Туризмнің пайда болуы мен дамытудың теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2014 в 11:17, дипломная работа

Краткое описание

Дипломдық жұмыстың мақсаты туризмнің теориялық аспектілері қоғамдық дамудың критериясы ретінде қарастыру, және осыған байланысты ұсынулар жасау болып табылады. Зерттеу мақсатын жүзеге асыру үшін дипломдық жұмыста келесідей негізгі тапсырмалар қойылған:
- туризмнің қалыптасуымен дамуының теориялық негіздерін зерттеу;
- туристік бизнестің отандық шетелдік тәжірибесіне салыстырмалы экономикалық талдау
- Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың экономикалық стратегиясын анықтау.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................5
1. ТУРИЗМНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ҚОҒАМДЫҚ
ДАМУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КРИТЕРИЯСЫ РЕТІНДЕ
1.1 Туризмнің пайда болуы мен дамытудың теориялық негіздері.....................8
1.2 Туризмді жіктеудің теориялық-экономикалық көзқарастары....................13
1.3 Туризм инфрақұрылымының дамуы және кластерлік басқару,
Қазақстанның шетелдерге насихатталуы............................................................19
2. ТУРИСТІК БИЗНЕСТІҢ ОТАНДЫҚ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕСІНЕ САЛЫСТЫРМАЛЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ
2.1 “Kami travel” туристік фирмасының қалыптасуы........................................26
2.2 “Kami travel” туристік фирмасының қоғамдық қызмет түрлері мен мақсаты...................................................................................................................28
2.3 “Kami travel” туристік фирмасындағы маркетинг және нарықтық талдау......................................................................................................................45
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ СТРАТЕГИЯСЫ
3.1 Қазақстан Республикасында туризмді дамыту болжамы........................... 56
3.2 Ұлттық экономиканың тиімді дамуына туризмнің тигізетін әсері.............62
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................66
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................70

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-“Kami-travel”-туристік-фирмасы.doc

— 661.50 Кб (Скачать документ)



         * әдіснама есебін өзгерту арқасында  азаю 

          Шетелдерге шығатын Қазақсатн Республикасының азаматтары үшін еске сақтау:

          Қазақстан Республликасының ШІМ (МИД) консулдық қызмет департаменті Қазақстан азаматтарына – шетелге шығу кезінде құжаттарды рәсімдеу мен шетелде келесі ережелерді ұстануға ұсынады:

          1. Төлқұжатты алу кезінде аты  – жөні, туған жылы мен жері, балалар жайлы мәліметтер (егер де олар сізбен жүрсе), төлқұжаттың жарамдылық мерзімінің (латын транскрициясын қоса) дұрыс жазылғандығына көз жеткізу.

          2.  Егер шет мемлекет территориясына  кіруге визалар қажет болатын  болса, оны дипломатиялық өкілеттіліктен немесе Қазақстан Республикасындағы сәйкес келетін мемлекеттің консулдық мекемесінен жеке не болмаса өзін жақсы ұсынған туристік агенттік арқылы визаны алуға болады.

          3.  Шетел мемлекетінің визасын  алғаннан кейін, бұндағы мәліметтердің  дұрыс жазылғандығын тексеріңіз: төлқұжатыныздың нөмірін, аты – жөнінізді, туған күнінізді, виза категориясын, шетел мемлекетіне не мақсатпен баратынызды, визаның жарамдылық мерзімін.

          Визадағы жіберілген қателіктер, сіздің кінәніз болмаса да, бұл  қателер шетелге кіру және сол жерде болған мерзімде жағымсыз әсерін тигізеді.

          4.  Сапар кезінде төлқұжаттың, визаның және де шақыру қағазының (егер де оның берілуіне себеп болса) көшірмесін өзімен бірге алып жүргенініз дұрыс.

          5.  Кейбір мемлекеттердің заңдылығында (Шенген келісімдей мемлекеттер, Израиль, Финляндия, Эстония) сол мемлекеттерге кіру үшін медициналық сақтандыру полисін көрсеті міндетті талаптары енгізілген.

          Сонымен қатар сол территорияға  кіру үшін, егулер жасалғаны туралы сертификатты керек ететін елдер тобы бар. Сіз барғыныз келетін мемлекеттің эпидемиялық жағдайымен ертерек танысуыңыз керек.

