Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар ұғымы мен түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Марта 2014 в 23:31, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 9-тарауы қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар үшін жауаптылықты қарастырады. Заң шығарушы бұл тарауға қылмыстың 29 құрамын егізген. «Қауіпсіздік» ұғымы әлдекімге, әлденеге қауіп-қатер төніп тұрғанын, сол сияқты қатердің жоқтығын, сақталушылықты, сенімділікті білдіреді. Демек, «қауіпсіздік» адамдар үшін жасалатын әлдебір құндылық, қажеттілік, игілік. Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 26-маусымдағы «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Заңына сәйкес, қоғамдық қауіпсіздік деп, Қазақстан азаматтарының өмірінің, денсаулығының, игілігінің, сондай-ақ қазақстандық қоғамның мүмкін деген шығын келтіретін қауіп пен қатерден қорғалу жай-күйі танылады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Прест-ия против общ.без-ти (каз.).doc

— 2.38 Мб (Скачать документ)

Жаппай қырып-жоятын қару деп, оны пайдалану көп адамдарды қырып-жоюға мүмкіндік беретін қару танылады. Оларға: ядролық қарулар, термоядролық, химиялық, биологиялық, нейтрондық және тағы басқа қарулар танылады.

Радиоактивті материалдар деп, тіршілік иелерінің денсаулығына нашар халге түсіретін, сондай-ақ адамдар өліміне әкеп соқтыратын рентген сәулелерін не альфа-бета-гамма сәулелерін тарататын заттар танылады.

Жаппай уландыру деп, көп адамның ағзаларындағы зат аламсу барысының ойдағыдай жүруін танылады. Ағзаларды уландыруды сапасы нашар су, тамақ беру, сондай-ақ газ жіберу жолымен жүргізуге болады.

Эпидемия тарату деп, адамдардың көптеген санына түрлі аурулар таратуды тануға болады. Эпидемиялық аурудың сипаты кең аумақтағы және аз уақыт ішіндегі адамдардың жаппай ауруға шалдығуымен анықталады.

Эпизоотия тарату деп, үй жануарлары - мал мен құстарды белгілі бір аумаөты қамтитын жаппай жұқпалы ауруларға шалдығуы танылады. Эпизоотия үшін жануарларды жаппай қамту мен ауру тарған аумақ шегінен шығып кету ағымы тән.

ҚР ҚК 233-бабы 3-бөлігінің «а» тармағында көрсетілген өзге де іс-әрекеттер жасау деп, адамдардың жаппай өліміне әкеп соқтыруға қабілетті әрекеттер танылады. Оған міндетті түрде «жаппай» болуы тән.

Адамды өлімге әкеп соқтыу деп, адамның террорлық әрекет жасау нәтижесінде биологиялық өлімге ұшырауы танылады.

Терроризм кезіндегі өзге де ауыр зардаптар деп бірнеше адамның денсаулығына ауыр зардап не көп адамдардың денсаулығына орташа ауырлықтағы зардап, сондай-ақ ірі материалдық шыңын келтіру танылады.

ҚР ҚК 233-бабы 3-бөлігінің «б» тармағында қарастырылған қылмыстың субъективтік жағы кінәнің қосарланған нысанымен осы норманың қалған басқа тармақтары мен бөліктерінен ерекшеленеді. Іс-әрекетке (терроризмге) қатысты кінә ниетпен сипатталады, ал келттірілген зардаптарға қатысты (өлім немесе өзге де ауыр зардаптар) - абайсыздықпен, менмендікпен немес салақтықпен сипатталады. Алайда, жалпы алғанда ҚР ҚК 22-бабына сәйкес, мұндай қылмыс қасақаналықпен жасалған деп танылады.

ҚР ҚК 233-бабының 4-бөлігі мынадй редакциямен берілген: «қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру не Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның шешімдер қабылдауына ықпал ету мақсатында адамның өміріне қастандық жасау, сондай-ақ дәл сол мақсатта, оның мемлекеттік немесе өзге де саяси қызметін тоқтату не осындай қызметі үшін кек алу мақсатында мемлекет немесе қоғам қайраткерінің өміріне қастандық жасау».

