Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2013 в 15:38, курсовая работа
1959 жылғы Қылмыстық кодекс кеңестік идеология тұрғысында, әкімшілдік-әміршілдік жүйе мен орталықтандырылған жоспарлы экономика қағидаттарына негізделген еді. Сондықтан өмірдің өзі ескі идеологиядан арылған, нарықтық қатынастар жағдайына үйлесетін, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауды барынша қамтамасыз ететін жаңа қылмыстық заңның болуын кажет етті. Осыған орай Президент Н.Назарбаев мемлекетіміздің өмір талабына сай келетін жаңа Қылмыстық кодексін қабылдаудың және оның адам, қоғам, мемлекет мүддесінің қорғаушысы болуы қажеттілігіне баса назар аударылуын айрықша белгілеп берді.
КІРІСПЕ..................................................................................................................3
1 Отбасы және кәмелетке толмағандарды құқықтық қорғау және оларды дұрыс тәрбиелеу шаралары
1.1 Отбасы және балалардың азаматтық және саяси-әлеуметтік құқықтарын конституциялық қорғау ерекшеліктері
1.2 Отбасы және кәмелетке толмағандардың бірқалыпты дамуы және оларға дұрыс тәрбие беру шарттары
2 Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың сипаттамасы және құрамдарының саралануы
2.1 Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
2.2 Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы бағытталған қылмыстар
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.............................................
Адамдардаың алды кісі өлтіріп, адам тонаса, соңы күн көріс үшін қыз балалардың тәнін зорлықпен саудалап, жезөкшеліктікпен айналыстырса бұл да өз кінәміз, қоғамымыздың қасіреті. Қазір Алматыдағы Абай мен Саин көшелерінің қиылысында былайғы жұрт "балалар бұрышы" деп атап кеткен кішкентай жезөкшелердің тұратын мекен-жайы бар екендігін бәлкім біреу білсе де біреу білмес. Айтуға ауыр болса да ақиқаты осындай. Қызметінің құны 200-300 теңгеден аспайтын көкәрім жезөкшелердің негізгі дені әке-шешелері маскүнемдікке салынып, ынтымағы бұзылған отбасыларынан шыққан адамдардың қианат істері. Рас, Қылмыстық кодекстің 137-бабында балаларына дұрыс тәлім-тәрбие бермеген ата-аналар үшін бірқатар жауапкершіліктер қарастырылған. Онда да бұл баппен ата-аналық парызын аяқ асты етіп, адамдық қалыптан жұрдай болып айырылғандар ғана жауапкершілікке тартылады. Алматы қаласы бойынша биылдың өзінде жоғарыдағы баппен 47 адам жауапкершілікке тартылып, ата-аналық құқығынан айырылыпты. Десек те көптеген заңгерлер қауымы дәлелденуі аса күрделі бұл бапты тетіктері өне бойы қозғалысқа түсе бермейтін "өлі" жауапкершіліктің бір түріне жатқызады. Олай дейтініміз қай бала өз әке шешесінің үстінен шағым жазып, арыздана береді дейсің. Кейде қарап отырып, тұрмыстық ахуал өз үстемдігін жургізіп отырған мына заманда адам тағдырынан гөрі ақша қымбат тәрізді ме деп те ойланасың. Әйтпесе бүгініміз бен ертеңімізді жалғастырып жататын ұрпақ тағдыры бәрінен де жоғары тұруы тиіс емес пе?
Қазір елімізде жастар мен балалардың мүддесі мен құқығын қорғауды қамтамасыз ететін заңдарымыз да аз емес. Алайда олардағы қарастырылған мәселелердің көп жағдайда түпкі нысанасына жетпей, ауада ілініп қалатындығында жоғарыдағы шешімін күтіп отырған түйткілді мәселелердің түйіні жатқандығын жоққа шығаруға болмайды. 2002 жылдың 1 қантарынан бастап «Қазақстан Республикасындағы балалардың құқығы туралы» жаңа заң өз күшіне енді. Осы заңның 6-бабыңда балалардың құқығы мен мүддесін қорғауды қамтамасыз ету, оларды қорлауға жол бермеу мемлекеттік саясаттың басты мақсаты екендігі ашып көрсетілген. Десек те заң талабының тұрмыс пен күн көрістің ауырлығы үстемдік құрып тұрған тіршілікте толық жүзеге аса қоятынына күмән көп. Өйткені, жас сәбилерді қорлау мен аяусыз ұрып, соғу, тіпті өлім жағдайына душар ету деректері әлі де көптеген жерлерде сол баяғысынша жалғасып келеді. Қаршадай баланы қатыгездікке үйрететін де қоғам мен отбасындағы осындай көлеңкелі жағдайлар болып отыр /27/.
