Бұзақылықтың қылмыстық-құқықтық сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Июня 2013 в 20:44, курсовая работа

Краткое описание

Бұзақылық қылмыс құрамы екі объектіге бағытталған: жеке тұлғаның мүлкіне және денсаулығы мен өміріне. Бұзақылық қылмысын саралау үшін денсаулыққа қарсы зардап келтіру міндетті емес, адамның денсаулығы мен өміріне күш көрсетуге оқталу әрекеті болса жеткілікті.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................2
1.Бұзақылықтың қылмыстық-құқықтық сипаттамасы........................................3
1.1Бұзақылық қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың бірі ретінде...................................................................................................................................3
1.2Бұзақылықтың объектісі және объективтік жағы.........................................10
1.2Бұзақылықтың субъектісі және субъективтік жағы......................................13

2.Бұзақылық қылмысын оған ұқсас қылмыс құрамдарынан ажырату және оған жаза тағайындау ерекшеліктері................................................................................18
2.1Бұзақылық қылмысын оған ұқсас қылмыс құрамдарынан ажырату критерийлері.......................................................................................................................18
2.2Бұзақылық жөніндкгі істер бойынша сот практикасы туралы....................21

3.Бұзақылық қылмысының криминологиялық сипаттамасы және алдын алу........................................................................................................................................27
3.1Бұзақылық қылмысының криминологиялық сипаттамасы..........................27
3.2Бұзақылық қылмысының алдын алу...............................................................30

Қорытынды.............................................................................................................36
Пайдаланған әдебиеттер.......................................................................................38

Прикрепленные файлы: 1 файл

БҰЗАҚЫЛЫҚ.doc

— 287.50 Кб (Скачать документ)

 Бұзақылық  субъектісі 16-ға толған,есі дұрыс тұлға болады.  бұзақылық кезінде күш қолданууды сөз қылғанда, оның мүлікті алуға дейін де,алу кезінде де қолданылатынын айта кеткен жөн.Бұзақылық кезінде күш қолдану-мүлікті алу тәсілі ғана емес, оны өзінде ұстап қалу тәсілі де болуы мүмкін. бұзақылық кезінде күш қолдану әрқашанда мүлікті иеленудің құралы болып табылады, яғни ол мүлікті иеленуге бағытталуы тиіс. Бұзақылық кезінде, көп жағдайларда,денсаулыққа нақты қауіптілік төнеді. Бұл мән-жайлар едәуір мөлшерде зорлықтың жасалуы тәсілімен анықталады. Бұзақылық қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың ішіндегі ең қауіптісі, қауіптілігі әрекеттің бір уақытта азаматтардың жеке мүліктері, денсаулығы және өміріне қарсы бағытталатындығында. бұзақылықның осындай ерекшелігін есепке ала отырып, заң шығарушы, бұзақылық, бөтен мүлікті бұзақылық мақсатында  шабуыл жасауға ұшыраған  адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш көрсетумен немесе тікелей осындай күш қолданамын деп қорқытумен ұштасқан шабуыл жасау деп көрсеткен[3,241б].

 Бұзақылық  қылмысының мақсаты- жәбірлеушінің жәбірленушіге күш көрсетуі арқылы жеке мүлкіне ие болу.Қоғамдық қауіпсіздікке  қарсы басқа қылмыстардың ішінде бұл қылмысты саралауда нақты шешім қабылдау қылмыс жасаушының әрекетінің бағытын анықтау болып табылады.

Жеке тұлғаға  қарсы күш көрсетіп шабуыл жасау мүлікке ие болудың құралы ретінде қолданылады. Бұл қосымша объектінің маңызы мен құндылығын заң шығарушы қылмыс құрамын саралауда есепке алады.

 Бұзақылық әрекетін дұрыс саралау үшін   “өмірі мен денсаулығына қауіпті күш көрсету” түсінігіне нақты анықтама берудің маңызы өте зор. Жалпы “күш көрсету” деп бөтен адамға еркінен тыс құқыққа қарсы күш көрсету арқылы жасалған іс-әрекетті атайды.

