Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2014 в 11:17, дипломная работа
Дипломдық жұмыстың мақсаты туризмнің теориялық аспектілері қоғамдық дамудың критериясы ретінде қарастыру, және осыған байланысты ұсынулар жасау болып табылады. Зерттеу мақсатын жүзеге асыру үшін дипломдық жұмыста келесідей негізгі тапсырмалар қойылған:
- туризмнің қалыптасуымен дамуының теориялық негіздерін зерттеу;
- туристік бизнестің отандық шетелдік тәжірибесіне салыстырмалы экономикалық талдау
- Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың экономикалық стратегиясын анықтау.
КІРІСПЕ..................................................................................................................5
1. ТУРИЗМНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ҚОҒАМДЫҚ
ДАМУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КРИТЕРИЯСЫ РЕТІНДЕ
1.1 Туризмнің пайда болуы мен дамытудың теориялық негіздері.....................8
1.2 Туризмді жіктеудің теориялық-экономикалық көзқарастары....................13
1.3 Туризм инфрақұрылымының дамуы және кластерлік басқару,
Қазақстанның шетелдерге насихатталуы............................................................19
2. ТУРИСТІК БИЗНЕСТІҢ ОТАНДЫҚ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕСІНЕ САЛЫСТЫРМАЛЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ
2.1 “Kami travel” туристік фирмасының қалыптасуы........................................26
2.2 “Kami travel” туристік фирмасының қоғамдық қызмет түрлері мен мақсаты...................................................................................................................28
2.3 “Kami travel” туристік фирмасындағы маркетинг және нарықтық талдау......................................................................................................................45
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ СТРАТЕГИЯСЫ
3.1 Қазақстан Республикасында туризмді дамыту болжамы........................... 56
3.2 Ұлттық экономиканың тиімді дамуына туризмнің тигізетін әсері.............62
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................66
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................70
Міне, осындай асыл табиғат, саф
ауа Жетісу жерінің берекесі
ғой. Мұндай өлкедегі рекреациялық
туризмге кім қызықпайды? Жетпісінші
жылдардың басында Иран
2001 жылдың 13 маусымында күшіне енген «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Заңды басшылыққа және әлемдік туризм тәжірибелерін еске ала отырып, қазақ жеріндегі бұрынғы тазы жүгірту, құс салу, үкі асырау үрдісін, құрт, қызыл ірімшік қайнату, қазы айналдыру, қымыз ашытудың ұлттық технологиясын жолға салып, ретке келтіру қажет. Қазіргі шет ел туристерін зауыт – фабриктер, олар шығарған өнімдер қызықтырмайды. Оларды еліміздің өіне тән табиғи дәстүрлері мен салттары ғана елең еткізеді. Сондықтан тарихи және мәдени мұражайларға таяу ұзын жолдың бойында ұлт аспаптарында ойнаушыларды, ұлт дәмханаларын, ши, өрмек тоқу, тері илеу, күдері дайындау, қамшы өру, арқан есу, білезік, сақина соғу шеберлерін тұрақты орналастыру мәселесін шешу керек.
Осы жерде бұрынғы Үйгентас ауд
Египет пирамидалары жанындағы түйемен, Үндістандағы пілмен қыдырту үлгісі біздегі өгізбен, сәйгүлікпен жер шолу сияқты өзіміздік өрнектерге ұласқан абзал.
Тарихи мекен – жайлар ежелгі
салт – дәстүрмен, этнографиялық
айшықтармен тығыз байланысты
болғандықтан, ғылыми қызметкерлер
көмегімен қазақтың ежелгі
Осы заманғы инфрақұрылым, туристік менеджментті ұйымдастыру үшін спутниктік, талшықты – оптикалық, байланысты жолға қою қажет. Халықаралық «Паблик релейшнстің» тұрақты приципі «ауқымды ойлап, абайлап қимылда» болу керек. Туристік бизнес табиғатына дөп келетін Туризм ханшасы конкурсын, сәйгүліктер көрмесін, қыран құстар мен құмай тазы саятын, қошқарлар жекпе – жегін, қораздар майданын жасап шығарудың да маңызы ерекше деп білеміз.
