуі өтіп отырады және физиологиялық регенерацияның көмегімен жасушалық гомеостазды, яғни өзінің тіндік тұрақтылығын қамтамасыз етіп отырады.  

Орналасу ерекшелігіне орай физиологиялық қалпына келудің  бірнеше түрін ажыратады:

1. Мозаикалық қалпына келу (регенерация). Бұл жағдайда қалпына келу көптеген жеке орналасқан аймақтарда жүреді. Осы аймақтарда қартайған жасушалардың өлуі өтеді, яғни жасушалардың өлетін және қалпына келетін аймақтары бір жерде болады. Мысалы, БТП-мегенДҰ, мезотелий, эндотелий.

2. Зональды регенерация. Қалпына келудің бұл түрінде жасушалардың тіннің бір аймағында өледі, ал екінші аймақта жасушалардың бөлінуі өтеді. Мысалы, көпқабатты эпителий, бүйрек үсті безінің қыртысты затының эпителиі т.б.

3. Дистантты регенерация. Тіннің құрамдық элементтерінің (жасушалардың) өлуі бір мүшеде, ал қалпына келуі екінші мүшеде жүреді (мысалы — қанжасау: эритроциттер қызыл жілік майында пайда болады да, өлуі көкбауырда іске асырылады; лейкоциттер қызыл жілік майында пайда болады, ал олардың жойылуы әртүрлі мүшелер мен тіндерде өтеді).

Репаративтік регенерация — зақымдануға жауап ретінде тірі қалған жасушалардың гипертрофиясы немесе жаңа жасушалардың пайда болуы. Физиологиялық және репаративтік қалпына келудің негізінде жасушаішілік және жасушалық деңгейде өтетін бірдей механизмдер жатады. Сондықтан регенерацияның жасушаішілік және жасушалық түрлерін ажыратады.

Жасушаішілік регенерация — жасушалардың органеллаларының регенерациясы, олардың санының, көлемінің үлкеюі (гиперплазия, гипертрофия және олардың біріге жүруі).

Жасушалық регенерация — жасушалардың бөлінуі және олардың санының артуы, соның нәтижесінде өлген жасушалардың саны қалпына келеді.

Тіндердің қалпына келу қабілеті оның құрамында камбиальдық  элементтердің болуына байланысты. Камбиальдық емес тіндер тек жасушаішілік деңгейде ғана қалпына келе алады. Камбиальдық тіндерде жасушалық және жасушаішілік қалпына келу әдістері бірдей өте алады. Белгілі патолог-ғалым Д.С. Саркисов тіндердің қалпына келуінің түріне орай келесі жіктеуді ұсынды (таблица).

 

Жасушалық регенерация

Жасушалық және жасушаішілік регенерация

Жасушаішілік регенерация

Көбінесе

Тек қана

Эпидермис, асқазан-ішек, тыныс алу жолдарының, зәр шығару-жыныс жүйесінің эпителийлері, мезотелий, қанжасаушы тіндер, БТДҰ, сүйек және шеміршек тіндері

Ұйқы безінің, эндокринді мүшелердің, бауырдың, бүйректің эпителийлері, жазық бұлшық ет тіні, нейроглия

Миокард (?), қаңқалық бұлшық ет тіні (?)

Жүйке тіні (нейроциты)


Иллюстративный  материал

  1. Кесте: тіндердің гистогенетикалық жіктелуі
  2. Кесте: тіндердің регенерация түрлерінің жіктелуі
  3. Сурет 1. Эпителий тіні
  4. Сурет 2. Қан
  5. Сурет 3. Борпылдақ талшықты дәнекер тіні
  6. Сурет 4. Шеміршек тіні
  7. Сурет 5. Сүйек тіні
  8. Сурет 6. Бұлшықет тіні
  9. Сурет 7. Жүйке тіні

Әдебиеттер:

1. Кузнецов С.Л., Мушкамбаров  Н.Н. Гистология, цитология и эмбриология: Учеб. для мед. вузов / М.: Медицинское информационное агентство, 2007. – 600 с.

2. Улумбеков Э.Г., Челышев  Ю.А. Гистология, эмбриология, цитология: Учебник / М.: ГЭОТАР-Медиа, 2009. - 408 с.

3. Абильдинов Р.Б., Аяпова  Ж.О., Юй Р.И. Атлас по гистологии, цитологии и эмбриологии /. – Алматы: Эффект, 2006. - 416 с.

4. Кузнецов С.Л., Мушкамбаров  Н.Н., Горячкина. В.Л. Атлас по гистологии, цитологии и эмбриологии: Учеб. пос. для медвузов. / Астана: Астана-Bilding, 2005. - 400 с.

5. Юй Р.И., Абильдинов  Р.Б. Атлас микрофотографий по гистологии, цитологии и эмбриологии для практических занятий.-Алматы,- 2010.-232 с.

6. Гарстукова Л.Г., Кузнецов  С.Л., Деревянко В.Г. Наглядная гистология (общая и частная): Учеб. пос. для студентов мед. вузов / М. : Мед. информ. агентство, 2008. - 200 с.

7. Бойчук Н.В. и др. Гистология: Атлас для практических занятий / - М.: ГЭОТАР-Медиа, 2008. - 160 с. 50

8. Данилов Р.К. Гистология. Эмбриология. Цитология: Учебник для студентов мед. вузов / М. : Мед. информ. агентство, 2006. - 456 с.

9. Пуликов А.С. Возрастная гистология: Учеб. пособие / Ростов н/Д, Красноярск: Феникс, Издат. проекты, 2006. - 173 с

10. Кузнецов С.Л., Челышев  Ю.А.  Гистология: Учеб. пособие: Комплексные тесты: ответы и пояснения / М.: ГЭОТАР-Медиа, 2007. - 288 с.

11. Ажаев С.А. Гистология-1 (екі бөлімді оқулық). І бөлім: Цитология және адам эмбриологиясы.- Түркістан: «Тұран», 2011.-201б.

12. Ажаев С.А., Үмбетов  Т.Ж. Гистология-1(екі бөлімді оқулық). ІІ бөлім: Жалпы гистология.- Түркістан: «Тұран», 2010.-336 б.

13. Аяпова Ж.О. Цитология, эмбриология және гистология : Оқу құралы- Алматы: Кітап, 2007. - 288 с

14. Нұрышев Мұхит. Гистология және эмбриология негіздері: Оқулық- Алматы : Карасай, 2007. - 272 с

15. Аяпова Ж.О., Н.М. Тусупова. Гистология-1 пәнә бойынша тесттер жиынтығы (оқу құралы).- Алматы,- 2009.-378 б.

 

Бақылау сұрақтары:

  1. "Тін"ұғымының анықтамасы
  2. «Дифферон» ұғымының анықтамасы
  3. «Симпласт», «синцитий», «посжасушалық құрылымдар» ұғымдарының анықтамасы
  4. Тіндердің жіктелуі
  5. Тіндердің даму теориялары
  6. Тіндердің дің және дифференцияланған жасушалары туралы ұғым
  7. Тіндердің даму көзі
  8. Камбиальды және камбиалды емес (тұрақты) тіндер және олардың гистогенезінің механизмдері туралы ұғым
  9. Тіндердің физиологиялық және репаративті регенерациясы туралы ұғым
  10. Топографиялық белгілері бойынша физиологиялық регенерация түрлері

 

 

Көрнекі материалдар

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Информация о работе «Тін» ұғымының анықтамасы