Елімізде 23 тамыз 2002 жылы Қазақстан Республикасы балаларды қоғамдағы толымды өмірге даярлау, олардың қоғамдық мәні бар және шығармашылық белсенділігін дамыту, әлемдік өркениеттің жалпы адамзатқа тән құндылықтары негізінде оларды жоғары имандылық қасиеттерге, елжандылық пен азаматтыққа тәрбиелеу, олардың бойында ұлттық сана-сезімді қалыптастыру принциптерінің басымдығына сүйеніп, баланың Қазақстан Республикасының Конституциясында кепілдік берілген негізгі құқықтары мен мүдделерін іске асыруға байланысты туындайтын қатынастарды реттейтің заң қабылдады.
Қазақстан Республикасының балалар мүддесін көздейтін мемлекеттік саясатының мақсаттары:
- балалардың құқықтары
мен заңды мүдделерін
- құқықтары мен заңды мудделерінің негізгі кепілдіктерін нығайту, сондай-ақ құқықтары бұзылған жағдайларда оларды қалпына келтіру;
- бала құқықтары
- балалардың дене бітімі,
интеллектуалдық, рухани және
имандылық тұрғысынан дамуына,
олардың бойында елжандылық
- кәмелетке толмағандардын
құқықтық санасы мен құқықтық
мәдениет қалыптастыру
Балалар мүддесін көздейтін мемлекеттік саясат мемлекеттік органдар қызметінің басым саласы болып табылады және:
- баланың құқықтарын
заң тұрғысынан қамтамасыз
- балаларға толымды
тәрбие беруді, олардың құқықтарын
қорғауды оларды қоғамда
- аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып, балалардың өмірін жақсартуға бағытталған мемлекеттік ең төменгі әлеуметтік стандарттарды белгілеуге және сақтауға;
- баланың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзғаны, оған зиян келтіргені үшін лауазымды тұлғалардың, азаматтардың жауаптылығына;
- баланың құқықтары
мен заңды мүдделерін қорғау
жөніндегі функцияларды жүзеге
асыратын қоғамдық
Порнографияны, қатыгездік пен зорлық-зомбылықты дәріптейтін, адамның қадір-қасиетін қорлайтын, отбасына және балаларға зиянды әсер ететін және құқық бұзушылыққа ықпал ететін бұқаралық ақпарат құралдарын, әдебиетті, ойын-сауык және басқа іс-шараларды пайдалану заң бойынша қудаланады.
Баланы жезөкшелікпен айналысуға тартқандарға, балаға порнографиялық материалдарды немесе заттарды, баспа басылымдарын, кино немесе бейнематериалдарды, порнографиялық сипаттағы және эротикалык мазмұндағы өзге де нәрселерді таратқандарға, жарнамалағандарға немесе сатқандарға Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген тәртіппен жауаптылық белгіленеді /27,28/.
Баланы соғыс қимылдарына, қарулы жанжалдарға тартуға, балалардың әскерилендірілген құрамаларын құруға тыйым салынады.
Қазақстан Республикасының заңдарына және халықаралық міндеттемелерге сәйкес, орындалу мақсаттарына, нысандары мен әдістеріне қарамастан, балаларды заңсыз алып кетудің, ұрлап әкетудің, олармен сауда жасаудың, еңбекке жарамсыз жұбайы мен зайыбын асыраудан әдейі жалтарудың алдын алу мен жолын кесу жөніндегі шаралар қолданады.
