Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар ұғымы мен түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Марта 2014 в 23:31, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 9-тарауы қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар үшін жауаптылықты қарастырады. Заң шығарушы бұл тарауға қылмыстың 29 құрамын егізген. «Қауіпсіздік» ұғымы әлдекімге, әлденеге қауіп-қатер төніп тұрғанын, сол сияқты қатердің жоқтығын, сақталушылықты, сенімділікті білдіреді. Демек, «қауіпсіздік» адамдар үшін жасалатын әлдебір құндылық, қажеттілік, игілік. Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 26-маусымдағы «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Заңына сәйкес, қоғамдық қауіпсіздік деп, Қазақстан азаматтарының өмірінің, денсаулығының, игілігінің, сондай-ақ қазақстандық қоғамның мүмкін деген шығын келтіретін қауіп пен қатерден қорғалу жай-күйі танылады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Прест-ия против общ.без-ти (каз.).doc

— 2.38 Мб (Скачать документ)

 

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау -

ҚР ҚК 242-бабы

 

«Терроризм актісі - бұл адамдардың қырылу қаупін тудыратын, елеулі мүліктік шығын келтіретін не қоғамдық қауіпті зардаптар тудыратын, егер бұл әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру не Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының, шет мемлекеттердің немесе халықаралық ұйымдардың шешімдер қабылдауына ықпал етумен жасалған болса, жарылыс, өртеу немесе өзге де әрекеттер жасау немесе жасаумен қорқыту, сондай-ақ осындай мақсатта мемлекеттік немесе саяси қызметтерін тоқтату үшін адамның, сол сияқты мемлекеттік немесе қоғамдық қайраткердің өміріне қол сұғу».

Талданып отырған қылмыстың қоғамдық қауіптілігі терроризм актісі дайындалып жатыр деп көрінеу жалған хабарлау нәтижесінде халықтың арасында үрей мен алаңдатушылық тудып, жарылғыш заттарды іздеп табу мен залалсыздандыру үшін көп адамдардың уақытының босқа кетуімен көрінеді. Сондықтан қарастырып отырған қылмыстың объектісі қоғамдық қауіпсіздік болып табылады. Қосымша объектісі басқарудың белгіленген тәртібі болып табылады.

Осы қылмыстың тікелей объектісі қоғамдық қауіпсіздік болып табылады. Қосымша объектісі басқарудың белгіленген тәртібі, мекемелердің, кәсіпорындар мен ұйымдардың қалыпты қызметі болып табылады.

Қарастырып отырған қылмыстың объективтік жағы дайындалып жатқан терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлаумен көрінеді. Жалған хабарлау деп шындыққа жанаспайтын хабар танылады. Жалған хабарлау ауызша, жазбаша, техникалық құралдар және басқалар арқылы таратылуы мүмкін. Жалған хабарлау ұйымдарға, мекемелерге не лауазымды адамдарға терроризм актісі туралы сенетіндей, халықтардың, жекелеген азаматтардың арасында абыржушылық, үрей, тәртіпсіздік және басқа да жағдайлар тудыратындай таратылады.

Қылмыстың субъективтік жағы кінәнің қасақаналық нысанымен және тек қана тура ниетімен сипатталады. Субъективтік жағының негізгі белгісі хабардың өзінің көрінеу жалғандығы болып табылады. Сондықтан, егер адам арты не боларын білмегендіктен хабарлап қойған болса, онда оған қатысты осы бап бойынша қылмыстық жауаптылық қарастырылмайды.

Қылмыстың субъектісі 14 жасқа толған, есі дұрыс, жеке адам болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Қауіпсіздіктің арнайы ережелерін бұзумен

байланысқан қылмыстар.

 

Жаппай зақымдау қаруын, қару-жарақ және әскери

техника жасау кезінде пайдаланылатын технологияларды,

ғылыми-техникалық ақпаратты және қызметтерді заңсыз

экспорттау - ҚР ҚК 243-бабы.

 

 

Бұл қылмыстың қоғамдық қауіптілігі сонда, осы қылмысты жасау кезінде қоғамдық қауіпсіздікке зиян келтіріледі, мемлекеттік мүдделерге нұқсан келтіріледі, сондай-ақ елдің қорғаныс қабілетіне, халықаралық қауіпсіздікке қатер төнеді.

