Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2012 в 10:16, автореферат
Диссертациялық жұмыс алдын-ала тергеу стадиясындағы сезікті мен айыпталушының қылмыстық іс-жүргізудегі конституциялық құқықтарын кепілдендіруге бағытталған. Зерттеу барысында, сезікті мен айыпталушының конституциялық құқықтары және оның кепілдіктері, сонымен қатар, оларға қатысты кейбір тергеу әрекеттерін жүргізу барысында қолданылатын ережелер, сезікті мен айыпталушының қылмыстық іс жүргізу заңымен бекітілген құқықтары, жедел-іздестіру шараларының іс жүргізудегі маңызы, мәжбүрлеу шаралары тәрізді институттар қарастырылады.
Үшінші бөлім «Алдын-ала тергеу стадиясындағы прокурорлық қадағалаудың және сот бақылауының процессуальдық кепілдіктер ретіндегі маңызы» деп аталады. Осы аталған тараудың бірінші бөлімшесі «Алдын-ала тергеу стадиясындағы прокурорлық қадағалауды жүзеге асырудың өзекті мәселелеріне» арналған.
Қазақстан Республикасы Прокуратурасы Конституцияның 83-бабына сәйкес, анықтау мен алдын ала тергеудің заңдылығын жоғары қадағалауды жүзеге асырады. Қылмыстық ізге түсу мен қылмыстық істерді тергеу кезінде, прокурор оқиға болған жерді қарауға қатысуға, сараптама тағайындауға, сондай ақ қылмыстық істі қозғау туралы мәселені шешуге қажетті басқа да іс әрекеттерді жүзеге асыруға; тергеу іс-әрекеттерін жүргізу туралы жазбаша нұсқаулар беруге; қылмыстық істерді қосымша тергеу үшін қайтаруға; жүргізілетін кейбір тергеу іс-әрекеттері мен мәжбүрлеу шараларын қолдануға санкция беруге және т.б. құқығы бар.
Прокуратура органының азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кепілдендіруде қаншалықты маңызы бар екендігін, статистикалық мәліметтерден де көруге болады. Алдын-ала тергеу мен анықтау қызметіне прокурорлық қадағалау жасау барысында, көптеген заң бұзушылықтар анықталды. Қылмыстардың есепке қоймау, тергеу мерзімдерінің сақталмауы, сезікті мен айыпталушыларға дәлел алу мақсатында заңсыз іс-әрекеттер жасау, қылмыстық іс материалдарын бұрмалау және т.б. Мысалы, Қазақстан Республикасы ІІМ және оның жергілікті органдары жұмыстарының заңдылығын қадағалау барысында, 2004-жылы қызметкерлер арқылы 342 қылмыстың жасалғаны анықталды. Өз өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін ІІО 185-қызметкері қызметкері қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бұл қылмыстардың көпшілігі Алматы ҚІІБ және облыстық ІІБ (29), Повладар ІІБ (14), Қарағанды және Солтүстік Қазақстанда (10), Батыс Қазақстан, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында (9) [3].
Автордың пікірінше, бүгінгі күнде прокурорлық қадағалау барысында прокурордың санкциясы арқылы тергеу іс-әрекеттерін жүзеге асару тиімді деп есептейді. Сонымен қатар, сот қамауға санкция беру кезінде, прокурордың тергеушінің шығарған шешіміне келісімі қажет.
Осы аталған тараудың екінші бөлімшесі «Алдын-ала тергеу стадиясындағы сот бақылауының маңызы мен ролі» деп аталады.
Сотқа дейінгі іс жүргізу барысындағы негізгі мәселе сот бақылауы. Сотқа дейінгі іс жүргізу барысындағы сот бақылауының көлемі туралы ондаған жылдар бойы ғалымдар арасында көптеген пікірталастар туындап отырды. Бір топ сот бақылауын тек қамауға қатысты және қылмыстық істерді ақтайтын мән-жайларға қатысты ғана қолдану керек деп көрсетсе, келесілері прокурор мен тергеушінің арасындағы бұлтартпау шараларын қолдануға қатысты және істі тоқтатуға қатысты мән-жайларды көрсетеді. Үшіншілері тек қылмыстық істерді қысқартуға қатысты. Тіпті соңғы жылдары ғалымдар арасында, алдын-ала тергеу барысындағы жүргізілген барлық әрекеттерге сот бақылауын енгізу шарт деп түсіндіреді. Іс жүргізу мәжбүрлеу шаралары, тергеу іс-әрекеттері, жедел-іздестіру шаралары т.б.