Қазақстан Республикасының заңдарында кәмелетке толмағандардың дербес азаматтык, неке-отбасылық, еңбек және өзге де құқықтық қатынастарға түсу және өз құқықтары мен мүдделерін қорғау құқығы көзделген жағдайларды қоспағанда, он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін олардың заңды өкілдері қорғайды.
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға өкілдік ету мен оның құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау уақытша, баланы отбасына немесе балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияны жүзеге асырушы ұйымға орналастырғанға дейін қорғаншылық және қамқоршылық органына жүктеледі. Балалардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғауды өкілеттіктеріне сәйкес мемлекеттік органдар асырады.
Ата-аналар (олардың орнындағы адамдар) сондай-ақ балаға білім беру, оны тәрбиелеу, дамыту, оның денсаулығын сақтау, оны әлеуметтік қорғау мен оған әлеуметтік қызмет көрсету оның әлеуметтік бейімделуіне, әлеуметтік оңалуына жәрдемдесу жөніндегі іс-шараларды және (немесе) ол қатысатын іс-шараларды жүзеге асырушы адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгілінген тәртіпте, баланың денсаулығына, мүлкіне келтірілген зиянды, сондай-ақ моральдық зиянды өтеу туралы талап арызбен сотқа жүгінуге құқылы.
Ата-анасы және басқа да заңды өкілдері ата-аналық құқықтарын жүзеге асырған кезде баланың дене және психикалық денсаулығына, оның имандылық, дамуына зиян келтіруге құқылы емес. Баланы тәрбиелеу тәсілдерінде баланың адамдық қадір-қасиетіне менсінбей, қатал, дүрекі қарау, оны қорлау немесе қанау болмауға тиіс.
Ата-аналық аялаудан айрылған балаларға қамқорлық жасау, оларды асырау мен оқыту — мемлекеттің, қоғамның абыройлы міндеті. Олар қамқорлықсыз қалғандарды қанатының астына алады, қамқоршылар мен қорғаншылар тағайындайды. Қамқоршылық пен қорғаншылық балалардың өздері өз құқықтарын қорғай алмайтын, өз міндеттерін орындай алмайтын балғандықтан балаларды тәрбиелеу, олардың мүліктік мүдделерін қорғау үшін тағайындалады. Қамқоршылық 15 жасқа дейінгі балаларға, ал қорғаншылық – 15 жас пен 18 жас аралығындағыларға белгіленеді.
1.2 Отбасы және кәмелетке толмағандардың бірқалыпты дамуы және оларға дұрыс тәрбие беру шарттары
Біздің елімізде балаларды тәрбиелеу мен оқыту — тек құқық қана емес, сонымен бірге белгілі бір деңгейде Қазақстан Республикасы заңдары бойынша балалардың орта білім алуы міндетті болғандықтан, олардың білім алуын қамтамасыз ету, қажетті жағдай туғызу ата-аналардың міндеті болып табылады. Ата-аналар балаларын мемлекеттік мектептермен бірге жеке мектептерде де оқытуға құқылы.
Жеке адам да, қайсыбір қоғамдық бірлестік те (саяси, діни және өзге) алдарына нәсілдік, ұлттық, әлеуметтік діни теңсіздіктер көздейтін міндеттер қойып, осы мақсатта жұмыс жүргізе алмайды. Басқаша айтқанда, ұлттық және басқа сезімді, әдет-ғұрыпты, дәстүрді күлкі етуге, қорлауға болмайды. Әр ұлттың ішкі өз әдет-ғұрпы, дәстүрі өзіне жақын. Сонымен бірге кез келген ұлттың адамдары оқшау өмір сүрмейді, басқа да көптеген ұлттардың өкілдерімен бірге өмір сүреді. Мұндай жағдайда баланы тек басқаларынан басым болатын ұлттық қағида, дәстүр рухында ғана тәрбиелеу, әрине, адамдарды жақындастыруға, олардың бірге оқуына, бірге қызмет етуіне, бірге өмір сүруіне игі әсер етпейді. Ондаған жылдар бойы бір мемлекетте қатар өмір сүрген қазақтар, орыстар, украиндар, өзбектер, немістер, татарлар, корейлер және басқалары қалыптастырған жалпы халықтық дәстүрлер, әдет-ғұрыптар аз емес. Енді дербес өмір сүру жағдайында олар одан да ерекше мәнге ие болуда, тіпті, Конституцияға сәйкес, Қазақстанның барлық азаматтары — бір, біртұтас халық.