Қылмыстың объектісі жаппай қырып жоятын қаруларды, қару-жарақтар мен әскери техникаларды өндіруге, таратуға, орналастыруға бақылау саласындағы қоғамдық қауіпсіздік болып табылады.

Қылмыстың пәні жаппай зақымдау қаруын, олардың жеткізу құралдарын, қару-жарақ және әскери техниканы жасау кезінде пайдаланылуы мүмкін технологиялар, ғылыми-техникалық ақпараттар және қызметтер болып табылады.

Қылмыстың объективтік жағы жаппай зақымдау қаруын, олардың жеткізу құралдарын, қару жарақ және әскери техниканы жасау кезінде пайдаланылуы мүмкін және арнайы экспорттық бақылау орнатылған технологияларды, ғылыми-техникалық ақпаратты және қызмет көрсетулерді заңсыз экспорттаумен байланысқан әрекеттер жасаумен сипатталады.

Заңсыз экспорттау деп, технологияларын, ғылыми-техникалық ақпаратты шекарадан тыс шығаруға және шетелдерде жаппай зақымдау қаруын, олардың жеткізу құралдарын, қару-жарақ және әскери техниканы жасау қызметін көрсетумен немесе осындай тауарларды сыртқа шығаруды реттейтін арнаулы ережелерді бұза отырып шекарадан тыс жерге қару-жарақ пен әскери техникаларды шығаруға байланысты нормативтік актілерге қайшы келетін әрекеттер жасау танылады.

Жаппай зақымдау қаруы деп, соны пайдалану нәтижесінде көп адамдардың өліміне әкеп соқтыратын қару түрлері танылады. Оларға мыналар жатады: ядролық, термоядролық, химиялық, биологиялық, нейтронды және сол сияқты қарулар.

Жаппай зақымдау қаруын жеткізу құралдары деп, жаппай зақымдау қаруларын нысанаға дейін жеткізуді қамтамасыз ететін механизмдер мен жүйелер танылады. Оларға жаппай зақымдау қаруларын ұшыратын зымыран кешендері, нысаналау құралдары, басқару құралдары, арнайы көлік құралдары және басқалары жатады.

Қару-жарақ және әскери техника деп соғыс әрекеттерін жүргізуге арналған механизмдер танылады. Оларға: зеңбіректерді, зымыран кешендерін, минаметтер, жаппай оқ ататын жүйелерді, танктерді. БТР, БМП, БМД сияқты және басқа да техникаларды жатқызуға болады.

Қылмыс заңсыз экспорттау жасалған сәтінен аяқталған деп танылады және ол формальды құрамды қылмыс болып табылады.

Қылмыстың субъективтік жағы кінәнің қасақаналық нысанымен және тек қана тура ниетімен сипатталады.Кінәлі адам өз әрекеттінің қоғамдық қауіптілігін ұғынады және оның жасалғанын қалайды..

Қылмыстың субъектісі 16 жасқа толған, есі дұрыс, жеке адам болып табылады.

 

Атом энергетикасы объектілерінде қауіпсіздік ережелерін

бұзу - ҚР ҚК 244-бабы.

 

Баршаға мәлім, Жер ғаламшары ХХ ғасырдың екінші жартысында мүлдем жаңаша энергетикалық стадияға енді. Соған орай, жердің ядролық қорларын пайдалануға жауапкершілікпен қарау талап етіледі, өйткені кез келген қателік, салақтық, одан қалды арам ниет тіпті бүкіл ғаламшардың экологиясын орны толмастай алапат апатқа тіреп, сан жетпес адам шығынына әкеп соқтыруы мүмкін.

Атом энергетикасының дамуына, бейбіт және қорғаныс мақсатында атом энергиясын пайдалануға, медицинада, өнеркәсіп пен ауыл шарауашылығында иондалған сәуле көздерін қолдануға байланысты мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін құрайтын маңыздылардың бірі ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып қалуда.

Сонымен бірге әрбір азамат шарауашылықтық және өзге де қызметтің салдарынан туындаған апаттар, зіл-залалардан туындаған қоршаған табиғи ортаның қолайсыз ықпалдарынан денсаулықтарын қорғауға құқылы.

