Бұзақылықтың қылмыстық-құқықтық сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Июня 2013 в 20:44, курсовая работа

Краткое описание

Бұзақылық қылмыс құрамы екі объектіге бағытталған: жеке тұлғаның мүлкіне және денсаулығы мен өміріне. Бұзақылық қылмысын саралау үшін денсаулыққа қарсы зардап келтіру міндетті емес, адамның денсаулығы мен өміріне күш көрсетуге оқталу әрекеті болса жеткілікті.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................2
1.Бұзақылықтың қылмыстық-құқықтық сипаттамасы........................................3
1.1Бұзақылық қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың бірі ретінде...................................................................................................................................3
1.2Бұзақылықтың объектісі және объективтік жағы.........................................10
1.2Бұзақылықтың субъектісі және субъективтік жағы......................................13

2.Бұзақылық қылмысын оған ұқсас қылмыс құрамдарынан ажырату және оған жаза тағайындау ерекшеліктері................................................................................18
2.1Бұзақылық қылмысын оған ұқсас қылмыс құрамдарынан ажырату критерийлері.......................................................................................................................18
2.2Бұзақылық жөніндкгі істер бойынша сот практикасы туралы....................21

3.Бұзақылық қылмысының криминологиялық сипаттамасы және алдын алу........................................................................................................................................27
3.1Бұзақылық қылмысының криминологиялық сипаттамасы..........................27
3.2Бұзақылық қылмысының алдын алу...............................................................30

Қорытынды.............................................................................................................36
Пайдаланған әдебиеттер.......................................................................................38

Прикрепленные файлы: 1 файл

БҰЗАҚЫЛЫҚ.doc

— 287.50 Кб (Скачать документ)

Жәбірленушіні әдейі арақ беріп, мас қылып, дәрменсіз  күйге келтірген жағдайдағы саралау  даулы мәселе болып саналып жүр. Жәбірленушінің мүлкін иеленіп алу мақсатында мас қылып арақ ішкізу адам ағзасын белгілі бір қалыптан ауытқушылық күйге әкеледі, сондықтан мұндай әрекеттер зардаптарына қарамастан бұзақылық немесе тонау деп саралануы тиіс. Жәбірленуші арақты немесе есірткіні өз еркімен ішкен немесе қабылдаған жағдайда күш көрсету қолданылмағандықтан бұзақылық үшін жауаптылық қарастырылмайды.

Іс жүзінде, өмірде шабуыл жасау біріншы басталып, ал күш көрсету қолданылмай жасалатын  қылмыстар жиі кездесіп жатады. Мысалы, қаруланған қылмыскер тасадан шығып жәбірленушінің артынан білдірпей келеді. Шабуыл жасау мен күш қолданудың арасында белгілі бір уақыт аралығындағы алшақтық болады, атап айтқанда кінәлінің бойында жағдайға байланысты қандай күш қолдану жөнінде ой қалыптасады. Шабуыл жасау мен күш көрсету уақытына қарай бір мезгілде болуы да мүмкін, мысалы кінәліні күтпеген жерде сыртынан ұрып жіберу.

 Бұзақылық кезіндегі күш көрсету заңда шабуылға ұшыраған адамның өміріне немесе денсаулығына қауіпті деп анықталады. Қылмыстық құқық және медициналық әдебиеттерде өмірге қауіпті күш көрсету деп, өзінің объективті белгілеріне қарай жәбірленушіні өлімге әкеп соқтыратын күш көрсету танылады.

Күш көрсетудің өмір үшін қауіпті екендігін анықтау  үшін істің барлық мән-жайларын: қылмыс жасау қаруын, күш қолдану сипатын, өмір үшын маңызды ағзаға келтірілген зиянды, сот-медициналық сараптама қорытындысын және басқаларды ескеру керек.

Қазақстан Республикасы Жоғары сотының 2003 жылғы 11-шілдедегі  « бұзақылық туралы істер бойынша сот тәжірибесі туралы» нормативті қаулысының 23-тармағында, өмір мен денсаулық үшін қауіпті емес күш көрсету деп, жәбірленушінің денесін ауыртумен, денсаулығының қысқа мерзімді бұзылуына әкеп соқтырмаған немесе еңбекке жарамдылығын елеулі түрде бұза қоймаған ұрып-соғуды немесе өзге де күштеп әрекет көрсетуді таныған жөн, деп атап көрсетеді [8,94б].