Балаларын тәрбиелей отырып, ата-аналар балаларының мүдделерін қорғауға құқылы. Кәмелетке толмауына, қабілетінің толық жетілмеуіне байланысты балалар өз мүдделерін қорғай алмайды. Ата-аналар, біріншіден, өз балаларының құқығын қорғауға тиіс. Мұндай құқықтың қатарына мүліктік, жеке және басқалай құқықтар жатады. Екіншісіне, балалардың заңды мүдделері жатады. Оған, атап айтқанда, нәтижесінде балада белгілі бір құқықтар, мысалы мұралыққа құқық пайда болуы мүмкін, фактілерді белгілеу құқықтары жатады. Құқықтар мен мүдделерді қорғау балалардың құқығын бұзушылықпен күресте көрінеді. Ата-аналар өз балаларының заңды өкілдері болып табылады. Ол ата-аналардың, белгілі бір жағдайларда балаларға қорғаншылық және қамқоршылық органдарымен тағайындалуы мумкін қамқоршы мен қорғаншыдан ерекшеленеді.
Әке мен ана тең құқылы. Сондықтан екеуі де кәмелетке толмаған балаларының заңды өкілдері болып табылады.
Ата-аналардың өздерінің балаларына қатысты табиғи міндеттерін саналы түрде сезінбеуі немесе оларды немқұрайлы орындауы мүмкін. Өкінішке орай, мұндай келеңсіз жәйттер өмірде жиі кезедеседі. Әрине, өз балаларының тәрбиесіне немқұрайлы қараудан, ең алдымен, ата-аналардың өздері зардап шегеді. Балалардың тәрбиесіздігінен, өнегесіздігінен балалардың өздері жиі таяқ жейді. Бірақ, тәрбиесіздік құқық бұзуға колайлы жағдай жасайтындықтан, басқа адамдарға, тұтас алғанда қоғамға зиян келеді. Сондықтан өзінің борышын өтемейтін ата-аналарға қатысты заң ыкпал ету шараларын көздейді. Ерекше жағдайларда ата-аналар (ңемесе олардың біреуі) өздерінің құқықтарынан айырылуы мүмкін.
Ерекше жағдайлар деп нені түсінеміз? Оған, біріншіден, өзінің тәрбие жөніндегі міндетін орындаудан жалтару жатады. Мұндай келеңсіз жәйт ата-аналар адамгершілік тәрбиесіне мән бермеген, балаларының қалыпты өсуіне, дамуына және білім алуына қажетті жағдай жасамаған жағдайда туады. Екінші бір келеңсіз жәйт, ата-аналық құқықтардың теріс пайдаланылуы болып табылады. Мысалы, оқуға қатысуға, сабаққа дайындалуға кедергі қояды, балаға зиянды басқа да әрекеттермен оларды білімнен қол үзуге мәжбүр етеді.
Үшіншіден, ата-аналар (ата-ана) балаларына қатыгез қарауы: ылғи да сабауы, қорқытуы, тамақ бермей қоюы, үйден куып жіберуі, баланың намысына тиюі және т.б. қиянат жасауы мүмкін. Төртіншіден, ата-аналар (ата-ана) өздерінің жүгенсіз, қоғамға жат қылықтарымен балаларына кері ықпал етуі мүмкін. Бесіншіден, егер ата-аналар ішімдікке салынып кеткендер немесе нашақорлар болса олар ата-аналық құқықтан айырылады /26/.
