Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар ұғымы мен түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Марта 2014 в 23:31, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 9-тарауы қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар үшін жауаптылықты қарастырады. Заң шығарушы бұл тарауға қылмыстың 29 құрамын егізген. «Қауіпсіздік» ұғымы әлдекімге, әлденеге қауіп-қатер төніп тұрғанын, сол сияқты қатердің жоқтығын, сақталушылықты, сенімділікті білдіреді. Демек, «қауіпсіздік» адамдар үшін жасалатын әлдебір құндылық, қажеттілік, игілік. Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 26-маусымдағы «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Заңына сәйкес, қоғамдық қауіпсіздік деп, Қазақстан азаматтарының өмірінің, денсаулығының, игілігінің, сондай-ақ қазақстандық қоғамның мүмкін деген шығын келтіретін қауіп пен қатерден қорғалу жай-күйі танылады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Прест-ия против общ.без-ти (каз.).doc

— 2.38 Мб (Скачать документ)

Ұйымдасқана құрамалардың келесі бір деңгейі біздің заңнамамыздағы жаңалық болып табылады. Ұйымдастырушыларды, басшыларды немесе ұйымдасқан қылмыстық топтардың өзге де өкілдерін біріктірудің жоспарын құрады және неғұрлым ортақ, ұйымдасқан қылмыстылық мәселелерін шешеді: салалар мен (немесе) аумағы бойынша қылмыстық қызмет шеңберін бөледі; бәсекелес қылмыстық бірлестіктермен мәміле жасасады; мұқтаж қылмыскерлер мен олардың отбасыларына көмек көрсететін ортақ касса құрады; қылмыстық кірістер мен табыстарды жария етеді; мемлекеттік билік өкілдерін сатып алады, халықаралық ұйымдасқан қылмыстылықпен байланысты реттейді және тағысын тағылар.

Ұйымдасқан қылмыстық құрама құру деп, нәтижесі осындай аталған ұйымдасқан топтар мен қауымдастықтар құру болып табылатын кез келген белсенді түрдегі мақсатты бағытталған әрекеттерді санауға болады. Бұндай әрекеттер қатысыушыларын, қару-жарақ, оқ-дәрілер, байланыс құралдарын, құжаттар, көлік және өзге де материалдық құралдарды іздестірумен, құрылымдары мен қылмыстық жоспарларды, адамдар жалдауды жоспарлаумен көрінеді.

Ұйымдасқан қылмыстық топ, қылмыстық қауымдастық құру, ұйымдастырушыларды біріктіру қандайда бір қылмыстың жоспарланғаны немесе жасалғанына қарамастан қылмыстық аяқталған құрамы болып табылады. Аталған қылмыстық құрылымдарды қалыптастыру үдерісінің өзін оларды құруға дайындық деп қарауға болады. Егер осы құрамалар нақты бір ауыр немесе аса ауыр (мысалы, адам өлтіру) жасау үшін құрғалаы жатқандығы жөніндегі дерек анықталған болса, онда адамдардыі әрекеттерін осы қылмысты жасауға дайындалу деп қана саралауға тура келеді.

Қылмыстық құрамаларға арналған басшылық ету деп, аталған құрамаларды жоспарлаумен, материалдық қаматамасыз етумен және қылмыстық қызметін ұйымдастырумен, сол сияқты оларды нақты бір қылмысқа дайындау және жасаумен байланысқан шешімдер қабылдау танылады.

Ұйымдасқан қылмыстық топқа, қылмыстық қауымдастыққа бір адам да, бірнеше адам да басшылық жасай алады.

Ұйымдасқан қылмыстық топқа нақты бір адамның басшылық еткенінй қалуы дәлелдеудің болмай қалуы ұйымдасқан қылмыстық топтың болғанын жоққа шығармайды.

Ұйымдасқан қылмыстық топ басшысыш да болуы мүмкін. Мұндайларға аз ғана қатысушысы бар өз арасынан топ бастаушыны айырықша көрсетпей-ақ, қылмыстық қызмет мәселелерін бірлесіп шешетін, әдетте жасалған қылмысқа қатысушылар болып танылатын ұйымдасқан қылмыстық топтар жатады.

Қылмыстық қауымдастыққа немесе ұйымдастырушылар, басшылар бірлестігіне қатысу және басқалары көрсетілген қылмыстық құрылымдарға кірумен, қаржыландаруға, қарумен, көлікпен қамтамасыз етуге, объектілер іздестіруге, ақпараттармен жабдықтауға және басқаларға, сондай-ақ тікелей жоспарланған қылмыстарды жасауға бағытталған әрекеттермен көрінеді.

