Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 14:19, курсовая работа
Мақсат пен зерттеудің пәні келесідей тапсырмаларды шешуді болжайды:
- «халықаралық қылмыстық құқықты бұзу» түсінігіне қандай әрекеттер жататынын орнату;
- индивидтердің халықаралық қылмыстық құқықты бұзғаны үшін жауапкершілік институтының генезисін зерттеу;
- қандай халықаралық қылмыстық құқық бұзушылықтар халықаралық дәрежеде жеке жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін немес әкеп соғатынын анықтау.
Nullum crimen,
nulla peona sine lege қағидалары халықаралық
құқықта құқықтың жалпы
Бірақ Нюрнберг
және Токийстік процестерді жүргізу
нәтижесінде халықаралық
Дегенмен, халықаралық құқықтың жазылған
нормасының болмауы Нюрнберг қағидасының
халықаралық дәстүр ретінде әрекет
ету мүмкіндігін шектемейді. Халықаралық
дәстүр тек opinion juris негізінде ғана пайда
болмайды, сонымен қатар мемлекеттердің
тиісті тәжірибесінің болуын талап
етеді. Сонымен бірге Нюрнбергтік
және Токийстік процестерден кейін
индивидтердің халықаралық
1.4 Жеке тұлғалардың халықаралық қылмыстары туралы істерге әмбебап юрисдикция қағидасын қолдану
Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыс аяқталғаннан кейiн, герман милитаристерiнiң ауыр әскери қылмыстарына байланысты жеке тұлғалардың жауапкершiлiгi туралы мәселе пайда болды. Версаль шартына сәйкес, державалар бұрынғы герман императоры Вильгелм II-ге «халықаралық мораль мен шарттардың қасиеттi күшiн қорлағандары үшiн көпшiлiк айып тақты. Алайда, шын мәнiнде Антанта елдерi Вильгелм Екiншiнi соттау туралы онша талап ете қойған жоқ. Мұндай сот процесiн жүргiзу және герман императорын соттау халықаралық қатынастарда жағымсыз жағдайдың (үлгiнiң) қалыптасуына әкеп соғар едi. Тағылған айыптың өзi құқықтық тұрғыдан қарағанда соншалықты екi ұшты болғандықтан, Голландияның қашып кеткен императорды Антантаға беруден бас тартуына мүмкiндiк бердi. Сөйтiп, бiрiншi дүниежүзiлiк соғыстың әскери қылмыскерлерiне халықаралық сот процесiн ұйымдастыру және жүргiзу әрекетi жүзеге аспай қалды.
Адамзатқа қарсы жасалған қылмыстарды халықаралық сотта жазалау идеясы екiншi дүниежүзiлiк соғыс аяқталғаннан кейiн нақты жүзеге аса бастады. Соғыс кезiнде гитлершiлердiң уақытша жаулап алған аумақтарында жасаған жан түршiгерлiк қылмыстары туралы мәлiмдейтiн бiрқатар ноталар мен өтiнiштер жарияланды. Осы құжаттар бұл қылмыстар үшiн жауапкершiлiктiң болатынын ескерткен едi.
1942 жылдың қаңтар айында соғыс кезiнде жасалған қылмыстар үшiн жазалар туралы Декларацияға қол қойылды. Оған Греция, Норвегия, Бельгия, Голландия, Югославия, Польша, Люксембург, Чехословакия елдерiнiң үкiметтерi және француздың ұлттық комитетi қатысты. Декларацияның бiр бабында осы қылмыстар үшiн кiнәлi және жауаптыларды, олардың осы қылмыстарды өзi жасағандарына немесе бұйрық бергендерiне немесе олардың қатысуымен жасалғанына қарамастан, әдiл соттылықты үйымдастыру керектiгi айтылған болатын, Декларацияда кiнәлi және жауапты тұлғалардың табылуы үшiн және әдiлсоттылықтың жүзеге асып, олардың сотталуы үшiн, сондай-ақ шығарылған үкiмдердiң орындалуы үшiн қылмыскерлердi қудалау қажеттiлiгi көрсетiлген.
