Бұзақылықтың қылмыстық-құқықтық сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Июня 2013 в 20:44, курсовая работа

Краткое описание

Бұзақылық қылмыс құрамы екі объектіге бағытталған: жеке тұлғаның мүлкіне және денсаулығы мен өміріне. Бұзақылық қылмысын саралау үшін денсаулыққа қарсы зардап келтіру міндетті емес, адамның денсаулығы мен өміріне күш көрсетуге оқталу әрекеті болса жеткілікті.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................2
1.Бұзақылықтың қылмыстық-құқықтық сипаттамасы........................................3
1.1Бұзақылық қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың бірі ретінде...................................................................................................................................3
1.2Бұзақылықтың объектісі және объективтік жағы.........................................10
1.2Бұзақылықтың субъектісі және субъективтік жағы......................................13

2.Бұзақылық қылмысын оған ұқсас қылмыс құрамдарынан ажырату және оған жаза тағайындау ерекшеліктері................................................................................18
2.1Бұзақылық қылмысын оған ұқсас қылмыс құрамдарынан ажырату критерийлері.......................................................................................................................18
2.2Бұзақылық жөніндкгі істер бойынша сот практикасы туралы....................21

3.Бұзақылық қылмысының криминологиялық сипаттамасы және алдын алу........................................................................................................................................27
3.1Бұзақылық қылмысының криминологиялық сипаттамасы..........................27
3.2Бұзақылық қылмысының алдын алу...............................................................30

Қорытынды.............................................................................................................36
Пайдаланған әдебиеттер.......................................................................................38

Прикрепленные файлы: 1 файл

БҰЗАҚЫЛЫҚ.doc

— 287.50 Кб (Скачать документ)

Қылмыскерлікпен күресті жалпы ұйымдастыруға  мыналар жатады:

1.Ақпараттық-талдау  қызметі — бұл көрініс тапқан қылмыскерлікті тіркеу, ол көріністерді, олардың себептілігін және детерминациясын, қылмыскерлікпен күрестің өткен кезендегі нәтижелерін зерделеу және тиісті мәліметтерді бағалау жөніндегі қызмет.

Ол: қылмыскерлікті, статистикалық есептерді есепке алу жүйелерін құру; қылмыскерлікпен  күрес жүргізуші органдардың  ағымдағы талдаушылық қызметін; криминологиялық  зерттеулерді дамыту, алынатын деректердің теориялық қорытпаларын пайдалану жолымен жүзеге асырылады.

2.Криминологиялық  болжаулау - қылмыскерліктің болашақ жайына және қандай да бір басқарушылық шешімдердің криминологиялық маңыздылығы бар өзге салдарларына баға беру.

Болжаулау қылмыскерліктің заңдылыктарын, оның детерминациясын, себептілігін білуге, қылмыспен күрестің әр түрлі шараларына әсерлік заңдылықтарына негізделген.

Бұл функцияның іске асырылуы қылмыскерліктің оперативтік  талдамасы мен оның заңдылықтарын  зерттеудегі үйлесімділікті қажет етеді. Сондықтан да арнаулы криминологиялық қызмет құру керек.

3.Қылмыскерлікпен күрес стратегиясын анықтау. Криминологиялық ситуацияны (қылмыскерлікті, оның себептілігін, детерминациясын және онымен күрестің жайын), криминологиялық болжамды және мамандардың кылмыскерлікпен ары қарай күрес жөніндегі ұсыныстарын бағалау негізінде оның стратегиясы анықталады .Бұл — мемлекетгі қылмыскерлікпен күресті ұйымдастыратын негізгі субъект жасайды.

