Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Марта 2014 в 23:31, курсовая работа
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 9-тарауы қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар үшін жауаптылықты қарастырады. Заң шығарушы бұл тарауға қылмыстың 29 құрамын егізген. «Қауіпсіздік» ұғымы әлдекімге, әлденеге қауіп-қатер төніп тұрғанын, сол сияқты қатердің жоқтығын, сақталушылықты, сенімділікті білдіреді. Демек, «қауіпсіздік» адамдар үшін жасалатын әлдебір құндылық, қажеттілік, игілік. Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 26-маусымдағы «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Заңына сәйкес, қоғамдық қауіпсіздік деп, Қазақстан азаматтарының өмірінің, денсаулығының, игілігінің, сондай-ақ қазақстандық қоғамның мүмкін деген шығын келтіретін қауіп пен қатерден қорғалу жай-күйі танылады.
Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізгенде қауіпсіздік ережелерін бұзу еңбекті қорғаудың жалпы ережелерін (ҚР ҚК 152-б.), жарылыс қаупі бар объектілерде қауіпсіздік ережелерін (ҚР ҚК 246-б.) өрт қауіпсіздігі ережелерін (ҚР ҚК 256-б.) бұзумен жанаса жасалуы мүмкін.
Егер адам бір мезгілде әртүрлі ережелерді бұзатын болса, онда осы қылмыстардың шын мәніндегі жиынтығы болуы мүмкін.
Бұдан бұрын атап көрсетілгеніндей, ҚР ҚК 245-бабы материалдық құрамдаға қылмыстар қатарына жатады. Зардаптары ретінде денсаулыққа ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіру көрінеді.
Қарастырып отырған қылмыстың субъектісі 16 жасқа толған, есі дұрыс, жеке адам болуы мүмкін. Олар лауазымды адамдар да (бас инженер, бас механик, прораб), сол сияқты өздерінің еңбек қызметінің міндеттеріне байланысты аталған ережелерді сақтауға тиіс адамдар (экскаватор машинисі, жұмысшы және басқалары) болуы мүмкін.
Субъективтік жағы Заңда денсаулыққа ауыр немес орташа ауырлықтағы зардаптарға әкеп соқтыратыны тура көрестілгеніндей абайсыздықтағы кінәмен сипатталады.
ҚР ҚК 245-бабының 2-бөлігі -- осы қылмыстың сараланған түрі. Саралаушы белгілер ретінде ҚР ҚК 245-бабының 1-бөлігіндегі қарастырылған кісі өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқтырған әрекеттер көрінеді.
Өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқтыру дегенді екі немесе одан да көп адамдарға ауыр немесе орташа ауыр зиян келтіруді, ұйымдарға, кәміпорындарға немесе азаматтарға ірі материалдық ірі шығын келтіруді тануға болады.
Жарылыс қаупі бар объектілерде қауіпсіздік ережелерін
бұзу ҚР ҚК --246-бабы
Бұл қылмыстың қоғамдық қауіптілігі аталған объектілерде қауіпсіздік ережелерін бұзу салдарынан көп адамның өліміне, ірі материалдық шығындарға әкеп соқтыруымен көрінеді.
Егер олардағы технологиялық процестер қатты, сұйық немесе газ тәріздес заттарды пайдаланумен байланысқан сыртқы факторлардың ықпалымен (соққы, ұшқын, жоғары температура және т.б.) белгілі бір мөлшерден асып кеткен жағдайжа өздігінен жарысылысқа әкеп соқтырытын болса, онда ондай объектілер жарылыс қаупі бар (қауіпті өндірістік объектілер) объектілер (кәсіпорын, цех) деп саналады. Оларға, әсіресе, тұтанғыш, тотыққыш, жанғыш және дарылғыш заттарды аладтын, пайдаланатын, өңдейтін, сақтайтын, жоятын объектілер жатады.
Қылмыстың объектісі өндірістің жарылыс қаупі бар жұмыстары саласындағы қоғамдық қауіпсіздік болып табылады. Қосымша объектісі адамдардың өмірі, денсаулығы, меншігі.
Қылмыстың объективтік жағы әрекетпен, сол сияқты әрекетсіздікпен сипатталады. Ол жарылыс қаупі бар объектілерде немесе жарылыс қаупі бар цехтарда қауіпсіздік ережелерін бұзумен және оның абайсызда адам денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіруге әкеп соқтырумен көрінеді.
