Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2012 в 10:16, автореферат
Диссертациялық жұмыс алдын-ала тергеу стадиясындағы сезікті мен айыпталушының қылмыстық іс-жүргізудегі конституциялық құқықтарын кепілдендіруге бағытталған. Зерттеу барысында, сезікті мен айыпталушының конституциялық құқықтары және оның кепілдіктері, сонымен қатар, оларға қатысты кейбір тергеу әрекеттерін жүргізу барысында қолданылатын ережелер, сезікті мен айыпталушының қылмыстық іс жүргізу заңымен бекітілген құқықтары, жедел-іздестіру шараларының іс жүргізудегі маңызы, мәжбүрлеу шаралары тәрізді институттар қарастырылады.
ӘӨЖ . 343.13 (574) Қолжазба құқығында
Сезікті мен айыпталушының алдын-ала тергеу стадиясындағы конституциялық құқықтары мен бостандықтарының іс жүргізу кепілдіктері
12.00.09 – қылмыстық іс жүргізу; криминалистика
және сот сараптамасы; жедел- іздестіру қызметі
заң ғылымдарының кандидаты ғылыми
дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
авторефераты
.
Қазақстан Республикасы
Алматы, 2007
Диссертация Қазақстан Республикасы ІІМ Академиясында орындалды
Ғылыми жетекші заң ғылымдарының кандидаты, доцент
Ерешев Елтай Ерешұлы
Ресми оппоненттер заң ғылымдарының докторы, доцент
Айтмухамбетов Тамас Қалмұхамбетұлы
заң ғылымдарының кандидаты
Жүрсімбаев Сағындық Кемалиұлы
Жетекші ұйым Е.А. Букетов атындағы Қарағанды
мемлекеттік универитеті
Диссертация 2007 жылдың 14 қыркүйегінде 10 сағ. 00 мин. Қазақстан Республикасы ІІМ Академиясы жанындағы К 14.20.10 заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін беру жөніндегі диссертациялық кеңесте қорғалады. Мекен-жайы: 050060, Алматы қаласы, Өтепов көшесі, 29.
Диссертациямен Қазақстан
Автореферат 2007 жылдың 13 тамызында таратылды.
Диссертациялық кеңестің
ғылыми хатшысы,
заң ғылымдарының кандидаты Құлмұханбетова Б.А.
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диссертациялық жұмыс алдын-ала тергеу стадиясындағы сезікті мен айыпталушының қылмыстық іс-жүргізудегі конституциялық құқықтарын кепілдендіруге бағытталған. Зерттеу барысында, сезікті мен айыпталушының конституциялық құқықтары және оның кепілдіктері, сонымен қатар, оларға қатысты кейбір тергеу әрекеттерін жүргізу барысында қолданылатын ережелер, сезікті мен айыпталушының қылмыстық іс жүргізу заңымен бекітілген құқықтары, жедел-іздестіру шараларының іс жүргізудегі маңызы, мәжбүрлеу шаралары тәрізді институттар қарастырылады. Автор арқылы жүргізілген талдаудың нәтижесінде, сезікті мен айыпталушының конституциялық құқықтары мен бостандықтарын кепілдендіру бағытында бірқатар ұсыныстар жасалды.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабына сәйкес: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырды, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» болып табылады.
Ол туралы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2030» стратегиясында: «мемлекеттің басты бағыты – адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау және оны қамтамасыз ету, сондықтан да адам мен азаматтардың конституцияда көрсетілген құқықтарын өте жоғарғы дәрежеде кепілдендіру қажет, өйткені тұлғаның құқықтары мен бостандықтары әлемдік өркениеттің құндылығы болып саналады» [1, б. 15] деп атап өтеді. Әрбір жыл сайын Қазақстан халқына жасаған жолдауларында, осы бағытқа баса назар аударып отыр.
Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын орындауда заңның атқарар орны үлкен. Себебі заң қоғамдағы адамдар арасындағы қатынасты реттейтін негізгі ереже болып табылады.
Бірақ заңға қатысты шешімін таппаған мәселелер қазіргі таңда көптеп кездесуде. Оның бірі – қылмыстық іс жүргізу заңы. Аталған заңды қолдану барысында оған қатысушылардың, соның ішінде сезікті мен айыпталушының конституциялық құқықтары толық кепілдендірілуі тиіс.
