Қылмыстық заңдағы соттылықты жою және алып тастау шарттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2014 в 07:51, дипломная работа

Краткое описание

Тәжірбие соттылықты алып тастаудың негізі ретінде рақымшылық пен кешірім беру актісін қолдану көлемі өсіп отыр. Сондықтан, соттылық түсінігінің, соттылықты жою және алып тастаудың, соттылықтың қылмыстық құқықтық салдарының теориялық негізін жасау және оларды құқықтық реттеуді жетілдіру қылмыстық және қылмыстық-атқару құқығында өзекті мәселені құрайды.

Содержание

Кіріспе
I. Тарау. Соттылықтың құқықтық табиғаты
1.1. Соттылық ұғымы және оның қылмыстық-құқықтық салдары
II. Тарау. Жаза тағайындау
2.1. Жаза тағайындаудың жалпы негіздері
2.2. Жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар
2.3. Қатысып жасалған қылмыс үшін жаза тағайындау
2.4. Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау
2.5. Қылмыстардын қайталануы жағдайында жаза тағайындау
2.6. Үкімдердің жиынтығы бойыйша жаза тағайындау
2.7. Мерзімдерді қосу кезіңде оларды белгілеу тәртібі және жаза
мерзімдерін есептеу және жазаны есепке алу
2.8. Белгілі бір қылмыс үшін көзделген жазадан гөрі жеңілірек жаза
тағайындау
2.9. Шартты түрде соттау
III. Тарау. Қылмыстық заңдағы соттылықты жою және алып тастау шарттары
3.1. Қылмыстық құқықтағы соттылықты жою мерзімі және оны есептеу тәртібі
3.2. Соттылықты алып тастау жағдайы және соттылықты мерзімінен бұрын алып тастау негізі
Қорытынды
Пайдалынған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Соттылық-түсінігі-мен-оның-жойылу-салдары (1).doc

— 397.50 Кб (Скачать документ)

Бұл жерде ерекшежағдайлар деп жасалған қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесін кемітетін жағдайлар да, оның ішінде заңда көрсетілген жауаптылықты жеңілдететін жағдайлар да, әрекеттін мақсаттары мен себептері, айыпкердің қылмыс жасаудағы және одан кейінгі ролі, қылмыскердің топ болып жасаған қылмысты ашуға белсене араласуы, т. б. танылуы мүмкін. Қандай жағдайларда ерекше деп танитынын және мұндай жеңіл жазаны айыпкердің жеке басының қандай мәліметтерімен байланыстыруға болатынын сот үкімінің баяндайтын бөлімінде көрсетуге міндетті. Мұндай жағдайларда ауыркулмыс жасағандығы айыпкерге жазаны ең төменгі Шегінен де төмен жаза тағайындауға кедергі бола алмайды. Занда көрсетілген жазадан гөрі әлдеқайда жеңілірек жазаны бірнеше қылмыс істеген қылмыскерге қолданғанда, сот ондай жазаны солардың біреуіне, я болмаса әрқайсысына жеке-жеке тағайыңдап алады, содан кейін оны қылмыстың жиынтығы туралы баптың ережөлері бойынша түпкілікті түрде белгілейді. Сот тәжірибесі ерекше жағдайларға заңда көрсетілген жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлармен бірге, заңда көрсетілмеген, мысалы қылмысты бірінші рет істеуі, қылмысты басқа біреудің қорқытын, зорлауы нәтижесінде істеуі, тұрмыста және жұмыстағы мінсіз мінез-құлқы, қарауында жас балалары мен кәрі ата-анасының болуы сияқты мән-жайлар да жатады.

Ерекше жағдайларға кейбір реттерде істелген қылмыстың қауіптілік дәрежесін шұғыл түрде төмендететін бір ғана жағдайда жатуы мүмкін. Мысалы, заңсыз әрекет жасаған ерінің теріс қылығына шыдамай, жүкті әйелінің оған ауыр жарақат салуын айтуға болады.

 

 

2.9. Шартты түрде соттау

Соттар ҚК-тің 63-бабында көзделген шартты түрде соттаудың, әдетте, бұрын сотталмаған, жеңіл немесе ауырлығы орташа қылмыс жасаған адамдарға қолданылатындығын ескеруге тиіс. Шартты жаза ауыр қылмыс жасауға қатысқандардың кейбіріне, өгер олардың негізгі қылмыскер еместігі анықталса, сонымен қатар оның жеке басына берілген мәліметтер мен қылмыс жасаған кездегі жағдайлар жаза тағайындаған кезде ҚК-тің 63-бабының ережелерін колдануға негіз бола алған жағдайда ғана колданылады.

1.Егер түзеу жұмыстары, әскөри қызмөт бойынша шектеу, бас бостандығын шектеу, бас бостандығынан айыру немесе тәртіптік әскери бөлімде ұстау жазасын тағайындағанда сот сотталған адамның жазаны өтемей түзелуі мүмкін деген қорытындыға көлсе, ол тағайындалған жазаны өтемей түзелуі мүмкін деген корытындыға келсе, ол тағайындалған жазаны шартты деп санауға қаулы шығарады.

2.Шартты түрде соттау қолданылған жағдайда сот жасаған қылмыстың сипаты мен коғамдықкауітілік дәрежесін, айыптының жеке басын, соның ішінде жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды ескереді.

3. Шартты түрде соттау тағайындалған кезде сот сотталған адам мінез-кұлқымен өзінің түзелгенін дәлелдөуге тиіс сынақ мерзімін белгілейді. Сынақ мерзімі бір жылдан үш жылға дейінгі ұзақтықта тағайындалады (63-бап, 1,2,3-бөліктер). Яғни, шартты түрде соттау адамға белгілі бір талаптар қоя отырып, оған тағайыңдалған жазаны нақты етуден босату. Шартты түрде сотталғандарға заң бойынша белгілі бір міндеттерді орындау талабы қойылады. Олар: "шартты түрде сотталған адамның мінез-құлқын бақылауды жүзеге асырушы арнаулы мемлекеттік органға хабарламай тұрақты тұратын, жұмыс істейтін, оқитын жерін ауыстырмауды, белгілі бір орындарға бармауды, маскүнемдіктен, нашақорлықтан, уытқұмарлықтан, сөз ауруларынан нөмесе ВИЧ / ЖҚТБ-дан емделу курсынан өтуді, отбасына материалдық көмек көрсөтуді жүктеуі мүмкін. Сот шартты түрде сотталған адамға оның түзелуіне септігін тигізетін басқа да міндеттерді орындауды жүктей алады (63-бап, 5-бөлігі).

Шартты түрде сотталған адамның мінез-құлқыл бақылауды оған уәкілдік берілген мамандандырылған мемлекеттік орган, ал әскери қызметшілер жөнінде әскери бөлімдер мен мемлекеттердің командованиесі жүзеге асырады. Шартты түрде сотталған адамның мінез-кұлқын бақылауды жүзеге асыратын органның ұсынысы бойынша сынақ мерзімі ішінде сот шартты түрде сотталған адам үшін бұрын белгіленген міндеттерді толық немесе ішінара бұзуы не толықтыруы мүмкін. Шартты жазаға сотталған кезде мүлікті тәркілеуден басқа қосымша жазалар тағайындалуы мүмкін. Қосымша жазалардың тізбегі Қылмыстық кодекстің 39-бабының 2-бөлігінде көрсетілген. Шартты жазаға сотталғанда тағайындалған қосымша жаза нақты түрде өтелуі тиіс. Шартты сотталуы туралы қаулы шығарған кезде сот сотталғанға, оның заңды өкілдеріне сотталған адамның міндеттерін орындамаған немесе әкімшілік құқық бұзушылық, жана қылмыстар жасаған жағдайда ҚК-тін 64-бабында көзделген шараларды колдану мүмкіншілігі туралы түсіндіруге міндетті7. Қылмыстық заңда шартты түрде соттаудың күшін жою немесе сынақ мерзімін ұзартудың тәртібі де көрсетілген. Шартты түрде соттаудын күшін жоюдың немесе сынақ мерзімін ұзартудың түрлі негіздері Қылмыстық кодекстін 64-бабында мына төмендегідей етіп берілген: "1. Егер шартты түрде сотталушы сынақ мерзімі өткенге дейін түзелгенін дәлелдесе, шартты түрде сотталушының мінез-кұлқына бақылау жасауды жүзеге асыратын органның ұсынысы бойынша сот шартты түрде сотталудың күшін жою және сотталған адамнан соттылықты алып тастау туралы қаулы өте алады. Бұл орайда шартты түрде сотталудың белгіленген сынақ мерзімінің кем дегенде жартысы өткен соң күші жойылуы мүмкін.