          6.  Шетел мемлекетінің шекарасына  өткеннен бастап, сол елдің заңына  бағынуыныз және қатаң назар  аударуынызды, жергілікті жердің әсіресе, Азия және Африка мемлекеттерінде, салт – дәстірін құрметтеу қажет екеніне назар аударуынызды жөн көреміз.

          7.  Сізді қандай да себептерге байланыссыз ұстап қалса, не болмаса тұтқынға алған жағдайда, Сіздің сол мемлекеттегі Қазақстан Республикасының консулдық мәселесінің қызметкермен кездесуіңіз үшін құқыңыз бар екндігін есте сақтаңыз.

          Қазақстан Республикасының дипломатиялық  өкілдері немесе консулдық мекемелері  жоқ елдерде, Сіз Ресей федерациясының  консулдық мекемелерінен көмек сұрауыңызға болады.

          8.  Шетелде білім алу, жұмыс істеу немесе сол жерде тұрақты қоныстану мақсатымен келген азаматтар тұрақты жеріңізге жақын Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдері немесе консулдық мекемелерінде тіркелу қажет.

          9.  Қазақстан Республикасынан  тыс жерде тұрақты тұратын  Қазақстан Республикасының азаматы  екендігін куәландыратын төлқұжат, төл құжаттың берілген күнінен  бастап, жарамдалық мерзімі 5 жыл  екенін есінізгі саламыз.

          Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдерінде немесе консулдық мекемелерінде жаңа төлқұжатты 1 айдан аз емес мерзімде рәсімдеу жүргізіледі.

          10.  Шетелге жұмыс істеуге бара  жатқан азаматтар үшін, жұмысқа  шақырып отырған шетел компаниялар  мен делдалдық фирмалардың сенімді екеніне көз жеткізуіңізді сұраймыз. Қазақстан азаматтарының жұмыс істеу мақсатымен шетелге шығуын рәсімдеумен айналысатын, Қазақстан республикасының барлық компанияларының арнай сәйкес рұқсат қағазлары болуы тиіс.

          11.  Халықаралық эксперт мәліметтері бойынша, әр жыл сайын Орта және Шығыс Еуропа және ТМД мемлекеттерінің мыңдаған азаматтры, әртүрлі мақсаттарымен шетелге шығу нәтижесінде алданып, не болмаса жезөкшелікпен айналысуға, немесе басқа да формадағы қолданысқа күштеп жұмысқа салады.

          Қазақстандағы туризімнің тарихи ағылшарттары біздің эрамызға дейінгі ІІІ мыңжылдыта қалыптаа бастаған Ұлы Жібек жолының қалыптасуы мен дамуы болып табылады.

Кеңес Одағының тұсында Қазақстандағы туризм басқа да экономика салалары сияқты орталықта қатаң бақыланып, тәріптеліп отырды. Бір қатар сәулет,архиологиялық, мәдени ескерткіштері мен табиғи көрнікті жерлерінің тарихи мәнініе іс-жүзінде жарнама жасалынбады және сұраны болмады. Туризм идеологиялық қызметті атқарған мәдени-ағарту жұмысы жүйесінің элеметтерінің бірі болып саналады және оның басым рольіне қарамастан, қалдық қағидаты бойынша қаржыландырылады.

Қазақстан 1991 жылы желтоқсанның 16 – да өз тәуелсіздігін алып, Ресейдің бодандық құрсауынан шыққаннан кейін елімізде туристік қызметті реттеу мен халқымыздың тарихи және мәдени мұраларын қайта өркендету үшін негіз қаланды.

Бүгіні күні біздің мемлекетімізде туризімді дамыту “Туризм туралы” Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 3 шілдедегі №1508-ХІІ Заңмен, Қазақстан Республикасы Презитентінің “Түркі тілдес мемлекеттер басшыларының Ташкент декларациясын іске асыру туралы, Ұлы Жібек Жолының Қазақстан Республикасындағы туристік инфроқұрылымы дамыту жөніндегі ЮНЕСКО және Бүкіләлемдік Туристік Ұйымның жобасы туралы” 1997 жылғы 30 сәуірдегі №3476 және “Жібек жолының тарихи орталықтарын қайта өркендету, Түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұрасын сақтау мен сабақтастыра дамыту, туризм инфроқұрылым жасау” Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламасы туралы 1998жылғы 27 ақпандағы №3859 жарлықтарымен қамтамасыз етіледі.

Бұл заң қаулы-жырлықтар Тәуелсіздіктің алғашық жылдарында қабылданғандықтан негізіне оларда алдымен Қазақстандағы ішкі туризімді дамыту мәселелері, сырттан туристердің өзіне еліктіретін еліміздің тарихи-мәдени мұраларын жаңғыртып, қалпына келтіру жолдары, Ұлы Жбек жолының Қазақстан территориясындағы бөлігін қайта жандандыру мәселелері қарастырылған.

Олардан кейінгі нақты іс шаралар белгіленген құжат Қазақстан Республикасы үкіметінің 2000 жылғы 29- делтоқсандағы “Туристік саланы дамытудың бірінші кезектегі шаралары туралы” №1947 Қаулысы (оған 2001 жылғы 24 мамырдағы №708, 2001 жылғы 26 қарашадағы №15-14 қаулылары мен өзгертулер және толықтырулы енгізілген). Осы қаулыны толықырақ қарастыралық.

Ел экономикасының басым секторы ретінде туристік саланы дамытудың бірінші кезектегі шараларын қамтамасыз ету, туриз саласындағы шағын кәсіпкерлік мақсатында қазақстан Республикасы үкіметі қаулы етеді:

          1. Қазақстан Респуликасының сыртқы істер министірлігі:

          Қазақстан Республикасының Қаржы министірлігімен, Ішкі істер министірлігімен,Мемлекеттік кіріс министірлігімен, Туризм және спорт жөніндегі агенттігімен, ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, экономикалық және саяси жағынан тұрақты елдерден келетін туристерге виза ресімдерін оңайландыру,  оның ішінде туристік визаларды ресімдеу мерзімдерін қысқарту жөніндегі және кедендк рәсімдерді оңайлату жөніндегі шаралар қабылдасын, Қазақстан Республикасын Қаржы министірілігімен бірлесіп, 2001 жылғы 1 наурызына дейін Қазақстан Респубикасының туристік визасының құнын төмендету туралы ұсыныстар енгізссін, Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат әне қоғамдық келісім министірлігімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агентігінің ұсынысы бойынша мерей тойларды, тарихи атаулы күндерді дайындау мен өткізу жөніндегі іс-шараларға халықаралық туристік ұйымдардың, елдің туристік жұртшылығының және ткризм жөніндегі мемлекеттік уәкілетті органдардың қатысуын көздесін. 

          2.Қазақстан Республикасының Ішкі істер министірлігі:

          Облыстардың, Астана және Алматы  қалаларының әкімдерімен, Қазақстан  Республикасының туризм және  спорт жөніндегі агентігімен  бірлесіп, Қазақстан республикасының  ұлттық қауіпсіздік комитетінің  келісімі бойынша шетелдік ткристерді  қабылдау үшін тиісті жағдайы бар және шетелдік азаматтардың төлқұжатын тіркеу үшін техникалық жарақтандырылған қонақ үйлердің тізбесін анықтасын және оларға шетелдік туристерді тіркеу құқығын беру туралы мәселені қарастырсын;

Қазақстан Республикасының Үлттық қауіпсіздік комитетімен, Қазақстан Республикасының Туризм және спотр жөніндегі агентігімен және Қазақстан Республикасымен Төтенше жағдайлар жөніндегі агентігімен келісе отырып, Қазақстан аумағында туристік бағыттар бойынша туристік авокөліктің кедергісіз жүруін қамтамасыз ететін арнайы рұқсаттама берудің мүмкіндігін зерделесін.

          3. Қазақстан Республикасының Туризм  және спорт жөніндегі агенттігі  белгіленген тәртіппен халықаралық  туристік іс-шараларға, оның ішінде  халықаралық көрмелерге және  туристік жәркеңкелерге туристік ұйымдар өкілдерінің қатысуы жөнінде ұсыныстар енгізсін.

          4. 2001 жылғы 24- мамырдағы №708қаулысымен 4-тармақ алынып тасталды.

          5. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министірлігі:

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен, басқа да мүделлі ведостваларымен бірігіп шетелдік туристер келетін және шығатын жерлерде кешенді сервистік қызмет көрсетілуін қамтамасыз ету жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын;

Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәскелестікті қорғау және шағым бизнесті қолдау жөніндегі агентігімен бірлесіп, ішкі және халықаралық рейтер мен бағыттарға туристік топтар үшін көлік қызметінің қолданып жүрген тарифтеріне шегерімдер қолдану мүмкіндігін қарастырсын.