1942 жылдың қазан айында Кеңес үкiметi осы декларацияны халықаралық трибунал құру туралы және фашистiк Германияның кез-келген басшысын қылмыстық заңның барлық қатаңдығымен жазалау туралы тезиспен толықтыра отырып, мақұлдады. 1943 жылдың қазан айында екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiндегi әскери қылмыскерлердi жазалау туралы маңызды құжаттардың бiрi – айуандық қылмыстары үшiн гитлершiлердiң жауапкершiлiгi туралы Москва Декларациясы қабылданды. Соның iшiнде, осы құжатта «итальян офицерлерiн немесе француз, нидерланды, бельгия, норвеж тұтқындарын немесе крит шаруаларын жаппай атуға қатысқан немiстер, немесе Польша халқын қырып-жоюға қатысқан немесе қазiр жаудан тазартылып жатқан Кеңес Одағының аумағындағы халықты қырып-жоюға қатысқан немiстер - өздерiнiң қылмыс жасаған жерлерiне қайтарылатындықтарын және өздерi азаптаған адамдардың жазалауларына берiлiп, сотталатындықтарын бiлулерi керек. Жазықсыз жандардың қанына қолын әлi былғамағандар осыны ескерсiн, өйткенi кiнәлiлер қатарына жатқызылса, үш одақтық державалар оларды дүниенiң қай бұрышынан болса да тауып алып, әдiл соттылықты жүзеге асыру үшiн айыптаушылардың қолына бередi. Бұл Декларацияда қылмыстары белгiлi бiр географиялық аумаққа байланысы жоқ бас қылмыскерлер туралы мәселе қозғалмайды, өйткенi олар одақтастар үкiметтерiнiң ортақ шешiмдерiмен жазаланатын болады”.
Екiншi дүниежүзiлiк соғыс бiткеннен кейiн, атап айтқанда 1945 жылдың 8 тамызында КСРО, АҚШ, Ұлыбритания және Франция үкiметтерi Халықаралық Әскери трибунал құрды. Трибуналдың құрылғандағы мақсаты басты әскери қылмыскерлердi әдiл және тез арада жазалау болатын. Халықаралық Әскери Трибунал (ХҒТ) Жарғысының 2 бабына сәйкес, оның құрамы төрт мемлекеттiң әрқайсысынан бiр-бiр мүше мен орынбасарларды тағайындау арқылы айқындалды. Трибунал мүшелерiне айыпталушылардың, соттанушылардың, қорғаушылардың қарсылық бiлдiру құқықтары қарастырылмаған. Трибунал кворумы Трибуналдың төрт мүшесiнен немесе Трибуналдың уақытша жоқ мүшелерiнiң орнын ауыстыратын орынбасарлардан құрылады. Шешiмдер көпшiлiк дауыспен қабылданатын, ал дауыстар бөлiнгенде төрағалық етушiнiң дауысы шешушi болып табылатын. Төрағалық етушi Трибунал мүшелерiнен сайланады және өз мiндетiн сот процесi жүрген кезеңде атқарады. Жарғылық ережелер сот мәжiлiсiнiң кезектiлiк қағидасын көздейдi. Трибуналдың юрисдикциясы туралы мәселе маңызды іс-жосық мәселесі болып табылады. Халықаралық құқықта бiрiншi рет ХӘТ жарғысы жеке жауапкершiлiкке тартылатын қылмыстар жүйесiн айқындап бердi:
а) бейбiтшiлiкке қарсы қылмыстар; атап айтқанда: жоспарлау, дайындау, халықаралық келiсiмдердi, шарттарды немесе пәтуаларды бұза отырып басқыншылық соғыс жүргiзу немесе соғыс өртiн тұтандыру не болмаса жоғарыда аталған кез келген әрекеттi жүзеге асыруға бағытталған жалпы жоспарға немесе астыртын сөз байласуға қатысу;
б) әскери қылмыстар, ал атап айтқанда: соғыс заңдарын немесе салт-дәстүрлерiн бұзу. Оларға мыналар жатады: басып алынған территорияның бейбiт тұрғындарын өлтiру, азаптау, құлдыққа немесе басқа мақсаттарға алып кету; теңiздегi әскери тұтқындарды немесе тұлғаларды өлтiру немесе азаптау; аманаттағы тұтқындарды өлтiру; қоғамдық немесе жеке меншiктердi тонау; қалалар мен ауылдарды мән-мағынасыз қирату; әскери қажеттiлiкке ақтай алмаған күйреулер және басқа да қылмыстар.
в) адамзатқа қарсы қылмыстар, атап айтқанда: соғыс кезiнде немесе соғыстың алдында бейбiт тұрғындарға қатысты жасалған кiсi өлтiру, азаптау, езiп-жаншу, жер аудару және өзге де қатiгездiктер немесе саяси, нәсiлдiк немесе дiни желеулерге байланысты қудалау, осы қылмыстар жасалған елдiң iшкi құқықтарын бұзуға жататына – жатпайтынына қарамастан Трибуналдың юрисдикциясына жататын кез келген қылмыстарды жүзеге асыру.
ХӘТ Жарғысының 26 бабына сәйкес, Трибунал үкiмi түпкілікті шешiм болып табылады және оған шағым жасалынбайды.
Соғыс кезеңiнде одақтастардың актiлерiнде тұжырымдалған барлық әскери қылмыскерлердi қатаң қылмыстық жазалау мен қудалау, кейiн келе БҰҰ Бас Ассамблеясының (3(I) 1946ж 13 ақпанындағы, 170(II) 1947 жылдың 31 қазанындағы, 95(I) 1946 жылдың 11 желтоқсанындағы, 2184(ХХI) 1966 жылдың 12 желтоқсанындағы, 2202(ХХI) 1966 жылдың 16 желтоқсанындағы) резолюцияларымен расталды, сөйтiп, қазiргi заманғы халықаралық құқықтың көпшiлiк мойындаған нормасына, барлық мемлекеттердiң мiндеттемелерiне айналды.
