Бұзақылықтың қылмыстық-құқықтық сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Июня 2013 в 20:44, курсовая работа

Краткое описание

Бұзақылық қылмыс құрамы екі объектіге бағытталған: жеке тұлғаның мүлкіне және денсаулығы мен өміріне. Бұзақылық қылмысын саралау үшін денсаулыққа қарсы зардап келтіру міндетті емес, адамның денсаулығы мен өміріне күш көрсетуге оқталу әрекеті болса жеткілікті.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................2
1.Бұзақылықтың қылмыстық-құқықтық сипаттамасы........................................3
1.1Бұзақылық қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың бірі ретінде...................................................................................................................................3
1.2Бұзақылықтың объектісі және объективтік жағы.........................................10
1.2Бұзақылықтың субъектісі және субъективтік жағы......................................13

2.Бұзақылық қылмысын оған ұқсас қылмыс құрамдарынан ажырату және оған жаза тағайындау ерекшеліктері................................................................................18
2.1Бұзақылық қылмысын оған ұқсас қылмыс құрамдарынан ажырату критерийлері.......................................................................................................................18
2.2Бұзақылық жөніндкгі істер бойынша сот практикасы туралы....................21

3.Бұзақылық қылмысының криминологиялық сипаттамасы және алдын алу........................................................................................................................................27
3.1Бұзақылық қылмысының криминологиялық сипаттамасы..........................27
3.2Бұзақылық қылмысының алдын алу...............................................................30

Қорытынды.............................................................................................................36
Пайдаланған әдебиеттер.......................................................................................38

Прикрепленные файлы: 1 файл

БҰЗАҚЫЛЫҚ.doc

— 287.50 Кб (Скачать документ)

«Қылмыскерлікпен  күрес» терминін қолданғанда қоғамның өнегелік, құқықтық негіздері мен  қылмыскерлік арасындағы бітіспес қарама-қайшылыққа ғана бола назар аударылатын сияқты. Егер бұл соғысты өмір үшін емес, өлім үшін соғыспен тендестіретін болсақ, онда ол соңғының шеңберіне сыйыспайды. Қылмыскерлікпен күрестегі басты мақсат—оның алдын алу, адамды қылмыс жасаудан сақтандыру, ал егер оның қылмыстық әрекеті айкындалса - ондай әрекеттің сылтауы мен себептерін білу, оған қолданылатын қылмыстық жазаны басқа шарамен алмастыру мүмкіндігін қарастыру, қажетті әлеуметтік көмек көрсету.

Соғыс жөніндегі  дәстүрлі ұғымға бұл сәйкес келмейді, себебі нағыз соғыста бір жақ екінші жақты кез келген құралмен жоюға, қалайда оның шабуылын не қарсылығын жаныштауға тырысады. Соғыстың жариялануы дегеніміз, армияға тойтарыс беретін жақтың қажетті қорғаныс қабілеті болуын көздейді. Қылмыскерлікпен күреске қатысты алатын болсақ мұндай ұқсастықта үлкен қауіп жатыр: қылмыскер ұсталған жерде-ак жазасын алар еді, оған заңсыз мәжбүрлеу әрекеттері қолданылар еді, ал одан қоғамға кауіпті салдарлар туындауы сөзсіз.

Сондықтан армияны  қылмыскерлікпен күрес субъектілерінің қатарынан, мүмкін болса, шығарып тастау керек. Армия сыртқы жауларды жеңу үшін керек, ал мемлекетке оны өз азаматтарына қатысты қолдануға болмайды.

Екінші жағынан, қылмыс жасайтындармен келісімге келуге бола ма? Тәжірибеге сүйенсек, оларды тек  өз кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінсе, ары қарай қылмыс жасаудан бас тартса ғана жазадан босатуға және оларға көмектесуге болады.

Әңгіме тұрақты  кәсіби қылмыскерлер, ұйымдасқан қылмыстық  құрамалардын басшылары, олардың белсенді қатысушылары жайында болса, кейбір шаралардың тиімділігі төмен болады.

Қоғам, қаншалықты мейірбанды, адамгершілікті болса да, қылмыстық іс-қимылға, әсіресе жоғарыда аталған адамдардың қылмыстық әрекетіне  жайбарақат қарап отыра алмайды, қайта оларға қатысты мемлекеттік  мәжбүрлеудің ең қатаң шараларын қолдануы тиіс. Өйтпеген жағдайда көптеген адамдардың өмірін, ар-ожданың, тыныштығын, денсаулығын, мал-мүлкін құрбан етеді. Азаматтардың өздері де өз азаматтарын қылмыскерліктің құрбаны еткен мемлекетке төзе қоймас. Қылмыскерлік пен саясат өзара тығыз байланысты.

Кез келген өркениетті қоғам қылмыскерлікке қарсы тұрады, олай болмаған жағдайда ол өз өркениеттігін  сақтай алмайды. Ал бұл қарсы тұрушылық  қылмыс жасаған адамға қатысты да, жәбірленушіге қатысты да заң  шеңберінде жүзеге асырылуға, онда өркениеттік нысан болуға тиіс.

Сонымен, қылмыскерлікпен  күресті толық көлемде жүргізу  керек, ол үшін қылмыскерлікпен күрес  ұйымдастырудың жалпы әдістері жайлы  білу қажет.Қоғамдық қауіпсіздікке  қарсы қылмыстың мінездік криминологиялық қасиеттері бөлінеді:

1) жеке тұлғаға зорлықтың қатысы жоқ қатаң әрекеттер ( бұзақылық, алаяқтық, қорқытып алушылық, тонау);

2) тұлғаға қатысты  (қатаң әрекеттер);

3) жеке мүлікке  қарсы зорлық қылмыстар, қатаң  мақсатсыз (ойластырылған және  абайсызда жою немесе азаматтардың  жеке мүлкін құрту). Криминологиялық қатынаста қатал (арам) және қатаң зорлықпен азаматтардың қол сұғушылықтары ұқсас болып келеді. Азаматтардың қызығымен заңсыз заттай пайда табу үшін немесе арамдылықпен жасалады. Орындалу барысында тонау бұзақылыққа, ал бұзақылық – бұзақылыққа өсуі мүмкін.

Бұзақылық жасаған адамдар көбінесе ортақ және арнайы білімнің төмені болуы тиесілі.Бұзақылық  әдетте отыз жасқа толмаған адамдармен жасалады. Жасалған бұзақылықтардың 52 пайызы он төрттен отыз жасқа дейінгілерге келеді, оның үстіне тонау үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылғандардың он пайызын он төрттен он бес жастағы жасөспірімдер құрайды.

Бұзақылық  жасаған тұлғалардың жынысы қызуғышылық тудырады. Қылмыстық істерді жаттағанда оның көбін 88 пайызын ер адамдар жасайды.

Адамның іс әрекеті, оның ішінде қоғамға қауіптілер де адамның мінез-құлқымен және сана-сезімімен басқарылады. Ф.Энгельс көрсеткен «Өзіндік таңдау бостандығы, өзгеру, қажеттілікпен бостандықтың қатынасы туралы рух және құқық туралы айту мүмкін емес» [14, 91б].

Сана-сезім және адамның бостандығы – тұлғаның психикасының негізгі функциясы болып табылады. Олар, қоғамдық ортамен, қоғамның өмірінің материалдық шартымен қаралады. Бірақ  адамның сана-сезімінің қоғамдық өмірімен байланысты оның іс-әрекеті  мен тәртібі үшін жауаптылықтан босатпайды. Адамның сана-сезімі мен бостандығы, күнделікті оршаған іс әрекеттерді шындықты және істі біле шешімді қабылдауды философия нақты дәлелді.

Тергеу материалдарын  меңгеру және сот практикасы көрсеткендей адамдардың мас болуы қылмыс жасаудың басты түрткісі болады. Қылмыстық істерді талдау және меңгеру істердің алкогольдық және нашақорлық мас күйінде қылмыстық істердің 35 пайызы жасалғанын көрсеткен.

Қылмыстардың  көбі сау кезінде жасалса да ұрланған заттарды сатып алкогольдық немесе нашақор заттарды сатып алу үшін жасалатыны анықталған.

Қылмыскердің  дұрыс субъективтік мінез-құлқын құрастыру  үшін оның білімдік дәрежесін, айналысатын  ісін, бұрын сотталғының болуын, болмауын анықтау қажет.Осылай бөтен  мүлікке қол сұғушылық үшін сотталғандар төмен бөлімді болады. Оның ішінде жартысы сауатсыз адамдар, жақсы жағдайларда 10-сынып бітірген, онда қылмыскердің білімділігінің төмен болуы жетпіс пайыздан астам болады.

Әдеттегідей қылмыстық  іс-әрекет жасағандар соның ішінде бөтен мүлікке қол сұғушылық жасайтындар ол белгілі төмен, бірақ мәдени-этикалық және ой-өрісі де төмен дамыған адамдар.

 Бұзақылық  жасаған адамдардың ішінде (алпыс бес пайызы) қылмыс жасаған уақытта жұмыс істемеген және оқымаған адамдар жасағаны көрінеді.

