Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2013 в 15:38, курсовая работа
1959 жылғы Қылмыстық кодекс кеңестік идеология тұрғысында, әкімшілдік-әміршілдік жүйе мен орталықтандырылған жоспарлы экономика қағидаттарына негізделген еді. Сондықтан өмірдің өзі ескі идеологиядан арылған, нарықтық қатынастар жағдайына үйлесетін, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауды барынша қамтамасыз ететін жаңа қылмыстық заңның болуын кажет етті. Осыған орай Президент Н.Назарбаев мемлекетіміздің өмір талабына сай келетін жаңа Қылмыстық кодексін қабылдаудың және оның адам, қоғам, мемлекет мүддесінің қорғаушысы болуы қажеттілігіне баса назар аударылуын айрықша белгілеп берді.
КІРІСПЕ..................................................................................................................3
1 Отбасы және кәмелетке толмағандарды құқықтық қорғау және оларды дұрыс тәрбиелеу шаралары
1.1 Отбасы және балалардың азаматтық және саяси-әлеуметтік құқықтарын конституциялық қорғау ерекшеліктері
1.2 Отбасы және кәмелетке толмағандардың бірқалыпты дамуы және оларға дұрыс тәрбие беру шарттары
2 Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың сипаттамасы және құрамдарының саралануы
2.1 Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
2.2 Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы бағытталған қылмыстар
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.............................................
Сондықтан да жастардың тәлім-тәрбиесіне жұмсалынатын қаражаттың қомақты белігін ең алдымен мемлекеттің өзі көтеріп алуға тиіс деп ойлаймыз. Ата Заңымыздағы қоғамымыздың басты қазынасы адам және оның құқықтары деген иманды сөз де осыған саяды. Сонда мүмкіншілігі есептелінбестен әрдайым жергілікті бюджеттің мойныңа іліне салынатын бұл істе ала-құлалық орын алмай, жастарға жасалынатын жанашырлық еліміз бойынша біркелкі әркендер еді. Ал дәл қазіргі жағдайда ол әрбір аймақтың қуат қарымына қарай әркелкі жүргізіліп, стихиялық, сипат алуда.
Жастар тәрбиесін қашан да жауапты іс деп ұрандатып жатамыз. Ал оның бүгінгі жай-күйі мен қордаланып қалған қомақты проблемалары осындай.
Соңғы кездері қылмыс жасаушылардың жас деңгейі жасарып барады деген сөз мерзімді басылымдарда кең етек алып бара жатыр. Заңгер болған соң осынау мәселе төңірегінде ой қозғамау ешбір мүмкін емес. Өйткені, қылмыстың жасаруы ең алдымен Қазақстан, сосын қазақ ұлты үшін ең қатерлі қасірет. Ендеше, оның қыр-сырын біз алыстан іздемей, өзіміздің отбасымыздан қарастырғанымыз жөн. Өнер адамдары ортасында «Театр киім ілгіштен басталады» деген қанатты қағида бар. Егер соны тарата келіп, заң саласы, яғни қылмыс әлемінің жасаруы себептеріне байланыстырсақ, онда тәрбие отбасынан, одан да әрі терең кетсек, ананың құрсағынан басталуы тиіс. Бірақ, біз әңгімені бер жағы отбасынан бастасақ деп отырмыз. Сондықтан да соңғы жылдары республикамызда жүргізілген социологиялық зертте-улерге орай «Сіздің отбасыңыз тату ма?» деген сұраққа оқушылардың 72,2 пайызы «иә, өте тату», деп жауап берсе, ал 24,4 пайызы «онша емес» десе, қалған 1,8 пайызы «мүлде тату емес» деген кесімді тұжырым айтқан. 1 пайызы болса мүлдем жауап бермеген. Міне, осының өзінен-ақ қылмыс әлеміндегі жасөспірімдердің алатын орның екшелеуге келгенде отбасының атқарар рөлін анық байқауға болады емес пе.
