Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар ұғымы мен түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Марта 2014 в 23:31, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 9-тарауы қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар үшін жауаптылықты қарастырады. Заң шығарушы бұл тарауға қылмыстың 29 құрамын егізген. «Қауіпсіздік» ұғымы әлдекімге, әлденеге қауіп-қатер төніп тұрғанын, сол сияқты қатердің жоқтығын, сақталушылықты, сенімділікті білдіреді. Демек, «қауіпсіздік» адамдар үшін жасалатын әлдебір құндылық, қажеттілік, игілік. Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 26-маусымдағы «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Заңына сәйкес, қоғамдық қауіпсіздік деп, Қазақстан азаматтарының өмірінің, денсаулығының, игілігінің, сондай-ақ қазақстандық қоғамның мүмкін деген шығын келтіретін қауіп пен қатерден қорғалу жай-күйі танылады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Прест-ия против общ.без-ти (каз.).doc

— 2.38 Мб (Скачать документ)

Айдап әкету деп, күш көрсетусіз немесе күш көрсетумен, жәбірленушінің өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті емес заңсыз жолмен кемелерді немесе составты тұрған жерінен алып кету танылады. Айдап кету кінәлінің таңдаған жолымен жүре бастаған кезінен аяқталған қылмыс деп танылады.

Басып алу деп, күш көрсетусіз немесе күш көрсетумен, жәбірленушінің өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті емес заңсыз жолмен кемелерді немесе составты жүріп бара жатқан жерінен иеленіп ұстап алу танылады.

Бұл қылмыстың субъективтік жағы тек қана кінәнің тура ниеттегі түрімен және қасақаналық нысанымен сипатталады. Әуе немесе су көлігін не жылжымалы темір жол составын, басып алу мақсаты оларды айдап әкету болып табылады

Қылмыстың субъектісі 16 жасқа толған, есі дұрыс, жеке адам болып табылады.

ҚР ҚК 239-бабының 2-бөлігі әуе немесе су көлігін не жылжымалы темір жол составын айдап әкету мен басып алу ретіндегі сараланған қылмыс үшін төмендегідей мән-жайларда қылмыстық жауаптылққа тартылатынын қарастырады:

а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;

б) бірнеше рет;

в) өмірге немесе денсаулыққа қауіпті күш қолданып немесе осындай күш қолданамын деп қорқыта отырып;

г) қару немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолдана отырып жасау.

Әуе немесе су көлігін не жылжымалы темір жол составын айдап әкету, сол сияқты осындай көлік пен құрамды айдап әкету, егер қылмысқа қатысушылар арасында осы жөнінде күні бұрын сөз байласқан болса, адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жаслған деп танылады (ҚР ҚК 31-б. 2-бөл.).

Егер бұрын әуе немесе су көлігін не жылжымалы темір жол составын айдап әкету, сол сияқты осындай көлік пен құрамды айдап әкету мақсатында басып алу әрекетін жасаған және мұндай қылмыс үшін кінәлілер қылмыстық жауаптылыққа тартылып одан босатылмаған болса, не осындай қылмысы үшін соттылығы алынып тасталмаған немесе жойылмаған болса, не осындай әрекеті үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мерзімі ескірмеген болса, әуе немесе су көлігін не жылжымалы темір жол составын айдап әкету, сол сияқты осындай көлік пен құрамды айдап әкету мақсатында басып алу бірнеше рет болды деп саналады.

Өмірге немесе денсаулыққа қауіпті күш қолдана отырып жасау деп, жәбірленушіге жеңіл, орташа ауырлықтағы немесе ауыр зиян келтіруді тануға болады.

Қорқыту осындай күш қолданамын деп сескендірумен көрінеді.

Қару қолдана отырып жасау деп, әуе немесе су көлігін не жылжымалы темір жол составын айдап әкету, сол сияқты осындай көлік пен құрамды айдап әкету мақсатында басып алу кезінде адамдардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіру үшін іс жүзіндегі қару пайдалану танылады. Бұл құрамдағы қару деп оқпен аталатын қаруларды да суық қаруды да тануға болады.

Қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолдана

Қару ретінде пайдаланылатын басқа заттар деп, адамның денсаулығына зиян келтіретін кез келген заттар танылуы мүмкін. Оларға тұрымыстық шарауашылыққа арналған құрал-саймандарды, мысалы, балта, шалғы, айыр, пышақ, күрек, темір шыбықтар, құбыр-түтіктер, таяқтар және басқалар жатады.

