Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2012 в 10:16, автореферат
Диссертациялық жұмыс алдын-ала тергеу стадиясындағы сезікті мен айыпталушының қылмыстық іс-жүргізудегі конституциялық құқықтарын кепілдендіруге бағытталған. Зерттеу барысында, сезікті мен айыпталушының конституциялық құқықтары және оның кепілдіктері, сонымен қатар, оларға қатысты кейбір тергеу әрекеттерін жүргізу барысында қолданылатын ережелер, сезікті мен айыпталушының қылмыстық іс жүргізу заңымен бекітілген құқықтары, жедел-іздестіру шараларының іс жүргізудегі маңызы, мәжбүрлеу шаралары тәрізді институттар қарастырылады.
Зерттеудің нормативтік-
Қорғауға ұсынылатын диссертацияның негізгі тұжырымдары:
1. Сезікті мен айыпталушының конституциялық құқықтары мен бостандықтары – азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарынан туындайтын және қылмыстық іс жүргізудегі сезікті мен айыпталушының құқықтық мәртебесімен анықталатын құқықтары мен бостандықтары болып табылады.
2. Қылмыстық іс жүргізудің кепілдіктері – іс жүргізуге қатысушы тұлғалардың құқықтарын қамтамасыз етуге, қылмыстық сот ісін дұрыс жүзеге асыруға бағытталған барлық құралдар мен тәсілдер жиынтығы.
3. Қылмыстық істер бойынша іс жүргізу кезінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау қағидасы орындалғанда ғана сезікті мен айыпталушының конституциялық құқықтары толық кепілдендіріледі.
4. Сезікті мен айыпталушының қорғану құқығының сақталуы үшін қорғаушы және адвокаттар қызметін жақсарту аса қажет.
5. Жедел-іздестіру шаралары барысында алынған мәліметтерді қылмыстық іс жүргізу барысында дәлелдемелер ретінде пайдалану үшін он заңдылығын толық тексеру керек;
6. Алдын-ала тергеу стадиясында мәжбүрлеу шараларын қолдану барысында сезікті мен айыпталушының конституциялық құқықтарын кепілдендіруді жақсарту үшін, қылмыстық іс жүргізу кодексіндегі оларды жүргізудің процессуальдық тәртібіне өзгерістер керек.
7. Прокурорлық қадағалау мен сот бақылауы алдын-ала тергеу стадиясындағы сезікті мен айыпталушының конституциялық құқықтарының басты кепілі.
Зерттеудің эмпирикалық базасы. Зерттеу барысында 1998-2006 жылғы Алматы қалалық және аудандық соттарда қаралған 100-ден астам қылмыстық істер және Алматы қалалық Ішкі істер департаменті және осы департаментке қарасты аудандық ішкі істер бөлімдеріндегі алдын-ала тергеу мен анықтау органдары қызметкерлерінің алдын-ала тергеу стадиясында қараған 150-ден астам қылмыстық істері, сонымен қатар, Қостанай облыстық, Жамбыл облыстық, Оңтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің алдын-ала тергеу және анықтау органдары қызметкерлері және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Академиясында дәрежесін жетілдіру курсынан өткен барлық облыстардан келген алдын-ала тергеу мен анықтау органдары қызметкерлерімен жүргізген сауалнама құрайды.
Сонымен қатар, диссертацияны жазу барысында автордың алдын-ала тергеу және анықтау органдарында атқарған жұмыс барысында алынған 4 жылдық тәжірибесі құрайды.
Зерттеу нәтижелерінің сыннан өтуі. Диссертацияның негізгі теориялық қағидалары мен тұжырымдары келесі ғылыми конференцияларда ұсынылып, көпшіліктен тиісті оң бағасын алды: «Жастар және ғылым» атты жоғарғы оқу орындары арасындағы жас ғалымдар, адъюнктер (аспиранттар) мен тыңдаушылардың (студенттердің) ғылыми-теориялық конференциясы (Алматы қ.: Қазақстан Республикасы ІІМ Академиясы, 2005ж.); «Құқыққорғау органдары қызметінің тиімділігін арттырудағы ғылымның ролі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы (Алматы қ: Қазақстан Республикасы ІІМ Академиясы, 2005ж.); «Қазақстан Республикасы Конституциясының 10 жылдығы: оның ережелері, қағидалары және идеяларын жүзеге асыру мәселелері» атты республикалық ғылыми-теориялық конференциясы (Алматы қ.: ҚГЗУ, 2005 ж.); «Ұйымдасқан қылмыспен күресудің өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция (Алматы қ.: Абай атындағы ҚҰПУ, 2005ж.); «Еліміздегі қылмыстылықты болдырмаудың негізгі құралдарының бірі – мемлекеттің алдын-алу қызметі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы (Алматы қ.: Қазақстан Республикасы ІІМ Академиясы, 2006.).