Бұл қылмыстың қоғамдық қауіптілігі атом энергетикасы объектілерін орналастыру, жобалау, салу, жөндеу немесе пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу, егер ол кісі өліміне немесе қоршаған ортаның радиоактивтік зақымдануына әкеп соқтыру мүмкіндігінен көрінеді.

Бұл қылмыстың объектісі қоғамдық қауіпсіздік болып табылады. Қосымша объекті ретінде адамдардың өмірін, денсаулығын. Қалыпты дамуын санауға болады.

Қылмыстың объективтік жағы атом энергетикасы объектілерін орналастыру, жобалау, салу, жөндеу немесе пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу, егер ол кісі өліміне немесе қоршаған ортаның радиоактивтік зақымдануына әкеп соқтыруы мүмкін болуымен көрінеді.

Қауіпсіздік ережесі ең алдымен қауіпсіз режимде жұмыс істеуге болатын, яғни қалың халық тұратын аудандардан алшақтау, сейсмикалық тыныш аймақтағы жерлердегі атом энергиясын өндіріп шығаратын тұрақты құрылыстарды орналастыру тәртібін реттейді. Олардың орналастырылуы жергілікті халықтың келісіміне байланысты жергілікті билік органдарымен келісілген болуы керек.

Бұл талаптардың барлығы басқа да кезеңдерде орындалуы тиіс. Жобалау кезінде барлық құрылыстық құрастырмалар кездейсоқ оқиғаларға төтеп бере алатындай берік болуы; радикоактивтік улану мүмкін жерлерді залалсыздандыру жағы қарастырылады. Атом реакторларының құрылысын салу мен жұмыс істейтінін пайдалану ондағы жұмыс істейтіндер мен басқалардың радиоактивті зақымдану қауіпсіздігін мейілінше қамтамасыз ететіндей болуы тиіс. Осы аталған операциялардың барлығы атом энергиясын пайдалану туралы нормативтік актілермен айқын реттелген болуы керек.

Атом энергетикасы - бейбіт және қорғаныс мақсатында атом (ядро) энергиясын пайдаланатын энергетика саласы. Атом энергетикасының негізін атом электрстанциялары (АЭС) құрайды. АЭС-тағы энергия көзі бағынышты тізбекті реакция арқылы жүргізілетін атом реакторы болып танылады. Энергетика объектілері ядролық қондырғылар, радиациялық қайнар-көздер және ядролық материалдар мен радиоактивті қалдықтарды сақтайтын орындар болып табылады.

Орналастыру деп, атом энергетика объектісін белгілі бір орынға орнату танылады.

Жобалау деп, атом энергетикасының сызбаларын, үлгілерін, жобалау-сметалық құжаттамаларын дайындауды айтуға болады.

Құрылысын салу деп, атом энергетикасы объектісін көтеру мен жабдықтарын құрастыру танылады. Жөндеу деп атом энергетикасы объектісіндегі ақауларды қалпына келтіру танылады.

Пайдалану деп, атом энергетикасы объектісінің белгіленген технологиялық режимде жұмыс істетуін тануға болады.

Қылмыс адамдар өліміне әкеп соқтыратын немесе қоршаған ортаны радиоактивті зақымдау қатерін төндіру кезінен бастап аяқталған деп саналады.

Қоршаған ортаны радиоактивті зақымдау әдетте радиациялық апаттардың, яғни қондырғылардың ақаулығынан, табиғат апатының немесе өзге де себептердің салдарынан сәулелерді иондаушы көздерді басқарудан айрылып қалу нәтижесінде болады.

Қылмыстың субъективтік жағы жанама ниеттегі кінәнің қасақаналық нысанымен не кінәнің менмендік немесе салақтық түріндегі абайсыздық нысанымен сипатталады. Бұл жерде кінәлі адам аталған зардаптардың болу мүмкіндігін болжап білуі тиіс.

Қылмыстың субъектісі атом энергетикасы саласындағы қауіпсіздік ережелерінің сақталуына қатысы бар лауазымды, сол сияқты басқа да адамдар болуы мүмкін.

ҚР ҚК 244-бабының 2-бөлігі абайсызда кісі өліміне немесе қоршаған ортаның радиоактивтік зақымдануына немесе өзге ауыр зардаптарға әкеп соқтырған әрекеттермен сипатталатын қылмыстың сараланған құрамы үшін жауаптылық қарастырады.