Ол туралы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы Қ.А. Мами да өз сөзінде: «Қылмыстық іс жүргізудің қатысушыларының құқықтарын қорғау – өзекті де, толғақты мәселелрдің бірі болып саналады. Тұлғаның құқықтарының шынайы түрде қамтамасыз ету – қылмыстық сот ісін жүргізу сферасындағы демократияны, ізгілікті бағалаудың өлшемі. Бұл үшін, тек қана қылмыстан зардап шеккен адамдардың құқықтары мен бостандықтарын ғана қорғау емес, сонымен қатар қылмыстық ізге түсуге тартылған адамдардың да құқықтары мен бостандықтарын сақтау қажет. Кінәсіздерді соттау, негізсіз қылмыстық жауапкершілікке тарту мүлдем жойылу қажетдеп атап кетеді [2, б. 15].
Дегенмен де, қылмыстық іс жүргізу кезіндегі конституция нормаларының орындалуына қатысты бірқатар шешімін таппаған мәселелер кездесіп отыр, ол тәжірибедегі қиындықтардың орын алуына және алдын ала тергеу жүргізу органдарының конституциялық құқықтарын дұрыс сақтамауына себеп болып отыр. Республикалық қылмыстық іс жүргізу заңында Конституцияда және халықараларық құқықтық актілерде көрсетілген заң кепілдіктері негізге алынбаған.
Мысалы, азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылу оқиғасына байланысты, 2000 жылы алдын-ала тергеу мен анықтау органдары қызметкерлерінің үстінен 36 қылмыстық іс қозғалды, ал 2002 жылы 644 қызметкері, оның ішінде ІІО-нің 614 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Оның көпшілігі Жамбыл облысынан – 73, Алматы қаласы бойынша – 64. Алматы облысы бойынша – 64, Қарағанды облысы – 79 және қалғаны басқа облыстардан. Осы уақыт аралығында 32 қызметкерге қатысты қылмыстық іс қозғалды. 2004 жылы ІІО-ның барлығы 253 қызметкері, оның ішінде 75 жетекшілері тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Азаматтардың қылмыстық іс жүргізу барысында конституциялық құқықтарының бұзылу фактісіне байланысты, 114 құқық қорғау органдары қызметкерлерінің үстінен 74 қылмыстық іс қозғалды, оның ішінде 51 қылмыстық іс ізге түсу органдары қызметкерлерінің азаматтарға қатысты күш қолданғаны үшін қозғалған. Жауап беруге мәжбүрлегені үшін ІІО қызметкерленің үстінен 6 қылмыстық іс қозғалып, оның 3 сотқа жіберілді. Дәлелдемелерді бұрмалау жасау оқиғасына байланысты ІІО қызметкерлері үстінен 21 іс қозғалған [3, б. 97-99].
Негізгі құқық бұзушылықтар, жауап алу барысында адвокаттардың қатыспауы, күш қолдану әдістері арқылы айғақтар алу, аяқталған қылмыстық істермен адвокаттың, айыпталушының таныстырылмауы, тергеу әрекеттерін жүргізу барысында тұрғын үйге заңсыз ену, сот сараптамаларының болмауы, беттестірудің болмауы және мерзімдердің сақталынбауы және т.б.
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2006 жылғы 1-ші наурызда Қазақстан халқына жасаған жолдауында, «Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарынан орын алу қажет» – деп көрсетті. Осы жолдауда көрсетілген алты бағыттың бірінде: «Азаматтардың Конституция мен еліміздің заңдарын орындауын қамтамасыз ету – құқық қорғау органдарының міндеті. Олар үшін «қай жерде және кім не айтады?» дейтін сұрақ туындамауға тиіс, есесіне, заңды бұзған екенсің – оның баптарына сәйкес жауапқа тартыласың. Құқық қорғау органдарының осы ережені орындамайтын басшысы өз лауазымында қалмауы керек» [4] деп көрсетеді.
