Жеке тұлға - халықаралық құқықтағы қылмыстық жауапкершіліктің субьектісі ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 14:19, курсовая работа

Краткое описание

Мақсат пен зерттеудің пәні келесідей тапсырмаларды шешуді болжайды:
- «халықаралық қылмыстық құқықты бұзу» түсінігіне қандай әрекеттер жататынын орнату;
- индивидтердің халықаралық қылмыстық құқықты бұзғаны үшін жауапкершілік институтының генезисін зерттеу;
- қандай халықаралық қылмыстық құқық бұзушылықтар халықаралық дәрежеде жеке жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін немес әкеп соғатынын анықтау.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жаупкер.docx

— 142.51 Кб (Скачать документ)

ххі) адамнаң  қадір-қасиетіне қол сұғу;

ххіі) зорлау, сексуалды құлдыққа айналдыру, жезөкшелікке мәжбүрлеу, 7-баптың 2 (f) тармағында анықталғандай мәжбүрлі екі қабат ету, мәжбүрлі стерилизация және басқа сексуалды зорлау түрлері Женева конвенциясын бұзу болып саналады;

ххііі) әскери күштерді, аудандарды немесе белгілі  бір пункттерді әскери әрекеттерден қорғау үшін азаматтық тұлғаны немесе басқа да күзетуші тұлғаның қатысуын қоолдану;

ххіv) Женева конвенциясымен орнатылған халықаралық құқыққа сәйкес айрықша эмблемаларды қолданылатын көлік құралдарына немесе медициналық мекемелерге, бөлімшелерге, материалдарға, объектілерге, персоналдарға қасақана соққы беру;

ххv) Женева конвенцияларында көздлгендей көмек көрсету үшін қасақана бөгет жасауды қоса алғанда, соғыс жүргізу тәсілі ретінде олардың тірі қалуы үшін қажетті құралдарды жою, азаматтық тұрғындарды аштықта қалдыру әрекеттерін қасақана жасау;

ххvі) 15 жастағы балаларды ұлттық қарулы күштер құрамына жинау немесе дайындау немесе әскери әрекеттерге қатыстыру;

с) 1949 жылдың 12 тамызынан бастап төрт Женева конвенцияларына ортақ 3 бабын бұзатын халықаралық емес сипаттағы қарулы қақтығыстар жағдайында, соның ішінде: іскери әрекеттерге белсенді қатыспайтын, соның ішінде қаруын тастаған әскери қызметкерлер, ауру, жарақат алу нәтижесінде қатардан шығарылған немесе басқа да кез келген себептер бойынша осындай тұлғаларға қатысты жасалған әрекеттің кез келгені, соның ішінде:

і) жеке тұлғаға және өмірге қол сұғу, соның  ішінде өлтірудің кез келген формасы, азаптар келтіру, қатаңдылық көрсету  және қинау;

іі) адамның  қадір-қасиетіне қол сұғу, соның ішінде соның ішінде ар-намысты төмендету мен таптау;

ііі) тұтқынға алу;

іv) жалпылама міндетті болып табылатын барлық сот кепілдерін сақтауды қамтамасыз ететін сот орнатқан тәртіппен құрылған алдын ала сот тергеуінсіз үкім шығару немесе оны орындау;

d) 2 (с) тармағы халықаралық емес сипаттағы қарклы қақтығыстарға қолданылады, тәртіпсіздік, жеке немесе қолдамалы зорлық актілеріне немесе осы тәріздес актілерге байланысты НАПРЯЖЕНИЕнің пайда болуы және ішкі тәртіптің бұзылу жағдайларына қолданылмайды;

е) халықаралық  емес сипаттағы қарулы қақтығыстарда  қолданылатын халықаралық құқық  шегінде орнатылған дәстүрлер мен  заңдарды бұзуға келесідей әрекеттер  жатады:

і) әскери әрекеттерге тікелей қатыспайтын  жеке азаматтық тұлғаларға немесе азаматтық  тұрғындарға қасақана шабуыл жасау;

іі) Женева конвенциясымен орнатылған халықаралық  құқыққа сәйкес айрықша эмблемаларды қолданылатын көлік құралдарына  немесе медициналық мекемелерге, бөлімшелерге, материалдарға, объектілерге, персоналдарға  қасақана соққы беру;

ііі) халықаралық  қарулы қақтығыс құқығы бойынша азаматтық  объектілер мен азаматтық тұлғалар қолданылатын қорғау құқығына әлі ие болмаған, Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысына  сәйкес бейбітшілікті қолдау бойынша  миссияға немесе гуманитарлық көмек  көрсетуге қосылған көлік құралдарына  немесе бөлімшелерге, материалдарға, объектілерге, персоналдарға қасақана соққы беру;

іv) тарихи ескерткіштерді, өнер туындыларын, яғни (мәдени және рухани) халықтың мұраларын, білім беру, діни, аурухана және ауру және жаралы адамдар жиналған орынды, олар әскери мақсаттарға жатпайтыны туралы белгілі болса, осындай мекемелерге қасақана саоққы жасау;

v) қала басып алынған жағдайда да, қаланы немесе тұрғылықты пунктті жойқындау;

vі) зорлау, сексуалды құлдыққа айналдыру, жезөкшелікке мәжбүрлеу, 7-баптың 2 (f) тармағында анықталғандай мәжбүрлі екі қабат ету, мәжбүрлі стерилизация және басқа сексуалды зорлау түрлері Женева конвенциясын бұзу болып саналады;

vіі) 15 жастағы балаларды ұлттық қарулы күштер құрамына жинау немесе дайындау немесе әскери әрекеттерге қатыстыру;

vііі) шиеленіске байланысты себептер бойынша азаматтық тұрғындарды көшіру туралы бұйрық беру, егер әскери сипаттағы қажеттіліктен туындаса немесе азаматтық тұрғындардың қауіпсіздігін сақтауды талап етпесе;

іх) қарсыластың  комбатантын жарақаттау немесе сенімге  кіріп өлтіру;

х) аяущылық болмайтынын хабарлау;

хі) қарсылас тараптартың билігіндегі тұлғаларға физикалық қинау қолдану немесе осындай тұлғаның немесе тұлғалардың  денсаулығына қауіп төндіретін немесе өлімге алып келетін және олардың  мүдделерімен жүзеге аспайтын тиісті тұлғаны ауруханалық емдеунемесе  тіс дәрігерлік немесе медициналық  емдеу қажеттіліктерін ақтамайтын кез келген ғылыми және медициналық  эксперимент жасау;

хіі) қарсыластың  мүлкін жою немесе басып алу, мұндай басып алу мен жою әскери қажеттіліктен  туындаған жаңдайды қоспағанда;

f) 2(е) тармағы халықаралық емес сипаттағы қарклы қақтығыстарға қолданылады, тәртіпсіздік, жеке немесе қолдамалы зорлық актілеріне немесе осы тәріздес актілерге байланысты қысымның пайда болуы және ішкі тәртіптің бұзылу жағдайларына қолданылмайды. Үкіметтік билік немесе ұйымдасқан қарулы топтар немесе осындай топтар арасындағы ұзақ халықаралық қақтығыстар жүріп жатқан мемлекеттер территориясында орын алған қарулы қақтығыстарға байланысты қолданылады».

Осыдан  жоғарыда аталған ережелерге сәйкес 8-бап әскери қылмыстарды төрт категорияға топтастырады, олардың ішінде екеуі халықаралық қарулы қақтығыстарға қатысты болса, ал екеуі ішкі қарулы қақтығыстар болып саналады [3].  