Жалпы, адам жақсы-жаманды отбасынан біліп, оның қыр-сырын бойына сіңіреді. Сондықтан да, жасөспірімдердің адамға, қоғамға, еңбекке, мемлекет пен ұлтқа, соның ішінде өзінің ана тіліне деген көзқарасы ата-ананың көрсеткен үлгісіне қарай қалыптасады. Олардың әрбір жасаған теріс қылықтары ешуақытта да із-түзсіз қалмай баланың бойынан кәрініс табады. Мысалы, егер әке шешесі үйге ұрланған зат әкелгенін байқаса, оны ол да бек қайталауы мүмкін. Мұндай жағдайда тәрбие жөніндегі сөз бос әурешілік болып қалады.
Сондықтан да толыққанды жақсы тәрбие немесе отбасының ажырасуының бала өмірінде алатын криминогендік орны ерекше. Мысалы, зерттелгендердің 68 пайызында кәмелетке толғанға дейін әкесі де, шешесі де болса, ал 32 пайызында әке-шешелерінің біреуі немесе екеуі де болмаған. Тіпті, оны айтасыз, олардың 19,4 пайызы некесіз туғандар. Әрине, егер отбасында әке-шешесінің біреуі болмаса, оның үстіне бала бірнешеу болса, олардың жүріс-тұрысын қадағалау, жалпы тәрбие беру мәселесі өте қиынға соғады. Ата-ананың жүріс-тұрысы да, іс-әрекеті де заңға қайшы келетін отбасында дұрыс тәрбие беру мүмкін емес, бірақ соған қарамай, олардың келеңсіз мінез-қылықтары баланы қайткен күнде де қылмыскер етіп шығарады деу де оншалықты шындыққа жанаса қоймайды. Мұндай жағдайда ең басты нәрсе, балаға деген көңіл, оны барынша мейірімділікпен ішке тарту немесе жатсынып жақтырмай сыртқа тебудің рөлі ерекше. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекцияда есепке тұратын 15 мыңға жуық жасөспірімдердің басым көпшілігінде ата-аналарымен мейірімді байланыс болмаған. Соның салдарынан олардың зорлық-зомбылық, тіпті аш-көз пайдақорлық сипаттағы қылмыстарға баруына жол берген. Арнайы психологиялық-әлеуметтік зерттеудің нәтижелері ондай балалардың сол өзіміз айтып отырған қоршаған ортаға келеңсіз әсер ететін жағдайда тәрбиеленгендігін көрсетеді.
Қоршаған орта демекші, ендігі бір жүргізілген социологиялық зерттеудің бір қыры — «Жасөспірімдердің теріс жолға түсуіне не ықпал етеді?» деген сауалға төмендегідей жауаптар алынған. Олардың 7,5 пайызы теріс жолға түсуіне туыстарының жасаған қылмысы әсер еткенін айтса, ал 14,1 пайызы отбасы мүшелерінің ішімдікке салынуын тілге тиек етеді. Үйдегі жанжал, көзге шөп салуға байланысты бұзылдым деушілердің көрсеткіші — 2,3 пайыз, көшенің ықпалы тиді деушілердің саны 73,6 пайыз болып отыр. Сұралғандардың 3,1 пайызы ғана әке-шешелерінің беделін сыйлап, келеңсіз жолға түспегендерін әңгімелесе, мұғалімнің, яғни, ұстаздың беделін 2,3 пайызы ғана алға тартады. Осынау келтірілген цифрлардан аңғаратын жағдай, алдымен жасөспірімдерге отбасы тәрбиесі, сосын барып оларды қоршаған орта, араласқан қатар-құрбыларының кім екендігін тексеріп білудің маңыздылығы. Жалпы, қалыптасып үлгермеген жасөспірім өз әке-шешесінің мінез-құлқындағы жақсы-жаман қасиеттерді, сондай-ақ өзі араласып отырған ортадағы іс-әрекеттердің оғаштарын тез қабылдайды. Мұның ішінде әсіресе жағымсыз жайлар бойға тез сіңеді. Қазақтың «жаман әдет жұқпалы» деуі де сонда болса керек. Ендеше, «қиын» жасөспірімдерді біз өзіміз ата-аналар, ұстаздар қолдан жасаймыз /24,27/.
