Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2013 в 15:38, курсовая работа
1959 жылғы Қылмыстық кодекс кеңестік идеология тұрғысында, әкімшілдік-әміршілдік жүйе мен орталықтандырылған жоспарлы экономика қағидаттарына негізделген еді. Сондықтан өмірдің өзі ескі идеологиядан арылған, нарықтық қатынастар жағдайына үйлесетін, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауды барынша қамтамасыз ететін жаңа қылмыстық заңның болуын кажет етті. Осыған орай Президент Н.Назарбаев мемлекетіміздің өмір талабына сай келетін жаңа Қылмыстық кодексін қабылдаудың және оның адам, қоғам, мемлекет мүддесінің қорғаушысы болуы қажеттілігіне баса назар аударылуын айрықша белгілеп берді.
КІРІСПЕ..................................................................................................................3
1 Отбасы және кәмелетке толмағандарды құқықтық қорғау және оларды дұрыс тәрбиелеу шаралары
1.1 Отбасы және балалардың азаматтық және саяси-әлеуметтік құқықтарын конституциялық қорғау ерекшеліктері
1.2 Отбасы және кәмелетке толмағандардың бірқалыпты дамуы және оларға дұрыс тәрбие беру шарттары
2 Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың сипаттамасы және құрамдарының саралануы
2.1 Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
2.2 Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы бағытталған қылмыстар
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.............................................
Қылмыстың субъектісі — 16-ға толған есі дұрыс баланы нақты ауыстырған адам (босану немесе балалар үйінің медицина қызметкерлері, жаңа туған баланың анасы) т.с.с.
Бала асырап алу құпиясын жария ету деп - ол туралы кез-келген адамға, оның ішінде туыстарына, таныстарына, асырап алынған адамнын өзіне ауызша, жазбаша, басқадай байланыс немесе ақпарат құралдарын пайдаланып отырып жасаған әрекеттерін айтамыз.
Бұл қылмыстың қоғамға қауіптілігі сол кінәлі адам асырап алған балаға немесе үшінші жаққа бала асырап алу құпиясын заңсыз бұзып, оны жария ету арқылы балаға немесе оны асырап алған ата-аналарына орны толмас моральдық зиян келтіреді.
Қылмыстың тікелей объектісі — бала асырап алу туралы заңда белгіленген қоғамдық қатынастар, сол бала асырап алушылар мен асыранып алынғандардың мүдделері.
Қылмыс объектавтік жағынан бала асырап алу құпиясын жария ету арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының неке және отбасы туралы Заңына сәйкес бала асырап алуды жүзеге асыратын лауазымды адамдар және бала асырап алу жөніндегі фактіні білетін өзге де адамдар бала асырап алу құпиясын сақтауға міндетті. Аталған адамдар бала асырап алушының немесе асырап алынған баланың еркіне қайшы кызметтік немесе кәсіптік кұпияны не пайдакүнемдік немесе өзге жамандық ниетпен жасаған бала асырап алу құпиясын жария етуі кылмыс болып табылады.
Қылмыстық жауаптылық бала асырап алу кұпиясын жария ету, оны асырап алушының еркіне қайшы түрде жүзеге асырылғанда ғана пайда болады. Бала асырап алушынын еркі деген ұғымға — оны асырап алған жұбайлардың екеуінің де еркі жатады. Осыған орай ерлі-зайыпты жұбайдың біреуінін екіншісінің еркінен тысқары жағдайда бала асырап алу құпиясын жария етуде қылмыс қатарына жатады.
Қылмыс бала асырап алу кұпиясын жария еткен уакыттан бастап, қандайда бір зардаптың орын алған немесе алмағанына қарамастан аяқталған деп танылады.
Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлі адам бала асырап алу құпиясын жария етудің коғамға қауіптілігігі сезеді және де осы құпияны жариялауды тілейді. Бала асырап алушынын еркіне қайшы қызметтік немесе кәсіптік құпияны бала асырап алу фактісін сақтауға міндетгі адамның жария етуі кез келген ниетті басшылыққа ала отырылып жүзеге асырылады. Ал бала асырап алу құпиясын өзге адамдардың жария етуі пайдакүнемдік немесе езге жамандық ниетпен ғана жүзеге асырылады. Бұл тұрғыдағы субъектілердің осындай ниеттермен істеген әрекеттері қылмыс құрамын құрайды.