Жарылыс қаупі бар жұмыстар жүргізудің қауіпсіздік ережелері деп, жарылыс қауіпі бар объектілердегі жарылыс қаупі бар қоспалар мен қосындыларды зиянсыз орналастыру, жобалау, өндіру, араластыру, талдау, пайдалану, сақтау, тасымалдау мәселелерін реттеуші нормативтік актілер танылады.
Бұл қылмыс құрамының диспозициясы - бланкеттік. Қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін адамның жарылыс қаупі бар цехта қауіпсіз жұмыс істеу ережелерінің қай тармағын бұзғанын анықтау қажет.
Ережелерді бұзу деп, өндірістік-техникалық тәртіпті, тиісті кәсіпорын мен цехтардағы арнайы қауіпсіздік ережелерін бұзу танылады.
Өндірістік-техникалық тәртіпті бұзу деп, өндірістік процестерді жүргізу тәртібінен артта қалушылықты тануға болады. Мысалы, жарылыс қаупі бар заттарды белгіленген нормадан артық араластыру, өндіріс технологиясын сақтамау, жобалық құжаттамалардың талаптарын сақтамау, жұмыс орындарын ауа тазарту құралдарымен (вентиляция) қамтамасыз етпеу. Жарылғыш заттармен және жарылыс қаупі бар нәрселермен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасын сақтау талаптарының белгіленген шегінен асып кету де ележелерді бұзу деп саналады. Мысалы, шылым шегу, ұшқын шашып, тұтанатын заттарды пайдалану. Егер жарылыс қаупі бар нәрселермен және заттармен дұрыс жұмыс істей алмау салдарынан жарылыс қаупі бар кәсіпорында өрт шыға қалатын болса, онда әрекет ҚР ҚК 256-бабымен (Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу) емес, ҚР ҚК 246-бабымен сараланады.
Жарылыс қаупі бар объектілерге негізгі өндірістік қызметі жарылғыш немесе жарылыс қаупі бар заттарды пайдаланумен байланысқан жарылыс қаупі бар кәсіпорындар мен цехтар жатады.
Жарылыс қаупі бар цехтар деп, жұмысында жарылыс қаупі бар қосындылар мен қоспалар өндірілетін немесе пайдаланылатын өндірістік ғимараттар танылады.
Жарылыс қаупі бар заттар деп, жылу шығаратын және газ тәріздес өнімге айналатын тез химиялық затқа айналатын заттарды немесе олардың қоспасын тануға болады. Кез келген агрегаттық күйдеге заттар - қатты, сұйық, газ тәріздес заттар, соның ішінде суспензиялар, эмульсиялар жарылғыш заттар болуы мүмкін1.
Жарылғыш заттарға дірілдек сынапты, қорғасын тотығын, нитроглицерин, тротил, гиперселин қышқылы, перокселин дәрісін жатқызуға болады.
Заттың өзі өздігінен жарылас қаупбі бар күйге айналмайды, бірақ дегенмен кей жағдайда олр мұндай қасиеттерге де ие болады. Мысалы бензиннің қаныққан буы.
Қарастырылып отырған қылмыс құрамы адам өліміне және өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқтыру қатерін төндірген сәттен бастап, аяқталған қылмыс деп танылады.
Өзге де ауыр зардаптар деп, өрт, жарылыс, ірі материалдық шығындар әкелетін, қоршаған ортаға зиян келтіру қатерлерін тануға болады.
Қылмыстың субъектісі өзінің қызмет түріне қатысты жарылыс қаупі бар кәсіпорында жұмыс істейтін, 16 жасқа толған, есі дұрыс, жеке адам болып табылады.
Қылмыстың субъективтік жағы тура ниетпен не қауіпсіздік ережесін бұзуға қатысты абайсыздықпен, ала зардаптарға қатысты тек қана абайсыздықпен сипатталады.
ҚР ҚК 246-бабының 2-бөлігі осы қылмыстың сараланған түрі үшін қылмыстық жауаптылық көздейді. Саралаушы белгілер ҚР ҚК 245-бабының 2-бөлігіндегі сияқты кісі өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқтырған әрекеттер болып саналады.
Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу - ҚР ҚК 256-бабы
Аталған қылмыстың қоғамдық қауіптілігі өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу кезіндегі өрттің алдын алуға бағытталған талаптарды, нормалар мен стандарттарды сақтамаумен адамдардың қауіпсіздігіне қатер төнумен, тұлғалардың мүдделеріне, мүлкіне, қоғам мен мемлекетке нұқсан келумен көрінеді.
