Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2013 в 15:38, курсовая работа
1959 жылғы Қылмыстық кодекс кеңестік идеология тұрғысында, әкімшілдік-әміршілдік жүйе мен орталықтандырылған жоспарлы экономика қағидаттарына негізделген еді. Сондықтан өмірдің өзі ескі идеологиядан арылған, нарықтық қатынастар жағдайына үйлесетін, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауды барынша қамтамасыз ететін жаңа қылмыстық заңның болуын кажет етті. Осыған орай Президент Н.Назарбаев мемлекетіміздің өмір талабына сай келетін жаңа Қылмыстық кодексін қабылдаудың және оның адам, қоғам, мемлекет мүддесінің қорғаушысы болуы қажеттілігіне баса назар аударылуын айрықша белгілеп берді.
КІРІСПЕ..................................................................................................................3
1 Отбасы және кәмелетке толмағандарды құқықтық қорғау және оларды дұрыс тәрбиелеу шаралары
1.1 Отбасы және балалардың азаматтық және саяси-әлеуметтік құқықтарын конституциялық қорғау ерекшеліктері
1.2 Отбасы және кәмелетке толмағандардың бірқалыпты дамуы және оларға дұрыс тәрбие беру шарттары
2 Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың сипаттамасы және құрамдарының саралануы
2.1 Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
2.2 Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы бағытталған қылмыстар
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.............................................
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты
Тарих және өнер факультеті
Әлем тарихы, құқық және экономика негіздері қафедрасы
«ОТБАСЫНА ЖӘНЕ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫС»
Қостанай 2011 ж
ЖОСПАР
КІРІСПЕ.......................
1 Отбасы және кәмелетке толмағандарды құқықтық қорғау және оларды дұрыс тәрбиелеу шаралары
1.1 Отбасы және балалардың азаматтық және саяси-әлеуметтік құқықтарын конституциялық қорғау ерекшеліктері
1.2 Отбасы және кәмелетке толмағандардың бірқалыпты дамуы және оларға дұрыс тәрбие беру шарттары
2 Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың сипаттамасы және құрамдарының саралануы
2.1 Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
2.2 Отбасына және кәмелетке
толмағандарға қарсы
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ........................
КІРІСПЕ
Өзектілігі: Қазақ КСР-інің 1959 жылы қабылданған Қылмыстық кодексінің нормалары елімізде орын алған саяси, әлеуметтік, экономикалық өзгерістерге сай келмегендіктен, 1997 жылы шілденің 16-сында Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі қабылданып, ол 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңды күшіне енді.
1959 жылғы Қылмыстық кодекс кеңестік идеология тұрғысында, әкімшілдік-әміршілдік жүйе мен орталықтандырылған жоспарлы экономика қағидаттарына негізделген еді. Сондықтан өмірдің өзі ескі идеологиядан арылған, нарықтық қатынастар жағдайына үйлесетін, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауды барынша қамтамасыз ететін жаңа қылмыстық заңның болуын кажет етті. Осыған орай Президент Н.Назарбаев мемлекетіміздің өмір талабына сай келетін жаңа Қылмыстық кодексін қабылдаудың және оның адам, қоғам, мемлекет мүддесінің қорғаушысы болуы қажеттілігіне баса назар аударылуын айрықша белгілеп берді.
Қазақстан Республикасының Конститутциясының 27-бабында «Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттiң қорғауында болады», - деп көрсетілген. Қоғамымыздың жаңа мүшелерінің денсаулығын және өмірін қорғау жолдары әртүрлі, солардың қатарында құқықтық тұрғыдан қорғау белгілі орын алады. Осындай қорғаудың бір құралы отбасы және кәмелетке толмағандарды қылмыстық-құқықтық қорғау болып табылады. Мұндайда мемлекет қылмыстық-құқықтық құралдар арқылы кәмелетке толмағандардың және отбасын мүшелерінің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін қоғамдық қауіпті әрекеттермен ымырасыз күрес жүргізеді.
Кәмелетке толмаған азаматтың мүддесін қылмыстық-құқықтық құралдармен қорғау және оның дене бітімінің дұрыс қалыптасуына, интеллектуалдық және адамгершілік қалыптасуына жағдай жасауға тіреледі. Ал бұл өз кезегінде отбасы жағдайының дұрыстығына, өзара құқықтар мен қатынастарды ұстануына тікелей байланысты. Сол себепті де кәмелетке толмағандарды қорғау отбасы қатынастарын қорғаумен тығыз байланысты болып келеді
Қылмыстық құқықта отбасы және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыс мәселелерін ашу және олардың құрамдарын қарастыру басты мақсат болып табылады. Себебі кәмелетке толмаған балаларға және ата-аналарға зорлық-зомбылық,қамқорсыз қалдыру және басқада ауыр қылмыстардан соң арқашанда жасалған әрекеттер мен әрекетсіздіктер қылмыс болып табылады.
