Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2014 в 07:51, дипломная работа
Тәжірбие соттылықты алып тастаудың негізі ретінде рақымшылық пен кешірім беру актісін қолдану көлемі өсіп отыр. Сондықтан, соттылық түсінігінің, соттылықты жою және алып тастаудың, соттылықтың қылмыстық құқықтық салдарының теориялық негізін жасау және оларды құқықтық реттеуді жетілдіру қылмыстық және қылмыстық-атқару құқығында өзекті мәселені құрайды.
Кіріспе
I. Тарау. Соттылықтың құқықтық табиғаты
1.1. Соттылық ұғымы және оның қылмыстық-құқықтық салдары
II. Тарау. Жаза тағайындау
2.1. Жаза тағайындаудың жалпы негіздері
2.2. Жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар
2.3. Қатысып жасалған қылмыс үшін жаза тағайындау
2.4. Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау
2.5. Қылмыстардын қайталануы жағдайында жаза тағайындау
2.6. Үкімдердің жиынтығы бойыйша жаза тағайындау
2.7. Мерзімдерді қосу кезіңде оларды белгілеу тәртібі және жаза
мерзімдерін есептеу және жазаны есепке алу
2.8. Белгілі бір қылмыс үшін көзделген жазадан гөрі жеңілірек жаза
тағайындау
2.9. Шартты түрде соттау
III. Тарау. Қылмыстық заңдағы соттылықты жою және алып тастау шарттары
3.1. Қылмыстық құқықтағы соттылықты жою мерзімі және оны есептеу тәртібі
3.2. Соттылықты алып тастау жағдайы және соттылықты мерзімінен бұрын алып тастау негізі
Қорытынды
Пайдалынған әдебиеттер
Өлім жазасы түріндегі жаза кешірім жасау тәртібі бойынша бас бостандығынан айырумен ауыстырылған адамға мерзімінен бұрын -шартты түрде босату қолданылмайды.
Жазаның өтелмеген бөлігін жеңілірек жазамен ауыстырудың жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың айырмашылығы оның шартсыз, түпкілікті босатылуында болып табылады. Жазаның өтелмеген бөлігін жеңілірек жазамен ауыстырудың негізі болып жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босатудағы сияқты сотталған адамның үлгілі мінез-құлқы және еңбекке, оқуға деген адал көзқарасы есепке алынады. Сот тәжірбиесінде түзелу жолына нақты түскен адамдарға ғана жазаны ауыстыру қолданылады. Мұндай жағдайда жазаның алға қойған мақсатына түпкілікті жету жеңілірек жазаны өтеу арқылы-ақ жүзеге асырылады. Жазаның өтелмеген бөлігін жеңілірек жазамен ауыстыру сотталған адамға мына негіздерге қолданылуы мүмкін.
1. Кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс үшін бас босатандығынан айыру жазасын өтеп жүрген адамға сот оның жазасын өтеу жөніндегі мінез-құлқын ескере отырып, жазаның өтелмей қалған бөлігін оның жеңіл түрімен ауыстыра алады. Бұл орайда адам жазаның қосымша түрінде өтеуден толық немесе ішінара боатылуы мүмкін.
2.Жазаның өтелмеген бөлігі
оның неғұрлым жеңіл түріне
сотталған адам жаза
3. Жазаның өтелмеген бөлігін ауыстыру кезінде сот осы Кодекстің 39-бабында аталған жаза түрлеріне сәйкес, осы Кодексте әрбір жаза түрі үшін көзделген шекте жазаның кез келген неғұрлым жеңіл түрін таңдап алуы мүмкін (Қылмыстық кодекстің 71-бабы).
Жазаның өтелмеген бөлігі жеңілірек жазамен ауыстырылу қолданылған сотталған адамды сот қосымша жазадан толық немесе ішінара босату да, босатпауы да мүмкін. Бұл мәселе нақты жағдайларға қарап шешіледі. Егер жеңілірек жазамен ауыстырылған ретте, қосымша жаза одан гөрі қатаңырық болса, мұндай ретте сотталған адам міндетті түрде қосымша жазадан да босатылуы қажет. Жаза жеңілірек жазамен ауыстырылу қолданылған адам жазаның өтелмеген бөлігі ішінде қылмыс істесе, сот мұндай жағдайда кінәлі адамға Қылмыстық кодекстің 60-бабына сәйкес үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындайды да, бірінші үкім бойынша өтелмей қалған жазаны соңғы жазаға қосады.