Қарастырып отырған қылмыстың объектісі қоғамдық қауіпсіздік болып табылады. Қосымша объектісі - адамдардың өмірі, денсаулығы, меншігі.
Қылмыстың объективтік жағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға жауапты адамның өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзуы, егер ол абайсызда адам денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян немесе азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтіруге әкеп соқтырған іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік) жасаумен көрінеді.
Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу деп, тұлғаларлы, меншікті және мемлекетті өрттен сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі қабылданған нормативтік актілерді орындамау немесе тиісті мәнінде орындамау болып танылады.
Заңда көрсетілген зардаптардың болуы талап етілгендіктен, бұл қылмыстың құрамы материалдық болып табылады.
Қылмыстық жауаптылықтың міндетті шарты өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу мен келтірілген зардаптардың арасындағы себепті байланыс болып табылады.
Қылмыстың субъективтік жағы кінәнің менмендік түріндегі, сол сияқты салақтық түріндегі абайсыздықпен, ала зардаптарға қатысты тек қана абайсыздық нысанымен сипатталады.
Қылмыстың субъектісі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға жауапты лауазымды адам болып табылатын немесе ондай емес, 16 жасқа толған, есі дұрыс, жеке адам болып табылады.
ҚР ҚК 256-бабының 2-бөлігі осы қылмыстың төмендегі көрсетілген сараланған түрі үшін қылмыстық жауаптылық көздейді: 1) абайсызда кісі өліміне әкеп соғуы; 2) өзге де ауыр зардаптар.
Өзге де ауыр зардаптар деп бірнеше адамның денсаулығын ауыр зиян келтіру немесе ірі материалдық шығын келтіру танылады.
Қорытынды
Еліміздің тәуелсіз,
демократиялық, құқықтық мемлекет болып
жарияланғанына он жыл болды. Осы жылдар
ішінде көптеген іс тындырылғаны мәлім.
1997 жылы шілде айының он алтыншы жұлдызында
Қазақстан Республикасы жаңа Қылмыстық
кодексі қабылданып, ол 1998 жылдың 1 қаңтарынан
бастап заңды күшіне енді.
Жаңа Қылмыстық заңның ең басты міндеттерінің
бірі - адам, қоғам, мемлекет мүддесін қорғау
болып табылады.
Қылмыстық құқық
жеке құқық саласы ретінде адамды, оның
құқықтары мен бостандықтарын, қоғамды
және мемлекетті қылмыстық қол сұғушылықтан
қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды
реттейді.
Жеке адам мен қоғам арасындағы қатынастардың
қайсысының қоғамға қауіптілік дәрежесінің
басым екендігін анықтау және оған осы
мәселеде қылмыстық құқылық шараларды
реттеу қылмыстық заңның негізгі міндеттерінің
бірі болып табылады.
Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары мемлекет арқылы қорғалады. Қазақстан Республикасының Конституциясының 2-бөлімі осы мәселеге тікелей арналған. Конституцияның 1-бабында "Ең қымбат қазына - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары", - деп жарияланған.
Осыған орай, Қазақстан Республикасындағы
барлық құқық салалары соның ішінде Қылмыстық
кодексте адамды қорғауды өзінің міндеті
деп санайды. Қазақстан Республикасының
ҚК - нің 2 - бабында адам және азаматтың
құқықтары бостандықтары мен заңды мүдделерін
қорғау ең басты міндет ретінде көрініс
тапқан. Қазақстан Республикасында барлық
заңдары жеке бостандықтарын қорғауға
әруақытта артықшылық береді.
Күнделікті өмірде қылмыс жасады қоғамдық
тәртіпті бұзды деген сөзді жиі естуге
болады. Демек, мұндай әрекет жасаушылар
білмей немесе қасақана заңдылықты, құқық
тәртібін бұзады. Соның нәтижесінде құқық
бұзушылық пайда болады. Құқық бұзушылық
дегеніміз құқыққа қарсы, қоғамға қайшы,
тұлғаға зиянды, қауіпті кінәлі деп танылып
жасалынатын әрекет немесе әрекетсіздік.
Қылмыс - бір адам арқылы емес бірнеше адамның бірігуі арқылы істелуі мүмкін. Бірнеше адамның қылмыс істеуінің нәтижесінде істелген қылмыстық мәні, одан туындайтын зиянның мөлшері де жеке дара адам істеген жауапты болатын адамдардың санын тура анықтау қажеттілігі туындайды.