Қылмыстық қауымдастыққа қатысу қылмыстың аяқталған құрамы деп, адым өзінің қылмыстық қауымдастық қызметінің сипаты туралы білген сәттен және жасақан қылмыстарға қатысқан-қатыспағанына қарамастан, оған қатысуға (мүше болуға) келісімін берген сәттен бастап саналады.

ҚР ҚК 31-бабының 5-бөлігінің талаптарына қарай, ұйымдасқан топты немесе қылмыстық сыбайластықты (қылмыстық ұйымды) құрған не оларға басшылық еткен адам, ҚР ҚК 235-бабының 1 немесе 2-бөліктері бойынша, сондай-ақ Ерекше бөлімінің тиісті баптарында көзделген жағдайларда оларды ұйымдастырғаны және оларға басшылық еткені, сондай-ақ қылмыстар оның қаскүнемдік ниетімен қамтылса, ұйымдасқан топ немесе қылмыстық сыбайластық (қылмыстық ұйым) жасаған барлық қылмыс үшін қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс. Сонымен бірге ҚР ҚК Ерекеше бөлімінің тиісті бабы бойынша саралау ұйымдастырушы «басшы) бір мезгілде қылмысты қоса орындаушы болған басқа жағдайда ҚР ҚК 28-бабына сілтеме жасай отырып жүзеге асырылады.

Қылмыстық қауымдастықпен бірге жасалаған қылмыстарға тікелей қатысқан ұйымдастырушының немесе басқарушының әрекеті ҚР ҚК 235-бабының 3-бөлігі бойынша қосымша саралауға жатпайды.

Ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысудың өзі ғана өздігінен қылмыстық жауаптылыққа тартылмайтындықтан ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысушылардың әрекеттері ҚР ҚК баптарының тиісті өздері қатысқан қылмысты дайындағаны немесе жасағаны үшін жауаптылық көздейтін тиісті бөліктері бойынша саралауға жатады.

Қылмыстық қауымдастықпен жасалған қылмысқа қатысқан адам ҚР ҚК 235-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық қауымдастықпен жасалатын қылмысқа қатысушы болып табылатынын ұғынған жағдайда жауаптылыққа тартылады. Адамның қылмыстық құрылым жайында хабарсыз болған жағдайында, ол өзі қатысқан қылмыс үшін ғана жауаптылыққа тартылады.

Қылмыс қылмыстық құрамаға шын мәнінде басшылық еткенде, сондай-ақ қылмыстық құрамының қылмыс жасауға дайындығына қатысқан сәтінен аяқталған деп танылады.

Субъективтік жағынан әрекеткінәнің тура ниетімен сипатталады, яғни кінәлі адам өзінің ұйымдасқан қылмыстық топты құру, сол сияқты оны басқару жөніндегі әрекетінің сиаптын ұғынады, соның нәтижесінде қылмыстық құрамының қызмет жүргізетінін болжап біледі және соның болуын қалайды.

Субъектісі - 16 жасқа толған, есі дұрыс, жеке адам.

Қарастырып отырған қылмыс үшін заң шығарушымен қарастырылған жалғыз ғана белгі - ол жоғарыда аталған қылмыстық әрекеттерді қызмет бабын пайдалана отырып жасау: Әртүрлі шендегі және деңгейдегі лауазымды адамдар өздерінің қызметтік жағдайларын пайдалануы мүмкін және мұндай әрекетпен әшкереленіп қалудан қорықпай-ақ айналасады, өйткені олардың қылмыстық әрекеттерінің ізін жасыру, қылмыстық табыстарын заңдадастыру және басқа да жағдайлар жасау мүмкіндігі көбірек. Бұл әрине олардың заң шығарушы ескергеніндей, олардың жасайтын әрекеттерінің қоғамдық қауіптілік дәрежесін көтере түседі.

 

Заңсыз әскерилендірілген құраманы ұйымдастыру -

ҚР ҚК 236-бабы

 

Мелекеттегі билік органдарының бақылаынан тыс қызмет жасайтын қарулы құрамалардың тым жоғары қоғамдық қауіптілігі олардың түрлі билік буындары мен деңгейлерінің арасындағы тұрақтылық пен тепе-теңдікті бұзумен көрінеді. Мемлекеттік құрылыс пен билік мәселелерін қонституциялық емес жолдармен, күштеп шешу қатері туындайды, ал тұлғаларға зиян келтіру, адамдар өліміне туғызатыын елеулі материалдық шығын келтіру мүмкіндігі жоғары саны айтарлықтай қаруланған адамдардың бақылаусыз әрекеттері қоғамда әлеуметтік алаңдаушылық пен қобалжушылық турдырады.

Бұл қылмыстың объектісі қоғамдық қауіпсіздік болып табылады.