Қылмыстың субъектісі екі топқа бөлінеді. Бірінші топқа: бала асырап алу кұпиясы қызметтік немесе кәсібіне байланысты белгілі болған адамдар. Оларға — жергілікті өкімет органдары қызметкерлері, бала асырап алуға кеңес берген адвокаттар, АХАЖ қызметкерлері жатады. Екінші топқа бала асырап алу фактісінен хабардар болған өзге де адамдар. Олар: жұбайлардың біреуі, жақын туыстары, таныстары. Қылмыс субъектісінің жас мөлшері 16-ға толған адам. Лауазымды адамдардың бала асырап алу құпиясын жария етуі ауыр зардаптарға әкеліп соқса (жәбірленушінің өзін-өзі өлтіруі, психикалық науқаска ұшырауы т.с.с.) олардың әрекеті ҚК-тің 307-бабымен саралануға жатады.
Балаларын немесе еңбекке жарамсыз ата-анасын асырауға арналған қаражатты төлеуден әдейi жалтару:
Қылмыстың тікелей объектісі кәмелетке толмаған, сондай-ақ кәмелетке жасы толған еңбекке жарамсыз балалардың, еңбекке қабілетсіз ата-ананың лайықты өмір сүруін қамтамасыз ететін материалдық мүдделері. Қылмыстық жәбірленушілері — 18-ге толмаған балалар, 18-ге толған еңбекке жарамсыз балалар (ҚК-тің 136-бабының 1-тармағы); еңбекке қабілетсіз ата-аналар (соның ішінде бала асырап алғандар да).
Объективтік жағынан ҚК-тің 136-бабының 1-тармағында көрсетілген қылмыс ата-ананың сот шешімі бойынша кәмелетке толмаған, сондай-ақ 18-ге толған, бірақ еңбекке жарамсыз балаларын асырауға арналған қаражатты әдейі төлеуден жалтаруы арқылы жүзеге асырылады.
Қазакстан Республикасының неке және отбасы туралы Заңына сәйкес алимент: 1) ата-аналардың ерікті келісімі болған және ол нотариус арқылы куәландырылған жағдайда; 2) соттың шешімі бойынша өндіріледі (124-132-баптар). Бірақ Қылмыстық кодекстің 136-бабының талабына сәйкес қылмыстық жауаптылық соттың шешімі бойынша алимент төлеуден жалтарғаны үшін ғана туындайды.
Балаларын асырауға арналған қаражатты төлеуден әдейі жалтаруға соттың шешімі занды күшіне енгеннен кейін оны орындаудан үнемі, ұзақ уакытқа жалтарулар жатады. Заңда оның мерзімі үш айдан астам уакыт деп белгіленген. Жалтарудың тәсілі әртүрлі: жұмыс орнын себепсіз жиі өзгерту, түрғылықты жерін жасыру, қосьмша жұмыс орнын немесе табыс көздерін жасыру т.с.с. болуы мүмкін. Әдейі жалтару деп тануға сот органының белгіленген қаражатты төлеу туралы ресми ескертуінің орындалмауы негіз болады.
Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналыкпен істеледі. Қылмыстық ниет әртүрлі болуы мүмкін: пайдакүнбмдік, баланың анасына деген өшпенділік, кінәлінің баламен туыстығына күмән келтіру т.с.с. керсетілген қылмыстық ниеттердін, қылмысты саралауға әсері болмайды.
Қылмыстың арнаулы субъектісі – сот шешімі бойынша қаражат төлеуге міндетті ата-аналар немесе соларға теңестіліген адамдар болады.
Қылмыстық кодекстің 136-бабының
2-тармағы бойынша қылмыстың
Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау:
Қылмыстың объектісі — кәмелетке толмағандардың дене және психикалық жағынан дұрыс дамып, қалыптасуы.