Жасөспірімдер мен кәмелетке толмағандарға заман талабына сай, тәрбие беріп, оларды патриоттық рухта тәрбиелеу ісіндегі орын алып отырған олқылықтардың үлкен бір шоғыры осындай. Соған қарамастан кейбір аудандар мен қалалардағы әкімшіліктер, құқық қорғау органдары бірлесе жұмыс жүргізіп, тізгіні босап қеткен тәлім-тәрбиенің тиімді жолдарын іздестірумен келеді. Қазір республикамыздың көптеген жерінде қалаларында әрбір білім ошағына учаскелік инспекторды бекіту дәстүрі қанат жайып отыр. Ондағы негізгі мақсаттың өзі жасөспірімдер арасындағы қылмысты болдырмау және алдын алу шараларын жүргізуден туындаған ниет еді. Әрине, дәл қазір оның түпкі нәтижесі туралы кесіп-пішіп пікір айтудың өзі де асығыстық болар. Дегенмен де осы әдісті кез-келген білім ошағына тықпалап енгізудің тиімділігі бола қояр ма екен деген де сауалдың алдымызды кесе көлденендеп жатып алатыны рас. Жауапты жұмысқа бекітілген полиция өкілінің ішкі жан дүниесі мен балалармен қарым-қатынас жасаудағы іс-тәсілі өзгермесе одан не пайда? Әлде бұл әйтеуір полиция киімін киінген адамнан мектеп оқушылары жасқанып жүрсін деген ойдан туындаған шара ма? Онда бұл кәмелетке толмағандар мен жасөспірімдер құқығының бұзылғандығы. Әрбір мектепке полиция өкілін бекіту жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу шараларына кеп септігін тигізеді деп есептейді. Таразы басын тең тартатын екі пікірдің де түп негізі балалармен жұмыс істейтін учаскелік инспектор тек полиция өкілі ғана емес, кез-келген бүлдіршінмен ортақ тіл табыса білетін педагог әрі психолог болса деген игі тілекпен ұштасып жатыр еді. Ондай болса,жастар тәрбиесіндегі жан дүниемізді толғантып жүрген осал буынның өзі де осы емес пе? Бір сөзбен айтқанда, жастармен қоян қолтық жұмыс істейтін учаскелік инспектор біздің ойымыздағыдай мектеп басшылары мен төменгі буынның арасын жалғастырып, қылмыстың алдын алатындай тұлға болса барша жұртты ойлаңдырып отырған олқылықтың орны толғаны емес пе? Алайда көптеген ішкі істер бөлімдерінің жаныңдағы кәмелетке толмағандармен жұмыс жүргізетін инспекциялардың тәртіп бұзған жасөспірімді есепке алып, мүмкіндігі келгенінше жазалауға бейім тұратын іс-тәсілі өзгермейінше бұл салада онды жаңалықтар болады деп үміттенудің өзі қиын. Құқық қорғау органдары өкілдерінің пікіріне сүйенсек, кәмелетке толмағандармен жұмыс істейтін инспекция қызметіне уақытша тыныс алып, есегін орын деп келетін кездейсоқ қадрлар аз емес. Күндегі істі өмірде ондай мамандардың ойға алған осы мақсаты орындалып та жатада. Қашан да қадрлары тұрақтамай, жайлы орындарды жағалап кететін инспекциялардағы жұмыстың тар шеңберде тұйықталынып, ондағылардың жастарға жанашырлық жасаудың орнына жазалауға даяр тұратындығының бір астарында жаңа іс-тәсілінің жоқтығы мен пайыз қуалаушылықтың әсері тәрізді объективті себептерде бар. Инспекция мамандарының уақыт шабысынан артта қалып, жаттанды ізбен кетуіне оларға балалармен тиімді жұмыс жасаудың едіс-тәсілін нұсқайтын әдістемелік көмектің көрсетілмейтіндігі де теріс әсерін тигізуде. Бүгінгі жасөспірімдердің төлім-тәрбие жұмыстарынан ерекше орын алатын мұндай маңызды мәселені Ішкі істер министрлігі мен Білім және ғылым министрлігінің мамандары ғылыми тұрғыдан талдай отырып, жарыққа шығарса кемшіліктердің кем-кетігін толтыруға, қолайлы мүмкіндік жасалынар еді. Осындай себептердің