Объективтік жағы заңсыз әскерилендірілген құрама (бірлестік, отряд, жасақ немесе өзге де топ) құру, сол сияқты ондай құраманы басқару сияқты әрекеттерді орындаумен көрінеді. Бұл қылмыстың негізгі белгісі әскерилендірілген құраманың заңсыздығы болып табылады. Құраманың заңсыздығы мұндай құрамалардың құрылуының нормативтік актілерімен реттелмегендігінде. Қазақстан Республикасының Конституциясы 5-бабының 3-тармағының негізінде заңдарда көзделмеген әскерилендірілген ќұрамалар ќұруға тыйым салынады. заңды әскерилендірілген ќұрамалар қатарына, мысалы, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, ұлттық қауіпсіздік органдары, ішкі істер органдары, кеден органдары және осы сияқты басқалар жатады.

Заңсыз әскерилендірілген ќұрамалар деп осында құрамалар жасақтауға бағытталған әрекеттер танылады. Оларға мыналарды жатқызуға болады: құрамаға қатысушыларды іріктеу, олардың орналасатын жерін анықтау, қару-жарақпен, арнайы киіммен, көлікпен, байланыспен қамтамасыз ету, атқаратын міндеттерін бөлу, басқарушы және әмірші құрамды анықтау, қараманы әскери бөлімдерге бөлу, құрамының мақсаты мен міндеттерін белгілеу.

Заңсыз әскерилендірілген ќұрамаларға басшылық ету деп, заңсыз жолмен құрылған құрамаға басқару танылады. Басшылық қызмет ету ұйымдастыру, бөлімшелердің арасындағы өзара әрекеттестікті қамтамасыз ету, құрнамының мақсатқа жетуі мен міндеттерді орындау жөніндегі бұйрықтар мен өкімдер беру, сондай-ақ оларды орындалуына бақылау жасау арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

Бұл қылмыстың құрамы қысқартылған болуы мүмкін. Қылмыстық әрекеттің аяқталу сәті дайындалу кезеңіне ауыстырылған.

Қылмыстың субъективтік жағы тура ниетті нысандағы кінәнің қасақаналық түрімен сипатталады. Кінәлі адам заңсыз әскерилендірілген құрама құрып, сол сияқты ондай құраманы басқарып отырғанын ұғына біледі, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болатындығын немесе болмай қоймайтындығын болжай біледі және соның болуын қалайды.

Бұл қылмыстың субъектісі 16 жасқа толған, есі дұрыс, жеке адам болып табылады. Сонымен бірге ол заңсыз әскерилендірілген құраманы не ұйымдастырушысы не бюасқарушысы да болуы мүмкін.

ҚР ҚК 236-бабының 2-бөлігі заңсыз әскерилендірілген құрамаға (бірлестік, отрядқа, жасаққа немесе өзге де топқа) қатысқаны үшін қылмыстық жауаптылық қарастырады. Қатысу деп, кінәлі адамның заңсыз әскерилендірілген құраманың қызмет етуіне бағытталған әрекеттерді жасауы танылады. Мұндай әрекеттерге ішкі кезекшілік, күзет және басқа да қызметтерін атқаруды жатқызуға болады.

ҚР ҚК 236-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстың субъективтік жағы кінәнің қасақаналық нысанымен және тек қана тура ниетімен сипатталады. Кінәлі адам заңсыз құрама қызметіне қатысатындығын ұғынады.

Қылмыстың субъектісі 16 жасқа толған, есі дұрыс, жеке адам болып табылады. Сонымен бірге ол заңсыз әскерилендірілген құраманың қатардағы ғана мүшесі болуы тиіс.

ҚР ҚК 236-бабының ескертуі негізінде заңсыз әскери құрамаға қатысуын ерікті түрде тоқтатқан және қаруы мен әскери жабдығын тапсырған адам, егер оның іс-әрекеттерінде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауапкершіліктен босатылады

 

Бандитизм - ҚР ҚК 237-бабы

 

Бұл қылмыстың қоғамдық қауіптілігі бандиттік құраманың әрекеттері азаматтардың, бойында қорғансыздық, қорқыныш сезімін тудырады, олардың заңды мүдделеріне қатер төндіреді, мемлекеттік, қоғамдық және өзге де институттардың  қалыпты жұмысына ыңғайсыздық тудырады, мұның бәрі сайыр келгенде қоғамның психологиялық тұрақтылығына және оның қызметіне берекесіздік жағдай туғызады.

Бандитизмнің объектісі қоғамдық қауіпсіздік, қосымша объектісі тұлға болып табылады.

Бандитизмнің объективтік жағы тұрақты қаруланған банда құрумен (ҚР ҚК 237-б. 1-бөл.); банданы басқару (ҚР ҚК 237-б. 1-бөл.); бандаға қатысумен (ҚР ҚК 237-б. 2-бөл.); банда жасаған шабуылдарға қатысумен (ҚР ҚК 237-б. 2-бөл.) көрінеді.