          6. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министірлігі Қақақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігіне бірлесіп, бұқаралық ақпарат құралдарында туризмді экономиканың басым секторы ретінде насихаттауды қамтамасыз ету.

          7. Қазақстан Республикасының Табиғм  ресурстары және қоршаған ортаны  қорғау министірлігі:

2001 жылдың 31 қаңтарына дейін  ұлттық табиғи саябақтардағы  туристік бағыттардың сызбаларын  Қазақстан Республикасының Туризм  және спотр жөніндегі агентігімен келіссін;

  мүделі министіріліктері мен және ведомстволарымен бірлесіп, туристік ұйымдар үшін шетелдік туристерге саятшылық пен балық аулуды жүргізуге қолайлы бағалар бойынша лицензиялар квотасын белгілесін.

          8. 2001 жылғы 26 - қарашадағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1514 қаулысымен 8 тармақ алынып тасталды.

          9. Қазақстан Республикасының сыртқы  істер министірлігінің Инвестициялар  жөніндегі комитеті туризм объетілеріне  тікелей инвестициялар тарту  жөніндегі жұмысты жүргізсін;

          10. Қазақстан Республикасының Статистика  жөніндегі агентігі Қазақстан  Республикасының Туриз және спорт  жөніндегі агентігімен және де  басқа мүделі ұйымдар мен бірлесіп, халықаралық тәжірибеге сәйкес  туристік саланы статистикасын  жетілдіру жөнінде практикалық шараларды қабылдасын;

          11. Стандарттау, метрология және  сертификаттар жөніндегі комитеті  белігіленген тәртіппен туристік  бағыттарды міндетті сертификатауға  жататын қызмет көрсетулер номенклатурасына  енгізу туралы ұсыныс енгізсін.

          12. Облыстардың, Астана және Алматы қалаырының әкімдері шетелдік туристерді қабылдау мен оларға қызмет көрсеті және ішкі туризмді ұйымдастыру жөніндегі туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлерді, оларға пайданылмай тұрған демалыс үйлерін, балалар және жастар лагерлерін, пансионаттар мен басқа үй-жайларды туристік мақсаттарға пайдалануы үшін белгіленген тәрттіппен ұзақ мерзімді жалға беру жөніндегі шараларды қоса алғанда, қолдау шараларын қабылдасын, бұл ретте жергілікті атқарушы органдардың шарттық қатынастарды мерзімінен бұрын бұзған жағдайда олардың кәсіпкерлерге шығындарды өтеуі жөніндегі жауапкершілігі көзделетін болсын.

          Келесі заңдық – құқықтық құжатнама-бұл Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13-маусымдағы “ Қазақстан Республикасындағы ”туристік қызмет туралы”№  211-II Заңы (2002 жылғы 22-ақпандағы № 296-II: 2003 ; 2003 жылғы 4-желтоқсандағы № 503-II; 2004 жылғы 20-желтоқсандағы № 13-III Заңдарымен өзгертулер енгізілген). Осы Заң Қазақстан Республикасының экономикасы салаларының бірі ретінде туристік қызметтің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік, ұйымдық негіздерін белгілейді. Бүл Заң негізінен 29 баптан құралады. Әрбір бапқа қысқаша сипаттама беріп өтелік.

          1–бапта туризмдегі негізгі ұғымдар (турист,экскурсант,жолдама және тағы басқа, барлығы 23 ұғым)көрсетіліп,нақты анықтамалары берілген.

          2–бапта Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңдарының Қазақстан Республикасының Конститутциясына негізделетіндігі және Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінен, осы Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік- құқықтық актілерінен тұратындығы және халықаралық шарттағы жағдайлары көрсетілген.

          3–бапта туристік қызметтің субъектілері мен объектілері анықталған.

          4–бапта туристік индустрия және ондағы қызмет көрсету түрлері жайлы жазылған.

          5–бапта туристік ресурстар, оларды сыныптау мен бағалау, қорғалу режимдері, қалпына келтіру жөніндегі шаралар Қазақстан Республикасының Заңдарында белгіленген тәртіппен айқындалады делінген.

Информация о работе Туризмнің пайда болуы мен дамытудың теориялық негіздері