Қылмыстық заңдағы соттылықты жою және алып тастау шарттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2014 в 07:51, дипломная работа

Краткое описание

Тәжірбие соттылықты алып тастаудың негізі ретінде рақымшылық пен кешірім беру актісін қолдану көлемі өсіп отыр. Сондықтан, соттылық түсінігінің, соттылықты жою және алып тастаудың, соттылықтың қылмыстық құқықтық салдарының теориялық негізін жасау және оларды құқықтық реттеуді жетілдіру қылмыстық және қылмыстық-атқару құқығында өзекті мәселені құрайды.

Содержание

Кіріспе
I. Тарау. Соттылықтың құқықтық табиғаты
1.1. Соттылық ұғымы және оның қылмыстық-құқықтық салдары
II. Тарау. Жаза тағайындау
2.1. Жаза тағайындаудың жалпы негіздері
2.2. Жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар
2.3. Қатысып жасалған қылмыс үшін жаза тағайындау
2.4. Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау
2.5. Қылмыстардын қайталануы жағдайында жаза тағайындау
2.6. Үкімдердің жиынтығы бойыйша жаза тағайындау
2.7. Мерзімдерді қосу кезіңде оларды белгілеу тәртібі және жаза
мерзімдерін есептеу және жазаны есепке алу
2.8. Белгілі бір қылмыс үшін көзделген жазадан гөрі жеңілірек жаза
тағайындау
2.9. Шартты түрде соттау
III. Тарау. Қылмыстық заңдағы соттылықты жою және алып тастау шарттары
3.1. Қылмыстық құқықтағы соттылықты жою мерзімі және оны есептеу тәртібі
3.2. Соттылықты алып тастау жағдайы және соттылықты мерзімінен бұрын алып тастау негізі
Қорытынды
Пайдалынған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Соттылық-түсінігі-мен-оның-жойылу-салдары (1).doc

— 397.50 Кб (Скачать документ)

1.Мән-жайлардың кездей соқтоғысуы салдарынан алғаш рет онша ауыр емес қылмыс істеу. Бұл жерде іс-әрекетті жеңілдететін мән-жайға жатқызу үшін бірішіден, қылмыс тұңғыш рет істелуі, екіншіден, ол қылмыс онша ауыр емес қылмыс санатына жатқызылуы, үшіншіден, қылмыс кездейсоқ жағдайға байланысты істелуі керек. Кездейсоқ жағдайда, мысалы, өте өнегелі адамның қылмыстық топқа кездейсоқ қатысып, қылмысқа қатысуы. Іс-әрекетті кездейсоқ жағдайға жатқызу немесе жатқызбау нақты жағдайға байланысты шешіледі.

2.Айыпкердің кәмелетке  толмауы, жасы он сегізге толмай қылмыс істегенде көп жағдайда өмірлік тәжірибенің жеткіліксіздігінен, ересектердің теріс ықпал етуінен немесе үлкеңдерге еліктеп я болмаса басқалардан қалмау мақсатымен, өзінін, тентектігін керсету арқылы істеледі. Бұл жерде бұлардың ақыл-ойының әлі жетіліп, қалыптаспағаны жастықтың салдарынан ұстамдылық жасамай қылмыс жасайтыны, еске алынып, олардың кәмелетке толмай қылмыс жасауы жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларға жатады. Республика Жоғарғы Сотынын Пленумы қаулысында барлық соттарға жасы толмағандарға жаза тағайындағанда олардың қылмысын өте мұқият зерттеп, оларды мүмкіндігінше қоғамнан оқшауламайтын жаза түрін немесе жазаға жатпайтын тәрбиелік мәні бар шараларды кеңінен қолдану туралы бірнеше ұсыныстар берген. Жаңа Қылмыстық кодексте (VI бөлім) кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы жеке берілген.

3. Жүкті әйелдін қылмыс істеуі. Қылмыстық заң адамгершілік принципін басшылықка ала отырып, ана мен баланың мүддесін қорғайды. Жүкті әйелдің істеген қылмысын жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларға жатқызу — осының айғағы. Жүкті күйдегі әйелде психологиялық, физиологиялық өзгерістер болады. Осыған байланысты мұңдай жағдайда олардың өзін-өзі ұстауы көміп, ашуланшақ, міншіл, кінәмшіл күйде болады. Көрсетілген жағдайларда жүкті әйелдер өзін-өзі ұстауы кеміп, қылмыс жасайды. Олардың бұл әрекеті жазаны жеңілдететін мән-жайға жатады.