Біз ұсынар және бір бағыт – шет елдік туристерді ескі қалалардағы қазба жұмыстарымен таныстыру, оларға палеонтологиялық зерттеулер нәтижелерін көрсету. Бұл да, біздіңше, игілікті шаруа. Айталық, Талдықорғанда өлкетану мұражайында тұрған мүйізтұмсықтың жілік сүйегі қиялы жүйрік турист қауымына ертегідей елес бермей ме.
Біздің тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау, сақтау хақында жаңа тұжырым ұсынып отырмыз. Ондаағы басты идея – тарихи, мәдени игіліктердің көсегесін көтеру үшін оны туристік бизнеспен, жарнамалық ақпаратпен тығыз байланыста дамыту идеясы. Біз қазіргі нарықтық заманда осындай экономикалық шаралар арқылы бюджеттік қаржыға қараған тарихи және мәдени орталықтарының жұмысын жандандыруға, тіршілігін жақсартуға болады деп ойлаймыз.
Міне, осындай өзара көмек, демеу арқылы жанданған салаға мемлекет те, сырқы және ішкі инвесторлар да көмек беруге мүдделі болады.
Туристік бизнес туралы сөз қозғағанда, біз оның бұрынғы дәстүрлі сипаты жойылып бара жатқаның ескерте кеткіміз келеді. Әлемдегі туристік тенденцияны бажайласақ, экологиялық, орнитологиялық, ботаникалық, экзотикалық, шытырманды оқиғалық туризмге көңіл қоятындар қатары көбейіп келе жатқан сықылды. Adventure деп аталатын мұндай топтарға пәлендеә керемет жағдай қажет емес. Кемпингтер, киіз үйлер, ішер ас, дос пейілді халық болса болғаны. Бүкіл дүние жүзінде тарайтын «Дискавери» каналының «Саяқ планете» («Одинокая планета») хабары осындай жандарға арналады.
Еліміздің әрі арзан, әрі тиімді дәл мұндай бизнес саласын жолға қоюға шамасы әбден жетеді. Қазақстандық туристік фирмалар жыл сайын Лондонда өтетін биржаға қатысып өздерінің ресурстарн әлемдік сауда сахнасына шығарып, стратегиялық және тактикалық жарнама әдістерін шебер пайдалана алғаны жөн.
Дүниежүзілік Туристік Ұйым (ДТҰ) жылма – жыл статистикалық жинақ шығарып отырады. Бір өкініштісі, бұл кітапқа Қырғыстан еніп, Қазақстан кірмей қалған. Ендеше, қазіргі таңда осындай көкейкесті мәселені мемлекеттік дәрежеде жедел шешіп, экономикалық пайданы да, халықаралық қауымдастық алдыңдағы ел беделін де дұрыс пайдаланған ләзім. Қазақстанның шетелдердегі өкілдіктері, мемлекеттік телерадиоканалдарды, газет – журналдарды осы мәселелермен тікелей шұғылданса, Қазақстанның тарихи, мәдени мұрағаттарын елшіліктер өз мүмкіндіктеріне қарай жұмыс істеп жатқан елдер жұртына жеткізіп отырса, еліміздің өркениет саласына, мәдениет қуатына қосқан зор үлес болар еді.
Осындай өнеге көршілес
Тарихи және мәдени
Туристік индустрия саласында бұл мемлекет айта қаларлықтай көмек көрсетіп отырады. Мемлекеттік туристік офистердің Үндістандағы саны 21 болса, шетелдердегі өкілдіктердің саны 17 көрінеді. Бұл тізімнің ішінде бұрынғы Кеңес Одағы республикаларынан тек Ресей бар.
Орталық Азия мен Үндістанның арасындағы рухани сабақтастықтың материалдық белгісі – Нью-Делидің Үндістан ұлттық мұражайындағы Аурелл Стейннің коллекциясы. 12 000 заттан тұратын бұл жиналымда тек Орталық-Азия бұйымдары ғана бар. Реті келгенде осындағы бізге қатысты көне кітаптардың, ежелгі мүсіндердің көшірмесін туған топыраққа жеткізуге болар.
Ендеше, ұлы Мұхтар Әуезов, кейіннен
Әнуар Әлімжанов салған жолды
жетімсіретпей, Үндістан бізге, бізден
Үндістанға тартар
Қазақстан туризм саласында дүн
Кластер – бір – біріне жақын орналсқан, біріне – бірі байланысты, өзара шаруаларын толықтыра алатын, белгілі бір салаларда еңбек ететін кәсіпорындар мен ұйымдар тобы. Қолда бар мәліметтерге қарағанда, ел экономикасын дамытуға туристік кластер де қомақты үлес қоса алады, өйткені, бізде туризмнің мәдени – танымдық, экономикалық, іскерлік, сауықтыру бағыттарындағы түрлері де дамып келеді. «Маркетинг және талдау орталығы» мен америкалық «Austin Associaties» және «Economic Competitiveness Group» компаниялары бірлесіп, Индустрия және сауда министрлігінің Сауда және туризм қызметін реттеу комитеті өкілдерінің қатысуымен туристік кластер жобасының алғашқы нұсқаның жасаған еді. Ал ел экономикасын кластерлік басқару туралы қабылданған жаңа жобаға келсек, оның негізгі мақсаты еліміздің өндеуші салаларын тұрақты түрде дамыта отырып, бәсекеге қабілеттігін арттыру шараларының жоспарын жасау болып табылады. Соның нәтижесінде жаңа жұмыс орындарын көбейтуге, өткеру нарығы неғұрлым қажетсінетін тауарларды экспортқа шығаруға, мұнай өндіруге тәуекелділікті азайтуға, елімізде дамыған салалық кластерлер қалыптастыруға қол жеткізу сияқты ауқымды міндеттер орындалуы тиіс.
Жақында Индустрия және сауда министрлігінің Сауда және туризм қызметін реттеу комитеті Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында туризм саласына қатысты қойған міндеттерді іске асыру мақсатында туризм дамытуға мүдделі өзге де министрліктер мен ведомстволармен бірлесіп Үкімет жанындағы туризм жөніндегі кеңеске арнайы жоспар мен туристік кластер жобасын ұсыну керектігі жөніндегі шешім қабылдады.
Бүгінде туризм – қай елде болсын бәсекеге қабілетті, қаржыны көп талап ететін сала болып табылады. Сол үшін барлық елдер оған қаржыны аямай төгіп жатыр, бұл сайып келгенде мемлекеттің имиджін қалыптастыру үшін жұмсалып жатқан нәрсе ғой, яғни Қазақстанның шетелдерге қалай насихатталып жатқандығы. Қазір біздің ел шетелдермен Бүкіләлемдік Туристік ұйыммен қарым – қатынас арқылы және өзге жеке бастамалар арқылы насихатталып жатыр. Бүкіләлемдік Туристік Ұйым – Біріккен Ұлттар Ұйымының туризмді дамыту мақсатында арнайы құрған ұйымы. Қазір еліміз аталмыш ұйыммен тығыз байланыста жұмыс істеуде. Оған мысал ретінде биылғы жылдың сәуір айында Алматыда Бүкіләлемдік Туристік Ұйымның Еуропалық комиссиясының 45-мәжілісінің өткенің айтуға болады. Бұл жиынға Еуропаның 42 елінің ұлттық туристік әкімшіліктері қатысты. Біз алдағы уақытта да Бүкіләлемдік Туристік Ұйыммен байланыс жасайтын боламыз. Өйткені, бұл еліміз үшін өте қажетті нәрсе. Қазақстан