Жазаны өтеген уақыттан бастап соттылықты жою шарты басталады, яғни, оның жойылу мерзімі. Соттылықты жою мерзімі - тұлға сотталған деп есептелінетін уақыт аралығын білдіреді. Соттылықты жою мерзімі Қылмыстық кодекстің 77-бабының, 3,4-тармақтарында көзделген. Заңда көзделген мерзім өткеннен кейін соттылық жойылады. Ал, соттылықты жою тәртібі Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген. Жазадан босатылған адам соттылығы жоқ деп танылады. Соттылық: а) шартты түрде сотталған адамдар жөнінде - сынақ мерзімі өтуі бойынша; б) тәртіптік әскери бөлімінде ұстау, әскери қызмет бойынша шектеу немесе қамау түрінде жазасын өтеген әскери қызметшілер жөнінде - іс жүзінде жазаны өтеу бойынша; в) бас бостандығынан айырумен салыстырғанда жазаның неғұрлым жеңіл түріне сотталған адамдар жөнінде - жазаны өтегеннен кейін бір жыл өтуі бойынша; г) кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмысы үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар жөнінде - жазаны өтегеннен кейін үш жыл өтуі бойынша; д) ауыр қылмысы үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар жөнінде - жазаны өтегеннен кейін алты жыл өтуі бойынша; е) аса ауыр қылмысы үшін сотталған адамдар жөнінде - жазаны өтегеннен кейін сегіз жыл өтуі бойынша жойылады. Егер сотталған адам заңда белгіленген тәртіппен жазасын өтеуден мерзімінен бұрын босатылса немесе жазаның өтелмеген бөлігі неғұрлым жеңіл жазамен ауыстырылса, онда соттылықты жою мерзімі жазаның нақты өтелген мерзімін негізге ала отырып, негізгі және қосымша жаза түрлерін өтеуден босатылған кезден бастап есептелінеді. Егер сотталған адам жазаны өтегеннен кейін өзін мінсіз ұстаса, сот оның өтініші бойынша соттылықты жою мерзімі өткенге дейін одан соттылықты алып тастай алады. Егер сотталған адам соттылықты жою мерзімі өткенге дейін тақы да қылмыс жасаса, соттылықты жою мерзімі тоқтатылады. Бірінші қылмыс бойынша соттылықты жою мерзімі соңғы қылмысы үшін негізгі және қосымша жазаны іс жүзінде өтегеннен кейін қайта есептелінеді. Бұл жағдайда адам екі қылмыстың ең ауыры үшін соттылық мерзімі өткенге дейін олар үшін сотталған деп есептеледі. Соттылықты жою немесе алу соттылыққа байланысты барлық құқықтық зардаптардың күшін жояды.
Тұлға соттылық жойылатын мерзім ішінде жаңа қылмыс жасамаса соттылығы жойылған деп танылады.
Қылмыстық жауапқа тартудың мерзімінің ескіруі деп қылмыс істеген уақыттан бастап, кінәлі адамды сол қылмысы үшін заңда көрсетілген шарттарға сәйкес жауапқа тартуға мүмкіндік беретін уақыттың өтеуін айтамыз. Мұндай мерзімінің өтуі қолданылатын шараның тиімділігі, қажеттілігін жояды, сондықтан да ол қылмыс ескірген қылмыс қатарына жатқызылады. Уақыты өтіп, ескірген қылмысты тергеу оған дәлелдерді жина, істі сотта қарау кезінде жинақталған мәліметтерді қайта жаңғыртудың өзі де кезінде жинақталған мәліметтерді қайта жаңғыртудың өзі де көптеген қиындықтарды туғызады. Сондықтан да жауапқа тарту мерзімі ескірген қылмысы үшін кінәлі адамға қылмыстық жауаптылық жүктеудің қажеті жоқ. Қылмыстық кодексте (69-бап) мұндай жауаптылықтан босатудың негіздері істелген қылмыстың ауырлығына байланысты болып көрсетілген.