2.Егер шартты түрде сотталған адам өзіне сот жүктеген міндеттерді орындаудан жалтарса немесе сол үшін өзіне әкімшілік жаза салынған қоғамдық тәртіпті бұзса, сот осы баптың бірінші бөлігінде аталған органның ұсынысы бойынша сынақ мерзімін ұзарта алады, бірақ ол бір жылдан аспауы керек.

3.Шартты түрде сотталған адам сынақ мерзімі ішінде өзіне сот жүктеген міндеттерді ұдайы немесе әдейі орындамаған, сол сияқты қоғамдық тәртіпті ұдайы немесе қасақана бұзған жағдайда сот осы баптың бірінші бөлігінде аталған органның ұсынысы бойынша шартты түрде сотталудың күшін жою және сот үкімімен тағайындалған жазаны орындау туралы қаулы өтеді.

4.Шартты түрде сотталған  адам сынақ мерзімі ішінде абайсызда қылмыс жасаған не кішігірім ауырлықтағы қасақана қылмыс жасаған жағдайда шартты түрде сотталудың күшін жою немесе оны сақтау туралы мәселені сот жаңа қылмыс үшін жаза тағайындалған кезде шешеді.

5.Шартты түрде сотталған адам сынақ мерзімі ішінде орташа ауырлықтағы қасақана қылмыс, ауыр нөмесе аса ауыр қылмыс жасаған жағдайда сот шартты түрде сотталудың күшін жойып, оған осы Кодекстің 60-бабында көзделген ережелер бойынша жаза тағайындайды. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген жағдайларда да жаза осы ережелер бойынша тағайындалады".

Шартты жазаға сотталған адам сынақ мерзімі ішінде жаңадан басқа бір қылмыс істемесе ол сотталмаған адам боп есептелінеді.

 

III. Тарау. Қылмыстық заңдағы соттылықты жою және алып тастау шарттары.

 

3.1. Соттылықты жою мерзімі және оны есептеу тәртібі.

 

Қылмыстық құқықтағы соттылықты жою институты қылмыстық құқықта дереу пайда болмаған. 1922 жылғы РСФСР Қылмыстық кодекстінде және 1924 жылғы КСРО және Одақтас республикалардың қылмыстық зандарының негіздерінде де соттылықты жою ережелері көзделген.

Алғаш рет қылмыстық заңда соттылықты жою туралы ереже 1925жылы 9 ақпанда РСФСР орталық комитетінің декретімен Қылмыстық кодекстің 37-бабына толықтыруымен енгізілді. Онда былай делінген: "егер шартты түрде сотталған тұлға сынау мерзімі ішінде бас бостандығынан айыруға әкеп соғатын қандай да бір қылмысты жасамаса, сот үкімі күшін жойған деп есептелінеді және шартты түрде сотталған адам соттылығы жою деп танылады.