Қылмыстың мақсаты – адамның нақты мүддесіне қаскүнемдік. Ол өмір игіліктері, адам тұлғасының ұлықтығы, меншік және бостандық қылмыскер пиғылының іске асуынан зардап шеккен кезде жасалды деп саналады. Әр қылмыстың өзіндік белгілері болады сол себептен қылмыстық құқықта қылмыс құрамдарын бөліп қарастыру маңыздырық болады.
Жалпы норма бойынша қылмыс істеу туралы ойдың ашылуы қылмыстық жауапқа тартуға негіз болмайды. Қылмыстық заң кімді болмасын, тек сөзбен, хат арқылы немесе басқа жолдармен қылмыс істеу туралы пікірі болғанын білдіргені үшін жазалай бермейді. Өйткені мұндай жалаң ой қылмыстық заң қорғайтын объектіге ешқандай зиян келтірмейді және зиян келтіру қаупін туғызбайды. Оның үстіне қылмыстық ойдың ашылуынада қылмыстың негізгі белгісінің бірі – қоғамға қауіптілік жоқ. Қылмыстық ойдың ашылуын қорқыту арқылы жасалынатын қылмыстармен шатастыруға болмайды. Қылмыстық кодексте қорқыту арқылы жасалатын аяқталған қылмыс құрамының жекелеген түрлері үшін қылмыстық жауаптылық көзделген. Қылмыстық құқықтағы отбасы мен кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың қандай жағдайда және қылмыстың қаншалықты ауыр жағдайда жасалғаны жайындағы ерекшеліктер. Қандай қылмыс болмасын қылмыс болған жағдайда ол кез келген жағдайда жауаптылыққа тартылады
Мақсаты: Қылмыстық құқықтағы отбасы мен кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар мәселелерін қарастыру .
Міндеті: Қылмыстық құқықтағы отбасы мен кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстың мәселелерін ашу барысында мен төмендегідей міндеттерге тоқталдық:
-отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстың жалпы сипаттамасы.
- отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы бағытталған қылмыстар
- отбасы және кәмелетке толмағандарды құқықтық қорғау және оларды дұрыс тәрбиелеу шаралары
- отбасы және балалардың азаматтық және саяси-әлеуметтік құқықтарын конституциялық қорғау ерекшеліктері.
Зерттеу объектісі: Қылмыстық құқықтағы отбасы мен кәмелетке толмағандарға қарыс қылмыстар барысында туындайтын құқықтық қатынастар.
Зерттелу пәні: Отбасы және кәмелетке толмағандардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау аясындағы қатынастардың мазмұны мен бағытын анықтайтын ерекшеліктері.
Жұмыстың зерттелу деңгейі: Қарастырылып отырған тақырыпта Қазақстан ғалымдарының бірқатар зерттеулері арналған. Бірінші кезекте ҚР Конституциясынан бастадық. Осы курстық жұмыс тақырыбын ашу барысында «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің» 131-140 бабында жазылған отбасы мен кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар қарастыру барысында А.Н. Ағыбаевтың. «Қылмыстық құқық» оқулығы ерекшк орын алады. «Заң және Заман» журналдарындағы көптеген жазушылардың мақалаларына сүйене отырып, отбасы және балалардың азаматтық және саяси-әлеуметтік құқықтарын конституциялық қорғау ерекшеліктерін, отбасы және кәмелетке толмағандардың бірқалыпты дамуы және оларға дұрыс тәрбие беру шарттарын жайлы кездестірдік. Бұл мақалаларда қылмыстардың даму сатысындағы ерекшеліктері мен қазіргі кездегі қылмысты сатылауды қолдану барысын қарастырған.
«Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне түсініктемеде» отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстың ұғымы және түрлері жүйелі түрде мазмұнын толықтай ашып қарастырылған. Бұл әдебиетте қылмыстардың қандай жүйеде қылмыс болып дамығанын және даму кезеңдерін салыстыру арқылы анықтамасы жазылған. Және де олардың қылмыс құрамдарының даму ерекшеліктерін сараптау арқылы қарастырылған.
Зерттеу жұмысының әдісі: Зерттеудің мақсаттарына тиімді қол жеткізу үшін жүйелі талдау әдісі қолданылды, ұлттық және халықаралық институттардың отбасы және кәмелетке толмағандардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі, оларға қарсы қылмыстардың алдын алу жайындағы мәселелері қарастырылды.