Өмірге немесе денсаулыққа қауіпті күш көрсету  деп, жәбірленушінің денсаулығына сараптама  жолымен анықталған, ауыр және орташа ауырлықтағы зиян келтіруге, сондай-ақ денсаулығын қысқа мерзімге бұзған немесе онша елеулі емес жалпы еңбекке жарамдылығына нұқсан келтірген жеңіл зиян келтіруге әкеп соққан күш көрсетуді тануға болады.

Күш көрсетумен ұштасқан бұзақылық немесе тонау құрамдары болған жағдайды күш көрсетудің мүлікті иелену немесе оны өзінде сақтап ұстап қалудың амалына айналды деп тануға болады. Мүлікті иеленіп алу мақсатындағы күш көрсетумен ұштасқан шабуыл жасау денсаулыққа зиян келтірмегенімен, оны қолдану кезінде ауырлатушы мән-жайлар болмаған кезде жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына айқын қауіп төндірген болса, онда оны ҚР ҚК 179-бабының 1-бөлігімен саралау керек. Мұндай жағдайда, кінәлінің әрекеті қарақышылық құрамын қамтымаса ҚР ҚК 103 және 104-баптарымен қосымша саралаудың қажеті жоқ болады.

Күш көрсетуге  тамағынан қолмен немесе тұзақ жіппен қылқындыру, басына полиэтилен қапшық кигізіп, тұншықтыру, ысытылған немесе түтін, газбен толтырылған үйшікке немесе басқа да үй-жайға қамау әрекеттері жатады. Мұндай жағдайдағы баға беру негізіне келтірілген зиянға қатысты емдеудің нәтижесі емесе, сол сәттегі келтірілген қауптілік алынады.

Адам өмірі  мен денсаулығына қауіпті қорқытумен күш көрсету деп шын мәнінде  рас болады деп ойлаған жағдайдағы жәбірленушінің өлім немесе денсаулығына зиян келеді деп үрейленуі танылады.

 Бұзақылық кезіндегі күш қолдану (денеге немесе психикаға) қашанда мүлікті иеленіп алудың амалы болап саналады, яғни ол мүлікті иеленіп алуға бағытталады. Егер күш көрсету басқа мақсатпен қолданылса, мысалы ұсталып қалудан құтылу үшін, онда жасалған әрекет бұзақылық құрамын құрамайды, ал ол тиісті қоғамдық қауіпсіздікке  қарсы қылмыс ретінде саралануы тиіс, мысалы, кінәлі ендігі мүлікті ұрлап үлгерді (жасырын – ҚР ҚК 175-бабы немесе ашық – ҚР ҚК 178-бабы) және жеке адамға қарсы қылмыс (жәбірленушінің денсаулығына келтірген зиянына қарай). Жәбірленушіге күш көрсету бұзақылық мақсатанда емес, әлдебір басқа себептермен болған жағдайда бұзақылық жайында сөз қозғалмауы тиіс, мысалы бұзақылық пиғылдағы әрекетпен кінәлі жағдайды пайдаланып, жәбірленушіге білдіртпей мүлкін ұрлап алады.

Сот тәжірибесінде жәбірленушінің иелігінде қылмыскер үшін құндылығы жоқ мүлік болмай, не жәбірленуші белсене қарсылық көрсетіп, және қылмыскер мүлікті иеленіп ала алмай қалған жағдайлар жиі болып тұрады. Құрылысы жағынан бұзақылықтың формальды құрамға жататындығы ескеріле отырып, ол тіпті кінәлі адам жәбірленушінің мүлкін иеленіп алмаса да аяқталған деп танылады.

 Бұзақылық құрамының объективтік жағының ерекшелігі, заң шығарушы бұл қылмысты жәбірленушінің өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті немесе кінәлінің мүлікті иеленген не иеленбегеніне қарамастан осындай күш көрсетумен қорқытумен бөтен мүлікті иеленіп алу мақсатымен жасалған шабуыл сәтінен бастап-ақ күш қолданумен ұштасқан әрекетті аяқталған деп таниды.