салдарынан тәлім-тәрбие жұмыстары кенжелеп, құқықтық сауаттылығы төмен жасөспірімдердің адам жаны түршігерлік ауыр қылмыстарға баратындығын кейбір органдардың бала тәрбиесіне немқұрайлы қарап, жаттанды тәсілмен жұмыс істейтіндігіне сындарлы сындар айтты. Мұндай қағазбастылықтан көптеген қалалық, аудандық әкімшіліктердің жаныңдағы жасөспірімдердің құқығын қорғаумен айналысатын комиссиялар да арыла алмай келеді. Бірақ бұдан комиссия жұмысы жолға койылып, ондағылар республика деңгейінде шешуді қажет ететін проблемаларды орағытып өтіп, өз беттерінше тұйыктан жол тауып шығады дегенге иланғың келмейді. Өйткені, қылмыстың өсуіне бірден бір түрткі болып отырған әлеуметтік-әкономиқалық, жағдай тұрақталып, тұрмыс деңгейі көтерілмейінше жасөспірімдер арасындағы тәлім-тәрбие жұмыстарының дәл осылайша көз алдайтын жалған ақпарлардың жетегінде кететіндігі ешқандай да күмән тудырмайды. Жастар саясатын қалыптастыру төңірегіндегі дүрілдеп өтетін алқалы жиындар дүбірінің алысқа жете алмай, алқынып орта жолда қалатындығының бір төркіні де нақ осында. Көптеген заңдарымызда қоғамымыздағы әлеуметтік-әкономиқалық жағдайдың бүгінгі қалыптасып отырған осындай ахуалы ескерілмегендіктен олардың негізгі тетіктері қозғалысқа енбей қалады. Өткен жынғы шілденің 10 күні Қазақстан Республикасының «Темекі шегушіліктін, алдың алу және оны шектеу туралы» заңы жарық көрді. Осы заңда кәмелетке толмағандар арасында темекіні насихаттауға және сатуға тыйым салған бірқатар баптар бар. Ал енді күнделікті тіршілікте темекі жасау бұйымдарына қожалық жасап отырған шетелдік кәсіпорындар теледидарлар мен ақпарат құралдарының беттеріңде өз өнімдерін насихаттап, жарнамаларын қыздырып жатқанда жоғарынағы заңның талаптары өз дәрежесінде орындалады дегенге сену қиын. Әрі-беріден соң кез-келген кәмелетке толмаған жасқа кедергісіз темекі босататын дүкен сатушысының теріс әрекетіне шын мәнінде тосқауыл қойып жатқан кім бар. Осының барлығы да жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдың алу шараларын уыстан шығарып, босаңсытып алғандығымыздан. Құқық қорғау органдарының өкілдерін былай қойғанда, жас ұрпақты жақсы әдеттерге үйретіп, жамандықтан жирендіретін ұстаздар қауымының өзі тәртібі нашар қиын балалардан мүмкіндігі келгенінше бойын аулақ салып, оларды арнаулы мектептерге жібергісі келіп тұрады. Яғни, көптеген мұғалімдердің ондай оқушылармен ортақ тіл табысып, жұмыс істегісі келмейді. Қит еткен қиқар баланы есепке қойдыртып маңдайына қара таңба басып қоюдың бір тәркіні мұғалімдер мен инспекторлардың шығармашылықпен жұмыс істей білмейтін біліксіздігінде жатса, екінші бір ұшы Әкімшілік құқық бұзушылық кодекс пен Қылмыстық кодекстің баптарында, балаларға тән тентектік пен бұзақылық ұғымдарының аражігі ажыратылып көрсетілмегенінде деп есептейміз. Рас, екі кодексте де кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдың алу шараларына көбірек орын берілген. Бірақ олар жоғарыдағыдай себептерге байланысты орындалмай, ылғи да тасада қалып қояды. Сондықтан да сәл ғана тентектік жасаған жасөспірімнің әрекеті бұзақылық деп танылып, тынымсыз жұмыс істеп жатқан жазалау механизмінің тісіне ілігіп кетеді. Осылайша жан дүниесі әлі бұлініп үлгермегйі жасөспірімді бүкіл құрбы-құрдастары алдыңдағы сенімінен айырып, оның келешекке деген көзқарасын сендіреміз /24,27/.