Осынау қиын да, қызық кезеңде өмір сүріп жатқан жасөспірімдердің тыныс-тіршілігін жасаған қылмыстарына қарап пайымдасақ, олардың көбісінің отбасы, бала-бақша, мектеп секілді орындардан оң тәрбие кәрмегенін байқауға болады. Олардың көпшілігінің өзінің ата-анасына мейірімсіз болып шығуының сыры сонда. Олар өздерін отбасы мүшесімін деп толыққанды санай алмаған. Яғни, қылмыс жасаған жасөспірім әлеуметтік-психологиялық оқшаулықта қалған.
Заң бұзушылықтың себептерін адамның өмір салтындағы кемшіліктермен де байланыстырған жөн. Жалпы, кім-кімнің болмасын қылмысқа баруы, алдымен оның тұрмыс-тіршілігі, кешкенкүн, сүрген өмірінен еш бөліп қарауға келмейтін құбылыс. Оның алдың алуының жолдары да сан алуан. Бір қызығы, қолдағы бар деректерге сүйенсек, сотталғандар отбасының 31 пайызы балаларын қылмыстық жолдан сақтандырғысы келмеген, келген жағдайда да қауқарлары жетпеген, ал 20 пайызы балаларының қылмыстық әрекетін біліп көре-тұра, одан арашалап қалуға еш әрекет жасамаған. Сұралғандардың 49 пайызы «жүріс-турыстарыңа отбасындағылар көңіл бөлді ме» деген сауалға жауап берместен, үнсіз қалған. Бүдан жасалатын қорытынды, оларға отбасының оң ықпалы болмай, өздерінің балалары алдыңда неге беделі болмағандықтарын көрсетеді. Тіпті, оны айтасыз, кейбір ата-ана үшін баласының қылмыстық жолға түскені жаңалық болып табылмаған. Ата-анасы оны біле-тұра жасырып, ел-жұрттан ұят деген жалған намыстан аса алмай қалған. Міне, осының барлығы да бала тәрбиелеудегі қателіктер мен кемшіліктерге үлкен жол ашады.
Соңғы кездері кейбір ата-ана аяқ астынан қарызға белшеден батып, дүние-мүлік, үй-жайын сатуға мәжбүр болады. Бұл — нарық тудырған қиындық.
Міне, осының өзі бала тәрбиелеудегі ата-ананың рөліне ерекше ықпал ететіні тағы анық. Осы түста айта кететін жай, «Жекешелендіру туралы» заңда тұрғын үйге баланың құқығы жайында ешнәрсе айтылып, көрсетілмеген. Үйсіз-күйсіз қалған жасөспірім балалар үйінетапсырылады. Кейін, ол есейген соң қайда барарын білмей далада қалары белгілі. Сол жасөспірімдердің өздерінің басына түскен оқиғаларын жазып әкімшілік орындарына жолдаған хаттары да жауапсыз қалып жатады. Сондықтан да «Жекешелендіру туралы» заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізіп, онда балалардың тұрғын үйге деген құқығы анық та нақты көрсету керек. Бұл орайы келгенде айтылған мәселе.