1. Кішігірім қылмыс істегеннен кейін екі жыл өтсе;
2. орташа ауырлықтағы қылмыс істегеннен кейін бес жыл өтсе;
3. ауыр қылмыс істегеннен кейін он жыл өтсе;
4. аса ауыр қылмыс істегеннен кейін он бес жыл өтсе; Ескірудің мерзімі қылмыс істеген күннен бастап және сот үкімі зандық күшіне енген кезге дейін есептелінеді. Қылмыс істеген уақыт деп қылмыстың зардабының орын алған уақытынан тысқары қоғамға қауіпті іс-әрекет жүзеге асырылған уақытты айтамыз. Үзілісіз қылмыста қылмысқа байланысты іс-әрекеттерді толық тоқтатқан уақыттан бастап оның ескіру мерзімі есептелінеді. Созылмалы қылмыста ескіру мерзімі ең соңғы іс-әрекетті істеп біткен уақыттан бастап есепке алынады.
Егер заңда көрсетілген мерзім өткенше ауыр немесе аса ауыр қылмыс істеген адам 69-баптың 1-бөлігінде аталған мерзім өткенге дейін жаңадан қасақана қылмыс жасаса ескіру мерзімі тоқтатылады. Бұл ретте ескіру мерзімінің есептелуі жаңа қылмыс істеген кезден бастап, ал қалған реттерде егер адам ескіру мерзімі біткенге дейін жаңа қылмыс жасаса, әрбір қылмыс бойынша ескіру мерзімі өз бетімен, дербес жүріп отырады.
Егер қылмыс істеген адам тергеуден немесе соттан бой тасалап жүрсе, оның ескіру мерзімінің өтуі тоқтатыла тұрады. Тергеуден немесе соттан бой тасалаудың өзі кінәлі адамның қоғам үшін қауіптілігін, оның түзелу жолына бет алмағандығын көрсетеді. Мұндай реттерде ондай адамдарды қылмыстық жауаптылықтан босатуға жол бермейді. Мұндай адамдар жөніндегі ескіру мерзімінің өтуі ол адамды ұстаған күннен бастап немесе кінәсін мойындап өзі келген күннен бастап, қайта жаңғыртылады. Бұл орайда, егер қылмыс жасалған уақыттан бері 25 жыл өтсе және ескіру мерзімі тоқталмаса, адам қылмыстық жауапқа тартылмауы керек.
Өлім жазасы қолданылуы мүмкін болған қылмыс құрамын істегендерге қылмыстық жауапқа тартудың ескіру мерзімі қолдану жөніндегі мәселені тек қана сот шешеді. Егер ескіру мерзімінің бітуіне байланысты сот адамды қылмыстық жауаптылықтан босату мүмкін деп таппаса, өлім жазасын тағайындауға болмайды. Бұл ретте сот 25 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды немесе өмір бойы бостандығынан айыруды тағайындайды (69-бап, 5-бөлігі).
Мерзімі ескіруге байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатуға болмайтын қылмыстарда бар. Қылмыстық кодекстің 69-бабының 6-тармағында бейбітшілікке және азаматтың қауіпсіздігіне қарсы қылмыс істеген адамдарға ескіру мерзімі қолданылмайды.
Сотталғандықтан арылу деп қылмыс жасап сотталған адамның айыптау үкімі заңды күшіне енгеннен кейін заңда белгіленген белгілі бір мерзім ішінде ол жөніндегі үкімнің орындалмауын айтамыз
Айыптау үкімі белгілі бір себептермен орындалмай қалуы да мүмкін. Мұндай жағдайларда оны орындаудың мерзімі ескіреді. Мерзімі ескірген айптау үкмі орындалмайды. Ал кінәлі адамдар қылмыстық жазадан босатылады.
Айыптау үкімінің орындалмай қалуының себептері сан түрлі. Мысалы, сот қызметкерлерінің салақтығынан, үкімінің тиісті органға орындаушыға жіберілмей қалуы, қылмысты істің жоғалуы, үкімді орындауды жүзеге асыратын органның ұқыпсыздығынан оның орындалмай қалуы немесе сотталған адмның жаза өтеу мекемелеріне жіберілмей қалуы сияқты мәселелерден туындайды. Көп жағдайларда айыптау үкімі сотталған адамның жазасын өтеуден бой тасалап, жалтаруынан орындалмай қалады.
Айыптау үкімі екі түрлі жағдайдың жиынтығы негізінде орындалмайды.
Біріншісі, заңда белгіленген нақты мерзімінің өтуіне байланысты;
Екіншісі, осы көрсетілген мерзім ішінде сотталған адам жазаны өтеуден бұлтармаса.
