Жеке тұлға - халықаралық құқықтағы қылмыстық жауапкершіліктің субьектісі ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 14:19, курсовая работа

Краткое описание

Мақсат пен зерттеудің пәні келесідей тапсырмаларды шешуді болжайды:
- «халықаралық қылмыстық құқықты бұзу» түсінігіне қандай әрекеттер жататынын орнату;
- индивидтердің халықаралық қылмыстық құқықты бұзғаны үшін жауапкершілік институтының генезисін зерттеу;
- қандай халықаралық қылмыстық құқық бұзушылықтар халықаралық дәрежеде жеке жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін немес әкеп соғатынын анықтау.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жаупкер.docx

— 142.51 Кб (Скачать документ)

2.1 Халықаралық құқықта құқықбұзушылық  жасаған жеке тұлғалардың жауапкершілігін  халықаралық-құқықтық реттеу генезисі

 

Әскери қылмыстар үшін жауапкершілік жүйесі ертеректе бірінші ұлттық сот прецеденттерінен, соғыс заңдарын бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілікті орнататын жеке мемлекетішілік құқықтық нормативтік актілерді дайындау, нормаларды бұзуды тоқтатуды қамтамасыз ету бойынша мемлекеттердің міндеттемелерін орнататын нормаларды халықаралық шартта бекітуден бастап, ad hoc халықаралық трибунал мен Халықаралық қылмыстық сот қызметі және әскери қылмыстардың жазалануын қарастыратын ұлттық имплементациялық қылмыстық заңнамаға негізделген жауапкершіліктің аралас жүйесін құруға дейінгі дамудың ұзақ мерзімін қамтыды. Оның құқықтық мазмұнын анықтау оның қалыптасуы кезінде болған процестер түсінігіне тәуелді болады және оның сапалы сипаттамасын анықтады [3].

Әскери  қылмыстарды жасағаны туралы іс бойынша  атақты сот талқылауының бірі ретінде  осы мәселені зерттеген көптеген авторлардың пікірінше 1474 ж болған Петер фон Хагенбах процесі деп есептейді. Герцог Бургундский Карл Смелый (1433–1477) Жоғарғы Рейндегі Брайзах қала-қамалдың губернаторы етіп Петер фон Хагенбахты тағайындады. Хагенбах өз басшысының бұйрығын асыра пайдаланып, тұрғындарды толықтай бағындыру үшін қатаң шаралар қолданды. Адам өлтіру, зорлау, жеке меншікті тартып алу, Брайзах тұрғындарына заңсыз салық салу, көрші территория тұрғындарына, шетел саудагерлеріне шабуыл жасау Хагенбах пен оның қоластындағылар үшін күнделікті тәжірибеге айналды. Ортағасырлық мемлекеттер мен құрамында Австрия, Франция, Берн және Жоғарғы Рейн қалалары бар қалалармен құрылған коалица бұл қатаң әрекеттерге тыйым салды [33].

Одақтас коалиция қалалары мен мемлекеттерден тұратын құрамында 28 соттан тұратын арнайы әскери сот құрылды. Хагенбах адам өлтіру, зорлау және жалшыларға әйелдер мен балалар толығымен олардың билігінде қалу үшін ер адамдарды өз үйлерінде өлтіруге бұйрық бергенін қоса алғанда, басқа да қылмыстар үшін айыпталды. Нюрнберг және басқа да процестер пайда болғаннан жүздеген жылдар бұрын айыптыны жазалау жоғарғы басшылықтың бұйрығын орындау туралы мәселені шешумен байланыстырылды. Хагенбах қорғаудың аргументі ретінде осындай бұйрықтарды орындаудың себебі «Петер фон Хагенбах мырза герцог Бургундскийдан басқа ешбір сотты және мырзаны мойындамайды» және оның берген бұйрықтарын орындаудан бас тарта алмайтындығын келтірді. Осы аргумент «герцогтың атынан жасалған барлық әрекет» герцог жеке өзі өткен уақытпен құптап және бекіткен болатын. Сот бұл аргументтерді орынсыз деп тауып, фон Хагенбахтың кінәсі дәлелденген деп санап, соттың шешімі бойынша ол өлім жазасына кесілді.

