Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2013 в 15:38, курсовая работа
1959 жылғы Қылмыстық кодекс кеңестік идеология тұрғысында, әкімшілдік-әміршілдік жүйе мен орталықтандырылған жоспарлы экономика қағидаттарына негізделген еді. Сондықтан өмірдің өзі ескі идеологиядан арылған, нарықтық қатынастар жағдайына үйлесетін, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауды барынша қамтамасыз ететін жаңа қылмыстық заңның болуын кажет етті. Осыған орай Президент Н.Назарбаев мемлекетіміздің өмір талабына сай келетін жаңа Қылмыстық кодексін қабылдаудың және оның адам, қоғам, мемлекет мүддесінің қорғаушысы болуы қажеттілігіне баса назар аударылуын айрықша белгілеп берді.
КІРІСПЕ..................................................................................................................3
1 Отбасы және кәмелетке толмағандарды құқықтық қорғау және оларды дұрыс тәрбиелеу шаралары
1.1 Отбасы және балалардың азаматтық және саяси-әлеуметтік құқықтарын конституциялық қорғау ерекшеліктері
1.2 Отбасы және кәмелетке толмағандардың бірқалыпты дамуы және оларға дұрыс тәрбие беру шарттары
2 Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың сипаттамасы және құрамдарының саралануы
2.1 Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
2.2 Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы бағытталған қылмыстар
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.............................................
Отбасы - некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдар тобы, ал кәмелетке толмаған адам – заңда көрсетілген 18 жасқа толмаған, ата – анасы қарамағындағы бала.
Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыс деп отбасына және балалардың қандай да бір түрде жарақат алып, олардың адамгершілігі аяққа тапталатынын айтсақ. Олар қылмыстың объективтік жағы мен кінәнің қасақаналық пиғылын жүзеге асыру дәрежесіне байланысты бір-бірінен ерекшеленіп, ажыратылады. Көрсетілегн сатыларды анықтау, қылмыс құрамын құрамайтын қасақана қылмыстық іс-әрекет жасаған тұлғаны қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін және оған жаза тағайындау үшін өте қажет. Обасының және балалар жеке тұлға ретінде өз құқықтары мен өз міндеттерімен ерекшеленеді. «Неке және отбасына» арналған заңда отбасы мен балалардың құқықтары, міндеттері және сондай-ақ жауапкершіліктері де айқын көрсетілген.
Әрбір баланың мүмкін болғанынша отбасында өмір сүруге және тәрбиеленуге құқығы, өзінің ата-анасын білуге құқығы, олардың қамқорлығына құқығы, өзінің мүдделеріне қайшы келетін жағдайларды қоспағанда, олармен бірге тұруға құқығы бар.
Баланың өз ата-анасы тәрбиеленуіне, оның мүдделерін қамтамасыз етуіне, жан-жақты өсіп-жетілуіне, оның адамдық қадір-қасиетінің құрметтелуіне құқығы бар.
Қамқоршылық он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандарға, сондай-ақ спиртті ішімдіктерге немесе есірткі заттарға салынуы салдарынан сот әрекет қабілеттілігі шектеулі деп таныған адамдарға белгіленеді.
Денсаулығының жай-күйіне байланысты өзінің құқықтарын өз бетінше жүзеге асыра алмайтын және міндеттерді орындай алмайтын кәмелетке толған әрекет қабілеттілігі адамдардың арызы бойынша оларға қамқоршылық белгіленуі мүмкін.
Қорғаншы және қамқоршы органдар қорғаншылық пен қамқоршылықты қажет ететін адамның тұрғылықты жері бойынша қорғаншылық пен қамқоршылық белгілейді. Жекелеген жағдайларда қорғаншылық пен қамқоршылық қорғаншының (қамқоршының) тұрғылықты жері бойынша белгіленуі мүмкін.
Адамды әрекетке қабілетсіз немесе оның әрекет қабілеттілігі шектеулі деп тану туралы шешім заңды күшіне енген кезден бастап үш күн ішінде сот бұл туралы оған қорғаншылық және қамқоршылық белгілеу үшін сол адамның тұрғылықты жері бойынша қорғаншы және қамқоршы органға хабарлауға міндетті.
Адамға қорғаншылықты және қамқоршылықты белгілеу қажеттігі туралы тиісті органдарға белгілі болған кезден бастап бір ай ішінде қорғаншылық және қамқоршылық белгіленеді.
