Қылмыстық заңдағы соттылықты жою және алып тастау шарттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2014 в 07:51, дипломная работа

Краткое описание

Тәжірбие соттылықты алып тастаудың негізі ретінде рақымшылық пен кешірім беру актісін қолдану көлемі өсіп отыр. Сондықтан, соттылық түсінігінің, соттылықты жою және алып тастаудың, соттылықтың қылмыстық құқықтық салдарының теориялық негізін жасау және оларды құқықтық реттеуді жетілдіру қылмыстық және қылмыстық-атқару құқығында өзекті мәселені құрайды.

Содержание

Кіріспе
I. Тарау. Соттылықтың құқықтық табиғаты
1.1. Соттылық ұғымы және оның қылмыстық-құқықтық салдары
II. Тарау. Жаза тағайындау
2.1. Жаза тағайындаудың жалпы негіздері
2.2. Жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар
2.3. Қатысып жасалған қылмыс үшін жаза тағайындау
2.4. Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау
2.5. Қылмыстардын қайталануы жағдайында жаза тағайындау
2.6. Үкімдердің жиынтығы бойыйша жаза тағайындау
2.7. Мерзімдерді қосу кезіңде оларды белгілеу тәртібі және жаза
мерзімдерін есептеу және жазаны есепке алу
2.8. Белгілі бір қылмыс үшін көзделген жазадан гөрі жеңілірек жаза
тағайындау
2.9. Шартты түрде соттау
III. Тарау. Қылмыстық заңдағы соттылықты жою және алып тастау шарттары
3.1. Қылмыстық құқықтағы соттылықты жою мерзімі және оны есептеу тәртібі
3.2. Соттылықты алып тастау жағдайы және соттылықты мерзімінен бұрын алып тастау негізі
Қорытынды
Пайдалынған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Соттылық-түсінігі-мен-оның-жойылу-салдары (1).doc

— 397.50 Кб (Скачать документ)

Қылмыстық кодекстің 52-бабында жаза тағайындаудын жалпы негіздері көрсетілген. Онда былай делінген:

52-бап. Жаза тағайындаудың  жалпы негіздері.

1. Қылмыс жасауға айыпты деп танылған адамға осы Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабында белгіленген шекте және осы Кодекстің Жалпы бөлімінің ережелөрі ескеріле отырып, әділ жаза тағайындалады.

2.Қылмыс жасаған адамға  оның түзелуі және жаңа қылмыстардың  алдын алу үшін қажетті жәнө  жеткілікті жаза тағайындалуға  тиіс. Егер жасалған қылмыс үшін көзделгөн жазаның онша қатаң өмес түрі жазаның мақсатына жетуді қамтамасыз өте алмайтын болса ғана ол үшін көзделгендері арасынан неғұрлым қатаң жаза тағайындалады. Жасалған қылмыс үшін осы Кодекстің Ерекше бөліміндегі тиісті баптарда көзделгеннен неғұрлым қатан және осы Кодекстің 58 және 60-баптарына сәйкес қылмыстардың жиынтығы бойышпа немесе үкімдердің жиынтығы бойынша тағайындалуы мүмкін. Жасалған қылмыс үшін осы Кодекстің Ерекшө бөліміндегі тиісті баптарда көзделгеннен қатандығы төменірек жаза тағайындау үшін негіз осы Кодекстін 55-бабында белгіленеді.

3. Жаза тағайындау көзінде қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесі, айыпкердің жеке басы, сонымен бірге оның қылмыс жасағанға дейінгі жәнө одан кейінгі мінез-құлқы, жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар, сондай-ақ тағайындалған жазаның сотталған адамның түзелуіне және оның отбасының нөмөсе оның асырауындағы адамдардың тіршілік жағдайының ықпалы ескеріледі.