Бала тәрбиесіндегі тағы бір аңғарғанымыз, пайдакүнемдік-зорлық сипаттағы қылмыстарды жасау себептерінің бірі — мектеп тәрбиесіндегі кемшіліктер. Сондықтан да қылмыстылық пен мәдениеттілік, білім және біліктілік арасындағы байланыстарды ешуақытта бөле-жара қарамай, оларды бір мақсаттағы негізде жүйелі жолға қою керек. Соған қарамай, білімдік адамның өнегелік, құқықтық, мәдени деңгейінің жоғарғы көрсеткіші емес екендігін де аңғаруға болады. Демек, мектепті де білім бермедін деп кінәлай беруге де болмас. Бірақ, ол оның, яғни мектептің күнделікті тыныс-тіршілігі, жұмысы. П.Лағафт деген ойшыл-заңгер бір кезде: «Білімділік ілмыс заңын азайта алмады, ол ек криминалистерге қылмыстарды жаңаша топтастыруға мүмкіндік берді, себебі білімділік деңгейінің қылмыстың рөлі мен сипатына әсер ететіндігі анықталды» деп жазуының өзінде де осынау ойдың астары бар. Енді бір деректерге қарасақ, кейбір отбасылар мектеппен барлық байланысты жоғалтқан, олардың балаларын оқытып жүрген ұстаздармен, жалпы педагогиқамен шаруасы жоқ, көптеген ата-аналар тіпті мектептегі ұстаздармен ұдайы жанжалдасып, олардың айтқандарына құлақ аспайды да. Олар «Балаларымызбен не істеу керектігін мұғалімдерсіз-ақ езіміз білеміз» деп санайды. Яғни, ата-аналар жиналысына шақырғанға келмейді, мүғалімдермен араласуды ұнатпайды. Қолдағы мәліметтерге жүгінсек, 5- сынып оқушыларының сауал қойылған 100 ата-анасының 32-сі мектептің қайда екенін білмесе, ал 36-сы өз балалары оқып жүрген сыныптың жетекшілерін танымайды екен. Баланың мектепте ан азды-көпті оң өнегесі отбасында қолдау таппастан, қайта оның, түбіріне балта шабылады. Сонымен, кәмелетке толмаған қылмыскерлер тобындағы мектеп оқушылары мен студенттер үлесі аз (2,5 есе), ал КТУ оқушыларымен жұмыс істейтін жастардың үлесі жоғары, (ол да 2,5 еседей). Бұл мәліметтердің отбасымен байланысы бар екендігі сөзсіз, оны КТУ оқушыларының және өнегесіз нашар тәрбие берген отбасынан шыққан жұмыссыз жастардың арасындағы қылмыстылықтың деңгейі көрсетіп тұр. Мұның барлығын тәптіштеп айтып жатуымыздың сыры, балаларға тәрбие берудегі отбасы және мектеп, жоғары оқу орындарының қоғамдағы алатын орның аңғарту.
Қазіргі кезде тағы бір көпшілікті аландатып жүрген жай, қылмыстың қала мен ауылдағы әртүрлі жағдайларға қарамастан жасарып жатқандығы. Тіпті, кейбір ата-аналар қаланы қылмыс жасаудың ыңғайлы орталығы десе, ал ауылды ондайдан алыс санайды. Нақты әлеуметтік құрылымдар және қоғамдық ықпал, әрине қалада және ауылдық жерлерде әртүрлі. Бірақ, олар қоғамдық маңызы бар мінез-құлыққа, оның ішінде қылмыстылыққа бірдей ықпал жасайды. Бұл жерде әңгіме қаладағы әлеуметтік жағдайдың өзіндік ерекшелігін ашуда болып отыр. Қаладағы қылмыстылықтың, «байырғы» ауылдық қалыптан өсе келе емес, өзінше пайда болатыныңа көз жеткізу. Егер бір қаланы алып қарастырсақ, әр жылдары сотталғандар саны мен тіркелген қылмыстар саны белгілі бір шектен аспайды. Сондықтан да аумақтық ерекшеліктің қылмыстылықпен байланысын сипаттайтын салыстырмалы деректер алу үшін зерттеу жүргізу бекершілік.