Сондай-ақ бұл адамдардың жауаптыларының
негізі мен шегін, олардың әрқайсысының
бірігіп қылмыс істеудегі кінәсінің мәні
мен дәрежесіне қарай салыстыру, әрбір
қылмыскердің жеке тұлгасының ерекшеліктерін
анықтаудың маңызы зор. Қылмысқа қатысу
институты ғана осы мәселелерді анықтауға
толық мүмкіндік туғызады.
Жаңа Қылмыстық заңда қылмысқа бірігіп
қатысудың ұғымы, оған қатысушылардың
(орындаушылар, ұйымдастырушылар) жекелеген
іс-әрекет сипаттайтын белгілер және оларға
жаза тағайындаудың негізгі қағидалары,
сондай-ақ қылмысқа қатысу нысандарының
анықтамасы берілген (ҚК-тік 21-31 баптары)
.
Қоғамның әрбір мүшесінің өмір сүру жағдайының қауіпсіздігін және олардың қалыпты әрекетін, қоғамдық тәртіпті, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастарға қол сұғатын қылмыстық заңда көзделген қоғамдық қауіпті әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке карсы қылмыстар деп аталады.
Қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке карсы қылмыстарды жасағанда зиян нақты бір адамның мүддесіне емес, қоғамдық маңызды мүдделерге -- тұтастай қоғам өмірінің қауіпсіз шартты жағдайларына зиян келтіреді.
Қоғамдық қауіпсіздік дегеніміз -- азаматтардың өмірі мен денсаулығын, материалдық және өзге де құндылықтарды сақтауды қамтамасыз ету мақсатында жалпы қауіп-қатер көздерін сақтандыру саласындағы қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Қоғамдық тәртіп -- бұл адамдардың, мекемелердің, кәсіп орындардың, ұйымдардың қалыпты әлеуметтік-пайдалы қызметін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар жүйесі. Қоғамдық тәртіп құқықтық нормалар кешенімен бірге өмір сүру, адамгершіліқ әдет-ғұрып және т.б. ережелермен орнатылады.
Қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қол сұғатын барлық қылмыстарды мынадай топтарға бөлуге болады:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы.
Жеті жарғы, Алматы 1995.
2. Қазақстан Республикасының Жоғарғы
Сот Пленумының «Атыс қаруларын оқ-дәріні,
қару-жарақты немесе жарылғыш заттарды
ұрлау, оларды заңсыз алып жүру ұстау,
жасау немесе өткізу, атыс қаруларын ұқыпсыз
ұстау туралы істер жөніндегі» 1995 жылғы
25 шілдедегі № 4 Қаулысы (Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының Жаршысы, 1995, №3).
3. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот
Пленумының "Бұзақылық істер жөніндегі
сот тәжірибесі туралы" 1995 жылғы 25 шілдедегі
№ 5 қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Сот жаршысы 1995, №3)
4.Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот
Пленумының "Атыс қаруларын оқ-дәріні,
қару-жарақты немесе жарылғыш заттарды
ұрлау, сапарды заңсыз алып жүру, ұстау,
жасау немесе өткізу, атыс қаруларын ұқыпсыз
ұстау туралы істер жөніндегі 1995жылғы
25 шілдедегі № 4 Қаулысы (Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының Жаршысы 1995№3).
5.Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот
Пленумының "Бұзақылық істер жөніндегі
сот тәжірибесі туралы" 1995 жылғы 25 шілдедегі
№5 қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Сот Жаршысы 1995. №3
6. Қазақстан Республикасының Жоғарғы
Сот Пленумының «Атыс қаруларын оқ-дәріні,
қару-жарақты немесе жарылғыш заттарды
ұрлау. спарды заңсыз алып жүру, ұстау,
жасау немесе өткізу, атыс қаруларын ұқыпсыз
ұстау туралы істер жөніндегі» 1995 жылғы
25 шілдедегі № 4 Қаулысы (Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының Жаршысы, 1995, №3).
7.Қазақстан
Республикасы Жоғарғы Сот Пленумының
«Бұзақылық істер жөніндегі сот тәжірибесі
туралы» 1995 жылғы 25 шілдедегі №5 қаулысы
(Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Жаршысы
1995. №3)
8. Экстремизмге қарсы іс -қимылдар туралы
Қазақстан Республикасы Заңы 2005 ж. 18 ақпан
(қараша 2005 №5).
Информация о работе Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар ұғымы мен түрлері