«Тәтті өмірге қызығушылық» пен жаман сөздерге әуестік, жігерсіздік пен жалаң еліктеушілік көптеген жас өспірімдерді есірткі шегуге итермелеуде.Біз жүргізілген сауалнама сұрақтарына жауап қайтарған жас респонденттердің пікірінше жалаң еліктеушілік жас өспірімдердің 29,4 пайызын есіркі шегуге итермелеуде.Жалаң еліктеушілік қасиеттер баспасөзде, теледидарда, бейнефильмдерде нашақорлар туралы материалдар мен хабарлардың көп берілуіне қызығушылықтан туындайтындығын сұралған жас респонденттердің 15,3 пайызы мойындаса, 22,5 пайызы модадан қалмау үшін үйрендік дейді.Ең қорқыныштысы кейбір жастар үшін апиынға үйірлік мәнге айналып үлгерген.Ал,апиын шегілген жердің бәрінде қылмыс жасалатыны сөзсіз.Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Қазақстанның оңтүстік өңірінде заң бұзушы жас өспірімдер ұрлықты топтасып жасаған.Ал,ұрлық жасап жауапқа тартылған қызметкерлердің 39,6 пайызы бір рет ұрлық жасап жауапқа тартылса, қалғандары, яғни, 1/3 пайызы бұрындары бірнеше рет қылмыс жасап, үлгерген.Егер бір аптаның ішінде 3-4 ұрлық жасалса, оның 7,5 пайызын жас өспірімдер жасаған болып шығады.Ал бір айда 8-9 ұрлық жасалса, оның 17 пайызы жас өспірімдердің үлесіне тиесілі болып келеді, ал үш айда 10 ұрлық жасалса, оның 20,7 пайызы ауылдық жас өспірімдер үлесінде.Міне, сондықтан да жас өспірімдер тәртібі бүгінгі таңда да қоғамдық өміріндегі негізгі проблемалардың бірі болып қалып отыр.Зерттеу мәліметтері көрсетіп отырғандай жас өспірімдердің құралған қылмыстық топ жетекшілерінің 40 пайызы дене құрылымдары мығым, күшті, шыныққандар болып келсе, 47 пайызы қару қолдана біледі, ал 13 пайызы ұрлық жасарда оның орындалу жоспарын дұрыс құруға ұста.Бұл мәліметтер жергілікті құқық қорғау органдары тарапынан сұрыпталған фактілерден алынды.Сонымен қатар жастар арасында жасалып жүрген қылмыстық әрекеттердің ішкі түрткілік (мотивациялық) механизмін түсіну мақсатымен қылмыстық топтарға қатысушы немесе оларға еліктеушілер арасында республикалық ішкі істер министрлігінің Түркістан қаласы тәртіп сақтау басқармасы насихат жұмыстары бөлімі тапсырмасымен ауыл жастары арасында нақты – социологиялық зерттеулер жүргіздік.

Сауалнамаға барлығы 345 респондент жауап қайтарды. 
Сұрақ-жауапқа тартылғандардың дені ауылдық жерлерден келген жастар.Электронды-есептеу машинесіне дұрыс толтырылған 316 анкета салынды.Алынған мәліметтер жастары арасында кеңінен тараған қылмыстық істердің, жасалған ұрлықтың, зорлық-зомбылықтың, бұзақылықтың, күш көрсетулердің, жезөкшеліктің,т.с.с. пайда болуы мен дамуы себептерін анықтауға себебін тигізді.Сауалнама сұрақтары дискотека, клуб, кафелерде көп жүретін жас өспірімдер арасында таратылды.Жауап беруші респонденттердің араларында сенімділік туындаған кезде ғана анкеталар толтырыла бастады.Жауап беруші респонденттер саны 4-5 адамнан 25-30 адамға дейін ауытқыды.Олардың 21 пайызы мектеп оқушылары, 36,3 пайызы мектеп бітіріп кеткендер, бірақ әзірге еш жерде жұмыс істемейді, 10 пайызы колледждер мен техникум оқушылары.6 пайызы ЖОО студенттері, 26,7 пайызы әр жерлерде уақытша жұмыс жасайтындар.Сұралған респонденттердің 15,2 пайызы өз үйлерінде, 12,4 пайызы жатақханаларда тұрады, қалғандары қала айналасындағы ауыл,село тұрғындары,қалаға қатынап не жұмыс істейді, не оқиды, тіпті болмаса жәй қыдыруға, ойын-сауыққа келеді.Адамгершіліктік-құқықтық мәселелер сұралғандардың ойында қарама-қайшы пікірлерге толы.Сауалнама сұрақтарына жауап қайтарғандардың «ақшаның қайдан келетініне мән бермей, әйтеуір болса болды» дегендері – 44 пайызды құрады, екінші орында адамгершілікті өз пікірлеріне азда болса арқау еткендер, яғни «өзіңе ыңғайсыз жағдайды, екінші адамға жасама» дегендер – 41 пайызды құраса, мансұқ тұтқандар 39 пайызды дауыс жинақтады. «Біздің заманымызда күшің болмаса, еш нәрсеге қол жеткізу мүмкін емес» деп есептейтін қол күші мықтылар төртінші орынды қанағат тұтты – 28 пайыз.Тұтас алғанда барлық сұралғандардың 17 пайызы заңды білу және құрметтеу өз құқығыңды қорғау үшін қажет деген пікір ұстанып, заң талаптарын құрметтеушілік сезімдерін білдірді.31 пайызы заң талаптарын орындауға асықпаймыз деген пікірлер айтты.Сұралғандар арасында қылмыстық кодекс пен істеген залалды істері үшін жауапкершілік берулері керектігін түсінетіндері де шамалы болды.Олардың 44 пайызы қылмыстық кодекс баптарынан аз-маз хабардармыз десе, 38 пайызы ешнәрсе білмейміз деген жауаптар қайтарды.Тұтас алғанда сауалнама сұрақтарына жауап бергендердің 39 пайызы кез келген қылмыстық істі жасауға дайын екендіктерін білдірсе, 21 пайызы ондай қылықтардан бас тарту керек деп есептейді,ал қалған 35 пайызы қылмыстық әрекеттерге бармауға тырысады.