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым саласын қадағалау және аттестациялық комитеті белгілеген басылымдарда жарық көрді: Д.А. Қонаев атындағы университетің хабаршысы. – № 2(15) – 2005; Заң. – № 3. – 2006; Тураби. – № 3. – 2006.
Зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі. Диссертацияның құрылымы зерттеудің мақсаты мен міндетерімен байланыса отырып, диссертацияны орындауға қойылатын Қазақстан Республикасы Қадағалау және аттестаттау жөніндегі комитетте көзделген талап деңгейіне сәйкес орындалған. Диссертация кіріспе, үш тараудан, сегіз тармақшадан, тұжырымдамадан, пайдаланылған әдебиеттердің тізімінен тұрады.
ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ
Кіріспеде диссертацияның өзектілігі, зерттелу деңгейі, мақсаты мен міндеттері, зерттеудің нысаны, қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар, зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы, оның теориялық және тәжірибелік құндылығы, зерттеу жұмысының сыннан өтуі, диссертациялық жұмыстың көлемі мен құрылымы туралы деректер көрсетілген.
Бірінші бөлім «Сезікті мен айыпталушының қылмыстық іс жүргізудегі конституциялық құқықтары, олардың мәні мен маңызы және процессуалдық кепілдіктерінің жүйесі» деп аталады. Ол екі бөлімшеден тұрады.
«Сезікті мен айыпталушының конституциялық құқықтары: ұғымы және азаматтардың конституциялық құқықтарымен ара-қатынасы» деп аталатын бірінші бөлімшеде автор сезікті мен айыпталушының конституциялық құқықтары мен оның жүйесін сипаттай келе, оның адам мен азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарымен өзара ар-қатынасына тоқталады. Сонымен қатар бөлімшеде адам құқықтары мен бостандықтарының сақталуына қатысты халықаралық нормалар, олардың Қазақстан Республикасы Конституциясымен өзара байланысы жете зерттеледі.
Жалпы заң әдебиеттерінде адам мен азаматтардың конституциялық құқықтары деген ұғымдар кездеседі, оған Конституцияда көрсетілген құқықтар жиынтығы жатқызылады, бірақ онда конституциялық құқықтардың ұғымына нақты анықтама берілмеген. Автор аталған кемшіліктерді саралай, ғылыми зерттеу жұмысы барысында адам мен азаматтардың конституциялық құқықтарына тоқтала келе, осы арқылы сезікті мен айыпталушының конституциялық құқықтары ұғымына нақты анықтама береді және конституциялық құқықтар жүйесін көрсетеді. Автор өз анықтамасында: «Сезікті мен айыпталушының конституциялық құқықтары мен бостандықтары – азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарынан туындайтын және қылмыстық іс жүргізудегі сезікті мен айыпталушының құқықтық мәртебесімен анықталатын құқықтары мен бостандықтары болып табылады» деп көрсетеді. Бұл оның ғылымға қосқан үлкен бір үлесі деп есептейміз.
«Адам мен азаматтардың Конституциялық құқықтарының процессуалдық кепілдіктері ұғымы және кепілдіктер жүйесі» зерттеу жұмысының бірінші тарауының екінші бөлімшесінде зерттеледі.
Сезікті мен айыпталушының құқықтары – қылмыстық іс жүргізу барысында нақты қорғалуы тиіс. Қорғау құралдар арқылы, яғни белгілі бір кепілдіктер арқылы жүзеге асады. Бірақ, кепілдіктерді жетілдіру бүгінгі күнде біздің мемлекетімізде өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Өйткені, қылмыстық іс жүргізуді жүзеге асыру барысында оған қатысушылардың конституциялық құқықтарын кепілдендіру жеткіліксіз. Сондықтан да, қылмыстық іс жүргізу заңының нормаларын Қазақстан Республикасы Конституциясының және қабылданған халықаралық құқықтық актілердің нормаларымен сәйкестендіру қажет деп көрсетеді автор өз ұсынысында.