Атап өту керек, бұрын ҚР ҚК 167-бабының 1-бөлігінде қарастырылған «мемлекет немесе қоғам қайраткерінің өміріне оның мемлекеттік немесе өзге де саяси қызметіне не нақ сол қызметі үшін кек алу мақсатында қастандық жасау» террорлық акт ретінде бағаланды, Заң шығарушы толық көлемінде, яғни ешқандай өзгеріссіз осы норманы ҚР ҚК 233-бабының 4-бөлігіне орналастырған. Осыдан келіп, жоғарыда аталған әрекеттерті жасау кезіндегі қылмыстық қол сұғу объектісі өзгерді деп тұжырым жасауға тура келеді. Егер бұрын ҚР ҚК 167-бабының 1-бөлігі Ерекше бөлімінің «Мемлекеттің конституциялық құрылысына және қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар» деп аталатын 5-тарауында болса, онда қол сұғу объектісі Қазақстан Республикасының саяси жүйесі, ал қосымша объектісі - мемлекеттік немесе қоғамдық қайраткердің өмірі мен денсаулығы деп танылды, ал енді қылмыстық қол сұғу объектісі қоғамдық қауіпсіздік болып табылатын болды. Қосыша объекті сол күйінде өзгеріссіз қалды. Сөйтіп, ҚР ҚК 233-бабының жаңа редакциясы неғұрлым жаңартылған және терроризм ұғымына заңға қайшы әрекет жасаудың барлық жолдарын жатқызуға болады.

ҚР ҚК 233-бабының 4-бөлігінің объективтік жағын адамның өміпіне қол сұғу, сол сияқты мемелекеттік немесе қоғамдық қайраткердің қол сұғу құрайды.

Өмірге қол сұғу деп, қасақаналықпен заңға қайшы келетін өлім (өлтіру) не өлтіруге ұмтылу, яни өлімге әкеп соқтыруға тікелей бағытталған қасқақаналықпен жасалған әрекет танылады. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23-шілдедегі (4.06.2001ж., 11.03.2003ж., 21.04.2003ж. және 25.09.2003ж. өзгертулер және толықтыруларымен) «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес, мемлекеттік қайраткер деп, ақы төленетін мемлекеттік қызметпен айналысатын және заңнамаларға сәйкес, мемлекеттің міндеттері мен қызметтерін жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік орган атынан лауазымды өкілеттік атқаратын Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады. Демек, мемлекеттік қайраткерлерге Президен әкімшілігінің өкілдері, Үкімет мүшелері, министрлер мен олардың орынбасарлары, парламент мүшелері және басқалар жатады.

Қоғамдық қайраткерлерге қоғамдық бірлестіктердің, партиялардың жетекшілері мен көрнекті мүшелерін жатқызуға болады. Мемлекеттік немесе қоғамдық қайраткерлердің өміріне қол сұғудың әдістері мен құралдары әралуан болуы мүмкін және олар осы қылмыстың саралануына әсер етпейді.

ҚР ҚК 233-бабының 4-бөлігі бойынша саралау үшін қылмыстық-құқықтық мәніне келетін болсақ, қарастырылып отырған қылмыстың жасалу мақсаты қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру не Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, шет мелекеттермен немесе халықаралық ұйымдардың  шешімдер қабылдауына ықпал ету мақсатында адам өміріне қол сұғумен жасалады. Мемлекет немесе қоғам қайраткерінің өміріне қастандық жасау, оның мемлекеттік немесе өзге де саяси қызметін тоқтату не осындай қызметі үшін кек алу мақсатында жүргізіледі. Мемлекет немесе қоғам қайраткерінің өміріне басқа мақсатта қол сұғу басқа қылмыстың белгісін құрайды, мысалы ҚР ҚК 96-бабы «Адам өлтіру». Террорлық актінің міндетті қылмыстық-құқықтық мініне оның жасалу себебеі де ие болады. Бұл қылмыс жәбірленушінің мемлекеттік немесе өзге де саяси қызметін тоқтату не осындай қызметі үшін кек алу мақсатында жасалуы мүмкін.

ҚР ҚК 233-бабының ескертуінде терроризм кезіндегі қылмыстық жауаптылықтан босатудың  негіздемесі анықталады. Ондай негіздемелер мыналар болып табылады: мемлекеттік органдарды террорлық акті болатындығы жайында дер уақытында ескерту немесе террорлық актіні болдырмауға өзге де көмек көрсету (өзге де жолдары). Дер кезіндегі ескерту дайындалып жатқан террорлық акті турасында күні бұрын, уақытысында хабарлаумен және билік органдарының террорлық акті басталғанға дейін ескерту шараларының нақты болуымен анықталады.