4. Айыпкердің жас балалары болуы.

Жас балалар деп жасы он төртке толмағандар саналады. Егер айыпкердің жасы 14-ке толмаған бір баласының болуының өзі оған жеңілдік көрсетуге негіз болады. 14-ке толмаған басқа біреудің баласымен бірге тұру қылмыс істегенге айыпты адамға осы тұрғыдағы жеңілдікті қолдануға негіз бола алмайды.

5. Қылмыс жасағаннан кейін зардап шегушіге тікелей медициналық және езге де көмек көрсету, қылмыс салдарынан келтірілген мүліктік залал мен моральдық зиянның орнын өз еркімен толтыру, қылмыс пен келтірілген зиянды жоюға бағытталған өзге де іс-әрекеттер.

Мұнда кінәлі істеген қылмысының зардабын қылмысты істегеннен кейін өз еркімен болғызбайды, мысалы, абайсызда адамды қағып кеткен жүргізуші жәбірленушіні дер көзінде ауруханаға жеткізіп, әлімнен алып қалады, осы көмектің арқасында қылмыстың зардабының кісінің қазаға ұшырауының болғызылмай қалуын айтамыз. Келтірілген зиянның есесін өз еркімен толтыру деп кінәлінің жәбірленушіге немесе заңды ұйымға өз қатесін түсініп, ерікті түрде келтірілген мүліктік немесе моральдық зиянның орнын толтыруы. Мысалы, үрланған заттың өзін немесе оның құнын төлеуі, жәбірленушіні қорлаған жағдайда одан кешірім сұрауы. Келтірілген зиянды жою дегеніміз кінәлі адам-ның өзі істеген қылмыстың зардабын өз күшімен бүрынғы қалпына келтіруі, мысалы, біреудің мұлкін қиратса, оны дәл бұрынғы қалпына келтіріп жөндеп беру, жәбірленушіге дене жарақатын түсіргенде оны емдетіп, соған қажетті шығынды өтеу сияқты әрекеттер жасау. Егер осы жоғарыда айтылған қылмыстың зиянды әрекеттері кінәлінің еркінен тыс, тергеу, сот арқылы одаы күшпен өндірілген жағдайда, онда бұлар жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар болып есептелмейді.

6. Қылмысты адамның жеке басына, отбасына өзге де ауыр мән-жайлар тоғысуының салдарынан істеу.

Кейбір кездерде ұстамсыз адамдар үшін осындай жағдайлар қылмыс жасау ушін жеткілікті болады. Жеке басына, отбасына және басқа да себептермен қылмыс істеу әр түрлі жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкін. Олар кінәлінің өзінің, туысының ауыр науқаспен ауыруы, материалдық жетіспеушілікке, жұмысындағы, отбабындағы ауыр жағдайға, отбасы мүшелерінің биморальдық тәртібіне, тұрғын үйдегі қолайсыз жағдайларға байланысты болуы мүмкін. Жазаны жеңілдететін мән-жайларға қызметіне, оқуына байланысты жәйттар, жалақысының азаюы, жұмыстан шығарылуы, төмен ақы төлейтін жұмысқа ауыстырылуы сияқты мәселөлері де жатады. Жеке басына, отбасына және басқа ауыр жағдайлардың кездесуіне байланысты қылмыс жасау — кінәлінің қылмысты мінез-кұлқылың пайда болуын тікелей қоздырса немесе себепші болса ғана жеңілдететін мән-жайларға жатады. Сондықтанда мас болып, ауыр материалдық, жағдайды сылтау етіп, ұрлық жасау жауаптылықты жеңілдететін мән-жайға жатпайды. Жеке басына, отбасына немесе басқа да ауыр жағдайлардың кездесуінен қылмыс істеу кінәлі адамдар үшін кездейсоқ, олардың тарапынан зұлымдық ниеттердің жоқтығын көрсеткен жағданда, әлгіндей жағдайлар олардың басына тумаса, олардын қылмыс істейтін адамдар емес екендігін танытады.

7. Қылмысты күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу салдарынан материалдық, қызметтік, өзге де тәуелділігі себепті болу.

