Зерттеу жиынтығын анықтау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Июля 2013 в 10:45, лабораторная работа

Краткое описание

Зерттеу объектісі 500 не одан жоғары болса, сұрыптау әдісі қолданылады.
Сұрыптау әдісі зерттеу объектісінің минимумын зерттеу барысында, генералды жиынтық жөнінде көріністі толық қалыптастыру.
Көптеген әлеуметтік үрдістер социологиялық зерттеу бағдарламасымен белгіленген шеңберінің пәні болып табылады және өзінің территориалдық уақыт шекаралары бойынша, генералды жиынтықты құрайды. Әрбір зерттеу жиынтығын белгілі қасиет сипаттайды, оның мәні бойынша, берілген объекттің генералды жиынтыққа жататынын немесе жатпайтынын үнемі белгілеуге болады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Выборка 1.doc

— 35.00 Кб (Скачать документ)

3.6 Зерттеу  жиынтығын анықтау

 

Зерттеу объектісі 500 не одан жоғары болса, сұрыптау әдісі қолданылады.

Сұрыптау әдісі зерттеу  объектісінің минимумын зерттеу  барысында, генералды жиынтық жөнінде  көріністі толық қалыптастыру.

Көптеген әлеуметтік үрдістер  социологиялық зерттеу бағдарламасымен белгіленген шеңберінің пәні болып табылады және өзінің территориалдық  уақыт шекаралары бойынша, генералды жиынтықты құрайды.  Әрбір зерттеу жиынтығын  белгілі қасиет сипаттайды,  оның мәні  бойынша, берілген объекттің генералды жиынтыққа жататынын немесе жатпайтынын үнемі белгілеуге болады. Осылай, генералды жиынтық негізінде берілген қала  тұрғындарын, кәсіпорынның  өндірістік персоналын,  студенттерді және т.б. қарастыруға болады.  Генералды жиынтықтың берілген бөлігі  бақылау объектісінің негізі ретінде айқындалатын,  сұрыптау жиынтығы деп аталады.  Сұрыптау жиынтығы  генералды жиынтықтың микромоделі  болып белгілену керек.  Сұрыптау жиынтығы  сапалық сипаттамалар мен бақылау  қасиеттері  негізінде зерттеледі және генералды жиынтық құрылымымен сай келу керек.  Сұрыптау жиынтығының элементтеріне байқау бірлігі жатады.

Негізгі элементтерін сұрыптау үрдісінде үнемі бақылау бірлігі, яғни, зерттелетіндер болып табылмайды. Басында кәсіпорын, мекеме, кейін  мектеп, отбасы таңдалады. Әр кезеңде белгілі жоспар бойынша, таңдалынатын   элементтер (кәсіпорын, респонденттер тобы) сұрыптау бірлігі деп аталады.

           Генералды жиынтыққа  толық,  айқын  сипаттама  беретін,  сұрыптау қасиеті репрезентативтілік  деп аталады.  Сұрыптаудың негізгі принципіне  барлық генералды  жиынтық элементтеріне  сұрыптауға түсу тең шарттармен қамтамасыз ету.  Сұрыптау негізі – бұл генералды жиынтық  элементтерінің тізбегі. Негізіне мекеме қызметкерлерінің алфавиттік  тізімі, пропуск номерлері және т.б.  қызмет ете алады. Сұрыптау түрі:

1) қарапайым кездейсоқ  – барлық элементтері белгілі,  біртүбірлі жиынтықтан тұрады  және кездейсоқ сандар кестесі  көмегімен сұрыптау таңдау  бірлігімен  іске асырылады

2) жүйелік сұрыптау;

3) ұялы;

4) стратификациялық;

5) көпсатылы;

6) квоталық.