 

1.3 Бұзақылықтың  субъектісі және субъективтік жағы

 

Бұл қылмыстың субъектісі ҚР ҚК 15-бабының 2-бөлігіне сәйкес, жасы 14-ке толған, есі дұрыс жеке адам болып табылады.

Барлық қылмыстардың қоғамға қауіптілігі, сонымен қатар  бөтен мүлікті тонау қоғамдық қатынасқа келтірілген зардап арқылы ғана емес, жасау әдістері, кінәнің формасы, мотиві немесе мақсаты арқылы емес сонымен қатар кінәлі адамның дәрежесі арқылы анықталады. Рецедевист қылмыскермен жасалған қылмыс қауіпті болып табылады.

Жеке қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы бұзақылық  туралы қатыгездікпен жасалған қылмыстарды айта отырып мына маңызды мәселені білу қажет, яғни бұл қылмысты бөтен адамдардың еңбегін құрметтемейтін, эгоист- тек қана өз пайдасын ойлайтын, қатыгез, басқа адамдар мен мемлекеттің арқасында өз мақсаттарына жетуді ойлайтын адам жасайды.

Әлеуметтік саяси сипаттама бойынша, субъект заңдық белгілермен тығыз байланысты болып табылады. Қылмыстық жауаптылыққа және жазаға тек қана қылмыс жасағанға дейін берілген жасқа толған және өз іс әрекеттеріне жауап бере алатын, оның жасауына басшылық еткен адам тартылады.

 Бұзақылық жасауда субъектінің басты заңдық белгілері болып біріншіден заңда белгіленген жасқа толған, екіншіден есі дұрыс болу керек.

Практикада  бұл белгілерді анықтау, яғни жасын  анықтау ешқандай қиындық тудырмайды.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 15- бабының 2- тармақшасына сәйкес бөтен мүлікті бұзақылықдың субъектісі болып және жауаптылық жүктклктін адам болып, қылмыс жасағанға дейінгі уақытта 14 жасқа толған адам танылады.

Қоғамға қауіп  төндіргені үшін қылмыстық жауаптылыққа, белгілібір дәрежеге дейін өсіп, белгілі өмірлік тәжірибесі бар, өзінің жасап жатқан әрекеттеріне жауап беретін, қоғам арасында өз- өзіне жауап бере алатын және құқықтық зардаптардың болатынын түсінетін адам тартылады. Бұл қасиеттер адамның бойына тек жасы келген уақытта пайда болады.

Бөтен мүлікті  ұрлағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылатын адамның жасын заң  шығарушы орган, олардың қоғамға  қауіпті әрекеттерді жасамау  керек екендігін білетін және олар рұқсат етілген немесе рұқсат етілмегендікті біле отырып 14 жастан бастап тартылсын деп шешкен.

Кәмелетке толмаған балаларды ешқандай жағдайда да қылмыстық  жауаптылыққа тартуға болмайды. Өйткені  олар өздерінің жасап жатқан әрекеттеріне жауап бере алмайды.

Бірақ Қазақстан  Республикасының қылмыстық заң шығарушы және құқық қолданушылық практикасы кәмелетке толмаған заңды бұзған балаларды түзетуге тырысады. Кәмелетке толмаған балалар ауыр қылмыс жасаған жағдайда, олардың бұрыңғы мінез- құлқын ескере отырып, ол еңбекке тәрбиелеу колониясында түзелетініне күмәнданбай, қылмыстық жаза тағайындалады. Егер кәмелетке толмаған балалар бөтен мүлікті ұрласа, оларға қылмыстық жаза тек олардың тәрбиеленген мінез- құлқына байланысты тағайындалады.