Күнделікті  тәжірибеде, жәбірленушіге шабуыл жасаған  кезде оның мүлкінің, құнды затының  болмауы немесе жәбірленушінің қарсылық көрсетіп, жәбірлеушінің жеке мүліктерге ие бола алмай қалуы  бұзақылық әрекетті саралауда, оны аяқталған қылмыс ретінде тануға еш кедергі келтірмейді, міне сондықтан да бұзақылық қылмысының құрамын келте құрамды қылмыс қатарына жатқызады да, қылмыстық әрекеттің басталған уақытын қылмысты аяқталды деп тануға жетіп жатыр деп есептейді.

 Бұзақылық қылмыс құрамы екі объектіге бағытталған: жеке тұлғаның мүлкіне және денсаулығы мен өміріне. бұзақылық қылмысын саралау үшін денсаулыққа қарсы зардап келтіру міндетті емес, адамның денсаулығы мен өміріне күш көрсетуге оқталу әрекеті болса жеткілікті. 

 Бұзақылықтағы психикалық күш көрсету мазмұны жағынан, физикалық күш қолданбай-ақ,  денсаулығы мен өміріне қарсы күш көрсетемін деп қорқыту арқылы жүзеге асырылады. Психикалық қорқытудың бұл түрі түрлі формада:  “өлтіремін”, “бауыздаймын”, “сындырамын-құртамын”, “қырамын-жоямын” деген сөздермен, іс-қимылдармен, түрлі жарақаттар салуға болатын қару-жарақ көрсетумен жүзеге асырылады. Психикалық күш көрсетуде қорқыту нақты болуы керек, яғни қылмыс жасаушы әрекетті сол кезде жүзеге асыратындай мүмкіндік болғанда ғана қорқыту жүзеге асырылды деп сараланады.

Қорқытуды алдағы уақытта жүзеге асыру немесе  күш қолданбай-ақ қолдану, немесе  денсаулығы мен өміріне қауіп  төндірмейтіндей күш көрсету  жағдайда байланысты бұзақылық емес, алаяқтық деп саралануы мүмкін.

Шабуыл жасау-бұл  жәбірленушіге қарсылық жасауға мүмкіндік бермейтіндей кенеттен күш көрсету. Қылмыстық құқық теориясында  “шабуыл жасау” түсінігінің нақты анықтамасы берілмеген. Заңгерлердің бір тобы бұзақылықтың анықтамасын беріп, мазмұнын толықтай ашпайды. Екінші бір тобы шабуыл жасауды күш көрсету деп түсіндіреді. Үшінші біреулері, шабуыл жасау бұл күш көрсету емес деп есептейді.

Қылмыстық құқық  ғылымында физикалық күш көрсетуді  қоғамға қауіпті, құқыққа қайшы  әрекет жасау арқылы жәбірленушінің еркінен тыс оның денесінің сыртқы және ішкі бөліктеріне зардап келтіру деп таниды. Соңғы кездерде күш көрсету жәбірленушінің өз еркімен де жүзеге асырылатын жағдайлары кездесіп жүр, атап айтқанда: адам ағзасына ұйқы келтіретін, есеңгірететін, уландыратын зат заттар жіберу. Менің ойымша, адам ағзасына есеңгірететін заттарды жіберудің өзі күш көрсету әрекеті болып табылады, өйткені сол заттардың көмегі арқылы жәбірленуші қарсылық көрсету мүмкіндігінен айырылады, сондай –ақ қолданылған  уландыратын, есеңгірететін, есірткілік т.б заттар көп мөлшерде болса, жәбірленушінің организмінің нақты қалыпты жағдайдан шығып, денсаулығының ұзақ уақытқа бұзылуына немесе жалпы еңбек қабілетінің жоғалуына, сөйтіп оның өліміне әкеліп соғуы мүмкін.

Жәбірленушінің  жеке  мүлкіне ие болу үшін, жәбірлеуші  жәбірленуші тарапынан көрсетілген қарсылықты жеңу үшін оның еркіне қарсы әрекет етуі керек. Сондықтан да, жәбірлеушінің жәбірленушінің организміне қарсы қолданған есеңгірететін, есірткілік заттарын адамның қарсылығын жою мақсатында қолданатындықтан күш көрсету тәсілі деп саралаған дұрыс деп білемін.Жәбірленушінің әрекетінің бағасын беруде, жәбірленуші әрекеттің қауіптілігін біле алды ма, егер білсе әрекеттің қауіптілігін бағалау мүмкіндігі болды ма? Осыған сәйкес әрекеттің бағасы беріледі, яғни әрекеттің жәбірленушінің мүддесіне бағытталғандығы және оның еркінен тыс жасалғандығы туралы. Осы әрекеттерді дұрыс саралау арқылы әрекеттің  бұзақылық немесе тонау болғандығын анықтау мүмкіндігін береді.

ҚР Қылмыстық  кодексінің 112-бабына сәйкес қорқытуға  төмендегідей анықтама беріледі: өлтіремін немесе денсаулыққа ауыр зиян келтіремін деп, сол сияқты адамның жеке басына өзге ауыр күш көрсетемін не мүлікті өртеп құртамын деп, жарылыс жасалу немесе өзге жалпы қауіпті тәсілмен қорқыту, бұл қорқытудың іске асатындығына қауіптенудің жеткілікті негіздердің бар екендігі кезінде жасалған әрекет.Денсаулыққа ауыр зиян келтіру әрекеттеріне тыныс алу органдарын қысу, биіктіктен лақтыру, автокөліктен итеріп жіберу, жәбірленушінің организміне түрлі дәрі-дәрмек, есеңгірететін, есірткілік заттар беру арқылы әсер ету т.б.жатады. Осы тәсілдерді қолданып әрекет ету жәбірленушінің организміне  зардап келтірілмесе де  бұзақылық қылмыс ретінде сараланады.

Жәбірленушіге оның денсаулығы мен өміріне  қарсы  күш көрсету арқылы жасалған қорқыту  әрекеті, егер  әрекет оның жеке мүлкіне иелік ету мақсатында жүзеге асырылған болса, бұзақылық әрекеті ретінде саналады.  Бұзақылық түсінігіне адамға қарсы қолданылған физикалық күш көрсету ғана емес сонымен қатар оның денсаулығы мен өміріне қарсы күш көрсету әрекеті де жатады. Бұл жағдайды бұзақылық ретінде саралау үшін қорқыту нақты жүзеге асырылатындай жағдай қалыптасуы керек [5,24-26бб] . Бұзақылық қылмысындағы күш көрсету мүлікке ие болу үшін қолданылатын құрал ретінде қарастырылуы керек. Жасырын мүлікке ие болу жағдайында, мүлікке иелікті сақтап қалу үшін күш көрсету де  бұзақылық әрекеті ретінде, ал егер жәбірлеуші жәбірленушіге қылмыс жасау орнында жасырын түрде алған заттарын тастай салып, қылмысты жасыру мақсатында қарсылық көрсететін болса, онда мұндай әрекет бұзақылық ретінде саралануы керек.

 Бұзақылық әрекеті күш көрсетуді жүзеге асырған уақыттан бастап аяқталған деп есептелінеді. Аяқталған бұзақылық үшін жауаптылық, жәбірлеушіге сыртқы оның еркінен тыс күштер әсер етіп жағдай өзгеріп, мүлікке ие бола алмаған жағдайда да туындайды.  Қылмыстың аяқталмауына жәбірленушінің жеке тұлғасының да  әсері бар ( физикалық жағдайы, шабуылға қарсылық көрсетуге дайындығы) [4,98б].

 Бұзақылықтың субъективтік жағы пайдакүнемдік мақсатпен жасалатын тікелей қасақаналықтан тұрады, яғни жәбірленушінің өз іс-әрекетінің қоғамға қауіпті екендігін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті  зардаптары болуы мүмкін екенін  немесе болмай қоймайтынын алдын ала білуі. Зардаптың болуы мүмкін екендігін білуі яғни зардаптың ауырлығы мен сипатын білуі. Жәбірлеушінің қылмыстық әрекеті мен зардабының арасында болатын  себепті байланыстың даму ерекшеліктерінің болуы мүмкін екендігін білмеуі де мүмкін. Мұндай жағдайда жәбірлеуші үшін жауаптылық келтірілген зардапқа сай туындауы керек. бұзақылықтағы пайдакүнемдік мақсат күш көрсету әрекетін қылмыс құралы ретінде пайдалану  арқылы жүзеге асырылады.