ҚР ҚК 239-бабының 3-бөлігі осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер оларды ұйымдасқан топ жасаса немесе абайсызда кісі өліміне немесе өзге ауыр зардаптарға әкеп соқтырған жағдайдағы қылмыстық жауаптылықты көздейді.

Ұйымдасқан топ ұғымының анықтамасы ҚР ҚК 31-бабының 3-бөлігінде беріліп, ондай былай делінеді: «Егер қылмысқа бірлесіп жасау туралы күні бұрын уағдаласқан адамдар қатысса, ол адамдар тобы алдын ала сөз байласып жасаған қылмыс деп танылады».

Әуе немесе су көлігін не жылжымалы темір жол составын айдап әкету, сол сияқты осындай көлік пен құрамды айдап әкету мақсатында басып алу кезіндегі адам өліміне әкеп соқтырған оқиғаны заң шығарушы кінәнің абайсыздықта жасалған түріне жатқызады.

Өзге де ауыр зардаптар деп, ірі материалдық зиян келтіруді, халықаралық шиеленіс тудырыуды және адамдардың өміріне зиян келтіруді тануға болады.

Абайсыздықта кісі өліміне немесе өзге де ауыр зардаптар келтірген бұл қылмыстың субъективтік жағы кінәнің қосарланған нысаны - әрекетке қатысты ниетпен (айдап әкету немесе басып алу) және зардаптарға қатысты абайсыздықпен сипатталады. Жалпы бұл қылмыс қасақаналықпен жасалады деп танылады.

 

Теңіз қарақшылығы - ҚР ҚК 240-бабы.

 

Теңіз қарақшылығы (гректің peirates - қарақшы, тонаушы деген сөзінен шыққан) халықаралық құқықта - жеке меншік немесе мемлекеттік кемелермен ашық теңізде басқа кемелерді заңсыз басып алу, тонау немесе батырып жіберу.

Теңіз қарақшылығының қоғамдық қауіптілігі теңіз немесе өзен кемелеріне шабуыл жасау кеме қатынасы ережелерін бұзып және кемелердің бір-біоімен соқтығысып қалуымен, олардың батып кетуімен, адамдар өлімімен және экипаж мүшелері мен жолаушылардың денсаулықтарына, кемедегі жүктер мен материалдық құндылықтардың сақталуына қатер төндірумен көрінеді.

Теңіз қарақшылығы үшін қылмыстық жауаптылық біздің елімізде алғаш қарастырылып отыр.

Қылмыстың объектісі қоғамдық қауіпсіздік болып табылады.. Қосымша объекісі адамдардың өмірі мен денсаулығы, бөтеннің меншігі болуы мүмкін.

Қылмыстың пәні бөтеннің мүлкі болып табылады. Бөтеннің мүлкі деп адам еңбегі сіңірілген және қол сұғушының меншігі болып табылмайтын материалдық дүние заттарын тануға болады.

Қылмыстың объективтік жағы теңіз немесе өзен кемесіне бөтеннің мүлкін басып алу мақсатында күш қолданып немесе күш қолданамын деп қорқытып шабуыл жасаумен сипатталады.

Шабуыл жасау деп, күш қолданып немесе күш қолданамын деп қорқытып заңға қайшы, ашықтан ашық қол сұғушылық танылады.

Күш қолдану денсаулыққа іс жүзінде зиян келтіру - ұрудан бастан денсаулыққа ауыр зиян келтіру танылады.

Күш қолданамын деп қорқыту жәбірленушіге оның мүлкін иеленіп алу мақсатында психикалық қысым көрсету танылады.

Теңіз қарақшылығының құрамы тек қана теңіз немесе өзен кемелеріне шабуыл жасауды ғана құрайды.

Бұл қылмыс кінәлілердің бөтеннің мүлкіне ие болған-болмағанына қарамастан кемелерге шабуыл жасаған сәтінен аяқталған деп танылады.

Қылмыстың субъективтік жағы кінәнің қасақаналық нысанымен және тура ниетімен сипатталады. Субъективтік жағының міндетті белгісі қылмыстың мақсаты - бөтеннің мүлкін иеленіп алу болып табылады.

Қылмыстың субъектісі 16 жасқа толған, есі дұрыс, жеке адам болып табылады.