Соттылықты жоюдың құқықтық табиғатын анықтаудың теориялық және тәжирбиелік маңызы зор. Соттылықты жоюды дұрыс ұғыну оны сот тәжирбиесінде нақты қолдануды қамтамасыз етеді. В.Н. Курляндский, Н.С.Лейкина, Е.А. Фролов соттылықты жоюдың құқықтық табиғатын қылмыстық жауаптылықпен байланыстырады. Қылмыстық жауаптылықтың аяақталуы жазаның толық өтелу кезеңімен байланысты, ал тиісті жағдайда соттылықты жою немесе алып тастау. Мұндай тұжырым даулы болды.

1926 жылғы РСФСР-ң Қылмыстық кодексінде 37-бабының ережесін қабылдады, тек шартты түрде сотталған тұлғалардың соттылығын жою мерзіміне ғана өзгерістер енгізілді. Егер, 1922 жылғы Қылмыстық кодекстің 37-бабында шартты түрде сотталған адамның соттылығы жойылуы үшін сот үкімімен белгіленген сынақ мерзімі ішінде қандай да бір қылмыс жасамауын талап еткен, ал 1926 жылғы Қылмыстық кодекстің 57-бабы шартты түрде сотталған адамның сынақ мерзімі ішінде ауыр қылмысты жасамауын талап етеді.

Ал, КСРО орталық атқару комитетінің қаулысымен 1927 жылы 25 ақпанда қабылданған КСРО және одақтас республикалардың қылмыстық зандарының негізі 10-бабымен толықтырылды.

Осы негіздің 10-бабына сәйкес, соттылығы жоқ деп танылатындар:

а) сотпен ақталған тұлғалар;

б) шартты түрде сотталған адам сынақ мерзімі ішінде жаңа қылмыс жасамаған тұлғалар;

в) алты айдан жоғары бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар - жазаны өтегеннен кейін үш жыл өткенге дейін жаңа қылмыс жасамаған тұлға;

Үш жылдан артық мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған тұлғалардың соттылығы жойылмайтын болған, оларға соттылықты рақымшылық немесе амнистия түрінде алып тастау ережесі қолданылатын болған. Рақымшылық немесе амнистиялық акті негізінде соттылықты алып тастау жазаның мерзімі мен ауырлығына қарамастан жүзеге асырылған.

1958 жылы 25 желтоқсандағы КСРО Жоғарғы Кеңесінің бесінші жиналысының екінші сессиясында қабылданған КСРО және Одақтас Республикалардың қылмыстық заңдарының негізі сол уақытқа дейін тәжірбиеде өзін ақтаған соттылықты жою институтының ережесі қабылданды.

Соттылық жойылады, егер: а) заңда белгіленген мерзімі өтсе; б) заңда белгіленген мерзім ішінде тұлға жаңа қылмыс жасамаса. Жазадан босатылған адам соттылығы жоқ деп танылады. Жоғарыда біз соттылықты жою ережесінің қысқаша тарихына тоқталдық. Енді, қазіргі қылмыстық заңда көзделген соттылықты жою ережесінің ерекшелігін атап көрсетуге тырысамыз. Соттылықты жою ережесі Қылмыстық кодекстің 77-бабында көзделген.

Азаматтың соттылығы жойылғанан (алып тасталғаннан) кейін тиісті құжаттарда "сотталмаған", - деп көрсетуге құқылы. Оған бұрынғы сотталғандығымен байланысты жалпы құқықтық сипаттағы құқықтық шектеулер қолданылмауы тиіс.

Жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босату жазаның алға қойылған мақсатын тез әрі тиімді шешуге мүмкіндік берумен бірге, қылмыстылық пен қарсы күрес жүргізуге зор үлесін тигізеді. Сот тәжірбиесі көрсеткендей, жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандардың қайталамалы қылмыс жасауы жазаны толық өтеп шыққандарға қарағанда едәуір төмен. Мұның өзі, жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың қысқа мерзім ішінде қылмыстық жазаның алға қойған мақсаттарына жетуіне тиісті көмегін тигізетінін көрсетеді.

Жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босату деп сотталған адамды үлгілі мінез-құлқы және еңбекке, оқуға адал көзқарас негізінде үкім бойынша тағайындалған жазаны өтеуден мерзімінен бұрын босатып, оған сынақ мерзімі ішінде жаңадан қылмыс жасамау шартын қоюды айтамыз.

Қылмыстық кодекстің 70-бабына сәйкес:

1. Егер сот түзеу жұмыстарын, әсери қызмет бойынша шектеу, тәртіптік әскери бөлімінде ұстау немесе бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген адам өзінің түзелуі үшін сот тағайындаған жазаны толық өтеуді қажет етпейді деп таныса, ол мерзімінен бұрын шартты түрде босатылуы мүмкін. Бұл орайда адам қосымша жаза түрін өтеуден толық немесе ішінере босатылуы мүмкін.

2. Сот мерзімінен бұрын шартты түрде босатуды қолдана отырып, сотталған адамға осы Кодекстің 63 бабының 5-бөлігінде көзделген міндеттерді жүктеуі мүмкін, ол бұларды жазаның өтелмей қалған бөлігі ішінде орындауға тиіс.

3. Жазадан шартты түрде - мерзімнен бұрын босату сотталған адам.

а) кішігірім және орташа ауырлықтағы қылмыс үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде жартысын;

б) ауыр қылмыс үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде үштен екісін;

в) аса ауыр қылмысы үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде төрттен үшін, сондай-ақ бұрын жазадан мерзімінен бұрын шартты түрде босатылған адамға егер мерзімінен бұрын - шартты түрде босату осы баптың жетінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша жойылған болса, тағайындалған жаза мерзімінің кемінде төрттен үшін нақты өтегеннен кейін қолданылуы мүмкін.

4. Бас бостандығынан айыруға сотталушының нақты өтеу мерзімі 6 айдан кем болмауы керек.

5. Сот тағайындалған өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген адам, егер сот ол бұл жазаны одан әрі өтеуді қажет етпейді деп таныса және кемінде 25 жыл бас бостандығынан айыруды іс жүзінде өтесе, мерзімінен бұрын —шартты түрде босатылуы мүмкін.

6. Мерзімінен бұрын - шартты түрде босатылған адамның мінез-құлқына бақылау жасауды оған мамандырылған өкілетті мемлекеттік орган, ал әскери қызметшілер жөнінде - әскери бөлімдер мен мекемелердің командованиесі жүзеге асырады.

7. Мерзімінен бұрын - шартты түрде босату қолданылған адам, егер жазаның қалған өтелмеген бөлігі ішінде:

а) өзіне әкімшілік жазасы салынған қоғамдық тәртіпті бұзса немесе оған мерзімінен бұрын - шартты түрде босатуды қолдану кезінде сот жүктеген міндеттерді орындаудан әдейі жалтарса, сот осы баптың 6-бөлігінде аталған органдардың ұсынуы бойынша мерзімінен бұрын - шартты түрде босатудың күшін жою және жазаның өтелмей қалған бөлігін орындау туралы қаулы ете алады;

б) қылмыс абайсызда жасалса, жаңа қылмысқа жаза тағайындау кезінде мерзімінен бұрын - шартты түрде босатудың күшін жою немесе оны сақтау туралы мәселені сот шешеді;

в) қылмыс қасақана жасалса, сот оған осы Кодекстің 60-бабында көзделген ережелер бойынша жаза тағайындайды. Егер сот мерзімінен бұрын - шартты түрде босатудың күшін жойса, абайсызда қылмыс жасаған жағдайда да жаза осы ережелер бұрын - шартты түрде босату тағайындалады.

Информация о работе Қылмыстық заңдағы соттылықты жою және алып тастау шарттары