«Апиын, есірткі немесе басқа да организмдерге залалды  заттар қолдандың ба?» – деген  сұраққа жауап бергендердің 35 пайызы «жоқ» деп жауап берсе, қолданғандары туралы сұралғандардың 60 пайызы мойындады.Сауалнама сұрақтарына қайтарылған жауаптан байқап отырғандығымыздай көбінесе ішімдік ішуге немесе есірткі шегуге үйір жастар қылмыс жасауға бір табан болса да жақын болады.Жастар арасында орныққан келесі бір маңызды фактор – олардың өз құрбы-құрдастары арасында зорлық-зомбылық жасауға әзір тұратындықтары.Сауалнама сұрақтарына жауап бергендердің 33 пайызының пікірлеріне қарағанда қазіргі кезде күш көрсетпей ешнәрсеге қол жеткізу мүмкін емес болса, сұралғандардың 14 пайызы адамгершілік жасау әлсіздік белгісі деп санайды.Мысалы, сұралғандардың ішінен «Топтың көсемі болу үшін қандай ерекшелік қажет?» деген сұраққа 42 пайызы төбелесе білу керек десе, 53 пайызы өз артықшылығымен, ал 20 пайызы басқалай жауаптар қайтарған.Өз намысына тигендерге күшпен жауап қайтаруға сұралғандардың 45 пайызы дайын тұрса, 12 пайызы байқамаған сыңай таныту керек дейді, 16 пайызы басқаша әрекет жасайды, бірақ айтқанды түсінбесе, күш қолдануға мәжбүр боламын деген жауаптар берген.Күш қолдану көбінесе жас өспірімдердің өз тобы арасындағы мәртебесіне байланысты.Қылмыстық топтардың күш қолдануы көбінесе олардың алдарында туындаған қиындықты бейбіт жолмен шеше алмайтындықтарына байланысты.Осы арада өзінен-өзі «Жастар көбіне көп қандай қылмыстар жасайды?» – деген сұрақ туындайды.Қазіргі таңда жастар тарапынан жасалатын қылмыстар өзінің алуан түрлілігімен, ластығымен, тіптен қала берді, қатыгездігімен және жастар арасына тез жайылып бара жатқандығымен қоғамдық пікірді алаңдатып отыр.Жасалған қылмыстарына орай қылмыстық жауапқа тартылған жастардың жас ерекшеліктері әр түрлі.