ҚР ҚК 240-бабының 2-бөлігі бірнеше рет, не қару немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданумен жасалған қылмыс үшін жауаптылық көздейді.

Егер бұрын теңіз қарақшылығы үшін кінәлілер қылмыстық жауаптылыққа тартылып одан босатылмаған болса, не осындай қылмысы үшін соттылығы алынып тасталмаған немесе жойылмаған болса, не осындай әрекеті үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мерзімі ескірмеген болса, теңіз қарақшылығы бірнеше рет болды деп саналады.

Қару қолдану деп теңіз немесе өзен кемелеріне шабуыл жасау кезінде адамдардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіру үшін оларды іс жүзінде пайдалану танылады. Бұл құрамдағы қару деп оқпен атылатын қаруларды да, суық қаруларды да санауға болады.

ҚР ҚК 239-бабының 3-бөлігі Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер оларды ұйымдасқан топ жасаса не абайсызда кісі өліміне не өзге ауыр зардаптарға әкеп соқтырған жағдайдағы қылмыстық жауаптылықты көздейді.

Ұйымдасқан топ ұғымының анықтамасы ҚР ҚК 31-бабының 3-бөлігінде беріліп, ондай былай делінеді: «Егер қылмысқа бірлесіп жасау туралы күні бұрын уағдаласқан адамдар қатысса, ол адамдар тобы алдын ала сөз байласып жасаған қылмыс деп танылады».

Теңіз қарақшылығы кезіндегі өзге де ауыр зардаптар деп, бірнеше адамдардың денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіру, сондай-ақ аса ірі материалдық шығынға соқтыру танылады.

Ерекше сараланған теңіз қарақшылығының субъективтік жағы кінәнің қосарланған нысаны - әрекетке қатысты ниетпен  және зардаптарға қатысты абайсыздықпен сипатталады.

 

Жаппай тәртіпсіздіктер ҚР ҚК 241-бабы.

 

Тәуелсіз жәнен егеменді мемлекетіміздің қалыптасу үдерісі әлеуметтік-экономикалық қиыншылықтар мен қоғамдық және құқықтық тәртіп деңгейінің төмендеуі жағдайында өтіп жатқаны жасырын емес. Осыған орай Қазақстан Республикасының Президенті өзінің «Қазақстан-2030» Қазақстан халқына Жолдауында, әміршілдіктен нарықтық экономикаға ауыртпалықпен өту біз әлі басымыздан кешірмеген кедейшілік пен жұмыссыздық мәселелрін басымыздан өткердік, деп ататп өткен болатын. Олар қылмыстылықтың, нашақорлықтың тууына себеп болып, қоғамдық тоқыраушылық тудырып және қоғамдық тұрақсыздық мүмкіндігін өсіреді.

Қазіргі кездегі еліміздегі қалыптасып отырған қоғамдық қатынастардың жеткіліксіз тұрақтылығына негізделеген қылмыстылықтың елеулі әсерімен көрінетін жағдайлар белгілі бір дәрежеде жалпы қылмыстылықпен және оның жекелеген түрлерімен күрес жүргізуде айтарлықтай дақ түсіріп отыр. Демократиямен және жариялылықпен байланысқан жағымды әлеуметтік құбылыстармен бірге жағымсыз сипаттағы құбылыстар да пайда болып, жалпы алғанда қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікке елеулі зиянын тиігізіп отыр.

Жаппай тәртіпсіздік - күш қолданумен, қиратумен, өртеумен, бұзумен, мүлікті жоюмен, атыс қаруын, жарылыс заттарын немесе жарылыс құрылғыларын қолданумен, сол сияқты олардың өкімет өкіліне қарулы қарсылық көрсетумен ұласқан қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы наразылық білдірумен көрінетін көп адамның қатысуымен жасалатын әрекет.

Жаппай тәртіпсіздіктің қоғамдық қауіптілігі мемлекеттік билік пен басқару органдары қызметінің құтын қашыруға, қоғамдық тәртіпті кең көлемде бұзуға қабілеттілігімен көрінеді. Сонымен бірге, қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіру, адамдар өліміне әкеп соқтыру, мемлекетті, қоғамды не нақты тұлғаларды елеулі экономикалық шығындарға әкеп соқтыру болып табылады.

Осыларға орай, жаппай тәртіпсіздіктің объектісі қоғамдық қауіпсіздік болып табылады.