Ал, Қазақстан Республикасыныдағы сотқа дейінгі іс жүргізу барысында қылмыстық істер бойынша соттың бақылауы, 1997-жылы Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексі қабылдануымен бірге жүзеге асырылды. Ізге түсу органдарының заңдарды орындауына сот бақылауын енгізу институты осы кодекстің 109, 110, 111-баптарында өз орнын алды. Онда көрсетілген органдардың қылмыстық істі қозғаудан бас тартқан жағдайда, істі қысқартқанда немесе тоқтатқанда тікелей сотқа шағымдану мүмкіндігі, сонымен қатар прокурордың қамау үшін берілген санкциясына және сотқа дейінгі іс жүргізу барысында сезіктінің, айыпталушының қамау мерзімін ұзартуға шағымдануға болады.
Сонымен қатар, автор арқылы, сот бақылауына қатысты шет елдік, заңнамаларға шолу да жасалады. Ол, екінші дүниежүзілік соғыс біткен соң, қылмыстық іс жүргізу барысында адамдардың құқықтарын кепілдендіру мақсатында, іс жүргізудің мәжбүрлеу шараларына сот бақылауы жүзеге асырыла бастады. Ал қылмыстық мәжбүрлеу шараларын жүргізуші негізгі субъектілер сол кезден бастап, тіпті қазіргі күнде де полиция және прокуратура жүзеге асырады. Мысалы, Германия елінің полиция және прокуратура бұл өкілеттіктерді азаматтарды ұстау барысында кеңінен қолдана бастады. Ал Францияның прокуратурасына және сот полициясына, АҚШ полиция қызметіне және қылмыстық ізге түсу органына мәжбүрлеу шараларының көп бөлігі жүктелінген. Тәжірибеде көрініп отырғандай, осы елдердің барлығында сот беделі жоғары, яғни мәжбүрлеу шараларын қолдану барысында соттың келісімін алу; ұсталғанды мәжбүрлеу шарасының заңдылығы мен негізділігін тексеру мақсатында сотқа апару, сотқа тұтқындау мен ұстаудың заңдылығын тексеру мақсатында шағымдану. Қолданылған мәжбүрлеу шараларының заңдылығы мен негізділігіне сот бақылауын енгізу туралы, адам құқықтары жөніндегі жалпы ұлттық декларациясында, азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық пактіде де көрсетілген. Кеңес өкіметі құрамындағы көптеген социалистік елдер, ол таратылған соң, өз заңдарына сот бақылауын кеңінен енгізді. Мәселен, Эстония Республикасында 28 маусым 1992 жылы қабылданған Конституцияға сәйкес, қылмыс жасады деп сезік келтіріліп ұсталған тұлға, 48 сағаттан артық сотттың шешімінсіз ұсталынбайды. Литва Республикасында 25 қазан 1992 жылғы Конституциясына сәйкес, ұстауға қатысты мәселе 48 сағат ішінде шешіледі. Бірақ сезікті сот шешім шығарғанда тікелей қатысып отырады деп көрсетеді.
Автор осы айтылғандарға сүйене келе, бүгінгі таңда қамауға санкция беруді сотқа беру қажет екендігі, ол бүгінгі талапқа сай екндігін көрсетеді.
Қорытынды бөлімде автор арқылы сезікті мен айыпталушының конституциялық құқықтарының ұғымына және кепілдік жүйесінің ұғымына анықтама беріледі.
Жалпы Конституция – бұл жоғарғы заң күші бар және адам мен қоғамның арасындағы қарым қатынастың негідерін, сонымен қатар мемлекеттің ұйымдастыруды реттейтін құқықтық (конституциялық) нормалардың жүйесі. Адамның конституциялық құқықтарына мыналарды жатқызуға болады: кез келген адам өмір сүруге, бостандыққа және жеке басына қол сұғылмауына құқылы; ешкім де азапталмауы, қадір-қасиетін кемсітетіндей көз алартушылыққа және жазаға ұшырамауы тиіс; барлық адамдар заң алдында тең, заңмен тең дәрежеде қорғалуға құқылы; кез келген адам тұратын орнын мемлекет шегін еркін алмастыруға және таңдауға құқылы; кез келген адам өзінің, отбасының және басқаларының денсаулығын және тұрмыс жағдайын қолдауға қажетті өмірлік деңгейде еңбек етуге, білім алуға, дем алуға; өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға; ана тілі мен төл мәдениет пайдалануға құқылы.