Қылмыстық кодекстің 75,76-бабы айыптау үкімін орындаудың мерзімін ескіруі жөнінде белгілі бір мерзім белгіленген.
Егер айыптау үкімі заңды күшіне енген күннен бастап мына мерзімдеріне орындалмаған болса, сотталған адам жазадан босатылады:
а) кішігірім ауырлықтағы қылмыс үшін сотталғандар - 3 жыл;
б) орташа ауырлықтағы қылмысы үшін сотталғандар -6 жыл;
в) ауыр қылмысы үшін сотталғандар -10 жыл;
г) аса ауыр қылмысы үшін сотталғандар -15 (75-бап). Қылмыстық кодекстің осы бабының талабына сәйкес айыптау үкімінің ескіру мерзімі істелген қылмыстың немесе оның санкциясында белгіленген жазаның ауырлығына қарай емес, үкім бойынша нақты тағайындалған жазаның ауырлығына қарай белгіленеді. Айыптау үкімінің ескіру мерзімі егер сотталған адам жазны өтеуден бұлтарса үзіледі. Мұндай ретте ескіру мерзімі сотталған адамның жазаны өтеуге айыбын мойындап өзі келген я ұсталған күннен бастап қайта жаңғыртылады. Сотталған адамның жазаны өтеуден жалтаруы кезіне қарай өткен ескіру мерзімі есептелуге тиіс. Бұл орайда айыптау үкімі егер оның шығарылған уақыттан бастап 25 жыл өтсе және ескіру мерзімі жаңа қылмыс жасау арқылы үзілмеген болса, орындалмауы керек. Жазаны өтеуден бүлтарудың өзі кінәлінің істеген қылмысынан тиісті қорытынды шығармағандығынақ жазаның алға қойған мақсаттарын мойындамағандығын көрсетеді. Сол себепті де мұндай адамдардың тағайындалған жазаны нақты түрде өтеуі жөн болады.
Егер адам осы 75-баптың 1-бөлігінде аталған мерзім өткенге дейін жаңадан қасақана қылмыс жасаса, ескіру мерзімі үзіледі. Мұндай жағдайда ескіру мерзімінің өтуі жаңадан қылмыс жасаған күннен бастап қайта есептеледі (75-бап, 3-бөлігі). Қылмыстық кодекстің (75-бабының 4-бөлігіне сәйкес өлім жазасына немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға сотталған адамға ескіру мерзімін қолдану туралы мәселені сот шешеді. Егер сот ескіру мерзімін қолдану мүмкін деп таппаса, өлім жазасы өмір бойы бас бостандығынан айыруға ауыстырылады, ал өмір бойы бас бостандығынан айыру 25 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға ауыстырылады.
3.2 Соттылықты алып тастау және соттылықты мерзімінен бұрын
алып тастау негіздері
Рақымшылық немесе кешірім жасау актісі соттылықты алып тастаудың негізі ретінде.
Қазақстан Республикасы Конститутциясының 54-бабы 6-тармағына сәйкес республика Парламенті адамдардың жеке айқындалған тобы жөнінде рақымшылық туралы заң шығаруға құқылы.
Қазақстан республикасы Конституциясының 44-бабы 15-тармағына сәйкес белгілі бір жеке адамға ол жөнінде айыптау үкімі заңды күшіне енген жағдайда кешірім жасау туралы актіні Қазақстан Республикасының Президенті шығарады (76-бап, 3-бөлігі).
Рақымшылық және кешірім беру Қазақстан республикасы Жоғарғы өкімет органдарының актілері болып табылады. Бұл актілер белгілі бір қылмыстар үшін жауаптылықты белгілеген қылмыстық заңдарды немесе сот үкімін жоймай-ақ қылмыстық жауаптылықты немесе жазада немесе оған сот тағайындаған жазаны жеңілірек жазамен асыстыра алады. Рақымшылықты және кешірім беруді қолданудың өзі мемлкеттің ізгілік принципін басшылыққа ала отырып, қылмыс істеген адамдарға уақытша қателескен адамдар ретінде қарап, оларға сенім білдіруі болып табылады. Рақымшылық актісі, әдетте, елде болған елеулі оқиғаларға немесе мерей тойларға байланысты қабылданады. Мысалы, 1991 жылы 15 ақпанда Қазақ Советтік Социалист Республикасының Қазақ Советтік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі жөніндегі Декларациясының қабылдауына байланысты. " Рақымшылық туралы" заңы қабылданса, 1993 жылы 5 қазанда "Халықаралық отбасы жылына байланысты рақымшылық туралы", 1996 жылы 15 маусымда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының бір жылдығына байланысты рақымшылық туралы" Қазақстан Республикасының заңы қабылданды.