Қоршаған ортаны радиоактивтік зақымдау деп, жердің, судың, ауаның радиациялық реңін белгіленген шамадан елеулі мөлшерден асырып жіберу танылады.

Өзге ауыр зардаптар деп, абайсызда көп аданың денсаулығына зиян келтіру, ірі көлемде материалдық шығынға әкеп соқтыру, ұйымның, кәсіпорынның, мекемелердің қызметін бұзу, апаттық және төтенше жағдайлар туғызу және басқа жағдайлар танылады.

ҚР ҚК 244-бабының 2-бөлігінің субъективтік жағы кінәнің абайсыздық нысанымен сипатталады.

 

 

Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде

қауіпсіздік ережелерін бұзу ҚР ҚК 245-бабы

 

Бұл қылмыстың қоғамдық қауіптілігі тау-кен және құрылыс жұмыстарын жүргізгенде қауіпсіздік ережелерін бұзу көп адамның өліміне, тау кен және құрылыс жұмыстары қауіпті өндіріске жататын болғандықтан ірі материалдық шығындарға әкеп соқтырумен көрінеді.

Қылмыстың объектісі тау-кен өндірісі мен құрылыс жұмыстары саласындағы қоғамдық қауіпсіздік болып табылады. Қосымша объектісі адамдардың өмірі, денсаулығы, меншігі.

Қылмыстың объективтік жағы тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізгенде қауіпсіздік ережелерін бұзумен және оның абайсызда адам денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіруге әкеп соқтырумен көрінеді.

Бұл қылмыстың құрамы құрылысы жағынан -- материалдық. Бұл дегенміз қылмысабайсызда адам денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтірген сәттен аяқталған деп саналатынын көрсетеді.

Қылмыстың міндетті белгісі ережелерді бұзу мен аталған зардаптардың болуының арасындағы себепті байланыстар болып табылады.

ҚР ҚК 245-бабының диспозициясы бланкеттік. Қылмыстық әрекеттің нақты белгілерін анықтау үшін тау-кен және құрылыс жұмыстарын жүргізу кезіндегі арнайы қауіпсіздік ережелеріне жүгіну керек.

Жұмыс жүргізудегі қауіпсіздік ережелері деп, түрлі объектілерді зиянсыз орналастыру, жобалау, көтеру, құрастыру, жөндеу және пайдалану мәселелерін реттейтін нормативтік актілер танылады.

Тау-кен жұмыстары деп, шахталар мен ашық карьерлер құрылысы, қайта жарақтандыру мен пайдалану жөніндегі жұмыс кешендерін, кен жыныстарын алу, оларды тасымалдау, барлық бұрғылау жұмыстары, мұнай мен газ өндіру жөніндегі бұрғылау қондырғыларының пайдалану қауіпсіздігіне байланысты жұмыстарды тануға болады.

Құрылыс жұмыстары деп, өнеркәсіп, ауыл шаруашылық құрылыстары, тұрғын және әкімшілік үйлері мен ғимараттарын салу мен қайта жарақтандыру жөніндегі жұмыстардың кешені танылады. Құрылыс жұмыстарына саз-балшық, тас, бетон, құрастыру және бұзу жұмыстары, изоляциялау, электр құрастыру, әрлеу, санитариялық-техникалық, арту-түсіру және құралыс алаңдарында өндіретін, сондай-ақ құрылыс алаңынан тыс, байланыс, электр, коммуникация тораптарын жөндеу мен тарту жұмыстары жатады.

Тау-кен жұмыстарын жүргізудің қауіпсіздік ережелерін бұзу забойларды желдеткіштермен қатамтамасыз етпеумен, лаваларды құрыс тіремеумен, құлаған жерлерді қоршаудың жоқтығымен көрінеді.

Құрылыс жұмыстарын жүргізудегі қауіпсіздік ережелерін бұзу құрылыс технологиларын бұзумен, құрылыс материалдарын дайындаудың сапасын сақтамаумен (мысалы бетон, қалауға арналған лайды әзірлеуде), құрылыс жұмыстарын тиісті жобалаусыз жүргізумен, құрылыс объектілерінде қауіпсіздік техникасын сақтамаумен (құрылыс алаңдарының дұрыс қоршалмауы), жұмыс орындарын қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етпеумен көрінуі мүмкін.

Информация о работе Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар ұғымы мен түрлері