Демек, Қазақстан Республикасының  арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасында нақтыланғандай, жастардың бойында құқықтық мәдениетті қалыптастыру үшін құқықтық насихат жүргізу барынша жандыру қажет.Себебі, құқықтық насихат жұмыстарының жастар арасында тұрақты жүргізілуі олардың құқықтық сауаттылығын арттырып, жауапкершілік сезімдерін қалыптастырады.Жастарды қоғам мен мемлекет мүдделерін қорғауға, басқалардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтей білуге, заңдылықты сақтай білетін әрі отансүйгіштік патриоттық бағдар ұстанатын азамат етіп тәрбиелеуге жәрдемдеседі.Оларды адамгершілік-құқықтық тұрғыдан әлеуметтендіру үрдісінде заңға сүйенетін, заңды құрметтейтін, заңның құқық берумен қатар міндетте жүктейтіндігін сезінетін азаматтар етіп сомдаумен қатар, оларға қоғамдық тәртіпті реттейтін заңдар мен заңдық күші бар нормалар туралы мәліметтерді береді.Ал, өз кезегінде жастардың бойына сіңдірілген адамгершілік-құқықтық сапалық қасиеттер олардың алдағы өмірлерінде адамгершілік құқықтары мен құқықтық мәдениеттерінің мазмұнын құрайды.Демек, жастар арасында құқықтық насихатты жандандырудың жаңа иннновациялық тәсілдерін анықтаудың терең қажеттілік мәні бар.Олай болса, жастардың құқықтық хабардарлықтарын арттыру үшін, олардың бойына құқықтық мінез-құлықты, құқықтық мәдениетті және құқықтық сананы қалыптастыру үшін құқық қорғау институттары мен құқықты оқыту ұйымдарының қызметін, құқықтық насихаттың мазмұны мен ұцымдастырылуын жетілдіру тиімділігін арттыру мәселелерін зерделеу күн тәртібінде тұрғын мәселе.Заңдылықтың сақталуына және заң нормаларының мүлтіксіз орындалуына қатысты жастардың көзқарастарын саралау арқылы олардың құқықтық білімділіктерінің деңгейін тұрақты анықтап отырған дұрыс.Қоғамды заң билеуі тиіс.Демек, заңды білу ондағы құқықтық нормалардың мәнін түсіну, оларды күнделікті өмірде пайдалана білу уақыт талабы.Олай болса Қазақстанда құқықтық мемлекетті құру, әрбір азаматтың өз құқықтарын біліп, соған сай өмір сүру, іс-әрекеттерінде құқықтық нормаларды басшылыққа алуы дағдыға айналуы тиіс.Ол үшін: – жастардың құқықтық білімі мен құқықтық тәрбиесін бірлікте жүргізу қажет; – олардың бойына қылмыс жасаушылықтың кез-келген түріне жиіркенішпен қарап төзбеушілік сезімін қалыптастыру қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Қазіргі әлемдік қауымдастықтың дамуы адам құқығы мәселесіне көбірек көңіл бөлу керек екендігін анықтап отыр.Адам құқығы мен бостандығының  заңды тұрғыда бекітілуі, олардың қамтамасыз етілуі, саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени бағы басқа да жүйелердің қалыптасып, динамикалық дамуының қажетті шаралары борлып табылады. Адам құқығы, оның қамтамасыз етілуі -әлемдік құрақты даму стратегиясының маңызды факторлары болатын демократиялық, құқықтық құндылықтарға негізделген мемлекет  дамуының түпкілікті мақсаты және басты нәтижесі.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін паш етіп, өзін құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп бекітіп, қоғам өмірінің экономикалық, саяси, әлеуметтік саласына елеулі өзгерістер енгізді, нарықтық экономиканы, көппартиялық жүйені қалыптастырды, қоғамдағы көптеген демократиялық және құқықтық институттарды нығайтты. Қазақстанның әрі қарай динамикалық және тұрақты дамуы бірінші кезекте адам құқығы мен бостандығы сияқты жалпы адами құндылықтарға негізделуге тиіс құқықтық сананың деңгейіне тікелей байланысты.

Қазақстан Республикасы өз Консититуциясында  адам, оның өмірі, құқығы мен бостандығы ең жоғарғы құндылық болып табылатынын мақұлдап бекітті. Азаматтық қоғамды қалыптастыру мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуының басты шарты азаматтардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, соның ішінде оның құрамды бөлігі-адам құқығының мәдениеті.

Біріккен  Ұлттар Ұйымы өз құжаттарында және жүргізіліп жақтан шараларында адам құқықтары мен бостандықтары  туралы ақпаратпен қамтамасыз етудің қажеттілігін дәлелдеуде, сонымен бірге  бұл салада адам құқығы мәдениетін қалыптастыруда маңызды құралдың бірі болып табылатын білім беру ұжымдарына көп сенім артады. Қабылданған декларацияларда және Адам құқығы туралы Бүкіләлемдік конференция (1993ж) адам құқығын оқытуға ерекше назар аударуға көңіл бөлді, жекелей алғанда «барлық мемлекеттер мен мекемелер адам құқығы мәселесін, адамгершілік құқығын, демократия мен заңдылықты барлың оқу орындарының оқу бағдарламаларына енгізу», «адам құқығы саласын кеңейтіп оқытуды қамтамасыз ету, нақты бағдарламалар құрастырып, негізгі бағыттарды анықтау» мәселелерін көтерді [18, 56б]. Осы жағдайда жастардың құқықтық мәдениеті, адам құқығы мәдениетінің қажеттілігі артты, яғни жастар тек қана Конституцияны, өз елінің заңдарын, өзінің құқықтары мен міндеттерін ғана біліп қоймай, сонымен бірге өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғай алуы, мемлекеттік және қоғамдық өмірде белсенділігін арттыруы, Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды қалыптастырудың аса қажетті мүшесі болуы керек. Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына, Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына және басқа да халықаралық ұйымдарға мүше болуы, адам құқығы туралы маңызды фактілерге қосылуы, өлім жазасының алынып тасталуы және қазіргі саяси оқиғалар аталған пәнді оқытудың маңыздылығын арттырды.