Қала халқының саны ауыл адамдарының саныңан асатын аймақтарда кәмелетке толмағандар көбірек қылмыс жасайды. Қылмыстың басым көпшілігі қаладажасалынады. Сондықтан да кәмелетке толмаған балалардың қылмыстылығының қоғамдық алдың алу шараларын жүргізгенде аталған жағдайларды ескерген жөн. Жалпы, ауылдан қалаға қоныс аударғандар арасында қылмыс жасаушылар басым, олардың көпшілігі адамның жеке басына қарсы ауыр қылмыс жасағандар. Ауыл тұрғындарының әлеуметтік-тұрмыстық мәртебесінің анықталмауы, олардың шаруаларының қандай да бір нақты бағыт-бағдар алмауы жеке адамның тұтынушылық қабілетімен оны қанағаттандыру мүмкіндігі арасында қайшылық тудырып отыр. Мұндай жағдай болса жастардың қылмысқа баруына ықпал етпей қоймайды. Адамның мінез-құлқын тежейтін немесе оған бағдар беретін әлеуметтік топтар (кәсіптік, отбасы, басқада) қаладада, ауылда да жоқ. Тіпті, азайған десе де болады. Бұрынғы «біз» деген түсінік жоғалып, құндылығын жойған. Сондықтан да әлеуметтік бақылауға алынуға тиісті адамдар қазіргі кезде, әсіресе ешкіммен ешкімнің ісі жоқ кезде бақылаудан тыс қалған. Сондықтан да болар, тонау және қарақшылықпен шабуыл жасағаны үшін сотталған қала тұрғыңдарының көпшілігі ауылдан келгендер. Қала өскен сайын халықтың құрамы да өзгереді, содан келеді де қылмыс түрі кебейеді. Көші-қон процесінің есебінен қала халқының көбеюі, ретсіз көшіп-қону жұмыс орныңың жетіспеуіне, пәтер тапшылығына, тағы да басқа қиындықтарға әкеп соғады. Содан келеді де әлеуметтік-тұрмыстық жағдай шиеленісіп, зорлық-зомбылық сипатындағы қылмыстардың көбеюіне себеп болады. Бұдан келіп түйетін қорытынды, біріншіден, қылмысқа әсер ететін демографиялық құрам, яғни адамдардың жыныс, жас құрамы, сотталғандар саны, өндірістік күштердің дамуына байланысты халықтың көшіп-қонуы, тұрғылықты адамдар мен жаңа келгендердің ара салмағы әсер етеді, екіншіден, әкономиқалық, саяси, мәдени, факторлар, қала ерекшелігі де ықпал етпей қоймайды. Үшіншіден, жаңа тұрғызылып жатқан және әкономиқасы қауырт есіп кележатқан қалаларда қылмыстылық әкономиқалық, әлеуметтік-тұрмыстық және мәдени қиыншылықтармен, тіпті көшіп-қонудағы тәртіптің жоқтығына байланысты. Төртіншіден, қаланың әлеуметтік-әкономиқалық аспектісі. Олардың көп салалылығы немесе бір бағыттылығы да қылмыстың жасаруына үлкен әсерін тигізеді /27/.
Сонымен, қылмыс жасаудағы негізгі себеп әрине адамның, оның ішінде жасөспірім тұлғасының қалыптасуына ықпал ететін теріс жағдайлар. Өз бойындағы барлық жақсы-жаман қасиетті кәмелетке толмаған жас күнделікті өмір шындығынан алады. Оның отбасына әлеуметтік-психологиялық және заңдық тәуелділігі, оны сондағы дау-дамайдың куәсі болуға душар етеді. Егер ата-анасы (қалада немесе ауылда болсын) сотталып келген болса, әсіресе олардың өзара ынтымақтастығы болмаса, бала тәрбиесіндегі кемшіл тұстар күрделене түсуде.
Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы
қылмыстардың жалпы сипаттамасы және жеке құрамдарының саралануы
2.1. Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы
қылмыстардың жалпы сипаттамасы
Қазақстан Републикасы
1997 жылы
қабылданған жаңа Қылмыстық