Сондықтан да, осы жоғарыда көрсетілген мәселелер, автордың осы тақырыпты таңдауының негізгі себебі болып отыр. Ол, қылмыстық іс жүргізу барысында оған қатысушылардың конституциялық кепілдіктерін толық кепілдендіргенде ғана қылмыстық іс жүргізудің міндеттерін толық және тыңғылықты орындай аламыз деп көрсетеді.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Автор, зерттеу жұмысын жазу барысында Қазақстан заңдарына қатысты өзекті мәселелерді есепке ала, оны шет мемлекеттердің заңдарымен салыстыра отырып талдау жасау қажет деп табады. Сонымен қатар жұмыста айрықша орынды, КСРО және қазіргі Қазақстан Республикасындағы оқымысты-заңгерлердің еңбектеріндегі құқықтық тұжырымдамалар құрайды.
Алдын-ала тергеу стадиясындағы сезікті мен айыпталушының құқықтарын кепілдендіруге қатысты сұрақтар төңірегінде КСРО тұсындағы заңгерлерден: Р.С. Абдрахманов, С.П. Ефимичев, А.С. Кобликов, А.М. Ларин, В.З. Лукашевич, В.А. Стремовский, М.С. Строгович, М.А. Чельцов, В.С. Шадрин, С.А. Шейфер, Р.Х. Якупов, ал, қазақстандық заңгерлерден: Т.Қ. Айтмухамбетов, Е.О. Алауханов, А.А. Ахпанов, К.А. Бегалиев, Л.Ш.Берсугірова, Б.А. Бишманов, Е.Е. Ерешев, С.Е. Еркінов, С.М. Жалыбин, С.К. Жүрсімбаев, Д.Қ. Канафин, К.Ж. Капсалямов, М.Ч. Қоғамов, Е.І. Қайыржанов, Қ.М. Кучуков, Қ.А. Мами, М.С. Нәрікбаев, С.Ж. Оспанов, И.И. Рогов, Г.Р. Рүстемова, Б.Х. Төлеубекова, И.Н. Юрченко және т.б. өз еңбектерінде тоқталған.
Бірақ, философиялық тұрғыдан алғанда да, әлемдегі даму мен өзгерістер қайшылықтардың туындауының арқасында болады, яғни осы қайшылықтарды реттеу арқылы қоғамның дамып жетілетіндігі белгілі. Сол сияқты заң да, ой да уақыт талабына сай реттеліп, өзгертіліп бір жүйеге келіп отыруы тиіс.
Ал бұл зерттеудің барысында, сезікті мен айыпталушының конституциялық құқықтарының кепілдендірілуі жаңа қырынан ашылып отыр, сондықтан да, ұсынылған диссертациялық зерттеу қазақстандық қылмыстық іс жүргізу ғылымындағы өзгеше еңбек болып табылады, ол жаңа ойларды ережелердің пайда болуына өз көмегін тигізуі мүмкін.
Зерттеудің объектісі болып алдын-ала тергеу стадиясындағы сезікті мен айыпталушы конституциялық құқықтарын кепілдендіруге қатысты өзекті мәселелер, олардың қылмыстық іс жүргізілу барысындағы сақталуы және ұғымы, сонымен қатар, қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың құқықтарының қорғалуы мен заңдар арасында туындаған ара қатынас саналады.
Зерттеудің пәні болып сезікті мен айыпталушының алдын-ала тергеу стадиясындағы конституциялық құқықтары, осы құқықтарды қамтамасыз ететін кепілдіктер, мәжбүрлеу және басқа да шаралар, прокурорлық қадағалау және сот бақылауына қатысты сұрақтар саналады.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Алдын ала тергеу стадиясында қылмыстық іс жүргізу барысындағы сезікті мен айыпталушының конституциялық құқықтарын кепілдендіруге қатысты сұрақтарды КСРО тұсында да және Қазақстандық заңгер де өз еңбектерінде қарастырған. Бірақ, бүгінгі таңда ол айтылған ойлардың тәжірибеде де, теорияда да өз орнын таппай отырғандығы туралы жайттар кездеседі. Әрине бұл заңдылық, себебі философиялық тұрғыдан алғанда уақыт өте келе, заңның қолданылуы да ескіреді, сондықтан да заңның даму барысы өмірге сәйкестендіріліп, өзгертіліп, толықтырылып отыруы тиіс.
Сондықтан диссертациялық зерттеу жұмысы заман талабына сай жаңа қырынан ашылып көрсетіледі. Осы себептен де, диссертациялық зерттеу барысында ұсынылған ережелер қазақстандық қылмыстық іс жүргізу ғылымындағы өзгеше еңбек болып табылады.