Әдетте  фон Хагенбахтың жасаған әрекеттерін  қазіргі түсінігінде әскери қылмыстар  ретінде квалификациялау қиын. Дегенмен бұл істі «әскери қылмыстар үшін жауапкершілік» деген атаумен ертеректе  пайда болған түсінік деп қарастыруға  болады.

Соғыс заңдары  мен дәстүрлерін бұзғаны үшін жауапкершлілікті ұлттық дәрежеде реттеудегі алғашқы мүмкіндіктер 1386 жылғы Англия королі Ричард ІІ шығарған әскерді басқару туралы Жарғысында көрініс тапты. Осы құжатқа сәйкес соғыс әрекеттерін жүргізуді және өлім арқылы қорқытумен қарусыз  әулие қызметкерлерді және әйелдерге қатысты зорлық көрсетуге, үйлерді өртеу және шіркеулерді қорлауға  тыйым салынған болатын. Ұқсас нормалар 1526 жылы Фердинанд Венгерскиймен, 1570 жылы император Максимилианмен, 1621 жылы Швеция королі Густаво ІІ Адольфпен шығарылған кодекстерге енгізілген [33].

Дегенмен  соғыс жүргізудің заңдары мен  дәстүрлерін бұзумен байланысты жеке тұлғалардың белгілі бір  әрекеттері арнайы құқықтық нормалармен  бекітілген қылмыстық жауапкершілікке  тартылуы тиіс. Және де бұл нормалар ғылыми доктриналарда ХІХ ғасырдың екінші жартысында түпкілікті қалыптасты. Осы құбылыстардың ұлттық заңнамада  қалыптасуына мысал ретінде 1863 ж 24 сәуірдегі Америка Құрама Штаттарының Президенті А. Линькольннің Жалпы бұйрығымен әрекетке енгізілген АҚШ жол әскерлерінің №100 Құрылымы саналады. Бұл құжат Колумбия колледжінің профессоры Ф. Либермен (бұл «Либердің Кодексі» деп те аталады) дайындалған және соғыс заңдары мен дәстүрлерін ұлттық дәрежеде кодификациялаумен қатар соғыс құқықғын бұзғаны үшін жауапкершілікті нормативті реттеуді қамтыды.

Кодекстің 44-бабына сәйкес басып алынғын елде тұратын тұлғаларға қарсы қасақана жасалған зорлық әрекеттер, мүлікті жою, тонаудың кез келген түрі, зорлаудың барлық түрі, жарақаттау, басып алынған елдің тұрғындарын өлтіру жазаланады деп танылған. 47-бапта қылмыстық кодекске сәйкес жазаланатын қылмыстар, яғни өртеу, адам өлтіру, азаптау, шабуыл жасау, жолда тонау, ұрлық, алаяқтық, зорлау сияқты қылмыс түрлерін қарсыластың территориясында америка солдаты жасаса, оны өз елінде жасағанмен теңестіріп, қатаң жазалайды. Бұл акт мемлекетішілік болғанымен, ол тек өзге мемлекеттердің ұлттық заңнамасының қалыптасуына әсер етіп қана қоймай, қарулы қақтығыс құқығының келесі дамуына және оны бұзуды бұлтартпау мәселесіне де әсер етті [29]