Қылмыстық заңның осы бабында көрсетілген талаптарды бірнеше топқа бөлуге болады. Оның біріншісі, әділ жаза тағайындалуы болып табылады. Әділеттілік принципі Қылмыстық кодекстің 3-бабында арнайы көрсетілген. Осы бапқа сәйкес адамның қылмыс құрамының белгілері бар іс-әрекеті ғана қылмыстық жауаптылықтың негізі болады. Бір қылмыс үшін өшкімді де қайтадан қылмыстық жауапқа тартуға болмайды делінген. Жазаның әділеттілігі істелген қылмыстың ауырлығына, оны істеу жағдайларына және кінәлінің жеке басының кім екендігіне сай келуі қажет. Тағайындалған жаза қылмыскердің іс-әрекетінің заңдылық зардабы, нәтижесі болуы көрек. Жазанын шегі оның іс-әрекетінін шөгіне сайма-сай дәл келуі керек. Осыған байланысты тым жеңіл нөмесе тым ауыр жаза тағайындалуға жол берілмеуі керек. Тағайындалған жаза-істелген қылмысына пара-пар келетін әділ болғанда ғана ол өз мақсатына жөтері анық.

Жаза Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабында белгілөнген шектө тағайындалады. Яғни, сот жаза тағайындағанда кінәлінің істеген қылмысы үшін жазаның мөлшерін, түрін сол баптың санкциясы көрсеткен шектен шықпай тағайындауға міндетті. Сондықтанда әділ жаза тағайындаудың алғы шарты іс-әрекетті дұрыс саралау, яғни істөлген іс-әрекеттің белгілерінің нақты қылмыс құрамы белгілеріне дәлме-дәл сай болуын анық-тау өте кажет. Қылмысты дұрыс сараламау әділетсіз жаза тағайындауға әкеліп соғады. Қылмыстық заңның нақты құрамының санкциясында көрсөтілген жаза мөлшерінін ең жоғарғы шегінен шығын, жаза тағайындауға заң ешкандай жол берменді. Керісінше, сот жаза тағайындағанда қылмыстық заңның 55-бабында көрсетілген шарттарды еске ала отырын, кінәліге белгілі бір қылмыс үшін көзделген жазадан гөрі неғұрлым жеңіл жаза тағайындауға құқылы.

Сондай-ақ сот жаза тағайындағанда Ерекше бөлімнің нақты бабының санкциясының шегін ескермеумен бірге Кодекстегі Жалпы бөлімнің ережелерінде басшылықка алуға міндетті. Яғни, сот адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін алдымен оның іс-әрекетінде қылмыс құрамы бар ма, жоқпа осы мәселені анықтаңды. Егер қылмыс құрамы бар болса, ол біткен немесе бітпеген қылмыс па, қылмыскер оны жеке өзі немесе басқалармен бірге істедімедеген мәсөлелерді анықтайды. Бұл сұрақтарға жауап алу үшін ең алдымен Қылмыстық кодекстің Жалпы бөліміндегі қылмыстың ұғымы, оның сатылары, қылмысқа қатысу ұғымы, іс-әрекеттің қылмыстылығын жоятын жағдайлар, қылмыстық заңның уақыттағы, кеңістіктегі, қылмыс жасаған адамдарға қатысты қолданылуы сияқты мәселелерді анықтау керек. Қылмыстың құрамы бар іс-әрекеттерге жаза тағайындағанда сот ең алдымен адамды қылмысты жауаптылықтан және жазадан босатуға негіздер бар ма, жоқ па деген мәселелерді анықтауға міндетті. Егер сот жасаған қылмысы үшін жаза тағайындау қажет деп тапса, онда ол Қылмыстық, кодекстің Жалпы бөлімінен жаза туралы бөліміндегі негізгі қағидаларды — жазаның ұғымы мән мақсаты, жазалау түрлөрі, жаза тағайындаудың жалпы негіздерін басшылыққа ала отырып біткен немесе бөтпеген қылмыстарға, қайталанған, қатысын жасалған қылмыс үшін, қылмыстардың, үкімдердің жиынтығы үшін жаза тағайындаудың ерекшеліктерін ескереді. Сондай-ақ мерзімдерді қосу көзінде оларды белгілеу, жаза мерзімдерін есептеу және жазаны есепке алу туралы Жалпы бөлімінің ережелері негізгі басшылыққа алынады.