Қазақстан Республикасының орта және жоғары білім беру орындарында жоғары және орта білім беру жүйесіне жаңа талаптардың қойылуына, ұлттың заңдылықтардың жаңаруына байланысты құқықтық оқытудың мазмұнын жаңарту үрдістері жүріп жатыр. «Қылмыс түсінігі, белгілері және олардың қылмыстық әрекетті саралаудағы маңызы» атты дипломдық жұмысты аяқтай отырып, қылмысты болдырмау үшін қылмыстың алдын алу және қылмыспен күрес жайында өз ойымызды жеткізсек деп ойлаймыз, өйткені қылмыстың жасалу себебін ұдайы анықтап, онымен жан-жақты жоспарлы түрде күрес жүргізбейінше, қоғамдағы қылмыстың азаюы, болашақ ұрпақтың өзіне дұрыс жол таңдау мүмкіндігі болмай қалары сөзсіз.

Қылмыскерлікпен кесімді күрес жүргізудің маңызы Қазақстан Республикасында құқықтық тәртіп орнатуда ғана емес, сонымен қатар тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауда да зор. Соңғы жылдары тек қана жеке адамдардың өміріне, бостандығына, мүлкіне тиісу, құндылықтарына қол сұғу қылмыстарының саны ғана өскен жоқ, сонымен қоса қазіргі күні ұйымдасқан қылмыскерлік, жемқорлық, тапсырыспен кісі өлтіру т.б. сияқты жаңа қылмыс түрлері пайда болды [19,43б]

Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 29 қаңтар 2011 жылғы « Болашақтың іргесін бірге қалаймыз «" атты Қазақстан халқына арнаған жолдауында «Мемлекет те қоғам да ешқандай ымыраға жол бермейді. Сонымен қылмыскерлікпен күрес дегеніміз-қоғамның қылмыскерлікпен белсенді қақтығысы. Қоғам қаншалықты мейірбанды, адамгершілігі болса да, қылмыстық іс-қимылға, әсіресе жоғарыда аталған  адамдардың қылмыстық әрекетіне жайбарақат қарап отыра алмайды, қайта оларға қатысты мемлекеттік мәжбүрлеудің ең қатал шараларын қолдануы тиіс”-, деп,  қылмыстың алдын алу шараларының маңызына тоқтала кеткен болатын [20].

Өйтпеген жағдайда көптеген адамдардың өмірін, тыныштығын, денсаулығын, мал-мүлкін құрбан етеді. Азаматтардың өздері де өз азаматтарын қылмыскерліктің  құрбаны еткен мемлекетке төзе қоймас. Қылмыскерлікпен саясат өзара байланысты. Кез келген өркениетті қоғам қылмыскерлікке қарсы тұрады, олай болмаған жағдайда ол өз өркениеттігін сақтай алмайды.Ал бұл қылмысқа қарсы тұрушылық қылмыс жасаған адамға да, жәбірленушіге қатысты да заң шеңберінде жүзеге асырылуға, онда өркениеттік нысан болуға тиіс.

Тәуелсіз еліміздің ертеңі бүгіннен басталады десек, қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстарды қатаң жазалау да еліміздің демократиялық мемлекет болуға бел буғандығының көрінісі. Қылмыстың өзі ұсақ бұзақылықтан басталатындығы белгілі.Көбінесе жастарымыздың ергіштігі мен алдыңғы буын аға-апаларына еліктегіштігі басты орын алады.Қосақ арасында кетіп, жас өмірлерін қор қылып жатқандар да аз емес.Топтасып төбелесіп немесе жалғыз адамға жабылып, ұрлап, тонаудың арты жақсылыққа апара қоймасы анық. Қылмыс пен жаза – бір ұғым. Екеуінің әрқашанда бірге жүретін ұғымдар екендігі белгілі.Қылмыс бар жерде мейлі ерте болсын, мейлі кеш болсын қашанда бір жазаның болатындығы заңды.Сондықтан халықтың соттан күтетіні — тек әділдік.Бүгінгі судья — ел қамқоры, халық жанашыры әрі ақылшысы.Сондықтан әрбір жәбірленуші өз құқығын қорғау мақсатында сот төрелігіне жүгіне алады.

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

1.ҚР Жоғарғы Соты Пленумының «Қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстарды саралауды реттейтін заңдарды қолдану туралы» 15.03.2002ж №7қаулысы  

Информация о работе Бұзақылықтың қылмыстық-құқықтық сипаттамасы