Жеке тұлға - халықаралық құқықтағы қылмыстық жауапкершіліктің субьектісі ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 14:19, курсовая работа

Краткое описание

Мақсат пен зерттеудің пәні келесідей тапсырмаларды шешуді болжайды:
- «халықаралық қылмыстық құқықты бұзу» түсінігіне қандай әрекеттер жататынын орнату;
- индивидтердің халықаралық қылмыстық құқықты бұзғаны үшін жауапкершілік институтының генезисін зерттеу;
- қандай халықаралық қылмыстық құқық бұзушылықтар халықаралық дәрежеде жеке жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін немес әкеп соғатынын анықтау.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жаупкер.docx

— 142.51 Кб (Скачать документ)

Ad hoc халықаралық трибунал қызметі кейбір сәтсіздіктер мен қиындықтарға қарамастан бірқатар елдердің ұлттық қылмыстық заңнамасының әрі қарай дамуына және халықаралық құқықтың қалыптасуына үлкен септігін тигізді. Батыс европа мемлекеттерінде өткен тұлғаларға қатысты процестер (мысалы, ФГР-де қарастырылған Джайич ісі, Автриядағы Цветкович ісі, Данияда Сарич ісі, Швейцариядағы руандалық Фульгенс және Мусем, серб Грабеза ісі, Бельгиядағы кейбір руандалықтардың ісі және т.б.) әмбебап юрисдикция қағидасының негізінде әскери қылмыскерлердің ізіне түсуде ұлттық соттардың қатысу тәжірибесін ғана беріп қоймай, сонымен қатар халықаралық емес сипаттағы қарулы қақтығыстар кезінде жасалған халықаралық қылмыстық құқық бұзушылықтарды криминализациялау жолымен ұлттық заңнаманың әрі қарай дамуына қарқын берді және оларға әмбебап юрисдикция қағидасы әрекетін таратты (әскери қылмыстарды бұлтартпау мәселесін шешу үшін ұлттық заңнаманың алғашқы мысалы ретінде 1993 ж 16 маусымнан осы конвенцияға 1949 ж Женева конвенциясы мен І және ІІ Қосымша хаттамалардағы бұзушылықтарды бұлтартпау туралы белгия заңы саналады).

Жеке  тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігін  туындататын қылмыстар типологиясын талдау мен кеңейтуден басқа Рим  статуты бөлек жалпы қағидаларды  талдап текмереді. Мысалы, І Қосымша  хаттаманың 86 және 87-баптарына сәйкес «әрекет» түсінігінің мазмұны кеңейтіледі, яғни өз қоластындағылардың заңсыз әрекеттеріне қатысты басшының әрекетсіздігі қылмысты деп танылды.

Қазіргі таңда халықаралық қылмыстық  құқықты бұзғаны үшін жеке тұлғалардың  қылмыстық жауапкершілігі өзіндік  жеке бір институт болып саналады.

 

 

1.3 Жеке тұлғаларды халықаралық қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілікке тартудың заңды және фактілік негіздері

 

Халықаралық  құқық бұзушылық үшін қылмыстық  жауапкершілікті енгізу, яғни осы  әрекеттерді криминализациялау  халықаралық құқық бойынша жеке тұлғалардың жауапкершілік институтын дамытудың нәтижесі болып табылады. Jus gentium ретінде пайда болған және дамыған классикалық халықаралық  құқық тек мемлекетаралық және мемлекет тектес құрылымдардың арасындағы қатынастарды реттеді; кейінірек халықаралық  құқық субъектілері арасында халықаралық  ұйымдар пайда болды. Жеке тұлғалар халықаралық құқықтың субъектісі ретінде  қарастырылмады және мемлекеттердің халықаралық  ынтымақтастығының «бенефициарилері»  ретінде қарастырылып, мемлекеттердің бақылауында болды [18]. Ұзақ уақыт  бойын халықаралық құқықта жеке тұлғалардың жағдайы туралы жалғыз ережеден ауытқу қарақшылық болды. Қарақшылар hostes humani generis – барлық адамзаттың дұшпаны деп саналды және әлемнің барлық мемлекеттері қарақшылардың азаматтығына және олардың құрбандарына қарамастан кінәлілерді жазалап және табуға құқылы болды. Сонымен қатар халықаралық құқық жеке тұлғаларға қылмыстық тәртіпті бұзудан ұлттық заңнама арқылы емес, тікелей міндеттеме жүктеді. Қарақшылықтың ізіне түсуді халықаралық реттеуді бағалай отырып, қарақшылардың өз қылмыстарын қандай  да бір мемлекеттің территориясынан тыс – ашық теңізде жасайтынын атап өту керек, сондықтан осындай әрекеттер үшін жауапкершілікті реттеумен халықаралық құқықтың айналысқаны орынды [21].