Рим статутының 8-бабына сәйкес әскери қылымыстарға:

1) 1949 ж 12 тамыздан Женева конвенциясын бұзу. Осы баптың а) тармағында тек төрт Женева конвенциясының І 50-бапта, ІІ 51-бапта, ІІІ 130-бапта, ІV 147-бапта жазылған анықтаманы қосады;

2) халықаралық құқық шегінде орнатылған халықаралық қарулы қақтығыстармен қолданылатын заңдар мен дәстүрлерін бқзатын басқа да құқықбұзушылықтар. Бұл әскери қылмыстардың категориясының анықтамасы халқаралық гуманитарлық құқықтың әртүрлі қайнар көздерінен алынғандықтан, І Қосымша хаттаманың, 1907 ж ІV Гаага конвенциясына қосымша жаяу соғыс заңдары мен дәстүрлері туралы Ереженің, 1899 ж Декларацияның, 1925 ж Хаттаманың ережелерінде берген анықтамаларға ұқсас болып келеді;

3) 1949 жылдың 12 тамызынан бастап төрт Женева конвенцияларына ортақ 3-бабын бұзатын халықаралық емес сипаттағы қарулы қақтығыстар жағдайында, соның ішінде: іскери әрекеттерге белсенді қатыспайтын, соның ішінде қаруын тастаған әскери қызметкерлер, ауру, жарақат алу нәтижесінде қатардан шығарылған немесе басқа да кез келген себептер бойынша осындай тұлғаларға қатысты жасалған әрекеттің кез келгені.

4) Халықаралық емес сипаттағы қарулы қақтығыстарда қолданылатын халықаралық құқық шегінде орнатылған дәстүрлер мен заңдарды бұзу. Осы тыйымдардың қалыптасуының негізінде ІІ Қосымша хаттаманың ержелері, ІV Гаага конвенциясына қосымша Гаага ережелері, 1989 жылға балалар құқығы туралы Конвенциясының, басқа халықаралық құқықтың қайнар көздері жатады. Осы құқық бұзушылық категорияның белгілерін анықтау үшін ертеректе халықаралық қарулы қақтығыстар кезінде жасалатын бұзушылықтарды сипаттау үшін дәстүрлі қолданылатын әрекеттердің жеке белгілерін иемдену.

Жоғарыда  аталған барлық қылмыстар категориясының тізімін сипаттайтын факультативті  белгілеріне назар аударған дұрыс. Рим статутының 8 бабында аталған барлық әрекеттер әскери қылмыстар ретінде танылады, егер «осындай қылмыстар жоспарлау немесе саясат немесе ірі масштаб көлемі шегінде жасалса» [39].

Рим статутының 8-бабында көзге түсерлік әскери қылмыстар тізімі бар. Осы ережелерді құру кезінде Рим дипломатиялық конференциясының мүше мемлекеттері бір бірімен тығыз байланысты, бірақ екі түрлі ережеге негізделді. Біріншіден, әрекетті анықтаушы норма кәдімлгі халықаралық құқықтың бір бөлігін құрауы керек, екіншіден, осы нормаларды бұзу кәдімгі халықаралық құқыққа сәйкес жеке тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігін қарастыруы тиіс.

Рим статутында бұрын шарттық құқықтарда әскери қылмыстар ретінде танылмаған құқықбұзушылықтардың құрамы нақтыланып және жеке белгілері  дамыды. Рим статутының 8-бабын саралай келіп, оның 1949 ж Женева конвенциясы мен І және ІІ Қосымша хаттамалардың ережелері мен халықаралық гуманитарлық құқықтың басқа да қайнар көздеріндегі ережелерді қайталайды деген тұжырымға келді. Дегенмен ертеректе пайда болған әскери қылмыстардың анықтамасынан кішкене өзгеше болып келеді [5].