Заң әдебиеттерінде кепілдіктер ұғымына қатысты ғалымдар арасында әр-түрлі пікірлер қалыптасқан. Олардың бірі – кепілдік деп қылмыстық іс жүргізудегі қатысушылардың міндеттері мен құқықтары деп түсінсе, ал екіншілері бұған құқықтық нормаларды жатқызады, кейбірі тіпті қылмыстық іс жүргізудің қағидаларын, процессуалдық нысандарды, тіпті қылмыстық іс жүргізу заңын да жатқызады. Ұзақ уақыт бойы осы сұрақтың жауабын табу мақсатында ғалымдар арасында пікір таластар жалғасып келеді, тіпті талас жалғаса да бермек. Бірақ бұған тіреліп қалған қажеттілік жоқ. Таластың болғаны дұрыс. Жазылған әрбір пікірдің ғылымға азда болса, көп те болса қосар үлесі бар. Әрбір аталған кепілдіктің құқыққа қосар өзіндік үлесі бар.
Сондықтан диссертациялық зерттеу жұмысы барысында автор арқылы да процессуальдық кепілдіктер ұғымына жаңа анықтама беріледі және заңдардағы кепілдіктер жүйесіне тоқталады. Оны жетілдіруге қатысты бірқатар ұсыныстар жасайды және жаңа кепілдіктерді ұсынады.
Автор, «қылмыстық іс жүргізудің кепілдіктері – іс жүргізуге қатысушы тұлғалардың құқықтарын қамтамасыз етуге, қылмыстық сот ісін дұрыс жүзеге асыруға бағытталған барлық құралдар мен тәсілдер жиынтығы дей келе, сонымен қатар, процессуальдық кепілдіктерге бір жақты ғана түсінік беруге болмайды, оларды жан-жақты қарастыру аса қажет, бұл қылмыстық іс жүргізуде іске қатысушылардың мүдделерін қамтамасыз ететін құралдарды жетілдіруге өз көмегін тигізеді» деп көрсетеді.
Диссертациялық жұмыстың екінші тарауы «Алдын-ала тергеу стадиясындағы сезікті мен айыпталушының конституциялық құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктері» деп аталады. Диссертациялық жұмыстың екінші тарауының бірінші бөлімшесінде қылмыстық іс жүргізу принциптерінің процессуальдық кепілдіктер ретіндегі маңызы зерттеледі.
Алдын ала тергеу бұл қылмыстық іс жүргізудің дербес стадиясы. Бұл стадия тергеу және процессуалдық іс-әрекеттерді жүргізуден тұрады. Аталған іс әрекеттерді жүргізу барысында сезікті мен айыпталушының конституциялық құқықтары толық кепілдендірілуі тиіс. Оны кепілдендіруде қылмыстық іс жүргізу принциптердің алар орны үлкен.
Қылмыстық іс жүргізу принципі – бұл заңда көрсетілген қылмыстық іс жүргізудің елеулі жақтарын көрсететін, қылмыспен күресудің қамтамасыз етілуін сипаттайтын және қылмыстық сот ісін жүргізуде тұлғаның құқықтарын кепілдендіретін жалпы басшылыққа алатын ережелер.
Қазақстан Республикасы ҚІЖК-ндегі принциптердің бірі - қылмыстық істер бойынша іс жүргізу кезінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау принципі. Аталған принципке сәйкес, қылмыстық процесті жүргізуші орган қылмыстық процеске қатысушы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, оларды жүзеге асыру үшін жағдай жасауға, процеске қатысушылардың заңды талаптарын қанағаттандыруға уақыты шаралар қолдануға міндетті. Ол басқа принциптермен тығыз байланыста бола отырып, сезікті мен айыпталушының конституциялық құқықтарын кепілдендіре алады.
Автордың пікірінше, әсіресе, тергеу іс-әрекеттерін жүргізу барысында құқықтарды толық сақтау өте күрделі. Оның себебі, тергеу іс-әрекеттері көп жағдайда сезіктінің, айыпталушының және басқа да қатысушылардың жеке өміріне, хат жазысудың, телефон арқылы сөйлесудің, почта, телеграф және өзге де хабарлардың құпиялылығына, тұрғын үйге, меншікке қол сұғылумен жүргізіледі. Бірақ, бұл іс-әрекеттердің жүргізілуі заң шеңберінен аспауы тиіс. Тергеу іс-әрекетін жүргізуге қатысты заңмен көрсетілген ережелер құқықтарды кепілдендіруде үлкен орын алады.