XIX ғасырдың  аяғында басталған және XX ғасырдағы  екі дүниежүзілік соғыста шегіне  жеткен мемлекетаралық қарулы  қақтығыстар әкеп соққан ауыр  салдардың тоқтамай өсуі халықаралық  құқықты жеке тұлғаларға бас  бұруға міндеттеді. Біріншіден, тікелей  жеке тұлғаларға бағытталған  және бүкіл халықаралық қауымдастықтың  қарсылығын тудырған әрекеттер  жасағаны үшін жауапкершілікті  жүктейтін халықаралық құқық  нормалары пайда болды. Екіншіден,  негізгі адам құқығының институты  халықаралық-құқықтық сипатқа ие  болды.

Халықаралық  құқық бұзғаны үшін  қылмыстық  жауапкершілік институтының толық  түсінігінің мәні осы институт генезисінің  қарастырмай мүмкін емес. Мұндай сараптаманың басында қарулы қақтығыс құрбандарын  қорғау біздін эрамызға дейінгі кезеңнен бастау алатын ұзақ тарихқа ие екенін ескерте кету керек [22]. Яғни тиісті ережелер халықаралық дәрежеде кодификацияланған  жоқ және халықаралық нормалар –  дәстүрлер түрінде келді. Жазылған халықаралық  құқықтың пайда болуын Анри Дюнанның есімімен байланыстырады. 1864 жылдан бастап Дюнанның бастамашылығы  бойынша соғысушы тараптардың гуманды  тәртібінің ережелері халықаралық  шарттардың мазмұнына ене бастады.

XIX ғасырдың  екінші жартысынан бастап, яғни  халықаралық  құқық нормалары  халықаралық кодификацияға ұшыраған  сәттен бастап халықаралық   құқық нормаларын бұзғаны үшін  қылмыстық жауапкершілік концепциясының  дамуы байқалды. Бұл тарихи процесті  төрт негізгі саты шегінде  сраптауға болады. Оларға: жеке тұлғаларды  қылмыстық жауапкершілікке тартудың  Екінші дүниежүзілік соғысқа  дейінгі мүмкіндіктер; әскери қылмыскерлерді  Екінші дүниежүзілік соғыстан  кейін жазалау; халықаралық   құқықты Екінші дүниежүзілік  соғыстан кейінгі кодификациясы  және халықаралық  құқық бұзғаны  үшін қылмыстық жауапкершілікті  халықаралық дәрежеде институционализациялау жатады [25].

Ең алғашқы  көптеген мемлекеттер үшін міндетті соғысушылардың гуманды тәртібінің стандарттары 1864-1907 жж. Халықаралық  конвенцияларды кодификацияланды. Бұл  кезде мүше мемлекеттер осы конвенциялардың  нормаларын бұзғаны үшін жеке тұлғалардың  қылмыстық жауапкершілігін енгізу мақсатын алдарына қойған жоқ. Халықаралық  шарттар белгілі бір тәртіп ережелерін сақтауды меңзеді, бірқатар тыйым салынған әрекеттерді жариялады, бірақ осы нормаларды бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мүмкіндігі туралы ешқандай ереже болмады. Мемлекеттер «өз әскерлеріне жаза» конвенцияда бекітілген тәртіп ережелерін сақтау міндеттемесін өздеріне жүктеді [12]. Осыған орай, халықаралық шарттарда жауапкершілік туралы ережелер болды, бірақ бұл нормалар халықаралық құқықта жауапкершіліктің классикалық түсінігіне толығымен сәйкестендіріліп мемлекеттің жауапкершіліг ретінде қарастырылды.