 Бұзақылық әрекеті де адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жүзеге асуы мүмкін. Бұзақылық мақсатында шабуыл жасауға қатысушы тұлға қылмыстық әрекетке бірге қатысқанымен жанжақты әрекет жасамауы, жәбірленушіге күш көрсетпеуі де мүмкін. Мұндай қатысушылардың әрекеті қалай саралануы керек? Әрекет адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жүзеге асқандықтан, тұлға күш көрсету жүзеге асқан жерде бірге болғандықтан, сөйтіп еш әрекет жасамаса да өзінің жәбірлеушінің жақтасы екендігін танытып, жәбірленушінің психикасына әсер еткендіктен  бұзақылық әрекетке қатысушы деп танылады.

Жәбірлеуші  мен жәбірленуші бір отбасының  мүшелері болып, пайда табу мақсатында кісі өлтірумен , бұзақылықпен ұштасқан кісі өлтіруді де бір-бірінен ажыратуда көптеген қиындықтар кездеседі. Бұл жағдайда Жоғарғы Сот төменде келтірілген мән-жайларды есепке алуды ұсынады:

-қылмыс жасау тәсілі;

-қылмыс жасалу орны;

-жәбірленуші мен жәбірленушінің өзара қарым қатынасы;

-жәбірлеушінің қылмыс  жасағанға дейінгі және қылмыс жасағаннан кейінгі мінез-құлқы [5,16б]

Қылмыс жасау тәсілі, қылмысқа қатысушылардың өзара қарым қатынасы, туысқандық дәрежесі жоғарыда келтірілген  қылмыстарды бір бірінен ажыратуда  белгілі бір роль атқарғанымен, ең басты ролді жәбірлеушінің қылмыс жасағаннан кейінгі мінез –құлқы атқарады, яғни ол өлген адамның мүлкіне оны өлтіру кезінде ие болады ма немесе мүлікке ие болу оны өлтіргеннен кейін жүзеге асырылды ма?  Міне, осы жоғарыда келтірілген жағдайлар арқылы екі қылмыстың бір-біріне айырмашылығын ажыратып алуға болады. Сонымен пайдакүнемдік мақсатпен кісі өлтірумен, бұзақылықпен кісі өлтіруді ажыратуда төменде келтірілген белгілер міндетті түрде болуы керек:

-әрекеттің шабуыл жасау арқылы жүзеге асуы;

-мүлікке иелік ету  мақсатының болуы;

-мүлікке ие болу кісі  өлтіру кезінде немесе кісі  өлтіру жүзеге асырылысымен  жүзеге  асуы.

 Бұзақылық қылмысының қоғамға қауіптілігін есепке ала отырып, ішкі істер органдарының қызметкерлерінің жұмысын одан әрі жандандыру, тергеушілердің жоғары деңгейлі маман болуын, қылмыстық ізге түсушілердің  қылмыстың осындай түрлері лифтыларда, подъездерде, тұрғын үйлерде, көліктерде орын алғанда, оны әшкере етуде жоғары біліктілік көрсетуін жүзеге асыру керек. Ең қауіптісі бұл қылмыстарды алдын ала  сөз байласқан қылмыстық топтардың жасауы.Сондықтан қылмыстардың бұл түрлерімен күрес жүргізу бүгінде  өзекті мәселенің бірі. 

 

    1. Бұзақылықтың  объектісі және объективтік жағы

 

 Бұзақылық, яғни бөтен мүлікті бұзақылық мақсатында шабуыл жасауға ұшыраған адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш көрсетумен немесе тікелей осындай күш қолданамын деп қорқытумен ұштасқан шабуыл жасау ҚР ҚК 257-бабы бойынша жауаптылыққа тартады.