Осы жағдайлардың жауаптылықты женілдетудің қатарына жатқызылуы себебі, мұндай жағдайда қылмыс істеген адам еріксіз, басқа біреудің қорқытуынан, еріксіз кендірудің салдарынан немесе оған материалдық басқа да тәуелді болу себепті өз ойын-емес, соның ойын іске асырады. Ондай жағдайларда болған күнде қылмыс істеген адам, бұл қылмысты өз бетінше істемеген болар еді. Бұл жерде қорқыту немесе еріксіз көндіру кінәлі адам тәуелді болып табылатын басқа адамның тарапынан пайда болады. Яғни, бұл жерде қылмыс жасаудың бастаушысы болып қорқыту, еріксіз кендіру, басқа да тәуелділікті пайдаланып кінәлі адамды қылмыс істеуге азғырған адам саналады. Сот қылмыстың мұндай жағдайларда ондай адамның әрекетіне баға беріп, оның қылмыстық жауаптылығын шешуі қажет. Бұл адамдар нақты қылмыстарды істеудің азғырушысы ретіңде жауапқа тартылуы да мүмкін. Қорқыту, еріксіз кендіру салдарынан немесе материалдық я басқа жағынан тәуелді болуы себепті, қылмысты мәжбүрлік қажеттілік жағдайында істеген адам қылмыстық жауаптылықтан босатылады. Басқа жағдайларда, яғни мәжбүрлі қажеттілік белгілері жоқ болса, онда мұндай әрекеттер жазаны жеңілдететін мән-жайларға жатқызылады. Бұл жерде қорқыту дегеніміз кінәлінің өзін немесе оның жақын нақты бір заңсыз әрекетті қолданамын деп қорқытын, оның еркі мен санасына тікелей әсер ету арқылы оған белгілі бір іс-әрекетті істету болып табылады. Материалдық тәуелділік деп, өзін қылмысқа азғырған адамға кінәлінің қарыз болуы, сонын, асырауында болуы немесе өмір суруі материалдық жағынан соған тікелей тәуелді болуы, басқа да материалдық, заттай жағынан оған кіріптар болуы айтылады.

Басқа жағынан тәуелді болу деп қызмет жөнінен, некелік, отбасылық, туыстық жағынан болатын тәуелділіктер айтылады.

8. Қажетті қорғанудың дұрыстығының шартын бұзу (аса мәжбүрлі) қажеттілік, қылмыс жасаған адамды ұстау, орынды тәуекел, бұйрықты немесе өкімді орындау жағдайларында қылмыс жасау.

Қылмысты қажетті қорғану шебінен асса да, қоғамға кауіпті қиянаттан қорғану үстінде істеу. Мұндай жағдайда қылмыс істеу жауаптылықты жоймайды, бірақ жеңілдететін жағдайға жатады. Себебі кінәлі қоғамға, жекеадамға, тағы да басқа заң қорғайтын мүддеге қылмыстық қол сұғушылық болмаса, мұндай қылмысты істемеген болар еді. Қорғану шегінен асса да, ол аса қауіпті емес қылмысты қоғамға қауіпті қиянаттан қорғану үстінде істейді. Қорғану шегінен асқанға дейін оның мұндай әрекеті қоғамға пайдалы әрекет болып танылады. Қылмыстық кодекстің 99,109-баптарында көрсетілген қажетті қорғану шегінен шығып, кісі өлтіру және денеге ауыр жарақат салу, осы қылмыстардың аса қауіпті емес түрін сипаттайды.

Қазақстан Республикасы жаңа Қылмыстық кодексінде қылмысты мәжбүрлік қажеттіліктен, қылмысты істеген адамды ұстаудан, орынды тәуекелдің заңдылық шарттарын бұзу жағдайында істеу жауаптылықты жеңілдететін мән-жайға жатады деп тұңғыш рет көрсетілген. Қылмыс мәжбүрлі қажеттіліктің шарттарын сақтамау арқылы істелсе, онда оны істеген адамның әрекеті жауаптылықты жеңілдететін мән-жайға жатуы мүмкін. Мысалы, аса қажеттілік жағдайында істелген іс-әрекеттің нәтижесінде келтірілген зиян тойтарылған зияннан көп болса, сондай-ақ кінәлі адамның төнген қауіпті шығын жұмсау арқылы тойтару мүмкіндігі бола тұрып, оны паңдаланбауы, т.б. әрекеттер.