Ең алғашқы  жазылған халықаралық  құқықтың қайнар көздері мемлекеттерге бағытталып және осы нормаларды бұзғаны үшін жауапкершілік  мемлекеттерге жүктелді. Pacta sunt servanda жалпы қағиданың әрекет етуі конвенцияда арнайы айтылғанмен  тең құықбұзушылық үшін халықаралық  жауапкершілік мемлекеттерді халықаралық  шарттардағы ережелерді сақтауға міндеттеуі тиіс болды. Осы міндеттемені орындау  үшін мемлекеттер өз әскерлеріне  осы нормаларды бұзбауды бұйыруы  тиіс болатын. Дегенмен конвенцияларда мемлекеттердің осы ережелерді жеке тұлғалардың сақтауын қалай қамтамасыз етуі тиіс екені нақты айтылмаған, яғни нақты әдістер мен тәсілдерді таңдау мемлекеттің енгізуінде болды [13].

Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін халықаралық  құқық бұзғаны үшін жеке тұлғалардың  қылмыстық жауапкершілігі 1919 ж Париж  бейбіт конференциясында талқыға салынды  және Версаль бейбіт шартының екі  бабында өзінің арнайы нормативтік  бекітіліміне ие болды. Осы Шарттың 227-бабы Вильгель ІІ императорын «халықаралық моральді қорлағаны үшін және халықаралық  шарттардың киелі күшін қорлағаны  үшін» сотқа беруді көздеді. Кайзерге байланысты процесті жүргізу үшін жеңімпаз-елдердің (Франция, Англия, Италия, Жапония, АҚШ) өкілдерінен тұратын ерекше сот  құру керек болды. Бірақ Вильгельм  ІІ Нидерландыда тығылып, сотқа тартылмады.

Бұдан басқа  Версаль бейбіт шартының 228-бабы мүше мемлекеттерді соғыс заңдары  мен дәстүрлерін бұзған неміз  азаматтарын өз әскери трибуналдарының  алдында қылмыстық жауапкершілікке  тарту құқығына ие болды. Бірақ жеке тұлғаларды жауапкершілікке тарту  тырысушылықтары сәтті болмады. Біріншіден, Германия өз қол астындағылар тек неміс соттарымен жауапкершілікке  тартылуы туралы келісімге қол жеткізді. Екіншіден, Лейпциг қаласында өткен  осындай «ұлттық» процесс барысында  әскертің тым аз мөлшеріне ғана айыптау  үкімі шығарылды. Осы процестердің тиімділігінің күмәнділігіне қарамастан халықаралық  құқық бұзғаны үшін жеке тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке  тартудың алғашқы қадамы болды.

1929 ж  халықаралық  құқық нормаларын  жаңадан кодификациялау жүргізілді: әскерде әрекет етуші аурулар  мен жаралылардың хал-ахуалын  жақсарту туралы Женева конвенциясы  қабылданды. Осы конвенцияларда  мемлекеттердің тиісті нормативті  актілер қабылдау немесе заңшығарушы  билік органдарына осы конвенцияларды  бұзушылықты бұлтартпау үшін  қажетті шаралар енгізуді ұсыну  міндеті бекітілді [14]. Яғни конвенцияда конаенцияның нормаларын бұзғаны үшін тікелей жеке тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігі көзделді. Осылайша халықаралық құқықта «опосредственный» қылмыстық жауапкершілік деп аталатын концепция бекітілді. Осыған сәйкес қылмыстық жауапкершіліктің пайда болу қажеттілігі халықаралық құқықпен жазылвп, ал жауапкершілік туралы ережелернің нормативтік жүзеге асуын ұлттық құқықта табуы керек.

Халықаралық  құқықтың нормативті базасын жетілдірумен қатар Екінші дүниежүзілік соғысқа  дейін Ұлттық лига шегінде, сонымен  қатар Халықаралық құқық ассоциацисы  мен Қылмыстық құқықтың халықаралық  ассоциациясы шегінде халықаралық  қылмыстық сот құруға ұмтылыстар болған. Бұл 1937 жылы Халықаралық қылмыс сотын құру туралы Конвенциясының қабылдануына себепші болды. Дегенмен бұл конвенция  күшіне енбеді.