Құрылымы: Бұл курстық жұмыс кіріспеден, екі негізгі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
ОТБАСЫ ЖӘНЕ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ДҰРЫС ТӘРБИЕЛЕУ ШАРАЛАРЫ
Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабының 1-тармағыңда «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп көрсетілсе, 3-бабының 1-тармағында «Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы — халық» деп бекітілген. Құқықтық мемлекет құрудың бірден-бір шарты — халықтың құқықтық білімін көтеру мақсатында 1995 жылдың 21 маусымында Елбасының «Жалпыға бірдей құқықтық білім мен тәрбие беру туралы» № 2347 қаулысы қабылданған болатын.
Қазақ елінің заңды құрметтеуі, адам құқығын ардақтауы сонау ықылым заманнан-ақ қалыптасқан. Ғасырлар қойнауынан жол тартып келе жатқан әдет-ғұрып, салт-сана, мәдениетті сөйлеуге құрылған қарым-қатынасқа айрықша баға берген. Ел басқару ісіне жіті мән бергендіктен, ақ сақалды қариялардың түйінді бір ауыз сөзінің өзі тасқын тоқтатарлық күшке ие болған. Ал дуалы ауыздан шыққан қасиетті сөздер ел арасына кеңінен тарап, Ата Заң баптарындай бағыт беріп отырған /1/.
Қазақ халқы жазусызуды білмеген кездің өзінде тәрбиеге ерекше көңіл бөліп, адам құқын қорғауды назарда берік ұстаған. Мысалы, сол заманда ел тоқтаған «Қасым ханның қасқа жолы» (1511-1518 ж.ж.), «Есім ханның ескі жолы» (1598-1628 ж.ж.), Әз Тәукенің «Жеті жарғысы» (1680-1718 ж.ж.) сияқты кәрнекті заңдар жұртшылық,ты ынтымақ пен бірлікке жұмылдырып, адамдарды әділеттілікке, яғни біреудің алажібін аттамауға тәрбиелей отырып, зорлық пен зомбылықтың барлық түріне қатаң жаза қолданған.
Содан кейінгі кезеңде қазақ жерін отарлау мақсатында патшалық Ресейдің хандықты жойғаны, ел басқару ісіне өзгерту енгізгені, халықты бір-біріне айдап салғаны тарихтан мәлім. Басқасын қойғанда, жеке адамның құқы, оның тағдыры деген ұғымдар адыра қалды. Тағдыр демекші, жеке адамның тағдырын ойлау әр елде, әр кезеңде түрлі сипатта болды. Мысалы, француз буржуазиялық революциясының негізгі құжаты саналатын «Адам және азамат декларациясының» 1-бабында «Адамның туылғаннан кейінгі бостандығы мен құқы теңдей» деп көрсетілген. Бул барлық адамдардың құқықтары тең екенін айғақтау деген сөз. Дәл осындай қағида ислам дінінде де бар және онда «Адам туылғанда да, өлгенде де бірдей, сондықтан бір-біріңді қорламаңдар, пенделер» деп тұжырымдалады.
Ерте кезде адам және азамат құқықтарын теңестіретін демократиялық көзқарастың деңгейі төмен болғаны рас. Нағыз демократия өз жемісін екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, дәлірек айтқанда 1948 жылы берді. Өйткені, дәл осы жылы БҰҰ өзінің «Жалпыға бірдей адам құқығының декларациясын» қабылдаған еді. Бұл құжат дамушы елдер үшін адам құқын қорғау саласында бағыт беретін негізгі заң актілерінің бірі болды.
Енді құқықтық мемлекет құруға бет алған елімізде қылмыс неге көп, оның себебі неде деген мәселеге келейік. Кеңес одағы ыдырағаннан кейін басқа одақтас республикалар сияқты Қазақстанда да жұмыссыздар саны көбейді. Бұған зауыт, фабрикалардың жоқтығы, бұрыннан қалыптасқан экономикалық байланыстардың үзілуі себеп болды. Әсіресе, республика заңдарын орындамау жауапсыздық пен құқықтық сауатсыздықты тудырды.
Сондықтан, республика Президентінің жоғарыдағы қаулысының экономикалық-әлеуметтік жағдайларды қамти отырып, Құқықтық мемлекетті жеделдете құруға мұрындық болатын заңдық құжат екендігі шындық. Жалпыға бірдей құқықтық білім мен тәрбие беру жас ұрпақ үшін халықтық іс бояуы шарт. Бұл отбасындағы ата-анадан бастап, мемлекетке дейінгі аралықта атқарылатын маңызды жұмыстардың бірі болып есептелуі тиіс.