Қылмыс істеген адамды ұстау — қоғамға пайдалы қылмысқа қарсы күрес жүргізудегі қажетті әрекет. Бірақта қылмыс істеген адамды ұстау да қылмыстың мәні мен ұстау жағдайына сай келмейтін жағдайда оған зиян келтіру қылмыс болып табылады. Мысалы, ол қарсылық көрсетпесе де, оған ұрып жарақат салу, істеген қылмысы үшін оны өзінше жазалау тағы басқа әрекеттер. Мұндай жағдайда кінәлінің істеген іс-әрекеті жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларға жатады. Орынды тәуекелдің заңдылық шарттарын бұзу жағдайында қылмыс істеу де жауаптылықты жеңілдететін мән-жайға жатқызылған. Орынды тәуекелге әр түрлі кәсіптік немесе шаруашылық бағытта жүргізілетін іс-әрекеттер жатады. Мысалы, медицина саласында адамға әр түрлі операциялар жасау, денө мүшелерін тігу, кейбір органдарды алып тастау, немесе оны қайта қондыру адамдардың жанын ауыртумен немесе оларға зиян келтірумен тікелей байланысты. Мұндай шараларды жүзеге асыру заңға, нормативті актілерге, нұсқаулар мен ережелерге қатаң негізделген. Осы талаптарды қатаң сақтау дәрігердің қылмыстық жауаптылығын жояды. Медицина ғылымы саласында жаңа жетістіктерге жету үшін әр түрлі ғылыми эксперименттің жүргізілуі шарт. Осы кәсіптің ережесіне, талабына сай жүргізілген ғылыми эксперименттің салдарынан кісі өлімі, мүліктің жойылуы орын алған жағдайда да ол үшін қылмыстық жауаптылыққа ешкім тартылмайды. Мысалы, адамның өмірін сақтап қалу үшін оған бауыр, ми, жүрек сияқты организм органдарын қондыру тәуекелі заңға немесе нормативті актілермен қалыптасқан тәжірибеге негізделіп сонда көрсетілген бірнеше шарттарды қатаң сақтай отырып жүзеге асырылуы. Мұндай шарттарға мыналар жатады:

— Проблеманы алдын ала теориялық жағынан терең зерттеу және талқылау;

— жануарларға тәжірибе жасау арқылы нәтижені анықтау;

— эксперимент жасауға адамның келісімін алу.

Осы көрсетілген шарттардың біреуін болса да, орындамаса, нәтижесінде ауыр зардап орын алса, онда қылмыстық жауапкершіліктің болуы сөзсіз. Бірақ заң мұндай жағдайды жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлардың қатарына жатқызады. Өндірістік шаруашылық тәуекелі құқылы болу үшін ол ғылым, тәжірибе жинақтаған негіздерге, нормативті актілерді басшылыққа ала отырып, сонда көрсетілген барлық шарттарды қатаң сақтап жүзеге асырылуы қажет. Бұл талаптарды орындамау, шаруашылық-өндірістік тәуекелге бел байлаған адамның ұқыпсыздығынан немесе жаңылысуынан басқа да әрекеттерінен немесе әрекетсіздігінен зиян келтірілсе, ол үшін қылмыстық жауаптылық белгіленеді. Бірақ бұл жауаптылық та жеңілдететін мән-жайлар деп саналады. Қылмыс жасау үшін түрткі болып табылған жәбірленушінің заңға қайшы немесе адамгершілікке жатпайтын қылығы. Кейде жәбірленушінің заңға қайшы немесе адамгершілікке жатпайтын қылығы қылмысты арандатуға әкеліп соғады. Мысалы, жұбайлардың біреуінің бөгде біреумен көңіл қосуы, жыныстық қатынаста болуы. Осы әрекеттің үстінен түскен ол өз жұбайын сабап, оның денесіне ауыр зиян келтіруі. Жәбірленушінің заңсыз әрекеті көп жағдайларда кінәлінің жан күйзелісін тудырады, осы себепті ол ашумен қылмыс істейді.

Жан күйзелу жауаптылықты жеңілдететін мән-жайға жату үшін ол біріншіден, жәбірленушінің өзінің заңсыз әрекеті салдарынан (күш көрсету, қатты қорлау немесе басқа заңсыз әрекеттерінен), екіншіден, жан күйзелу, физиологиялық аффект жағдайында істеуі керек.

Физиологиялық аффект дегеніміз осы жоғарыда айтылған жағдайларға байланысты кінәлінің ашу үстінде жағдайды дұрыс бағалау және өзінің мінез-құлқыла саналы түрде бақылау жасау қабілетінің елеулі кемуі болып табылады. Бірақта мұндай жағдайда кінәлі қылмыстық жауаптылықтан босатылмайды, себебі адам өзінің әрекетін сезуден, өзінің іс-әрекетіне есеп беруден және оны басқару қабілеті мүмкіндігінен айырылмайды, тек мұндай қасиеттері елеулі түрде ғана кемиді. Сол себепті мұндай жағдайлар қылмыстық жауаптылықты жоймайтын, бірақ жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар қатарына жатқызылады.