Қорғаншы немесе қамқоршы тағайындауға мүдделі адамдар сот тәртібімен шағымдануы мүмкін.
Ата-ана құқықтарын балалардың мүдделеріне қарама-қайшы жүзеге асыруға болмайды. Балалардың мүдделерін қамтамасыз ету олардың ата-аналары қамқорлығының негізгі мәні болуға тиіс.
Ата-ана құқықтарын жүзеге асыру кезінде ата-аналар балалардың дене және психикалық денсаулығына, олардың адамгершілік жағынан дамуына зиян келтіруге құқығы жоқ. Балаларды тәрбиелеу әдістерінде адамның қадірқасиетін кемсітетін немқұрайлылық, қатыгездік, дөрекілік, балаларды қорлау немесе қанау болмауға тиіс.
Ата-ана құқықтарын балалардың құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтіре отырып жүзеге асыратын ата-аналар заңда белгіленген тәртіппен жауап береді.
2.2. Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы бағытталған қылмыстар
Кәмелетке толмаған адам деп – орналасқан мемлекеттің заңнамасына сәйкес кәмелеттік жасқа, яғни 18 жасқа толмаған және осы заңнамаға сәйкес өзі орналасуы тиіс мемлекетті дербес анықтауға құқығы жоқ адам.
Кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тарту деп - 18-ге толмағандарды қылмыстың тікелей орындаушысы немесе өзге де көмектесушісі болуға жіберлендіруге , ынтасын, шешімін қоздыруға бағытталған іс-әрекеттерді айтамыз.
Қылмыс жеке қылмыс құрамы ретінде қарастырылады:
Қылмыстың тікелей объектісі – кәмелетке толмағандардың бірқалыпты дамуы және оларға дұрыс тәрбие беру шарттары болып табылады.
Қылмыстың жәбірленушісі – 18-ге толмаған адам, яғни кәмелетке толмағандар.
Қылмыс объективтік жағынан алғанда әр түрлі әдістер (тәсілдер) қолдана отырып кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тарту арқылы жүзеге асырылады.
Қылмыстық іске тартудың әдісі заңда тікелей көрсетілмеген, бірақ ол әртүрлі жолмен жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл әрекет көбінесе психикалық әдістерді қолдану арқылы (қорқыту, уәде беру, алдау) немесе басқа да тәсілдерді қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Жоғарыда көрсетілген тәсілдерді қолданғанымен кәмелетке толмағандар қылмыстық іс-әрекетке баруға қарсылық білдірсе, онда кінәлінің іс - әрекеті кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тартуға оқталғандық ретінде саналады.
Қылмыс формальдық құрамға
Субъективтік жағынан қылмыс тек қана тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлі адам әр түрлі тәсілдерді қолдана отырып жасы 18-ге толмағаны өзіне анық адамды қылмыстық іске тартқанын сезеді, біледі және соны жүзеге асыруды тілеп әр түрлі әрекет жасайды. Қылмыстық ниет және мақсат әртүрлі (кек алу, қызғаныш,пайдакүнемдік, басқа да зұлымдық ниеттер) болуы мүмкін.
Қылмыстық субъектісі – заңда тура атап көрсетілгендей кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тартқан жасы 18-ге толған адам. Кәмелетке толмаған адамның екінші бір кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тартуы бұл қылмыс құрамына жатпайды.
Кәмелетке толмаған адамды қоғамға қарсы iс-әрекеттер жасауға тарту:
Криминологиялық зерттеудің нәтижесі көрсеткендей соңғы жылдары елімізде кәмелетке толмағандарды ішімдікке, нашақорлыққа, темекі тартуға және басқа да қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тарту фактілері өріс ала бастаған. Нәтижесінде жеткіншектердің арасында әр түрлі жұқпалы аурулар меңдей түскен, бұл әрине, ертеңгі болашағымыз үшін аса қауіпті құбылыс.
Қылмыстың тікелей объектісі кәмелетке толмаған адамдардың дене және адамгершілік тұрғысынан дұрыс дамып, тәрбиеленуі болып табылады.
Объективтік жағынан қылмыс кәмелетке толмаған адамды есеңгірететін заттарды тұтынуға не уытқұмарлыққа не спирттік ішімдіктерді ұдайы тұтынуға, не жезөкшелікпен, қаңғыбастықпен немесе қайыршылықпен айналысуға тарту арқылы сипатталады.