Бұзақылық күрделі объектілі қылмыс қатарына жатады. Бұл қылмыс қоғамдық қауіпсіздікке  ғана емес, сонымен бірге жәбірленушінің денсаулығына да қол сұғады. Бұзақылық құрамы үшін факультативті емес, міндетті екі объектінің болуы керек. Сонымен бірге бұзақылықтың қос объектілі  бағытын заң әдебиетерінде осы мәселемен айналысатын барлық ғылымдар мойындайды

Бұзақылықтың қауіптілігі қоғамдық қауіпсіздікке  қол сұғушылықпен ғана емес, сонымен бірге шабуылға тап болған адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш көрсету қолданылатын қол сұғу әдісі қауіпті болып саналады. Денсаулық бұл жерде қол сұғушылықтың екінші маңызды объектісі болып саналады.

 Бұзақылықпен шабуыл жасау заты мүлік, яғни иелерінің қажеттілігін тікелей (тамақ өнімдері, киім-кешек және т.б.), не жанама (ақша, бағалы қағаздар және т.б.) қанағаттандыруға қабілеттілігіне ие болған материалдық дүние нәрселері танылады. Олар белгілі бір тұтынушылық бағасына ие болады. Осыған байланысты, заттың құны болады, ол азаматтық айналысқа, тауар-ақша қатынасына түседі. Азаматтық айналыстан алынған мүлік қоғамдық қауіпсіздікке  қарсы қылмыс заты бола алмайды [6, 126б].

Объективтік жағынан  бұзақылық адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш көрсетумен немесе тікелей осындай күш қолданамын деп қорқытумен ұштасқан шабуыл жасаумен көрінеді. Бұл жерде кінәлінің алға қойған мақсатқа қол жеткізу әдісі жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына қауіпті күш көрсету жолымен материалдық пайда табуға ұмтылысы болып табылады. Заң әдебиеттерінде бұл мәселе жөнінде ғалым-заңгерлер әрқилы көзқарастар білдіреді

«Шабуыл жасау» деген сөздің өзі жәбірленушіге  тұтқиылдан, күтпеген жерден психикалық ықпал етумен байланысты. Тұтқиылдық жәбірленушінің есін жиғызбастан, қандайда бір дәрежеде шабуылдың бетін  бірден қайтарып тастауға немесе өкімет тарапынан немесе үшінші бір адамдардан көмек сұрау мүмкіндігін болдырмай тастауы мүмкін.

Мүлікті иемденіп алу кезіндегі күш көрсету  кейде жәбірленушіге есеңгіретін  немесе улы зат қолдану арқылы көрінуі мүмкін. Мұндай жағдайда, егер мұндай әрекеттер алдау жолымен  жүзеге асырылатын болса, онда күш көрсету болып, бірақ шабуыл жасау болмауы мүмкін.

Бұл жағдайға Қазақстан  Республикасы Жоғары сотының 2003 жылғы 11-шілдедегі « бұзақылық туралы істер бойынша сот тәжірибесі туралы» нормативті қаулысының 22-тармағында назар аударылып, бөтен мүлікті бұзақылық мақсатында жәбірленушінің ағзасына оның еркіне қарамастан күштеп қатты әсер ететін улы немесе есеңгірететін зат енгізілсе, жасалған әрекет бұзақылық ретінде сараланатындығы аталған [7,47б] .

Егерде жоғарыда аталған мақсатта жәбірленушінің ағзасына оның еркіне қарамастан өмір мен денсаулыққа қатер төндірмейтіндей зат енгізілсе, жасалған әрекет тонау ретінде сараланады.

Егер жәбірленушінің өз еркімен арақ ішіп, есірткілік, қатты  әсер ететін улы немесе есеңгірететін  заттарды қабылдағаннан кейін есін білмей немесе мас болып, ұйықтап қалған жағдайда өзінің мүлкін заңсыз иеленіп алып қойғанын білмей қалса, онда кінәлінің әрекеті жасырын бұзақылық деп сараланады.

Осы жоғарыда аталған  қылмыстарды жасау кезіндегі  қолданылған заттардың әсер ететін қасиеттері мен сипатын анықтау бұл іске арнайы мамандар шақырумен не сараптама жүргізу жолымен шешіледі.

Информация о работе Бұзақылықтың қылмыстық-құқықтық сипаттамасы