Зерттеудің теориялық құндылығы
Зерттеудің тәжірибелік құндылы
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық зерттеудің негізгі мақсаты, қылмыстық іс жүргізудегі алдын-ала тергеу стадиясында сезікті мен айыпталушының конституциялық құқықтары мен бостандықтарын кепілдендіруді жақсарту.
Бұл мақсат диссертациялық зерттеу тақырыбында келесідей нақты міндеттерді көрсетіп отыр:
– сезікті мен айыпталушының конституциялық құқықтары ұғымы мен оның жүйесіне сипаттама жасау және анықтамасын беру;
– алдын ала тергеу стадиясындағы тұлғаның құқықтарының процессуалдық кепілдіктеріне қатысты сұрақтарды қарастыру арқылы Қазақстан Республикасы Конституциясының дамуындағы оның тәжірибелік және теориялық маңыздылығын көрсете білу;
– Қазақстан Республикасы қылмыстық істі жүргізудің алдын-ала тергеу стадиясындағы сезікті мен айыпталушының құқықтары мен бостандықтарын кепілдендіру мәселелерін саралау арқылы, оған ғылыми теориялық және заң тәжірибесі тұрғысынан анықтама беру қажет;
– тек қана, бәрін қамтитын әр түрлі процессуалдық кепілдіктер жүйесін құру арқылы ғана, қылмыстық істер бойынша іс жүргізу кезінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау қағидасының дұрыс жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге болатындығын дәлелдеу;
– алдын-ала тергеу стадиясында сезікті мен айыпталушының қатысуымен жүргізілген кейбір тергеу іс-әрекеттері, жедел іздестіру және мәжбүрлеу шаралары барысындағы олардың қорғану құқығының жүзеге асырылуына қатысты сұрақтарды талдау.
– алдын-ала тергеу тергеу стадиясында сезікті мен айыпталушының конституциялық құқықтарын процессуалдық толық кепілдендіру үшін соттың, прокурордың және тергеушінің (анықтаушының) өкілеттіктері мен міндеттерін нақтыландыруға қатысты ұсыныстар жасау;
– алдын ала тергеу стадиясындағы сезікті мен айыпталушының конституциялық құқықтарын кепілдендіруді жетілдіруге қатысты сұрақтарды қарастыру барысында алынған ұсыныстарды, Конституцияға, Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу кодекстеріне, Соттар және сот төрелігі туралы, Прокуратура туралы, Адвокаттық қызмет туралы заңдарға өзгертулер мен толықтырулар ендірілу барысында пайдалану.
Зерттеудің методологиялық және әдістемелік негізін танымның диалектикалық әдісі, оның ішінде жалпы ғылыми және арнайы әдіс табылады. Жұмыс барысында жалпы құқық теориясына және ғылыми таным аумағындағы мәліметтер, жұмыстық теориялық негізі қылмыстық іс жүргізу, криминалистика, сот сараптамасы және жедел іздестіру қызметі ережелері қолданылды.
Зерттеу жұмысының теориялық негізін КСРО заңгерлер Р.С. Абдрахманов, С.П. Ефимичев, А.С. Кобликов, А.М. Ларин, В.З. Лукашевич, В.А. Стремовский, М.С. Строгович, М.А.Чельцов, В.С. Шадриннің, С.А. Шейфер, Р.Х. Якупов, ал, қазақстандық заңгерлерден: Т.Қ. Айтмухамбетов, Е.О. Алауханов, А.А. Ахпанов, Б.Ә. Әбдрахманов, К.А. Бегалиев, Л.Ш. Берсугірова, Б.А. Бишманов, Е.Е. Ерешев, С.Е. Еркінов, С.М. Жалыбин, С.К. Жүрсімбаев, К. Канафин, К.Ж. Капсалямов, Қ.М. Кучуков, Е.І. Қайыржанов, М.Ч. Қоғамов, Қ.А. Мами, М.С. Нәрікбаев, С.Ж. Оспанов, И.И. Рогов, Г.Р. Рүстемова, Б.А. Салаев, Б.Х. Төлеубекова, Қ.Ш. Уканов, И.Н. Юрченко және т.б. ғылыми зерттеу еңбектері құрайды.