 

Терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға

жария түрде шақыру - ҚР ҚК 233-1-бабы

 

Аталап отырған қылмыстың қоғамдық қауіптілігі терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру нәтижесінде қоғамды алаңдататын әлеуметтік-психологиялық ахуал тудырумен, террорлық актінің жасалуы үшін қолаулы жағдай жасаумен қоғамдағы күш көрсету мен агрессивтілікпен ұштасқан қоғамдағы жағдайды тұрақсыздандырумен көрінеді.

Қарастырып отырған қылмыстың объектісі қоғамдық қауіпсіздік болып табылады.

Объективтік жағы терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру, сондай-ақ көрсетілген мазмұндағы материалдарды тарату көрінетін әрекеттермен сипатталады.

Терроризм актісі - жарылыс жасау, өрт қою немесе адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғамға қауіпті өзге де зардаптардың туындау қаупін төндіретін өзге де іс-әрекеттер жасау, егер осы іс-әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру не Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның шешім қабылдауына ықпал ету мақсатында жасалса, сондай-ақ аталған іс-әрекеттерді дәл сол мақсатта жасаймын деп қорқыту, сол сияқты, қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру не Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның шешімдер қабылдауына ықпал ету мақсатында адамның өміріне қастандық жасау, сондай-ақ дәл сол мақсатта, оның мемлекеттік немесе өзге де саяси қызметін тоқтату не осындай қызметі үшін кек алу мақсатында мемлекет немесе қоғам қайраткерінің өміріне қастандық жасау.

Насихаттау адамның санасы мен еркіне қандайда бір заңсыз әрекет жасауына, атап айтқанда, террорлық әреке жасауына сондай құлшыныспен әсер етуді білдіреді. Насихаттау ауысза айту не жазбаша немесе баспа материалдары арқылы таратылуымен сипатталады.

Шақыру  - бұл жеткілікті сандағы тыңдаушыларды ауызша немесе жазбаша агрессия жасауға көндіру. Шақыру міндетті түрде жария түрдегі сипат алады, яғни бірнеше адамның қасыуымен жүзеге асырылады. Сонымен бірге, жария түрде шақыру қатаң түрде белгілі бір мақсатқа бағынышты болады, және нақ терроризм актісін жасауға бағытталады.

Материалдарды тарату деп материалдарды үшінші бір адамға терроризм актісін жасау мақсатында насихаттау немесе шақыру үшін тарату танылады.

Қарастырып отырған қылмыстың құрамы формальды, демек, қылмыс террорлық актінің жасалған немесе жасалмағанына қарамастан насихаттау, жария түрде шақыру немесе материалдар тарату жүзеге асырылған сәттен аяқталған деп танылады.

Бұл норма бойынша қылмыстық жауаптылық террорлық акті жасауға шақыруға адамдар қатысқан, ашық түрде жасалған жағдайда ғана қолданылуы мүмкін.

Субъективтік жағынан бұл қылмыс тура ниетпен сипатталады.

Субъектісі - 16 жасқа толған, есі дұрыс, жеке адам.

ҚР ҚК 233-1-бабының 2-бөлігі мынадай саралаушы белгілерді қарастарады: адамның өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып не қоғамдық бірлестіктің басшысы бола отырып не бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланып жасаған нақ сол әрекеттері.

Лауазымды адамның не қоғамдық бірлестік жетекшісінің терроризмге насихаттауы немесе актісін жасауға жария түрде шақыруы, сондай-ақ көрсетілген мазмұндағы материалдарды таратуы оның сы үшін өзінің қызметтік не қоғамдық жағдайын пайдаланды деп ұйғарылады.

Бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану - бұл баспасөз бетіне жарияланған террорлық акті жасауға насихаттау мен шақыру, сонымен радио немесе телехабар арқылы материалдар тарату.

ҚР ҚК 233-1-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыс субъектісі - арнайы. Ол өзінің қызмет бабаын пайдаланған адам немесе қоғамдық бірлестік жетекшісі болуы мүмкін.

 

                            Террористік топ құру, оған басшылық ету және

оның қызметіне қатысу - ҚР ҚК 233-2-бап.

 

Аталған қылмыстың қоғамдық қауіптілігі қоғамның қауіпсіздігі үшін қатер төндірумен, терроризм актілерін жасау қаупінің төнуімен, адамдар өлімі қауіптілігі тууымен, елеулі мүліктік шығын келтіруімен не оөзе де қоғамға қауіпті зардаптардың пайда болуымен көрінеді.

Бұл қылмыстың тікелей объектісі қоғамдық қауіпсіздік болып табылады.