Физиологиялық аффектіні анықтау үшін психологиялық сарапшылық тағайындалады. Шын жүректен өкіну, айыбын мойындап келуі, қылмысты ашуға, қылмысқа басқа қатысушыларды әшкерелеуге және қылмыс жасау нәтижесінде алынған мүлікті іздеуге белсенді жәрдемдесу.

Шынжүректен өкінуге қылмыс істеген адамның ағынан жарылып өзінің қылмысын мойындауы, өзінің іс-әрекетіне шым жүректен өкініш білдіріп, іс бойынша өзіне мәлім барлық жағдайларды бүкпесіз айту, қылмысқа бірге қатысушыларды әшкерелеп, келтірілген зиянды жою әрекеттері жатады.

Егер адам өзінің кінәсін бұлтартпас дәлелдер арқылы мойындауға мәжбүр болса, онда оның әрекеті шын жүректен өкінуге жашанды. Кінәсін мойындап келу дегеніміз кінәлі адамның құқық қорғау немесе құқық қолдану органына немесе ресми адамға өзінің жасаған қылмысы туралы шындыққа жататын мәлімдеме жасай келіп, істеген іс-әрекеті үшін тиісті жазаны өтеуге әзір екенін білдіруін айтамыз.

Шын жүректен өкіну немесе кінәсін мойындап келуі әділ соттылықты жүзеге асыратын органдарға қылмысты ашуға және жүзеге асырылатын басқа жаңа қылмыстардың жасалуына тыйым салуға кемектеседі. Қылмысты ашуға, қылмысқа басқа қатысушыларды әшкерелеуге және қылмыс жасау нәтижесінде алынған мүлікті іздестіруге бөлсенді жәрдемдесу әр түрлі нысанда көрініс табуы мүмкін. Мысалы, қылмыс құралын алған жерді көрсету, қылмысқа кімдер қатысты, қайда тұрады, олардың әрқайсысының атқарған ролі мен қызметі, жасырынып жатқан жерлері, ұрланған мүліктің сақталып тұрған орны және т.б. Кінәлінің мұндай әрекеттері оның жауаптылығын жеңілдетуге негіз болады. Жауаптылықты жеңілдететін осы жоғарыда айтылған жағдайларды көрсете отырып, заң сотқа бұдан басқа да мән-жайларды жауаптылықты жеңілдететін жағдайларды (ол туралы сот үкімінде негіздей отырып) жатқызуға кұқық береді. Қылмыстық кодекстің 54-бабына сәйкес мыналар қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар деп танылады:

а) қылмыстарды әлденеше рет жасау, қылмыстардың қайталануы;

б) қылмыс арқылы ауыр зардаптар келтіру;

в) адамдар тобының, алдын ала сөз байласқан адамдар тобының ұйымдасқан топтың немесе қылмыстық қауымдастықтың (қылмыстық ұйымның) құрамында қылмыс жасау;

г) қылмыс жасағанда айырықша белсенді роль атқару;

д) айыпкер үшін психикасы бұзылуының ауыр түрінен зардап шегетіні алдын ала белгілі адамдарды не қылмыстық жауаптылық жасына толмаған адамдарды қылмыс жасауға тарту;

е) ұлттық, нәсілдік және діни өшпенділік немесе араздық себебі бойынша, басқа адамдардын заңды іс-әрекеті үшін кектенушіліктен, сондай-ақ басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды оңайлату мақсатында қылмыс жасау;

ж) жүктілік жағдайы айыпкер үшін алдын ала белгілі әйелге қатысты, сондай-ақ жас балаға, басқа да қорғансыз немесе дәрменсіз адамға не айыпкерге тәуелді адамға қатысты қылмыс жасау;

з) белгілі бір адамның өзінің қызметтік, кәсіби немесе қоғамдық борышын өтеуіне байланысты оған немесе оның туыстарына қатысты қылмыс жасау;

и) аса қатыгездікпен, садизммен, қорлаумен, сондай-ақ жәбірленушіні қинап қылмыс жасау;

к) қару, оқ-дәрі, жарылғыш заттар, жарылғыш немесе оларды бейнелеуші құрылғылар, арнайы дайындаған техникалық құралдар, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтар, улы және радиоактивті заттар, дәрілік және өзге де химиялық-фармокологиялық дәрі-дәрмектер пайдаланып, сондай-ақ күш көрсетіп немесе психикалық мәжбүрлеу не жалпы қауіпті әдіс қолданып қылмыс жасау;

Информация о работе Қылмыстық заңдағы соттылықты жою және алып тастау шарттары