1864 ж Женева конвенциясы мен 1868 ж Санкт-Петербург декларациясын қабылдаумен басталған соғыс құқығын кодификациялау процесі соғыс жүргізу заңдары мен дәстүрлерін бұзғаны үшін жауапкершілік мәселсі ондаған жылдар бойы мемлекетішілік реттеу немесе ғалымдардың талқылауымен шектеліп қана қалып отырды. Осымен орай сол кездегі халықаралық заңгерлер осы мәселені халықаралық құқықпен реттеу қажеттілігіне негіз салды. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы аса танымал заңгерлер Ф. Либер, И. Блюнчил, Д. Филд, Г. Муанье, Г. Роллен-Жакман 1873 ж халықаралық, соның ішінде қылмыстық құқық даму мәселесін шешу мақсатында және ол туралы ақпараттар тарату аясында атақты ғалымдарды тарту үшін Халықаралық құқық институтын құруға бастамашылық жасады. 1874 жылдан бастап осы мекеменің сессиясының жұмысында атақты рейсей халықаралық заңгері Ф.Ф. Мартенс те қатысқан болатын.

1879 жылы  халықаралық құқық Институтының Боюссель сессиясында швейцария заңгері Г. Муанье әр елдің соғыс заңдары мен дәстүрлерінің құрылысы мен жарғыларының дәрежесі туралы баяндамасында алғаш рет халықаралық конвенцияларға конвенцияға қосылған мемлекеттерге міндеттемелер жүктейтін жаңа ережелер енгізуді ұсынды. Бұл ережелер осы конвенцияны бұзушыларды қатаң жазалауға байланысты болған еді [34]. Осы сессияның нәтижесінде соңыс заңдары бойынша Тәжірибелік басқарма өңдеу туралы шешім қабылдады. 1880 жылы қыркүйекте Оксфордта Халықаралық құқық Институтының сессиясында жер әскері соғысының заңдары туралы Басқарма қабылданған болатын (әдетте ол Оксфорд басқармасы деп те аталады). Бұл соғыс заңдарының сол кездегі заңгерлердің көзқарасының алға жылжуына себеп болды. Бұл құжат заңды маңазға ие болмағанмен, халықаралық құқықтың осы саласының ресми кодификациялануына айтарлықтай әсерін тигізді. Сонымен қатар 1899 жылғы мен 1907 жылғы Гаага конвенцияларының және 1864 жылғы Женева конвенцияларын қайта қарастыру мазмұндарына да әсері болды.

Жеке  тұлғалардың қылмыстық жауапкершілік  қағидасы халықаралық құқықтың ескі нормасы болып саналады. Ол Либер  Кодексі мен Оксфордтық басқармада танылған болатын. Содан бері ол халықаралық  қылмыстық құқықтың көптеген шарттарында  қайталанды. Көптеген әскери жарғылар мен ережелер жеке тұлғалардың әскери қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілігін  көздейді. әскери қылмыстар үшін жеке тұлғалардың қылмыстық жауапкершілік  қағидасы көптеген мемлекеттердің заңнамаларында қолданылады. Жеке тұлғалардың қылмыстық  жаупкершілігі БҰҰ Қауіпсіздік  Кеңесінің, БҰҰ Бас Ассамблеясының және адам құқығы жөніндегі БҰҰ Комиссиясының  резолюцияларында ескертілген [19].

Халықаралық емес сипаттағы қарулы қақтығыстарға  байланысты 1990 ж басында бұл аяда айтарлықтай өзгерістер болды. Халықаралық емес сипаттағы қарулы қақтығыстар кезінде жасалған әскери қылмыстар үшін жеке тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігі халықаралық қылмыстық құқық бойынша жақындағы үш шартына тура нысанда қосылған, атап айтқанда: кәдімгі қару туралы Конвенцияға ІІ Хаттамаға, Халықаралық қылмыстық соттың Статутына және мәдени құндылықтарды қорғау туралы Гаага конвенциясына ІІ Хаттамада. Руанда бойынша Халықаралық қылмыстық трибуналдың Жарғысы мен Сьерра-Леона бойынша Арнайы соттың Жарғысында халықаралық емес сипаттағы қарулы қақтығыс кезінде жасалған әскери қылмысар үшін жеке тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігін көздейді.