Егер жасалған қылмыс үшін кезделген жазаның онша қатаң емес түрі жазаның мақсатына жетуді қамтамасыз өте алмайтын болса ғана сол үшін көзделгендердің арасынан неғұрлым қатаң жаза тағайындалады. Бұл жерде балама санкцияларды қолдану туралы сез болып отыр. Қылмыстық кодекстің 39-бабында жазаның түрлерінің тізбегі онша қатаң еместен, қатан түріне қарай тізбектеліп берілген. Осыған орай сот жазаның мақсатына жету үшін қажет деп тапса, санкцияда көрсетілген балама жазалардың қатаң түрін тағайындауға құқылы. Қылмыстық кодекстің, 48-бабының 3-бөлігінде қылмыстардың және үкімдердің жиынтығы бойынша жазаның қатаң түрін тағайындаудың тәртібі және оның шегі арнайы көрсетілген.

Сот жаза тағайындағанда істелген қылмыстың сипатын және қоғамға кауіптілік дәрежесін, айыптының жеке басының кім екендігін, істің жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларын еске алады. Осы айтылған факторлардың ішінде есепке алынатын екі негізгі белгі бар. Ол біріншіден, істелген қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежөсі, екіншіден, кінәлінің жеке басының кім екендігі, басқа айтылған жағдайлар мен мән-жайлар бұл жоғарыда айтылған екі факторлардың мазмұнын нақтылап толықтыратын, оларға бағынышты түсінік болып табылады.

Осы жоғарыда айтылған екі негізгі факторға сипаттама берелік. Бірінші, істелген қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесін анықтау арқылы жаза тағайындау. Заң бойынша әрбір істелген нақты қылмыстың қоғамға қауіптілігі екі жағынан: сапалық (қоғамға кауілтілік сипаты) және сандық (оның дәрежесі) белгілері арқылы белгіленеді. Қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесі кылмыстың объективтік және субъективтік белгі лері арқылы анықталады. Мұның ішінде объективтік белгілері (қылмыстың объективті зардабы, іс-әрекеттің мәні, қылмыстың істелген уақыты, тәсілі, онын жағдайы) субъективтік белгілері, кінәнің формасы, қылмыстық ниет немөсе мақсат жан-жақты еске алынады.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты плөнумының 1999 жылғы 30 сәуірдегі "Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтауы туралы" Қаулысының 2-тармағында «Соттардың назары ауыр және аса ауыр қылмыс, әсіресе қылмысты ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қауымдастық болып жасаған, коррупциялық қылмыстар жасағаны үшін кінәлі болып танылған, сондай-ақ бұрын сотталған, бірақ түзелгісі келмейтін адамдарға заңда көрсетілген жазалаудың қатаң шараларын міндетті түрдө талқылап, қолдану керектігіне аударылады.

Жасалған қылмыстың қоғамдық қауіптілігінің дәрежесін анықтағанда, соттар қылмыстың ауырлығын анықтау тәртібін реттейтін ҚК-тің 10-бабының талатттарын, сондай-ақ нақты қылмыстық әрекет (кінәнің түрі, себебі, тәсілі, жасаған қылмыстық жағдаймен кезеңі, одан болған ауыртпалық, сотталушылардың әрқайсысының қылмысқа қатыстылығының дәрежесі мән сипаты, т.б.) жағдайының барлығы ескерілуі тиіс, деп жоғарыда айтылған заң талаптарының мазмұны ашып көрсетілген.

Қылмыстық кодекстің 52-бабының келесі бір маңызды талабы айыптының жеке басының, кім екендігін анықтау болып табылады. Өйткені оны сипаттайтын мән-жайларды дұрыс анықтаудың жазаны даралаудағы маңызы зор.

Осы мәселеге байланысты жоғарыда аталған Жоғарғы Соттың Пленумының қаулысының 3-тармағында:

«Соттар жазаның түрі мен мөлшерін белгілеу үшін елеулі мәні бар сотталушының жеке басының мәліметтерін жан-жақты, толық және объективті түрде төксеруі керек. Атап айтқанда, сотталушының денсаулығын, еңбекке қабілеттілігі мен қатыстығын, білімін, сотталғандығы туралы мәліметтерді анықтау керек. Сотталушының отбасы жағдайы анықталғаннан кейін, соттар ҚК-тің 52-бабының 3-бөлігіне сәйкес жазаны тағайындаған кезде тағайындалған жаза оның отбасы немесе оның асырауындағы адамдардың жағдайына қандай әсер өтетінін ескеруі керек», — деп ескертілген.