Рақымшылық актісінің нормативтік мәні бар. Бұл акт рақымшылық туралы заңда көрсетілген істеген қылмысының қашан белгілі болғанына қарамастан белгілі болғанына қарамастан белгілі санатқа немесе топтарға жататын адамдар жөнінде қолданылады.
1991 жылғы 16 ақпандағы рақымшылық актісі бойынша тағайындалған жазалау мерзіміне қарамастан бас бостандығынан айыру түріндегі жазадан немесе бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазалардан мынадай сотталған адамдар: Отанды қорғау жөніндегі жауынгерлік іс-қимылдарға қатысқандар; б) КСРО ордендерімен және медальдарымен наградталғандар; в) I және II топтағы мүгедектер; г) кәмелетке толмаған балалары бар әйелдер, сондай-ақ жүкті әйелдер; д) 60 жастан асқан еркектер; 55 жастан асқан әйелдер босатылды. 1994 жылғы 5 қазандағы рақымшылық актісі бойынша біріншіден, бас бостандығынан айыру түріндегі жазадан немесе бас бостандығынан айырумен баланысты емес жазадан тағайындалған жаза мерзіміне қарамастан бұрын еңбекпен тәрбиелеу колонияларында ұсталмаған (тағайындалған жаза мерзіміне қарамастан) кәмелетке болмағандар; үш жылға дейінгі мерзімді қоса бас бостандығынан айыруға сотталып, еңбекпен тәрбиелеу колониясында ұсталған кәмелетке толмағандар; екіншіден, 16 жасқа дейінгі балалар; I және II топтағы мүгедек балалары бар, сондай-ақ жүкті әйелдер; әскери және интернационалдық борышын орындау кезінде қаза тапқан әскери қызметкерлердің жесірлері; соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген адамдардың әйелдері; үшіншіден, 1941, 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, сондай-ақ соларға теңестірілген адамдар; 60 жастан асқан еркектер, 55 жастан асқан әйелдер, I және II топтағы мүгедектер, балаларының анасы қайтыс болған немесе ата-аналық құқықтан айырылған, 16 жасқа дейінгі балалары бар еркектер босатылды.
Рақымшылық актісі қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатуы мүмкін. Мысалы, 1994жылғы 5 қазандағы рақымшылық жасау туралы заң осы заңның 1-3-баптарындағы қылмыстарды 1997 жылдың 5 қазанына дейін істеген адамдарды қылмыстық жауаптылықтан босатты. Рақымшылық актісі негізгі немесе қосымша жазадан да босатуы мүмкін. Мысалы, 1994 жылғы 5 қазандағы қабылданған заңның 6 тармағына сәйкес жер аудару және жермен айдап жіберу негізгі немесе қосымша жаза ретінде қолданылып сотталғандар осындай түрдегі жазадан босатылды. Рақымшылық заңы бойынша соттың тағайындаған жазаны қысқартуы немесе басқа жеңіл жазамен алмастыруы мүмкін. 1994 жылғы 5 қазандағы рақымшылық бойынша 1-3-баптарының күші қолданылмайтын, абайсыздықпен жасаған қылмысы үшін сотталған адамдардың жаза мерзімінің өтелмеген бөлігінің тең жартысы қысқартылды.
Рақымшылық актісінің жаза мерзімін өтеу кезінде қасақана тәртіп бұзушыларға; маскүнемдікпен, нашақорлықпен немесе соз ауруынан толық емделмегендерге; бұрын кешірім беру немесе аурыуынан рақымшылық жасау тәртібімен жазадан босатылып, қайтадан қасақана қылмыс істегендерге; заңда көрсетілген ауыр, өте ауыр қылмыс істегендерге осы заңның күші қолданылмайды деп көрсетілуі мүмкін. Сондай-ақ нұсқау 1994 жылғы 5 қазандағы рақымшылықтуралы заңның 13-тармағында тікелей көрсетілген.
Информация о работе Қылмыстық заңдағы соттылықты жою және алып тастау шарттары