Сондықтан автор арқылы, сезікті мен айыпталушының алдын-ала тергеу стадиясындағы іс жүргізу мәртебесіне қатысты зерттеу жүргізу нәтижесінде, олардың іс жүргізу мәртебелерін және қорғану құқықтарын кепілдендіру мақсатында, біз Қазақстан Республикасы Конституциясын, қылмыстық іс жүргізу құқығын және халықаралық актілерді басшылыққа ала отырып бірқатар ұсыныстар жасалды.
Жалпы Қазақстан Республикасы Конституциясы Республикадағы негізгі заң, бұл осы аумақта толық қолданылуы тиіс. Басқа қолданысқа енген заңдар, осы заңға қарама-қайшы болмауы тиіс. Қылмыстық іс жүргізу барысында конституциялық құқықтар толықтай қорғалуы тиіс. Сондықтан да қылмыстық іс жүргізу кодексіндегі кейбір нормалардың ұғымын, олардың қолданылуын толықтай сипаттау қажет.
Ғылымдардың пікірлеріне талдау жасау барысында әрбірінің көз қарасы әр түрлі болып отыр. Бұл туралы жоғарада да тоқталып өттік. Бірақ әрбір пікірдің өзіндік ғылымға қосар үлесі бар екендігіне дауа жоқ. Біздің пікірімізше, процессуалдық кепілдіктер – заңдармен бекітілген, әр қылмыстық іс бойынша сот өкілеттігінің тапсырмаларының дұрыс жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін заңды құралдар. Кепілдіктер жүйесі қылмыстық іс жүргізудің құқықтық нормалардан, институттардан, қағидалардан тұрады.
Тергеу әрекеттері – қылмыстық процессуалдық заңмен көрсетілген, қылмыстарды тергеу барысында, алдын-ала тергеу жүргізуді және анықтауды жүзеге асыратын өкілетті органдардың, қылмыстық іс бойынша маңызы бар дәлелдемелерді алуға бағытталған, қылмыстық іс жүргізу заңында көрсетілген мәжбүрлеу шараларымен қатар жүретін іс-әрекеттерімен қамтамасыз етілген құралдар мен тәсілдердің жиынтығы» деп тергеу әрекеттерінің ұғымын көрсету қажет.
Қорғаушы ретінде, адвокат немесе Қазақстан Республикасы ҚІЖК 70-бабының 2-тармағында көрсетілген тұлғалар (жұбайы, зайыбы, жақын туыстары, заңды өкілдері) жіберіледі, егер олардың кәсіби заң білімдері, заң көмегін көрсете алатын қабілеті болғанда ғана жіберіледі. Егер сезікті, айыпталушы, сотталушының қорғаушы ретінде алған тұлғасының кәсіби заң көмегін көрсететіндей қабілеті болмаса, қылмыстық іс жүргізуді жүзеге асырушы орган қорғаушы ретінде адвокаттың қатысуы туралы мәселені көтеруге міндетті. Мұндай жағдайларда қорғаушы ретінде алынған тұлғалар, іске кәсіби қорғаушымен бірге қатысуына болады» деп көрсету қажет.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Қазақстан Республикасы Н.Ә. Назарбаевтың 1997-жылы Қазақстан Республикасы халқына жасаған жолдауы Қазақстан-2030.
2 Мами К.А. Проблемы усиления гарантий прав участников уголовного процесса // Проблемы усиления гарантий прав участников уголовного процесса: Мат-лы междунар.науч.-практ.конф. – Алматы: Фирма Киік, 2003. – 122 с.
3 Анализ соблюдения прав человека и гражданина в ходе предварительного следствия и дознания: Доклад с соблюдении прав человека и гражданина в Республике Казахстан в 2004 году / Под общ.ред. Т.Д. Абишева. – Алматы: ТОО «Издательство Lem», 2005. – 164 с.
4 Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқыны жолдауы. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында // Егеменді Қазақстан. 2 наурыз. 1998 ж.
5 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Бюллетені. – № 5. – 2005.