Объективтік жағынан қылмыс бірнеше балама әрекетгерді: а) кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау; б) осындай міндеттерді тиісті дәрежеде орындамау арқылы сипатталады. Өзіне жүктелген міндеттерді толық орындауға мүмкіндігі бола тұра оны орындамау немесе әрекетсіздік жасау міндеттемені орындамау, ал өзіне жүктелген міндеттерге салдыр-салақ, үстірт қарау міндетгемелерді тиісті дәрежеде орындамау деп танылады:
Қылмыстық жауаптылыққа тартудың негізгі шарты — кәмелетке жасы толмаған балаға қатал карау болып табылады. Қатал қарауға — жасы толмаған баланы үнемі ұрып-соғу, сабау, қорқыту, аштықта, ыстықта ұстау, үрейін алу, нерв жүйелерін бұзу т.с.с. жатады.
Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен жасалады. Кінәлі адам кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі өзінің құкықтық міндеттерін орындамағанын, оларға қатал қарағанын сезеді және сол әрекетгерді істеуді тілейді.
Қылмыстың субъектісі арнаулы: 1) кәмелетке толмаған баланың ата-анасы; 2) кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жолындағы міндетгер өзіне жүктелген өзге де адамдар, атап айтқанда — бала асырап алушылар, қамқоршылар немесе қорғаншылар; 3) кәмелетке толмаған баланы қадағалауды жүзеге асыруға міңдетгі оқу, тәрбие, емдеу немесе өзге де мекеменің қызметкерлері (мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметкерлері, орта мектептердің, кәсіптік-техникалық оқу орындарының, мектеп-интернаттардың және қиын балаларды тәрбиелейтін тәрбие мекемелерінің педагогтары, аурухана қызметкерлері және т.б.).
Балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиiсiнше орындамау:
Қылмыстық құқықтағы бұл бап мүлде жаңа құрам болып табылады.
Қылмыстың тікелей объектісі – балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қоғамдық қатынастар.
Қылмыстың жәбірленушісі – балалар.
Қылмыс объективтік жағынан – қызметі бойынша өзіне балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер арнайы тапсырма бойынша орындаушының немесе мұндай міндеттерді ерікті түрде өзіге алған адамның тиісінше орындамауы арөылы көрініс береді. Яғни көрсетілген қылмыс әрекетсіздік арқылы істеледі. Балалардың өмірі мен дегсаулығының қауіпсіздігін қамтамсыз ететін адамдар өз міндетін тиісінше орындамайды. Мысалы балабақша меңгерушісі жас балаларды қараусыз тастап, дүкен аралап кетеді, осы кезде баланың бірі көшеге шығып кетіп, көлікке қағылып, орташа ауырлықтағы дене жарақатын алады. Бұл жерде қызметі бойынша өзіне жүктелген міндетті балабақша меңгерушісі орындамау салдарынан баланың өмірі мен десаулығына қауіп төнді. Немесе арнайы тапсырмамен мектеп оқушыларын саяхатқа апарған адамның бейқамдылығынан, оқушы суға құлап,ауыр дене жарақатын алады. Бұл жерде арнайы тапсырма алған адам өз қызметіне жауапсыз қараудан бала денсаулығына зақым келген. Осындай міндетті ерікті түрде өзіне алған адамдарға – панасыз балаларды өз қамқорлығына алғандар, қорғаншылар, бала асырап алғандар жатады. Қылмыс құрамы материалдық және ол заңда көрсетілген зардап – баланың денсаулығына абайсызда ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтірілген сәттен бастап аяқталған деп табылады. Қылмыс әрекетсіздік пен орын алған зардаптың арасында себепті байланыс болуы хақ.
Субъективтік жағынан қылмыс абайсызда істеледі.Егер мұндай іс-әрекет өасақана істелінсе, онда кінәләнәң жауаптылығы жәнеадамға қарсы қылмыс жөніндегі тараудың тиісті бабымен сараланады.
Қылмыстың субъектісі арнаулы – жасы 16-ға толған, өзіне осы міндеттер қызметі бойынша жүктелген адам; осы міндеттерді арнайы тапсырма бойынша орындаған адам; мұндай міндеттерді өзіне ерікті түрде алған адам. Абайсызда жас баланың өліміне әкеп соққан әрекет осы қылмыстың ауырлататын түрі болыр табылады.
Қамқоршы немесе қорғаншы құқықтарын терiс пайдалану: