Бұзақылықтың қылмыстық-құқықтық сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Июня 2013 в 20:44, курсовая работа

Краткое описание

Бұзақылық қылмыс құрамы екі объектіге бағытталған: жеке тұлғаның мүлкіне және денсаулығы мен өміріне. Бұзақылық қылмысын саралау үшін денсаулыққа қарсы зардап келтіру міндетті емес, адамның денсаулығы мен өміріне күш көрсетуге оқталу әрекеті болса жеткілікті.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................2
1.Бұзақылықтың қылмыстық-құқықтық сипаттамасы........................................3
1.1Бұзақылық қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың бірі ретінде...................................................................................................................................3
1.2Бұзақылықтың объектісі және объективтік жағы.........................................10
1.2Бұзақылықтың субъектісі және субъективтік жағы......................................13

2.Бұзақылық қылмысын оған ұқсас қылмыс құрамдарынан ажырату және оған жаза тағайындау ерекшеліктері................................................................................18
2.1Бұзақылық қылмысын оған ұқсас қылмыс құрамдарынан ажырату критерийлері.......................................................................................................................18
2.2Бұзақылық жөніндкгі істер бойынша сот практикасы туралы....................21

3.Бұзақылық қылмысының криминологиялық сипаттамасы және алдын алу........................................................................................................................................27
3.1Бұзақылық қылмысының криминологиялық сипаттамасы..........................27
3.2Бұзақылық қылмысының алдын алу...............................................................30

Қорытынды.............................................................................................................36
Пайдаланған әдебиеттер.......................................................................................38

Прикрепленные файлы: 1 файл

БҰЗАҚЫЛЫҚ.doc

— 287.50 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасының  Конституциясында (негізігі заңында) мемлекеттік  меншіктің және жеке меншіктің бірдей қорғалатыны туралы маңызды қағида бар. Бұл конституциялық қағида 1990 жылы қабылданган «Қазақ ССР-дағы меншік туралы» Занда жан-жақты талданған. Мысалы, осы Заңның 2 бабының Зп. былай деп көрсетілген: «Мемлекет тарапынан мемлекеттік және жеке меншік мүлкінің қай жерге тұрғанына қарамастан меншік құқын шектеудің немесе артықшылық берудің қандай да түрлеріне жол берілмейді».

Бұл айтылғандардан шығатын қорытынды сол, меншік түрлерінің бірдей екендігі айтылып қана қоймаған, оған мемлекет тарапынан кепілдік берілген.

Қолданылып  жүрген заңдарда жеке еңбекпен байланысып және меншік иесінің жеке басының мүдделеріне мақсатты түрде арналған өзіндік меншік туралы түсінік жоқ. Меншік түрлерінің тен екендігі бірдей құқықтық қорғау дегенді ғана емес, мемлекеттің ерекше меншігінде болатын кейбір объектілерді есепке алмағанда, меншік құқы объектілердің тендігі де қорғалған, деп түсіну қажет .

Меншіктің барлық түрлерін бірдей қорғау днгеніміз меншік құқы бұзылған жағдайда бірдей негізде, оның ішінде қылмыстық жауапкершілікте  бар, жауапқа тартылады. Алайда, қоғамдық қауіпсіздікке  қарсы бағытталған қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілік 1959 жылғы Қылмыстық кодексте Конституцияға да, Меншік туралы Заңға да , казіргі құқықтық идеологияға да сәйкес келмеген болатын. Жалпыға мәлім, 1959 жылғы ҚК социалистік меншікті Кеңес қоғамының экономикалық негізі деп қарап , оны алдымен және күшті корғауға бағытталған. Оның мәнісі мынада еді: біріншіден, социалистік қоғамдық қауіпсіздікке  қарсы және өзіндік қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы Кодекстің әртүрлі салаларында болды; екіншіден, өзіндік қоғамдық қауіпсіздікке  қарағанда социалистік қоғамдық қауіпсіздікке  жасалған қастық неғұрлым кең және тәптіштеп қарастырылды; үшіншіден, жеке қоғамдық қауіпсіздікке  жасалған қастықтан гөрі социалистік қоғамдық қауіпсіздікке  жасалған қастық қатаң жазаланды. Ал, Қазақстан Республикасының ҚК мұндай тұжырымдар жоқ. Қазақстан Республикасындағы меншік түрлерінің бәрі бірдей қорғалады.

Меншікті қорғау  қылмыстық заңның маңызды мәселесі болып табылады және заңдылық  сақтаудың  кепілі ретінде есептеледі.

Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы жасалған қылмыстардың бір саласы бұзақылық, бұзақылық т.с.с. қылмыстарға қарағанда сот тәжірибесінде көп қарастырыла бермегенімен оның қоғамға өте қауіпті екендігі рас.

Сонымен бірге,  бұзақылық - өзіне тән белгілері бар күрделі қылмыстардың қатарына жатады. Әдетте бұл қылмыстан азғындаған адамдар, қылмыс жасаудың алуан түрлі амалдарын қолданып жасайды. Сондықтан да  бұзақылық үшін занда қатаң жаза белгіленген. Шабуыл үшін қылмыстық жауапкершілік мәселелерін зерттеудің теориялық және практикалық маңызы бар.

 

 

   2 Бұзақылық  қылмысын оған ұқсас қылмыс  құрамдарынан ажырату және оған  жаза тағайындау ерекшеліктері

 

 2.1 Бұзақылық қылмысын оған ұқсас қылмыс құрамдарынан ажырату критерийлері

Бұзақылық арқылы жасалатын қылмыстардың барлығына тән ортақ белгілері және жасалу табиғаты бір болғандықтан, осындай тәсілдерді қолданып жасалатын қылмыстарды бір-бірінен ажырату өзекті мәселенің бірі болып отыр. Көбінесе бұл қылмыстарды ажыратуда құқық қорғау органдарының қызметкерлері Жоғарғы Сот Пленумының нұсқауларына жүгінеді, бірақ ол нұсқаулардың барлығында бірдей қылмыстарды саралау жағдайында кездесетін аспектілер есепке алынбаған, ең бастысы қылмыстарды бір-бірінен ажырататын критерийлер келтірілмеген.

Сондықтанда біздің міндетіміз осындай мәселелерге  байланысты ажыратуға қажетті критерийлерге талдау жасап, оларды бір жүйеге келтіру. бұзақылық арқылы жасалатын қылмыстарды ажыратудағы критерийлерді алғашқы немесе негізгі және қосымша критерийлер деп қарастыруға болады. Қылмыстарды бір-бірінен ажыратуда критерийлерді қылмыс құрамының элементерінің белгілерімен, қылмыстың белгілерін есепке ала отырып қарастыру орынды [11, 202-203 бб].Бұзақылық арқылы жасалатын қылмыстарды бір-бірінен ажыратуда ең негізгі критерий, қылмыстың объективтік жағының белгілерін анықтаумен тікелей байланысты, ең бастысы күш қолданудың тәсілі мен түрі. Осыған сәйкес бірнеше критерийді келтіруге болады.

1-ші критерий- әрекет етудегі  бұзақылық тәсілі.Бұл критерийдің маңызы, әрекеттің алғашқы кезіндегі күш қолдану немесе  күш қолданымын деп қорқыту тәсілін суреттеу, бағытын, әрі қарай дамуын көрсету [12, 26-30 бб]. ҚР Жоғарғы Сотының Пленумы әрекет ету тәсіліне қарай ажыратудың жалпы бағытына ғана тоқталған. Атап айтқанда, күш көрсету немесе күш көрсетемін деп қорқытудың адам өміріне немесе денсаулығына қауіпті әлде қауіпсіз болуына  әрекет етудің бас кезіндегі күш қолданумен күш қолданамын деп қорқытудың тәсіліне қарап тонау мен бұзақылықты ажырату өте қиынға соғады. Сондықтанда Пленум шешімінде күш қолданумен күш қолданамын деп қорқыту тәсілінде адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті  жалпы сипаттамасын ғана келтірген .

Заң әдебиеттерінде сот тәжірибесіне талдау жасай отырып, адамның өмірі мен денсаулығына  қаупін туғызатын  бұзақылық тәсілінің түрлі нұсқаларын келтірген: қару-жарақ басқа да олардың орнына қолдануға болатын құралдар қолдану, адамды биіктен итеріп құлату, суға тастап жіберу, жүріп келе жатқан автокөліктің жолына қарай итеріп жіберу, тұншықтыру, қылқындыру, иттерге қаптыру, бірнеше рет ұрып жарақат салу, бет-әлпетін өзгертетін жарақаттар салу, улы заттар беру т.б. Бұл жерге сондай-ақ, түрлі механизмдерді пайдалануды да жатқызуға болады. Жоғарғы Сот Пленумының берген бұл түсініктемесін басшылыққа ала отырып, бұзақылық арқылы жасалатын қылмыстарды саралауда жіберілетін қателіктерді болдырмауға болатындығын тілге тиек етуге болады.

Тонау қылмысын жүзеге асырғанда қолданатын күш  қолдану тәсілі туралы Жоғарғы Сот  Пленумының түсініктемесінде анықтама жалпылама түрде берілген, атап айтқанда, жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіру немесе оның бостандығын шектеу арқылы оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіру қаупін туғызу деп көрсеткенде, нақты қажетті белгісі көрсетілмеген . Шын мәнінде тонауды жүзеге асырғанда күш қолданудың толып жатқан тәсілдері қолданылады: итеріп жіберу, жолына кедергі қою, бетінен шапалақпен ұрып жіберу, қолын қайыру, байлап қамап тастау. Қылмысты саралауда көбінесе тонау мен бұзақылықты ажыратуда іс жүзінде әрекеттің белгісіне дұрыс көңіл аудармай, тек келтірілген зардапты ғана есепке алып қателіктер жіберіп алулары мүмкін. Сондықтанда, тонауда күш қолдану ашық, бұзақылықта ашық әрі қару қолдану арқылы жүзеге асырылатындығын естен шығармау керек.

2-ші критерий-жүйкеге  әсер ететін заттар мен есірткілерді  адам ағзасына жәбірленушінің  еркінен тыс жіберудің белгілері мен мөлшері. Жоғарғы Cот Пленумының түсініктемесінде жәбірленушіге қолданылған жүйкеге әсер ететін заттар мен есірткілік заттардың оның өмірі мен денсаулығына төндірген қаупінің көлемі мен жәбірлеушінің оны қолдану тәсілі туралы айтылған. Келтірілген зардап көлемі арнайы маманның сараптама жүргізуі нәтижесінде анықталады.

3-ші критерий- күш қолданамын деп қорқытудың  мазмұны.Психикалық күш қолдану,  яғни, адамның өмірі мен денсаулығына  қауіп төндіретін күш қолданамын  деп қорқыту қорқытудың мазмұнымен тікелей байланысты. Қорқытудың мазмұны біржақты мағына беруі керек, яғни өміріне, денсаулығына қауіп келтіру мағынасында (Өлтіремін, мүгедек етемін, қысқарт, тоқтат болмаса соңы жаман болады  т.с.с.). Егер, қорқытудың мазмұны анық белгілі болмаса, онда ондай қорқытуды саралау кезінде едәуір қиындық туындауы мүмкін. Бұл жөнінде Жоғарғы Cот Пленумы төмендегідей түсініктеме берген “Егер, бөтен біреудің мүлкін қорқыту арқылы тартып алса және қорқытудың нақты мазмұны белгілі болмаса, онда жасалған қылмыстың түрін ажырату үшін объективтік жақтың барлық белгілерін есепке алу керек (қылмыстың жасалған орны мен уақыты, қылмыскерлердің саны, қолданған қылмыс құралдарының түрлері, қорқытудың жәбірленушінің психикасына әсері т.б) ”. Қорқытудың мазмұнына қорқытуда қолданған құрал-жабдықтар да кіреді, бір жағдайда қорқыту тек сөз арқылы жүзеге асырылса, екінші бір жағдайда ол қару-жарақ қолдану немесе көрсету арқылы жүзеге асуы мүмкін. Қорқыту жазбаша түрде де, телефон арқылы да, басқа тұлғаның көмегімен де жүзеге асырыла береді.

4-ші критерий-қол  сұғылатын заттардың түрлері. Бұзақылық арқылы жасалатын қылмыстық әрекеттердің барлығы бірдей жеке тұлғаларға қарсы бағыттала бермейді, сондай-ақ, әрекет жеке тұлғалардың мүлкіне және мүлікті пайдалану құқығына да бағытталуы мүмкін. Бұл жағдайда субъектінің мақсаты мүлікке иелік ету құқығын алу немесе сенімге қиянат жасау.

5-ші критерий-қорқытудың  жүзеге асырылатын уақыты. Бұзақылық арқылы жасалатын қылмыстардың көпшілігінде қорқыту бірден, тап сол жерде жүзеге асырылатыны, мысалы, бұзақылық, тонау т.б. Кей жағдайларда қорқытудың біраз уақыт өткеннен кейін барып жүзеге асырылуы мүмкін, мысалы, өлтіремін, денсаулығына зиян келтіремін деп қорқыту (112 бап, қорқыту; 181 бап, қорқытып алушылық). бұзақылық арқылы жасалатын қылмыстарды бір-бірінен ажыратуда ең маңыздысы субъектінің ниетінің бағыты. Тонау мен бұзақылықта субъектінің ниеті тез арада жәбірленушінің мүлкіне ие болу, ал қорқытып алушылықта жәбірленушінің мүлкіне алдағы уақытта ие болу. Жоғарғы сот Пленумының келтірген критерийлерін ескере отырып, Л.Д.Гаухман қорқытудың нақты мазмұны белгілі болмаған жағдайда, қорқытуды қабылдаған жәбірленушінің және оны жәбірлеушінің психикалық жағдайларын есепке ала отырып әрекеттің бағасын беру керектігін айтады.

Ұсынылып отырған бұзақылық арқылы жасалатын қылмыстарды бір-бірінен ажырату әдісі кінәлілік қағидасына негізделген: нақты қорқыту әрекеті болмаған жағдайда, қорқыту ниеті болғандығын (жәбірлеуші өмірі мен денсаулығына зардап келтіремін деп қорқытқандығын мойындамауы мүмкін) есепке ала отырып, басқа жағдайларды, орны, уақыты, қорқыту тәсілі және оны жәбірленушінің қабылдауы жағдайын есептей отырып  қылмыстық әрекетті саралаған жөн.

Бұзақылық арқылы жеке тұлғаның мүлкін талан-таражға салу мақсатында жасалатын қылмыстың тағы бір түрі – бұзақылық болып табылады. Бұзақылықтың объективтік жағы адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолданумен немесе тікелей осындай күш қолданамын деп қорқытумен ұштасқан шабуыл жасау арқылы белгіленеді. Осыған орай бұзақылықтың объективтік жағы негізінен екі әрекет арқылы: шабуыл жасау және күш қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Бұзақылықта қорқытудың өзіне тән толып жатқан тәсілдері бар, сондықтанда, алдын ала тергеу және анықтау жұмыстарымен айналысушылар үшін “Жаман болады”, “Не болатынын кейін білесің?”, “Көрсетемін”,“Тоқтай тұр, бәлем!”, “Кейін өкінесің” деген сияқты сөздерді пайдаланып жүзеге асырылған қорқыту әрекеттерін сараптау өте қиынға түседі. Мұндай жағдайларда біздің пікірімізше, қорқыту әрекеті жүзеге асқан орын, уақыт, қылмыскерлер саны, олардың қолданған құралдары және бұл қорқытуды жәбірлеушінің қалай қабылдағаны есепке алынуы керек. Жәбірленушінің қорқытуды қабылдауына әсерін тигізетін көптеген жағдайлар бар, олар:  денсаулық жағдайы, жасы, мінез-құлық ерекшелігі, көңіл-күйі, жынысы, білім деңгейі, өскен ортасы т.б

Сондай-ақ, адамның  өмірі мен денсаулығына қауіп  төндіре отырып бұзақылық жасауда, оның еркінен тыс есеңгірететін заттар қолданып, қылмыстық әрекетті жүзеге асырғанда, есеңгірететін заттарды қолданған уақыт  пен қылмыстық зардап келтірілген уақытты есепке алу керек. Егер, уақыт аралығы дәл келмесе онда әрекет қылмыстар жиынтығы ретінде сараланады. Бұзақылық субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен және пайдакүнемдік мақсатпен жасалады. Қылмыстық әрекетті саралауда қасақаналық ниеттің пайда болған уақыты маңызды роль атқарады. Мақсат ертеректе пайда болып және оның қалай жүзеге асырылатындығының күні бұрын жоспарлануы әрекеттің қоғамға қауіптілігін көрсетеді.Жоғарыда бұзақылықарқылы жасалатын тонау мен бұзақылықты саралаудың жалпы сипаттамасын бере отырып, олардың бір-бірінен төмендегідей айырмашылығы бар екендігін айта аламыз: күш қолдану және күш қолданамын деп қорқыту арқылы жүзеге асырылатын  тонау мен бұзақылықты бір –бірінен ажыратудың басты критерийі объективтік жақтың белгілерімен тікелей байланысты:

Бірінші критерий-күш  қолданудың мазмұны мен жеделдігінде;

Екінші критерий- жәбірленушіге еркінен тыс қолданған  жүйкеге әсер ететін заттардың көлемі мен қасиеттерінде;

Үшінші критерий- күш қолданудағы қорқытудың мазмұнында;

Қосымша критерий- объектілердің түрі мен күш қолданудан туған зардап көлемінде.