Қоғам және мемлекет алдында адамның мінез- құлқы  оның құқықтық және моральдық жауаптылығын анықтайды. Қылмыс жасаған уақытта, өзі істеп жатқан әрекеттеріне жауап бере алмайтын болса, ол қылмыстық жауаптылыққа және жаза тартылатын субъек бола алмайды. Егер қылмыс жасаған адам әрекет қабілетсіз болса, оған медециналық көмек көрсетеді. Соттың психиатриалық экспертизасы бұзақылық жасаған адамның психикасын тексереді. Қылмысты кінәлі адам мас күйінде жасауы мүмкін.

Қазақстан Республикасының  Қылмыстық кодексының 18- бабына сәйкес, мас күйінде, есірткі немесе басқа есеңгіртетін заттарды қолданып жасалған қылмыс кінәлі адамды қылмыстық жауаптылықтан босатпайды. Сонымен қоса сот, мас күйінде қылмыс жасаған адамға ауыр жауаптылықпен жаза тағайындауы мүмкін .

Қылмыс субъектілерін  сипаттайтын белгілер, оған жауаптылық жүктеу мәселесін шешу кезінде қолданылады және кінәліге қылмыстық жазаның мөлшерін анықтайды.

Жүргізілген зеріттеулердің қортындысы: бұзақылық жасағаны үшін (97% ) еркектер мен жас адамдар, 16-35 жас арасындағы - 88% , 16-35 жас арасындағы криминалды топ- 29% , 14- 16 жас арасындағы жасөспірімдер- 5% , 35-50 жастағы адамдар- 7% , ал 50- жастан жоғарылар- 0,4% .

 Бұзақылық жасағаны үшін сотталған адамдар білімдері төмен дәрежелі деп сипатталады. Сотталған адамдардың ішінде ең үлкен топты жұмыскерлер-38% ; қылмыс жасаған уақытта жұмыссыз жүргендер- 32% ; олардың ішінде- 21% уақытша жұмыссыз қалғандар, ал 11%- ды тұрақты айналысатын істерімен, тұратын жерлері жоқ адамдар. Осыдан қоғамға пайдалы еңбекпен айналыспау- криминалды фактор болып табылады. Осылай өмір сүріп жүрген адамдар, өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін заңға қайшы әрекеттержасайды.

Сотталған адамдардың отбасылық жағдайы: олардың ішінде 77,5% неке құрмағандар, осыдан қылмыс жасауға көбінесе тек отбасын құрмаған адамдар барады деп қарастыруға болады.

 Бұзақылық жасағаны үшін сотталған адамдардың адамдардың ішінде нашақорлық заттармен, алкогольдік ішімдіктерді және тағы басқа заттарды қолданып қылмыс жасаған адамдардың бар екенін айта кету қажет. Қылмыс жасалған уақытта, зерттеу кезінде тексерілгендердің 56%- ы мас күйде болған  [9, 13б].

Осы жағдайлардың барлығын қорыта келе- бұзақылық жасаған адамдар көбінесе еркек жынысты жас, орта немесе толық емес орта білімі бар, қоғамға пайдалы еңбекпен айналысатын, алкогольдік ішімдіктер мен нашақорлық заттарды қолданатын адамдар танылады. Сотталғандардың азы- еңбекке жарамды, еңбек стажы бар және өзіне табыс әкеле алатын адам болып табылады.

 Бұзақылықтың  субъективтік жағы тура ниетпен және пайдакүнемдік мақсатпен сипатталады. Бұзақылық кінәлінің шабуылға ұшыраған адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолданумен ұштасқан қасақана қылмыстың жасалғанын ғана емес, сонымен бірге өз меншігіндегі немесе басқа бір адамның меншігіндегі мүлікке қатысты заңға қайшы әрекет жасау бағытын қамтуы мүмкін. Мүліктің заңсыз жолмен өз меншігіне немесе үшінші бір адамның меншігінен айналдыру ниеті болмаған жағдайда бұзақылық құрамы болмайды. Қылмыстың соңғы мақсаты мен оны жасаудың әдісін таңдауға қатысты әрекет тек қана тура ниетпен жасалады деп тануға болады, ал мүмкін болатын зардаптарға қатысты (денсаулыққа ауыр зиян келтіру не өлімге ұшырату) кінә жанама ниетпен және тіпті абайсыздықпен де көрінуі мүмкін.