Екінші  дүниежүзілік соғысқа дейін халықаралық  құқық конвенцияны сақтаудың  жалпы талаптарын орнатудан бастап, жеке тұлғалармен жасалатын халықаралық  құқық бұзушылықтарды бұлтартпау үшін ұлттық қылмыстық заңнаманы жетілдіруді  бекітуге дейін жол жүрді. Бірақ  осы кезең аралығында халықаралық  құқық бұзушылықтар туралы істерді  қарастыруға өкілетті халықаралық  орган болмады. Яғни тікелей халықаралық  қылмыстық жауапкершілік концепциясы  жүзеге аспады.

Әскери  қылмыскерлерге арналған сот процестері Екінші дүниежүзілік соғыс кезінен  бастап жүргізіле бастады. Кеңес  Одағына келер болсақ, Ұлы Дүниежүзілік Соғыс кезеңінің басында гитлерліктерге қатысты бір де бір сот процесі  жүргізілмеді, тек 1943 жылдың екінші жартысынан бастап арнайы шығарылған төтенше нормативтік  құқықтық актілер негізінде айыпты адамдар жауапкершілікке тартыла бастады [15].

Екінші  дүниежүзілік соғыстан кейін соғыс  кезінде жасалған қылмыстар туралы істер бойынша көптеген сот процестері жүргізілді. Барлық осы процестерді  үш топқа бөлуге болады. Бірінші  топты Нюрнберг және Токийстік процестер  құрайды. 1945 жылы 8 тамызда европа елдері осіндегі басты әскери қылмыскерлерді жазалау мен соттық ізіне түсу туралы Келісімге қол қойылды. Осыған қосымша  ретінде бұл келісімге  жеңімпаз мемлекеттермен Халықаралық  әскери трибунал Жарғысы қабылданды. Бұл Жарғыда қылмыстық жауапкершілікті  көздейтін халықаралық қылмыстар  тізімі болды. Қылмыстың мұндай тізіміне бейбітшілікке қарсы қылмыстар, әскери қылмыстар және адамзатқа  қарсы қылмыстар жатқызылды [21]. Басты  әскери қылмыскерлерге қарсы процестер 1945 жылдың 14 қарашасынан бастап,  1946 жылдың 1 қазанынан дейін жалғасты. Нәтижесінде жиырма төрт айыпталушының  ішінен он тоғызы айыпты деп танылып, оның он екісі өлім жазасына кесілді. Қиыр Шығыс үшін Халықаралық трибуналдағы қылмыстық процесс 1946 жылдың 3 мамырынан  бастап 1948 жылдың 12 қарашасы аралығында өтті [16]. Токийстік трибунал сотына Жапонияның басқарушылық орындарда болған жиырма сегіз мемлекеттік қызметкерлер берілді. Айыптау үкімі жиырма адамға қатысты шығарылды, олардың жетеуі өлім жазасына кесілді. Екінші топқа №10 Бақылау Кеңесінің заңына сәйкес жүргізілген процестер жатады. 1945 жылдың 20 желтоқсанында төрт оккупациялық державалардың Бақылау Кеңесі бұл заңды Нюрнбергтегі Халықаралық әскери трибуналдың қызметін толықтыру мақсатында қабылдады және белгілі бір географиялық орнымен байланысы жоқ жеке тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін әсер ету зоналарында құрылған соттарды ескерту мақсатында қабылдады. әсер ету зонасындағы әр төрт комендант күдіктілерді соттауға өкілетті болды және оларға сот талқылауы үшін тиісті трибуналдар құруы тиіс болды. Жапонияда мұндай құқықтық актілер болмады. Дегенмен одақтастардың әскери комиссиясы 1945 жылдан бастап 1951 жыл аралығында тоғыз жүз жиырма қылмыскерлерді өлім жазасына кесіп, үш мыңға жуығын түрмеге қамауға үкім шығарды [16].