Егер  8-баптың 2-тармағының «а» тармақшасы жалпы Женева конвенциясының ержесін қайталайтын болса, «b» тармақшасы кейбір жаңа мәліметтерден тұрады. 8-баптың 2-тармағының «b» тармақшасындағы жеке қылмыстарды қалыптастыру кезінде І Қосымша хаттаманың 85-бабының 3-тармағындағы үш қылмыс негізге алынды. Бұл жерде азаматтық тұрғындарды немесе жеке азаматтық тұлғаларды шабуыл объектісіне айналдыру туралы айтылған; таңдаулы сипаттағы емес шабуыл жасау, соның ішінде осындай шабуылдың нәтижесі азаматтық объектілерге шығын келтіретінін немесе азаматтық тұлғалар арасында жарақаттануға, аса көп адам өліміне алып келетінін біле тұра жасалса;  азаматтық объектілерге шығын келтіретінін немесе азаматтық тұлғалар арасында жарақаттануға, аса көп адам өліміне алып келетінін біле тұра қауіпті күштері бар құрылғылар мен қондырғыларға шабуыл жасау.

І Қосымша  хаттаманың 85-бабының 3-тармағына сәйкес бұл әрекеттер егер «өлімге әкеп соқса, ауыр дене жарақаттарына және денсаулыққа аса ауыр зиян келтірсе» қауіпті құқықбұзушылыққа жатады. Рим статуты осындай әрекеттерді әскериқылмыстар ретінде тану үшін мұндай белгілердің болуын талап етпейді.

Женева  конвенциясы мен Қосымша хаттамаларға қарағанда жаңа ереже ретінде  8-баптың 2-тармағының «b» тармақшасындағы қоршаған табиғаи аясына кең ауқымды, ұзақ мерзімді және қауіпті зиян келтіруге қатысты актілер тізімінде абайсызда зиян келтіретіні белгілі болған қасақана шабуыл жасаған әскери қылмыстар жатады. Дегенмен мұндай әрекеттер қылмыс болып саналу үшін әскери пайдаға қатысты сай келмеуі тиіс [3].

Келесі  айырмашылық, 8-баптың 2-тармағының «b» тармақшасының vіі) абзацы, басып алушы державаның басып алынған территорияға өзінің тұрғындарының бөлігін тікелей не болмаса жанама көшіру немесе басып алынған территория тұрғындарының бір бөлігін немесе толығымен осы территория шегінде немесе одан тыс жерге көшіру немесе депортациялау жатады. Бұл әрекет ІV Женева конвенциясының 49-бабы мен І Қосымша хаттаманың 85-бабының 4-тармағының «а» тармақшасына негізделген. Рим статуты бұл тыйымды кеңейте түсті. Ол онда   басып алушы мемлекеттің басып алынған территорияға өзінің азаматтық тұрғындарын көшіру ережесін қосты. «Жанама көшіру» қосымша тыйымы басып алынған территорияға басып алушы мемлекеттердің азаматтық тұрғындарының кіруі үшін шаралар қолданбауы, қылмыс құрамына кіреді деп орнатады.

 Рим  статутының 8-бабының 2-тармағының «b» тармақшасының ііі) абзацы халықаралық қарулы қақтығыс құқығы бойынша азаматтық объектілер мен азаматтық тұлғалар қолданылатын қорғау құқығына әлі ие болмаған, Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысына сәйкес бейбітшілікті қолдау бойынша миссияға немесе гуманитарлық көмек көрсетуге қосылған көлік құралдарына немесе бөлімшелерге, материалдарға, объектілерге, персоналдарға қасақана соққы беруге тыйым салады. Рис статуты осы адамдар тобына, олардың объектілеріне және меншіктеріне қарсы жасалған әскери қылмыстарды әскери қылмыстың анықтамасы мен классификациясына қосатын бірінші халықаралық шарт болып есептеледі.