Көптеген  мемлекеттер халықаралық емес сипаттағы  қарулы қақтығыс кезінде жасалатын  әскери қылмыстары қылмыстылығын тану бойынша заңнамалық актілер қабылдаған. Бірнеше тұлғалар халықаралық емес сипаттағы қарулы қақтығыс кезінде жасалған әскери қылмыстар үшін ұлттық соттармен сотталған.

Бұрынғы Югославия мен Руанда бойынша  Халықаралық қылмыстық трибуналдарында  болып жатқан халықаралық емес сипаттағы  қарулы қақтығыстар кезінде жасалған әскери қылмыстар үшін айыпты жеке тұлғаларға қатысты сот процестері  бұл қылмыстар үшін тұлғалар қылмыстық  жауапкершілікке тартылатынын дәлелдеді. Мысалы, бұрынғы Югославия бойынша  Халықаралық қылмыстық трибуналдығ  Тадич ісі бойынша шығарған шешімін  келтіруге болады [35].

1987 жылы Нюрнберг процесіне арналаған халықаралық коллоквиумде сөз сөйлеген профессор Эрик Давид қатысушыларға жорамалданған сұрақ қойды: Белгияда Аугусто Пиночеттің билік басына келгеннен кейін орын алған күштеп жоғалу, соттан тыс өлім жазасына кесу, азаптау және заңсыз ұстау сияқты құқыққа қарсы әрекеттері үшін ұстауға және соттық жауапкершілікке тартуға бола ма? Профессор Давидтің бұл сұрақтың жауабын мақұлдағанына қарамастан, сол кезеде ол шынымен орындалады деген болжамды тек қана ойша жорықтау жоспарланды. Он жылдан астам уақыт өткеннен кейін Эрик Давидтің болжамды сұрағы шын мәнісінде қарастырыла бастады. Аугусто Пиночет Ұлыбританияда ұсталып, ондағы жоғарғы сот инстанциясы соңында қылмыскерге қатысты үкім шығарды. Үкімге сәйкес Пиночет оның билік ету кезінде орын алған азаптауды қолдануға қатысты ымыраласу мен азаптау үшін соттық жауапкершілікке тартудан иммунитетке ие болу құқығынан айырылды. Бұл жазасыздықпен күресудің қайталанған пункті болды, Нюрнберг процесі кезінен бастап халықаралық юстицияны құру жолындағы ең маңызды қадам болды.

Пиночетқа қарсы іс жүргізу әрекеттері кенеттен пайда болмады. Мемлекетаралық қатынастардың  дамуына жаңа қарқын берген «суық  соғыс» аяқталған кезден бастап халықаралық  қауымдастық жазасыздықпен күресуде көптеген жетістіктерге жетті. Бұл  тенденция Пиночет ісі бойынша  сот қарауынан кейін күшейе түсті  және өмірге жазасыздыққа қарсы бүкіләлемдік қозғалысты әкелді.

Екінші  дүниежүзілік соғыс нәтижесінде  туындаған нормативті жаңалықтардың  үздіксіз көбеюі, халықаралық қылмыстар  үшін жек тұлғалардың жауапкершілігін  қамтамасыз ететін механизмдерді енгізу бойынша әрекеттер жүргізіле  бастағанда нормалардың қарқындылығы тез арада азйып қалды десек  артық болмайды. Алғашқы тұрақты  халықаралық қылмыстық сот құру бойынша тырысушылықтар «суық соғыс» кезеңі үшін тән болған шиеленісушілікке байланысты айтарлықтай нәтиже әкелген жоқ. Адам құқығының халықаралық құқығы тез дамыған кезде, оның бақылау механизмі көбінесе саяси немесе квазисоттық сипатта қалып отырды. Бірнеше жыл бір жерде тоқтап қалған механизмінің қарқындылығын 1993 және 1994 жылдары бұрынғы Югославия (ЮХҚТ) мен Руанда (РХҚТ) үшін екі арнайы қылмыстық трибуналдардың құрылуы күшейтті.