Ал үшінші топқа, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде  қылмыс жасаған әскери қылмыскерлерге қатысты барлық сот процестері жатқызылды. Мұндай процестер Австралия, Бельгия, Венгрия, Голландия, Греция, Дания, Италия, Қытай, Норвегия, Польша, КСРО, Франция, Чехословакия, Югославия және басқа  да мемлекеттерде жүргізілді.

Егер  әсер ету зоналарында құрылған трибуналдар, сонымен қатар түрлі мемлекеттердің ұлттық соттары айыпталушыларды  ұлттық заңнамаға сәйкес жауапкершілікке  тартса, Нюрнберг және Токийстік әскери трибуналдар алғаш рет жеке тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке халықаралық  құқық негізінде тартты. Жеке тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тартудың заңдылығы «... Халықаралық құқыққа  қарсы қылмыстар абстрактілі  категориялармен емес, адамдармен жасалады, сондықтан осындай қылмыстарды  жасаған жеке тұлғаларды жазалау  жолымен халықаралық құқық ережелері  сақталуы мүмкін» деген пікірге  негізделді [17].

Нюрнберг  процесін жүргізу кезінде жазылған халықаралық құқық  агрессия, адамзатқа  қарсы қылмыстар, әскери қылмыстар  сияқты қылмыстарды қамтымады. Әсери  қылмыстың нақты құрамы агрессия қылмыстары мен адамзатқа қарсы  қылмыстарға қарағанда 1899 ж және 1907 ж Гаага конвенциялары мен 1929 ж Женева конвенциясында бекітілген әрекетті жасау кезінде тыйым  салу нормаларынан Жарғыны құрастырушылардың  енгізуімен орын тапты. Соған қарамастан агрессия қылмыстары мен адамзатқа  қарсы қылмыстармен қатар трибуналдың  әскери қылмыс үшін ізге түсу nullum crimen, nulla peona sine lege қағидалары нәтижесінде  қиынға түсті. Осыдан сұрақ туындады: nullum crimen, nulla peona sine lege қағидасын бұзбай белгілі бір тыйымдарды халықаралық  дәрежеде бекіте отырып жеке тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке халықаралық  дәрежеде тарту жеткілікті ме? Бұның  жауабы керісінше болуы тиіс еді: бұл жеткіліксіз, халықаралық дәрежедегі тыйым салушы нормалардың болуымен қатар халықаралық құқықтың жалпыға  танымал нормасы ретінде осындай  әрекеттер үшін жеке тұлғалардың  қылмыстық жауапкершілігі болуы  қажет [4]. 

Нюрнберг  процесі кезінде осы мәселені шешуде анықтылықтың болмау салдарынан айыптаушылардың қорғаушылары пайдаланды. Олардың қорғауындағы адамдарды  қылмыстық жауапкершілікке тарту nullum crimen, nulla peona sine lege қағидасын бұзумен  жүзеге асатынын айтып, ex post facto әрекеттерін криминализациялауды ұсынады. Бұл қарсылықтар Нюрнберг трибуналымен жоққа шығарылған болатын [26].

Көптеген  ғалымдар, оның ішінде Я. Броунли, әскери қылмыстар категориясы Екінші дүниежүзілік соғыс басында кәдімгі халықаралық  құқықтың нормасы болғанымен келісті  және nullum crimen sine lege қағидасы бұзылмағанын мойындады [28]. Дегенмен мұндай бағыт барлық халықаралық құқық ғалымдары тарапынан қолдау таппады: А.Г. Кибельниковтың пікірінше, әскери қылмыскерлерді Нюрнберг трибуналымен қылмыстық жауапкершілікке тарту nullum crimen, nulla sine lege қағидасының әрекет етуінен ерекше болды [29]. Өз кезегінде А.Н. Трайнин керісінше Нюрнберг трибуналының Жарғысы мен Келісімдері индивидтерді қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін жеткілікті құқықтық негіз болады, және «заңсыз жазалау мен қылмыс жоқ» деген қағида бұзылған жоқ, себебі ұлттық құқықтың нормалары мен қағидаларын халықаралық құқыққа тасымалдауға жол берілмейді [30]. 

Информация о работе Жеке тұлға - халықаралық құқықтағы қылмыстық жауапкершіліктің субьектісі ретінде