6 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 20 сәуір 2006 жылғы № 4 «Қылмыстық істер бойынша дәлелдемелерді бағалаудың кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулысы // Егемен Қазақстан. 19 мамыр. 2006.
7 Ярков В.Доступно ли гражданам наше правосудие ? // Российская юстиция. 1999. №2. С. 25-26
8 Қогамов М.Ч. Актуальные проблемы совершенствования расследования преступлений в Республике Казахстан: Дис. … д-ра юрид.наук. – Алматы, 1997. – 262 с.
Диссертация тақырыбы бойынша жарияланған еңбектердің тізімі
1 Кепілдіктің түсінігін саралау жолымен ұғыну // «Жастар және ғылым» атты жоғарғы оқу орындары арасындағы жас ғалымдар, адъюнктер (аспиранттар) мен тыңдаушылардың (студенттердің) ғылыми-теориялық конференциясының материалдары. – Алматы: Қазақстан Республикасы ІІМ Академиясы, 2005. – Б. 78.
2 Қылмыстық іс жүргізу құқығындағы прокурорлық қадағалау – сезікті мен айыпталушының құқықтарын қорғаудың кепілдігі // «Құқыққорғау органдары қызметінің тиімділігін арттырудағы ғылымның ролі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары. Б. 2– Алматы: Қазақстан Республикасы ІІМ Академиясы, 2005. – Б. 244-274.
3 Сезікті мен айыпталушының қорғану құқығының жүзеге асырылуы барысындағы көкейкесті мәселелер // «Қазақстан Республикасы Конституциясының 10 жылдығы: оның ережелері, қағидалары және идеяларын жүзеге асыру мәселелері» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы: ҚГЗУ, 2005. – Б. 588-592.
4 Процессуалдық әрекеттердің бірі ұстауға қатысты көкейкесті мәселелер // «Ұйымдасқан қылмыспен күресудің өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. – Алматы: Абай атындағы ҚҰПУ, 2005. – Б. 268-274.
5 Тергеу әрекеттерінің ұғымы // Д.А. Қонаев атындағы университетің хабаршысы. – № 2(15). – 2005. – Б. 130.
6 Соттан қылмыстық істерді алдын-ала тергеуге қосымша тергеу үшін қайтарылуы // «Еліміздегі қылмыстылықты болдырмаудың негізгі құралдарының бірі – мемлекеттің алдын алу қызметі» атты халықаралық ғылыми тәжірибелік конференция материалдары. – Алматы: Қазақстан Республикасы ІІМ Академиясы, 2006. – Б. 320-323.
7 Алдын ала тергеу барысындағы прокурорлық қадағалаудың кейбір мәселелері // Заң. – № 3. – 2006. – Б. 20-21.
8 Қылмыстық іс жүргізудегі мәжбүрлеу шаралары // Тураби. – № 3. – 2006. – Б. 28-31.
РЕЗЮМЕ
Каратаев Турдалы Жаксылыкович
Процессуальные гарантии конституционных прав подозреваемого и обвиняемого на стадии предварительного расследования
12.00.09 – уголовный процесс; криминалистика и судебная экспертиза; оперативно-розыскная деятельность
В диссертационном исследовании освещены основные вопросы, касающиеся процессуальных гарантий конституционных прав подозреваемого и обвиняемого на стадии предварительного расследования.
Объектом диссертационного исследования является совокупность теоретических и практических проблем соблюдения конституционных прав подозреваемого и обвиняемого на стадии предварительного расследования и порядок проведении некоторых следственных действий.
Предметом диссертационного исследования выступают закономерности сбора, обработки (исследование, оценка и систематизация) и использования информации имеющей отношение к преступному событию, и основанные на познании этих закономерностей порядок деятельности органов предварительного следствия на стадии предварительного следствия.
Цель исследования – совершенствование актуальных проблем и особенностей конституционных прав подозреваемого и обвиняемого на стадии предварительного расследования.
Методологическая база работы строится на общенаучном, диалектическом методе познания, позволяющем исследовать закономерности, относящиеся к сущности, содержанию правовых явлений, выявленных юридической наукой и апробированных практикой. В процессе исследования нами использованы правовой, сравнительно-правовой, аналитический, социологический и другие методы исследования.
Нормативную базу диссертационного исследования
составляют Конституция Республики
Казахстан, Уголовный и Уголовно-