 Бағдарламаның әдістемелік  бөлімінде қолданылған әдістердің  сипаттамасы және  бастапқы социологиялық   ақпарат  жинақтау тәсілдері,  қолданылған инстументарийдың  логикалық  құрылымы, зерттеу пәнінің сипаттамасы  кіреді. Инстументарий өзіндік құжат ретінде  бағдарламаға тіркеледі.

 

3. Социологиялық зерттеудегі сұрыптау  тəсілі

 

Зерттелетін жиынтық  нысанды түгел қамту аса көп  материалдық жəне уақыт шығынын  қажет ететіндіктен социологиялық зерттеулер əдетте сұрыптау түрінде өтеді. Сондықтан да жұмыстың жобасын түзгенде əрі өкілетті, əрі үнемді сұрыптау жасау негізгі міндеттердiң бірі саналады.

Сұрыптаудың өкілеттілігі (репрезентативтілігі) деп оның нəтижесінде алынған жиынтықтың зерттелуге тиіс социологиялық нысанның жай-күйін дұрыс бейнелеуін айтады. Өкілеттілік қатал сақталатын жұмыс тəртібінің екі деңгейі арқылы қамтамасыз етіледі: біріншіден, сұрыптаудың стратегиясы мен əдіс-тəсілдері арқылы, екіншіден, сұрыпталған жиынтықтық нəтижелердің дəлдігін мүмкіндігінше қамтамасыз етуге жарамды барынша І шағын ауқымы арқылы.

Сұрыптаудың экономикалық тиімділігі оның ауқымынан (қанша нысан зерттеледі), сондай-ақ сипаты мен мерзімінен (қандай? қашан?) шығатын жалпы құнына байланысты. Сұрыптаудың сипаты бас жиынтықтың сипатымен жəне зерттеудің мақсатымен айқындалады.

Бас жиынтық деп зерттеліп  отырған проблемаға қатысы бар нысандардың  толық жиынтығын айтамыз. Бас жиынтықты дəл анықтау іс жүзінде социологиялық зерттеу нысанын түзгенмен бірдей. Кез келген сұрыптау бас жиынтыққа тікелей қатысты нақтылы мəліметтер алуды мақсат

тұтады. Бас  жиынтық соңғы жəне шексіз, нақтылы  жəне жорамал, біртекті жəне əртекті  болып бөлінеді. Шексізге ауқымы жүз мыңдаған, одан да көп нысандарды қамтитын жиынтықтар жатады. Біртектілік зерттеліп отырған проблемаға қатысты айқындалады: бір бас жиынтық кейбір зерттеулерде біртекті, екінші бір зерттеулерде əртекті жиынтық қаралуы мүмкін. Нақтылы жəне жорамал жиынтықтар олардың нақтылы құрамын анықтау мүмкіндігіне қарай ажыратылады.

Алға қойған мақсатына қарай ғылыми зерттеулер сипаттамалық жəне талдамалық болып  бөлінеді.

Сипаттамалық  зерттеулер бас жиынтық туралы жалпылама  деректер алу мақсатында ғана пайдаланылды.

Зерттеудің талдамалық түрі бас жиынтық құрамындағы күштердің табиғаты туралы болжамды тексеру мақсатында жүргізіледі. Əдетте мұндай зерттеуді өз қорытындыларын нысандардың жекелеген топтарын салыстыра талдау негізінде жасайтын ғылыми тəжірибе теория ауқымында жүргізу жоспарланады.

Соңғы жылдардағы статистиканың дамуы зерттеулерді ұйымдастыруға деген көзқарасты айтарлықтай өзгертіп жіберді: талдау міндеттері тек тəжірибелік негізде ғана емес, сипаттамалық сұрыптау кезінде де шешілетін болды. Сонымен бірге бір зерттеуде əрі сипаттамалық, əрі талдамалық зерттеу мақсаттарын бірдей шешу мұмкіндіктерінің əрдайым бола бермейтіндігін де есте ұстаған жөн.

 


Информация о работе Зерттеу жиынтығын анықтау