Әскери қылмыскерлердi қылмыстық жазалау проблемаларының өзектiлiгi мынадан көрiнедi:
- бұл халықаралық - құқықтық проблеманың шешiмi нәсiлшiлдiк пен фашизмнiң туындауына, әлемде жаңа басқыншылықтың пайда болуына жол бермейдi, әлемдiк бiрлестiктiң бейбiтшiлiгi мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз етедi;
- бұл проблеманы шешудi гуманизм мен әдiлдiк және өмiрдiң өзi талап еттi;
- барлық әскери қылмыскерлердi жазалау проблемасы қазiргi болмыстың өзектiлiгi болып табылады.
1968 жылы әлемдiк бiрлестiк әскери қылмыстарға және адамзат қауiпсiздiгiне қарсы жасалған қылмыстарға ескiру мерзiмiн қолданбау туралы Конвенцияны қабылдады. Әскери қылмыскерлердi қылмыстың жауапкершiлiкке тарту мәселелерiнде ескiру мерзiмiн қолданбауды мынадай негiздермен түсiндiредi:
- халықаралық құқықта мерзiмдердiң ескiру институты жоқ, ол мемлекеттердiң ұлттық құқығында ғана әрекет етедi;
- басқыншылыққа байланысты жасалған халықаралық қылмыстардың қатiгездiгiне, жаппай қауiптiлiгiне байланысты оларға мерзiмдердiң ескiру институты қолданыла алмайды;
- бiрде-бiр мемлекет халықаралық құқықтың көпшiлiк мойындаған нормаларын жоя алмайды.
Сөйтiп, халықаралық құқықтағы мерзiмдердiң ескiру институтының болмауы және оның әскери қылмыскерлерге қолданылмауы халықаралық құқықтың көпшiлiк мойындаған нормасы болып табылады.
Халықаралық Әскери Трибунал Жарғысының нормаларына сәйкес, сот процестерi Нюрнберг пен Токиода өттi. 1993 және 1994 жылдары БҰҰ-ның Қауiпсiздiк Кеңесi бұрынғы Югославия және Руанда аумақтарында қылмыс жасаған кiнәлi тұлғаларды соттау үшiн екi Халықаралық Трибунал «ad hos” құруды жоспарлады. Бiрiккен Ұлттар Ұйымының құрылған алғашқы жылдарында халықаралық құқық Комиссиясына бейбiтшiлiк пен адамзат қауiпсiздiгiне қарсы қылмыстар туралы Кодекстiң жобасын дайындау тапсырылды. Түрлi жағдайларға байланысты Кодекстiң жобасын жасау ондаған жылдарға созылғандықтан, Халықаралық қылмыстың Сотты құруға кедергi болды. 1991 жылы Халықаралық Құқық Комиссиясы бейбiтшiлiк пен адамзат қауiпсiздiгiне қарсы қылмыстар туралы Кодекстiң толық жобасын бiрiншi оқылуында-ақ қабылдады. 1998 жылы халықаралық конференцияда БҰҰ-ның мүше-мемлекеттерiнiң өкiлдерi Халықаралық қылмыстық сотты құрды, оның статуты өз күшiне 2002 жылы ендi.
Қазақстан Республикасы халықаралық құқықтың тең құқықты субъектiсi бола отырып, халықаралық қылмыстар жасайтын тұлғаларды жазалау мен бұлтартпау жөнiндегi халықаралық мiндеттемелердi өзiне жүктейдi, сол үшiн өзiнiң ұлттық қылмыстың заңнамасында бейбiтшiлiк пен адамзат қауiпсiздiгiне қарсы қылмыстар үшiн жауапкершiлiктi енгiзген. Қазақстан Республикасының әрекеттегi қылмыстық кодексiнiң 4-тарауы (156-164 баптар) басқыншылық соғысты жоспарлау, әзiрлеу, тұтандыру немесе жүргiзуге байланысты; басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргiзу және жария түрде шақыруға байланысты; жаппай қырып-жою қаруын өндiру немесе таратуға байланысты; соғыс жүргiзудiң тыйым салынған құралдары мен әдiстерiн қолдануға байланысты; геноцид, экоцид, жалдамалылыққа байланысты; халықаралық қорғау аясындағы адамдарға немесе ұйымдарға шабуыл жасауға байланысты; әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк немесе дiни араздықты қоздыруға байланысты қылмыстар үшiн жауапкершiлiктердi көздейдi.
2 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТА ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ ЖАСАҒАН ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ
Информация о работе Жеке тұлға - халықаралық құқықтағы қылмыстық жауапкершіліктің субьектісі ретінде