Қосымша объектісі ретінде адамдардың өмірі мен денсаулығы, меншік, басқару тәртібі және басқалары көрінеді.

Бұл қылмыстың объективтік жағы террористік мақсатты көздейтін қылмыстарды жасау үшін топ құру (террористік топ), сондай-ақ оған басшылық етумен көрінеді.

Террористік ұйым деп террористік қызметті жүзеге асыру мақсатында немесе өзінің тероризмдегі қызметін пайдалану мүмкіндігін танитын ұйымды тануға болады.

Ұйым, егер ол кем дегенде оның бір ғана құрылымдық бөлімінің өзі осы ұйымның басқарушы органының келісімімен террористік әрекетті жүзеге асыратын болса террористік ұйым деп танылады.

Террористік топтардың нысандары әртүрлы болуы мүмкіні: алдын ала сөз байласқан адамдар тобы, ұйымдасқан топ, қылмыстық қауымдастық.

Террористік мақсат қуған қылмыс жасау үшін топ құру деп, нәтижесі террористік актілер жасау үшін бірнеше адамның бірігуі немесе қылмыстық ұйым құруы үшін кез келген әрекет жасауы танылады.

Осы террористік топқа басшылық ету жекелеген адамдардың немесе террористік топтың жалпы бағыттылығын анықтауды, қол сұғу объектілерін таңдауды, тәртіпті қамтамасыз етуді, қылмыстық бірлестік мүшелерінің арасындағы міндеттерді бөлісуді, террористік топ қызметін үйлестіруді білдіреді.

Талданып отырған қылмыстың құрамы формальды, яғни бұл әрекет террористік топ құру мен оған басшылық еткен кезден бастап аяқталған деп танылады.

Субъективтік жағынан әрекет террористік топ құру мен оған басшылық ету жөніндегі өзінің әрекетінің қоғамдық қауіптілігін ұғынуымен, сондай-ақ террористік құрамаға қатысуымен көрінетін тура ниетпен сипатталады, кінәлі адам соның нәтижесінде террористік топтың қызметін жалғастыратын болжай біледі және соның болуын қалайды.

Субъектісі - 16 жасқа толған, есі дұрыс, жеке адам.

ҚР ҚК 233-2-бабының 2-бөлігі бойынша жауаптылық террористік топ қызметіне немесе оның жасаған террористік актісіне қатысқан жағдайда басталады.

Террористік топ қызметіне немесе оның жасаған террористік актісіне қатысу жасалған террористік актіге тікелей қатысуымен ғана емес, сонымен бірге осы террористік топтың мүддесі үшін өзге де әрекеттерді жасауы, атап айтқанда қаржыландыру, көлікпен қамтамасыз ету, террористік ұйым мүшелерін ұдайы жасыру.

ҚР ҚК 233-2-бабының 2-бөлігі адам өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып не қоғамдық бірлестіктің басшысы бола отырып жасаған, осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттері үшін жауаптылықты қарастырады. Аталған бұл белгілер аса ауырлатушы мән-жай болып табылады, өйткені мемлекеттік немесе қоғамдық лауазымдарды атқаратын адамдардың террористік топтарға басшылық етуге және оған қатысуға мүмкіндігі мол болады.

Бұл норманың 3-бөлігі бойынша қылмыс субъектісі қоғамдық бірлестік басшылары не өзінің қызметтік жағдайын пайдаланушы адамдар болып табылады.

 

Экстремизмді немесе террористік қызметті қаржыландыру

 - ҚР ҚК 233-3-бабы

 

Аталып отырған бұл қылмыстың қоғамдық қауіптілігі экстремизмді немесе террористік қызметті қаржыландыру нәтижесінде террористік әрекет жасау қатерінің туындауымен, адамдарды өлімге әкеп соқтыру қауіпінің пайда болуымен, елеулі мүліктік шығын әкелу не өзге де қоғамдық қауіпті зардаптер келтіруміне, қоғамдағы жағдайды тұрақсыздандырумен көрінеді.

Бұл қылмыстың объектсі қоғамдық қауіпсіздік болып табылады.

Объективтк жағы экстремизмді немесе террористік қызметті қаржыландыру арқылы көрінеді.

Террористік қызмет деп, адамның өз іс-әрекетінде террорды пайдалану әрекетерін, яғни өзінің саяси қарсыластарын қатал қорқытумен, үрейлендірумен, тіпті қырып-жоюға ұласатын күш көрсету әрекеттері танылады.

Информация о работе Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар ұғымы мен түрлері