Әскери  қылмыстарды жасағаны үшін жеке тұлғалардың  қылмыстық жауапкершілігі институтының қарқынды дамуына қарамастан, халықаралық  гуманитарлық құқық бұзушылықтардың  кейбіреуі Рим статутының 8-бабында анықталатын әскери қылмыстар тізіміне жатпайды. Мысалы, осы бапқа І Қосымша хаттаманы бұзатын әскери тұтқындар мен азаматтық тұлғаларды репатриациялаудың ақталмаған кешігуі, Конвенция мен І Хатаманың қорғауындағы адамның әділ жіне дұрыс сот ісін жүргізуге құқығынан айыру [10].

Рим статутының 8-бабының 2-тармағының «е» тармақшасының vіі) абзацы мен «b» тармақшасының xxvi) абзацына сәйкес 15 жастағы балаларды ұлттық қарулы күштер құрамына жинау немесе дайындау немесе әскери әрекеттерге қатыстыру қылмыс болып саналады. Бұл ереже 1977 жылғы Қосымша хаттамаларға және 1989 жылғы БҰҰ балалар құқықғы бойынша конвенцмясына сәйкес келеді. Осы құжаттарда қарулы күштер құрамына кіру үшін және әскери әрекеттерге қатысу үшін ең аз жас мөлшері бекітілген. Бірақ 2000 жылғы Бала құқықғы туралы конвенцияға Қосымша хаттамада қарулы қақтығыстарға қатысу үшін ең шекті жас 18 деп бекітілген. Хаттама 15 жастан төмен балаларды қарулы топтармен дайындауға тыйым салады. Осыған орай Рим статутының ережелері осы талаптарға сәйкес төмен талап қояды, сондықтан мемлекеттер қосымша хаттамадағы стандарттарды қабылдауы тиіс.

Шын мәнісінде  жасалып жатқан қылмыстар түрлі  белгілерінің болуымен  сипатталады. Бірақ олардың әртүрлі болуына  қарамастан барлық қылмыстар, әскери қылмыстарды  қоса алғанда, ортақ ұқсастықтарға  ие. Сондықтан Рим статутын қабылдау алдында мемлекеттер 8-бапта осы ірекеттердің өоғамға қауіпсіздігін сипаттай отырып әскери қылмыстарға тән заіды белгілерін бөліп көрсетіп, бекітті. өзінің мазмұны бойынша аталған белгілер бір жағынан, сыртқы көрінісі бойынша әскери қылмыстар деп сипатталса (объективті белгілері), екінші жағынан жасалған әрекетке субъектінің психикалық қатынасы мен осы қылмыстардың субъектілері деп сипаттайды (субъективті белгілері). Осымен олар қылмысты әртүрлі жағынан сипаттайды, кінәліні жауапкершілікке тарту үшін ресми-құқықтық негіз, тыйым салынған және рұқсат етілген тәртіптің шектерін анықтайды, нақты әрекетті сол қылмыстың түрі ретінде құқықтық идентификациялауға негіз болады, яғни әскери қылмыстарды топтастыру, олардың басқа құқық бұзушылықтарды ажырату.

Осы байланыста 2000 ж Халықаралық қылмыстық сот үшін Дайындау комиссиясымен жасалған Қылмыс элементтері үлкен маңызға ие. Оның басты мақсаты Рим статутының 9-бабының 1-тармағына сәйкес Рим статутының 6-8-баптарының қолданылуы мен талқылауына сотқа көмек көрсету. Қылмыс элементтерінің маңыздылығы туралы мүше мемлекеттердің Ассамблеясының мүшелерінің  үштен екісінің көпшілік  даусымен қабылданатын түзетулер енгізу мен оларды қабылдау реті дәлел болады (Рим статутының 9-бабының 1- және 2-тармақтары). Рим статутының 9-бабының 3-тармағында Қылмыс элементтері мен оларға өзгертулер енгізу Рим статутының ережелеріне сәйкес талаптар бар.

Информация о работе Жеке тұлға - халықаралық құқықтағы қылмыстық жауапкершіліктің субьектісі ретінде