Кәмелетке толмаған адамды қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тарту формальдық қылмыс құрамына жатады және ол заңда көрсетілген әрекеттердің біреуін жасаған уақыттан бастап аяқталған деп танылады.
Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналыкпен істеледі. Кінәлі адам кәмелетке толмаған адамды есірткілік немесе баска да есеңгірететін заттарды медициналық емес тұрғыда тұтынуға не спирт ішімдіктерін ұдайы тұтынуға, не жезөкшелікпен, қаңғыбастыкпен немесе қайыршылықпен айналысуға (ұдайы болмаса) тартқанын сезеді және осы әрекетгерді істеуді тілейді.
Кәмелетке толмағандарды саудаға салу – кәмелетке толмаған адамды белгілі келісімді аөы алып (ақшалй, заттай, қозғалатын немесе қозғалмайтын мүлік) басқаға беру, сату немесе сатып алу деп танылады.
Кәмелетке толмаған адамды саудаға салу үшін жауаптылык бұрын Қазақстан Республикасының аумағында колданылған кылмыстық зандарда мүлдем көрсетілмеген еді. Қазақ жерінде мұндай құбылыс Кеңес өкіметі орныққанға дейін мүлдем болмаған. Қазіргі жағдайда кейбір жерлерде кәмелетке толмағандар "зат", "товар" ретінде пайдаланылып, қылмыскерлерге пайда табудың көзіне айналды. Дүние жүзінде орын алып отырған осындай келеңсіз құбылыстарға сәйкес Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 133-бабында осы тұрғыдағы іс-әрекетке кылмыстық жауаптылық белгіленген.
Қылмыстың тікелей объектісі — кәмелетке толмағандардың мүддесі, олардың дұрыс даму, жетілу, білім алу, тәрбиелену жағдайлары.
Қылмыс объективтік жағынан кәмелетке толмаған адамды сатып алу не кәмелетке толмаған адамға қатысты оны біреуге беру немесе оны иемдену түрінде өзге мәмілелер жасау арқылы жүзеге асырылады.
Субъективтік жағынан қылмыс — кәмелетке толмағандарды саудаға салу тек қана тікелей касақаналықпен істеледі. Бұл жерде осы кылмысты істеуге кінәлі болып адамды сатқан және сатып алған жақтар, сондай-ақ осындай әрекеттерге бағытталған өзге де мәмілелер жасауға катысқандар (жәбірленушіні заңсыз біреуге берген немесе оны иемденген адамдар) табылады. Өйткені олар өздерінің іс-әрекеттерінің қоғамға қауіптілігін, заңға қайшылығын сезеді және осы әрекеттерді істеуді тілейді.
Баланы ауыстыру - жаңа туған балалар жөнінде — босану үйлерінде немесе балалар үйлерінде, немесе уақытша бақылаусыз далада қалған баланы ауыстырып-алу аркылы жүзеге асырылады.
Заң баланы қасақана ауыстырғаны үшін қылмыстық жауаптылық белгілеген. Бұл қылмыстың қоғамға қауіптілігі сол, баланы ауыстыру арқылы ата-анамен баланың туыстық қатынасы зорлыкпен бұзылып, адамгершілік принциптеріне жатпайтын әрекеттер жүзеге асырылады.
Қылмыстың тікелей объектісі баланың біркалыпты дамып, жетілу және қалыптасу жағдайлары, олардың және отбасының мүдделері.
Қылмыс объективтік жағынан баланы ауыстыру әрекеті арқылы жүзеге асырылады.
Қылмыс формальдық кұрамға жатады және ол бір баланы екінші бір баламен заңсыз ауыстырған сәттен бастап аяқталған деп табылады. Егер осындай ауыстыру сәтінде кінәлі адамның қылмысы әшкереленіп қалып, ол қылмысты ниетін акырына дейін жеткізе алмаса, онда кінәлінің әрекеті осы қылмысқа оқталғандық болып табылады.
Қылмыс субъективтік жағынан тек қана тікелей қасаканалықпен істеледі. Ол туралы заңның өзінде тура көрсетілген. Кінәлі адам баланы қасақана оның ата-анасының немесе занды өкілінің келісімінсіз ауыстыратынын сезеді және осы әрекетгерді істеуді тілейді. Егер баланы ауыстыру абайсыздықпен жүзеге асырылса, онда адамның әрекеті қылмыс болып табылмайды.