Бұзақылықтың тікелей себебі болып мына теріс қасиеттер болып табылады:

-жанұялық ортада, жұмыс орында, оқу орында арам-құртушылық  ойдың қалыптасуы;

-адамда психологиялық  заттық, жинақтаушылық ойдың таратылуы;

-маскүнемдікке,  нашаға, ойындарға адамның қызығушылығы;

-қолданушылық-өзімшілдіктің және зорлықтың микроортасында жүруі;

-мәдениеттің  төмен болуы, адамдардың арам  және арам-зорлықпен қылмыс жасауы[15, 42б].

Жасалған қылмыстардың қаралуы барысында қылмыстың  ашылуы төмен қылмыстың ашылуының  төмен болуы, бөтен мүлікке қол  сұғушылық қылмысын жоғарлатады, ал осы қылмыстардың өсуі ашылуды төмендетеді.

Криминологиялық зерттеулер адамдардың арам және қатыгез  зорлықпен жасамаған қылмыс жасайтын ортақ қасиеттері бар екенін айқындады: азаматтардың жеке мүлкін ашуға деген  қатыгез қолданушылық, құртушылыққа ұмтылуы; заңға теріс қарауы, өмірдің ережелері және қоғамдық пікірлерді терістеуі; маскүнемдік, наша қолдану, ойынға құмарлық, кенетті жыныстық қатынастар.

Қылмыстың алдын  алуға әлеуметтік-экономикалық, тәрбиелеушілік, құқықтық ұйымдастырушылық мінезін профилактикалық тәрбиелеу.

 Бұзақылықтың мәні мен сылтауын арнайы спецификалық түрде қарастыру керек.

Қылмыстың алдын  алу мынандай арнайы шаралармен байланысты: құқық қорғау органдарының және арнайы тұлғалардың уақытында заңсыз сақтау, қару дайындау және оны алу; бұзақылар, қаңғыбастар, нашақорларды, қылмыскерлер табылған жерлердің, ұрланған заттарды тапсыру жерлерін тауып алу рейдін орындаумен; учетқа қатыгез зорлықпен қылмыс жасауға құштар адамдарды тіркеумен; тонаумен күреске арнайы топтар мен отрядтар құрумен; бас бостандығынан айыру мекемелерінен келгендерді жұмысқа орналастыру заңмен көзделген әкімшілік қадағалау.

Қоғам арасында, әсіресе жастар арасында қылмыстық  жолға түспеу туралы агитация жүргізу  қажет, соның ішінде жұмыскерлерге  және оқушыларға.

 

    1. Бұзақылық қылмысының алдын алу

 

Қылмыскерлікпен күрестің ең маңызды негізге аларлық  бастаулары деп мыналарды санауға  болады:

1.Алдын алу  қызметінің құқық қорғау қызметінен  басымдылығы, ал алдын алу қызметінде - мұқтаждарға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі шаралардың заңда көзделген шектеулерден басымдылығы.

2.Қылмыскерлікті  айқындау, ашу және айыпты адамдарға  қатысты заңда көзделген шараларды  қолдану.

3.Азаматтардың  құқықтары мен бостандығын шектейтін  шараларды тек заңның бұзылғандық  фактісі бойынша және заңда көзделген жағдайларда ғана қолдану. Қылмыстық іс-қимылға ниетті, оның болу ықтималдығын ғана негізге алып мұндай сипаттағы алдын ала ықпал ету әрекетіне жол берілмейді.

4.Күресті жалпы  коғам болып, жалпы халық болып  жүзеге асыру. Мұнда мемлекеттің рөлі ерекше, себебі мәжбүрлеу құралдары мен институттары мемлекеттің қолында. Қылмыскерлікпен күрестің бағытын да мемлекет анықтайды. Бірақ, мемлекеттің талпынысы азаматтық қоғамның барлық институттарының, заңды және жеке тұлғаларының талпынысымен өзара байланыста ғана ойдағыдай жеміс беруі мүмкін. Мұны әлемнің барлық криминологтері мойындаған, ол БҰҰ-ның бірқатар карарларында бекімін тапқан.

5.Қылмыскерлікпен  күресті заңдылық режимінде, тек  мемлекеттің Конституииясы, оған  қайшы келмейтін басқа заңдар мен заңға тәуелді актілер шегінде, халықаралық-құқықтық нормаларды сақтай отырып жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, Қазақстан Республикасының Конституциясында заңдық күші бар, ол тікелей әрекеттерді және Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады. Қазақстан Республикасының қолданылатын заңдар мен басқа құқықтық актілер Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келуге тиіс емес... Халықаралық құқықтың жалпы мойындалған принциптері мен нормалары және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары оның құқықтық жүйсінің құрамдас болігі болып табылады. Егер Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарында заңда көзделгеннен өзгеше ереже белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