Сот нақты жағдайларға байланысты әр уақытта да кінәлінің жеке басын сипаттайтын әлеуметтік мәні бар барлық жайттарды анықтауы қажет. Оның ішінде кінәлінің қылмыс істегенге дейінгі немесе одан кейінгі мінез-кұлқы, оның еңбекке, оқуға деген көзқарасы, өмір сүру салты, өзін қоршаған ортаға қатынасы, оны сипаттайтын он, немесе теріс мән-жайлардың бәрі де ескерілуге жатады. Бұрын сотталғандарға, ішімдікпен, нашақорлықпен әуестенушілерге, қоғамдық тәртіпті бұзушыларға, қатыгездікпен немесе сыбайласып қылмыс жасағандарға шектен тыс жеңіл жаза тағайындауға болмайды. Керісінше, мемлекет, қоғам, отбасы алдындағы өз міндеттерін адал орындап жүрген, өндірісте, тұрмыс-тажағымды мінездерімен сипатталатын адамдардың бірінші рет қылмыс жасауы олар үшін жеңілірек жаза тағайындауға негіз бола алады.

Соттардың сотталушының жеке басының мәліметтерін жан-жақты объективті түрде тексеруін оларға тағайындалатын жазаның түрі мен көлемін белгілеу үшін елеулі маңызы болып табылады. Сондықтан да қылмыстық құқықтың адамгершілік принципін басшылыққа ала отырып, сот жаза тағайындағанда сотталушының денсаулығын, отбасы жағдайын, еңбекке қабілеттілігі мен оған деген көзқарасын, білімін, мүгедектігін, асырауындағы адамдардың санын, тағы да басқа мәліметтерді жан-жақты еске алады.

 

2.2. Жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар

 

Әрбір нақты қылмыс үшін жаза тағайындағанда соттар қылмыстың қоғамға қауіптілігінің дәрежесін және жазаны даралау үшін жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататан мән-жайларды анықтауға міндетті. Істелген қылмыстың түрі мен қоғамға қауіптілігінің дәрежесін, істің мән-жайын, кінәлінің жеке басын және оның жауаптылығын жеңілдететін немесе ауырлататын жағдайларды ескере отырып, жаза тағайындау көзінде соттар оған жеке тұрғыдан қарау жөнінде заң талаптарын бұлжытпай орындауға тиісті. Жаза заңды, негізді және әділ болуы үшін Қылмыстық кодекстің 53, 54-баптарында көрсетілген жауаптылықты жеңілдететін де, ауырлататын да мән-жайлар толық есепке алынуы керек.

Жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар қылмыстық заң арқылы белгіленеді. Қылмыстық заңда (53-бап) жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлардың үұлгі тізбегі ғана берілген, өйткені жаза тағайындағанда жауаптылықты жеңілдететін, заңда көрсетілген басқа мән-жайларды да соттың еске алуына болады. Ал жауаптылықты ауырлататын мән-жайлардың (54-бап) заңда көрсетілген тізбегі тұжырымды, сот осы заңда көрсетілген мән-жайлардан басқаларды жауаптылықты ауырлататын мән-жай деп тануға кұқылы емес.

Жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайларды қылмыс құрамының қажетті, жетілген немесе женілдетілген белгілерімен шатастыруға болмайды. Мазмұны немесе атауы жөнінен олар бір-біріне сәйкес болады. Мысалы, басқа біреудің мүлкін қорқытып алушылықта ұйымдасқан топ жасаған қылмыс осы қылмыстың жетілдірілген құрамының белгісін көрсетеді. Сонымен бірге ұйымдасқан топ болып қылмыс жасау жауаптылықты ауырлататын мән-жайларға жатады. Сондықтан да мұндай мән-жай қылмыстың құрамының белгісі ретінде көрсетілсе, ол тағы да жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар ретінде жаза тағайындағанда есепке алынбайды. Ол туралы Қылмыстық кодекстің 3-бабында "бір қылмыс үшін ешкімді де қайталап қылмыстық жауапқа тартуға болмайды" — деп көрсетілген. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1999 жылғы 30 сәуірдегі № 1 каулысының 4-тармағында:

«ҚК-тің 54-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген жауапкершілік пен жазаны ауырлататын мән-жайлардың тізімі түпкілікті болып табылады. Осыған орай, қылмыс жасалған кездегі немесе сотталушыны сипаттайтын басқа да сот анықтаған жағдайлар (маскүнемдікке салыну, қоғамдық тәртіпті бұзу, отбасына, жұмысына, оқуына немқұрайлы қарау т.б.) жаза тағайындалған кезде ескеріледі, жауапкершілік пен жазаны ауырлататын мән-жай ретінде танылмайды» — деп көрсетілген.

Егер ҚК-тін 53 немесе 54-баптарында көрсетілген мән-жайлар қылмыстың бір белгісі ретінде Қазакстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөліміндегі баптың диспозициясында көрсетілген болса, онда ол үшін жаза тағайындаған кезде жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жай ретінде ескерілмейді. Мысалы, жан күйзелісі үстінде ашумен кісі өлтіруде жан күйзелу осы қылмыс үшін жаза тағайындағанда жауаптылықты жеңілдететін мән-жай ретінде есепке алынбанды.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 53-бабында қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар болын мына төмендегілер есептелінеді:

а) мән-жайлардың кездейсоқ тоғысуы салдарынан алғаш рет кішігірім ауырлықтағы қылмыс жасау;

б) айыпкердің кәмелетке толмауы;

в) жүктілік;

г) айыпкердің жас балалары болуы;

д) қылмыс жасағаннан көйін зардап шегуіпіге тікелей медициналық және өзгеде көмек көрсету, қылмыс салдарынан келтірілгөн мүліктік залал мен моральдық зиянның орнын өз еркімен толтыру, қылмыспен келтірілген зиянды жоюға бағытталған өлге де іс-әрекеттер;

е) жеке басындық, отбасылық немесе өзге де ауыр мән-жайлар тоғысуының салдарынан не жаны ашығандық себебімен қылмыс жасау;

ж) күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу салдарынан не материалдық, қызметтік немесе өзгеде тәуелділігі себепті қылмыс жасау;

з) қажетті корғанудың құқықтық дұрыстығының шартын бұзу, аса қажеттілік, қылмыс жасаған адамды ұстау, негізді тәуекел, бұйрықты немесе әкімді орындау жағдайларында қылмыс жасау;

и) қылмыс жасау үшін түрткі болып табылған жәбірленушінің заңға қайшы немесе адамгершілікке жата айтын қылығы;

к) шын жүректен өкіну, айыбын мойындап келу, қылмысты ашуға, қылмысқа басқа қатысушыларды әшкерелеуге және қылмыс жасау нәіижесінде алынған мүлікті іздеуге белсенді жәрдемдесу.

2.Осы баптың бірінші бөлігінде көзделмеген мән-жайларда жаза қолдану көзінде жеңілдетуші ретінде ескерілуі мүмкін.

3. Егер жеңілдететін мән-жай осы Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабыңда қылмыс белгісі ретінде көзделген болса, ол өзінен - өзі жаза тағайындау көзінде қайталап ескеріле алмайды.

4. Осы баптың бірінші бөлігінің д) және к) тармақтарында көзделген жеңілдетущі мән-жайлар болып, ауырлататын мән-жайлар болмаған кезде жазаның мерзімі немесе мөлшері осы Кодекстің Ерекше бөліміндегі тиісті бапта көзделген жазанын неғұрлым қатаң түрінің ең жоғары мерзімінің немесе мөлшерінің төрттен үшінен аспауға тиіс.

Енді осы жеңілдетілетін мән-жайлардың ішкі мазмұнына тоқталайық:

Информация о работе Қылмыстық заңдағы соттылықты жою және алып тастау шарттары