Тергеуші тергеу іс-әрекеттеріне қатысуға заңдарда белгіленген адамдарды тарта отырып, олардың жеке басын анықтайды, оларға құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ тергеу іс-әрекеттерін жүргізудің тәртібін түсіндіреді. Кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларды қоспағанда, тергеу ісін түнгі уақытта жүргізуге жол берілмейді. Тергеу іс-әрекетін жүргізу кезінде техникалық құралдар қолданылуы және қылмыс іздері мен заттай дәлелдерді анықтаудың, бекіту мен алудың ғылыми негізделген әдістері қолданылуы мүмкін. Тергеу іс-әрекетін жүргізу кезінде күш қолдануға, қорқытуға және өзге де заңсыз шараларды қолдануға, сонымен қатар оған қатысушы адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп туғызуға жол берілмейді. Тергеуші тергеу іс-әрекеттеріне қатысуға анықтау органының қызметкерлерін тартуға құқылы (Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 201-бабы).
Мысалы, қылмыстық іс жүргізудің алдын-ала тергеу стадиясында сезікті мен айыпталушы пайда болған кезде, оларға Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 213-бабының 1-бөлігіне сәйкес, жауап алудың алдында тергеуші жауап алатын алынатын адамның жеке басын анықтауы тиіс. Егер жауап алынатын адамның іс бойынша іс жүргізіліп отырған тілді білетіндігіне күмән туса, оның қай тілде жауап бергісі келетіні анықталады, содан кейін оған Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 68, 69-баптарына сәйкес, сезікті мен айыпталушының құқықтары, оның ішінде оның айғақ беруден бас тарту құқығы қоса түсіндірілуі қажет. Бұл құқықтар мен міндеттерді түсіндіру қылмыстық іс жүргізу органдарына жүктелеген. Бірақ, айыпталушылардың жеке басын анықтауда, олардың құқықтарын түсіндіргенде тергеушілер заңның бұл талабын жиі бұзып отыр. Осының әсерінен сезікті мен айыпталушының конституциялық құқықтары толық сақталмауда.
Сонымен қатар, автор арқылы бірқатар тергеу іс-әрекеттерінің жүргізілу тәртібіне өзгерістер ұсынылады.
Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 244-бабының талаптарына сәйкес, сезіктіге, айыпталушыға сараптама жүргізілгенге дейін оның тағайындалғаны туралы ізге түсу органдарының қаулылары таныстырылып, оларға өздеріне тиесілі құқықтарының түсіндірілгені туралы тиісті хаттама жасалуы тиіс. Автордың пікірінше, заңның бұл ережелері сақталынбайды. Тергеу органдары тараптардың Қазақстан Республикасы ҚК-нің 244-бабымен көзделген құқықтарын бұзып, сараптама жүргізу туралы қаулымен айыпталушыларды сараптама жүргізіліп болғаннан кейін таныстырады. Осы себептен, сезікті және айыпталушы аталған құқықтарын, тек сараптаманың қорытындысы дайын болғанда ғана пайдалана алады.
Мысалы, Ақтөбе қаласы Қаржы
полиция департамантінің
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы ҚК-нің 179-бабымен, 96-бабының 2-бөлігімен сотталған Б. ның ісі бойынша сот-медициналық сараптамасын тағайындау туралы қаулы 26.12.2002-жылы шығарылып, сараптама 28.12.2002-жылы жүргізілген. Ал, сараптама тағайындау туралы қаулымен айыпталушыны 26.03.03-жылы, ал сараптаманың қортындысымен 06.01.03-жылы таныстырған (Алматы облыстық Талғар АІІБ-нің тергеушісі Б.) [5, б. 11-12].
Автордың пікірінше, Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 244-бабында бекітілген сезікті мен айыпталушының құқықтарының көрсетілген ережелердің толық орындалуына сезіктінің немесе айыпталушының жеке басының анықталмауы мүмкіндік бермейді, ол тек сезікті ұсталған кезден бастап қана жүзеге асырылады. Осындай жағдайларда, сараптаманы тағайындау туралы қаулыны сезікті немесе айыпталушыға тек сараптаманың қорытындысымен бірге таныстыруға тура келеді. Сондықтан да, заңға «мүмкіндік болмаған жағдайларды қоспағанда, барлық уақытта сезікті, айыпталушы, жәбірленушіні сараптама жүргізілгенге дейін оның тағайындалғаны туралы қаулымен танысуға міндетті және онда осы қатысушылардың қолдары қойылуы тиіс» деп өзгеріс ендірген дұрыс.