 

    1.   Бұзақылық жөніндегі істер бойынша сот практикасы туралы

 

Айыптының айналасындағы  адамдарға өзін қарсы қою және оларды менсінбеу ниетінен туындаған, қоғамды және адамгершілік нормаларын көрінеу құрметтемеуді білдіретін, азаматтарға қарсы күш қолданумен не оны қолданамын деп қорқытумен, сол сияқты бөтеннің мүлкін жоюмен немесе бүлдірумен не ерекше арсыздығымен ерекшеленетін әдепсіз іс-әрекет жасаумен ұштасқан қоғамдық тәртіпті қасақана бұзуы заңға сәйкес қылмыстық жазалауға жататын бұзақылық болып танылуы мүмкін. Қылмыстық жазалауға жататын бұзақылықтың ұсақ бұзақылықпен салыстырғанда қоғамға өте қауіпті екенін куәландыратын айрықша белгілер қоғамдық тәртіпті тым өрескел бұзушылық, қоғамды көрінеу құрметтемеу болып табылады. Қоғамдық орындарда балағат сөздер айту, жеке адамдарға кемсітушілікпен тиісу, тұрғын үйлерді, көпшілік орындарды ластау және айналасындағы адамдарды құрметтемеуді білдіретін, қоғамдық тәртіпті бұзатын және жеке адамдардың мазасын алатын осындай басқа да әрекеттер күш қолданумен не оны қолданамын деп қорқытумен, сол сияқты бөтеннің мүлкін жоюмен немесе бүлдірумен ұштасқан жағдайларда, олар әкімшілік құқық бұзушылықтың шегінен шығады және қылмыстық жазалауға жататын бұзақылық құрамын құрайды.Азаматтарға күш қолданумен не оны қолданамын деп қорқытумен, бөтеннің мүлкін жоюмен немесе бүлдірумен не ерекше арсыздығымен ерекшеленетін әдепсіз әрекеттер жасаумен ұштасқан, қоғамды көрінеу құрметтемеуді білдіретін қоғамдық тәртіпті бұзу қоғамдық тәртіпті тым өрескел бұзушылық болып танылуы мүмкін.

Қоғамдық тәртіпті ұзақ және қасарыса ұдайы бұзу, көпшілік шараларға кедергі келтіру, кәсіпорынның, ұйымының, мекеменің немесе қоғамдық көліктің қалыпты жұмысын уақытша тоқтату осындай әрекеттерге жатқызылуы мүмкін. Айналасындағы адамдарға өзін қарсы қою, оларды менсінбейтінін көрсету ниетінен туындаған, мінез-құлықтың жалпыға ортақ нормалары мен ережелерін әдейі бұзуды қоғамды көрінеу құрметтемеу деп түсіну керек. Жалпыға ортақ адамгершілік нормаларын әдейі елемеумен, мысалы ұйятсыздықпен, ауруды, кәріні, дәрменсіз күйдегі адамдарды қорлаумен ұштасқан бұзақылық әрекеттерді ерекше арсыздық деп түсіну керек. Қоғамдық тәртіпті бұзушылықтың тым өрескелдігі мен бұзақылық әрекеттердің әдепсіздігінің нақты сипаты айыпталушы ретінде тану туралы қаулыда, айыптау қорытындысында және үкімде міндетті түрде көрсетілуі тиіс.Қылмыстық ізге түсу органдармен айыпталушыға тағылмаған бұзақылықты саралау белгілері істі қосымша тергеуге жіберместен үкімде көрсетілуге тиіс емес. Қылмыстар көп болып, оның кейбіреулерінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі - ҚК) 257-бабында қарастырылған қылмыс құрамының белгілері бар болған кезде.

Информация о работе Бұзақылықтың қылмыстық-құқықтық сипаттамасы