Банда деп, жекелеген азматтарға немесе ұйымға шабуыл жасау үшін алдын ала біріккен, екі немесе одан да көп адамдар тұратын тұрақты, қаруланған топ деп тануға болады. Банда жекелеген азаматтарға немесе ұйымға шабуыл жасау үшін құрылуына және қылмыстық мақсаты болуына байланысты ұйымдасқан қылмыстық топтан ерекшелікте болады. Банда - бұл төмендегі де белгілер тән ұйымдасқан қылмыстық бірлестіктің нақты бір нысаны:

1) екі немесе одан көп адам қатысуы;

2) тұрақтылық;

3) қарулануы;

4) азаматтарға немесе ұйымға шабуыл жасау мақсатының болуы.

Екі немесе одан да көп адамның қатысу белгісі банда деп танылуы үшін ондағы екі адамның біреуінің жасы 16-ға толған болуы керек, ал үшіншісі мен қалғандары 13, 14, 15 жаста болса да жеткілікті.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының 2001 жылғы 21-маусымдағы «Соттардың бандитизм және басқа да қатысумен жасалған қылмыстар үшін жауаптылық туралы заңнамаларды қолдануының кейбір мәселелері туралы» №2 нормативті қаулысының түсіндірмесіне сәйкес, банданың тұрақтылығына әсіресе оның орнықтылғы, оның мүшелерінің арасындағы тығыз өзара байланыс, олардың әрекеттерінің келісімділігі, қылмыстық қызмет нысандары мен әдістерінің бірқалыптылығы, оның ұзақ уақыт әрекет етуі куә болғандай.

Банда өте мұқият әзірлікті талап ететін бір ғана қылмыс жасау үшін құрылуы мүмкін.

Банданың міндетті белгісі оның мүшелерінде оқ-дәрімен аталатын немесе қолдан немесе зауытта жасалған суық қару, сондай газды және қысымды қарулармен қаруланғандығы. Бандалардың шабуыл жасау кезіндегі мүшелерінің пайдаланған заттарын пайдаланған заттарын қару деп тану үшін Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30-желтоқсандағы «Қарулардың жекелеген түрлерінің айналысын мемлекеттік бақылау туралы» №339-1 Заңының ережелерін басшылыққа алу керек. Қаруланғандық кем дегенде банданың бір мүшесінің қару ұстауымен және ол жөнінде басқа мүшелерінің хабардар болуымен анықталады. Қажет болған жағдайда пайдаланылған заттардың қаруға жататындығы анықтау үшін арнайы сараптама тағайындауға тура келеді. ҚР ҚК 237-бабы бойынша саралау үшін қарудың соғыс қаруына, қызметтік, азаматтық, суық қаруға немесе оқ-дәрімен атылатын қаруға жататындығы, сондай-ақ банда мүшелерінің бәрінің қаруланған немесе қаруланбаған мән-жайларының мәні қажет емес.

Қаруланғандық банданың міндетті белгілерінің бірі болғандықтан, онда ұйымдастырушының, басшының немесе бандаға қатысушының банданы ұйымдастаруға және оның одан әрі іс-әрекеттер жасауына қатысы бар қаруларды, оқ-дәрілерді, жаралғаш заттар пен жарғыш қондырғыларды заңсыз айналысқа салу сияқты мұндай әрекеттері банданың міндетті белгісі - оның қаруланғандығымен қамтылатын болғандықтан ҚР ҚК 251-бабы бойынша қосымша саралауға жатпайды.

Бандаға қатысушының өзге де мақсаттар үшін заңсыз қару айналысымен байланысқан әрекет жасауын (мысалы, қару сату, қару ұрлау) ҚР ҚК 237-бабында қарастырылған қылмыстардың жиынтығымен және Ерекше бөлімнің тиісті баптарымен саралауға болады.

Тұрақты қарулы топ (банда) құру деп нәтижесі іс жүзінде осындай топ құру (банда) құруға кез-келген белсенді мақсаттылықпен бағытталған әрекет жасау танылады. Бұл әрекеттер қатысушылар, қару-жарақ, оқ-дәрі, байланыс құралдарын, құжаттар, көлік және өзге де материалдық жабдықтарын іздестірумен, құрылымдар мен қылмыстық жоспарлар жасау, адамдар жалдау арқылы көрінуі мүмкін. Тұрақты қарулы топ (банда) құру оның қандайда бір қылмыстың жоспарланғанына немесе жасалғанына қарамастан қылмыстық аяқталған құрамы деп танылады. Аталған қылмыстық құрылымның қалыптасу процесінің өзін оны құруға дайындық деп түсіну керек.

Информация о работе Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар ұғымы мен түрлері