аталмыш халықаралық ұйымға 1993 жылдан бері мүше болып келеді, 2000 жылдан бері оның ұйытқы болуымен өткізілген барлық халықаралық шараларға, Берлин, Мәскеу, Лондон, Мадрид қалаларында ұйымдастырылатын халықаралық көрмелерге қатысудамыз. Осы орйда, отандық туристік ұйымдардың шетелдерге өтккізілген көрмелерге Қазақстан туралы танымдық дүниелерді апарып, насихст жұмыстарын жүргізіп жатқаның атап өткеніміз жөн. Мәселен, 2004 жылы туристік ұйымдарымыздың қызметін әлемнің 60-қа жуық елдерінің турстері пайдаланыпты. Бұл Қазақстанның әлем елдеріне ойдағыдай насихатталып жатқанын көрсетеді. Енді келесі жылы біздің ел Қытайдың Шанхай қаласында өтетін «WTF», Кореяның Сеул қаласында болатын «KOTFA» көрмесі мен Жапонияның астанасы Токио қаласында өтетін «SATS» атты көрмеге қатысады. Ал, өіміздің Алматы қаласында мұндай көрмелер 2001 жылдан бері өткізіліп келеді. Астанада мұндай көрмелер 2004 жылдан бері өткізіле бастады. Сол кезде елордада «Астана – Leasure» атты халықаралық көрме ұйымдастырылған еді.
Бұл көрмелерден басқа, біз тағы мынадай үкен шараны өткізіді жоспарлап отырмыз. Мәселен, біздің еліміз Макао мен Сальвадорда Бүкіләлемдік туристік ұйымның атқарушы кеңесіне мүше болуға өтініш жазған еді, егер БТҰ-ның атқарушы кеңесіне мүше болып қабылдансақ, бұл еліміздің туризмдегі имиджін арттыруға мүмкіндік береді. Тағы бір атап өтетін нірсе, осы жиында біз 2009 жылы Бүкіләлемдік туристік ұйымның Бас Ассаблеясы міжілісін Астанада өткізіге де өтініш білдірдік. Бұл жұмыстардың бәрі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің Испания Корольдігіне жасаған ресми сапарында жасала бастады. Сол кезде Мемлекет басшысы Мадрид қаласындағы ЮНВТО – ның штаб – пәтеріне арнайы барып, аталмыш ұйымның жұмысымен етене танысқан болатын.
Жалпы айтқанда, қазіргі таңда
Бүкіләлемдік туристік ұйымның
біздің елге деген сенімі зор.
Өйткені, Қазақстанда саяси тұрақтылық
бар, халақтар арасында достық
пен ынтымақтастық қалыптасқан,
одан кейін туристерді
Қазіргі таңда кез келген
БӨЛІМ 2. ТУРИСТІК БИЗНЕСТІҢ ОТАНДЫҚ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕСІНЕ САЛЫСТЫРМАЛЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ
2.1 “Kami travel” туристік фирмасының қалыптасуы
Соңғы жылдары туризмнің барлық түрі дүниежүзі елдерінің артықшылықты шаруашылық саласы болып табылады. Қазіргі уақытта, туризм миллиондаған адамдардың күделікті өміріне кірді. Туризм ісін ұйымдастыру нарық экономикасымен үздіксіз байланыста, себебі қазіргі заманның туристік индустриясы ең жоғары табысты салалардың бірі болып табылады. Бүкіләлемдік туристік ұйымның (ВТО) мәліметі бойынша соңғы он жылда туризм табысы әр жыл сайын 7,9% - ке өсті, ал туристік табыс санының орташа өсуі 4,5% өсті. Белгілі бір елдердің табыстылығының өсуі жүз пайызды құрайды. БТҰ (ВТО) – ң болжамы бойынша, туризмнің дамуының көрсеткіштері үнемі өсуде. 2010 жылы туристер саны 1млрд адамға жетеді, ал 2020 жылы – 1 млрд 600 млн адамға өседі деп болжалады.
Информация о работе Туризмнің пайда болуы мен дамытудың теориялық негіздері