Адамдардың  құқықтары мен бостандығын реттеу және қорғау; қауіпсіздік; сот құрылысы; прокуратура; қылмыстық, қылмыстық іс-жүргізушілік және қылмыстық-атқарушылық заңнама; рақымшылық және кешіру; федералдық мемлекеттіқ қызмет Қазақстан Республикасының басқаруында болады. Ал, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандығын қорғау, заңдылықты, құқық тәртібін, қоғамдық, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыскерлікпен күресте едәуір маңыздылығы бар бірқатар мәселелер Ресей Федерациясы мен оның субъектісінің басқаруында болады. Қылмыскерлікпен күреске катысатын органдардың халықтың бақылауында болуы. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес «биліктің бірден-бір көзі оның көп ұлтты халқы болып табылады», сол сияқты: «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну негізінде жүзеге асырылады. Биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот органдары әзінше дербес» [16, 148б] Өзекті мәселелердің бірі — халықтың сот органдарының, басқа да құқық қорғау органдарының қызметіне бақылау жасауының тиімді тетігін ойластыру.

6.Қылмыскерлікпен  күресті кешенді жүзеге асыру:  бір кезендерде қылмыскерліктің  алдын алу шараларымен ғана, басқа  кезеңдерде құқық қорғау, әсіресе  жазалау шараларымен ғана әуестенуге  жол бермеу.

7.Барлық жеке  және заңды тұлғалардың заң алдында тендігін қамтамасыз ету.

8.Қылмыстық  қудалауды үнемдеу және бас  бостандығынан айыру түріндегі  жазаларды қолдану, және де  әлім жазасы сияқты айрықша  жазаны, басқадай шешім қылмыстың  жаңа құрбаңдарына және басқа  елеулі зиянға алып келетін жағдайда ғана қолдану.

9.Жаңа ғылыми  және ғылыми-техникалық жетістіктерді  пайдалану, қылмыскерлердің алдыңда  жүру.

10.Қылмыскерлікпен  күрестегі халықаралық ынтымақтастық  және екі жақты ынтымақтастық.

Президент Н.Ә.Назарбаевтың бұйрығы бойынша «Заңды жоғарыға қойып және заңды азаматтардың қылмыстан қорғалуын» қылмысқа әсер етудің дәстүрлі әдістерді қолдануды белгілейді[17].

Қылмыспен күресудің  басты бағыты болып, системалық, комплектік талқылау және қылмыс жасауға түрткі болатын сылтаушыларын шығару және арнайы іс-шаралар қолдану табылады.

Қылмыстың алдын  алу үшін жан-жақты және терең  қорытынды беруге қылмысқа қатысқандардың тазарту үшін іс шараларды жоғарылату.

Қылмыс жасау  мүмкіндігі бар жерлердің барлығындағы халыққа қылмысты ескерту жұмыстары  жүргізілуі керек.

Соңғы он жылдықта қылмысты күшпен жою шаралары жоғарыдағы бағдарламада көрсетілгендей ешқандай күткен. Қорытынды бермейді. Криминалдық  жағдайды төмендетуі үшін жергілікті сонымен қатар республикалық  дәрежеде халықтың құқық қорғау және басқа мемлекеттік органдармен тығыз тазарту системасын құру қажет. Сонымен бірге басқа мемлекеттердің тарихи біліктілігін пайдалану керек, «социалдық із қалдырғаны» үшін одан бас тартуға болмайды.

Қылмыскерлікпен күрес дегеніміз жүйелік-құрылымдық қызмет, ол үш жүйенің жиынтығынан тұрады:

1) күресті жалпы  ұйымдастыру;

2) қылмыскерліктен  сақтандыру;

3) құқық қорғау  қызметі. Бұл әлеуметтік басқару  салаларының бірі және мыналарға  ықпал етеді: а) қылмыс және  қылмыскерлік тудыратын себептер  мен жағдайларға; ә) қылмыскерліктің өз бетімен детерминациялануынан сақтандыру және оны тыю мақсатында оның өзіне.

«Қылмыскерлікпен  кесімді күрес жүргізудің маңызы Қазақстан Республикасында құқықтық тәртіп орнатуда ғана емес, сонымен  қатар тұлғалардың құқықтары  мен мүдделерін қорғауда да зор. Соңғы жылдары тек қана жеке адамдардың өміріне, бостандығына, мүлкіне т.б. құндылықтарына қол сүғу қылмыстарының саны ғана өскен жок, сонымен қоса қазіргі күні ұйымдасқан қылмыскерлік, жемқорлық, тапсырыспен кісі өлтіру т.б. сияқты жаңа қылмыс түрлері пайда болды» .

Информация о работе Бұзақылықтың қылмыстық-құқықтық сипаттамасы