Бөтен мүлікті  бұзақылық кінәлі қасақана ниетпен сипатталады, кінәлі адам бұл қылмысты бөтен мүлікті заңсыз өз пайдасына жұамсау немесе иемдену үшін қатыгездік мақсатпен жасайды.

Әр түрлі  бұзақылық жасау барысында кінәлі адам, өз әрекеттеріндегі қоғамға қауіптілікті және қоғамға қауіпті зардаптарды, яғни мемлекетке, ұйымға немесе адамға мүліктік зардап келетінін біле тұра және сол зардаптың келуін тілейді.

Бөтен мүлікті  шабуыл жасап тонау субъективтік жағы бойынша қасақаналық ниетпен  және қатыгездік мақсатпен жасалуы  мүмкін. Бұл түсініктің үш элементі бар:  кінә, ниет, мақсат. Кінәлі адам ашық түрде, яғни басқа адамдардың көзінше бөтен мүлікті ұрлап кетеді. Ол мүлікке оның құқығы жоқ екенін біле тұра және оның жасап жатқан әрекеттеріжеке меншік иесіне немесе басқада заңды иесіне мүліктік зардап әкелетінін біле тұра жасады және зардаптың келуін тіледі.

Белгілі бір әрекеттер жасау алдында адам өзінің ішкі қажеттіліктерін сезінеді, сол себепті ол қылмыс жасауға әрекеттенеді, адамның ойында мақсатқа жету үшін әр түрлі ойлар пайда болады. Осының салдарынан бұзақылық субъективтік жағының міндетті белгісі- қатыгездік ниетпен, қатыгездік мақсат болып табылады. Қатыгездік ниет арқылы кінәлі адам өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыруды және басқа адамның мүлкіне қол сұғады, ал ол мүлкіне қолсұғуға кінәлі адамның ешқандайда құқығы жоқ.

 Бұзақылық жасау барысында кінәлі адам қатыгездік мақсатымен, яғни бөтен мүлікті өзіне заңсыз иемденіп, оған билік етіп қолданады. Ол ұрланған мүлікті өзі қолдануы немесе сатып жіберуі, айырбастауы, сыилыққа беруі немесе басқа әрекеттер арқылы өзпайдасын жасауы мүмкін. Қатыгездік мақсатпен кінәлі адам ұрланған заттарды басқа біреге беруі мүмкін, ұрланған заттарды туыстарына немесе жақындарына және мүліктік қатынасы бар адамға немесе өз қарызын жабу мақсатында біреуге беруі мүмкін.

Мүлікті өз пайдасына  жаратып, иемденуі, билік ету, өз қарауынша жұмсау оның мақсаты болмаса бұзақылық болып сараланбайды. Осымен бұзақылықты алып кетуден айрып қарауға болады. Субъект ашық түрде бөтен мүлікті алып кетсе, бұл жерде ол мүлікті өзіне алу, сату, біреуге беру мақсаты жоқ болып табылады.

Бұл мақсаттарсыз қылмыс- бұзақылық болып табылмайды және бөрен мүлікті ашық түрде алып кетіп жасалмаса- ол бұзақылық болмайды. Бұл қылмысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 187- бабына сәйкес «азаматтың жеке меншігін қасақана жою немесе алып кету». Осыған байланысты қылмыстың дұрыс мақсатын, себебін және кінәсін табу басқа қылмыстардан ажыратуға мүмкіндік береді [10].

Елімізде жүзеге асырылып жатқан экономикалық және саяси  салалардағы түбегейлі өзгерістер қоғамдағы дағдарыс құбылыстарын туғызып, тиісінше жағдайға сәйкес құқықтық инфрақұрылым құруды  талап етеді, Қазақстан Республикасының заң шығару жүйесі де белгілі дәрежеде, дағдарысты бастан кешуде. Құқықтық реформа нарықтық экономика талаптарына сай емес, көп жағынан кенжелеп келеді. Әрине, қоғамдағы дағдарыс заң шығару құқық қолдану қызметінен де көрініс табады.

Информация о работе Бұзақылықтың қылмыстық-құқықтық сипаттамасы