Осы қылмысты жасау кезіндегі қосымша объектілер адамдардың өмірі мен денсаулығы, меншік, басқару тәртібі олуы мүмкін.

Қылмыстың объективтік жағы ҚР ҚК 241-бабының 1-бөлігінде көрсетілгендей күш қолданумен, қиратумен, өртеумен, бұзумен, мүлікті жоюмен, атыс қаруын, жарылыс заттарын немесе жарылыс құрылғыларын қолданумен, сол сияқты олардың өкімет өкіліне қарулы қарсылық көрсетумен ұласқан жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырумен көрінеді.

Жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыру деп, жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушының (ұйымдастарушыларының) тобырға басшылық жасауға, тобырды біріктіруге бағытталған әрекеті. Оның бағыттары ҚР ҚК 241-бабының 1-бөлігінде көрсетілген (қирату, өртеу, бұзу және басқалары)

Ұйымдастыру мынадай жолдармен көрінуі мүмкін: тобыр қалыптастыру; тобыр әрекеттертінің жоспарын құрау, тобырдың жүретін жолын белгілеу, белсенді қатысушыларының арасындағы атқаратын ролдерін бөлу, мемлекеттік билік немесе мемлекеттік басқару органдарына талаптар ұсыну:

Жаппай тәптіпсіздік кезінде күш қолдану деп, денсаулыққа түрлі аурлықтағы (жеңеіл, орташа ауырлықтағы, ауыр) зиян келтіру немесе келтірумен қорқыту, немесе ұру, соққыға жығу.

Егер жаппай тәртіпсіздікке қатысушылар кісі өлтіретін болса, онда олардың әрекеттері ҚР ҚК 241 және 96-баптарының жиынтығымен сараланады.

Қирату деп, үйлерді, құрылыстарды, ғимараттарды, тұрғын үйлерді, пәтерлерді, көлік қралдарын, коммуникацияларды бұзу танылады.

Өкімет өкіліне қарулы қарсылық көрсету тобырлардың өкімет өкілдерінің оларға жүктелген міндеттерін орындауларына қару қолдану арқылы кедергі жасауымен көрінеді. Дегенмен, қарулы қарсылық көрсету кезінде үкімет өкілін өмірінен айыру жиынтық бойынша қосымша саралауды талап етеді. Жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыру формальды құрамдағы қылмыс болып табылады, демек жаппай тәртіпсіздік басталған сәттен аяқталған деп танылады.

Қылмыстың субъективтік жағы кінәнің қасақаналық нысанымен және тура ниетімен сипатталады.

Қылмыстың субъектісі 16 жасқа толған, есі дұрыс, жеке адам болып табылады. Сонымен бірге ҚР ҚК 241-бабының 1-бөлігінде жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырушы үшін ған жауаптылық көзделген.

ҚР ҚК 241-бабының 2-бөлігі жаппай тәртіпсіздікке қатысқаны үшін жауаптылықты қарастырады.

Жаппай тәртіпсіздікке қатысу деп, осы норманың 1-бөлігінде көрсетілген әрекеттерді жасаған адамның тікелей әрекеті танылады. Егер адам жаппай тәртіпсіздік жасаған тобырдың ішінде болып, бірақ жоғарыда аталған әрекеттерді жасамаған болса, онда ол жаппай тәртіпсіздікке қатысқаны үшін жауаптылық көтере алмайды.

ҚР ҚК 241-бабының 2-бөлігіндегі субъекті жалпы белгілермен бірге қосымша белгі - жаппай тәртіпсіздікке қатысушы белгісіне ие болуы керек. ҚР ҚК 241-бабының 3-бөлігі өкімет өкілдерінің заңды талаптарына белсене бағынбауға және жаппай тәртіпсіздікке шақыру, сол сияқты азаматтарға зорлық-зомбылық жасауға шақырғаны үшін қылмыстық жауаптылық белгілейді. Жаппай тәртіпсіздікке шақыру деп, тобырдың заңға қайшы әрекеттер жасауға қоздыру шешімі танылады. Шақыру ауызша (айқайлап, жар салу), жазбаша (үнпарақ тарату), жеке үлгі көрсету жолдарымен жүзеге асырылуы мүмкін.

ҚР ҚК 241-бабының 3-бөлігіндегі субъекті жалпы белгілермен бірге қосымша белгі - жаппай тәртіпсіздікке азғырушы белгісіне ие болуы керек.

Информация о работе Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар ұғымы мен түрлері