Бұл трибуналдардың географиялық әрекет ету аясы әртүрлі  болғанымен, олардың екеуі де тиісті мемлекеттердің билік органдарының геноцид, әскери қылмыстар және адамзатқа  қарсы қылмыстар сияқты ауыр халықаралық  қылмыстар жасаған тұлғалардың  соттық ізіне түсуді қамтамасыз етуге  қабілетсіздігі мен қаламауы негізінде  құрылды. Аталған трибуналдардың соттық тәжірибесі мен сот ісін жүргізуі тарихи болашақта қалай бағалануына  қарамастан, ЮХҚТ мен РХҚТ мәні прецедент  ретінде маңызды және даусыз болып  табылады. Екі трибунал да Қауіпсіздік  Кеңесімен құрылды. Қауіпсіздік  Кеңесі БҰҰ Жарғысының VII тарауында көрсетілген өкілеттілігі негізінде БҰҰ мүше-мемлекеттердің барлығы ынтымақтасуға заңи міндетті сот органдарын құрды. Бұл трибуналдар халықаралық сот органдары тек қана қажет емес, сонымен қатар мүмкін екенін көрсетті және бірнеше жылдан кейін әлемдегі бірінші тұрақты Халықаралық қылмыстық сот құру бойынша шарт қабылдау үшін негіз болды [36]. 

Бұрынғы Югославия бойынша халықаралық  қылмыстық трибуналдың тоңыз  жылдық қызметі нәтижесінде халықаралық  қылмыстық құқығының түсінігн анықтап  және дамытты және де халықаралық  және халықаралық емес сипаттағы  қарулы қақтығыстарға қолданылатын құқықтық режимдердің жақындауына  үлкен септігін тигізді. Мысалы, 1995 жылғы Тадич ісінің соттылығы туралы шешімінде, рer se қарулы қақтығыстарына қолданылатын, олардың сипатына қарамастан, халықаралық қылмыстық құқықтың белгілі бір базалық нормалары бар екенін орнатты. Халықаралық Қылмыстық Сот өзінің «Соғыс дәстүрлері мен заңдарын бұзу» Статутының 3-бабынан бұл қорытындыны шығарып, оның ережелерін Статуттың нақты ережелері қолданылмаған жағдайда юрисдикцияны жүзеге асыру үшін жеткілікті негіз ретінде талқылады. Тадич ісінің соттылығы туралы шешім «халықаралық трибунал шығарған және ішкі қарулы қақтығыс кезінде жасалған әскери қылмыстардың сипатын бірізден заңсыз деп тапқан алғашқы сот шешімі» болды. Бұл құжат халықаралық емес сипаттағы қарулы қақтығыстарға қолданылатын нормалардың мазмұны дами түскен соттық шешімдерді қабылдауға негіз болды.

Тәжірибелік тұрғыдан ЮХҚТ үлкен жетістіктерінің  бірі болып, Югославияның бұрынғы президенті Слободан Милошевичті 2001 жылдың маусымында гаага түрмесіне ауыстыру саналады. Милошевич 1998-1999 жж Косовоның албан тұрғындарына қатысты адамзатқа қарсы қылмыстар жасағаны үшін, сонымен қатар соғыс дәстүрі мен заңдарын бұзғаны үшін Трибунал айып таққан алғашқы президент. Нәтижесінде бұл айыптауларға Хорватия Республикасының хорваттық және сербтік емес тұрғындарына қатысты адамзатқа қарсы қылмыстар және соғыс дәстүрлері мен заңдарын бұзу сияқты Женева конвенцияларын бұзу, сонымен қатар Босния мен Герцеговиняда соғыс кезінде геноцид және геноцидке араласу сияқты айыптаулар қосылды [35].

Информация о работе Жеке тұлға - халықаралық құқықтағы қылмыстық жауапкершіліктің субьектісі ретінде