Бүгінгі таңда мектеп алдыңда тұрған міндеттердің бірі — оқу-тәрбие жұмысының барлық саласына құқықтық шараларды енгізу. Мұның мәнісі әрбір оқушының құқықтық санасын қалыптастыру мен жауапкершілігін нығайтудың тиімді жолдары мен тәсілдерін қолдануда. Оқушыларға құқықтық тәрбие беру үшін ең алдымен, оларға Қазақстан Республикасының 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Конституциясының мазмұнымен жыл бойына түбегейлі таныстыру қажет. Құқықтық сана — қоғамдық сананың құрамдас бөлігі, ал құқық қоғамдық қатынастарды реттейтін, қоғамның бірыңғай ұйымдасып, өмір сүруін қамтамасыз ететін күшті құрал.
Жастар мен жасөспірімдердің құқығын қорғау, оларға тәлім тәрбие беру жөнінде бірнеше заң қабылданғанымен күнделікті тәжірибеде олардың да тетіктері толық іске қосылмайды. Сонымен соңғы жылдары патриотизм мен отан сүйгіштік рухынан айырылып қалған жастар қауымы арасында қылмыстың қаулап өсуі үлкен алаңдаушылық туғызып отыр. Әрине оның түпкі себебін бір ауыз сөзбен түсіндіріп беру қиын мәселе /29/.
Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық отбасы, ошақ қасындағы тентектіктен асып түсіп, кісі өлтіру, әйел зорлау, денеге ауыр жарақат салу, ашықтан ашық адам тонау, есірткі заттарын сақтау тәрізді қылмыскерлермен жасалынатын ауыр қылмыстарға ұласып отыр. Жаза басқан жасөспірімдерді жаппай жазалай берудің асқынып кеткені соншалық көзінде. Егер тәлім тәрбие мен қылмыстың алдын алу шаралары талапқа сай жүргізіліп, қауіпті өткелге бет бұрған көк әрім жасқа жақсы мен жаманның аражігі ажыратылып түсіндірілсе, жазалау біржақты сипат алмаған да болар еді. Амал нешік кәмелетке толмағандардың тағдырын назардан тыс қалдыру, білім ошақтарының қит етіп, қия басқан тәртібі "қиын" баланың жауапкершілігін құқық қорғау органдарына ысырып тастауы ақыры осындай күйге жеткізіп отыр. Басқа басқа сол түзелуі күрделі деп саналған балаларды қамқорлықтарына алып отырған жетімханалармен, ақтау орталықтарындағы қауырт жұмыстың тізгінін ең алдымен құқық қорғау органдарының өкілдері емес, ұстаздар қауымы ұстауы тиіс емес пе? Береке бірлігі азайған отбасыларынан шыққан сан жетпес баланың есепке алынуының өзі құлықсыз жүргізілген тәлім тәрбие мен мектептің ата-ананы кінәлап немесе керісінше ата-аналар қауымының білім ошақтарын жазғырып, жасөспірімдер тағдырын әрі тарт, бері тартқа салып, қақпақыл ойнатуынан орын алып отырған жағдай екендігін еске салады.
Мамандардың пікірлеріне сүйенсек, көптеген балалармен жасалынатын қылмыстардың дені әдетте ұсақ-түйек әрекеттерден аспай жатады. Алайда жеңіл желпі жазалармен шектеуге болатын осынау әрекеттердің түпкі нүктесі қазыларымыз кесетін қатал үкіммен аяқталып жатады. Сол себептен де "Сорос-Қазақстан" қайырымдылық қоры жасөспірімдер мен жасы кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау мақсатында "Ювенальная юстиция" халықаралық жобасын тәжірибеге енгізуді алғашқылардың бірі болып батыл қолға алуда. Жаңа жобаның бұл бағыттағы қордаланып қалған көптеген проблемалардың түйінін шешіп, құқық қорғау органдарының қысым, қиянатына ұшырайтын жасөспірімдердің құқығын қорғау ісіне тигізетін ықпал, әсері зор болмақ. Жаңа жоба қазірдің өзінде кейбір аудандарында сынақ ретінде қолданылып, сотқа дейінгі созылып жатқан тергеу процесі барысында жасөспірімдер құқығын бұзуға жол бермейтін тиімділігін көрсетіп отыр. Тек оның қисапсыз қаражатты қажет ететіндігі ғана аяқты тұсайды. Екіншіден ол жастарымыздың бойындағы отаншылдық сезімін оятудан аулақ жатқан, бар болғаны тәртіп бұзып, қылмыс жасаған жасөспірімдер құқығын қысым, қиянаттан қорғайтын жоба ғана.